Мемлекет және құқық теориясы

                                                   Қазақстан Республикасы

                                                   Білім және ғылым министрлігі

                                                  Алматы индустриалды колледжі

 

 

 

 

         

           Курстық жұмыс

                      “Мемлекет және құқық теориясы”

                                      пәні бойынша 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:__________________________________;

МАМАНДЫҚ: 0201000 – “Құқықтану”

 

 

 

 

 

Орындаған:____________________________________;   

Тобы: КПВ 2-1

Қабылдаған: Баулыбаева А.Б.

Бағасы: _____________

 

                                                     

 

 

                                                         Алматы 2012 жыл

         

 

 

 

 

                                    ЖОСПАР

1. Кіріспе.......................................................................................................3

2. Құқық жүйесі....................................................................................4-18

3. Қорытынды....................................................................................19-20

4. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі.....................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Кіріспе     

 

          Елбасы өз Жолдауында: Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады, - деген болатын. Сондай-ақ, еліміздің құқық қорғау жүйесінде болып жатқан жайсыз жайттарды да сөзге тиек етті. Мұндай келеңсіздіктер мен жанжалдар неден туындап отырғанын да біз жасыра алмаймыз? Өйткені бұның бәрі көзге көрініп тұр, ел-халық хабардар. Құқық қорғау органдарындағы тиімсіз басқарудан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, бақылаудың жоқтығынан осындай проблемалар туындап отыр. Елбасының құқық қорғау саласына реформа қажет деп отырғаны да сондықтан. Яғни, бұл салаларға білікті басшы, білімді маман қажет. Құқық қорғау жүйелерін реформалау жөніндегі заң жобасын дайындауды Елбасы Парламентке тапсырды.

Осылайша Елбасы құқық  қорғау жүйесін реформалау бойынша  байыпты жұмыс жүргізуді міндеттеді. «Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды» деп өте орынды айтты. Адам – мемлекет байлығы. Олардың лайықты өмір сүруі, лайықты білім алу мен лайықты еңбек орындарында жұмыс жасауы Ата заңымызбен бекітілген. Сондықтан, барлық құқық қорғау органдары мен соттарда ең алдымен адамның құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы бірінші орында тұруы тиіс.

Өркениетті елдер тәжіріибесіне сүйене отырып, құқық қорғау жүйесін жетілдірсек мыңдаған жастарымыздың өмірін бүлдіріп алмауынан сақтар едік.

Жолдау шын мәнінде  еліміздің осынау бір күрделі дағдарыс кезеңіндегі атқарылған істермен бірге, алдағы ауқымды міндеттерін де айқындап берді. Ғаламдық қаржылық дағдарыс зардаптарын барынша айналып өткен республикамызда экономикамызды одан әрі өркендетудің маңызды алғышарттары жасалды.

Елбасының биылғы Жолдауында атап көрсетілген әкімшілік реформалар және құқық қорғау органдарын реформалау, бүкіл органдар мен мекемелердің бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретіні сөзсіз. Сондықтан да ортақ істе олқылық болмауы үшін мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының мәртебесі мен жауапкершілігін күшейтуге бір кісідей атсалысқанымыз жөн. 

 

 

 

                                              

                                                  3

2. Құқық жүйесі

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен  тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта — сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта — азаматтық институты. Құқық саласы — бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.

Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы  мен үйлестігі түрінде және олардың  салашалар, салалар мен институттарға  логикаға сәйкес орналасқандығынан  көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.

Құқық жүйесі:

а) құқықтық нормалардан;

б) құқық салаларынан;

в) құқық салашаларынан;

г) құқықтық институттардан тұрады.

Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің  реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі  бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды  орналасқан көптеген элементтерден  тұратын біртұтас құрылым.

Құқық жүйесінің негізгі  ерекшеліктері:

1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;

                                                  4

2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;

3) жүйенің мұндай болуы әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;

4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқықты реттейтін не – деген сұраққа пән жауап берген болса, онда қалай реттейді деген сұраққа –  әдіс  жауап береді. Енді осыдан шығарып құқықтық реттеудің әдісіне анықтама беріп көрейік.

Құқықтық реттеудің  әдісі дегеніміз біркелкі сипатты  қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін  жүзеге асыратын заңдық құралдардың  жиынтығы.

Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері болады:

1) Иперативтік әдіс - бұл өкілдік ұйғарымдар мен субординациялар арқылы тыйымдар, міндеттер мен жазалар беру нормаларына негізделеді.

2) Диспозитивтік әдіс - бұл әдіс келісімге келуші жақтардың теңдігі (теңқұқықтылығы), субординациялар арқылы рұқсат ететін (ерік беретін) нормаларға негізделеді.

3) Мадақтау - бұл лайықты мінез-құлқына байланысты анықталған сыйлық беру әдісі.

4) Ұсынылатын, кеңес беретін - бұл әдіс қоғам мен мемлекет үшін қажетті нақты мінез-құлықтың болуын жүзеге асыруға кеңес беруге негізделеді.

Құқық жүйесінің  құрылымдық элементтері:

Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.

Құқық институты  — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тәртіпке салынған жиынтығы.

 

                                                   5

Құқық институты — құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде  алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үзіктері мен үзінділер), жақтарын ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған. Институт — саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайын, жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; отбасы құқығында - неке институты, бала асырап алу институты, некені бұзу институты болады; азаматтық құқықта – сатып алу – сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.

Барлық институттар бір-бірімен  тығыз байланысты түрде бір саланың  аясында немесе одан тысқары да қызметтерін  атқара береді. Құқықтық институттардың арасында кешенді күрделілері де болады. Бұлар өз құрамдарында субинституттар деп аталатын тым майда құрылымдардан тұратын құқықтық нормалардың аса ірі жиынтықтары. Мысалы, азаматтық құқықтағы жеткізіп тұрушылық институты өзіне айып институтын, айып төлеу (неустойка), жауапкершілік институттарын біріктіреді.

Қандайда болсын бір жиынтықтың нақты құқықтық институтқа, жекеленуі  үшін заңды айырымдық үш нышаны (белгі) қызмет етеді:

1) құқық нормаларының заң тұрғысынан тұтастығы;

2) қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығын реттеудің толықтығы;

3) құқықтық институттарды құрайтын нормалардың заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер тарауларында, бөлімдерінде және басқалай да құрылымдық бірліктерінде жекеленуі.

Құқық саласы –  құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын  қоғамдық қатынастардың сапалық  жағынан біркелкі аясын өзіне  тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін  құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.

Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда  құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастарды реттейді. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы – азаматтық құқықтың салашасы.

Құқық салаларының белгілері (нышандары):

- әрбір саланың өз пәні болады;

                                                  6

- өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңдары;

- құқық нормаларын мүлтіксіз орындауға бағытталған құқық және міндеттерді, мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тәсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше режимі болады.

Құқық салаларын жіктеу:

1) басты құқықтық режимдерді  қамтитын профильдеуші негізгі  салалар және де бүкіл құқық  саласы жүйесінің үстінде конституциялық  құқық болады, содан кейін барып  материалдық салалар – азаматтық,  әкімшілік қылмыстық құқық және  соларға сәйкес іс жүргізу  салалары - азаматтық іс жүргізу  құқығы, әкімшілік іс жүргізу  құқығы, қылмыстық іс жүргізу  құқығы болады;

2) арнайы салалар —  мұнда құқықтық режимдер қоғамның  ерекше аясына; еңбек құқығына, жер,  қаржы құқығына, әлеуметтік қамсыздандыру  құқығына, отбасы құқығына ыңғайластырылады;

3) профильдеуші және арнайы  салалардың әртекті институттарын  біріктіруі оларға тән болып  келетін кешенді салалар: аграрлық  құқық, экологиялық құқық, сауда  құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз  құқығы.

Заң әдебиеттерінде құқық  салаларынан мыналарды атап көрсетеді:

1)  Конституциялық құқық;

2)  Азаматтық құқық;

3)  Әкімшілік құқығы;

4)  Қылмыстық құқық;

5)  Жер құқығы;

6) Еңбек құқығы;

7)  Неке-отбасы құқығы;

8)  Қылмыстық іс жүргізу құқығы;

9)  Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы;

10) Қылмыстық іс жүргізу  құқығы;

                                                 7

11) Экологиялық (табиғи  қорғау) құқығы;

12) Қаржы құқығы;

13) Азаматтық іс жүргізу  құқығы;

14) Халықаралық құқық.

Қалыптасу кезеңін өткізіп  жатқан құқықтарға кәсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады.

Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру дегеніміз конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, неке-отбасылық, еңбек және т.б. құқықтардағы нақты  пәнді және олардағы құқықтық реттеудің  басым әдістерін талдап қарастыру  болып табылады. Кейбір құқық салаларын  қарастырып көрейік.

Конституциялық  құқық саласы - жетекші құқықтық сала Конституциялық құрылыстың негіздері, тұлғаның құқықтық жағдайы, басқару формасы және конституциялық құрылыс осы құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің әдісі – императивтік әдісі басым түрде қолданылады.

Азаматтық құқық саласы - мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық сала құқықтық реттеуде негізінен диспозитивтік  әдісті қолданады.

Әкімшілік құқық саласы - мемлекет органдарының атқару-орындау  қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді. Бұл  құқықтық салада құқықтық реттеудің  көпшілігінде императивтік әдісін қолданады.

Қылмыстық құқық саласы - адам және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын, конституциялық құрылысты, меншіктің жекелік және мемлекеттік  нысандарын және т.б. қылмыстық қол  сұғулардан қорғауда туындаған құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде императивтік әдіс үстем болып келеді.

 Неке-отбасы құқығы  саласын — отбасын құру негізінде  туындаған және отбасы мүшелері  арасындағы қатынастарды құқықтық  жолмен реттейді. Бұл құқықтық  саланы құқықтық реттеуде негізгі  қолданылатыны диспозитивтік әдіс.

                                                   8

Еңбек құқығы саласы - еңбек  аясы мен еңбек ету яғни жұмыс  атқару барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланың құқықтық реттеуде қолданатыны  – императивтік әдіс.

Конституциялық құрлыс –  бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды  қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.

Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта  мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.

Әрекет ететін Қазақстан  Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.

ҚР Конституциялық құрлысына  қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында  Қазақстан Республикасының бүкіл  құқық саласы мен заңдары қатысады.

Қазақстан Республикасының  конституциялық құрлысын реттеуде құқықтау нормалардың ішінде жетекші орынды ҚР Конституциялық нормалары алады. Бұл Конституцияның жоғарғы заңдық күшке ие және ағымдағы заңдардың  базасы болатындығынан туындайды.

Конституциялық мемлекеттің  негізін мемлкеттің адам, оның өмірін, құқығы мен еркіндігін ең жоғарғы  құндылық деп тануда құрайды (1 баб). Мұндай негізге жеке меншікті тану және қорғау, сондай-ақ идеологиялық және саяси көп түрлілікті рухани көп  түрлілік принципімен толықтыратын зайырлы мемлекеттілік те жатады.

Конституциялық құрлыс негізінің  ішінде унитарлық, территориялық тұтастық және басқарудың президенттік формасы  да бар. Қазақ мемлекеттілігінің  негізі болып табылғандықтан, олар өзгертілмейді.

