Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық Университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Маскүнемдік және девианттік мінез-құлық мәселелері»
Пәні: Әлеуметтік жұмыс тарихы мен теориясы
Орындаған: СР-12 с/к тобының студенті
Макишева Р.
Тексерген: Байшукенова Т.Ж.
Қарағанды 2011
МАЗМҰНЫ
кіріспе
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
- қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
- тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
- микроәлеуметтік орта
(отбасының өмір стилі және
деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-
Адамдардың ауытқитын мінез-құлығына жасайтын социологиялық зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі кездегі студенттеріміздің үлесі мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екінші жағын алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез-құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы негативті құбылыстардың болуымен байланысты болып келеді.
Қазіргі кездегі адамдар үшін ең маңызды мәселе ретінде бірнеше кедергілер, қиындықтармен ұшырасып отырады, ол жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесіндегі бастапқы капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуір толғандыратын мәселелер болып табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестік жағдайлары, профессионалдық білімдер мен тәжірбиенің жетіспеуі, осының салдарынан еңбек нарығындағы тұрақты орындарын таба алмай адамдар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың өсуі мен жұмыссыздық мәселесінің бел алуы таң қалдырарлық жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы моральдық құндылықтардың жоғалуымен қатар, орындарын таба алмай тұлға ішімдікке, нашақорлықка әуестене бастайды, өздерін қоғамдық ағымға қарсы коюмен жол табуға үйір бола бастайды. Бұндай құбылыстар адамдар арасында массалық көлемді алып келеді, яғни бұл құбылыстар қоғам моральдық-психологиялық жағдай өз әсерін тигізеді. Бірақ та әлеуметтік шындық адамдардың қылмыстық әлемге бой алдыруға жол бермейтін механизмдерді әлі ойлап таба қойған жоқ.
Елімізде девиантты мінез-құлықтың таралуымен нәтижелі күрес жүргізу үшін мемлекет бірінші кезекте тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастыруы қажет. Қылымыскерлер, нашақорлар мен маскүнемдердің алдын алу үшін жалпы ел азаматтарының құқықтарын қорғаудың және жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресудің жаңа әдістерін шығарып, оларды тәжірибе жүзінде қолданып өту қажет.
Курстық жұмыстың өзектілігі ел тұрғындарының арасында девиантты мінезқұлықтың және маскүнемдіктің кең таралу себептерін толықтай зерттеп, қоғамымыздың қауіпті мәселесіне айналған осы бір проблеманы алдын алу мен жоюдың бағыттарын талдап қарастыру. Жұмыстың негізгі мақсаты ҚР азаматтарының арасындағы маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау жүргізіп, бұл проблеманың алдын алу шараларына тоқталып өту. Осыған орай келесідей міндеттер қойылды:
- қоғамдағы маскүнемдік және девианттық мінез-құлықтың даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктерін ашып көрсету;
- маскүнемдікті қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру;
- ҚР азаматтарының арасындағы маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің алдын алу шаралары мен әдістерін қарастыру;
ҚР азаматтарының арасындағы маскүнемдік пен девианттық мінез-құлықтың таралуына қарсы күрес шаралары мен осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдарына тоқталып өту;
Курстық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізі болып отандық ғалымдар мен жалпы және әлеуметтік педагогика саласындағы мамандардың еңбектері, статистикалық және педагогикалық басылымдардың жариялымдары, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, ҚР Балалар құқығын қорғау комитетінің материалдары, мерзімді баспа мәліметтері мен Интернет ресурстары табылды.
1 Маскүнемдік және
девианттық мінез-құлқын әлеуметтік
жұмыс проблемасы ретінде зерттеудің
теориялық-методологиялық негіздері
1.1 Маскүнемдік және девианттық
мінез-құлық даму классификациясы,
тенденциялары мен түсініктері
Социология шегінде арнайы социологиялық теория пайда болды және қалыптасты - девианттық (ауытқитын) мінез-құлық социологиясы. Әсіресе осындай атпен қырыққа жуық зерттеу комитеттерінің халықаралық социологиялық ассоциациялар жұмыс істеуде. Оның қайнарының басында Эмиль Дюркгейм тұрды, арнайы ғылыми бағыт ретінде тұрақты құрылуы ең алдымен Р. Мертонға, А. Коэнға, К. Томасқа және А. Знанецкийдің еңбектерінен көрінеді, олар әлеуметтік дезорганизациядағы универсалды процесстерді әлеуметтік өзгерістерістердің бөлінбейтін бөлшегі ретінде қарастырды, Р.Феррис, Э.Тириакьян, Т.Шибутани және басқалары девианттық мінез-құлықтың әртүрлі формаларын әлеуметтік дезорганизация формалары ретінде қарастырды.
