Мемлекеттік аппарат
ё<h3>М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ....................... .............................. .............................. .............................. 3-4
І - тарау. Мемлекеттік аппараттың
жалпы сипаттамасы............. ..............5
1.1. Мемлекеттік аппарат түсінігі
және қызметтері............... ..............5-10
1.2. Мемлекеттік аппарат қағидалары.................... ............................. 11-13
ІІ - тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының жүйесі...14
2.1. Мемлекеттік аппарат құрылымы.. .............................. ..................14-19
2.2. Мемлекеттік билік органдары..................... .............................. ...20-22
2.3. Атқарушы органдар...................... .............................. ..................23-26
2.4. Сот билігі........................ .............................. .............................. ...27-30
ҚОРЫТЫНДЫ..................... .............................. .............................. ..................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ ......................32-33
</h3>
<h4>Кіріспе
Қазақстан Республикасының
1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа
Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық,
құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет
белгілерін бекітіп айқындап берді.
Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте
ерекше орын алатын орган жүйесі болып
мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда
мемлекеттік аппарат
Қарастырып отырған курстық
жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік аппараты» деп
Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.</
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.
Негізінен, олар – құқықтық
тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі
қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін
қорғайтын органдар. Мұндай органдар
әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде
болады. Мемлекет механизміне тән
заңдылық – оның органдары тек
мемлекет қызметін атқаруға қажет
болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы
– бірінің қызметін бірі қайталайтын
органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің
құрылымы мемлекеттік органдардан,
мемлекеттік мекемелер мен
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы мақсатта сəйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
<h4>І тарау. Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы
1.1. Мемлекеттік аппарат түсінігі және қызметтері
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы аппараттары қалыптасады. Аппараттардың көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.
Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.</h4>
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.
Мемлекеттік аппаратың ерекше
ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі.
Бұл жүйенің негізін экономика,
саяси қарым-қатынастар, сана-сезім
құрайды. Осы жүйеде әрбір органның
өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары,
қызметінің негізгі принциптері
көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде
мемлекеттік органдардың
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынандай принциптермен реттеледі: мемлекеттік аппараттың ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы.
Ол үшін қызметті демократиялық,
Конституциялық, заңдылық принциптерге
сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды
адамдары, қызметкерлері нормаларды
жоғары этикалық дәрежеде орындау қажет.
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін
қорғап, соны іске асыруға міндетті.
Халықтың мемлекетті басқару процесіне
қатысудың демократиялық
Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі.2
Мемлекет аппаратының, оның
барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық
өмірдің барлық салаларының тиісті
ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін
қамтамасыз етуге бағытталған
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
- тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
- құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.3
Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік.
Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз - мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құраылған жүйе.
Мемлекеттік органдардың
өзіне тән ерекшеліктері
- Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады.
- Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады.
- Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.
- Мемлекеттік орган мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме.
- Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқығы бар аранайы адамдар тобы.
- Құрылған органдар заңдылық негізінде қызмет атқарады.
- Мемлекеттік орган материалдық база мен қаржымен қамтамасыз етіледі.
Президенттің «Қазақстан-2030» жолдауында мемлекеттік аппаратты жақсарту және оның тиімділігін арттырудың жеті принциптері белгіленген:
- Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
- Стратегиялар негізіндегі іс қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
- Нақтылы жолға қойылған ведомоствоаралық үйлестіру.
- Министрлердің өкіліеттіктері ен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
- Министрлердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
- Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.4
<h4>
1.2. Мемлекеттік аппарат қағидалары
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді.</h4> Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.5
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
ҚР халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын мойындап отырып, адам құқын қорғауды ең басты құндылықтар қатарына көтерді және конституцияда мемлекетеріміздің «ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялануы соның нақтылы айғағы ретінде қабылданады.
- демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;
Бұқара халықтың билік жүргізуге тартылуы және олардың мемлекеттік органдарды құруға тікелей қатысуы ҚР К ның бабында «мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық. Халық тікелей билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай ақ өз билігін жүзегег асыруды мемлекеттік органдарға береді», деп атап көрсетілген.
- биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
Мемлекеттік органдар билік
жүргізуде бассыздық пен
- заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
Барлық мемлекеттік
- жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
Құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарапында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамасыз етуді айқындайтын негіз.
- кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;
Мемлекеттік органдар қызметіне тек қана арнайы дайындықтан өткен, басқару өнерін жетік меңгерген білімді, білікті мамандардың тартылуы. Кәсіптік деңгейді тест, анкета арқылы анықтап барып, мемлекеттік қызметке конкурс арқылы қабылдау.
