Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
1.2 Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
1.3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
1.4 Қазақстан мемлекетін нығайту тұрақтылық пен прогрестің басты факторы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекет туралы жазуды бастардың
алдында біз ең алдымен оның қоғамда
әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір
өзара қарым-қатынаста
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен
өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде
материалдық және рухани игіліктер
өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып
жатады, осының өзі белгілі бір
тәртібі, адамдар арасындағы өзара
қарым-қатынастардың
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе
ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы
процестерге ықпал ететін және олардың
динамикасы мен бағытын анықтайтын
факторларды белгілеу, осыған байланысты
әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері
көптеген теорияларға, тұжырымдар мен
пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың
кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың
тарихында айтарлықтай із қалдырмастан,
тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі
ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын
жаулап алды, әлі де болса олардың
дүниеге көзқарасы мен
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Тікелей Қазақстан аумағында
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан «шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет
қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері
мен қажеттіліктерін
Зерттеу пәні: мемлекет пен құқықтың даму процесі
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу
Зерттеу нысаны: мемлекет пен құқықтың пайда болуын қарастыру
Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау, әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктерін қарастыру және қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімнен және де мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы сипаттамасына бағытталған бірінші бөлімнен, Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуына бағытталған екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
- Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
Алғашқы қауымдық қоғам адамдардың пайда болуы, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрлысында мида да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтежесінде шамаменосыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар қалыптасты. Адамдардың дене құрлысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрлысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте - бірте алғашқы қауымдық қоғамда өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырады: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгертіп, прогрестің жаңартуы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлуметтік дамуы екі кезеңге бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттармен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту.
2. Экономиканы қолдан жасау дәуірі - 12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана- сезім, білім жоғарлады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық егіншілік арқылы сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы - экономиканың негізгі сипаты: қоғамдық, еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс, қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестік.
Бұл құрылымдарды құруды, дамытуды қоғамның экономикасының, тәжірибесінің, құралдарының даму деңгейіне сәйкес жасап отырған.
Қоғамдық басқару және әлеуметтік нормалар - қоғамдық күрделі мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған. Күнделікті мәселелерді шешіп басқару үшін ру басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді, ру басшыларының кеңесін басқарған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді күнделікті басқару үшін Кеңестің мәжілісінде тайпа, одақ, бірлестіктердің басшылары сайланып отырған. Олар жұртпен бірдей еңбектеніп, қоғамдық жұмыстарын атқарып жүрген.
Алғашқы қауымның даму процесінде әлеуметтік мононормалар қалыптасып, сол арқылы қарым қатынастарды реттеп, басқарып отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері; әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық континенттерде бірдей болады. Мысалы, шығыс елдерінде мемлекет пен құқықтың дамуы бір - біріне ұқсас, Афин, Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болады. Европаның, Азияның басқа елдерде - үшінші түрде дамыды. Бұл елдерде алғашқы қоғамның феодалдық формацияға - қоғамға көшті.
1.2 Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжрибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы кұрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшы- лықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық
еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше турлері бар:
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия,
Қытай, Араб т. б. шығыс типті
елдерде) мемлекеттің
Сонымен, Шығыс елдеріндегі
– ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
– оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі тұрде топтастыру, біріктіру;
– барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы
ру, тайпаны басқарған аппараттан
өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың
бұқарадан алыстай түсіп
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық кұшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бір- лестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол – әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңга тәуелді кесімдер, шарттың пормалар, заң куші бар соттың шешімдери
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сұйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сұйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
- Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сұріп келеді. Жеке адамдар тйісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп тұсіндіреді.
Табиғи теория – XVII-XVIII ғғ қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий , Т.Гобсс, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо,Б, Спиноза, А. Радищев. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау). Оны ешкімде жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды . қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасасып мемелекет құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдердің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Тарихи теория – осытеорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы тұрде өздерінің мұдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы – әке, мемлекеттің басшысы – монарх.
Психологиялық теория – XIX ғ.бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л.И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіпп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. Яғни, адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері:
Л. Гум-плович, К. Каутский, Е.. Дюринг т.б.
Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен
шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп,
зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып,
бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады
— деп түсіндіреді.
Материалистік теория
— мемлекет пен құқықтың пайда болуын
экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері:
қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің,
жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның
қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық
күресінің басталуы. Мемлекет пен қққықтың
мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық
мүдде-мақсатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі
құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген
бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы
болып жатқан объективтік факторлар құрастырады:
биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар.
Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет
пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан
толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда
көрсетілген теориялардың бәрінде де
кемшіліктер мен жетістіктері бар. Оны
ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың
пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ
түсіндіретін — тарихи материалистік
теория. Бұл теория мемлекет және құқық
тарихи туынды-қоғамның антагонистік
тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады
деп түсіндіреді.