Маскүнемдік – адамзаттың хас жауы. Ол – арманына жетуге асығып келе жатқан жастардың жолында тұрған тосқауыл, кездессе үмітін үзіп, желкесін қиюға даяр тұрған қарақшы. Немістің ұлы ақыны Гете осыған байланысты: «Адам баласы арақ ішіп мас болмаса, ғаламат табсытарға жетер еді» - деп жазған болатын.[1, б.54]
Маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелері әлеуметтік жанжал теориясының негізінде қарастырылады. А.Коэн әлеуметтік топтарға нақты қауіпті оның ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерінің ауытқуын азайтады және сонымен қатар ауытқитын мінез-құлық жасайтын топтың мүшелеріне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрінеді. Жанжал теориясына катысты, әлеуметтік жүйедегі мінез-құлықтың мәдени бейнелері ауытқитын мінез-құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттің құндылықтарына негізделген болғанда. Девианттық ауытқитын мінез-құлық теориясы арнайы социологиялық теория ретінде кұрылымдық функционализм теориясының аясында дамиды. Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып, девианттық мінез-құлық теориясын мәдениеттің жасайтын мақсаттарымен әлеуметтік-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келіспеушіліктер деп түсіндіреді. Оның пікірінше әртүрлі топтар үшін біркелкі емес мақсаттарға жетудің ресми жолдары қоғамның ресми құрылымымен қамтамасыз етіледі және осылардың функционалдық жетіспеушіліктері мақсатқа жету үшін колданатын бейресми құрылымдардың пайда болуына негіз болады.
Девианттылықты бағалау критерийі бұқаралықтың достастығына, «өзіне» және «басқаларға» деген бірлігінен, бір біріне келісімге келу мүмкіндіктерінің тудыруы өздерінің «мендігін» шектеу арқылы. Бұл жерде адамның қай шекте девианттық мінез-құлықтағы екендігін анықтайтын шекараны анықтау қажет. Осы критерийдің негізінде жеке және қоғамдық қызығушылықтардың принциптерінің сәйкес келуі негізделген. Бұл жерде менің еркіндігім басқа адамның еркіндігімен шектеледі - бұл ең басты принцип, осыны бұзған адам, яғни девиант болып саналады. Сол үшін де девианттық мінез құлықтың ең негізгі рационалды критерийі ретінде осы мінез-құлықтың түрінің зияны мен қоғамдық пайдалылығын қарастырамыз. [1, б.67]
Девианттық мінез-құлыққа баға беру критерийін анықтау бір жақты емес, себебі біздің қоғамымызда қандай мінез-құлықты девианттық деп айту және оны ажырата білу өте қиын. Девиацияның әсіресе айқын көрінетін мысалдары ретінде адамгершіліктің жоқтығын көрсететін іс-әрекеттер, олар әрқашанда талқылауларға түсіп отырады, бірақ бұл жерде оларға толықтай, нақты анықтама беру өте қиын. Бірақ кісі өлтірудің өзі арнай жағдайларда ақталып жатады. Мысал ретінде алғашқы қауымдық кезеңде ашығу кезеңінде кісі өлтірушілік талқыға түспейтін, яғни ол жағдайдың қысымымен жасалған іс-әрекет деп түсінген. Ол айып тағулардан босатылған, ол өндірістік күштер қатайған кезден бастап және қоғам материалдың жағдайларды жасай алатын кезеңнен бастап, яғни бала шағасын асырау үшін, денсаулық үшін неше күш керек соның барлығына есеп бере алатын болған кезеңнен бастап ол барлық жеңілдіктерден болады, яғни біз үшін қылмыс болып табылады. Біз көріп отырғанымыздай іс-әрекеттің бағасы тарихтан бері заман өткен сайын өзгеріп отыруда және олар әлеуметтік-экономикалық себептермен ұлттық дәстүрлер мен мәдениетпен өзгеріске ұшыраған құндылықтар қатар ажыратылады.
Көптеген жұмыстардың нәтижесінде девианттық мінез-құлық концепциясының позициясына деген сенім күмәнға ұшыраған, оның негізгі нүктесі - әлеуметтік норма. Көптеген батыс зерттеушілері (Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон, және т.б. дамытқан теориялар былай дейді: іс-әрекеттерді девианттық деп мойындау үшін қоғамдағы әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен анықталады. Бірақта осындай қорытындылар тапсырмаларды жеңілдетпейді, себебі "билік етуші деген ұғымның өзі объективті емес баға беруде, билік ететін топтардың өзінің жағдайларын ұсынады және азшылықтың мінез-құлығының түрлері, олардың дәстүрлері мен салттарымен әлеуметтік жағдайларымен санаспағандығынан барып туындайтын түсінікті девианттық деп айтуға болады. Бұл жерде шешуші маңызды ол мінез-құлықтың өзі емес, адамдардың оған деген қарым- қатынасында болады. Аяуды білмейтін қоғам тіпті қорғаусыз адамды да, тіпті адал, кінәсіз адамды даттай алады, яғни оны девиант жасай алады.
Қазақстанда осындай
мінез-құлықтың элементтері, мысалы, қылмыскерлік,іішмгерілк,
Ал Қазақстанда осы мәселелерді кейінгі жылдары ғана зерттей бастады. Девианттық социологияның дамуы мен институциялануына деген үлкен еңбекті академик В.Н.Кудрявцевке тиесілі. [2, б.74]
Қазіргі кезеңдік, отандық девианттық мінез-құлық социологиясында Д.К.Қазымбетованың анықтауынша, девианттық мінез-құлық дегеніміз-адамдардың өмір салтындағы жалпымен қабылданған нормалар мен моральға, құқықтық және басқада әлеуметтік нормаларға сәйкес келмейтін, тұлғаға, әлеуметтік топтарға немесе қоғамға зиян тигізетін (немесе пайда әкелетін), қоғаммен қолдау табатын немесе тигізілген зияндар үшін әлеуметтік жауапкершіліктер тартатын іс-әрекеттер, қимылдарды жатқызамыз. Ал делинквенттік мінез-құлық дегеніміз-күрделі заң бұзушылықты аңғартады, олар қылмыстық жауапкершілік тартуға апарып соғады.
Девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлықтан өзгешелігі, девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлыққа қарағанда кеңірек түсінік ретінде қарастырылады. Девианттық мінез-құлық деликвентті мінез-құлықты өзінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Девиация-нормалардың кез-келген бұзушылықтарын айтамыз. Ал делинквенттік-ол тек қана қылмыстық жауапкершіліктерді алып жүретін мінез-құлық актілеріне жатады. Ауытқулардың осындай түрлерге бөлінетіндігіне қарап негізделген саясат құруға болады, ол практиканы профиалктикаға бағыттап отырады. Және де барлық аутқуларды жою емес тек қана негативті аутқуларды жоюға көмекетседі. Девианттық мінез-құлық теориясының зерттеуіне Ш.К.Жаманбалаеваның диссертациясы көп үлес қосты, ол мынадай тақырыпта «Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік мәселелері»/4/ және оның монографиялары. Бұл еңбектерде автор- девианттық мінез-құлық дегеніміз мінез-құлық актісі деп әділдікпен айтады, ол адамдардың іс-әрекеттері немесе өмір салттары, арнайы қоғамда қабылданған әлеуметтік нормалар мен заңгерлік негіздегі салдарлы қағамдық санкцияларды бұзатын іс-әрекеттерді айтамыз. Берілген анықтама біріншіден, осы мінез-құлықтың барлық көріністерін қамтиды, екіншіден аутқуды, тек ресми жағынан ғана емес, сонымен қатар, айтылмаған әлеуметтік нормалардағы бейресми аутқитын мінез-құлық формаларында қарастырады; үшіншіден, санкцияның әртүрлін қамтиды, олар көбінде өздері девияцияға алып келеді-ол топтық аутқудан, қоғамдық жақтырмауға және толығымен қоғамнан бөліп тастауға алып келетін санкциялар. [2, б.98]
Бірақта девиянттық мінез-құлықтың критерииін анықтау өзгеруде, бұл жағдайда біз бір іс-әрекетті девианттық немесе оған жатқызбауымызда мүмкін, яғни ол әртүрлі қоғамдарда салт дәстүрлерге, өмір шарттарына байланысты өзгеірп отырады. Әлеуметтік процестердің динамикасы, қоғамдық өмірдің әртүрлі аймақтарындағы кризистік жағдайлар девиациялық процестердің өсуіне алып келеді. Олар нормадан ауытқитын мінез-құлықтың нормаларынан көрініп отырады.
