Мемлекет нысандары
Мемлекет нысандары
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Жоспар
Кіріспе
1. Мемлекет нысандарының жалпы сипаттамасы.
1.1. Мемлекет нысандарының түсінігі және мазмұны.
1.2. Қазақстан Республикасы
- президенттік басқару
2. Мемлекет нысаны элементтер.
2.1. Мемлекетті басқарудың нысандары.
2.2. Мемлекет нысаны мен типінің арақатынасы.
3. Мемлекеттік құрылым.
3.1. Мемлекеттік кұрылым нысандары
3.2. Саяси режим: түсінігі және белгілері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, үйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Осы курстық жүмыстың мемлекет нысандарың тақырыбы бойынша орындаудағы мақсатым: мемлекет нысандарының мазмүнын талқылай келе, олрдың арақатынасын, жалпы әлемдік тарихтағы орнын қарастыру блып табылады. Сондықтан да, мемлекет нысандарының жалпы сипаттамсына, түсінігі мен мазмұнына тоқталуды жөн санадым. Сондай-ақ мемлекет нысандарының арақатынасы туралы сөз қозғай келе, мемлекет нысандары жөнІнде жалпы мағлұмат беруді орынды деген үйғарымға келдім.
Мемлекет дегеніміз бүл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси үйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген.
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар.
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамсыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды,
жақсарту, дамыту, қоғамның жүмысының
көлемі де, шеңбері де молайып,
кеңейіп ескі басқару аппараты
тиісті дәрежеде жүмыс жасай
аламады. Жаңа мемлекеттік
- Қалың бұқараның,
қаналушы таптың үстемдік
- Қоғамды, экономиканы
дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды
жақсарту үшін басқарушы
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары
мен мекемелерінің ерекше
2. Үстем таптың мүдделері
мен мақсаттарына сай қоғамды
қарым-қатынас ережелерін
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес жеріне сай бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттіқ қалыптасуы процесіне әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б. бүлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси үйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне иелігі. Мемлекеттік өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
Мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым, басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады.
1. Мемлекет нысандарының жалпы сипаттамасы.
1.1 .Мемлекет
нысандарының түсінігі және
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Еліміздің 1995-жылғы 30-тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциясының 2-бабының 1-тармағында көрсетілген. Ал 1993-жылғы Қазқстанның тұңғыш Конституциясында еліміздің басқару нысанының дәл президенттік екендігі анықталмаған болатын.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мүхитқа шықса, бүл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерінде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте - Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда - Ганг. Шығыс мемлекеттерде - монархия, Еуропада - шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдардың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Ежелгі - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді. Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгеріске ұшырады. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдау міндетті болған. бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның ықпалы көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде және бейбіт уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары - федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір үлттық мемлекеттер, бірақ біреулері бҚртұтас унитарлық мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия - федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияңың жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде түрады: ФРГ, Швейцария, Австрия - олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі атасы - қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің алдында тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты. Қазақстанның көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда орын алды. Сондықтан Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы елімізді біртұтас, бөлінбейтін мемлекет ретінде жариялады.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс екені даусыз. Мысалы, өлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге үлгі бола білді.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты ықпалын тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр бірінші, Ататүрік және басқаларын атап өтуге болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін тигізеді. Мүсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.
Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді - басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде, мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп нұсқалары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреу бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей Федерациясының негізгі қағидаларын сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін жүзеге асырылған саясат. Бүл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орында екендігін аңғартады. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай қағидалармен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сүрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді.
Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бүл билік мүрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі немесе табыс етілуі. Сондықтан оның билігі - мұралық билік болып табылады. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға ғана беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді. (Дания, Англия). Монархия озбырлық жолмен де көшуі мүмкін. Наполеон, Каролингтердің түқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Англиядағы соңғы мемлекеттік төңкеріс патшаның қолынан билікті алғаны белгілі.
Монархияның көшуінің үшінші түрі келесідегідей: монарх бірнеше ақсүйектердің түқымдарынан сайланады (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару нысаны да орын алған (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мүрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны жүзеге асыру, мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мүқтажына керек ақшаны беріп отыратын. Корольдердің сарайлары киімдері, әскерлері мемлекеттің оларды қамтамасыз ету үлесінде болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі - Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан Король англияға керек пе? деп сұрастырғанда, 66 пайызы монархия да, король де сақталсынң деп жауап берді.
Монархия екіге бөлінеді:
шексіз және шектелген монархиялар.
Шексіз монархия - монархтың билігін
басқа мемлекеттік орган
Монархиялардың көбі
шектелген монархияларға
Орта ғасырларда Еуропа
мемлекеттерінде сословиелік-
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялыққ революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол ¥лттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін құқығы туралы Билль деген конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бүл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх - мемлекеттің көркі, түрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрырптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атынан мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.
1.2. Қазақстан Республикасы
- президенттік басқару
Басқару нысаны мынадай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
- мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
- жоғарғы және басқа
мемлекеттік органдарының
- жоғарғы мемлекеттік
билік пен тұрғындардың
жоғарғы мемлекеттік
органдардың үйымдастыру қызмет
Осы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында абылданған Қазақстан Республикасы Конституциясына байланысты "Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртүтас мемлекет".