Кемшілігі — мемлекет
пен құқықгы тек экономикалық базис пен
шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын
бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі)
және олардың келешегін болжаудағы жіберген
қателіктер.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «әдет» заңына бағынып келген.
1465 жылы тарихта тұңғыш дербес
қазақ хандығының негізі
Мүлік заңдары (мал, мүлік, жер дауы мәселелері).
Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, урльщ мәселелері).
Әскери заңдар (цосын, аламан, әскеры міндет, тулпар ат, цара қазан мәселелері).
Елшілік жоралары (майталмандъщ, шегаендік, сыпайыльщ, әдептілік).
Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. 6,).
Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 лок.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.
Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.
1.4 Қазақстан мемлекетін нығайту тұрақтnылық пен прогрестің басты факторы
Тарихи ауқымында бул уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, мемлекетттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын.
Қазақстан Конституциясы мемлекеттілігіміздің беріктігін нығайтуға түсті, биліксалалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрдебекіті. Азаматтық қоғамдық институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепәлдәктерә бекәтәлді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.
Экономика да өзгеріліп жатыр. Жыл өткен сайын ұлттық рынок толыққанда бола түсуде. Қазақстан халқаралық рыноққа да жан жақты араласуда.
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі..
Қазақстан зайырлы, демократикалық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік , мүліктік және лауазымдық жағдайында, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.
Адамдарды патриотизмге, азаматтылыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмейтін негізгі міндеті. Азаматтық келісім негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келді. Нақ осының арасында көптеген елдер дағдарыс пен жоқшылықты еңсере білді. Келешекте біз де дағдарыстан шығып, экономика мен әлеуметттік жағдайды жақсартып, құқықтық, демократиялық мемлекет орнатып, дамыған елдердің қатарында боламыз.
Қорытынды
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен
өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде
материалдық және рухани игіліктер
өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып
жатады, осының өзі белгілі бір
тәртібі, адамдар арасындағы өзара
қарым-қатынастардың
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе
ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы
процестерге ықпал ететін және олардың
динамикасы мен бағытын анықтайтын
факторларды белгілеу, осыған байланысты
әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері
көптеген теорияларға, тұжырымдар мен
пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың
кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың
тарихында айтарлықтай із қалдырмастан,
тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі
ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын
жаулап алды, әлі де болса олардың
дүниеге көзқарасы мен
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Қазақстан аумағында мемлекеттің
пайда болуы мұнда мемлекеттің
ролінің күштілігімен сипатталатын
өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи
формацияның бекітуімен байланысты.
Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері
өндірістің негізгі құралына айналды,
оларды иелену үшін қырғын ұрыстар
болды. Соның барысында рулық
байланыстар мен қарым-
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан «шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді.
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан «шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді.
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол – әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық
еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде
Қазақстан зайырлы, демократикалық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік , мүліктік және лауазымдық жағдайында, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Баймаханов М.Т. Избранные труды по теории государства и права. – А., 2004.
2. Ағдарбеков, Т. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері.- Оқулық. - Алматы, 2008. – 189 б.
3. Сапарғалиев Ғ., Ибраева
А.С. Мемлекет және құқық
4. Марченко М.Н. Теория государства и права. Учебник. 2-е изд. – М., 2006.
5. Матузов Н.И., Малько
А.В. Теория государства и
6. Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. – М., 2000.
7. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. 2-е изд. – М., 2005.
8. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому кодексу Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика Алматы, 1996.
9. Басин Ю.Г. Сделки. - Алматы, 1997.
10. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Общие положения. – М., 1997.
11. Гражданский кодекс
Республики Казахстан (Общая
12. Гражданский кодекс
Республики Казахстан (
13. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан. - А., 1997.
14. Уголовное право Республики Казахстан. Часть общая. / под ред. И.И.Рогов, М.А.Сарсембаев. - Алматы, 1998.
15. Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 1997.
16. Рогов И.И.
Уголовный кодекс Республики
Казахстан – общая
17. Уголовное право Республики
Казахстан. Особенная часть:
18. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Под ред. И.И. Рогова и С.М. Рахметова. Книга 2. - Астана, 2007.
ҚазГЗУ колледжі
Қ у р с т ы қ ж ұ м ы с
Пәні:_________________________
Тақырыбы:_____________________
Ақтөбе 2013 ж

- Мемлекетік әдет ғұрып
- Мемлекетің құрылым нысаны
- Мемлекетің сыртқы экономикалық саясата
- Мемлекет құрылымының инвестициялық саясаты
- Мемлекет мәні, әлеуметтік құндылығы
- Мемлекет механизмі
- Мемлекет механизмі
- Мемлекет және құқық теорияcы
- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясы
- Мемлекет және құқық теориясынң жалпы сипаттамасы
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі