Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Мемлекет және  құқық теориясының пәні мен  әдістері.............................3

1.1 Мемлекет және құқық  теориясының пәні...................................................... 3

1.2 мемлекет және құқық  теориясынданы әдістері..............................................9

2. Қоғамдық және  заң ғылымдарының жүйесінде жалпы  теорияның алатын орны.........................................................................................................16

2.1 Қоғамдық және заң  ғылымдарының жүйесінде жалпы  теорияның алатын орны........................................................................................................................16

Қорытынды..........................................................................................................22

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.Әр ғылымның немесе оқу пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Ғылымның немесе оқу пәнінің өзегі – ол зерттейтін мәселелерінің жиынтығы.Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні – бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының,дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары,олардың мәні,құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Ғылымның әдістері дегеніміз – пәнін танып анықтау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары. Міне осы бірлестік пе дербестік  олардын мазмұнын, мақсатын қызметінің әдіс тәсілдерін, функцияларын жан – жақты зерттеуге ,жаңартуға ,дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.                                                                 Зерттелу деңгейі. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістерінің зерттеуінің тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар: Ресей зерттеушісі В.С. Нерсесянц , професор Т. Ағдарбеков , У.Д. Құдайбергенов , К.Маркс және т.б мемлекет  және құқық теориясының пәні мен әдістері туралы көптеген ой- пікірлерін калдырған.                                Жұмыстың мақсатыМемлекет және құқық теориясы  жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы  жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және  мемлекеттанудың бастапқы  түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды  теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.Ал солардың барлығын терең түсініп білу үшін біз мемлекет және құқық теориясын қандай да бір ғылым саласында сияқты пәні мен әдістерінен бастап оқуымыз тиіс.Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.Және де бұл курстық жұмыстын мақсаты мемлекет және құқық теориясын жалпы түсіну үшін ,оның пәні , әдістері , қоғамда, заңда алатын орнынан бастап терең зерттеп түсіну.               Жұмыстыңміндеті.                                                                                                                          -мемлекет және құқық теориясыныңпәнің, оның кандай тарауларға бөлінетінің, қандай функция атқаратының қарастыру;                                                                                  -мемлекет және құқық теориясының әдісінің мазмұның ,қандай әдіс- тәсілдерден тұратының толық қарастыру;                                                                               -мемлекет және құқық теориясының қоғамдағы және заң ғылымындағы алатын орнын қарастыру                                                                                                            Жұмыстың құрылымы.    Менің курстық жұмысымның құрылымы 2 (екі) бөлімнен,  3 (үш) бөлімшеден  және пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

             

 

 

   

 

 

1. Мемлекет және  құқық теориясының пәні мен  әдістері.

 

                          1.1 Мемлекет және құқық теориясының пәні .

Әр ғылымның өз саласында  объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды  бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде кұрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне - предметіне айналады. Мемлекет және кұқық  теориясы - қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік  заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория - мемлекет пен  құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын , мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, кұқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.Мемлекет және құқықты бір бірінен айыруға болмайды. Олар объективті тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ ты олар бір ғылымғы жатқанымен өздерінің нақты бағытттары болады. Мемлекет қағамның саяси- экономикалық құрылысымен шұғылданады. , құқық-нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.Міне осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс- тәсілдерін, функцияларын жан- жақты зерттеуге , жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады. Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құлиелену , феодалдық , буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде болашақта мемлекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын , әдіс- тәсілдерін зерттейді . Осы үш дәуірде болған және мемлекет пен құқықтын өздерінің даму процесінде болған жақсы тәжіриебелерді жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.Мемлекет және құқықтың пайда болуы , олардың даму заңдылығы құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқық жасаушылық , құқық бұзушылық мемлекеттің формалары , сот билігі сияқты көптеген категориялық аппаратты қалыптастырады . Осыған орай қазіргі жаһандану кезеніңде саяси құқықтық ілімдер мен тұжырымдамаларда мемлекет пен құқықытың жалпы даму бағыты, ішкі қозғалысының мәні мағынасы өзінің шешімін табуда. Зерттеу объектісі мынандай мәселелерді шешуді талап етеді:

-Жаһандану заманыңда мемлекеттердің даму бағыттары қандай

-Федерация құрамындағы  ұлтық республика , афтаномия немесе ұлттадын жеке тәуелсіз  мемлекет құру идеясының болашағы қандай ;

-Ұлттық мемлекет құруда дәстүрлік саяси құқықтық институттарды еңгізу мяселесі;

-Құқықты реттеу функцияларының мүмкіндіктерін арттыру , тиімді болуының тетіктерің жасау

-Адам құқығының аяққа тапталмуының демократиялық сипаттағы үлгісін жасау, субъективизм мен валюнтаризмге жол бермеу;

-Құқық бұзушылық пен жаңа тұжырымламасы мен теориясын қалыптастыру , оны әлеуметтік  рпактикада пайдалану ;

