Мемлекет және құқық теорияcы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Ұлттық құқық жоғары мектебі
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жеті жарғы қазақ құқығының тарихи құқықтық ескерткіші»
Пәні: «Мемлекет және құқық теорияcы»
Жоспар:
Кіріспе.......................
1-бөлім
- Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары....................
..........8 - Патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамының құқықтарының сипаттамасы ..............................
.............................. ..........................9 - Қазақ құқығының қалыптасуының тарихи бастамасы.................12
- Дәстүрлі қазақ қоғамының сот билігінің сипаттамасы................14
2-бөлім
2.1. Тәуке ханның ішкі және сыртқы
саясаты.......................
2.2. Тәуке хан заманындағы “Билер
кеңесі”.......................
2.3. Тәуке ханның “Жеті
жарғысы”......................
2.4. “Жеті жарғы”- қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші..27
3-бөлім
3.1.
Бізге жеткен “Жеті жарғының ” нұсқалары.....................
3.2.
Ғалымдардың “Жеті жарғы ” жайлы пікірлері.....................
Кіріспе
Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз,
Он сан алаш бірігіп,
Ойран болды жауымыз.
(Халық өлеңі).
Жер бетіндегі кез-келген нәрсе оның пайда болу тарихынан басталады. Осы жайтты ескере отырып, ғылыми жұмысқа тақырып таңдар алдында біраз ой толғауларды бастан кешірдім. Менің ойымша, кез келген заң ғылымдарының маманы сол заңның түп-төркінінен бастап оқып, зерттейді, өз санасында нәтижелер жасайды. Сол себепті мен де қазақ елінің заңдарының тарихын мектеп бағдарламасында өткен тақырыптармен шетемей ЖОО-да тереңірек зерттеп, өз білімімнің ауқымын кеңейткім келді. Осыған байланысты деректерді қарастыру барысында үлкен қызығушылық тудырған Тәуке ханның «Жеті жарғысы» болды. Қызығушылықпен сүйсіне отырып жазылған ғылыми жұмысымда бірнеше кітаптардан жистырған материалдарды қолдана отырып, тақырыбтың мәнін ашып кең ауқымды зерттеуге тырыстым.
«Жеті жарғы»-қазақ халқының құқықтық жүйесіндегі әдет-ғұрып құқықтары. Ол қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы алғаш рет мемлекеттік құрылым ретінде әлемдік тарихта танымал болды. Мұхамед Хайдар Дулати Қасым ханды жеке дара рухани байлығы жоғары адам ретінде сипаттайды. Оның заңдар жинағында мынандай ережелер болған:
1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу мәселелері);
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза);
3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндетті, қара қазан,ердің құны, тұлпар ат);
4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайлық , әдептілік);
5. Жұртшылық заңы ( шүлден тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер міндетті).
Қасым ханнан кейін «Жеті жарғыны» толықтыра түсеін жүйеленеген «Есім ханның ескі жолы» заңы. Осы заң жүйесінің ескі заң аталу себебі ертеден келе жатқан құқық ережелерінің сақталуында болып отыр. Бұл заңның ерекшелігі құн төлеу мөлшері қараша сұлтан, бай кедей бөлмей барлық топ өкілдері үшін бірдей болған. Сонымен қатар осы «Жеті жарғыда» кездесетін өнер құны және сүйек құны осы Есім хан тұсынан бастау алды.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Кұлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді (мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
Мазмұны:
Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».
Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек айып тартады.
Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».
Бесінші
жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған
ата-анасына тіл тигізіп
Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».
Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
Ғылми жұмыстыстың өзектілігі – қазіргі таңдағы еліміздің заңдар жинағының ежелден келе жатқан қайнар көзі ретінде «Жеті жарғыны» алып зерттеу нәтижесінде оны айқындау.
Ғылыми жұмыстың мақсаты- қазақ заң жүйесінің тарихи ескерткіштің мәнін ашып көрсету, зерттеу.
Ғылми жұмыстыстың міндеті- тақырыпты толық қамтып, ғылыми жұмыстың мақсатын іске асыру.
Ғылми жұмыстыстың құрылымы- кіріспеден, үш бөлімнен, он тақырыбшадан, қорытындыдан құралған. Жалпы көлемі отыз үш бет.
