Мемлекеттің мәні мен басқару нысандары

І. Мемлекеттің мәні мен басқару нысандары

 

1.1 Мемлекет түсінігі,  негізгі белгілері және негізгі сипаттамалары

Мемлекет түсінігін анықтау  барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әр қилы қабылдау мүмкіндігін  білдіретін субъективті сипатын  ғана емес,сонымен қатар олардың объективті жағдайларында ескерген жөн. Бұл жерде сөз,ең алдымен,құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігімен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі болып отыр. Осыған байлнысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзин «мемлетет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әртүрлі нысандармен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі»деп атап өтеді.

Жапы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар  мағынада қолданылады. Кең мағынада мемлекет деп қоғамның өзін немесе оның бір қандайда ерекше нысанын айтады. Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субьектілері,ұлттар,белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады.

Қазіргі заманғы  мемлекеттануда мемлекет түсінігі жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар қалыптасып, олар оны бірнеше мағынада, атап айтқанда, заңдық, әлеуметтік, нормативтік және органикалық мағынада қарастырады. Заңдық көзқарас тұрғысынан мемлекет заңды тұлға,»құқықтық феномен», ерекше корпорация ретінде қарастырылып,басқа корпорациялардан тек ұлт немесе ел маштабында белгіленген құқықтық тәртіппен ерекшеленеді. Осыған сәйкес мемлекет мәселелері ретінде қарастырылып, адамдардың дұрыс іс-әрекетін және тәртібін бейнеаейтін құқықтық тәртіп ретінде анықталады.

Мемлекет пен  құқық арасындағы қатынастар жеке адам мен құқық арақатынасы сияқты бірге қарастырылуы тиіс деп ұйғарылады. Бұл Кельзеннің ойы бойынша мемлекет құқықты шығарушы мен бекітуіне қарамастан,жеке тұлға ретінде өзінің тәртібімен іс-әрекетінде құқықпен байланысты болу қажет екендігін білдіреді.

Әлеуметтік  аспектіде мемлекет өзінің құқықтық тәртібімен құқықтық өміріне тәуелсіз болатын небір «әлеуметтік жалпыға  бірдейлілік»,әлеуметтік қоғам болып  саналады және оған түрлі органдар бойынша билікті бөлу сипаты тән. Автордың көзқарасы бойынша «барлық іс-әрекетті Үкімет бір өзі жасайтын және биліктіде өз қолына шоғырландыратын бірде бір мемлекет жоқ». Қоғамда әр кезде бірнеше әкімшілдік құрылымдар болған және бар. Олардың қызметінің нәтижесінде қоғамдағы қатынастардың басым бөлігі туындап,басқару мен бағындыру актілерінің көбі пайда болды. Ал олардың жиынтығы «әлеуметтік мемлекет»деген ұғымды білдірді.

Сонымен қатар  мемлекет түсінігі тірі «табиғи организм»ретінде анықталады. Осы бағытқа сәйкес ол «әлеуметтік биологияның нысаны»ретінде қарастырылады. Мемлекеттің түсінігіне деген  мұндай        көзқарасты австриялық заңгер Г.Кельзенге дейін көптеген авторлар, атап айтқанда, мемлекеттің органикалық теориясын жақтаушылар қолдады.

20-21 ғасырларда өз дамуының жоғары шегіне жеткен бұл теория барлық әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтармен түсіндірілуге тырысты. Олар қоғамды толығымен организмге теңестіріп,ал мемлекетті тіршілік етіп жүрген және болашақта дүниеге келетін азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын «жалғыз институт»деп санады.

Нормативтік мағынада мемлекет түсінігі Г.Кельзин және оның нормативист-жақтаушыларының анықтауы бойынша «нормалар жүйесін», «нормативтік тәртіпті», «мемлекет-билік» немесе «саяси ұйымдастырылған қоғамды» білдіреді. «Мемлекетке саяси сипат тән. Оның саяси ұйым болып табылатыны,алдымен күшті қолдану ретін белгілейтіндігіне, өйткені ол күшті қолдануда монополист болып табылады» - дейді автор.

Сонымен, бір жағынан, мемлекеттің құбылыс пен түсінік ретіндегі күрделілігі мен көп қырлылығы,екінші жағынан әр түрлі авторлардың оны қабылдау субъективизмі оны түсіну мен түсіндіру варианттарының көп болуына объективті жағдай туғызады. Осыдан  қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде мемлекеттің көптеген анықтамалары мен түсініктерінің пайда болуы мен олардың көптеп қолданылуы түсінікті. Бұл туралы Л.Гумплович

Қанша мемлекет танушылар мен философтар бар  болса,сонша мемлекеттің анықтамасы болады»-деп жазды. Сол себепті мемлекетке тарихи дамуының әр кезеңінде ғалымдардың берген анықтамаларының бір текті болмағаны айқын. Мысалы ұлы ойшыл Аристотельдің пікірінше «мемлекет дегеніміз ешкімге тәуелді емес азаматтардың қарым-қатынасының жоғары нысаны».

