Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Мазмұны
Кіріспе
- Жалпы бөлім
1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда
болуы мен дамуы
1.2 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
1.3 Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда
болу ерекшеліктері
- Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы
2.2 Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері - Зерттеу бөлімі
3.1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
3.2 Қазіргі кездегі құқықтық мемлекеттің саяси көрінісі
3.3 Мемлекеттің пайда болуы
Сілтемелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекет туралы жазуды бастардың
алдында біз ең алдымен оның қоғамда
әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір
өзара қарым-қатынаста
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір
сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық
және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып
және айырбасталып жатады, осының өзі
белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы
мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған,
өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың,
реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының
болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе
ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге
ықпал ететін және олардың динамикасы
мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу,
осыған байланысты әр халықтың жалпы және
ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға,
тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты.
Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың
тарихында айтарлықтай із қалдырмастан,
тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі
ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын
жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге
көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді.
Аталған теорияларға талдау жасай келіп,
біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне
деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз,
олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа,
өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі.
Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер
жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып
жатады.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын
және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын
қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар
мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат
қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне,
сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың,
әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және
жеке адамдардың арасындағы қатынастардың
маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып,
қоғамдағы істердің жағдайына белсенді
түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне
ғана тән функциялары, әсер ету нысандары
мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде
сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда
әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен
көзге түсетін күрделі саяси организм
ретінде қабылдаймыз.
Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің
пайда болуы мұнда мемлекеттің ролінің
күштілігімен сипатталатын өндірістің
азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның
бекітуімен байланысты.
Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері
өндірістің негізгі құралына айналды,
оларды иелену үшін қырғын ұрыстар
болды. Соның барысында рулық
байланыстар мен қарым-
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық
үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы
азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік
жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан
«шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат,
халифат, хандық, сұлтанат) еді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет
қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері
мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға
ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті
жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл
жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан
зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына,
саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың,
реттеудің және ықпал етудің әр алуан
құралдарына иелік ете отырып, мемлекет
экономиканың, әлеуметтік, рухани және
басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп,
тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге,
қоғамда қажетті моральдық-психологиялық
ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады.
Сондықтан да мемлекет пен құқықтың пайда
болуын зерттеу өте маңызды.
Зерттеу пәні: мемлекет пен құқықтың даму
процесі
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекет
пен құқықтың пайда болуын зерттеу
Зерттеу нысаны: мемлекет пен құқықтың
пайда болуын қарастыру
Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау,
әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда
болу ерекшеліктерін қарастыру және қазіргі
заманғы құқық ұғымы мен белгілерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық
жұмыс кіріспе бөлімнен және де мемлекет
пен құқықтың пайда болуының жалпы сипаттамасына
бағытталған бірінші бөлімнен, Қазақстанда
мемлекет пен құқықтың пайда болуына бағытталған
екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Жалпы бөлім
- Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы кұрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді. Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш- қуатына үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше турлері бар:
1. Шығыс
елдерінде (Иран, Индия, Қытай,
Араб т. б. шығыс типті
– ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
– оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі тұрде топтастыру, біріктіру;
– барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты.
Жаңа
аппарат қалың бұқарадан
2. Еуропалық
елдерде мемлекет жеке
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бір- лестік болып қалыптасты. Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты. Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол – әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңга тәуелді кесімдер, шарттың нормалар, заң куші бар соттың шешімдери Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сұйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды. Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді. Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Табиғи
теория – бұл теорияны жақтаушылардың
пайымдауынша, мемлекетті, құқықты
ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның
өзі сияқты табиғаттан бастау алып,
әділеттілікке негізделген
Тарихи теория – осытеорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық
теория – мемлекет адамдардың
отбасы тәжрибесінен
Күрделі
ірі патриархалдық отбасы
Психологиялық
теория – адамдардың
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «әдет» заңына бағынып келген.
1465 жылы
тарихта тұңғыш дербес қазақ
хандығының негізі қаланып,
Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).
Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, урльщ мәселелері).
Әскери заңдар (цосын, аламан, әскеры міндет, тулпар ат, цара қазан мәселелері).
Елшілік жоралары (майталмандъщ, шегаендік, сыпайыльщ, әдептілік).
Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. 6,).
Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 лок.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді. Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.
- Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
Адам эволюциясына байланысты палеолит
жоғарғы және төменгі болып екіге
бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар
мен палеонтроптардың тіршілік ету
кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің
өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер
алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл
бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын
ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер
кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens
– тің тіршілік ету кезеңі. Бұл
кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып,
адам баласы осы кезең ішінде тастан
балта жасаудан компьтерлерге дейінгі
жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын
жасаудың техникасы мен материалдарының
түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай
және рим философтарына белгілі болған
көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және
темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр
мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы
палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы
палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін
және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола
дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы
жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға
дейін созылды. Қола дәуірінен бастап
алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан
көне дәуір өркениетінің ескерткіштері
негізінде уақытты календар бойынша белгілеу
пайда болды .
