Мемлекеттік басқару. 2

МАЗМҰНЫ  

КІРІСПЕ

1. Мемлекеттік басқаруда  зандылық пен тәртіпті  қамтамасыз

     етудің түсінігі. 5 – 8 беттер.  

1.1.  Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты бақылау және 

         оның түрлері.  9 – 16 беттер.

2.  Мемлекеттік басқарудың  нысандары мен  әдістері және  

      формалары мен  сыныптары . 17 – 32 беттер.  

2.1. Мемлекеттік басқару актілерінің түсінігі мен  

       ерекшіліктері.  33 – 42 беттер.  

2.2. Мемлекеттік басқару жүйесі және қағидалары . 43 -  48

     беттер.  
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ            49 – 51 беттер.  

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ   52 бет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Мемлекеттік басқарудағы заңдылық  пен тәртіптік әдістерін жүзеге  асыратын және оларға бақылау  мен қадағалауды мемлекеттік  құқық қорғау органдары жүзеге  асырады.  

    Жалпы бұл мемлекетті  басқару нысанын лауазымды адамдар мен органдар нақты іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады.

    Басқару қызметінің нысаны деп - мемлекеттік басқару органдарының  атқарушы және жарлықшы қызметі процессінде жүзеге асыралатын нақты іс-әрекетінің  сыртқы тәжірбиелік  көрінісін айтамыз.

    Мемлекеттік басқару субъектілері сыртқы іс-әрекеті  заңды нәтиже туғызуы не болмаса  болдырмауы мүмкін мысалы, ұсақ бұзақылық  үшін ұстау – бұл басқару іс-әрекетіне  жатады, заңды нәтижеге әкеп соғады.

    Сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарының қызметінің формалары құқықтық және құқықтық емес болады. Құқықтық форма құқықтық нормаларды  белгілеумен  қабылдауға. Мемлекеттік басқаруындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілі.

  Басқару ұғымы адам қоғамының пайда болған кезінен бастап қалыптаса бастады. Қандай да болмасын алға қойған мақсатқа жету үшін екі адам біріксе, соның біреуіне мәселені шешу міндеті міндеті жүктеледі, яғни бұл жағдайда ол басқарушыға айналады, ал екінші адам бағынатын тұлға болады.

  Осыдан келіп біз білеміз, мемлекет бұл белгілі бір     адамдардың қоғамынан құрылады және сол қоғамды басқаратын міндетті түрде басшы және басқару органдары құрылады.

      Мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі.мемлекет мемлкеттік-құқықтық, техникалық-ұйымдастырушылық және басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамда басқаруды орындайды.

      Мемлееттік  басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді. Мемлекеттік басқару мемлекеттік ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс - қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамаға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет. [8. 19 – 20 б.б.] 

     Мемлекеттік басқару жүйесінің  мына әрекеттер мен  элементтерді қамтитынын көреміз:

  • басқару субъектсінің ұйымдастырылуы және қызмет    атқаруы;
  • басқарушылар мен басқаруға бағынышты адамдар арасындағы қарым-қатынас,басқарушы іс-қимылдардың жиынтығы;
  • мемлекеттік басқарушы ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам.
 

      Басқару жүйесінің негізгі  элементтері:

  • басқару субъектсі немесе оның лауазымд адамы,органы;
  • құрылған немесе жүзеге асырлатын басқарушы ықпал;
  • жеке тұлғаның, кәсіпорынның, ұйымның,жеке мекемелердің қызметтері түріндегі ықпал ету объектісі;

    Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды  жағы ретінде көрініс тапқан. Себебі, ол әлеуметтік сипатта болады. Сондықтан басқаруды әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасаң ол маңызды орын алады, маңызы өте терең, ерікті және саналы батамасыбар екенін байқаймыз.

    Іс  жүзінде басқару өзінің мәні бойынша  жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, бірлесіп еңбек етушілірдің  арасында жалпы міндеттерді бөлу, ұжымдардың әректтері мен күштерінбіріктіруге  ат салысып және олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай-ақ барлық атқарылытын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады.