Бұл проблеммаларды шешу үздіксіз зерттеуді талап етеді. Мемлекет пен құқықтын негізгі міндеті мемлекет пен құқықтын дамуын тану , қисынды мағынада менгеріп , оның заңдылықтарын ашып көрсету болып табылады.Бұл көрініс біртұтастықты тек бөліп алып зерттеу арқылы  іс жүзінде асырылады . Тану барысында мемлекет пен құық біртұтастық өзінің барлы күрделі байланыстарымен қозғалыстын дамудын формасы ретінде танылады.Сонымен қатар мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының интеграцияланған  саласы болып табылады .Олай дейтін себебіміз егер біз мемлекет және құқықтың барлық салаларын бір арнаға тоғыстырсақ мемлекет және құқық теориясын қалыптастыра алмаймыз.Тануда, зерттеуде тек қана білімдегі ең  негізгі қорытынды , бағыттар арқылы мемлекет және құқық теориясының категорияларың қалыптастыра алмймыз . Сондықтан интеграцияланған деп айта аламыз .Себебі қайсы бір ғылым саласы болмасын өзінің пәнін зертеп білу арқылы  объективтік мағынада және жан- жақты ашып көрсете алады.  Жалпы пән ұғымы арнайы ғылым саласы нені оқытады , қоғамның , табиғаттың қандай құбылыстарын зерттейді деген сауалға жауап береді . Белгілі ресей зерттеушісі В. Нерсесянц  өз зертеулерінде былай деп қорытынды жасайды : “Ғылыми зерттеу объектісінің ғылымның пәнінен айырмашылығы бар. Бір объект  бірнеше ғылымдармен зерттелуі мүмкін  және әр ғылым сол объектіні өзінің ерекше пәні және әдісімен зерттейді... заң ғылымдарының объекті мемлекет және құқық болып  табылады, ал оның пәні-құқық пен мемлекеттің негізгі мәндік қасиеттері.[1;4]                                                                                                  Сонымен қорыта айтқанда , мемлекет және құқық теориясының пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет   және құқықтың негізгі категорияларын пайда болып , зандылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып таңылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз.                                                                      Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет және құқық теориясының оқулықтары жарық көрді және оларда пәннің анықтамасы бір мағынада берілген : «Мемлекет және құқық теориясының пәні-бұл мемлекет пен құқықтын пайда болуынан, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институтттары[2;16]                                                                                              Басқа афторлардың пікірлері бойынша «жалпы теорияның пәні – мемлекет пәні құқықтың  пайда болуының , дамуының және  қызмет атқаруларының заңдылықтары , олардың мәні  , құрылымы және мақсаты » Профессор Т. Ағдарбеков : «Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықта көрсетілген  қоғамдық дамудын  объективтік заңдылығын олардың , олардың әлеуметтік саяси мақсаттарын анықтайды, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік  құқықтық реттеудін тетігін және оның даму мақсаттарын көрсетеді ,»– деп тұжырым  жасайды . Ал , У.Д Құдайбергеновтің пікірі бойынша: «Мемлекет және құқық теориясы – базалық жалпы теориялық заң ғылымы  және заң рқу орнындағ оқу орындарынын бірі . Ол мемлекет  және құқық сияқты күрделі әлеуметтік құбылыстардың міндеттері мен мәніне қорытынды  фундаменталдық білім береді , олардың заңдылықпен дамуы мен қызметтерің , мемлекет және құқықтың қазіргі қоғамдағы , дүние  жүзінің әр аймақтағы рөлің айқындайды.»[3;10]                                                                                               Ресей зерттеушісі В.С Нерсесянц: « Өзінің ғылыми мәртебесі бойынша    мемлекет және құқық теориясы  жалпы теориялық сипаты және маңызы бар  фундаменталдық заң пәні болып табылады ...онда мемлекет және құқық туралы ғылыми теориялықой пікірдің ең елулі жетістіктері шоғырланған» деген пікірге тоқтатылады.[4;72]                                                                                        Мемлекет және құқық теориясының пәні ретінде  өзіне тән  ерекшеліктері бар . Біріншіден, біздің анықтамада көрсетілгендей , Мемлекет және құқықтың дамуы , бір сатыдан бір сапалысатыға көтерілуі  еш уақытта өзінен өзі қоғамнан алшақ  қалыптаспайды . Әсіресе  өндірістік қатынастанрдың жиынтығы оның сипат , формаға ие болған ерекшеліктер – экономикалық детерминизмнің мемлекет пен құқыққа тигізетің  ықпалы бар . Экономиканың заңдары  қоғамның билеуші күші бола қала бермек . Мысалы: нарықтық қатынастардың бағаны белгілеуі . Бұл жерде мемлекет және құқық пассивті  әрекет мәртебесіне ие . К Маркс былай деп жазды : « Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда -өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар оладың материалдық өңдіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғаның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұл қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді . Метериалдық өмірдің өндіріс әдісі  жалпы өмірдегі әлеуметтік,саяси және рухани процестерді туғызады .Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді.»[5;522-523]                                                                                             Екіншіден, мемлекет және құқықтың пәніне ғасырлар бойы этникалық ұйымдастыру факторлары қалыптастырылған  тарихи дәстүрлері, әдет ғұрыптары біршама әсер етеді . Оларды ескермей мемлекеттік билік жүргізу   құқықтық жүйені қалыптастыру шиеленістерді тудыратыны хақ. Ойдан шығарылған  жасанды сырттан теліген мемлекеттік- құқықтық институттар дәстүрлі қоғамдық қатынастарды дағдарыстарға ұшырататыны тарихтан нақтылы дәлелденген құбылыс .Мысалы . Қазақстанды отарлау барысында Ресейдің еңгізген реформалары қазақ қоғамын , ұлт санасын дағдарысқа ұшыратты , ішкі шиеленістерді күшейтті . Ресей әкімшілігі ұлттық , мемлекттік құқықық институттардың эволюциялық дамуын жасанды реформалармен қиратып , орыс бирюкратиясының жағымсыз көріністерін қазақ даласына күшпен мойындатты . Соның нәтиежесінде біркелкілік жүйенің негізі қаланды , көшпелі қазақ өркениетінің төл-тума  құндылықтары , гуманистік мағынадағы құқықтық , әлеуметтік институттары табиғи қажеттерінен мүлдем айырылады . Бұл көрініс ұлттық сана дағдарысын ұрпақтын жалғастыруына негіз болды . Ұлы Мұхтар Әуезов  өзінің «Көксерек » әнгімесінде заман шиелінісін , қасқыр адам образдары арқылы асқан шеберлікпен , философиялық мағынамен көрсете білген . Көк Бөрі көшпелі қоғамның ғасырлар бойы  қабылдаған төтемі мен рухы , мифологиялық табыну символы жаңа даму сатысында сырттан телінген   басқа жат құбылыстар дың әсерінең қанішер ,барып тұрған жауыз , рақымсыыз көріністін символына айналды . Соныңда өзі де өліа тынды . Бұл мағынада Ұлы ойшыл кошпелі қазақ құндылықтарын болашақта құрдымға кететіні асқан көрегенділік пен көрсеткен. [6;185]                                                                   Үшіншіден, мемлекет және құқық теориясының   танымдық мағынасы тарихтың даму ерекшеліктерімен байланысып отырады. Траихтың сабақтары мен қалыптастырған  тұжырымдамаға теориялық деңгейде қорытындылар  жасауға жаңа принциптер, ұғымдар мен анықтамаларды қалыптастыруға мүмкіндіктер туғызады.                                                                                Төртіншіден, мемлекет және құқық теориясы   мемлекеттік құқықтық түсініктерді өзінің негізгі тақырыбы ретіңде зерттейді және бүкіл юриспруденция ғылымына әдістемелік маңызы бар пән болып табылады . [7;185]                                                                                                               Бесіншіден: мемлекет және құқық теориясының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп , эмпирикалық санаға байқалмайтын ішкі мәнің , қозғалысын ашып көрсетіп , адам игілігіне жарату болып табылады .Мемлекет және құқық жүйесінің негізгі даму заңдылығын, мәнің , әр тарихи кезеңге тән сипаттары мен қызметтері диалектикалық тұрғыдан зерттеліп , теориялық қорытындылар жасалынады.                                                    Алтыншыдан , мемлекет және құқық теориясы салалы құқық жүйелерін (конституциялық, әкімшілік, қаржы, азаматтық ,салық, кедендік, экологиялық , жер , қылмыстық т.б) құқық салаларын оқудын  , танудын іргетасы, негізгі өзегі.                                                                                   Жетіншіден, Бұл пән тәуелсіз қазақстанда  болашақ заңгерлердің теориялық білімдерін терңдетіп , кәсіптік деңгейлерің жоғарғы рухани дәрежеде болып қалыптасуына өлшеусіз ықпалын тигізеді.

                   1.2 Мемлекет және құқық теориясынданы әдістері

Ғылымның әдістері дегеніміз  – пәнін танып анықтау үшін сол ғылымның зерттеу барысында  қолданатын тәсілдері, жолдары мен  амалдары.Бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Әдіс терминің ғылыми тұрғыға ежелгі гректер еңгізген .Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерінтеңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Мемлекет және құқық теориясы тек қана ежелден сақталып келе жатқан ғылыми жүйе емес. Ол әр уақытта ізденісте жүретін , дамып тұратын , тірі ғылым. Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерін ажырату керек. Әдіснама екі мағынада қолданылады:                                                                                                                                       а)әдістер туралы ілім;                                                                                                          б) әдістер жиынтығы.                                                                                          Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.Мемлекет және құқық теориясының қолданатын әдісіне диалектикалық әдіс жатады. МҚТ диалектиканың үш заңына сүйніп зерделенеді.                                                                                                                    Олар:                                                                                                                                 1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. Дағдылы іс-тәжірибеде бұл мына жайттарды білдіреді. Кез-келген мемлекет өзінің қызмет ету барысында барлық жүйелерді дамытуды көздейді.Мысалы: құқық қорғау органдары құрылымында және тағы басқаларда Қазақстан республикасында 1995 жылға дейін тергеу ісіне байланысты әрекеттермен прокураура тереушілері де айналысатын .Қоғамдағы демократиялық процестердің дамуы барысында тереу ісі мен оны қадағалау ісін бір бір органнын қолына берудін дұрыс еместігі айқындалды. Осыдан соң Қазақстан республикасының  Президентінің <Прокуратура туралы > Жарлығы жарияланып , онда прокуратура құзырына қылмыстық істерді жүргізуде қадағалау қызметтері қалдырылды.[8;167]                                                                                                        2. Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қандай да бір құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні (яғни өз уақыты келгенде) қабылдануы және болмыста әске асуы ықтимал жайт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз бұрын қоғам өміріндегі құбылыстарға мемлекеттің толығымен араласып, оған ықпал жасауы жалпы көпшіліктің бәрі танып мойындаған қағидатдеп келген болсақ, енді қазір қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ықпал жасау мүмкіндігін шектеуге талаптанғанын өзіміз іс жүзінде күнделікті өмірде көріп жүрміз.                                                                                                                      3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның айқындауында белгілі-бір орында (жерде) және белгілі бір мерзімде бірін-бірі жоққа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен. Мысалы: 1) Құқық бұзушылық және занды заңды жауаптылық құбылыстар бірге жүреді; 2) Өз бастан билік бөлінісі жүйесін жариялады. Сонымен қатар , мемлекеттік  билік біртұтас , үш биліктің арасы тежемелік әрі тепе-тендік жүйесі арқылы жүзеге асырылады.[1;6]                                                                                                     Мемлекет және құқық теориясының әдістері бірнеше түрге жіктеледі. Жалпығылымдылық әдістер :                                                                                             а)Диалектикалық әдіс (диалектика-даму);                                                 Диалектикалық әдісті қолданғанда, мынадай ережелерге негізделеміз:          1)Диалектикалық әдіс бойынша мемлекет және құқық пайда болған сәттен  зерттеледі ;                                                                                                                           2) Сонымен қатар, мемлекет және құқық басқа да қоғамдық құбылыстармен, яғни  экономика,  мәдениет, дің, саясатпен тығыз байланыста қарастырылады;                                                                                              3)Диалектика әдісі абсолюттік ақиқат , шындық жоқ , ақиқаттың барлығы салыстырмалы деп үйретеді. Бұл дегеніміз қоғамдық ілімді білімді дамуды керек дегенді білдіреді. Мысалы: Кеңес мемлекеті жеке меншікті жоққа шығарып , «жеке меншік адамға тек қана жаманшылық әкеледі , жеке меншік қоғамды тапқа бөледі, қарама –қайшылықты тудырады» деп таныған Сондықтан 70 жыл бойынша Кеңес мемлекеті жеке меншікті жоққа шығарып жатқан.                                                                                                        4)Диалектикалық әдіс бойынша мемлекет және құқыққа әсер ететің факторлард, қозғаушы күштерді қарастыру жөн болады.                                       б) Абстрактілік ойлаудан нақты ойлауға өрлеу әдісі.                                        Мысалы: мемлекет нысаны  (формасы ) деген ұғымды алып, мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда «Мемлекет нысаны»                                                   в) Тарихи әдіс. Бұл әдіс – мемлекет пен құқықтың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да д амуда болатын құбылыс екендігіне негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында зерттелініп отырған мемлекет пен құқықтың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дәстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер және халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;                                          г) Жүйелілік әдіс. Мемлекет және құқық – құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет пен мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық –құқық салаларынан тұратын осы әдісті қолданып пайымдаймыз .Мемлекет құқықты бітұтас жүйе ретінде қарастырып зердерлгенде ғана оны толып тану білуге болады. Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар:                                                                                                                                а) Формальды-логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқықтың ішкі құрылымы, қайнар көздері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері зерттеледі. Бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда қолданылады;                                                                                                                        б) Салыстырмалы мемлекеттану мен құқықтану әдісі. Бұл әртүрлі елдердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс;                                в) Нақты-әлеуметтік әдіс - нақты-әлеуметтік зерттеулерде негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгенде қоғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесеоның құрамдас бөліктеріне қоғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл тәсілдерге тән амал-тәсілдерге:

-байқаужариялау;                                                                                                                   - анкета жүргізу (сұрақ-жауап);                                                                                           - сұхбаттасу;                                                                                                                               - тәжірибе (эксперимент) жасау жатады.                                                              Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақта олар бір ғылымға жатқанымен өздерінің нақты бағыттары болады. Мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық-нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.[1;7]                                                                                 Міне, осы бірлестікпен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.                                                                                                                                   Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құлиелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мем лекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның және мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесіңде болған жақсы тәжірибелерді жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні - адам қоғамынын өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылымы және мақсаты.                                                                                                                                      Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:                                                                                   - Қоғамның қалыптасу, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтары;                                                                                                                       - Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;                                                   - Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты.                                                                                                                      Мемлекет пен құқық теориясы іргелі-терең ғылым ретінде бірнеше Онтологиялық функция - (шын білім - грек...,) Адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен кұқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.Сонымен қатар қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып ,ол туралы түсініктеме жасайды.              Гносеологиялық функция - (гр... білім, теория). Таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.

Заң ғылымының түп негізін  білу нәтижесінде құқық , оның жүзеге асырылуы және барлық құқықтық құбылыстар танылады.Құқықтық болмысты талдау барысында  құқықтық ұғымдар ,түсініктер , құрылмалар  қалыптасады да , олар құқық құбылыстарды одан ары танып білудің құралдарына  айналады . Құқықты тану үшін  ерекше теориялық түжырым қолданады. Құқықтық бір мәселені зерттеп тану үшін өзара  пікір  таластыру нәтижесінде  шындықты, ақиқатты  айқындауға мүмкіндік  туады. Мысалы , құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған норматифтік , философиялық және қоғамтану тұрғысынан қарау керек.                              Эврстикалық функция - (гр... табу). Заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.                                                                                                        Методологиялық функция - мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.                                                                                                                             Саяси функция - қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты, жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.                                                                               Идеологиялық функция - жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып адамдардың сана-сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.                  Тәжірибелік-ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.                                                                                                     Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси - құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп-басқару бағдарламасын дайындауы қажет.                                                                                                                                Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.                                                                                                                Методология - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы — оның ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді - теория және методика. Теория - ғылымы нені зерттейді? - деген сұраққа жауап береді. Метод - ғылымы қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? - деген сұраққа жауап береді. Теория мен метод өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген.[2;18]                                                                                                          Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымды дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қорытынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: Жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді - ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі. Материализм -философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғьлыми философиялық бағыт. Материализм адам санасын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатынын дәлелдейді. Материализм ғылым мен практикалық жетістіктеріне сүйене дамиды және білімнің өсуіне, ғылыми методтың жетілуіне, адамзат практикасының, өндіріс күштерінің артуына ықпалын тигізеді.Диалектика - табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті күрделі зандылықтардың, қажеттігін карама-қайшылыққа толы табиғатын зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның объективтік дамуының қайнар көзін, ішкі қозғалысын және бағытын көрсетеді. Диалектикалық категориялар (анализ бен синтез, мазмұн мен форма, құбылыс пен мән, шындық пен мүмкіншілік т.б.) танымның диалектілігін, заңдылығын бейнелейді.Сонымен, материалистік диалектиканың методологиясының негіздеріне сәйкес мемлекеттік-құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттелуге тиіс. Сондықтан, қоғам, мемлекет, құқық -осылардың арасындағы қатынастарының түрлерін білу қажет. Қоғамның мемлекет, құқықпен үш түрлі байланысы бар: Қоғамның базисы мен қондырмасы арқылы, қоғам мен мемлекет-құқықтың байланысы, қоғамның мүдде-мақсатының құқық мемлекет пен байланысы.                                                                                                                    1) Қоғамның экономикалық базисы өзінің қондырмасымен байланыста дамиды. Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет. Қондырма — базис арқылы қоғам, құқық және мемлекетпен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп-басқаратын құқықпен мемлекет.                                                                             2)Құқық пен мемлекет қондырманың бір күрделі саласы, олар қоғамның барлық саласымен үздіксіз байланыста болады және құқық пен мемлекеттің қызметі қоғамдағы адамдардың сана-сезімімен де байланыста дамиды. Бұл екі жақты объективтік процесс.                                                                                              3)Мемлекет пен құқық қоғамның жалпы халықтық және таптық мүдде-мақсаттарын реттеп-басқарып іске асырып отырады. Бұл да екі жақты объективтік процесс.Сонымен, материалистік және диалектикалық методқа сәйкес мемлекет пен құқық қоғамның экономикалық, саяси, рухани жағдайларымен тығыз байланыста, үздіксіз қозғалыста, дамудағы объективті шындық кұбылыстар. Мемлекет пен құқықтың өздерінің даму заңдары болады.Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерінің ең күрделісі материалистік диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен методы. Танымның мақсаты - зерттеліп отырған заттың, мәселенің терең мәнін, қайшылықтар жүйесін ашу.[2;19]                                                                                                          Таным - объективті шындықтың адам санасындағы белсенді және кайшылықты бейнеленуі. Бұл процесте логиканың атқаратын рөлі зор. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі объектілерді талдау, құрамды бөліктерді жіктеп ажырату.Синтез - сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру. Мысалы: жалпы теорияда мемлекеттік органдарды, оның функцияларын, құқықтық нормаларды, қатынастың субъектілерін жүйе-жүйеге, сала-салаға топтастырып зерттеу, немесе оларды біріктіріп зерттеу жүргізу.Жеке ғылымдардың теориялық және методологиялық негіздері тек философиямен ғана емес, олардың өздері арқылы да зерттелуде. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы зерттеудің жалпы методтарымен азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық т.б. құқықтарды бірлестіріп зерттеу методикасын дамытып отырады.Бұл процесте құқық және мемлекет теориясы философияға сүйене отырып, заң ғылымының барлық жетістіктерін пайдаланады. Оның барлық саласына бірдей қатысты методологиялық мәселелерді зерттейді. Осы типтес қарым-қатынас басқа ғылымдарда да болады.Жекелік ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдерінің түрлері: жүйелік, функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру-теңестіру т.б.Жүйелік тәсіл - қоғамдағы мемлекеттік-құқықтык құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.                                                                           Функционалдық тәсіл - қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу Бұл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық сананы, жауапкершіліктің түрлерін т.б. кұбылыстарды зерттеуде пайдаланылады.Статистикалық әдіс - заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып, зерттеу жүргізу. Оның кезеңдері: бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.Үлгілік әдіс - болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап келтіріп барып зерттеу жүргізу.Социологиялык тәсіл - жүйелік, функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.Салыстырмалы-теңестірмелі әдіс - бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу. Математикалық әдіс - ЭВМ, компьютер, автоматика, телемеханиканы қолданып зерттеулер жүргізу. Осы аталып өткен зерттеулердің әдіс-тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл әдістерді жеке, сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін-бірі толықтырып отырады.Мемлекет және құқық теориясының алдында екі міндет түр: біріншісі - заң ғылымының, заң мамандығының негізін қалыптастыру, жақсы дамыту, сол арқылы салалық заң пәндерін жақсы оқып - білуге мүмкіншілік жасау; екіншісі - жоғары заң мектебін бітіріп, жақсы маман болуды қамтамасыз ету.[9;18]