Тарихи кезеңдер Археологиялық
кезеңдер Палеоантропологиялық кезеңдер
Алғашқы қауым кезеңі Төменгі (100) және
ортаңғы палеолит
(45-40) Архонтроптар мен
палеонтроптар
кезеңі
Алғашқы қауымдық
Туыстық
қауым
кезеңі Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
Жоғары палеолит
(12-10) және
мезолит (8) Неонтроптар
кезеңі
Кейінгі алғашқы қауым Неолит (5) Энеолит
немесе ертедегі металдық ғасыр
(4,5 –5)
Таптар түзілу кезеңі Қола (3)
Темір
Атом ғасыры (ХХ ғасыры)
Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды.
Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте
ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін;
олардың жануарлардан нағыз адамға
өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл
мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы
қауым” термині әрі қысқа, әрі
ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат
тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға
созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы
туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын
басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі
үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса,
алғашқы қауымның соңғы кезеңдері
кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін
аяқталған жоқ.
Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік
үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін
шаруашылық болды.
Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым
(алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және
кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі
туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық
көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы
қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне
сәйкес келеді.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше,
алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді
адамзаттың әлеуметтік және биологиялық
даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының
бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік
тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға
болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым
кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы
реттелген түрлері – туыстар мен туыстық
қауымдар пайда болды. Дәл осы кезеңде
алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның
негізгі белгілері — өндірістегі ұжымшылдық,
жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу,
т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе
ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып,
кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып
қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі –
ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі)
және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең — қалыптасу кезеңі,
ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым
– кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу
кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның
ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық
іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап
дамуымен және өнім қорларының өсуімен
сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке
үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей
бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып,
қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп,
алғашқы қауымдық — көршілік түрлері
пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы
нысандары пайда болып, олармен бірге
негізгі өнім қоры — қосалқы өнімге айнала
бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық
таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы
түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі,
кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит
кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда
металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес
келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі — қоғамдық
таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы
– 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді.
Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді
әлі күнге дейін өткен жоқ.
Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық
және палеоантропологиялық схемалардың
аса маңызды буындарымен
Кестеде берілген шкала адамдар жасаған
және қолданған құралдар негізінде жасалған.
Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды
пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит
(ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит
(австралопитектер мен “тік жүретін адам”
), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар),
жоғары палеолит (38 мың жыл) — “саналы
адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне
бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық
құрылымның аң аулау, жинау түрі басым
болды.
Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын
аса маңызды оқиға орын алғандығы белгілі,
ол неолит революциясы деген атқа ие болды.
Нақты айтқанда – жабайы жануарларды
қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында
тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң
аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру
шаруашылықтарына айналды. й жануарлары
мен мәдени өсімдіктердің жасанды сұрыптау
мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары
мен сорттары, мата тоқу, металлургия т.б.
пайда болды.
Мәдени дамудың келесі кезеңдері “үштік
ғасыр” деп аталатын – мыс, қола, темір
ғасырларынан тұрады. Олардың әрқайсысы
кейіннен белгілі болғандай, белгілі бір
кезеңдерді басынан өткізіп, жекелеген
мәдениеттің даму кезеңдері болып, олардың
уақыты әр мәдениеттің даму уақытына сәйкес
болды. Осы “ғасырлардың” ауысу реті
әр жерде және жалпы бұл жүйені қазіргі
кезде көпшілік мойындамай отыр, бірақ
оның орнына жетілдірілген басқа жүйе
әлі жасалған жоқ.
Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононормалар[1] (бірігу - бірлесу) қалыптасып, сол арқылы қарым қатынастарды реттеп, басқарып отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері : әдеп – ғұрып, мораль, салт – дәстүр, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық континенттерде бірдей болды. Тек мемлекет пен құқықтың пайда болуы кезеңінен бастап айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бастады. Мысалы: шығыс елдерінде (Араб, Үнді, Иран , Қытай) Мемлекет пен құқықтың пайда болуы бір – біріне ұқсас, Афин , Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болды. Еуропаның, Азияның басқа елдерінде – үшінші түрде дамыды. Бұл елдерде алғашқы қоғамнан феодалдық формацияға – қоғамға көшті.
1.3Әр халықта мемлекет
пен құқықтың пайда болу
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективті заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп басқаруы.
Әлеуметтік нормалардың (әдеп – ғұрып, мораль[1], салт – дәстүр, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте – бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан да құқық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық қарым қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған , бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды.
Біріншісі – мемлекеттік
Таптық қоғамда, қанаушылық,
әділетсіздік басым болған
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы
рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып
келген қоғамның экономикалық
саяси, әлеуметтік сипатына
Құқық – мемлекет шығарған
немесе бекіткен, мемлекеттік аппаратын
күші мен қамтамасыз етіліп
отыратын жалпыға бірдей
- Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., ұабитов Т., Әдеп негіздері, А., 1997.