    Әлеуметтік  басқарудың объектісіне адамдардың тәртібі және іс-қимылдары жатады. Әлеуметтік басқарудың субъектісі адмадар болып табылады, яғни басқару дегеніміз адамдардың адамдарды басқаруын жүзеге асыру. Басқарудың нақты субъектісі болып адамдардың ұйымдастырылған ұжымдары, қоғамдық немесе мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар болып табылады.

    Сонымен басқарудың субъектісі мен объектісінің арсында белгілі бір байланыс басқару ретінде көрініс тапқан.

    Басқару тек адамдардың бірлескен іс-қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады. Басқару адамдардың бірлескен іс-қимылдарын біріктіру жене олардың жүріс - тұрыстары мен іс-қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады.

    Басқару бірлескен қызметке қатысушыларды  басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру  бастамасы ретінде жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік басқару
  • қоғамдық басқару
 

    Мемлекеттік басқару сипатына мына жағдайлар көрініс  табады:

  1. басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
  2. басқару фукцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
  3. осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
  4. оларды қажетті мемлекеттік-өктем сипатындағы өкілеттілік беріледі.

    Қорыта  айтсақ, мемлекеттік басқару дегеніміз - шаруашылық, әлеуметтік - мәдени және әкімшілік - саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды орындау жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік-өктем, ұйымдастырушы қызмет.

    Мемлекетік  басқару процесін құрылым тұрғысынан алып қарсақ онда басқару субъектілері мына келесідей негізгі сатыларға  белгілі бр тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Басқару бастапқы сатысында басқару органдарының жүйесінің атқаратын қызметтері ұйымдастырылады және басқару субъектілері мен объектілерінің мәртебелері алдын-ала белгіленеді. Бұл сатыда шешімдердің, белгіленген ережелер мен нормтивтердің орындалуы оларға соттау жүргізілуі және тікелей жарлық ету жүзеге асырылады.
 

        Мелекеттік басқарудың әр түрлі бөлімдері, буындары мен қатынастардың жүйесі.

        Мелекеттік басқару - бұл кәсіпорындар мен ұйымдарды және басқа да басқару объектілерін өз өкілеттілігінің көлемінде тікелей басқару болып табылады.

        Мелекеттік басқару процесін  алып қарасақ, онда оның құрылымы  мемлекеттік басқару органдары  біртіндеп жүзеге асыратын бірнеше  сатылардан тұратынын көреміз:

  • басқару актілерін әзірлеу;
  • басқы объектілерін қабылдау;
  • қабылдаған қаулыларды атқару;
  • атқарылуына бақылау - қадағалау жүргізу;
 

   Біздің  мемлекетімізде, қоғамда жасалып жатқан қызметтердің жүзеге асырылып жатқан іс - қимылдардың бағдар мақсаттары және өздеріне тән салалары болғандықтан олар мемлекет тарапынан, дәлірек айтқанда мемлекет тікелей өкілеттілік берген органдардың жоғарыда аталған еңбек процестерін белгілі бір жүйеленген тәртіпке келтіруден, яғни басқаруларын қажет етеді. [10. 34 б]

   Сонымен басқару дегеніміз - қоғамдағы қандайда болмасын процестерге ұйымдастырылған түрде әсер ете отырып, оларды қоғам өміріне сай келетін белгілі бір тәртіпке келтіру.

   Басқару болғаннан кейін оның объективті түрдегі элементтері-бсқару субъектілері мен объектілері болады. Егер субъектісі басқару жөніндегі  міндеттер мен мақсаттарды қалыптастыра отырып, өзінің басшылыққа еркін білдірсе, ал басқару объектісі соған бағынышты болуы тиіс.

    Бағынышты болу - басқару субъектісінің басқару жөніндегі жарлық-бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жағдайда басқару субъектісіне мемлекет өктем  өкілеттілік береді.

