Мемлекет нысанының түсінігі,оның құрылымы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ

 

 

 

 

 

Тексерген                                                                            Г.Б.Сарсенбаева 

 

 

Орындаған                                                                        ________________

 

 

Өскемен, 2011

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АУЫР МЕТАЛДЫҢ ӘСЕРІ.......................................5

2. АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫ ................………..…..……........................8

3. БИОСФЕРАНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ..........................11

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


КІРІСПЕ

 

Еліміздегі экологиялық  дағдарысқа химия, мұнай металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп  мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл сайын Қазақстандағы  су қоймаларына химиялық қоспалар мен ластанған 6 млрд. м³ ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай т.б. кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл, әрине, қаланың географиялық орналасқан орнына байланысты. Онсызда ауа алмасуы нашар қаланың құрылыстары оның жолына азын-аулақ бөгет болуда. Мысалы, тау аралық ауа қозғалысының долында тұрған аумаққа «Самал» ықшам ауданының салынуы осыны аңғартады. Оның орнына Фурманов, Достық көшелерінің аралығындағы Медеуден келетін ауа қозғалысының жолында тұрған осы ауданда үлкен бақ, парк жасаса, ол қаланың өкпесіне айналған болар еді. 

Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км². Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деграцияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 проценті шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185 млн га жайылым, 34млн га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жердің 180 млн га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясы, 60 млн га тұздану, 10 млн га химиялық және радиактивтік заттармен ластанған. Солтүстік облстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қара шірігінің 25-30 % жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы мың га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн га, ал тозған жайылым 3 млн га жерді алып жатыр. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптің қалдықтарымен ластануы, ауыр метелдардың жинақталуы, радиоктивті элементтердің және ракета ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңа Дария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржолата жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойнша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклитпен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол Республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АУЫР МЕТАЛДЫҢ ӘСЕРІ

 

Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады.   Оларға   цинк,   мыс,   марганец,   темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік  қалдықтар және  т.б.

Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады.

Қорғасынның негізгі  көзі — автокөлік жанармайы болып  табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен  ауыл шаруашылығында пестицид ретінде  мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде  шығарылады.

Қоршаған ортада қорғасынның  артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын  өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық.

Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің  төмендеуі, қан аздық, бүйректің  зақымдануы, жүрек ауруы,  уақытынан бұрын  босану, түсік  тастау.

Кадмий. Ауыр металдардың  ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. “Ита-ита” ауруын туғызады.

Сынап. Қоршаған ортада кеңінен  таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен  электротехникада, медицинада және химия  өнеркәсібінде  қолданылады.

Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері  қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі  жоғары.

Сынаптың металлорганикалық  қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза  үшін  өте  улы және қауіпті.

Асбест. Соңғы кезде  дәрігерлердің назарын өзіне  аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы —  асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын  зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.

Қала және адамның  денсаулығы

Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы  жиналады.

Дүние жүзінің қалаларында  қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам  халқы бар 48 қала болған.

Бірақ урбанизация (латын  тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі  тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.

Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық  факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында  шиеленісе түседі.

Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек  барлық  жағынан  қолайлы  орта  емес.

Қала ортасы адамның  басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп  пен транснорттың қалдықтарымен  ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.

Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады.

 

 

 

 

 

2. АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫ

 

Шығыс Қазақстан облысы химия өнеркәсібі, машина жасау және т.б. салалардың бірқатар стратегиялық нысаналар орналасқан өнеркәсіптік орталық болып табылады. Қазіргі күнгі экологияның маңызды мәселелерінің бірі болып экологиялық жүйелердің ауыр металлдармен ластануы болып табылады. Шартты түрде оларға атомдық салмағы 50-ден жоғары, металлдар немесе металлодатрдың қасиеттеріне ие, анағұрлым улы болып саналатын химиялық элементтер жатады. Аса улы элементтерге Be, Co, Ni, Cu, Zn, Sn, As, Te, Pb, Ag, Cd, Au, Hg, Rb, Pt жатады. Қылқан жапырақты ағашты өсімдіктер қоршаған орта мен экологиялық жүйелер жағдайының табиғи индикаторлары болып табылады. Қылқан жапырақтыларды биоиндикатор ретінде қолдану, Өскемен сияқты ірі өнеркәсіптік қаланың да, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы сияқты табиғи мекендердің де қазіргі экологиялық жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді. Қала және қорық жағдайында өскен қылқан жапырақтылардың құрамындағы ауыр металлдардың мөлшерін салыстыруда, сондай-ақ, қылқан мен сабақ сияқты ағаш мүшелеріндегі ауыр металлдардың аккумуляциялану қабілеті және әртүрлі экологиялық жағдайлардағы қылқан жапырақтылардағы ауыр металлдардың мөлшерін анықтауды болып табылады.

Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.

Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.

Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар — бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.

Табиғи ластанудың бiр  түрi космостық шаң атмосферадағы  жанған метеориттер қалдықтарынан  түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы шамамен 10-3—10-4 см болады жəне топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен булану нəтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар — бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру, ыдырау өнiмдерiнен түзiледi.

Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi. Əдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк ететiн организмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi.

Атмосфералық шаң Жер  бетiнде жүретiн кейбiр процестер  үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының  конденсациялануы үшiн, олай болса жауын-шашынның түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар күн u1088 радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды. Академик В.И.

Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды  роль атқарады деп жазды.

Жер бетiндегi заттардың  биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне əкелiп соғады.

Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi — 0,006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт жəне азот оксидтерiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды əсер етедi.

Атмосфераға транспорттардан  бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Жəне оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада  ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге  адам организмiне түсетiндiгi белгiлi болды.

Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.

Ауа бассейнiн  күкiрттi газбен жəне шаңмен ластаушы жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен əсер ететiн жағылатын отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн бiршама азайтады.

 

 

 

 

3. БИОСФЕРАНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ

 

Биосфераның ауыр металдармен  ластануы — ғылыми техникалық прогресстiң аса маңызды проблемаларының бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90 % биосфераға таралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi. Мысалы, магний — 1,5 есе, молибден — 3 есе, мышьяк — 7 есе, уран, титан — 10 есе, аллюминий, иод, кобальт — 15 есе, сынап-50 есе, литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий — 100 деген есе, галлий мен германий — мыңдаған есе, иттрий — 10 мыңдаған есе, т.с.с.

Ауаның ластануы адамның  денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты  жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге  зиянды əсерiн тигiзедi.

Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң  өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл  газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын  атмосферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2 х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтiк қасиетi бар.

Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы  аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр.

Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам организмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi күкiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигiзедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы  ХХ1 ғасырда бұрын-соңды болмаған деңгейіне жетті. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы,зауыттардың еселеніп салынуы,жер құнарының тас-талқанын шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.

Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр.

Жалпы ірі өндіріс  орындарын дамыту 3 факторларға байланысты:

1. Шикізат көзі.

2. Адам күші.

3. Су ресурстары.

Осы 3 фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес.Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген.Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар,ауыр металдар,өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына,топырақтың,ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етеді.

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына-Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу,металлургия,құрылыс  материалдары және тағы басқа да салаларға  маманданған.Бұл аймақтағы негізгі  мәселелер—табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп,шөлдену процестерінің жүруіне,биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде.Сондай-ақ мұнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда,орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары.

Батыс аймақта Маңғыстау  облысы экологиясы ауыр аймақтардың  алдыңғы қатарына жатады.Қауіпті  нүктнлердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл өңірді Семей,Аралдан  кейінгі үшінші орында.

Маңғыстау облысында  жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп тұрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн т улы қоспа жатыр.Қзір уран өндірмейді,ал су буланып,жаға ашық қалған.Әбден кепкен топырақ шаң болып өңірге тарайды.Одан адамдар арасында түрлі аурулар пайда болуда.Әсіресе инсульт ауруы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Майстренко В.Н., Хамитов Р.З., Будников Г.К. Эколого-аналитический мониторинг супертокисикантов. – М.: Химия, 1996. – С. 5-6.
  2. Туркебаев Э.А., Садыков Г.Х. Комплексное использование отходов промышленности. – А-Ата, 1988. – 140 с.
  3. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан (10.12.2003 ж.). – Алматы, 2003.
  4. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы // В 5 т. Сер.: Добыча. Подготовка. Транспортировка. – Алматы: Ғылым, 2001. – Т. 2. – 444 с.



Мемлекет нысанының түсінігі,оның құрылымы