Әлеуметтік толығырақ анықтамасын беру үшін, аномия сұрағаның негізіне мән береміз. Алғаш рет аномия түсінігін қабылдаған социолог Э.Дюркгейм. Аномия түсінігін ол «Индивидтің мінез-құлқының анық реттеушілік процестері,моральдық вакуум, ескі нормалар мен жаңа бағалылықтардың нақты қарым-қатынаста жоқ қоғамдық жағдайды қарастырады».
Ал қазіргі кезеңдегі автор В.Д.Плаховтың пікірінше аномия таза күйінде кездеспейді, себебі кездейсоқ кездесетін процестердің ішінде бірнеше ықтималдылық заңдылықтар кездесін отырады .
Бірақ бұларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Кез-келген аномия бірге жүреді.және бір бірін толықтырып отырады. Сол сияқты онда нормативті мінез-құлықтың элементтері болады. Осы аталған жағдайлармен келісуге тура келеді. Қазақстандағы әлеуметтік жағдайды ескеретін болсақ,онда осы мәселелер бізге ауытқитын мінез-құлық белгілерін ажыратуға мүмкіндік береді. Я.Гилинскидің пікірінше әлеуметтік нормаларға қатысты өзінің мазмұны мен мінездемесі жағынан әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол әр уақытта емес, бір ғана мезгілде, уақытта, бірақ әртүрліқоғамдар арасындаболуы мүмкін .
Негативті аутқулар- шындық нормалардың қандай да бір аутқуларды да қарастырады(моральдық және құқықтық). Осындай қоғамға тұтастай немесе жеке тұлғаға зиян келтіреді, сол үшін де тек қана қатардағы аутқулар емес (девиация,аномия), патология ретінде қарастырады.
Позитивті аутқулар – бұл қандай да бір жалған нормалардан ауытқу (моральдық және құқықтық). Осындай ауытқулар тек қана қоғамға зиян келтірмейді, ол қарама-қарсы оның прогрессивті дамуындағы жосарларына пайдалы.
Қылмыс - ол қылмыстық құқықтың қандай да бір нормаларын бұзатын аутқуды айтамыз.
Деликт – бұл қандай да бір норманың құқықтық түрін бұзатын азаматтық, административтік және басқа да ауытқулар.
Девиантты мінез-құлықтың индивидуалды формалары осындай.
Девиантты мінез-құлықтың индивидуалды формалары массалық аутқудың формаларына сәйкес келеді, олар әдебиеттерде мынадай түсініктермен анықталады, «девианттық», «заң бұзушылық», «қылмыскерлік», «деликвенттік», «аморальдық». [2, б.102]
Сонымен қатар, біз девианттық мінез-құлықтың негізгі категорияларын қарастырдық. Енді осыдан абрып көптеген әлі басы шешілмеген сұрақтар қалады: әлеуметтік нормаларға сәйкес келетін кез-келген нормаларды біз ауытқитын мінез-құлыққа жатқыза аламыз ба? Бұл сұрақ неліктен туып отыр, себебі көптеген авторлар «девианттық мінез-құлық»-деген түсінік екі жақты мағына береді, олар бір жерлерде пайдалы іс-әрекеттерге де қатысты айтылатын ұғым(көбінесе жаңалық ашуболады). Курыреваның айтуынша, «девианттық мінез-құлық жағымды жағына да бағытталуы мүмкін, мысалы, оның жазуынша – олар көбінде инициатива,кәсіпкерлік».
Девианттық мінез-құлықтың келесі түрі ретінде, біз – деликвентті мінез-құлықты айтуымызға болады. Яғни заңға қайшы іс-әрекеттердің барлығы немесе қылмыстар, социологияда ерекше атау алады, ол деликвентті мінез-құлық деп аталады.