 

                                                           9

Конституциялық құрлыс негізін  конституциялық формада нығайтудың маңызы зор. Ол бұл негіздеоді Қазақстан  халқының атынан жариялауды қамтамасыз етеді. Конституцияның преамбуласы  бұл негіздерді құруда халықтың егеменді құқығын көрсетеді. Мұнымен олардың заңдық мағнасы, құқықтық қатынастың барлық субъектілері үшін жоғарылығы және міндеттілігі көрсетіледі, қоғамдық қатынастың барлық жүйелерінің құқықтық реттелуіне белсенді әсер етуін қамтамасыз етеді.

Сондықтан Конституцияда  бекітілген конституциялық құрлыс негіздері  мемлекеттілік пен Қазақстан  Республикасы қоғамдық өмірінің құқықтық реттелуінің фундаментін қалыптастырады.

Конституциялық құрлысты конституциялық бекітудің арқасында  оның жүйесіне материалдық, саяси, әлеуметтікпен  қатар құқықтық кепілдер де кіреді. Олардың жүзеге асуы мемлекетпен  қамтамасыз етілуі керек.

ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

Қазақстан Республикасы демократиялық  мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық  билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін  қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.

Конституция Қазақстанда  мемлекеттік биліктің бірден-бірі өзі  халық деп анықтайды.

«Халық» сөзі заңдық көзқарас тұрғысынан «азамат» түсінігімен теңестіріледі  және адамдар тобының белгілі  бір мемлекетке тиістілігін анықтайды. Халық мемлекеттің құқықтық субстратын құрайды.

Билік біреуді өзіне бағындыру  мүмкіндігін көрсетеді, өзінің еркіне басқаларды бағындырады. Мемлекеттің  пайда болуымен, мемлекеттің маңызды  бір белгілерінің бірі мемлекеттік  билік те пайда болады. Мемлекеттік  биліктің қоғамның барлық мүшелерін  өзіне бағындырудың негізгі элементі жалпы ерік пен күш қабілеті бар. Мемлекеттік билік мемлекеттің  егемендігін сипаттайды.

                                                          10

 Мемлекеттік егемендік  – бұл ел ішіндегі мемлекеттік  биліктің жоғарылығы (мемлекет территориядағы заң шығару, тақару және сот билігінің толық жүзеге асуы)және оның халықаралық қатынастар сферасында шет ел мемлекеттерінің билігінен тәуелсіз болуы. Мемлекеттік биліктің жоғарылығы және тәуелсіздігінен басқа, мемлекеттік егемендік оның бірлігінен де көрінеді. Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.

Халық өзінің билігін тікелей  республикалық референдум және сайлаумен  қатар, мемлекеттік билік органдарына  делегат жіберу арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикада ешкім билікке иелік ете алмайды. Халық пен мемлекет атынан сөйлеу құқығы Президентке, сондай-ақ оның конституциялық өкілеттілігі шегінде Республика Парламентіне беріледі. Үкімет халық атынан сөйлей алмайды және оның тек мемлекет атынан сөйлеу құқығы бар. Осылайша халық еркін көрсету формасы бойынша өкілетті және тікелей демократия деп бөлінеді.

Өкілетті демократия –  бұл өзінің сайланушы өкілетті өкілдері арқылы халық билігін жүзеге асыру. Сайланушы өкілдік халықпен сайланған мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін басқару органдарын құрады.

Өкілетті емес демократия – бұл референдум жолымен, сайлауға, жиналыстарға тағы басқаларға қатысу жолымен халықтың немесе халықтың қандай-да бір тобының еркін тікелей  көрсету формасы. Референдум – мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін шешу бүкіл халықтық дауыс беру. Республикалық референдуммен қабылданған шешімдер жоғарғы заңдық күшке ие, қандай да бір мақұлдауды қажет етпейді және Қазақстанның бүкіл аумағында қолдануда міндетті.

Сайлау – бұл әр бір  мандатқа 2 немесе одан көп кандидаттар үміткер болу шартымен толық құқықты тұлғалардың дауыс беру жолымен

                                                        11

 жүзеге асырылатын  мемлекеттік орган дарды немесе  жергілікті өзін басқару органдарын  қалыптастыру процедурасы. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау еркін жүзеге асырылады жәнеқұпия дауыс беру жолымен жалпы тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекетті демократиялық  ұйымдастырудың негізгі принциптерінің бірі билікті бөлу принципі болып  табылады. Өзінің классикалық түрінде билікті бөлу теориясының Дж. Локк пен Ш. Монтескье құрған. Оның мәні мынада, азаматтардың еркіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік биліктің әр түрлі функциялары – заң шығарушы, атқарушы, сот-әр түрлі органдармен жүзеге асырылуы қажет және олар бір-бірінен тәуелсіз бір бірін тойтарады.

Бірақ еркіндікті қамтамасыз ету үшін тек бір билікті бірнеше  органдардың арасында бөлу жеткіліксіз. Бұл органдар біреуі екіншісінен жоғары болмау үшін өзара теңдікте болуы қажет және олардың әр қайсысы біреуінің жекелігіне екіншісі тарапынан қол сұғушылық кепілдеме болуы қажет. Мұндай жолмен ұйымдасқан олар бір-біріне бағынбайды, бірақ бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Осылайша, билікті бөлу-бұл ортақ мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу; құрылымдық-қаржылық дербестік және бір биліктің екінші биліктің үстінен билігін болдырмай және олардың тиімділігі өзара әсерін қамтамасыз ету өкілеттілігі берілген әр мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі болуы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің брлігі мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылатын Президент қамтамасыз етеді. Осылайша, ҚР Президенті Барлық билік тармақтарының үстінде тұрады, бірақ өзінің өкілеттілігі бойынша атқару билігіне басады. Қазақстан Республикасында демократия идеологиялық және саяси алуан түрлілік принциптері негізінде жүзеге асырылады. Саяси алуан түрлілік (пиюрализм) – бұл конституция шеңберінде әрекет ететін барлық саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың саяси процеске қатысудың тең мүмкіндігін қамтамасыз етуді қарастыратын

 

                                                         12

саяси ойлар мен саяси  әрекеттердің еркіндігі және көп партияның боуы, сондай-ақ азаматтардың кез келген партияға кіру немесе еш қайсысына кірмеу құқығы. Саяси плюрализм принципін жүзеге асырудың маңызды шарты саяси плюрализм институцианалдық негізін құрайтын және саяси процеске қатысатын саяси партиялардың, басқа қоғамдық ұйымдар мен жаппай қозғалыстардың құқықтық дәрежесін айқындау болып табылады.

Саяси плюрализмнің институционалдық негізінде маңызды орындардың бірін өз мүшелерінің саяси еркін көрсететін және азаматтық қоғамның саяси еркін көрсетуге әсер ететін саяси партиялар алады. Саяси плюрализм – бұл конституция шеңберінде әрекет ететін кез-келген партияның құрамына кіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ешқайсысына кірмей, партиясыз болу. Ол идеологиялық біркелкілікпен сыйымсыз және тек идеологиялық алуан түрлілік жағдайында жүзеге аса алады.

Идеологиялық алуан түрлілік (плюрализм) – бұл идеологиялық және рухани құндылықтарды таңдау еркіндігі және қоғамда мемлкеттік немесе міндетті идеологияны бекітуге тиім салу. Бұл саяси плюрализмді жүзеге асыру шарты болып табылады. а) Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді. Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы,

                                                        13

 оның әрекеті болжау  және сенімділік кепілдеуі, азаматтарды  мемлекет пен оның органдары  тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау. Құқықтық мемлекет ең алдымен өзін барлығы түгелімен мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және азаматтар бағынуға міндетті онда әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеуімен сипатталынады. Құқықтық мемлекет – бұл құқықтық мемлекет идеясын қолайлы іске асыру болып табылатын конституциялық мемлекет Конституциялық құрлыстың негізгі принципі, қоғамдық дамудың маңызды бағыттары жоғарғы заң – конституциялық деңгейде бекітілетіндігінде. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқылық мүшесі бола отырып ҚР әрекет ететін құқықтық құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның халықаралық келісімдерін де таниды. Сондықтан, егер заңда қарастырылғаннан гөрі ҚР халықаралық келісімінде басқа тәртіб көрсетілсе, онда халықаралық келісім тәртібі қабылданады. ҚР Конституциясына сәйкес азаматтардың еркіндігі мен міндеттеріне қатысты ресми басылған нормативтік құқықтық актілер, құқықтар олардың қолданылуында міндетті болады. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды алғы шарты мен оның шегінің сипаты қоғам өмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару жүйесінің болуы. Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі қажет.

Демократиялық мемлекетте құқық  нормасы барлық азаматтар үшін тең  болуы қажет, сондықтан шынайы құқықтық мемлекет болып, оның заңдарының алдында  оның барлық азаматтарының теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет есептелінеді. ҚР Конституциясына сәйкес барлық азаматтар заң мен сот алдында тең, ешкім өзінің шығу тегіне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, жынысына, ұлтына, нәсіліне, дінге қатысына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға байланысты қандай да бір шектеуге ұшырау. Құқықтық мемлекет тұлға мүддесін тимді жүзеге асыру үшін құрал ретінде шамаланылады құқықтық мемлекеттіліктің мақсаты – тұлға мен қоғамның қажеттілігіне қызмет ету.

                                                        14

Осыдан – тұлға мен  мемлекет арасындағы қатынаста тұлғаның жоғарылығы қажет. Бірақ құқықтық мемлекеттің өмір сүруінің мағнасы тек адамды мемлекеттік талап етуден қорғау ғана емес. Құқықтық мемлекет принципінің 2 мақсаты бар: мемлекет қызметін белгілі бір деңгейде шектеу және қамтамасыз ету арқылы адам құқығы мен еркіндігін кепілдеу, оның әділеттілігі мен құқығын қорғау. Нәтижесінде құқықтық мемлекет азаматтардың субъективтік құқығы мен мемлекеттік қызметтің объективтік тәртібін байланыстыруды көрсетеді. Құқықтық мемлекеттің маңызды бір ерекшелік сипаты азаматтардың тап болуы мүмкін кез-келген жағдайға шамалана жазылған заң процедурасының болуы қажет. Унитарлық мемлекет. ҚР Конституциясы унитарлықты тек елдің мемлекеттік құрылым формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның конституциялық құрлысының негізге алынатын негіздерінің бірі ретінде де қарастырылады. Унитарлық мемлекет (франц. unitaire, лат. unitas - бірлік)- деп мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақтық мемлекетік құрылым формасын айтамыз. Әкімшілік-аумақтық бірліктер аймақтарға бөлінеді: область, аудан, ауылдық (селолық) округ және елді мекендер. ҚР мемлекеттік құрлымы округтер, өлке, республика, штаттар, контон және тағы басқалар түріндегі қандай да бір мемлекеттік-аумақтық немесе ұлттық аумақтық автономиялардың Қазақстан аумағында құрылу мүмкіндігін қарастырмайды. Унитаризм принципіне негізделген ҚР мемлекеттік құрылымы мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етеді. ҚР унитарлық ең алдымен ұлт аралық қатынастың мемлекеттік ұйымының формасы ретінде және Қазақ халықтарының бірлігінің көрінісіретінде қызмет етеді. Өзінің ұлттық мемлекеттігінің формасын таңдауда еркін көңіл білдіру ҚР барлық халқының егемендігін қамтамасыз етеді. ҚР унитарлық Қазақстандағы барлық көп ұлтты халықтың еркін дамуына кедергі келтірмейді, сонымен қатар қандай да бір ұлттардың, халықтардың көп тұратын аудандарында да еркін дамуға кедергі келтірмейді және мемлекеттік құрлыста тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Мемлекет және құқық теориясы