Қайта өрлеу  дәуірінің көрнекті ойшылы Никколо  Макиавелли 1469-1527 ж.ж мемлекетті «қажетті мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыру арқылы ортақ игілікке қол жеткізу» деп түсіндіреді.

16 ғасырдағы  ірі француз ойшылы Жан Боден  мемлекетті «қайырымдылық пен  әділеттіліктің мәңгі бастамаларын  басшылыққа алатын жоғары билік  және отбасын құқықтық қорғау» деп қарастырады. Бұл бастамалар мемлекеттік құрылымның мақсатын құрап,ортақ игіліктер әкелуі қажет деген. Осы дәуірдегі белгілі ағылшын философы Томас Гоббс – бейбітшілікпен табиғи құқықтарды жүзеге асыратын кепілгер ретінде мемлекеттің шексіз билігін жақтаушылардың  бірі. Ол  мемлекетті «тұтас тұщға, тәуелсіз жоғары билеуші, оның қалауы халықтың қалауы болады, сондықтан ол барлық адамдардың әрқайсысының  күші мен мүмкіндігін ортақ бейбітшілік пен қорғаныс үшін қолдана алады» деп санайды.

Либерализмнің саяси-идеялық доктринасын құрушы, ағылшын философ-матералисі Джон Локк (1632-1704) «мемлекет басым күштің, яғни мемлекет құрамына кіретін көптеген азаматтардың ортақ еркі» дейді. Ол мемлекетті өздері бекіткен жалпы заңдардың негізінде біріккен адамдардың жиынтығы ретінде қарастырған.

Неміс әдебиетінде  мемлекет «белгілі бір аумақта және жоғары биліктің қол астында біріккен халықтың ұйымы» ретінде көрсетідсе (Р.Моль), ал өзге әдебиеттерде «құқықтық  жағдайды жан-жақты қолдану үшін құрылған жоғары биліктің қол астындағы белгілі бір аумақтағы еркін адамдардың одағы» ретінде қарастырылады (Н.Аретин). Үшінші жағдайда мемлекет «белгілі құқықтық тәртіпті қорғау үшін табиғи түрде пайда болған билік жүргізуші ұйым, - деп айтылған (Л.Гумплович).

Сонымен мемлекет, әсіресе 1917 жылғы  төңкеістен  кейінгі  кезеңде, Ресейде  «қандай  да  бір  тапты  басу  үшін  арналған  күш  көрсету  ұйымы»  ретінде  түсіндіріледі. Академилық  басылымдарда  және  оқу  әдебиеттерінде ол көбінесе қатаң таптық  мағынада «өз диктатурасын  жүзеге  асыратын  экономикалық  үстем таптың,  билік аппаратының саяси ұйымы немесе  негізгі өндіріс құралдарының   меншік  иелерінің ортақ мүдделерін  қамтамасыз  ететін  және  қорғайтын,  тарихи түрде келетін,  қоғамнан  бөлініп шығып,  оның  экономикалық  құрылымынан  туындайтын  саяси  биліктің  таптық  ұйымы» ретінде сипатталады. 

Соңғы  екі  онжылдықта, 1985  жылғы  қайта  құру  кезеңінен  бастап  алдымен  ресми  жалпы одақтың,  ал  кейін қазақстандық  саясат  пен  құқық   анықтамаларындағы  таптық үндестік біртіндеп жалпы  әлеуметтік  үндестікпен  ығыстырыла  бастады.  Мемлекет  қайтадан  ұйым  немесе  барлығы үшін  арналған  институт  ретінде  қарастырылды.  Осы  орайда  оған  «өзінің  билігін  елдің  бүкіл  аумағына  және  халқына тарататын және  осыған  сәйкес  арнайы  басқару аппарат бар,  барлығына міндетті  бұйрықтарды шығаратын қоғамның  біріңғай  саяси ұғымы»  деген анықтама  беріледі.

Мемлекет  түснігін  таза  таптық  тұрғыдан  да,  жалпы  адами тұрғыдан  да  анықтау  біржақты  қөзқарасты  білдіреді.  Нақты  өмірде  таза  таптық  та,  таза  жалпы  адами да  мемлекеттік институттар жоқ,  демек,  соған сәйкес  мемлекет  түсінігінің анықтамасы  да  жоқ. Осыдан  мемлекет  түсінігін анықтау барысында оның тек таптық  элементтерін  және  соған сәйкес  белгілерін  ғана емес,  сондай-ақ  таптан  тыс,  «жалпы  адами»  белгілері мен сипаттамаларын  да  ескрген  жөн.

Қорыта  айтқанда, мемлекет  кез  келген  қоғамның  табиғатынан туындайтын  таптық  тар  ауқымдағы  міндеттерді  ғана  емес,  сонымен  қатар  ортақ  істерді  атқару  үшін  қажетті  саяси  билік  ұғымы. Бұл  анықтама  жоғарыдағы аталған   анықтамаларға  қарағанда  мемлекет  түсінігін  ғана  емес,  сонымен  бірге  билік  басындағы  таптардың  немесе топтардың мүдделерін  қамтамасыз  ететін  институт  ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік  тағайындалуын нақтырақ  айқындйды.

Мемлекеттің  мәні,  адамдар  өміріндегі  оның  орны  мен  рөлі  жөнінде  өткен  ғасырда  либералдар  мен  этатистер  арасында  туындаған  пікірталас  жалғасын  табуда.  Мемлекетті бұрынғыдай  күштеу  машинасы,  қысым  көрсету  құралы  ретінде  біржақты  түсіндіру  әлі де  болса  сақталуда. Қазіргі  мемлекеттанушы  ғалымдар  мемлекетті  әрбір  адамға  қайырым  жасауға  міндетті,  жалпыға  бірдей  игілікті  қамтамасыз  ететін  құрылым  ретінде  сипаттайды.

Мемлекет  көптеген  ғылыми  пәндермен:  мемлекет  және  құқық  теориясымен,  әкімшілік  құқық,  саясаттану,  әлеуметтік  бақару ғылымымен зерделентін копқырлы  құбылыс.  Әрбір ғылым  мемлекеттік  басқару  органдарының  қызметінің  белгілі  бір  аспективтісін,  олардың  құрылымын,  мазмұнын,  бағытталуын  зерттейді.

Мемлекет  қызметінің  маңызды  бағыты – адамдардың  қоғамдық  өмірін  басқару.  Ал  адамдардың  қоғамдық  өмірі  мемлекттік  басқару  теориясының  объектісі  мен  зерттеу  заты  болып  табылады.  Сондықтан  да  мемлекетті  әрбір  адам  қоғам  нысаны  ретінде  қарастырылады.  Ол  адамдардың  қоғамдық  қатынастар  жүйесімен  байланысты,  олармен  сана-сезіміне,  тәртібіне  және  қызметіне  қатысады,  белгілі  бір  аумақта  өмірді,  оның  ішінде  экономикалық  өмірді  ұйымдастыруға   әсер  етеді.  Мемлекет  мемлекеттік шекарамен белгіленген   аумақта өмір  сүретін адамдарды біріктіреді және  олардың өзара іс-әрекетін  қамтамасыз  етеді.  Мемлекет,  қысқаша  айтқанда,  адамдардың  аумақтық  ұйымдастырылуының  белгілі бір  тәртіптік  жүйесі.  Осыған  сәйкес,  біріншіден, ру-тайпалық  қарым-қатынастар  қоғамдық  қатынастармен  ауыстырылады.  Екіншіден,  әр  түрлі  адамдардың  ұлттық,  діни  және  әлеуметтік  белгілеріне  қатысты  бейтарап  құрылым  қалыптасады.  Тарихи  түрде  мемлекет  адамдардың  жаңа  қаумдастығын  құрады.