 

                                                                                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы                                                                                теорияның алатын орны.

 

2.1 Қоғамдық және  заң ғылымдарының жүйесінде жалпы  теорияның

алатын орны.

 

Заң ғылымы – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеп, олардың қоғамдық өмірмен байланысын, арақатынасын айқындайтын  арнайы білім жүйесі. Заң ғылымы өзі реттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне  байланысты түрлі салаларға бөлінеді.Қазақстан  Республикасының заң ғылымдары, біріншіден, мемлекет пен құқық теориясына негізделеді. Теорияда мемлекет пен  құқыққа тән жалпы заңдылықтар, олардың жалпы белгілері, түрлері  оқытылады. МҚТ-мен тығыз байланыста мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы заң ғылымы болады.Мемлекет пен құқықтың қалыптасуына, дамуына, өзгеруіне саяси  және құқықтық ілімдер зор әсер етеді.Әр елдің мемлекет және құқығының шығу, қалыптасу, даму, өзгеру тарихы бар. Бұл  такрихты зерттеу және оқыту тек  білу үшін ғана керек емес. Мемлекеттің  тарихы оның қазіргі жағдайына, болашағына да әсер етеді, қоғамды ұтымды жолмен дамытуға, қажетті саясатты жасауға  жол сілтейді. Сондай-ақ ұлттық саяси  және құқықтық сананы қалыптастыруға да әсерін тигізеді. Мемлекет пен қоғам  өмірінің салаларындағы қоғамдық қатынастардың  ерекшеліктеріне байланысты құқық  салаларының өзіндік ерекшеліктері  болады. Сондықтан құқық салаларының  аталуы да, мазмұны да ерекше, айырықша болып келеді.Әр мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болады және дүниежүзілік қауымдастық шешетін мәселелерге  қатысуға ат салысады. Соған байланысты басқа мемлекеттердің ұлттық құқықтық жүйесінің негізгі саласы – конституциялық құқықты білу қажет. Демократиялық  даму жолына түскен мемлекет мұндай халықаралық  құқықтық құжаттарды мойындауға, мемлекет ішінде қолдануға міндетті. Сол себепті  халықаралық құқықты да білу өте  қажет.Заңдарды жүзеге асыруда, қолданбалы қосалқы ілімдердің (криминалистика, сот психиатриясы, т.б.) атқаратын  рөлі ерекше.Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.Философия - адамзаттың дүниедегі алып отырған орнын анықтап, соның негізінде адамның дүниеге деген танымдық, құндылық, этикалық және эстетикалық қатынастарын зерттейді. Философия дүниеге теориялық тұрғыдан көз жіберіп, ерекше логикалық, танымдық критерийлерге сүйене отырып, адамның дүниеге деген көзқарасын тұжырымдайды.Экономикалық ғылым - қоғамның экономикалық базисын, өндірістік қатынастарды, өндіруші күштерді, меншіктің түрлерін зерттеп, олардың қоғамның дамуындағы маңызын жан-жақты анықтап отырады. Тарих - адамзат қоғамының өткен дәуірлерін барлық қырынан жан-жақты зерттеп, көптеген тәжірибе жинақтады, соның ішінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы, қоғамды басқару заңдылықтары.Социология - қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуы, оны басқару әдіс-тәсілдерін, адамдардың әлеуметтік тәртібін, қатынастарын зерттейді.Барлық қоғамдық ғылымдар өз тұрғысынан адамзаттың тарихын зерттеуге тиісті үлес қосады. Бұл ғылымдардың жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының алатын орны өте жоғары.Заң ғылымы, оның ішінде мемлекет пен құқық теориясы қоғамды жеке танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Жалпы теория төрт топқа бөлінеді:

1)Жалпы теория - мемлекет пен құқықтық қоғамды реттеп-басқаруын, мазмұнын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.

2) Ұлттық мемлекет - кұқық пен саясаттың тарихи даму процесін зерттеу пәндері. Шет мемлекеттерінің тарихы.

3)Салалық заң ғылымдары: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.

4)Арнаулы заң ғылымдары: криминалистика, соттық медицина, психиатрия т.б.

Мемлекет және кұқық теориясы заң ғылымының барлық саласының  объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен  байланысын зерттеп жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың  жетістіктерін пайдаланып, жалпы  заң ғылымының негізін дамытып  отырады.Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші  ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы диалектикалық даму процесінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады.Қазіргі заманда  еліміз нарықты экономикаға көшіп  жатқанда Қазақстан мемлекетіміздің  заң ғылымының бағыты да, функциясы  да күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым  өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне  сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.Сонымен, адам қоғамының  тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын  зерттейтін пәндерді қоғамдық ғылым  деп атайды. Олар қоғамды жан-жақты  ғылыми-зерттеу тұрғысынан зор үлес қосады. Бұлардың шінде мемлекет және құқық теориясына кеңірек көңіл  бөлетін философия, саяси экономия мен тарих.Қоғамдық ғылымдар кейбір күрделі мәселелерді бірлесіп зерттейді. Олар қоғамның жалпы объективтік  даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, дамытып отырады. Бұл мәселелерді, құбылыстарды ғылым қоғамның өткен дәуірінде, қазіргі кезеңде, болашақта қалай дамуға тиісті. Міне, осы үш дәуірде қоғамның диалектикалық даму процесін, санқырлы өзгеріс құбылыстарын зерттеп, қорытынды ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Қоғамның болашағын ғылыми тұрғыдан болжап, қорытынды ұсыныстар беріп отырады. Бұл процесте қоғамдық ғылымдар табиғи-нақты ғылымдар бірлесіп зерттеулер жүргізеді. Өйткені, әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігін ескере отырып, дүние жүзіндегі барлық ғылымдар бірлеспейінше ғылыми-техникалық өрлеу болашақ емес.Кооперациясыз материалдық, қаржылық, табиғи ресурстарды үнемді, тиімді пайдалануға және оның өнімді технологиялық процесін қалыптастыруға мүмкіншілік болмайды. Ғылымның бірлестігі олардың дербестігіне нұқсан келтірмейді. Әр ғылым табиғаттың және қоғамның объективтік даму процесін өз тұрғысынан зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Мысалы, мемлекет пен құқық қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттеп-басқарып, заңдылықты, тәртіпті жақсартып, демократияны дамытып, қоғамның сапалы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді.Сонымен, қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде заң ғылымының Адамзаттың бірлестігін дағдарысқа ұшыратпай прогрестік жолмен дамытудағы үлесі мол және баға жетпейтін маңызды күш деуге болады.Жалпы теория өзінің ғылыми зерттеуінде бір өлкенің, бір мемлекеттің, бір елдің шеңберімен шектелмейді. Ол өз жұмысында көптеген елдің, кеп мемлекеттердің тәжірибесін қамтып, байланыстырып зерттеу арқылы ғылыми қорытынды жасайды. Жалпы теорияның бұл қорытындылары дүниежүзілік заң ғылымының жетістіктерімен, жаңалықтарымен сәйкес, қалыптасып отыруы керек.

Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымдарының негізін құраушы, дамытушы, нұсқаушы, біріктіруші жетекші  ғылым. Жалпы теория заң ғылымдарының жалпы, арнаулы, ерекше, жекеше бағыттарын ғылыми тұрғыдан зерттеп, анықтап, көрсетіп отыратын ғылым. Міне, осы көрсетілген  бірлік болмаса, бағыттар анықталмаса  зерттеуге нышан келтіріп, ғылымның дамуында кемшіліктер пайда болады. Осы кемшіліктерді болдырмау  жалпы теорияның бірден-бір міндеті.Адам коғамы диалектикалык даму процесінде болғандыктан коғамдық ғылымдардың  міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, анықталып отырады. Бұл жұмыс  заң ғылымында жалпы теорияның  міндеті.[2;28]                                                                                                                  Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда, егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмұны, функциясы күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.                                              Ғылымды бір идеологияның шеңберінде жүргізудің зияны. Қоғамның барлық саласының мазмұнын түсініп-білу үшін ғылымға бостандық керек. Оны саясатпен, идеологиямен бұғаулауға болмайды. Ғылым еркін болған жерде ғана дұрыс, қарқынды дамып, жақсы нәтиже береді. Ғылымның даму процесінде толып жатқан кедергі нышандар да кездеседі: саяси, идеологиялық, мемлекеттік, құкықтық шектеу, қаржы жетпеу, материалдық базасы нашар болу, мамандардың жетіспеуі т.б.                                                                                     Ғылымға зор зиян келтіретін кедергілер:

- зерттеуді бір саясаттың, бір идеологияның шеңберінде жүргізу;

- таптық, партиялық тұрғыдан жүргізу;

- кеңістікке шеңбер кою. (шетелмен катынасқа, ғылыми алмасуға, зерттеуге тыйым салу).

Бұл кедергілердің себептері:

- халықты тапқа, мемлекеттерді топқа, блокка бөлу;

- дүниежүзілік, жалпы халыктық проблемаларды ескермеу;

- демократияның, бостандықтың шектелуі;

- ғылымды екі системаға бөлу. Бұл саясаттың зияны:

- қоғамдағы толып жатқан ғылым бағыттары сапалы, нәтижелі дамымады. Қаржының басым үлесі себепсіз корғанысқа бөлініп отырады;

- ғылыми-техникалық прогресс біздің елде нашар дамыды;

- ғылыми-техниканың жетістіктері көп жылдар тәжірибеде колданылмай мемлекеттің шығынын өсірді.

Осының бәрі бірігіп - елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік дағдарыска ұшыратты.Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің достастығы (ТМД) құрылып, Қазақстан тәуелсіз Республикаға қолы жетіп, өзінің Конституциясын қабылдады. Өткен тәуелсіздіктің он төрт жылдығы  Республика тарихында ерекше кезеңге  айналып көп жаңалықтармен жетістіктерге  кол жеткізді.Біз, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің және экономикалык дербестігіміздің 14-15 жылын атап өттік. Дағдарыстан шығу бағытында осы уакыт ішінде экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белгіленген түбегейлі реформалар жолымен ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады.Біздің республика үшін соңғы алты жыл ішінде Қазақстанда өндірістің құлдырауын тоқтатудың сәті болды. Соңғы 5-6 ж.ж. өнеркәсіп өнімін шығару 5-7 процентке ұлғайды, ал ауыл өндірісі 3-4 процентке өсті.Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уакыты болды.Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының кіріспе бөлімі ақиқатпен толық үйлесім таба үндесіп тұр: "Біз – ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халкы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзіміздің егемендік кұқығымызды негізге ала отырып, Қазақстан демократиялық мемлекетін құрамыз.Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдык, татулық пен саяси тұрактылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру аркылы шешу [10;4]                                                                                                   Қазақстан Республикасы өзінің суверендігін, тәуелсіздігін қалыптастырып, дүниежүзілік қауымдастықты дамытуға, нығайтуға өз үлесін қосуда. Қазақстан мемлекеті халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтей отырып, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасауда. Олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады - деп Конституцияда көрсетілген. [11;7]

 

 

 

 

 

                                                 

 

 

 

Қорытынды.

Бұл тақырыпты қорыта келе , мен тақырыптын мазмұның толық  аша білдім деп ойлаймын.Бұл тақырыптын әрбір тарауын күрделі зерттедім .Бірінші бөлім толық мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері туралы жазылған. Бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде мемлекет және құқық теориясының жалпы пәні дегеніміз не, бұл пәнді оқи келе біз қандай натижиеге жететінімізді, яғни мемлекет пен құқық туралы не білетінімізді жаздым.Екінші бөлімшесінде мемлекет және  құқық теориясының әдістері туралы . Бұл бөлімшеде мемлекет және құқық теориясының әдістері дегеніміз не ,мемлекет және құқық теориясында қанша әдіс бар екені туралы жазылған . Үшінші бөлімде мен мемлекет және құқық теорясының қоғамда , заң ғылымдар жүйесінде алатын орны туралы жаздым . Мемлекет және кұқық теориясы заң ғылымының барлық саласының объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады. Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылғы 7 қазандағы өзгертулер мен толықтырулырды коса.
  2. «Қазакстан Республикасының егемендігі туралы» ҚР Декларация.// Ведомстволар, 1990. - № 44.
  3. «Қазакстан Республикасы мемлекттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялык заңы.// Ведомстволар.-1991.- №51.
  4. 1991 жылдың 20 желтоксандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы// Ведомстволар, 1991.- №52.
  5. «Қазақстан Республикасы әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы //Ведомстволар, 1993. -№23-24.
  6. «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» Конституциялык заң күші бар Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығы //Ведомстволар, 1995. - № 24; //Егемен Қазақстан, 1995. - 28 желтоксан.
  7. 1995 жылдың 16 қазандағы «Қазакстан Республикасы Парламенті және депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық Заң куші бар Жарлығы//Егемен Қазақстан.-І995.- 28 желтоксан.
  8. 1995 жылдың 18 яселтоксанындағы «Қазакстан Республикасы 
    Укіметі туралы» ҚР конституциялық Заңы// Ведомстволар.- 1995.- № 23.
  9. 1996 жылдың 31 маусымындағы «Қоғамдык бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Егемен Қазақстан, 1996. - 6 шілде.
  10. 1996 жылдың 2 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасьшың Заңы // Егемен Қазақстан, 1996. - 5 шілде.
  11. Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және кукық теориясы. - Алматы: Білім, 1998.-360.
  12. Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және қукык теориясы. - Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999. - 370 б.
  13. Лазарев Н.Н. Общая теория государства и права. - М. : 
    Юристь, 1999.-560 с.
  14. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және қүқық теориясы. - Алматы: 
    Жеті жарғы, 1998. - 320 б.
  15. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және қүкык 
    теориясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1997. - 96 б.
  16. Храпанюк В.Н. Теория государства и права. - М.: Бек, 1998. -470 с.
  17. Теория государства и права /под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. - М.: Проспект, 1997. - 530 с.
  18. Общая теория государства и права/ под ред. Проф. М.Н.Марченко. - М.: ИКД «Зерцало - М», 2001. - 730 с.