Мемлекеттің дамуы- мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы натижесінде алғашқы қауымдық құрылыс топқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс –әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш – қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Шығыс елдеріңде (Иран, Индия, Қытай Араб елдерінде ) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау , суармалы иригациялық[2] жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері : чиновниктер, ру , тайпа басшылары, король, императорлар болды. Сөйтіп бұл елдерде көбінесе мемлекеттік диспотизм[3] орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында – абсалюттік монарх болды, одан төменгі – екінші дәрежедегі билік уәзір министірлердің қолында , одан төменгі – чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер – бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншік пен қатар жеке меншікте дамыды.
Шығыс типті (Азия типті)
мемлекеттер кейінгі
Сонымен, Азия типті
- Ірі ирригациялық жүйелерді жасау ;
- Оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру – біріктіру;
- Барлық жұмысты бір орталықтан басқару ;
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру – тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп , әділетсіздікті , қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, Х1Х-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып қелді (Қытай, Иран т.б.).
- Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика
АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. - Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Еуропалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы
қоғамның ыдырауы кезіңде
Германияда мемлекеттің
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
- Халықтың туысқандығына қарамай , территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу.
- Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстедік таптың , топтың, мүдде – мақсатын орындау үшін қалыптасты.
- Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.
- Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан аумағында
Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы, даму себептері.
- Қоғамдық басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамнның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды.
- Қалың бұқараны, қанаушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы ңс – әрекетін әлсірету , жою үшін күшті, әлеуметтік жағдайда жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды.
Мемлекеттің негізгі белгілері.
- Басқару оргадары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болу (әскер , полиция, сот т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекеттің механизмі де күрделене түсті.
- Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдық қарым – қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін негізгі территориясының болыу, халықты рухына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы процесіне әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдар мен қатар әр түрлі партиялар , одақтар , бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғары үкімет билігіне (Суверендік құқыққа) иеленеді. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықтық және барлық қоғамдық бірлестіктереден , ұйымдардан айырмашылық белгілері:
- Мемлекет қоғамдық көлемде бірден – бір билік жүргізетін ұйым.; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғам ға күші бар нормативтік акті қабылдай алады.
- Мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады.
- Мемлекеттің ішкі – сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
2.2Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар,
ол заң ғылымында, күнделікті омірде
және кызмет бабында қолданылады. Кең
мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір
адамның құкыктың мәні туралы қандай
да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше
мағынада қолданылады. Біріншіден, «құкық»—
ресми түрде танылған жеке және занды
тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет
жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың
еңбек ету бостандығы, білім алу,меншікиесіболу,
Субъектиивтік (тұлгалар) құқық — тұлғалардың
мүддесін канағаттандыру мақсатымен құкықтық
нормалардың құкық тұлғаларына берген
құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер
құқықтык қатынастарға катысатын тұлғалардың
мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғанын
құқығы құкыктық қатынасқа катысушы басқа
тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан,
екі жақта да құқықтык міндеттер пайда
болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім
алуға құқығы бар. Сол кұқықты пайдаланып,
оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының
ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын
орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып,
заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы.
Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады.
Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда
қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне
зиян келтірмеуі керек. Сондыктан Қазақстан
Республикасының Конституциясында былай
деп жазылған: «Меншік міндет жүктеңді,
оны пайдалану сонымен катар қоғам игілігіне
де кызмет етуге тиіс» .
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет
— құқықтық мүмкіндік берілген құкық
тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату
үшін басқа құкық тұлғасына жүктелген
міндет. Бұл міндет құкықтық қатынастарға
қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік
мәжбүрлеу аркылы (міндетті орындамаған
жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқык нормаларының
жүйеге келтірілген жиынтығы.Бұл объективтік
мағынадағы құқык, себебі олардың жасалуы
жеке адамның еркіне байланысты емес.
Сонымен, объективтік мағынадағы құқык
жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс
больш саналады. Құқық ту-ралы Конституция
былай дейді: «Қазақстан Республикасында
қолданылатын құқық Конституцияның, соған
сәйкес зандардың, өзгеде нормативтік-құкықтық
актілердің, Республиканың халықаралық
шарттық және өзге де міндеттемелерінін,
сондай қалған болар еді. Адам өзіне қажетті
рухани және мүліктік игілікті пайдалану
үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек.

- Мемлекет пен құқытың арақатынасы
- Мемлекеттiк басқарудағы ақпарттық жүйе жене оны жетiлдiру қажеттiлiгi
- Мемлекеттiк бюджет калыптасуындаfы мемлекеттiк баж
- Мемлекеттiк кызмет пен баскару мyддесiндегi сыбайлас жемкорлык
- Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі
- Мемлекеттегі туризмнің болашағы
- Мемлекеттин шығыстары мен кірістері
- Мемлекет нысанының түсінігі,оның құрылымы
- Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)
- Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері
- Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері
- Мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін жоғарлату мәселелері
- Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы
- Мемлекетпен құқықтын пайда болуы