      Мемлекеттік басқарудың атқару  жағы заңдарды өмірде жүзеге  асыру болып табылады. Бірақ көп  жағдайда бұл атқару жарлық  беру қызметіне де яғни мемлкеттік  басқару органдарының мемелкеттік  мәжбүр ету шараларымен қорғалатын  өктем актілерді шығару кезінеде айқындалады.

     Мемлекеттік басқару қандай да  болмасын органның, ұйымның, лауазымды адамның, өкмет билігі өкімінің және тағы басқа кімді де болса өз еркіне басғындыру, біреудің әрекетіне жарлық беру, біреуді билік жүргізуші - басқарушы, ал басқаны билік астындағы - басқарушы деп тану жөніндегі құқық деп түсіндіріледі. Мелекет билік аясында атқару билігі ұйымдастырушы- басқарушы және атқару-жарлық беру қызметтерін жүзеге асырады.осы қызметтерді тікелей жүзеге асыруға белгілі бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар еңбек етеді.  [11. 3 б]

     Мемлекеттік басқару әлеуметтік  биліктің бір бөлігі ретінде  қарастыруға болады. Оған тән  белгілер:

  • әлеуметтік басқарудың құралы болып табылады;
  • ол адамдардың арасындағы олардың ұйымдарының өз еріктері мен сана сезімдері бар адам немесе ұжым болып табылатын субъектілірі мен объектілірі арсындағы қатынастары көрсетеді;
  • бұл өктем ерік білдіру үстемдігін қамтамасыз ететін қатынас болғандықтан субъектінің басқа адамның еркіне, тәртібіне тигізетін қабілетімен байланысты болады.
  • билік әр түрлі ерекше құралдар мен әдістердің жүйесінің күшімен жүзеге асырылады.

    

   Мемлекеттік бақаруды қорыта айтқанда, мемлекеттік  ақпаратқа, заңи нормаларға, сендіру  және мәжбүрлеу тетіктеріне арқа сүйейді. Мемлекет оны басқару құралы ретінде пайдаланады.

     Мемлекеттік басқару - мемлкеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі және бұл қызмет түрлері заңдылық тәртіптік әдістерін қолдана отырып жүзеге асыруы тиіс және байланысты болады.

    Мемлекеттік басқару формаларының сыныптары:

  • мазмұнына байланысты: - заң шығарушы,
  • заң қолданушы: реттеуші және құқық қорғаушы.
  • мақсатына байланысты: - ішкі, сыртқы.
  • жеткізуіне байланысты: - жазбаша, - ауызша, - конклюдентті.
 

    Заң шығарушы дегеніміз  басқарудың заң шығарушы қызметін, басқарудын нормативтік актілерін шығарудан көреміз.

    Басқаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлға  мен органның іске асыру қызметін басқару субъектісінің нақты  заңды фактіні және актіні  қабылдау барысында тиісті құқықтық нормаға жатқылуынан көреміз, яғни құқықтық нормалардың негізіне сүйене отырып  басқарудың нақты сұрақтарын шешуді айтамыз. Мысалы, тіркелу. 

    Заңды жүзеге асыру қызметінің механизмі:

  • істің нақтылығын анықтау,
  • нақты жағдайға  байланысты қолдануға  болатын тиісті  құқықтық норманы таңдау,
  • талқылау, яғни норманың мазмұны мен мағынасын білу,
  • іс бойынша шешімді жеке актіні қабылдау,
  • құқықтың норманың актісін орындау.

    Мақсатының  бағытына байланысты басқарудың  құқықтық формасы сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

    Басқарудың  ішкі құқықтық формаларына құрылым  бөлімшелері  басшыларының  сол  органның ішінде ұйымдық  штаттық  мәселесін шешуге және төмен  тұрған бағынышты  органдардың  басғаруға  арналған іс-әрекетін айтамыз.

    Басқарудың  сыртқы және ішкі формалары  заң шығарушы және заң қабылдаушы болады.

