Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі. 2

Жетісу әлеуметтік – гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері

                      Тақырыбы: «Мемлекет және құқық  теориясының пәні мен әдісі»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Әбілхан Ұлжан

0201000 «Құқықтану»

мамандығы, күндізгі бөлім

201 топ оқушысы

Тексерген: ЗП оқытушысы

Р.К.Ковнашаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2014 жыл

Жоспар

Кіріспе:      1-2

 

1. Мемлекет және құқық  теориясының пәні мен әдісінің  түснігі

1.1. Мемлекет және құқық теориясының  пәнінің маңызы                               3-5

1.2. Мемлекет және құқық теориясының  әдістерінің түснігі түрлері             6-8

 

2. Мемлекет және құқық  теориясының атқаратын қызметі

2.1. Мемлекет және құқық теориясының  атқаратын қызметі                        9-12

2.2. Заң ғылымының жүйесі                                                                            13-16

 

3. Қорытынды                                                                                                 17-18

4. Негізгі қолданылған  әдебиеттер тізімі:                                                       19

5. Қосымша пайдаланған  әдебиеттер.                                                             20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 
Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.Мемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие:  
1)бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады; 
2)мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді;  
3)ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады. Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді.  
Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, рөлін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді қолдануды өңдеуге бағытталған.  
Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес. 
Мемлекет және құқық теориясының жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге болады. Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты. 
Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда

1

болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді: 
1.Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.  
2.Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.  
3.Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.  
4.Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады. 

Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекет және құқық теориясы пәні мен әдісінің, атқаратын қызметімен, заң ғылымының маңыздылығын зерттеу. 

Курстық жұмыстың өзектілігі - бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.  
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып: Мемлекет және құқық теориясы пәні – адам қоғамның өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму обьективті заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты.

Мемлекет және құқық теориясының әдісі – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар.

Жұмыстың міндеті:

- мемлекет және құқық теориясының  пәнінің, онын қандай таруларға  бөлінетінін, қандай ффункция атқаратынын  қарастыру;

- мемлекет және құқық ториясының  әдісінің мазмұнын, қандай әдіс-тәсілден  тұратынын толық қарастыру;

- мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметінінің маңыздылығын қарастыру;

- мемлекет және құқық теориясының  заң ғылымындағы алатын орнын  қарастыру.

Жұмыстың құрлымы: Менің курстық жұмысымның құрлымы 2(екі) бөлім 4(төрт) бөлімшеден қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

2

1. Мемлекет және құқық  теориясының пәні мен әдісінің  түснігі

1.1. Мемлекет және құқық теориясының  пәнінің маңызы

 

   Әр ғылымның өз саласында  объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды  бейнелеуге және алдын-ала болжауға  арналған, жүйелі түрде құрылған  мәселелері болады. Сол мәселелер  ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне – предметіне  айналды. Мемлекет және құқық  теориясы – қоғамдағы саяси  – экономикалық, мәдени - әлеуметтік  құбылыстарды зерттеп қоғамдық  өмірдегі қарым- қатынастарды реттеу, басқару әдіс- тәсілдерін, объективтік  заңдылықтарын анықтап отыратын  ғылым. Жалпы теория- мемлекет пен  құқықтың өмірге келу, заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі – нышандарын, функцияларын зерртейді.

   Жалпы теорияның пәні  қоғам мен мемлекеттін арасындағы  санқырлы күрделі қарым- қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттін  алатын орнын, маңызын, азаматтық  қоғам мен мемлекеттіни өзара  байланысын, адамдардың сана- сезімін, оны қоғамдағы маңызын, мемлекеттін  болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру  бағыттарын зерттеп, қортынды тұжырымдар  жасап отырады.

    Мемлекет пен құқықтық  бір – бірінен айыруға болмайды. Олар обьективтік тұрғыдан тығыз  байланыста бірлесіп дамитын  ғылым. Бірақта олар бір ғылымға  жатқанымен өздерінің нақты бағыттары  болады. Мемлеке – қоғамның саяси  – экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық – нормативтік актілер  жүйесін қалыптастырады.

    Міне, осы бірлестікпен  дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс – тәсілдерін, функцияларын жан – жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер  береді. Мемлекет пен құқықты  тереңірек зерттеп білуге жағдай  туады.

   Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құлиелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі  кезеңде, болашақта мемлекет пен  құқықтың қоғамды басқарудағы  обьективтік және субьективтік  заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін  зерттейді. Осы үш дәуірде болған  және болашақ қоғамның және  мемлекет пен құқыұтың өздерінің  даму процесінде болған жақсы  тәжірбиелерді жинақтап қорытынды  тұжырымдар жасалып отырады.

   Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму обьективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты.

   Бұл түсіндірме  үш тараудан тұрады:

  • Қоғамның қалыптасу, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтары;
  • Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;

3

  • Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты.

   Мемлекет пен  құқық теориясы іргелі – терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады:

   Онтологиялық функция – (шын білім – грек...) Адам қоғамның тұрмысын, оның қағидаларын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.

   Гноселогиялық функция – (гр... білім, теория). Таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрлымын, маңызын, мақсатын білуге болады.

   Эвристикалық функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына  жағдай жасау.

   Идеологиялық функция – жалпы теория қоғамдағы, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.

   Тәжірбиелік – ұйымдық функция – тәжірбиелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.

   Болжау функциясы – жалпы қоғамдағы саяси – құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп – басқару бағдарламасын дайындауы қажет.

Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір – бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.

 

 

 

Мемлекет және құқық теориясының пәні:

 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

4

 

 

Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:

  1. Мемлекет және құқықтың мәні.
  2. Кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
  3. Мемлекет және құқықтың пайда болуының жалпы заңдылықтары.
  4. Мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары)
  5. Мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
  6. мемлекет және құқықтың бір – бірімен және басқа қоғамдық құбылыстармен байланысының жалпы заңдылықтары.

   Заң ғылымдары арасында  мемлекет және құқық теориясы  ерекше орын алады. Мемлекет және  құқықтың теориясының ерекшеліктері  мыналардан тұрады:

  • біріншіден, бұл қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет және құқық теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалық) осы айырмашылықтары арқылы ерекшеленеді;
  • екіншіден, бұл саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс - әрекеттерін қарастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік  - құқық саласын тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
  • үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылықтарын, жалпыламалық сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді;
  • төртіншіден, бұл әдістемелік сипатындағы ғылым. Мемлекеттік – құқықтық қондырманың жалпы заңдылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал – тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді.
  • бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пәндеріне тән құқықтық құбылыстарды зерттейді. 

Сонымен мемлекет және құқық теориясын мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтарының, олардың мәні мен бағдарының фактілерге негізделген дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.

 

 

 

5

1.2. Мемлекет және құқық теориясының  әдістерінің түснігі түрлері

 

   Ғылымның пәні дегеніміз  – оның зерттейтін мәселелері.

   Ғылымның әдістері дегеніміз  – пәні танып анықтау үшін  сол ғылымның зерттеу барысында  қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары.

   Әдіс және әдіснама (методология) деген түсніктерді ажырату керек. Әдіснама екі мағнада қолданылады; 

   а) әдістер туралы ілім;

   б) әдістер жиынтығы.

   Осы әдістер арқылы ғылым  өз пәнін зерттейді. Мемлекет  және құқық теориясының әдістері  мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды  зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз  ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы  тәсілдердің жиынтығы болып табылады.

   Мемлекет және құқық теориясының  қолданатын негізгі әдісіне диалектикалық әдіс жатады. Мемлекет және құқық теориясы диалектиканың үш заңына сүйініп зерделенеді.

   Олар:

  1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуы заңы. Дағдылы іс – тәжірбиеде бұл мына жайыттарды білдіреді. Кез келген мемлекет өзінің қызмет ету барысында барлық жүйелерді дамытуды көздейді. Мысалы, құқық қорғау органдары құрлымында және тағы басқаларда Қазақстан Республикасында 1995 жылға дейін тергеу ісіне байланысты әрекеттермен прокуратура тергеушілері де айналысатын. Қоғамдағы демократиялық процестердің дамуы барысында тергеу ісі мен оны қадағалау ісін бір органның қолына берудің дұрыс еместігі айқындалды. Осыдан соң ҚР Президентінің «Прокуратура туралы» Жарлығы жарияланып, онда прокуратура құзырына қылмыстық істерді жүргізуде қадағалау қызметтері қалдырылады.
  2. Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қандай да бір құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні (яғни өзінің уақыты келгенде) қабылдануы және болмыста іске асуы ықтимал жайт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз бұрын қоғам өміріндегі құбылыстарға мемлекеттің толығымен араласып, оған ықпал жасауы жалпы көпшіліктің бәрі танып мойындаған қағидат деп келген болсақ, енді қазір қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ықпал жасау мүмкіндігін шектеуге талаптанғаннан өзіміз іс жүзінде күнднлікті өмірде көріп жүрміз.
  3. Қарама – қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның айқындауында белгілі бір орында (жерде) және белгілі бір мерзімде (уақытта) бірін – бірі жоққа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен. Мысалы: 1)Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық құбылыстар бірге жүреді; 2) Қазақстан билік бөлінісі жүйесін жариялады. Сонымен қатар мемлекеттік билік біртұтас, үш биліктің арасы тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

6

Мемлекет және құқық теориясының әдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.

 

   Жалпығылымдық әдістер:

   а) Диалектикалық әдіс (диалектика - даму);

   б) Абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі.

   Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген ұғымды алып мемлекеттің  әр түрлерін талдай бастасақ, онда «мемлекет нысаны (формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің  «басқару тұрпаты» деген ұғыммен  толықтана бастайды. Сонда мұндағы  алғашқы ұғым «мемлекет нысаны» (формасы) талдау барысында кейін  жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен  толықтырылғанын байқаймыз. Ал енді  керісінше құқық бұзушылық ұғымының  бірнеше, яғни ерекшелікпен толықтырылғанын  байқаймыз. Ал енді керісінше  құқық бұзушылық ұғымының бірнеше, яғни қылмыстық, әкімшілік, азаматтық  түрлерін зерттеу барысында нақтылықтан (конкреттіден) абстрактілікке қарай  өрлесек, онда құқық бұзушылық  туралы жалпы ұғымды тұжырымдауға  қол жеткіземіз;

   в) Тарихи әдіс. Бұл әдіс – мемлекет пен құқықтың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болатын құбылыс екендігіне негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында зерттелініп отырған мемлекет пен құқықтың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дәстүрлер мен қандай аумақтақ ерекшеліктер және халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;

   г) Жүйелік әдісі. Мемлекет және құқықты – құрлымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық – құқық салаларынан тұратынын осы әдісті қолданып пайымдаймыз.

   Мемлекет және құқықты  біртұтас жүйе ретінде қарастырып  зерттегенде ғана оны толығынан  танып білуге болады.

   Мемлекет және құқық теориясын  зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері  де бар:

   а) Формальды – логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқықтың ішкі құрлымы, қайнар көздері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері зерттеледі. Бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай – ақ оның құрлымын талдағанда қолданылады;

   б) Салыстырмалы мемлекеттану мен құқықтану әдісі. Бұл әртүрлі елдердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс;

   в) Нақты әлеуметтік әдіс – нақты әлеуметтік зерттеулерге негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгенде қоғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесе ұүрамдас бөліктеріне қоғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігін анықталынады. Бұл әдіске тән амал – тәсілдерге:

   - байқау жариялау;

   - анкета жүргізу (сұрақ –  жауап);

   - сұхбаттасу;

7

   - тәжірбие (эксперимент) жасау  жатады.

Атап өтетін бір жайыт, мемлекет және құқық теориясы әдістері сан қилы болып келеді. Дегенмен, осы әдістер мемлекет және құқықты қоғамның күрделі құбылысы деп жан – жақты тануға мүмкіндік береді.

 

 

Мемлекет және құқық теориясының әдістері

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет және құқық теориясының әдістері – зерттеу обьектісін түсінуге, үйренуге, тануға көмектесетін тәсілдер мен жолдардың жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

2. Мемлекет және құқық  теориясының атқаратын қызметі

2.1. Мемлекет және құқық теориясының  атқаратын қызметі

 

   Заң ғылымдарының қоғам  өміріндегі мақсаты оның атқаратын  қызметінен көрінеді.

Мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.

МҚТ қызметтері әртүрлі.

 

   1. Онтологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді. Сонымен бірге қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түсніктеме жасайды.

 

   2. Гносеологиялық қызметті, басқаша айтқанда негізгі – іргелік қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мелекет және құқық теориясы аталып отырған пәнді танып білу үшін зерттеп, байыптауды жүзеге асырудың теориялық тәсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түбінде құқықтың танымның дамуына жол ашады.

   Заң ғылымының түп негіздерін білу нәтижесінде құқық, оның жүзеге асырылуы және барлық құқықтың құбылыстар танылады. Құқықтық болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар, түсніктер, құрылымдар қалыптасады да, олар құқықтық құбылыстарды одан ары танып – білудің құралдарына айналады. Құқықты тану үшін ерекше теориялық тұжырым (концепция) қолданылады. Құқытық бір мәселені зерттеп тану үшін өзара пікірт таластыратын теориялық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Осындай шығармашылық пікір таластыру нәтижесінде шындықты ашуға, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы, құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған нормативтік, философиялық және қоғамтану тұрғысынан қарау қажет.

 

   3. Әдістемелік қызметі. Мемлекет және құқы теориясы іргелі ғылым болғандықтан, оның зерттейтін заты, яғни пәні де бар. Олай болса бұл ғылымның сол пәнді зерттеуге, соның барысында зерделеуге қажетті тәсілдерді мен амалдарының жолдары да бар. Осылар арқылы заң ғылымдарындағы ұғымдар, санаттар, құбылыстар зерттелініп, талданып, ғылымда өздеріне тиісті орындарын алып жатады.

   Заң ғылымының дүниетану  құқықтық құбылыстарды зерттеуге, пайда болу жолдарын анықтауға  байланысты. Шынайы дүниетанушылық  – ғылыми ізденістің нәтижеге  жетуінің шарты. Осы уақытқа дейін  заң ғылымдары марксизм – ленинизмнің  дүниетану тәсілін қолданып, басқасынан  бас тартқандықтан, құқықтың шын  мәнін зерттеп білуге мүмкіндік  болмады. Марксизм – ленинизм  құқыққа тек қана таптық тұрғыдан  қарады, сондықтан,

9

оның әлеуметтік мән – мағнасын толығымен жан – жақты түсіндіре алмады.

   4. Идеялогиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның, оның белгілі бір әлеуметтік топтарының көзқарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады. Қайсібір реттерде халықтың немесе ұлттың көпшілік бөлігіне арналған бірыңғай (жұмылдырушы) идеология орын алып жатады. Мысал ретінде бұрынғы КСРО – ны алуға болады. Мұнда тек қана бір марксистік – лениндік идеология орын алып келген болатын. Қазіргі күнгі мысалға АҚШ – ты айтуға болады. Құрама штаттарда «американдықтардың арманы» дейтін ұғым бар. Әрбір американдықта өз елінде өзінің табыс табуы үшінбар мүмкіншілік жасалғандығына сенетін идеология бар. Қоғамда идеологиялық бағыт – бағдардың болмауы немесе оның жойылып кетуі елде толқулардың басталуына, сөйтіп мемлекет аумағында заң бұзушылықтардың өсуіне, қылмыстардың өршуіне апарады. Оны еліміз бастан кешірді. Сондықтан да мемлекет және құқық теориясы қоғамда белгілі бір құқықтық және саяси мәдениетті қалыптастыруға бағыттылған  ақыл – кеңестер топтамасын ұсынып отырады. Әрине мұндай ақыл – кеңестер мемлекеттің өзі жүргізіп отырған саясатына үйлес болуы, оған қайшы келмеуі тиіс. Мұндай құқықтық мақсаттар мен саясатты жүзеге асыруда мемлекет әрқилы құралдар мен әдістерді қолдану мүмкін. Мысал үшін идеологиялық бағдарлама ретінде қабылданған ҚР Президентінің «Қазақстан – 2030» деген стратегиялық даму бағдарламасын атауға болады. Мұнан басқа ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауын да атап өткен жөн.

 

   5. Болжамдық (прогностикалық) қызметі. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет және құқық теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет бағыттарын атқаруы мен дамудың жалпы заңдылықтары және осылардың қоғамдық болмыс пен саяси жүйеде алатын орны екендігі мәлім.

   Мемлекет пен құқвқ теориясы  өзінің ұғым – түсніктерінің  даму барысын, мемлекеттік – құқықтық  аясының өзгерістерге ұшырауын  болжайды. Ал мұның өзі өз кезегінде  түзетуге келмейтін қателіктердің  алдын алып, оларды болдырмауға  мүмкіндіктер береді.

   Ерекше атап айтатын жайт, мемлекет және ұүұыұ теориясының  барлық қызметтері бір – бірімен  тығыз байланысты, олар бірін  – бірі өзара толықтырады. Сондықтан  да бұлар мемлекет және құқық  теориясы бағдарының толыққанды  түснігін тек жиынтық түрінде  ғана бере алады.

   Заң ғылымының қызметі  құқықтың, құбылыстардың дамуы, өзгеруі  туралы болжам жасауға мүмкіндік  береді. Ғылыми құқықтың болжамының  маңызы – қоғамдық қатнастарды  дағдарыссыз, дау – жанжалсыз  жүйелі реттеудің жобаларын айқындауға  мүмкіндік береді. Әрине, өтпелі  кезеңде қоғамдық қатнастарды  жүйелі реттеу оңай емес, себебі  кенеттен пайда болатын өзгерістерді  алдын алаболжау өте қиын. Сондықтан  қабылданатын заңдарда олқылықтар, кемшіліктер көп кездеседі. Осы  жағдайда Қазақстанның құқықтық  жүйесінің қалыптасу барысынан  да байқаймыз. Неғұрлым 

10

 

қоғамдық қатнастарда тұрақтылық басым болса, солғұрлым олардың даму жолын алдын ала болжау да оңайырақ болып, құқық арқылы реттеудің жолы жеңілденеді.

 

   6.Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Қандай да бір дамыған мемлекет болсын ол ертелі – кеш шешілуі қиын келелі мәселелерге тап болатыны тарихтан мәлім. Міне, осындай жағдайларда дағдылы істер мен тәжірбиелерге және теориялық жадығаттарға (материалдарға) сүйене отырып, мемлекет және құқық теориясы ғылымы туындап отырған келелі мәселенің шешімін іздестіреді. Осындай ізденістер барысында аталған қиын мәселелерді шешудің жолдары анықталады. Бұл анықталған жолдар – ақыл – кеңестер ретінде ұсынылып, тығырықтан шығудың жолын айқындайды. Мысалы, 1995 жылдары Қазақстан Республикасы сот реформасын бастаған кезде соттар тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен халық мәслихаты институтынан бас тартақан болатын. Ал қазір сот жүйесінде туындаған қиындықтарға байланысты ҚР Конституциясының 75-і бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы соттардың іс қарауларында әділдікті жүзеге асыру үшін ант беретін сот мүшелері (присяжные заседатели) институтын енгізді. Әлем елдерінің соттар жүйесінде жинақталған өз мемлекетіміздің де сот жүйесінің іс – тәжірбиелерін елеп – екшеудің нәтижесінде елімізде соттар жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай келетін, біздегі жағдайларға сәйкес шешім қабылдауға мүмкіндік пайда болды.

   Заң ғылымының нәтижесін  іс жүзінде қолдану – құқық  жасау және оны жүзеге асыру  қызметін жетілдіру мәселесін  шешу болып табылады. Бұл тәжірбиелік  ұсныстар жасауға байланысты  болып келеді. Заң ғылымы теориялық  мәселелерді зерттей отырып, құқықтық  болмыстық заңдылықтарын анықтайды, соның нәтижесінде сапалы заңдар  жасау ісі, мемлекет органдарының  қызметін жетілдіру шаралары  белгіленеді, ол жөнінде ұсныстар  жасалады. Әрине, мұндай ұсныстар  пайдалы, ұтымды әсер ету үшін  ғылыми тұрғыдан дәлелденуі керек. Сонымен қатар мемлекет органдары, лауазым иелері ондай ұсныстарды  пайдалануға әрекет жасаулары  қажет.

 

   7. МҚТ тәрбиелеу қызметі - өзіне тән әдістер арқылы заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру. Заң ғылымдары – құқықтың игілікті құбылыс екенін, әр азаматтың мүддесін қорғайтын заңды құрал екенін, әр азаматтың мүддесін қорғайтын заңды құрал екенін, оның өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дәлелдейді. Заңсыз іс - әрекеттердің қандай дағдарысқа апаратынын, адамды тығырыққа тірейтінін айқындайды. Сөйтіп, заңды сақтау, оны бұзбау әрбір азаматқа қажет екенін дәлелдеп, адамдардың құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

11

 

 

 

 


 

 

 


 

 

 


 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

2.2. Заң ғылымының жүйесі

 

   Әлемнің материалдық және  рухани тұтастығы мен бірлестігі  дүние жүзіндегі барлық ғылымның  өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық  ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың  ара қатынасын, сана – сезімін  зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты  адамның бостандығы, құқығы, қадір  – қасиеті, ар-намысы.

   Қоғамдық өмірдің ең өзекті  мәселесі – мемлекет пен құқықтың  маңызы, олардың алатын орны. Бұл  проблемаларды жалпы теория қоғамдық  ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология  т.б.) бірігіп зерттеп отырады.

   Философия – адамзаттың  дүниедегі алып отырған орнын  анықтап, соның негізінде адамның  дүниеге деген танымдық, құндылық, этикалық және эстетикалық қатнастарын  зерттейді. Философия дүниеге теориялық  тұрғыдан көз жіберіп, ерекше  логикалық, танымдық критерийлерге  сүйене отырып, адамның дүниеге  деген көзқарасын тұжырымдайды.

   Экономикалық ғылым –  қоғамның экономикалық базисын, өндірістік қатнастарды, өндіруші  күштерді, меншіктің түрлерін зерттеп, олардың қоғамның дамуындағы  маңызын жан – жақты анықтап  отырады.

   Тарих – адамзат қоғамның  өткен дәірлерін барлық қырынан  жан – жақты зерттеп, көптеген  тәжірбие жинақтады, соның ішінде  мемлекет пен құқықтың пайда  болуы, дамуы, қоғамды басқару заңдылықтары.

   Социология – қоғамның  әлеуметтік дамуы, оны басқару  әдіс – тәсілдерін, адамдардың  әлеуметтік тәртібін, қатнастарын  зерттейді.

   Барлық қоғамдық ғылымдар  өз тұрғысынан адамзаттың тарихын  зерттеуге тиісті үлес қосады. Бұл ғылымдардың жүйесінде мемлекет  пен құқық теориясының алатын  орны өте жоғары.

Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі. 2