Мемлекет  өзінің  аумағында  тұратын  адамдармен,  оның  ішінде  азаматтығы  жоқ  тұлғаларды,  сонымен  қатар  басқа  мемлекеттің  азаматтарын біріктіретіндіктен,  ол  барлық  адамдар қауымдастығының  қажеттіліктерін,  мүдделері  менг  мақсатарын  объективті  түрде  білдіреді.  Дамудың әр кезеңінде  бір жағынан адамның  құқығы   мен бостандығын  қамтамасыз ету,  оның  шығармашылық  қызметіне еркіндік  беріп,   белсенділігін  арттыратын,   екінші  жағынан – қоғамға  белгілі  бір   ұйымдасқан  бастау енгізіп,  жеке адамдардың  қызметін  тәртіпке  келтіретін  мәселелердің  шешілу  жолын  табу  мемлекеттің  міндеті  болып табылады. Әдетте,  мемлекет ешнарсе  өндірмейтіндіктен  өздігінен  мәселелерді шеше   алмайды  деп есептелсе  де,  ол  барлық  қоғамның,  материалдық,  әлеуметтік, рухани  игіліктерді  өндіру  және тұтынумен  айналысатын  адамдардың  прблемаларының  шешілуіне ұйымдастырушылық және құқықтық негіз  қалып, қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің  мәні,  сонымен  қатар,  өз  мақсаттары  мен  қызметтерін  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  еру  үшін  өзінің  аппаратын – ортақ  қажеттіліктерді, мүдделерді,  масаттарды  айқындаумен  және  қоғамның  мемлекеттік-құқықтық  нормаларын  кәсіби  айналысатын адамдар  тобын  белгілі  бір  жағдайда ұйымдастырып,  оларды  қолдайтындығында.  Бұл  аппараттың   күрделі  құрылымы  мен  жан-жақты  бағытталған  қызметі  болуға  тиісті.  Оның  бір  бөлігі  заң  шығару  қызметімен ,  заңдардың  орындалуымен  және   сот  ісін  жүргізумен  айналысса,  екінші  бөлігі  мемлекеттің  ішкі  және  халықаралық  деңгейдегі  тұрақтылығын,  оның  әлемдік  қауымдастықпен  өзара  қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.  Аппараттың  жағдайы,  оның  қоғаммен  байланысы  немесе  одан  алшақтауы,  оның  көлемі  және  иерархиялық  құрылымы,  қызметкерлерінің  сапасы  және  көптеген  басқа  да параметрлері  мемлекет,  қоға  және  мемлекеттік  басқару  үшін  өте  маңызды.

Ғылыми  әдебиеттерде  кездесетін  мемлекеттің  көптеген  анықтамаларының  ішінде  келесі  екеуіне  тоқтап  өтуге  болады. Біріншісі,  мемлекетті  ең  кең мағынада:  адамдар қауымдастығы  ұйымының  жоғарғы нысаны  ретінде,  ортақ жоғары  билікке  бағынатын  адамдардың  саяси  одағы  ретінде,  біріңғай  ерікті  білдіру,  жалпы  мүдделерді  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  адамның құқығы  мен  бостандығын  қорғау  негізі  мақсаты  болып  табылатын  ұйым  нысаны  ретінде  сипаттайды.  Екінші  түсінікке  сәйкес,  мемлекет  адамдардың іс-әрекеті  мен тәртібін  реттейтін  саяси-құқықтық  институт,  саяси  билік  ұйымын  құратын  әлеуметтік  институттардың  жүйесі.  Мемлекетті  институционалдық тұрғыдан  қарастыратын  бағыт  оны  қоғамдағы  адамдардың  тәртібін  анықтайтын  нормалар  жүйесімен  байланыстырады.  Осыған  орай  испан  саясаттанушысы  Л.Санистебан  былай  деп  жазады:  шындығына  келгенде  мемлекет  «небәрі  нақты  уақыт  шеңберінде  орын алатын  әлеуметтік  тәртіпті заңдық  тұрғыдан  реттеудің бір түрі».

 

1.2 Мемлекет  функциялары  жөніндегі  ұғым  және  олардың  жіктелуі

Кез   келген  тарихи  тұрпаттағы  мемлекетті  ғылыми  тұрғыдан  танып-білі  биліктің  ерекше  ұйымы  ретінде  мемлекеттің  ғана  емес,  жалпы  қоғамның  да  негізгі  сапалық  сипаттамаларын  қарастыруды көздейді.

Мемлекеттің  функциялары – бұл  мемлекеттің  жалпы  адами  мәні  мен  әлеуметтік  тағайындалуы  көрініс табатын  және  нақтыланатын  оның  ішкі  және  сыртқы  қызметінің  негізі  бағыттары.  Бұл  анықтамада  мемлекет  функциясының  маңызды белгілері көрсетілген:

1. Мемлекеттің  функиялары  оның  жалпы  адами  мәнін тікелей  ашып көрсетеді және  нақтылайды; олардың  мазмұны  қоғам  мүшелерінің  ұлттық,  жеке  бастық  және  топтық  мүдделерін  ескертеді.

2. Мемлекеттің  функцияларында  оның  қоғам  өмірінің  әр  түрлі  саласында  атқаратын  рөлі айқындалып,  ел  ішінде  және  халықаралық  аренада   атқаратын  жан-жақты  практикалық  қызметі  көрініс  табады;

3. Мемлекеттің  функциялары оның  тарихи  міндеттері  мен  мақсаттарына  байланысты пайда  болады  және  дамиды;  мемлекет  өзінің  әлеуметтік  міндетін өз  қызметінің  тұрақты  қалыптасқан  бағытын  құрайтын  тиісті  функцияларды  іске  асыру  арқылы  атқарады;

4. Әр  түрлі  тарихи  тұрпаттағы  мемлекеттердің  функцияларында  оларға  тән  даму  ерекшеліктері  мен  заңдылықтары,  қоғам  өміріндегі  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және  рухани  өзгерістердің  деңгейі  нақты  көрініс  табады.

Мемлекет  әр  түрлі көптеген функцияларды орындауына  қарай  оларды ғылыми  тұрғыдан  жіктеу   қажеттілігі  туындайды. Функциялар  бір  бірінен  келесідей жалпы белгілері бойынша ажыратылады:  біріншіден, мемлекеттік әсер  ету объектісінің  ерекшеліктері,  өзінің  қызмет  ету процесінде  мемлекет  ықпал ететін  қоғамдық  қатынастардың   ерекшеліктері  бойынша; екіншіден,  әрбір  функция  мазмұнының,  яғни  мемлекет қызметінің  біртекті,  бір-біріне  ұқсас  түрлерінің  өзіндік  ерекшеліктері  бойынша.

Мемлекет   функцияларын  қоғамдық  өмірдің  салаларына  байланысты,  атқаратын  міндеттеріне  қарай  ішкі  және  сыртқы  деп  топтастыруға  болады.  Мысалы, экологияны   қорғау,  экономиканы,  мәдениеті,  ғылым  мен  білім беруді  дамыту -  бұл оның ішкі  функцияларын  құрайды.  Елдің  қорғанысы,  бейбітшілікті  қамтамасыз  ету  мен  әлемдік  тәртіпті  қолдау  және  тағы  басқалар мемлекеттің  сыртқы  функцияларына  жатады.

Мемлекеттің  ішкі  және  функцияларының  арасында  негізгі  және  қосымша  функцияларын  да  атап  өткен  жөн.  Негізгі  функциялар – бұл  белгілі  бір тарихи  кезеңде түбірлі стратегиялық  міндеттер мен мақсаттарды жүзеге  асыру жөніндегі мемлекет  қызметінің  жалпы маңызды бағыттары.  Оларға  бірқатар  сипаттар  тән: 

1. оларға  мемлекеттің жалпы адами мәні,  оның  әлеуметтік  бағыты  айқын көрініс  тапқан.  Мәселен,  бір  жағынан  байланыс  құралдарын  ретке  келтіру,  жол  құрылысы  мен  жөндеуді  қамтамасыз  ету,  көлік  жұмыстары,  өсімдіктерді  аурулардан  қорғау  жөніндегі  халықаралық  конвенцияларға  қатысу,  мемлекеттің  экономикалық,  әлеуметтік  қызметін,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын,  меншіктің  барлық  нысандарын  қорғау,  елдің  қоғанысны  жүзеге  асыру  іспетті  қызметінің  бағыттарын  салыстыру  жеткілікті.

2. арнайы  органдар  арқылы (мысалы, денсаулық  сақтау,  әлеуметтік  қамсыздандыру,  жоғары  білім  беру,  дипломатия,  сыртқы  сауда  және  т.б)  іске асырылатын  мемлекеттің көптеген  функцияларына қарағанда негізгі функциялар  әр  түрлі жағдайда  мемлекеттік аппараттың  көптеген  буындары  арқылы  орындалса  да  жалпы  мемлекеттік  қызметке  жатады.

3. өзінің  мазмұны  мен  құрылымы  жағынан негізгі  функция  кешенді,  жинақы  сипатта  болады,  сондықтан  жүйелі  талдауды  қажет  етеді.  Ол  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы  қызметінің  шешуші,  негізгі  бағыттарының  біріне  күш-жігерді  шоғырландырады. Әлеуметтік  өмірдің  нақты  саласындағы  өзара  ұқсас  ауқымды  қоғамдық  қатынастар  оның  негізгі  объектісі  болып  табылады.  Осыған  байланысты  мемлекеттің  негізгі функциялары  қоғамдық  қатынастарға  мемлекеттің фқпал етудің  басты бағыттары боынша  көптеген  қосымша функциларға топтастырылады.  Бұл функциялар  негізгі функциялардың құрылымдық  бөліктері бола  тұра,  қоғамдық  өмірдің нақты саласында мемлекеттің міндеттерін орындау жөніндегі  қызмет  бағытын  білдіреді.

«Қосымша» деген термин  көптеген  сан түрлі функциялардың ішінен  көлемі  ауқымды,  мазмұны бойынша жалпы мемлекеттің негізгі функцияларын  анықтау үшін  шартты  түрде қолданылады.  Негізгі функция әр  қилы  функциялардың  жиынтығын  емес,  ішкі  бірлігі  бар,  мақсатты  бағытталған  мемлекет  қызметінің  көптеген  бағыттарының  жүйесін  білдіреді.

Мемлекеттің  негізгі  және  қосымша  функцияларынан  мемлекеттік  органдардың  функцияларын,  яғни  мемлекеттің  механизм  мен  қоғамның  саяси  жүйесінде  алатын  орны  мен  атқаратын  қызметіне  қарай жеке  органдардың  құзіретін,  құқықтары  мен  міндеттерінің  жүзеге  асырылуын  ажырата  білу  қажет.

Өзінің  мазмұны  бойынша  мемлекеттің  негізі  функцияларының  орындалуы  көптеген  қосымша мемлекеттік  функциялар  мен  жеке  мемлекеттік  органдар  функцияларының  жүзеге асырылуының үздіксіз  процесін  білдіреді.  Аталған әр түрлі мемлекеттік функциялардың арасындағы  қатынас мемлекет  қызметіне тән жалпылықты,  ерекшелік  пен  бірлікті  білдіреді. Сонымен  қатар  мемлекеттің  негізгі  функцияларын  оның  қызмет  ету  міндеттерімен  және  қағидалармен  өзара  байланысты  қарастыру  қажет.

Мемлекеттің  функциялары мен  міндеттері   өзара  тығыз  байланысқан, бірақ бір-біріне  сәйкес  келмейтін құбылыстар.  Оларды  бір-біріне  қарсы қоюға да,  теңестіруге де  болмайды. Мемлекеттің міндеттерінде оның  әлеуметтік  бағыты,  белгілі бір тарихы  кезеңдегі миссиясы  анықталады. Міндеттер функцияларға  қарағанда  бастапқы  мәнге  ие  және  олардың  тікелей  алғышартын  құрайды.  Өз  кезегінде  мемлекеттің  функциялары  оның  міндеттері  жүзеге  асыру  және  орындау  құралдары  болып  табылады.

Мемлекттің  тарихи  дамуы  барысында  оның  функциялары  да  өзгереді:  олардың  кейбіреулері  жойылады,  басқалары – өзінің  мазмұнын  өзгертеді,  үшіншілері – жаңадан пайда болады.  Бірақ барлық  жағдайда  олардың пайда болуы нақты тарихи  кезеңдегі қоғамның  экономикалық  және  әлеуметтік  құрылымымен,  мемлекеттің  мәнімен  және  әлеуметтік  тағайындалуымен  байланысты.  Сондықтан  мемлекеттің  функцияларын  қарастырғанда  оның  белгілі  бір  қоғамдық – экономикалық жүйеге  жататындығы  ескерілуі  қажет.  Бұл  мәселелерді  өз  елімізде жүзеге  асырылып   жатқан  түдегейлі  жұмыстармен  байланыстыра  қарастыратын  болсақ,  онда  мына  жағдайларға  баса  назар  аудару  ләзім.

Бүгінгі  күні  Қазақстан  өз  мемлекеттілігі  дамуының  маңызды  кезеңін  басынан  кешіруде.  Бұл  кезең  түбірлі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  өзгерістерді  жүзеге  асырудың,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтары өзінің  ең   жоғары   құндылығы болып табылатын азаматтық қоғам мен демократиялық,  әлеуметтік, құқықтық  мемлекетті  қалыптастырудың өтпелі  кезеңінен бастау  алады.  Кеңес  Одағы  ыдырағанға дейінгі  уақытпен  салыстырғанда   Қазақстан мемлекетінің  функциясының  өзгеруі және  дамуы осы міндеттерді атқарумен тікелей байланысты  болды.

 

1.3 Мемлекеттік   құрылым  үлгілері  мен  басқару   нысандары

Қазіргі  заманғы  мемлекеттер  бір-бірімен  айтарлықтай  ерекшеленеді.  Бұл  айырмашылықтар  өзіндік    мәнге  ие  бола  отырып,  мемлекетті  басқаруда  көрініс  табады.   Сондықтан   мемлекеттерді  бір-бірінен  ажырататын  негізгі  белгілерді  қарастыру  қажет.  Аристотельдің   жіктемесі  бойынша  мемлекеттер  билік  күшінің  бастауымен  егеменді  иесі (яғни  дербес,  тәуелсіз  және  жоғары)  бойынша  монархиялық,  аристократиялық  болып  бөлінеді. Монорхиялық  мемлекетте  жоғары  билік мұрагерлік  жолмен  немесе  туысқандық  құқығымен,  кейде сайлау  жлымен  алатын  бір адамның –монархтық  қолында шоғырланады.  Қоғам мен мемлекет  дамуының  қазіргі кезеңінде монархиялардың  екі түрі  қалыптасқан:  дуалистік және  парламенттік.  Олар  белгілі бір деңгейде мемлекеттердің  тұрпатына,  олпрдың  пайда  болуы  мен  қызмет  ету  жағдайларына  тәуелді. Дуалистік  монархияға  тән  ерекшелік  - бұл  монарх  пен  парламенттің  арасында мемлекеттік  биліктің  ресми-құқықтық  бөлінуі.  Атқарушы  билікті  тікелей  монархтың өзі жүзеге  асырса,  заң шығарушы  билік іс  жүзінде монархқа  бағынатын парламенттің  қолында шоғырланады.   Сәйкесінше  аристократиялық мемлекетте  жоғары  жоғары  билік  қоғамның  элитасына,  оның  білімді,  тәжирбелі  және  парастты  өкілдеріне  тиесілі деп саналады.  Демакратиялық   мемлекетте  биліктің  бірден-бір бастауы - халық төменнен жоғары  қарай қағидасы  бойынша   тікелей өз  еркін білдіту арқылы  мемлекеттік билікті қалыптастырады.  Бүгінгі   күні  сақталған   монархиялар  әр  түрлі  нұсқада  және  қатынаста  монархиялық,  аристократиялық  және демократиялық белгілерді  үйлестірген  конститутциялық (заңмен  шектелген)  монархияларға  айналған.

Элитаның  ұйымдастырушылық  бірігуінің (консолидациясының)  күрделілігіне  байланысты  таза  аристократиялық  мемлекеттерді  анықтау  қиындық  тудырады.  Көбіне  элита  монархияның  болмаса  демократияның  атын  жамылып  басқарды  және  басқарады. «Біз, халық,  бекітеміз  және  қабылдаймыз»  деп 1787  жылы АҚШ  Конституциясында  жазылғанмен  де  демократиялық  мемлекеттің  қадір-қасиеті  мен  болашағын  мойындау  өткен ХХ ғасырда  жүзеге  асты.

Әрбір  жоғары  билік  тұрпаиына  сәйкес  мемлекеттік  басқаруды  ұйымдастру  мен  жүзеге  асыру  логикасы   анықталатынын  ескерген  жөн. Басқару нысаны  жоғары  және  жергілікті  мемлекеттік органдардың құрылу  және  олардың арасындағы  өзара қарым-қатынас тәртібін  қамтитын  мемлекетті  ұйымдастыру ретінде қарастырылады.  Биліктің  бір адаммен жүзеге  асырылуы  болмаса   оның  ұжымдық  органның  қолында  шоғырлануына  қарай  басқару  нысандарының  айырмашылықтары  бар.  Осыған  сәйкес  бірінші  жағдайда  монархиялық  басқару  нысаны  қалыптасса,  екіншісіне  республикалық  басқару  нысаны  тән.

Әрбір  нысаны,  яғни  жалпы  мемлекеттік  билікті  ұйымдастыру  бойынша  парламенттік  және  президенттік  республикалар  болып  бөлінеді.  Сонымен  бірге  аралас  нысандары  да  кездеседі:  жартылай  президенттік  республика  және   парламенттік  монархия.  Ол   билікті  бөлу  қағидасын  мойындау  мен  оны  жүзеге  асыру механизмдерінің  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты.   Парламенттік  республикада  сайланбалы  заң  шығарушы  орган  белгілі  басымдыққа  ие.  Үкімет  парламент  арқылы  құрылады  және  соның  алдында  есеп  береді (Италия, Германия).  Премьер-министрдің  лауазымы  бар  парламенттік  монархиядағы  заң  шығарушы  және  атқарушы  биліктің  құрылу  механизмі  мен  арақатынасы да  осындай.

Парламенттік  монархия  мемлекеттік  билікті  жүзеге  асырудың  саласында  монархтың  мәртебесінің  ресми  және  нақты  шектелумен  ерекшеленеді.  Заң  шығарушы   билік  толықтай   парламентке тиесілі,  ал  атқарушы  билік өз  қызметі үшін  парламенттің  алдында жауапты үкіметтің қолында шоғырланады.  Үкіметтің құрылуына монарх қалыптасқан дәстүрді  сақтау  мақсатында  ғана  қатысады.  Ұлыбритания,  Дания,  Голландия,  Швеция  сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық мемлекеттер қаратына  саналады.

Мемлекеттік  құрылым  нысандары  бойынша  мемлекеттер  унитарлық (біртұтас)  және  федеративтік  болып бөлінеді.   Унитарлық мемлекет – біртұтас  мемлекеттік құрылым.  Мемлекет  бұл жағдайда  мемлекеттік биліктің  тік бірыңғай  жүйесі  арқылы  басқарылатын  әкімшілік аумақтық бөліністерге  ғана  бөлінеді.  Оларға  автономдық  құрылымдар  құрылуы  және  дамыған  жергілікті  өзін-өзі  басқару  болуы да  мүмкін.  Мұндай мемлекетте бүкіл  елге  ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары  органдарының,  біріңғай  сот жүйесі  мен конститутцияның болуы тән.  Ұлыбритания, Франция,  Италия,  Венгрия,  Монғолия  және   т.б.  мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің  қатарына  жатады.

Федерация  мемлекеттік  құрылымның  күрделі  нысанын  құрайды.  Федерация  мемлекет –  басқа  мемлекеттерден  немесе  мемлекеттік  құрылмыдардан – федерация мүшелерінің (штатдардан,  кантондардан,  одақтас немесе  автономдық  республикалардан)  тұрады.  Мемлекеттік құрылымдардың әрқайсысының  әкімшілік-аумақтық  бөлімдері болады.  Барлық  федерацияға ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары  органдарының  болуы және  қызмет етуімен қатар олардың аумағында өздеріне  тиесілі мемлекеттік басқарудың  жоғарғы және  жергілікті  органдары әрекет  етеді.   Осыған  сәйкес  конституциясы, басқа федералдық  заңдары,  сот,  прокуратура және  өзге  де  органдары болады.  Жоғарыда  айтылған  анықтамаларға  сәйкес  Қазақстан – біртұтас,  ал  Ресей федеративті мемлекет  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Мемлекеттің  басқару ісі және оның санаткерлік әлеуметі

 

2.1 Басқару ісінің  мәні және құрылымы

Саяси институттар  мен әкімшілік басқару органдарының қызыметі тиісті мемлекеттік саяси  және әкімшілік шешімдерді қабылдау мен іске асыруда көрініс табады. Шешімдерді талдау-мемлекеттік басқару  теориясының ажырамас аспектісі  болып табылады. Шешімдердің тұрпаты,оларды әзірлеу тәсілдері боиынша,әр түрлі субъектілердің қатысу деңгейлеріне қарай қоғамдық-саяси жүйенің нақты сипаттары туралы айтуға болады. Басқарушылық шешімдер барлық  деңгейлерде қабылданады. Сәйкесінше тиісті мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шешім қабылдау субъектілері болып табылады. Шешімдерде қарастырылатын мәселелер басқарылатын объектілердің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес анықталады. Осы шешімдердің  тұрпаты мен деңгейлеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қабылдау және іске асыру процестерін сипаттайтын оларға кейбір ортақ белгілер тән. Сондықтан теориялық талдау басқару субъектілерінің қызмет ету жағдайларының жалпы белгілерімен қатар ерекшеліктеріне де қарастырады.

Сонымен мемлекеттік билік  және жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқару мақсаттары  мен  функцияларын кәсіби даярлықты және қажетті амалдарды, тәсілдерді, нысандарды, әдістерді қолдануды талап ететін адамдар еңбегінің ерекше түрі – басқару ісі арқылы жүзеге асырады.

Басқару ісі – қолданбалы  сипаттағы құбылыс, себебі ол басқару мақсаты мен  функцияларын жүзеге асыруға, басқарушылық шешімдер  мен  әрекеттерді әзірлеп, нақты өмірде қолдануға бағытталған.

Басқару ісі басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруға бағытталған  интелектуалдық мазмұнымен ерекшеленеді, өйткені ол қоғамдық процестердің  ағымын және жағдайын, адамдардың сана – сезімін, тәртібін, қызметін өзгертетін басқарушылық  шешімдерді дайындауға,  қабылдауға және  іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ол  әлеуметтік  нақтылықты, ондағы қорларды, құралдарды, резервтерді  анықтайды,  оны  жетілдіру  мен жаңа  деңгейге көшірудің  оңтайлы әдістерін табады. Оның басты мән – мағнасы басқарылатын  процестің  жаңа сапасын  ашу, ал бұл шығармашылық күш – қуат  қажет еттеді.

Басқару ісі ақпараттық  мәнге ие,  яғни ең алдымен басқару   ақпараттарын  қалыптастыру, ой  елегінен өткізу, мәселені  талдау, бір жүйеге келтіру процестері орындалады. Мемлекеттік басқаруда тек қандай  да  бір жалпы қоғамдық  процесті сипаттайтын, оның  жағдайы мен динамикасын,  қорғаушы күштерін айқындайтын ақпараттар ғана жарамды болып табылады.

Мемлекеттің мәні мен басқару нысандары