    Құқық шығарушылық әдісінің  ең тиісті әдісіне жазбаша түрі жатады. Мемлекеттік басқарудың субъектісін құқық шығарушылық нәтижесіне ресми құжат болып  саналады.

    Басқарудың  құқыққа  жатпайтын формалары  заң актілерін шығаруға тікелей бағынышты емес, бұған ревизор, жиналыс, инструктаж жатады.

    Биліктің  тармақтарға бөлінуіннен біз  ол органдардың өз құзыреттерін жүзеге асыру үшін тиісті биліктік механизімі болатынын көреміз.

      Мемлекеттік билік әртүрлі қоғамдық  қатынастарда өзінің қызметін тиісті жағдайда жүзеге асыруы керек. Билікті жүзеге асыруды бір қалыпқа келтіру үшін билік тармақтарының жүзеге асыратын қажаетті тетігі болады.Мемлекеттік билік өз бетінше жүзеге аспайды.Ол тиісті мемлекеттік органдармен, оның субьектілерімен нақты әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл аталған жағдай мемлекеттік биліктің атқару органдарының да қызметіне тән жағдай.

      Атқару билігін жүзеге асыру  үшін және оның міндеттері  мен қызметін атқру үшін оған  белгілі-бір механизм керек.Атқару  билігі органдары әртүрлі қоғамдық қатынастарға қатынасып әрекет жасауы керек.Сондықтан ол өзінің бағыты мен мазмынұн білдіретін сипаты жағынан әр түрлі әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл әрекетерді атқару органдары (лауазымды адамдар) күнде жасайды.Осылайша атқару органдарының нысаны деген ғылыми категория пайда болады.Атқару билігі органдарының нысаны дегеніміз –оның  мемлекетік-құқықтық мазмұнын білдіру әдісі болып табылады. Нысан арқылы біз атқару органдарының не үшін құрылатынын және басқару міндеттері мен қызметін жүзеге асыру үшін не істейтінін білеміз.

    Атқару органдарында (лауазымды адамда) өз өкілеттіктері шегінде нақты басқру жағдайларында әр түрлі әрекеттің бірін жасау мүмкіндігі бар.  Мысалы: заңды шешім қабылдайды, азаматтың өтінішін қарастырады және шешеді, тіркейтін,  бақылайтын және қадағалайтын  қызмет атқарады. Міне осындай әрекеттерден басқару субьектісінің құзіреті көрінеді, яғни оның міндеттері мен өкілеттіктері.Ең бастысы олардың жасаған басқару әрекеттері сыртқы көрінісін табуы  тиіс.Сыртқы көрінісін таппаса онда оның белгілі-бір нәтиже бермегені.

  Сондықтан басқару нысаны дегеніміз атқару органдарының (лауазымды адамның) өз құзіреті шегінде және белгілі-бір нәтиже туғызатын сыртқы көрінісі бар әрекетін айтамыз. Егер басқару әрекетері нәтижесінің заңдылық сипаты бар болса немесе белгілі бір заңдылық маңызы бар болса онда оларды әкімшілік-құқықтық нысан деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақта атқару органдары субьектілерінің әрекеттері өздерінің  сипаты мен мақсатарына байланысты әртүрлі.Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің өзі әртүрлі екенін көреміз.Басқарудың актілерінің сыртқы көрінісінде басқарудың әсері нақты қамтылуы тиіс. Бірақ басқару органдары өздерінің күнделікті қызметінде басқару әсері жоқ әрекеттерді де жүзеге асырады.

     Оған  сол басқару әсеріне дайындық жатады, мысалы басқару шешімінің проектісін дайындау, қабылданған шешімге бақылау жасау. 

  Сонымен басқару нысандары мынадай екі топқа бөлінеді :

  • атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;
  • ішкі ұйымдастыру жұмыстарының нысаны;

     Атқару  билігін жүзеге асыру арқылы атқару органдары заңдылық- биліктік өкілеттіктіктің сыртқы көрінісін қамтиды.Демек сыртқы заңдылық әсер ол басқару нысанының бір белгісіне жатады.

  Басқару нысандары (басқару қызметі) әртүрлі бұдан біз оларды жіктеу мүмкіндігінің бар екенін көреміз, бірақ ол үшін неше түрлі критерилерді пайдалануға жатады.

  Әкімшілік құқықтың субьектілері өздерінің құзіреті шегінде әрекет ету кезінде әртүрлі құралдарды пайдаланады, соның ішінде техникалық (мысалы,компьютерлерді), экономикалық (материалдық ынталандыру), ұйымдастырушылық (мамандар ісі, органның құрылымын құру), моральдік (мадақтаудың маральдік шаралары), эстетикалық (дизайн), психолгиалық (еңбек ұжымындағы ынта), құқықтық құралдар (қаулылар, бұйрықтар және басқалары).

  Бірақта бұл көптеген шаралар мен құралдарды қолданудың белгілі бір тәртібі болады, яғни олар белгілі бір нысандар мен әдістерді сақтап қолданылады.

     Бұл екі категория нысан мен әдіс әкімшілік субьектілерінің өкілеттілігін  жүзеге асырудың барлық құралдары мен  әдістерін қамтиді және осылар құқықшығару және құқық қолдану тәжірбиесінде кеңінен қолданылады. [12. 36 б]

     Сонымен, әкімшілік құқықтың субьектілерінің  өз өкілеттіктерін жүзеге асыру нысанының  түсінігін қарастырамыз.

    Өкілеттікті жүзеге асыру нысанының түсінігіне мынадай элементтер кіреді:

  • нысан дегеніміз бұл әкімшілік құқық субьектісінің қызметін сиғызытын бөлім, мысалы, мемлекеттік басқару органдарының шешім қабылдауы;
  • бұл өкілеттікті жүзеге асыру қызметінің бөлімі және ол тәжірбие жүзінде қолдануға тұратын, көзге көрінетін әрекет, мысалы, құжатта нақты көрсетілген немесе тиісті журналда жазылған азаматтардың арызы немесе басқару органдарының шешімдері;
  • нысан басқа нысандардан қызметі бойынша ажыратылады. Мысалы, азаматтың сотпен мемлекетік мекемеге жазған шағымдары бір-біріне ұқсамайды.
 

   Әкімшілік құқық субьектілері қызметінің нысаны  көп және әртүрлі.

 Сол себепті әкімшілік құқық субьектілерінің  өкілеттіктерін жүзеге асыру нысанын  құқықтық және құқықтық емес деп екіге  бөлуге болады.Құқықтық нысан қызметі  заңдылық нәтиже туындатады, яғни тұлғаға, мекемеге құқықтар мен міндеттер жүктейді.Мысалы, тұлғаны мемлекеттік мекемеге лауазымды қызметке орналастыру туралы бұйрық.

    Әкімшілік құқық субьектілерінің өкілеттігін  жүзеге асырудың құқықтық  нысанына мыналар жатады:

