Мемлекеттік бағалы қағаздар
І. Кіріспе.......................
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы
мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы мен
дамуының теориялық және
1.1Қазақстандағы мемлекеттік
бағалы қағаздарды
қалыптастырудағы мәселелері...
1.2Мемлекеттік бағалы қағаздар
түсінігі, ролі және оның функциялары…………………………………………………
1.3 Мемлекеттік бағалы
қағаздардың жіктелуі..........
2. Қазақстанда
мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының қалыптасуы және
2.1Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін
шығарудың, орналастырудың, айналысқа
қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің
жалпы шарттары......................
2.2 Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының дамуын талдау.......
3. Қазақстандағы
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының
даму болашағы......................
ІІІ.Қорытынды.................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі - мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының әлемдегі қаржылық нарықтардың маңызды тетігі болып табылатындығында. Халықтан және корпорациялардан тартылатын күрделі жұмсалым ретіндегі мемлекеттік бағалы қағаздар өтімді және сенімдірек болып саналады. Соған орай, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мемлекеттік бюджетті қаржыландыруда, қаржылық жүйенің өтімділігін қолдауда, экономикалық белсенділікті реттеуде маңызды роль ойнайды.
Елдің экономикасының дамуындағы мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру процесін ұйымдастыру, жүзеге асып келе жатқан қаржылық-несиелік жүйені қалыптастыру мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құруды талап етеді. Қазіргі кезде экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуінің қорытындыларынан мемлекеттік бюджетті қалыптастыру; тиімді ақша-несиелік саясатты қамтамасыз ету; экономиканың барлық салаларының белсенді жұмыс істеуін қолдау тәуелді болып табылады.
Біздің елде пайда болған орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі мемлекеттік қарыздық міндеттемелер нарығының көбінесе болмауымен байланысты. Ал қаржылық дағдарыстан шығу кезеңінде мемлекеттік бағалы қағаздар жеке қаражаттарды тарту жолымен, бюджеттік тапшылықты жабу инфляциялық емес бағыттардың бірі болып табылады және де үлкен көлемді үкіметтік жобалардың маңызды көзі болуы мүмкін. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарықтарының қалыптасуы, ұлттық қаржылық жүйенің икемділігінің өсуі мен көтерілуіне бейімделеді, сонымен қатар жеке және мемлекеттік сектордың нарық дабылдарына көбірек әсерін тигізуге мүмкіндік береді.
Экономиканың дамуы Қазақстандағы қаржылық дағдарысты жеңу, жаңа өнеркәсіптік өрлеу және бағалы қағаздар дамуының ең басты көзі болып табылуы мүмкін, ол бюджеттік тапшылықты жабуға, меншікті қайта бөлуге, алып-сатарлық пайданы алуға және де экономиканың әр түрлі саласына инвестицияны ынталандыруға арналған. Сонымен, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы бір жағынан – экономиканың барлық жай-күйінің белгілі бір көрсеткіші, екінші жағынан – ең осал жерінің бірі, оның әсері қайта құрылған нарықтық жағдайларды жеделдетуі немесе тежеуі мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік бағалы қағаздардың дамуын, оның экономикадағы ролін анықтау болып табылады. Ол қазіргі күннің ең басты мәселелері болып саналады, өйткені дамыған нарықтық экономикада мемлекеттік бағалы қағаздар және оның нарығы мемлекет пен ұйымдарға қажетті бос ақшалай қаражаттарын мобилизациялауда үлкен роль атқарады.
Курстық жұмысының мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып шешіледі:
- Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы теориялық және заңнамалық негіздерін қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздардың мәнін, функцияларын айқындау;
- Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттарын қарастыру;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- Жеке тұлғалар үшін шығарылған мемлекеттік бағалы қағазды бағалау;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының даму болашағын айқындау.
- Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен дамуының теориялық және заңнамалық негіздері
1.1 Қазақстандағы мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдаланудағы және қалыптастырудағы мәселелері
Мемлекеттік бағалы қағаздар – ол үкіметтің қарыз міндеттемесі. Ол – қарызды бағалы қағаз, оның эмитенті мемлекет. Өзінің экономикалық мәні жөнінен мемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы қарызды бағалы қағаздар болғанымен іс-жүзінде оларды бір-бірінен ажырататын әрбіреуінің өз атауы болады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі. Бағалы қағаздардың бұл түрі мемлекеттің экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады. Оны атқару үшін мемлекеттің қаржы жүйесі құрылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығарудың мақсаты:
- айналысқа қосымша ақша массасын шығармай-ақ белгілі-бір күнтізбектік
датаға бюджеттік шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда (кассалық тапшылық); бір айда немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзімде бюджет шығындарын қаржыландыру үшін қажетті қаражаттан кем болғанда (маусымдық тапшылық); жыл қорытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол тапшылық келесі жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде (жылдық тапшылық) мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру;
- тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдар, әлеуметтік қамтамасыз ету
және с.с. мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру;
- айналыстағы ақша массасын, инфляция мен бағаны, инвестиция бағытын,
экономикалық даму, төлем балансын және т.б. экономикалық өрлеу процестерін реттеу.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағзадар қор нарығында айналысқа түсу қабілеттілігіне қарай бастапқы қалпына қайтымды және қайтымсыз бағалы қағаздар болып та бөлінеді. Қайтымды қағаздар деген олармен сауда-саттық қор нарығының кез-келген бөлімінде жүргізілетін қағаздар. Олар – қазынашылық вексельдер (мерзімі 3 айдан 12 айға дейінгі, қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар мерзімі 10-30 жылға дейінгі). Қайтымды бағалы қағаздар, әдетте, алдын-ала белгіленген мерзімде үнемі ашық аукциондарда сатылады.
Қазынашылық вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізіледі. Қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар – олар не купонсыз, не баланстағы кері қайтарылатын облигациялар. Олар тек мерзімі аяқталған соң өтеледі.
Қайтымды бағалы қағаздар бойынша табыс төлеу формасы әр түрлі болады: өзгермелі ставка бойынша (олардың табыстылық деңгейіне және инфляцияға қарай), бекітілген купондық процент немесе дисконттық табыс формасында (кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін). Мемлекеттік бағалы қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.
Қайтымсыз қағаздар деген сатып алу-сатуға болмайтын мемлекеттік бағалы қағаздар. Олар бойынша тек алғашқы сатып алушы шығынының орны толтырылады. Оларды басқаға беруге және ссуданы қамтамасыз ету үшін қолдануға болмайды.
Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуын және қалыптасуын түсіну үшін оны тарихи тұрғыдан қарастырып өтелік. Жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында дамыған КСРО-да барлық шаруашылық субъектілері өздеріне қажетті капиталды не орталықтанған бөлу бойынша мемлекеттік банктен алып дамыды. Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы кәсіпорындардың бос капиталды алатын қарыз жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік займдардың нарықтық өтімділігі болған жоқ. Мемлекеттік облигациялар мәжбүрлі түрде халыққа сату арқылы таратылды.
Егеменді
Қазақстанның нарықтық
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы 10 жылдан аса өмір сүріп келеді. Оның бірінші элементтері 1991 жылы пайда бола бастады, КСРО-ның заңнама базасына сәйкес акционерлік қоғамдар, қор биржалары құрыла бастады.
90-шы
жылдардың басындағы бағалы
1992 жылы
бағалы қағаздар нарығында
1994 жылдың
аяғында бұндай
Мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығының
1994 жылдың
20 наурызында Қазақстан
1995 жылғы
11 қаңтарда Қазақстан
1995 жылы
21 сәуірде Қазақстан
Бағалы
қағаздар бойынша Ұлттық
1996 жылы
28 наурызда №370 Үкіметтің қаулысымен
бағалы қағаздар бойынша
Заң
негізінде ұлттық мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығын
Жоғарыда
айтылғандардан Қазақстанда
Біріншіден,
көбінесе мемлекеттік бағалы
қағаздарының тиімді
Екіншіден,
нарықтың «айқынсыздығы», операциялардың
тәуекелділігі бюджеттегі
Үшіншіден,
инфляция және инфляциялық
Төртіншіден,
Қазақстанда тиімді жұмыс
1.2 Мемлекеттік бағалы қағаздар түсінігі, рөлі
Мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығы –
Бағалы қағаздар нарығы бастапқы, қайталама, биржалық, биржадан тыс болып бөлінеді.
Бастапқы
бағалы қағаздар нарығы – бұл
нарық, яғни бағалы қағаздарды
бастапқы орналастыру мен
Мемлекет бағалы қағаздарды келесілерге қаражат тарту мақсатымен шығарады:
- ағымдағы
бюджеттік тапшылықты
- бұрын орналастырылған қарыздарды жабуға;
- мемлекеттік бюджеттің кассалық атқарылуын қамтамасыз ету;
- салықтық төлемдердің түсімін әркелкі тегістеу;
- өтімді резервті
активтермен коммерциялық
- жергілікті
билік органдарымен жүзеге
- әлеуметті
маңызды мекемелер мен
Бюджеттік тапшылықты жабу бағыттарының бірі мемлекеттік бағалы қағаздарды сату жолымен жеке қаражаттарды тарту болып табылады. Бірақ айта кету керек, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымы ақша эмиссиясынан тартылған табыстар мен орталық банктен қарызға алған қаражаттар тәжірибесімен бюджеттік тапшылықты қаржыландыруды салыстырғанда көбінесе мақсатқа сай әдіс болып табылады. Шынымен де, орталық банктің несиелік ресурстарын пайдалану несие нарығын реттеу мүмкіндіктерін тежейді, сондықтан көбінесе нарықтық экономикасы бар барлық елдерде үкіметтің осы ресурстарға деген мүмкіндіктеріне шектеу орнатылған. Ақша эмиссиясы арқылы бюджет тапшылығын жабу – инфляциямен байланысты ақша айналымының бұзылуы, төлем құралдарымен қамтамасыз етілмеген нақты активтер айналысына түсуіне алып келеді.
Айта
кету керек, қарыздық
Нарықтық
экономикасы бар елдерде
Біріншіден,
оның көмегімен халықтың, әр түрлі
ұйымдардың, инвестициялық және
қаржылық компаниялардың, коммерциялық
банктердің уақытша бос ақша
қаражаттарын мемлекетпен
Екіншіден,
әр түрлі мемлекеттік бағалы
қағаздар орталық банкпен ақша-
Үшіншіден, мемлекеттік бағалы қағаздар, келешекте сенімді және өтімді активтер ретінде, қаржылық-несиелік мекемелердің өтімділік балансын қолдау үшін қолданылады.
Төртіншіден,
бағалы қағаздар сол жердегі
билік органдарымен жүзеге
Мемлекетті қаржыландыруда мемлекеттік бағалы қағаздардың ролі мен мәніне келіп тоқталсақ.
Қазіргі нарықтық экономикада бағалы қағаздардың ең басты эмитенттерінің бірі – мемлекет. Бүкіл әлемде бағалы қағаздардың орталықтандырылған шығарылымы кең мағынада экономиканы мемлекеттік реттеудегі құрал ретінде, ал тар мағынада ақша айналысы мен ақша массасының көлемін басқаруға әсер ету тетігі, жергілікті және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын эмиссиялық емес жабу құралы, сол немесе басқа белгілі мәселелерді шешу үшін халық пен ұйымдардың ақшалай қаражаттарын тарту тәсілі болып табылады.
Нормативті құжаттарда мемлекеттік бағалы қағаздар Үкіметпен шығарылатын немесе кепілдендірілетін деп түсіндірілген.
Экономикасы
дамыған елдерде мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығының
- халықтың, банктік
емес қаржылық-несиелік
- мемлекеттік
бағалы қағаздарды ақша-
- мемлекеттік
бағалы қағаздарға салынған
Мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығының
Қазіргі
уақытта экономикасы дамыған
елдерде мемлекеттік бағалы
1.3 Мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуі
Әлемдік қор нарықтарында мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің әр түрлері айналымда жүр: облигациялар, вексельдер, ноталар, сертификаттар және т.б. Бірақ бұл барлық міндеттемелер қарыздық бағалы қағаздарға тән, олар кепілденген табыс әкелетін және орнатылған мерзімде сатып алуға жататындар. Айналымға шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша атқарушы билік органдары олардың өкімінде тұрған барлық активтерге жауап береді.
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған (мемлекеттік бюджеттегі тапшылықты үнемі жабу, үкіметтің мақсатты шығындарын жабу).
Мемлекеттік бағалы қағаздарды еркін нарықта айналымда немесе биржаларда қайталама айналымға кіруіне және эмитентке олардың жүзеге асыру мерзімі аяқталғаннан кейін еркін қайтарылуына байланысты нарықтық және нарықтан тыс деп бөлу қажет. Мемлекеттік бағалы қағаздардың негізгі бөлігін нарықтық алып жатыр.
Мемлекеттік қарыздық міндеттемелерді әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады.
Қарыз алу мерзімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар қысқы,орта және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Қазынашылық вексельдер – қысқа мерзімді мемлекеттік міндеттемелер, бір жыл ішінде өтелетін және дисконтпен жүзеге асырылатын, яғни олар номинал құнынан төмен өтеледі (немесе номиналы бойынша сатылатын, бірақ номинал құнынан жоғары шығарылатын).
Орта мерзімді қазынашылық вексельдер, қазынашылық бондтар – бір жылдан бес жылға дейін өтеу мерзімі бар, белгіленген пайыз төлемдерінің шарттарымен шығарылатын қазынашылық міндеттемелер.
Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер - өтеу мерзімі он жыл және одан жоғары, ол бойынша купондық пайыздар төленеді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар өтеу мерзімі өткеннен кейін олардың құнын қолма-қол ақша ретінде алуға немесе басқа бағалы қағаздарға қайта қаржыландыруға құқығы бар. Кейбір жағдайларда ұзақ мерзімді міндеттемелер алдын-ала белгіленген күн келгенде өтелуі мүмкін, яғни ресми өтелуіне бірнеше жыл қалғанда.
Табысты алу тәсілі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар дисконттық және купондық болып бөлінеді:
Дисконттық – инвесторларға номиналынан төмен бағамен сатылатын бағалы қағаздар.
Купондық – купонмен шығарылатын бағалы қағаздар, олар бойынша купондық табыс анықталған кезеңмен төленеді. Көптеген жағдайларда орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар купонмен шығарылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағалы қағаздар:

- Мемлекеттік баскару
- Мемлекеттік басқару
- Мемлекеттік басқару
- Мемлекеттік басқарудағы адами дамудың рөлі
- Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар
- Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу
- Мемлекеттік аппарат
- Мемлекеттік аппарат
- Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері
- Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері
- Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
- Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызметі, түрлері