Құқықтық жәен моральдық нормалар олардың орындалуы мемлекеттік биліктің беделді маңызды және қатысты қарым-қатынасты реттейді. Оларды бұзу қоғамдық қатынастарды тұрақтандырады, және қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Құқықтық нормаларды бұзатын мінез-құлықтар, зиянды заңға қайшы болып табылады. Қоғамдық қатынасатрға шектіретін зиянның деңгейін анықтай келе әлеуметтік жиынтықатрдың, топатр мен жекеелген азаматтардың қызығушылығы, сол сияқты әлеуметтік нормалардың бұзылуының түрлерін ауытқитын мінез-құлық түрлерін ажыратуға мүмкіндік туады, оларды келесі жіктерге бөлеміз: деструктивті міенз-құлық, ол тек тұлғаның өміріне зиян тигізеді де қоғам өміріне жалпымен қабылданған моральдық нормаларға қатысы болмайды,(жинақтыылқ, фанатизм, конформизм,мазохизм), ассоциалды мінез-құлық, ол тұлғаға, әлеуметтік топтарға, қоғамға жәен әлеуметтік нормаларға қаарма-қарсы келеді (ішімгерлік,нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік);заңға қарсы мінез-құлықтар(қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар) [3, б.32].
Қорыта айтқанда, девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың қалыпты психикасының ауытқуы. Мұндай ауытқудың орын алуына түрлі себептер әсер етеді және осы девианттық мінез-құлық қоғамымыздың ең бір қауіпті құбылысы болып табылады.
1.2 Маскүнемдік қауіпті әлеуметтік
құбылыс ретінде
Қазіргі кезде жүрек-қан тамырлары аурулары өлімге душар етуі жағынан бірінші орынға шықты, ал әзірге ем-дауасы жоқ қатерлі дерт – рак. Үшінші орынға шыққан макүнемдік те қыруар адам өмірін жалмауда. Маскүнемдік – денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін уландырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының бұзылуы, қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен жұрдай болуы осының салдарынан. Ішімдікке салынған адамның рухани байлығы азаяды, есілдерті араққа ғана ауады. Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне пайдалы сөлдердің бөлінуін тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әр түріл қауіпті ауруларға ұрындырады (церроз, созылмалы бауыр ауруы, өкпе эсземасы, стенокардия, полиневрит, тағы басқалар). Орыстың ұлы физиологы И.П.Павлов 20-30 г. арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 16-17 пайыз төмендететінін дәлелдеген болатын. Үнемі ішімдікке салыну ұрпақтың денсаулығына да зиянын тигізбей қоймайды. Нәресте шала тууы немесе ақыл-ойы кем болып тууы мүмкін. Алкогольдің зиянды зардаптары әйелдерге ерекше байқалады. Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары алкогольге бейім болып туылады. Қалада болсын, ауылда болсын спирттік ішімдіктер сататын орындар, дүкендер, кафе, барлар жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай дүрілдеп өсуде. Осыншама дүкен, кафе, барлардың қажеттіліг бар ма? Олар кімге пайда, кімге зиян келтіруде. Олар біздің қоғамымызға соншалықты қажет пе? Мереке той жиындарда бірін-бірі ішімдік ішуге қинау, маскүнемдікке итермелеу деген сөз. Сөйтіп «қуанышқа» деп ішкен арақ ақырында қайғыға әкеп соқтырады. Ол біздің қазақ мұсылмандарына жат қылық. Сондықтан ішкілікке қарсы көпшілік болып бітіспес күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана өміріміз сәнді де мәнді бола түседі. [3, б.28]
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның отбасында бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.
Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі — арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр. [4, б.76]
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен бо-лар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген те-мекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде, темекі план-тациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы — осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын жазбай жүру «дәстүріне» жол бермеу.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. [5, б.87]
Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.
2. қр азаматтары арсындағы Маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық проблемаларын алдын алу шаралары
2.1 ҚР маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау
Барынша актуалды мәселелердің қатарына қазақстандықтардың пікірінше криминогендік жағдайдың басым болғандығы кіреді. 2009 жылы Жаманбалаеваның жүргізген зерттеулеріндегі эксперттік бағаға сүйенсек, ол зерттеудің нәтижесінде эксперттердің пікірі республикадағы криминогендік жағдайға баға беру келесі көрсеткіштерді көрсетеді - "ең жоғарғы". Осы криминогендік деңгейі білім беру саласындағы қызметкерлер мен мәдениет ұжымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарындағы жұмыскерлермен бағаланады, олардың арасында алтыншы-сегізіншісі олардың алдындағы тұрған басты мәселе ретінде бағалайды. Администрация мен құқық қорғау орындарының өкілдерімен басы көпшілігі (83%) криминогендік жағдайға «қарапайым» деп баға береді. [6, б.102]
Жоғарыда айтып өткендей девианттық мінез-құлыққа қылмысты, өзін-өзі өлтіруді, жезөкшелікті, нашақорлықты және маскүнемдікті жатқызуға болады. Барлыымызғы белгілідей Қазақстанда да аталған жайттардың кең таралғаны белгілі. Соңғы кездері елімізде өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдардың саны жыл санап арта түсуде
Сурет 1 Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың үлесі
2-суреттегі мәліметтерге қарасақ 2008 жылы өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың саны 22 болса, 2009 жылы 23 құрады. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 26 адамға дейн өскен. Демек біздің елімізде суицид кең тараған індетке айналуда. Суицид жасаған адамдардың саны жөнінен Қазақстан әлемдегі алдыңғы 15 елдін қатарына кіреді. Не болса да бұл жайттар еліміздің осы әлеуметтік проблеманы қолға алып, тез арада шешкені дұрыс.
Тағы да бір девианттық мінез-құлықтың қауіпті түрі – нашақорлық. Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз. Соңғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек елімізде нашақорлар саны да арта түсуде.
Сурет 2 ҚР ресми тіркеуде тұрған нашақорлар саны
Суреттегі мәліметтер көрсетіп тұрғандай, ҚР нашақорлар саны, бірқалыпты, яғни 50 мыңға жуық. [9] Ескерте кететін жайт бұл тек ресми мәліметтер. Кейбір еліміздің мемлекеттік емес ұйымдарының айтуынша нашақорлар саны ресми мәліметтен 5 есеге жуық көп, бұл дегеніміз 240-250 мың адам. Қазақстан сияқты кішкентай елге бұл үлкен көрсеткіш.
Қылмыс жасау да девианттық мінез-құлық түріне жатады. Қылмыс жасауға көптеген себептер мен факторлар әсер етеді, солардың ең негізгілеріне әлеуметтік жағдайдың төмендігі, экономикалық тұрақсыздық, төтенше жағдайлардың орын алуы және т.б. Статистикалық деректер Қазақстанда қылмыстың азаймай отырғандығын көрсетуде.
Кесте 1. ҚР 1000 адамға шаққандағы қылмыстылық деңгейі
2008 |
2009 |
2010 | |
Қазақстан Республикасы |
83 |
81 |
77 |
Ақмола |
88 |
86 |
88 |
Ақтөбе |
90 |
87 |
85 |
Алматы |
54 |
52 |
52 |
Атырау |
80 |
79 |
75 |
Шығыс Қазақстан |
89 |
134 |
129 |
Жамбыл |
56 |
60 |
57 |
Батыс Қазақстан |
86 |
90 |
78 |
Қарағанды |
109 |
83 |
84 |
Қостанай |
60 |
94 |
92 |
Қызылорда |
75 |
58 |
61 |
Маңғыстау |
42 |
78 |
73 |
Павлодар |
130 |
134 |
121 |
Солтүстік Қазақстан |
82 |
79 |
76 |
Оңтүстік Қазақстан |
132 |
43 |
41 |
Астана қаласы |
75 |
65 |
63 |
Алматы қаласы |
117 |
113 |
95 |
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті | |||
Кестедегі мәліметтен көріп отырғандай елімізде қылмыстылық деңгейі жыл санап азаю үстінде. Мысалы, 2008 жылы бұл көрсеткіш 83 болса, 2009 жылы қылмыстылық деңгейі 81 дейн төмендеген. 2010 жылы қылмыстылық деңгейі 77 құраған.(Қосымша 1) Қылмыстылық деңгейінің төмендеуіне мемлекетіміздің құқықтық салада жүргізген реформалары мен халқымыздың әл-ауқатының артуы себеп болса керек.

- Масла растительнве
- Маслихаты – местные представительные органы
- Масличные культуры, технология их возделывания на примере ярового рапса
- Маслоизготовители непрерывного действия
- Масло сливочное
- Масло сливочное
- Масло сливочное
- Маршрутизация в глобальной сети
- Маршрутизация в компьютерных сетях
- Маршрутизация перевозок
- Маршрутные карты
- Маршрутный полет Любинский-Алексеевка-Москаленки-Боголюбовка-Любинский
- Маршруты движения подвижного транспорта
- Маски комедии дель Арте