Президенттік басқару нысандары әр елде әртүрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынадай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің парламенттің алдында емес, президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика
қазіргі кездегі мемлекеттік
басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан
Республикасында
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті - мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті
- мемлекеттік биліктің барлық
тармағының келісіп жұмыс
істеуін және өкімет
органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз
1998 жылы "Қазақстан Республикасының Конституциясының өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Осы заңның негізінде, мемлекеттік
билік жүйесін
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізуге заңды түрде мүмкіндік көзделді. Дауьіс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебіне кіретін болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса ғана, сайлау өтті деп есептелген кедергі жойылады. Соған сай, аралас сайлау жүйесі енгізіліп Мәжіліс депутаттарының көбісі мажоритарлық (көпшілік дауыс алуына байланысты) жүйе негізінде, ал басқа бөліктері - пропорционалды (тепе-теңдік) жүйе бойынша, партиялық тізімдер арқылы сайланатын болды. Депутаттың мерзімі аяқталғанда, оның бұрынғы істеген қызметін беруге не сондай қызметтің берілмейтіндігі туралы норма алынып тасталды. Себеі, ондай норма Парламент депутаттарының мәртебесін төмендетіп, әлеуметтік қорғалуын күшейтуге кедергі болатын. Заңда Президент сайлауының рәсімдері, еліміздің қазіргі дамуына сай демократияландырылып, сайлаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатынасса ғана, сайлаудың өткізілгені деп белгіленген кедергілер алынып тасталды. Себебі, дауыс беру, не бермеу әрбір жеке адамның еркі субъективтік құқығы болып табылады, яғни мүнда сайлауға келгендердің пайызы емес, сайланатын адамға деген сенімдеріне шек қойылмай дауыс берілуі.
Президент өкілеттілігінің бес жыл мерзімі жеті жыл мерзімге ауыстырылды. Президентке кандидаттар үшін жас мөлшерін белгілеу нормасы да алынып тасталды.
Заңда қазақстандағы сот жүйесіне арналған нормаларға да өзгерістер, толықтырылулар енгізілді.
Қазақстан республикасының
Конституциясы мынадай
1."Қазақстан Республикасының Президенті туралы".
2."Қазақстан Республикасының
парламенті және оның
3."Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы".
4."Республикалық референдум туралы".
5."Қазақстан
2. Мемлекет нысанының құрамы.
2.1. Мемлекеттік басқарудың нысандары.
Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік үйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
"Мемлекеттің негізі"
санаты мемлекеттегі басты,
Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмірдің өзі, мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.
Мемлекеттік басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындарымен қарым-қатынасын сипаттайды.
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөледі.
Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) - басқару нысаны, өкімет тұгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады -монархтың (корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с.).
Монархияныц белгілеріне:
-жоғарғы өкімет билігі
(монархтың өкіметі) мүра
-басқаруының уақілты шексіз болады;
-сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Монархияның шектелусіз тұрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жұруші, жалғыз ғана монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы - Саудов Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген (конституциялық) монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жұруші, басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монархтың билігіне шектеу жұргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, Швеция, Норвегия).
Монархия бірнеше жұз, жылдарға созылған уақытта, дұние жұзіндег ұстемдік құрған басқару нысаны болады. Арнайыланған нысанда, ол бүгінде сақталып дүние жүзіндегі елдердің үшінші бөлігіне тараған.
Республика (латын сөзінен - мемлекеттік, қоғамдық іс) - басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республика белгілеріне:
- өкіметтің сайлануы;
- белгілі уақытқа ғана сайлау;
- сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (США, бразилия, Аргентина, Венесуэла, Боливия, Сирия т.б.) ол рольді президенттің өзі ғана орындайды, Парламенттік республикаларда (германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль т.б.) - парламент, аралас (Франция, Финляндия, Полыпа, Болгария, Австрия т.б.) - Президент пен парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен және бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жүмысын өзі басқарады. Бүл мемлекетте парламент үкіметке
сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал президент - парламентті таратпайды.
Парламенттік республикада - ұкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен ұкіметтің қызметіне, ұкіметтің басшысына (министірлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы Президент, не парламентпен не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.
Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына ұкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады - президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептеледі.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мұмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
2.2. Мемлекет нысаны мен кейпінің арақатынасы.
Мемлекет кейпі - біртұтас қоғамдық-экономикалық формацияның мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.
Бір жағынан, әртұрлі кейіптегі мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен (ертедегі шығыс деспотиясы -Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса, республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді. Феодалдық кейіпке - монархиялар (ерте феодалдық, феодалдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттік монархия), буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық монархиялар, социалистік кейіпке - парижз Коммунасы, кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.
Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне тән болды. Мысалы, сословиялық - өкілетті монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі даму кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.
Сонымен, көрсетілген
кейіптегі мемлекеттер кез

- Мемлекет нысанының режимдері
- Мемлекет нысанының түсінігі
- Мемлекет нысанының түсінігі,оның құрылымы
- Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)
- Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері
- Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері
- Мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін жоғарлату мәселелері
- Мемлекетің құрылым нысаны
- Мемлекетің сыртқы экономикалық саясата
- Мемлекет құрылымының инвестициялық саясаты
- Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы
- Мемлекет механизмі
- Мемлекет механизмі
- Мемлекет механизмі