Жер бетіндегі кез-келген нәрсе оның пайда болу тарихынан басталады. Осы жайтты ескере отырып, ғылыми жұмысқа тақырып таңдар алдында біраз ой толғауларды бастан кешірдім. Менің ойымша, кез келген заң ғылымдарының маманы сол заңның түп-төркінінен бастап оқып, зерттейді, өз санасында нәтижелер жасайды. Сол себепті мен де қазақ елінің заңдарының тарихын мектеп бағдарламасында өткен тақырыптармен шетемей ЖОО-да тереңірек зерттеп, өз білімімнің ауқымын кеңейткім келді. Осыған байланысты деректерді қарастыру барысында үлкен қызығушылық тудырған Тәуке ханның «Жеті жарғысы» болды. Қызығушылықпен сүйсіне отырып жазылған ғылыми жұмысымда бірнеше кітаптардан жистырған материалдарды қолдана отырып, тақырыбтың мәнін ашып кең ауқымды зерттеуге тырыстым.
1-бөлім
- Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары.
Әлемде, оның мәдени арналарында тарихи өлшем бойынша айтарлықтай маңызды бірақ соған қарамастан адамзат үшін әлі де жұмбақ болып, қалып отырған, лайықты деңгейде бағаланбаған құбылыстар көп. Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң қатпарларында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарынан түрлі себептермен тыс қалып қойды.
Көшпелі өркениет адамзат тарихында болған десек, онда оның өзіндік ерекшеліктерімен толастай түскен байтақ аймағы Ұлы Дала аталатын , жер шарының Орталық-Азиялық бөлігі саналмақ. Сол кездегі осы аймақтағы елдердің этникалық құрамын негізінен түрік тектес халықтар құрады, сондықтан да, бұл даланы мәдени этникалық мағынада Тұран, Түркістан деп атаған. Қазақтың көне құқығы , ұлан-ғайыр “ еркін ” аймақта орналасқан, түркі тілді көшпелі өркениеттің төл туындысы, әрі мәдени жемісі, әрі мұрасы.
Қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген халықтар өмірінде көптеген ғасырлар бойы астан-кестен оқиғалар және өзгерістер болды. Осындай қилы тарих шырмауынан көне дәуірдің мұрасы ретінде ұрпақтар үшін қазақтар екі мәңгі құндылықты сақтап қалды – ол Сөз Құдіреті мен Заң Құдіреті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ескі Әнұранында жазылғандай:
«Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалыңдап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозықтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз».
Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген Қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін XIX ғасырға дейін, кейбір жағдайларда XX ғасырдың басына дейін жоғалтпай сақтап келді. Қазақ құқығының бұлай ұзақ өмір сүруін екі негізгі жағдаймен түсіндіруге болады: біріншіден, кқшпелі өркениеттің шаруашылық-тұрмыстық дүниетанымдық негіздері Қазақтың кең даласында жаңа дәуірге дейін сақталады. Екіншіден, қазақ құқығы халықтың өзіне жақын-тәндес, жалпы адам баласының мәңгілік рухани бітім-болмысына , талабына сай болатын.
Қазақ құқығы-қазақ халқының және барлық көшпелі өркениетінің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршендігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі өркениеттің негізін құрған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы , тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің мен ролінің құлдырауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың “еркіндік ” қабілітінің сақталуымен, “оқшау” орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырдағы қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқырауының белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймайды. Ұлан байтақ Орталық –Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да , ұзақ уақыт бойына үміт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласын отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты. [6-2бет]
1.2. Патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамының құқықтарының сипаттамасы.
Жазба түрдегі құқықты білмейтін төңкерістен бұрынғы қазақ қоғамында әдет-ғұрыптық құқықтық тұжырымдардың аса маңызды әлеуметтік рет-жөндік және басқарушылық рөлі болды. Тарихи құқық өлкедегі патриархалды-феодалдық , қоғамдық және саяси қарым-қатынастардың қолдаушы әрі тәртібін бұзбайтын қуатты құралы болып қана қойған жоқ, осы құрылыстың құқықтық негізін де құрастырды (көптеген көрнекті ғалымдар атап көрсеткендей, оның табиғатына нақтылы, негізделіп сараланған көзқарастарды жасап, қазақтардың тарихи құқығын зерттемейінше Қазан төңкерісінен бұрынғы кездегі халықтың тарихын жан-жақты алып зерттеуге болмайды. Нақ осы жағдай қазақтардың бастапқы құқықтарының мәселелерін ғылыми тұжырымдаудың актуалдығын айқын көрсетеді)
Империя заң жобаларының түп түйіні мен нормалары белсене кеулеп енгеніне қарамастан 1917- жылға дейін қазақ қоғамының тарихи құқығының аса маңызды түп-төркіні болып қала берді. Қазақ халқының құқықтық қайнар көзін зерттеу қоғамдық қатынастардың нақтылы практикасын қалпына келтіріп, бүтіндей алғанда құқықтың имманиттік механизмі мен жүйесіне, қоғам өміріндегі оның қасиеті мен маңызына, оның әлеуметтік-таптық қатынастарындағы ерекшеліктеріне «ішінен алып» көз салуға мүмкіндік береді.
Біріншіден, құқық қалыптасуының
алғашқы кезеңдері құқық
Екіншіден, ежелгі құқық дамуының механизмін ашып көрсетудің-отарлық жүйені жою нәтижесінде туатын жас тәуелсіз мемлекеттердің саяси- құқықтық үрдісінде болып жатқан процестердің мәнін танып-білу үшін маңызы зор. Бұл елдерде мемлекеттік және әкімшілік басқару аппаратын, сондай-ақ әлеуметтік-жөндік реттеудің тиісті түрлерін жасауда, қажет болған жағдайда прогрессивті әдет ғұрыптар, сондай –ақ моральдық әрі басқа да әлеуметтік формалар пайдаланады. Соңғысы, егер бұрынғы отарларда әдет-ғұрыптар қоғамдық қарым –қатынастарды реттеп-жөндеуде елеулі рөл атқарса ерекше маңызға ие болады.
Үшіншіден, кез-келген әлеуметтік нормалардың қалыптасу механизмі тәлім –тәрбие процесі мен бағалы құбылыс ретінде әлеуметтік нормаларды қабыл тұтатын субъектінің белсене өзгеруімен етене байланысты. Тәлім-тәрбие механизмі белгілі бір дәрежеде нормалардың қалыптасу механизмін қайталай отырып, құқықтың қалыптасу механизмін еске алуға тиіс.
Төртіншіден, ежелгі құқықтың қалыптасуы әқашан да моральмен өзара әрекеттестікте болып жатады. Ал ежелгі құқығын тууы мен даму процесінің өзі мораль дамуының өзіне тән ерекшеліктер көрсетеді. Ежелгі құқық таптық қоғам құқығына мораль көрсететін ықпалдың өзіне аралық буын түзеді.
Заңдық әдет-ғұрыптарда өткен шақтын тәжірибелері болады. Солардың өздері тудырған саяси да әлеуметтік түзілістердің сипаты туралы ұғым береді , сондықтан да оларды зерттеп үйрену, бүтіндей алғанда, қоғамның әлеумттік түзілістердің сипаты туралы ұғым береді, сондықтан оларды зерттеп үйрену , бүтіндей алғанда, қоғамдық әлеуметтік дамуының деңгейін анықтауға көмектеседі. Кеңес этнографы М.С. Косвен салыстырмалы құқықтану ғылымы қос текті: осы заманғы мәдениетті халықтардың жазба құқығының заң шығаратын дерегінде немесе өткендегі өркениеттің ескерткіштеріне және этнографиядан ауыс-күйістелген тарихи құқық материалын өңдеуге негізделетінін әділетті түрде атап көрсетеді.
Қазақтардың тарихи құқығы –дүние жүзі халықтарының құқықтық тарихының ажырамайтын бөлігі. Дәстүрлі құқықтың нормаларын зерттеп үйрену –Қазақстанда Бүкіл дүние жүзілік тарихи процестердің жалпы заңдылықтарының әрекет деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Кей жағдайларда, түрлі халықтарда
құқық нормаларының ұяласуын әлеуметтік-экономикалық
, географиялық және басқа жағдайлар
алдын-ала анықтаған типологиялық
ұқсастықтың кепілі ретінде алып
қарауға болады. Шығыс халықтары
мен дүние жүзінің басқа да
бірқатар халықтары ежелгі құқық
дамуы тарихындағы жалпы
Адамдардың мінез-құлқының заңдық нормалары басқа нормалық құбылыстар сияқты тарихи болып келеді. Құқыққа тән болып келетін косерватизм арасында қауымдастықтарда кейде өзгерген әлеуметтік қатынастарға енді сай келмейтін нормалар да әрекет етті.
Қазақтың құқығының шығаннан шыққан консерватизмі өзінің бойында тіпті XIX ғасырдың өзінде де тамыры сонау терең тарихи өткен шыққан тартылатын нормалар мен бүтін институттардың сақталуына жағдай жасады. Тіпті қанға-қан (қан кегі) тәрізді ең терең , көне институт қазақтардың қоғамдық өмірінен толық арылып, кете алмаған. Қоғам өмірінде орныққан құн төлеу принципіне қарамастан екі жақта кейде қанға-қан ғұрпына бой ұрып отырған. 1887ж Төртінші Адай болысының өкілі Дермантай өзін болыс упровителі етіп сайлауға қарсы шыққаны үшін әке жағынан өзінің туы ағасын өлтіреді, өлген ағасының ең жақын туыстары қанға-қан ,беруді талап етеді: «Дермантайдың үіне тақап келіп, оны шақырдық. Ол үінен шығып тізерлеп отыра қалды да , келтее иман айтып басын тосты. Қылышпен шауып жіберген айыпты бас кек қайтарушының аяқ астына домалап түсті» [3-3-11бет].
1.3. Қазақ құқығының қалыптасуының тарихи бастамасы.
Шыңғысхан құрған қағандық дәуірінен бері бір орталыққа бағынған түркі тектес ұлыстар көшпелі қоғамға тән өздерінің әдет-ғұрыптық заңдары мен ережелерін сақтап қалды. Өйткені, Шыңғысхан өзіне бағындырған ұлыстар мен тайпалардың әдет-ғұрпына , салт-дәстүріне, діни сеніміне айтарлықтай нұқсан келтірген жоқ. Керісінше, өзі жазған «Жасақ», «Биліе» заң ережелерін түркі тектес ру-тайпалардың ежелден келе жатқан дәстүрлі құқықтарымен толықтырып, ұлы империяның мемлекеттік билігін кемелдендіруге ұтымды пайдалана білген. Оны біз Шыңғысхан құрған қағанаттың бас уәзірі болған Майқы би-қазақтың үйсін тайпасынан шыққан қоғам қайраткері екендігінен пайымдап отырмыз. Қазақ халқының көкейіне сегіз ғасырдан бері қонақтап, құлақсіңді болған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген мәтел соған айғақ. Тарихта осы Майқы биден қалған жеті түрлі заң ережесі бар екенін Монғол империясының тарихын талдап жазған әйгілі тарихшы Рашит Ад-диннің «Жамағат ат тауарих» деген құнды еңбегінде атап көрсетілген. Майқы би қалдырған жеті түрлі мемлекеттік заң ережелері қоғамдық қатынастағы мынандай құқықтарды қамтыған.
- Адам құны туралы;
- Жесірлер мен неке туралы;
- Жер иелігі мен бөлісі туралы;
- Ұрлық туралы;
- Барымта туралы;
- Дау-шаралар туралы;
- Мал құны туралы.
Сот үкімдері мен шешімдері осы ережелермен айқындалады. Бүгінгі таңдағы қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалар сол кездегі Шыңғысхан қағанатының құрамындағы ұлыс болғандықтан, жоғарыдағы аталып кеткен заңдар қазақтың дәстүрлі құқығында кеңінен қолданылған .
Бір сөз етіп отырған осы заң ережелері қазіргі Қазақстан жеріне XV ғасырдың басына дейін билік жұргізген Алтын Орда, Ақ Орда хандықтарында да қолданылып келді. Өз алдында дербес Қазақ хандығы құрылған соң, 1456 жылдан бастап бұл заң ережелері қазақ мемлекетінің ел билеу ісіне қолданылғаны күмән тудырмайды. Мысалы:
Дешті Қыпшақты билеген Әбілқайыр хан Орта Азияға үстемдік орнату үшін Ойраттармен жүргізген 1456 жылғы соғыста жеңіліп, атақ дәрежесінен айрылған соң, оның қарамағындағы көптеген ұлыстар мен ру-тайпалар жеке бөліне көшіп, хандығы ыдырыай бастайды. Осындай Онтайлы сәтті пайдалана білген Жошы хан тұқымынан шыққан Жәніьек пен Керей сұлтан Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанның ханы Есенбұғадан өзіне қарасты ру-тайпаларды қоныстандыруға тілек білдіреді. Бұл туралы сол заманның әйгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінде жазған. [1-38бет]
1.4. Дәстүрлі қазақ қоғамының сот билігінің сипаттамасы.
Көшпенді қазақ қоғамындағы билікке, оның ішінде мемлекеттік билікке көзқарас өзінің дуниетанымдық мөлдірлігімен жөне пәктігімен ерекшеленетін.
Бұл көзқарастың негізінде билік те байлық іспеттес өткінші дүние, мәңгілік емес деген ой-әуен жатты. «Билік те, байлық та-қолдың кірі», деп есептейтін сахара жұрты, олар адам басында мәңгі тұрмайды, уақытша ғана тұрақтайды. «Байлық — бір жұттық» дейтін қазақ мақалдап. Оның бұл ойлау урдісі, бағалау әдісі билікке, оның барлық салаларына да қатысты еді. Байлық пен билік көшпенділерге баянсыз, алдамшы құбылыс болып елестейтін. Сондықтан билікке қызығуды, оны өмірлік мақсат тұтуды, ізіне түсіп қууды қоғамдық сана бос әурешілік, жағымсыз іс-әрекет деп жақтырмайтын. Себебі, билік қазақ қоғамында ешқашан да басты құндылықтар, асыл мұраттар деп есептелген емес. Ең басты құндылықтар, айнымас асыл мұраттар деп қазақ жұрты ар, ұят, намыс, имандылық, әділеттілік қасиеттерін атайды. «Билікке ұмтыламын деп бойындағы адамгершілік қасиеттерден айырылып қалма», деп уағыздайтын ел даналығы.
Ал билікке қолы жеткен жан (бақ қону, аруақ қолдау, ата-баба жолын қуу, еңбегі жану, т.б.) енді оның қадірін біліп, халық игілігі үшін жұмсауы керек. Өйткені халық — биліктің негізі және тірегі, оның қайнар көзі. Сондықтан билік игілігі халыққа бағышталуы керек, соның жағдайын жасауға, «көңілінен шығуға» арналуы керек. Ондай болмаған жағдайда биліктің тұрақтап тұруы неғайбыл, оның өміршеңдігі күмәнді. «Халық қаһарланса ханды да тақтан тайдырады» дейді қазақ. Көшпенділердегі ежелден келе жатқан «ханды қылқындыру», «мхан көтеру», «хан талапай» рәсім-дәстүрлері мемлекеттік биліктің басты тұғыры халық екендігін көрсететін ұғымның көрінісі.
Билікті және билік иелерін сыйлау керек, оларға қорқа, үрке қарауға болмайды деген ой-әуен төн еді қазақ қоғамына. Себебі, билік елге қызмет етеді, ал билік иесі—ел қызметшісі. Сондықтан оларды құрметтеп, мәпелеп ұстау керек, қадірін біліп, қасиетінің парқына жету керек деп түйіндейтін дала тұрғындары. Мінеки, халықтың билікке деген жалпы көзқарасы осындай еді, яғни мемлекеттік билік санасындағы құбылыстарды қабылдау, түсіну, тану жене бағалау ерекшелігі айтылған жәйттерге саятын. Сондықтан қоғамдағы саяси (мемлекеттік) билік, оның ішінде сот билігі де осы билік таным аясында қызмет етті, оның ықпалын жөне әсерін сезіне отырып, сол төңіректе іске асты.