- алқалық пен жалғы зіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
Мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамасыз етудің алғышартының міндеттік негізі.
- сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
Мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.
- бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.6
ІІ - тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының жүйесі
2.1. Мемлекеттік аппарат құрылымы
Әр мемлекет өзінің ұйымдасу формасына байланысты қажетті мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Мемлекеттік аппараттар басқарудың бір-бірімен тығыз байланыстағы жүйесі. Олардың тиімді қызмет атқаруынан жалпы мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігі толыққанды дәрежеде жұмыс корпорациясына айналады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік аппараттар өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып құрылды. Осыған орай мемлекеттік аппараттың құрамында президент ерекше орын алады. ҚР Конституциясы бойынша Президент - Мемлекет басшысы және қарулы күштердің Бас қолбасшысы болып саналады және «халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны, әрі кепілі».7
ҚР-ның Президенті республика
азаматтарының тікелей
Конституция бойынша ҚР Президенті
ешкімге есеп бермейді және ешқандай
мемлекеттік органдарға тәуелді
емес. Оның лауазымының саяси сипаты
басым, ішкі және сыртқы саясаттың бағытын
айқындайды. Президент Парламенттің
келісімімен өзі ұсынған
Президент қажет болған жағдайларда Республика аумағында, жеке аймақтарына төтенше және әскери жағдай енгізуге құқы бар. Өтпелі дәуірдің ерекшеліктері Президентті қызметтен кетіруді де күрделендірді. ҚР К-ның 47-бабы бойынша Президент халық алдында тек мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін жауап береді және Парламент оны кетіру құқын берген. Кетіру үшін біріншіден, Президентке айып тағу жіне таққан айыпты тексеру үшін Мәжіліс депутаттарының жалпы санының үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың көпшілігінің дауыс беруімен қабылдануы мүмкін, екіншіден, тағылған айыпты тексеру Сенатқа жүктеледі, оның қорытындылары Сенаттың жалпы отырысында көпшілік дауыспен бекіп, Парламент Палаталарының бірлескен отырысына шешім қабылдауға береді.
Үшіншіден, түпкілікті шешім қабылдау Жоғарғы Соттың айып тағылудың негізділігі туралы және төртіншіден, Конституциялық Кеңестің белгіленген конституциялық рәсіидердің сақталғаны туралы берген қортындылары болған жағдайда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата депутаттарының кемінде төрттен үш дауыс көпшілік берумен қабылданады.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік аппаратының
- өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
- биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;</h4>
- басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
- мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.8
Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері
Мемлекет аппаратының негізгі құрылымдық бөлімі мемлекеттік орган. Басқаша айтсақ, мемлекеттік орган дегеніміз билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі лауазымды адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлерді материалдық игіліктермен қамтамасыз ету қоғамның міндеті.
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы мақсатта сəйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Мемлекеттік органның биліктік (өкіметтік) өкілеттіктері болады. Олар:
- атқарылуы (орындалуы) міндетті болып келетін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
- мемлекеттік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру оларды орындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Əрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі:
а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер;
ə) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі;
б) өзіне тəн ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік бағыныстылық жəне қызметтік тəртіп жүйесі;
в) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті əрекеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік
қызметті жүзеге асыру
2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы жəне сот органдары.
3. Қызметінің
құқықтық нысандары бойынша – қ
4. Бағыныстылық
деңгейіне байланысты – республ
5. Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) жəне уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады).
6. Құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) жəне арнайы (мысалы, министрлік) құзіретті органдар.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
- мемлекеттік билік органдары;
- мемлекеттік атқару органдары;
- сот билігі.
Республика Президенті мемлекеттік
аппаратта ерекше орын алады. Бірақ
ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол
мемлекет билігінің барлық тармақтарының
келісіп жұмыс істеуін және өкімет
органдарының халық алдындағы
Президент мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының
бағыттарын айқындайтын, ел ішіндегі және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның
атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды
тұлға. Президент халық пен
2.2. Мемлекеттік билік органдары
Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.10
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
- заңдар қабылдайды;
- республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
- мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
- мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
- азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
- Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды .

- Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері
- Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері
- Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
- Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызметі, түрлері
- Мемлекеттік бағалы қағаздар
- Мемлекеттік баскару
- Мемлекеттiк табиғи парктердің туризм дамуындағы рөлі
- Мемлекеттегі туризмнің болашағы
- Мемлекеттин шығыстары мен кірістері
- Мемлекет типологиясы
- Мемлекетті басқару нысаны
- Мемлекеттік
- Мемлекеттік аппарат