Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының
себептері мен жолдары.......................
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы
негізгі теориялар.....................
1.3 Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі...................
2 МЕМЛЕКЕТ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Мемлекет мәні, әлеуметтік
құндылығы.....................
2.2 Мемлекет белгілері.....................
2.3 ҚР-сы – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет.........20
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Тұтасымен мемлекеттің түсініктемелі сипатын екі бағытта өткізуге болады:
а) «жоғарыдан төмен»- мемлекетің қоғамдық-ру
құрылымындағы билік
б) «көлденең»- мемлекеттің қоғамдағы басқа саяси ұйымдардан өзгешілігі.
Мемлекеттің негізі туралы көптеген пікірлер бар. Саяси ойларда акцентті таптыққа, не мемлекеттің жалпы әлеуметтік табиғатына аударған. Қандай оқиғада болмасын, қоғам даиуының белгілі кезінде мемлекет оны ұйымдастыратын қажетті жол, оның өмір сүруінің және өмірлік әрекетінің бөлінбейтін жағдайы. Мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі қиындығы оның түсіндігінің көп жақты екедігін қамтамассыз етеді. Кейінгі кездегі, оқулық әдебиеттерде мемлекеттің түсіндірілуі: «Белгілі бір тəртіпті қорғауға арналған табиғи жолмен пайда болған билік ету ұйымы» (Гуиплович) , «Белгілі бір аумақ шегінде ерікті адамдарға жеке дара мəжбүрлі билік етуді білдіретін қоғамдық одақ» (Коркунов, Шершеневич, Трубецкой ) немесе «Қоғамдағы саяси биліктің ұйымдасқан нысаны, егемендікпен және құқық негізінде, арнайы тетіктердің көмегімен қоғамды басқарушы» (А.Иванов) немесе «Мемлекет көпшілік-құқықтық және егеменді билік ұйымы, барлық тұрғындардың ықыласын қамтамасыз етуші және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі» (В.И.Гойман-Червонюк)
Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
І МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1. Мемлекеттің пайда болуының себептері мен жолдары
Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзаққа созылған даму процесі біртіндеп, оның сапа жағынан өгеруіне алғы шарттар жасады. Еңбек құралдарының жетілуіне байланысты, өндірушілік дағдылар қалыптасып, еңбек өнімділігі, мәдениеттілік, адамгершілік негізінде дамиды. Қоғам мүшелерінің мүдделері әртүрлі болып, қарама-қайшылықтар туа бастайды.
Алғашқы қауымдық құрылыстан, сапалы жаңа өндіріске көшуде ең маңызды роль атқарған қоғмдағы еңбектің бөліну процесі, себебі, әйел мен еркектің арасындағы еңбектің қызметі олардың табиғатына қарай белгіленгендігінде. Ең бірінші, үлкен қоғамдық еңбектің бөлінуіне мал бағумен, жерді игеру жұмыстарының бір –бірінен даралануы жатады. Келе – келе жерден кәсіпкерлік бөлінді. Кейіннен, белгілі адамдар тобы дараланып тауар айналымымен шұғылдана бастайды, оларға саудагерлер жатады [1,15б].
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- қалың бұқараның, қаналушы таптың үсемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып,
Қоғамдық еңбектің бөлінуі және соған байланысты еңбек құралдарының жетілуі, еңбек өнімділігінің өсуіне түрткі болды. Осындай жағдайда жеке адамдардың өз өміріне қажеттілігінен артық өнімдер көбейіп, жеке меншіктің пайда болуына әкеліп соқтырды. Бай адамдар мен кедей адамдар пайда болып, олардың мүдделері бір –біріне қарама - қайшы келе бастайды. Әр жанұя өзінің тәуелсіз жағдайын өзгертуге ұмтылатын болды.
Бұл экономикалық жағдай рулық – тайпалық билікті құруға мүмкіндік бермеді. Қоғамдық билік, мүдделері сәйкес келмейтін адамдарды басқаратын қоғамға әлі икемделмеген еді. Сондықтан, қоғамға өзінің әрбір мүшелерінің мүдделерінің ерекшеліктерін, басқа мүшелерінің есебінен қамтамасыз ететін өкімет органдары қажет болады. Қоғамдық қатынастарды үйлестіру, мұндай жағдайда, өзінің тепе – теңдігін жоғалтады. Қоғам мүшелерінің экономикалық жағдайларына байланысты топтарға (кластарға) бөлінуі объективті түрде, бірінші жағынан, үстем таптың мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан, экономикалық тәуелді жақпен арадағы қарсылықты басып отыратын органдар құруды талап етеді.
Қоғамнан бөлініп шыққан мұндай органға мемлекет жатады. Ф.Энгельс осы жөнінде, мемлекеттің арқасында, экономикалық жағынан үстем тап, саяси үстем тапқа айналды, деген болатын.
Мемлекеттің ерекше қоғамдық ұйым ретінде, алғашқы қауымдық құрылыстағы, өкімет құрылымынан айырмашылығы, қоғамдық жұмыстарды басқарумен тұрақты шұғылданатын арнайы органдардан тұратындығында.
Қоғамның мемлекеттік – құрылымдағы бірінші нысанына құл иеленуші, құл және құл иеленушіге бөлінген қоғам жатады. Олардың келісімге келмейтін мүдделерін үйлестірген құлиеленуші мемлекет болды. Оның құрамы, мазмұны, қызметі сол кездегі қоғам дамуының деңгейіне сәйкес келді.
В.И.Лениннің анықтамасы бойынша «Мемлекет дегеніміз келісімге келмейтін таптық қарама- қайшылықтың көрінісі және нәтижесі» [2,83б].
Мемлекет пен құқық сияқты әлеуметтік институт тұрақты болды ма? Осы сұрақтарға жауап беру қажет. Тек осындай әдістемелік жағдай ғана тарихи принциптерді іске асырады және мемлекеттің пайда болуының себептерін, нысандарын, оның өзіне тән негізін, қоғам өміріндегі бұрынғы ұйымдастырылған нысандардан өзгешелігін көруге мүмкіндік береді.
Өзіміз білетініміздей, мемлект о бастан – ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады.
Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай –ақ өзімізге қанық болған социалистік (кеңестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды – оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осындай, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан.
Мемлекет алғашқы қоғамның белгілі бір даму кезеңдеріндегі экономикалық және әлеуметтік құрылымдар өзгерістерінің нәтижесінде пайда болып, өзгеріссіз қала алмады. Ол дамыды, әр түрлі тарихи сатыларды жаңа қасиеттерге толыды.
Мемлекеттің даму барысында халықтын аумақтык принципі біратар мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты «өзіміздікі» және «өзіміздікі емес» деп дифференциялаңды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктін кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік ету институты анықталады.
Мемлекет баска ұйымдардан коғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның кұрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен кояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға міндетті.
Мемлекетке
тиесілі аумақта бірде бір ұйым
Тәуелсіздік ұғымынын, ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымны мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
1.2 Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялар
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады:
1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді;
2) тар мағынасында
басқару құрылымының,
Мемлекет – саяси жүйенің
Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс – бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жан Маритен т.б.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы – әке, мемлекеттің басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.).
Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. ІV-ІІІ ғ.). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
ХІХ ғасырдағы ғылымның
Табиғи құқықтық теория – ХVII-ХVІІІ ғғ. Қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.).
Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория – ХІХ ғ. Бұл теорияны уағыздаған: Ч.тард, Л.И.Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы – ХІХ ғ. Қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсіндіреді.
Матералистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері:қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы.
Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде – мақсатты қорғауы. Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік.
Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
1.3 Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси
билік бір орталыққа бағынады, мемлекет
ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға
жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы
бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары
органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақ
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір
саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік
құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір
мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін
субъектілердің міндеттері арасындағы
айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен
реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы
билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары
болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Ма
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның
жалғыз ресми өкілі ретінде
халықты азаматтық тұрғыда
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5)мемлекет органдары мен онда
қызмет ететін адамдарды
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол
аумақта билігі жүреді, өмір сүреді
және оны қорғау мақсатында
тынымсыз әрекет жасайды.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын
мемлекеттің тиісті өкілетті органы
болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу
тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуа
Ассоциацияланған мемлекет
- мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық
қатынастардың ерекше түрін білдіруге
қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мем
Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.
Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этно
Ұлттық мемлекет - белгілі
бір ұлттың тарихи-этникалық
Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасынын құқықтық формасы.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық
бірлестіктердің саяси
Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:
елдің бүкіл территориясында
тең жүретін біртұтас конституц
заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;
биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
Мемлекет – нақты ықпал (таптық, жалпы адамдық, діни, ұлттық т.с.с.) жасауға белгілі аумақ көлеміндегі саяси өкіметтің құрылымы.
Мемлекеттің негізін түсіну, мемлекет теориясының ең маңызды мақсатының біріне жатады. Мемлекеттің табиғатын зерттеу – оның қыметіндегі және дамуындағы басты және белгілеуші ерекшеліктерді ашу, оның әлеуметтік бағалылығын, қажеттілігін, көпжақты қарама - қайшылығын, жақтарымен болмыс нысанын, біртұтас әлеуметтік институт ретінде қабылдау.
Мемлекттің негізін анықтауға мына бағытты есепке алу қажет:
- қандай мемлекет болмасын, саяси өкіметтің құрылымы (формальды жағынан);
- ол құрылым кімнің мүддесін қорғайды (мазмұнды жағы).
Мемлекеттің негізін түсінуге мынандай жолдарды бөліп айтуға боды:
- Таптық, бұл қалыпта мемлекет экономикалық жағынан үстемдік ететін таптың саяси өкіметі. Мұнда мемлекет, тек үстем таптың мүддесін қорғайды.
- Жалпы әлеуметтік, бұл қалыпта мемлекетті әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайтын билік ретінде көруге болады.
Қазіргі теория шын мәніндегі мемлекеттің болмысын көп өлшемдерге байланысты қарауды ұсынады: оны ұлттық, діни, жағрапиялық және басқа жақтарына байланысты. Сонымен қатар, мемлекет көпшіліктің өкіметі, адамдардан бөлінген, басқару аппараты бар, материалдық жағдайы бар, өкіметтік қатынасқа және институттарға әртүрлі жүйелермен өткен, саяси ұйымдасқан – ассоциация ретінде көрінеді және мүшелері біртұтас болып бірігіп, құқықтық заңдарға бағынады.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:
1) Ірі су каналдарын жасау;
2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;
3) Құрғақшылықпен күресу.
Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі
мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
-оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
-барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы –
адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің
негізгі обьективтік заңдылықта
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселе мемлекеттің мәні туралы мәселеге тікелей келіп тіреледі. Сонымен қатар, өзінің кейбір аспектілерінде олар қиылысып та жатады. Жалпы айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді немесе, солармен қатар, сондай – ақ халықтың кейбір басқа топтарына тиімді тәртіпті бекітуден тұрады. Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп, қорғап және оны жетілдіріп отырған тәртібі кімге пайдалы – үстемдік етуші тапқа ма, билік жүргізетін топқа ма немесе сондай – ақ халықтың кейбір топтарына ма деген сұрақтардың жауабы бұл мемлекеттің қандай екендігінен: прогрессивті ме немесе реакцияшыл ма, демократиялық па немесе халыққа қарсы ма, содан мағлұмат береді.
Сонымен бірге үстемдік етуші таптар, билік жүргізуші артықшылығы бар топтар немесе халықтың басқа топтары үшін мемлекет орнатқан тәртіптің пайдалылығы неде екендігін көрсету де маңызды. Аталған субъектілерді мемлекет белгілеген тәртіппен қамтамасыз ететін сол шынайы материалдық және рухани игіліктер мен құндылықтарды ашу керек. Мұндай пайданың объектісі алуан түрлі болғандықтан, теория жүзіндегі олардың бейнесі де әр түрлі болады. Сондықтан да саяси және мемлекеттік - құқықтық ойдың тарихында мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселенің біріңғай шешімі жоқ. Алғашында абстрактылы ұғымдар басым болды: мысалы, Платонның, Аристотельдің, Гегельдің пікірлері бойынша, мемлекет адамгершілікті бекітіп, қалыптастыру үшін қажет. Кейінірек бұл түсінікке басқа әлеуметтік құндылықтар келіп қосылды. Мысалы, Г.Гроций мемлекеттің мақсаты жалпы игілік деп санады, Т.Гоббс - жалпы қауіпсіздік десе, Жан – Жак Руссо – жалпы еркіндік деді. Ал мемлекеттің қазіргі кездегі кең тараған жалпыға бірдей рахат тұрмыс теориясы, мемлекеттің мақсаты халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды, азаматтардың өмірін, денсаулығын және абыройын болуы мүмкін озбырлық, қол сұғушылықтан сақтауды, сондай – ақ олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақты жағдайлармен қамтамасыз етуі деп біледі.

- Мемлекет механизмі
- Мемлекет механизмі
- Мемлекет механизмі
- Мемлекет нысандары
- Мемлекет нысанының режимдері
- Мемлекет нысанының түсінігі
- Мемлекет нысанының түсінігі,оның құрылымы
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
- Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- Мемлекетік әдет ғұрып
- Мемлекетің құрылым нысаны
- Мемлекетің сыртқы экономикалық саясата
- Мемлекет құрылымының инвестициялық саясаты