Мемлекеттің шығыстары



Кіріспе

 

   Шығын деген ұғымды түсіну үшін ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор. Мемлекеттің шығыстары-бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары.

   Курстық жұмысымның өзектілігі де осында, яғни мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастардың бірі.

   Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр.  Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды.   Минералды ресурстарды игеру  бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр. Алайда, үнемі өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламайды. 2020 жылдан бастап мұнайды өндірудің физикалық көлемі өсуді тоқтатады немесе тіпті төмендейді.  Экономиканы көтеру шикізаттық емес өндірісті өсіру негізінде қамтамасыз етілетін болады. 

   Экономикалық гүлденудің ұзақ мерзімді негізі және өмір сүру деңгейінің ең негізгі көрсеткіші өндірістің тұрақты дамуы болып табылады. Ол экономика белгілі деңгейінде пайдаланылатын ресурстарды бар ресурстарды интенсивтірек, тиімдірек немесе шығармашылықпен қолдану есебінен көбірек өндіргенде жүзеге асады. Өндіріс өсуінің негізгі бөлігінің бірі адам капиталына бөлінген инвестицияның сапасы мен деңгейі болып табылады.  

   Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады.  Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.   

   Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Оны жасап жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. Экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады. Мемлекеттік шығыстардың маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға-оқу-ағарту, ақпаратты, қызмет көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсызддандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Міне, осында менің курстық жұмысымның өзектілігі жатыр.

  Курстық жұмысымның мақсаты: білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, адамзат капиталын дамытудағы рөлін айқындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.                    Мемлекеттің шығыстары

1.1 Мемлекет шығыстарының мәні, құрамы және сыныптамасы

 

   Мемлекеттің шығыстары- бұл мемлкеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

   Мемлекеттің шығыстары-мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.

   «Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:

1.      Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас үдерісінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік жіне өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіріктіріледі, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.

2.      Айырбас үдерісінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлкеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақшалай шығыстар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

   Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті бейнелеп көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды («табыстарға» қарама-қарсы) қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

   Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (рыноктық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлкеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлкеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

   Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлкеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

   Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

1.      өндірістік, шаруашылық пайдалану қызметімен байланысты шығындар;

2.      ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;

3.      бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

4.      көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

   Шығындардың бірінші тобы капиталдардың толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарғы жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын кіріктірдеі.

   Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік үдерістердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен ару және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған рыноктық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

   Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының ролін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызметтеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың рыноктық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтық жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

   Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер  түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

   Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтық әлеуметтік тұрмыстық деңгейін арттыру мақсатында мемлекет материалдық және материалдық емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге және қайта  бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.

   Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық  шаруашылықтың және өңірдің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.

   Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизімінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауылшаруашылығын  қаржылық қолдаудың мемлкеттік қоры); бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.

   Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.

   Ресуртарды пайдалануда үнем режімін сақтау-мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұйымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.

   Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру үдерісін білдіреді.

   Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландыру кездеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

   Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық, өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың үдерісінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

1.      материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;

2.      қызметтің материалдық емес (қызметтер) сферасындағы шығыстар;

3.      мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;

   Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.

   Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Материалдық емес сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй мен мәдениеті тұрмыстық құрылысққа, жұмыскерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлкеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

   Материалдық емес сфера қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндірске жеткізу, материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.

   Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылды. Қорлану қоры мен тұтыну қорының ара салмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86%-ға жуығын құрайды.

   Үшінші топтың мемлекет шығыстары-мемлкеттік резервтерді жасау мен молықтыруға салатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дулей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыраптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жсаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

   Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлкеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.

   Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмүкіндік береді.

   Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

   Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлкеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі бар:

1.      Шаруашылық, есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;

2.      Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіппен ерекше құжаттардың-қаржыландырудың жеке жоспарларының негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Бюджеттік тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады. Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.

   Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны-бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.

   Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әдеуметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрған үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

   Субвенциялар-халықты әлеуметтік қолдауды қамтамаыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

   Субсидиялар-үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.

   Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар

 

   Мемлекеттік шығыстардың маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға-оқу-ағарту, ақпаратты, қызмет көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсызддандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:

1.      білім беру және кадрларды кәсіби даярлау;

2.      мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;

3.      денсаулық сақтау;

4.      мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.

   Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Олар мемлекеттік ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық игіліктер мен қызметтер түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуына бағытталады.

   Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық функциясының негіздемесі әлеуметтік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін барлық азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан маңызды қажеттіліктерді қаржыландыру отырып, дара рыноктық бөлудің ұнамсыз салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің, таптардың өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын біршама теңестіру мақсатымен оларды қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысады.

   Шығыстардың бұл тобын қалыптастырудың негізгі көзі-мемлекеттік бюджет пен арнаулы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлігін орталықтандырылмаған тәртіппен шаруашылық жүргізушы субъектілер өздерінің табыстары есебіне жасайды (Қазақстанда топтың барлық шығыстарының 15%-ына жуығы).

   Рыноктық қатынастар жағдайларында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Рынок жағдайында еңбек салымына, харакеттің әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелдігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттіліктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашлық органдарының қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір бөлігі қалады.

   Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың жаға қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Білім беру сферасында-бұл кепілдендірілген бюджеттік нормаларға қосымша білім және кәсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық сақтауда-ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту, әлеуметтік қорғауда-жинақтаушы зейнетақы қорларына сақтық аударымдар жасау.

      Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерден тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіби білім беру, орта кәсіби білім беру, жоғары кәсіби білім беру, кадрлардығ біліктілігін арттыру және даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

   Жұмыскерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына кіріктіріледі.

   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес гранттар мен кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті бейін мамандарын даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді кредит беріледі (бан мекемесі-студент-жоғары оқу орындары-Білім және ғылым министрлігі).

      Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды кіріктіреді; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен өнердің бірқатар мекемелері (театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен жәрдемқаржының сомасы белгіленеді.

      Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыланддыруға бағытталады.

  Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде көрсетіліп жүргендігі белгілі.

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы қаңтарында 27-сіндегі № 135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі белгіленеген. Денсаулық сақтау министрлігі, республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары-жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілген медициналық қызметтерге ақылы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.

   Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне заңдарда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек көрсетіледі.

   Басқа қалғандарының бәрі ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл жұмыс рыноктық медициналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

2.1 Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Басты мақсаты: білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адамзат капиталын дамыту.

Бағдарлама мақсаттары:

      қаржыландыруды жетілдіру;

      білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру ;

      білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін және олардың өзара байланысын арттыру ;

      үздік білім беру ресурстары мен технологияларына оқушылардың, мұғалімдердің бірдей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім сапасын жақсарту мен басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру;              

      1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз ету, олардың мектепке даярлығы үшін әр түрлі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына балалардың теңдей қолжетімділігі;

      12-жылдық мектепте интеллектуалдылықты, Қазақстан Республикасының рухани және дене жағынан дамыған азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін өмірде жетістікті қамтамасыз ететін оның білім алу қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін адамзат бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;

      индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес ТжКБ жүйесін жетілдіру;

      тұлғалық қажеттілік пен елдің индустриалды-инновациялық даму міндеті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын жоғары білім сапасының деңгейін жетілдіру.

 

Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

I.                    жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісін өңдеу және оны білім беру ұйымдарына енгізу;

II.                 білім беру менеджментін жетілдіру;

III.              педагог мамандығының беделін көтеру;

IV.             оқу процесін автоматтарндыруды енгізу;

V.                мектепке дейінгі ұйымдардың санын арттыру;

VI.             12 жылдыққа көшуді іске асыру;

VII.           шағын жинақты мектеп мәселелерін шешу ;

VIII.        мектептерде инклюзивтік білімді жетілдіру ;

IX.              еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету;

X.                 елдің индустриалды-инновациялық даму жобасын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді  кадрларымен қамтамасыз ету ;

Мемлекеттің шығыстары