Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі мен орны
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
- МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН
ҚЫЗМЕТТЕРІ....................
1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі
ғылым.........................
1.2 Құқық негіздері теориясының функциялары...................
1.3 Құқық негіздері теориясының әдістері, оларды
жүйелеу негіздері.....................
2 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ........................
2.1Мемлекет және құқық негіздерінің рөлі
мен орны.........................
2.2 Мемлекет және құқық
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [1]. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
Мемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.
Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді. Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.
Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясының жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге болады.
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне – предметiне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория – мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгiнышандарын, функцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесiндегi мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезiмiн, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
Мемлекет пен құқықты бiр-
Міне, осы бiрлестiкпен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазiргi кезеңде, болашақта мемлекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдiс-тәсiлдерiн зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның және мемлекет пен құқықтың өздерiнiң даму процесінде болған жақсы тәжiрибелердi жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.
Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өмiрдегi құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мән-маңызы, құрылымы және мақсаты.
Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті өркендеуін құқықтық мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен, құқықпен байланыстырады. Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық құбылыс, қазіргі таңдағы өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы реттегіш қалай пайда болды, оның мәнінеде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық, оның ішінде өзінің болашақтағы немесе қазіргі кәсібін заңгер деп таңдағандарға аса маңызды болып табылады.
Бастапқы айта кететін жайт мемелекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады.
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәнi - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн терең түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды.
- МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Құқық негіздері теориясы – іргелі ғылым
Мемлекет
және құқық теориясы–заң
Мемлекет және құқық теориясы студенттерде
мемлекет және құқық, құқықтық және саяси
мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің
қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи
кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың
дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын
түсінуіне жәрдемдеседі. Алайда, жалпы
тарихи білімердің барлығын толық меңгеру
мемлекет және құқықтың жалпы теориясы
бойынша оқулықтар мен мақалалармен дербес,
өз бетімен жан-жақты жұмыс істеудің нәтижесінде
ғана жүзеге асуы мүмкін.
Ғылым ретіндегі мемлекет
және құқық теориясының
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым
бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі,
саясаты саласымен тікелей
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы ғылым болып табылады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықтарын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру әдісі мәселесін қарастырады.
Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Мемлекет және құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:
Теориялық-танымдық функция–мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мәндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Тәжірибелік-қолданбалы функция.
Мемлекет және құқық теориясы, басқа
да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің
қызметін жетілдіруге, заңнама мен
оны қолдану тәжірибесін
Тәрбиелік функция. Мемлекет және құқық теориясы құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тәртіп және т.б. күрделі мәселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жәрдемдесуі қажет.
Мемлекет және құқық теориясының пәні. Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері. Ғылым әдісі–бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:
1. Жалпы әдістер–ойлаудың
кешенді қағидаларын
а) метафизика. Ол мемлекет пен
құқықты мәңгілік және өзгермейтін
институттар ретінде
ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағ әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
2. Жалпы ғылыми әдістер–жалпы әдістер сияқты бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезеңдерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) талдау–күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;
ә) синтез–құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түрде біріктіре отырып зерттеу;
б) жүйелік әдіс–объектінің тұтастығын ашуға, ондағы әртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;
в) функционалды әдіс–бір әлеуметтік құбылыстардың екіншілеріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.
3. Жеке ғылыми әдістер–мемлекет
және құқық теориясының
а) нақты-әлеуметтанушылық әдіс–сұраудың,
бақылаудың, сұхбаттасудың және т.б.
тәсілдердің көмегімен
ә) статистикалық әдіс–нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық әдіс–кибернетиканың түсініктері, заңдары және техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
4. Жеке құқықтық әдістер–тек
заң ғылымдарына ғана тән
а) формалды-заңды әдіс–заң
түсініктерін,олардың
ә) салыстырмалы-құқықтық әдіс–әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы және арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді.
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы. Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) техникалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гуманитарлық ғылымдар.
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, әлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары–гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық әлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:
мемлекет және құқық теориясы;
тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы);
салалық заң ғылымдары ( конституциялық, азаматтық, қылмыстық және т.б. құқық салалары);
қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.).[3]
Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жұйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар ұшін нақты материалдар береді.
Заң ғылымдары жүйесіндегі
мемлекет және құқық
Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пәні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы барлық салаларға ортақ мәселелерді зерттейді, яғни, мемлекет және құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады. [4. 3]\
1.2 Құқық негіздері теориясының функциялары
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік билікке жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді;
- тікелей қоғамдық болып
табылды, алғашқы қауымдық
- бұл биліктің биліктік
органдары ретінде рулық
Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:
1. Діни теория–мемлекеттің,
мемлекеттік биліктің пайда
Патриархалды теория–
Шартты теория–ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. Күштеу теориясы–мемлекеттің
пайда болу негізі ретінде
күштеу әрекетін, бір халықтың
екінші халықты жаулауын
Психологиялық теория–мемлекеттің пайда болуын адам психмкасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
Органикалық теория. Бұл
теорияның өкілдері Г.Спенсер,
Вормс, Х.Прейс мемлекетті
Ирригациялық теорияға
сәйкес мемлекеттердің алғашқы
қанаушы нысандарының пайда
Материалистік теория–мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері–К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин–мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
Шығыста «өндірістің азиялық тәсілің (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері–жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины–мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар–патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.
Қазақстан Республикасының
өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып
қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне
жақындады. Осы аталған он бес
жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған
арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз
былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі,
экономикасы, саяси жүйесі бар өзге
елдермен қабырғамыз да тереземіз де
тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды
елім, жерім дейтін әр пенде үшін
ауыз толтырып, көңіл толғандырып
айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын
анықталып өрлеу сатысына жеткен
тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен
айырылып барлық нәрсені жан-жақты
зерттеуге болатын күн туды. Бүгінгі
таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан
мемлекеттер қатарында
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен iшкi мазмұнының диалектикалық бiрлiгi байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбіне монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерiнiң философтары, Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлiнбейдi, олар бiр-бiрiмен тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституциясының орнына екiншi 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси режимі құрылды
Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктерiмен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік қызмет туралы” заңның екiншi бабында мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де мiндеттерi мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет.
Мемлекеттік аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге бiрiктiредi. Бұл жүйенің негiзiн экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзiнiң орны, бiр-бiрiмен қарым-қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптері көрсетiледi. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және iстерi өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билiгi орнаған Парламенттік республикада негiзгi функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметі.
Қазiргi мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелі, тиiмдi болуы.
Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық
принциптерге сәйкес болуға тиіс.
Мемлекеттің лауазымды
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны іске асыруға мiндеттi. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкiлдерi мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады.

- Мемлекет және құқық теорияcы
- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясынң жалпы сипаттамасы
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
- Мемелекеттің инвестициялық тартымдылығы
- Мемлекет аппараты
- Мемлекет аппараты
- Мемлекетаралық келісім шарттар
- Мемлекет баскару нысаны
- Мемлекет басқару нысанының түрлері
- Мемлекет және азаматтық қоғам