Көшпелі қазақ қоғамындағы сот билігін ондағы мемлекеттік биліктің аясында әрі іске асу ерекшелігі төңірегінде қарастыру ғылыми әдебиетте әлі де болса тұрақты үрдіске айналмай отыр. Сот билігіне көшпенділердегі жалпы мемлекет билігі тұрғысынан келіп сараптау, көптеген сұрақтардың бетін ашар еді немесе оларды басқа қырынан көрсетер еді.
Көшпелі қазақ қоғамындағы сот билігі мемлекеттік биліктің ең кең тараған, халыққа барынша жақын әрі түсінікті, оның құрметіне бөленген және соған арқа сүйеген, сондықтан да мейлінше пәрменді әрі қуатты салаларының бірі еді. Оның үстіне бұл сала мемлекеттік биліктің басқа арналарына қарағанда шырқай дамыған, өз мүмкіндігін жөне қасиетін барынша мол ашып көрсете алған, ал кей-кейде жалпы мемлекеттік билікті тұтастай қамтып, оны жеке-дара өзіне үйлесуге талпыныс жасаған «құдіреттердің» бірі болатын.
Әрине, көшпенділер қоғамындағы мемлекеттік билікке қазіргі заман түсініктерін және ұғымдарын тұтастай қолдану мүмкін емес, олар мінсіз методологиялық қағидалар талабын орындай алмайды. Бұл мәселеде аса сақ болған, аяқты аңдап басқан жарасады. Өйткені, жалпы қоғамдық өмір сияқты мемлекеттік билік салалары да бұл кезде жене бұл қоғамда жымдасқан түрде, ажырамаған тұтас қалыпта болатын. Олар бірімен-бірі араласып, бірін-бірі жалғап және жалғастырып қызмет істейді[4-106-107бет].
2-бөлім
2.1. Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.
Тәуке хан қазақ елінің қасиетті қаласы Түркістанда ақ киізге көтеріліп, бүкіл үш жүздің ханы болып сайланғаннан кейін қазақтың сол заманындағы коғамының ішкі және сыртқы саясатына ерекше көңіл бөліп, сол кезеңнің өзінде-ақ ұлт мемлекеттілігін халықаралық деңгейге, биік дәрежеге көтеруге аянбай күш салады. Атап айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ мемлекеттілігін нығайту үшін ең алдымен бет-бетімен ру-руға бөлінген, бір-бірімен қырылысып жатқан елінің үлттық бірлігін сақтауға аянбай күш салады. Елдің басын біріктіру мақсатында ру басшыларының алауыздылық қимыл-әрекеттерін қолдағы бар тәсілдің бәрін қолданып тыюды мақсат етті. Қазақ қоғамында дау, жанжалдың, негізі көшпелі елдің мал жаятын жайылымының, қоныстың тарлығынан туып отырған экстенсивтік көшпелі қоғамда мал жаятын өрістің тарылуы басқа аймаққа көшуге мәжбүр етеді, басқа рулардың қоныстарына мал жаюға тура келетіні ақиқат. Малдың өсіп-өнуі, жетіліп семіруі тек жерге байланысты.Тәуке хан ішкі саясатта ең алдымен осы мәселені шешуге ат салысты. Ең алдымен үш жүздің жайлау, қыстау және күзеулерін Қазақстан территориясының ерекшеліктерін ескерумен бөлуге назар аударады. Үш жүздің білгір билерінің басын қосып, айларға созылған кеңестен кейін жайылымдардың барлығын тарихи қалыптасқан пайдалану негізінде бөлінеді. Бұдан былай жайылымды ру-ру болып пайдалануға берілді және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп-қонуға мүмкіндігі бар. Белгіленген, жері мен жесінің шеңбері бір рудағы түтін басының санына және мал мөлшеріне қарай бөлініп отырды. Ендігі уақытта көшпелі казақтар руларымен белгіленген жерге ие бола алған, сол жайылымның щеңберінде ғана мал жайып, көшіп-қонатын болғаны. Жерді пайдалану барысында дау туған болса, ру басшылары, билер әділеттілікпен шешіп отырған.

- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясынң жалпы сипаттамасы
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
- Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- Мемлекет аппараты
- Мемлекет аппараты
- Мемлекетаралық келісім шарттар
- Мемлекет баскару нысаны
- Мемлекет басқару нысанының түрлері
- Мемлекет және азаматтық қоғам
- Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны