Мелекеттік бюджет
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Бюджеттің жалпы мемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні
1.1. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі
1.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі
1.3. Мемлекеттік бюжет: мәні мен құрылымы
1.4. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы бюджеттік жоспарлаудың негіздері
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің даму үрдісін талдау және дамыту саясаты
2.1. Бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімін жетілдіру
2.2. Мемлекеттің фискалды саясатын дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық,бюджеттік үдерістерді нығайту және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес. Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру талап етіледі. Бұл дегеніміз елімізде және оның аймақтарында болып жатқан экономикалық үдерістерді балаудың маңызды алғы шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды болып бюджет жүйесі табылады.Сондықтан оларды зерделеу мақсатында бюджет жүйесінің ұтымды қызмет ету белгілерін зерттеу өзекті болып табылады.Бюджет жүйесінің оңтайлылығы тек табыс көздерінің белсендірілуі,бюджет қаражаттарының ұлғаюы және бюджеттің артықшылығы ғана емес ,сондай-ақ,ең алдымен оның өмір сүру деңгейін жоғарылату мақсатында әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу қабілеттігінде жатыр.
Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейлерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету тікелей бюджетаралық қатынастардың дамығандығымен байланысты болады және бұл қазіргі кезде жетілдірілмеген және аймақтың көптеген мәселелерін шеше алмады.Республикалық бюджетте қаржы ресурстарының шоғырландырылуы,барлық бюджет деңгейлері арасындағы қарсы қаржы ағындарының бар болуы және көптеген жергілікті бюджеттердің тапшылығы-мұның барлығы халыққа өмірлік маңызды мәселелерді шешетін жергілікті басқару органдарының мүмкіндігінен айырады.
Тұтастай алғанда Қазақстандағы әр түрлі билік деңгейлері арасындағы қаржы-бюджет қатынастарының жүйесі көптеген өзгертулерге қарамастан,толығымен тұрақты дамушы нарықтық экономикаға сәйкес келмейді.Бұл жағдайдағы маңызды мәселе биліктің орталықсыздандырылуы.
Курстық жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылысын талдау болды.
Курстық жұмыс мазмұны кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен құралған.
Бірінші бөлімде бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні, мұндағы негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі жайлы айтылған.
Екінші бөлімде бюджеттік жоспарлау негіздері, бюджеттік жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары келтірілген.
Үшінші бөлімде бюджеттік жіктелудің ролі мен мәні және құрамы жайлы айтылған.
Қазіргі кезде мемлекеттің аймақтық саясатының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының даму Стратегиясына сәйкес келуі керек,яғни реформалардың ауыртпалығы шаруашылықтандырудың аймақтық деңгейіне біртіндеп ауыстырылуы тиіс.
Бюджеттік құрылыстың құқықтық негіздері деп Қазақстан Республикасы қаржылық құрылысының негізін құрайтын мемлекеттің республикалық бюджеті мен әкімшілік-аумақтық құрылыстардың жергілікті бюджеттерінің жиынтығын білдіретін,олардың бюджет жүйесінде жұмыс істеу механизмін қаржылық заңнамалық актілер мен объективті экономикалық-қаржылық құбылыстарға сай ұйымдастыру негіздерін және бюджетаралық өзара қарым-қатынастарды,сондай-ақ рыноктық даму аясындағы экономика секторларын мемлекеттік қаржылық реттеу тәсілдерін белгілейтін қаржылық-құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.
Жергілікті бюджеттер жүйесі деп бірыңғай бюджет жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылатын,әкімшілік-аумақтық құрылыстар мен олардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік құқықтық мәртебесі,бюджеттік құқықтары және бюджеттік құзыреттері, сондай-ақ республикалық бюджет пен ҚР Ұлттық қорынан берілетін реттеуші кірістер мен трансфеттер негізінде атқарылатын облыстық бюджет,республикалық маңызы бар қала,астана бюджет,аудан бюджет деңгейлерінен тұратын,құрылымындағы жергілікті бюджеттердің қаражаттарын тиісті әкімшілік аумақтық бірлік мәслихатының кезекті қаржы жылына арналған бюджет туралы нормативтік шешіміне сәйкес пайдалануды-жұмсауды ұйымдастыратын,жергілікті бюджеттердің қаржылық ресурстарын әкімшілік-аумақтық құрылыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттарында жиынтықтау,тиісті мүдделерді мақсатты,нысаналы қаржыландыру,өзінің ұйымдастырылуына ықпалын тигізетін негізгі экономикалық құралдарды,жергілікті салық салу жүйесін мемлекеттің қаржы-бюджет саясатына сай жетілдіру процестерін қамтамасыз ететін қаржылық-экономикалық институтты айтамыз.
Жергілікті бюджет экономикалық мағынасында орталықтандырылған жергілікті ақша қорын және жергілікті ақша қаражаттары қорын қалыптастыруға және жұмсауға байланысты экономикалық қатынастардың жүйесін білдіреді,ал ұйымдастырылу мағынасында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының негізгі қаржылық жоспарын,сондай-ақ құқықтық мағынасында жергілікті бюджеттің ақша қаражаттарын жұмсауға рұқсат беретін және бекітетін тиісті мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған бюджет туралы нормативтік шешімі ретінде көрініс табады.
Курстық жұмысты жазуда мынадай авторлардың Зейнельгабдин А.Б., Мельников В.Д., Өтебаев Б.С. оқу құралдарын әдебиеттерін пайдаландым.
1 БЮДЖЕТТІҢ ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ МЕН МӘНІ
1.1 Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі
Бюджет қаржылық жоспар ретінде,бір жағынан,экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарына негізделеді,ал екінші жағынан,ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмиді. Себебі, “мемлекеттік бюджет” термині өз сипатына байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады,біріншісі-бөліп тұратын қатынас саласына жатады,екіншісі-адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді.
Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты,яғни қоғамдық өнімді құндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан,экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу жіне оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.
Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен осы бюджет (әсіресе шығындары) арқылы ұлттық табыс және жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта бөлу процестерімен анықталады.Ол ақша қаражаттарын экономика секторлары,іс-әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып,жалпы экономикаға әсер етеді,себебі ол барлық ұлттық шаруашылықтың бюджеті.Экономиканы реттейтін басқа қаржылық құралдар арасындағы бюджеттің рөлі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады.Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді айтуға болады:
Бюджет мемлекеттің қолында ұлттық табыстың бір бөлігін оңашаландыруға байланысты қайта бөліс қатынастарының ерекше экономикалық формасы және табыстың сол бөлігін бүкіл қоғам мен оның әрбір аумақтарының мұқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;
Бюджет арқылы ұлттық табыс немесе сирек-ұлттық байлық экономика салалары,ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қайта бөліс атқарылады;
Бюджеттік қайта бөліс пропорциялары қаржының басқа буындарына қарағанда көбінесе ұлғайтылған қайта өндірістің жалпы мұқтаждарымен және қоғам дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында тұрған міндеттемелерімен анықталады;
Бюджеттік қайта бөліс аумағы мемлекеттік қаржы құрамында орталық орынды қалайды,себебі бюджет қаржының басқа буындарымен салыстырғанда бастапқы дәрежеде.
Бюджеттік қатынастың бөлістік сипаты мемлекетке бюджеттік экономикаға әсер ететін нақты тұтқа мен қоғамдық ілгерлікке ынта ретінде пайдалануға мүмкіншілік береді-бұл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа құндық тұтқаларымен (баға,несие және т.б.) бір типті.Бірақ мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімді құндық бөліс саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бұл оны экономиканы басқарудың орталандырылған жалпымемекеттік құралына-республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады. Бұл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін орталандыру негізінде мемлекет қарастырған әлеуметтік-экономикалық дамуды қаржыландыруын қамтиды,екінші жағынан қосымша резевтер айқындау мен сапалық көрсеткіштерді жақсартуға белсенді әсерін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады [1, б.23]:
Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашылығы-ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі.Бұл мемлекетке бюджет арқылы барлық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді.
Екіншіден,бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа баланстары,қаржы жоспарлар,несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланыста.
Үшіншіден,мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономикалық,қаржылық және өндірістік көрсеткіштер талданады және анықталады,қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының байланыстары үйлестіріледі,сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен тұжырымды қиыстыруға жетеді.
Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бюджеттік көрсеткіштердің нақты-адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс-әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдалануға негіз тудырады.Бюджеттік көрсеткіштер арқылы қоғамдық қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы жүрісі мен шаруашылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр түрлі процестерді қадағалауға болады.Бюджет көрсеткіштерін орындау дәрежесі экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп,сондағы жаратымды және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.
Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізілетін жалпымемекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады.Бұл мемлекетің экономикалық және қаржылық саясатын іске асыруға арналған әсершіл құрал.Қаржылық бақылау барлық деңгейдегі бюджеттерді бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу,мемлекеттің активтері мен гранттарын пайдалану және т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады.Бұл бақылау уақытша шара емес,ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық ұйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі болып табылады.
Қаржылық бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің экономикалық категория ретіндегі бақылау функциясы табылады. Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясының әрекеті кең шекара мен бәрін қамтушы сипатпен айрықша танылу,соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана қоғамдық өнім құнын бюджеттік бөліс саламен шектелмей бірталай аумаққа әсерін тигізеді.Сондықтан,қаржылық бақылауы экономиканың барлық саласындағы іс-әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді.Оның іс-ірекет процесінде бюджеттің атқаруы,ақша қаражаттарының уақытымен және толық түсуі,оларды тиімді пайдалануы тексеріледі.
Демек,қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъектілер мен жалпы мемлекет бойынша барлық ресурстарды пайдалану бақылауын іске асыру болады.Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асырып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі тексеріледі.
1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі
Қаржылық байланыстардың, орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен,мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттік бюджет” ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән:бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар,әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1.мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады.
2.құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған
3.қоғамдық өнімнің оңың тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады,ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады:бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында-бюджеттік қорында затталынады.Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады.Бюджеттік қор-бұл адамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету,қозғалыс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны.Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,мазмұны,мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды.Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді.Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді.Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды,атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу;экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру;әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде,олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде,бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық катигория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады.Мәселен,мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен,сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-салықтар,
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмінің бірі.Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механмзм арқылы ықпал етеді.Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді.Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлеміе анықтау,оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу,бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында,мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады(мысалы,келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды,кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға,ғылыми-
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынтаналдырудың,өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.Мемлекеттің ақша қорын жасау жуне пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып,бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен байланысқан.
1.3 Мемлекеттік бюджет: мәні мен құрылымы
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ел бюджетінің құрылымы, алдымен осы елдің мемлекеттік құрылымынан тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жүйесі екі қабаттан тұратын құрылым түрін алады – мемлекеттік құрылымы бар елдерде (АҚШ, ФРГ) арабуын болады – штаттардың жерлердің және осыларға сәйкес келетін әкімшіл құрылымдардың бюджеті.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады [2, б.11]:.
Бюджет, осымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін бейнелейтін күрделі құжат деуге болады. Ол- мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде, немесе, муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткенен соң атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау және жасалған шығындар туралы есеп береді.
Бюждеттен тыс қорлар бюджетті, сондықтан парламенттік бақылауды айналып үкіметтің экономикаға кірісуінің мүмкіндігін кеңейтеді.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдамен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
[1]Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет ұсыныстары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бюджет қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және тағы басқа өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми – техникалық әулетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететінбюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілібір қаржылық өзара қарым – қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы-бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдеріне бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

- Мелиоративное обустройство территории АО «Северный» Шемышейского района Пензенской области
- Мелиоративное устройство сельскохозяйственных угодий
- Мелиоративные машины - каналокопатели
- Мелиоративные устройства сельскохозяйственных угодий
- Мелиорация
- Мелиорация земель
- Мелиорация земель
- Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі негізгі құжат-оқу бағдарламасы
- Мектептегі информатика курсын оқытуға арналған оқу- әдістемелік құралдарды зерттеу
- Мектептегі психологиялық қызметтің моделі
- Мектептегі үлгермеушіліктің теориялық мәселелері
- Мектепте математиканы оқыту әдістемесі
- Мектептен тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар
- Мектептің техникалық сипаттамасы