  • мемлекеттік басқару органдарының құқықтық актілері, яғни мекемелермен кәсіпорындардың олардың жеке құрамдарының жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған  және ол азаматтарға да ықпалы тиуі мүмкін. Мысалы, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша. Құқықтық актілер нормативтік болуы мүмкін, яғни құқықтық нормадан тұруы мүмкін, мысалы, үкіметпен бекітілген миністірлік туралы ереже, немесе жеке  демек, нақты орындаушыға арналған.Бұл жерде айта кететін жағдай басқару актілері міндетті түрде ұйымдар мен нақты тұлғаларға бағытталады және бұлар бағынушы обьект ретінде басқару   актісін  қабылдаушы органнан тыс жерде орналасқан.
  • басқару органы аппаратының ішкі ұйымдастырушылық қызметіне арналған құқықтық актілері, құрылымға кіретін бөлімдерге  және олардың қызметкерлеріне арналған, бұлар: өкілеттіктерін бөлу, жұмыс уақытын анықтау, жұмысқа алу және шығару және тағы басқалары.Жоғарыда аталған актілерге қарағанда бұл актілер құқықтық нәтиже туғызсада басқару актілеріне жатпайды.
  • жарғыны бекіту туралы (қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың)  әкімшілік құқықтың субьектілерінің өтініші. Бұл нысан кәзіргі кезде өз алдына жеке бөлінген, себебі Жарғыны бекітуді сұрап жасалған өтініштердің заңды маңызы бар болады және Жарғы заңға қайшы келмейтін болса міндетті түрде тіркелуі тиіс.
  • барлық сұрақтарға қатысты өтініштер, бұларда қарастыруды қажет етеді.
  • әкімшілік құқықтың субьектілерінің азаматтық құқықытқ қатынастарға қатысушы  жақтың бірі ретінде түсуі.
  • әкімшілік құқықтың субьектілерінің сотта және басқа құқық қорғау құрылымдарында шаруашылық-қаржылық дауды шешу мәселесі бойынша қатысуы.
  • әкімшілік құқықтың субьектілерінің тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға қатысты толып жатқан міндеттерінің болуы. ( техникалық қауіпсіздік ережесі, санитарлық-эпидемиялық  ереже, өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі).

   Әкімшілік құқықтың субьектілері қызметінің аталған  құқықтық нысандары заңдылықта тиісті сұрақтарды шешу барысында ресми  құжат ретінде көрсетілген.

   Әкімшілік құқықтың субьектілерінің құқықтық нәтиже туғызбайтын нысаны да өз кезегінде заңмен бекітілген, бірақ тікелей қолданғанда олар заңдылық нәтиже туғызбайды. Бұл нысандарға мынылыр жатады: мысалы, басқару органының төменгі тұрған ұйымдарға және жеке тұлғаларға жұмыстың барысы туралы ақпарат беруі; материалдық-техникалық әрекеттерді жасау (тасымалдау, байланыс құралдарын пайдалану, ұйымның қызметін арттыру мақсатында материалдық жағдайды арттыру); әртүрлі мақсаттағы тексерулер жүргізу; әртүрлі  жиналыстар, семинарлар, сабақтар жүргізу;

   Әкімшілік құқықтың субьектілерінің нысанын күнделікті өмірде қолдану барысында құқықтық және құқықтық емес нысандары тығыз байланысты, бірақ туындайтын нәтижесіне қарай бір-бірінен ажыратуымыз керек.  

2.1. Мемлекеттік басқару актілерінің түсінігі мен  

       ерекшіліктері.

    Нормативтік - құқықтық  акті дегеніміз – референдумда қабылданған немесе мемлекеттік лауазымды тұлғамен  қабылданған құқықытық нормаларды белгілейтін олардың қолданалуын өзгертетін, тоқтататын және тоқтата тұрарын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

    Нормативтік  актілерді жіктеудің, топтастырудың түрлері тоып жатыр. Оның тәсілдері: заңдық күшіне, мазмұнына, көлеміне, субъектілеріне, объектілеріне қарап топтастырады, жүйелерге ккелтіреді.  [13. 82 бет]

    Заңдық  күшіне қарай нормативтік  актілер  2 түрге  бөлінеді:

  1. заңдар
  2. заңға тәуелді актілер.

    Заң – мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органның парламент, президент шығарған, қабылдаған, ең жоғары күші бар нормативтік акт.

    Заң үш түрлі : Конституциялық заңдар, жай заңдар, арнаулы-төтенше заңдар.

    Заңға тәуелді нормативтік актілер – бұл актілер заңды орындау үшін қабылданады. Заңның  дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз етеді.

    Мазмұнына қарай  нормативтік актілер қоғамның әр саласына сәйкес бөлінеді: азаматтық, қаржы, еңбек және т.б.

    Көлеміне  қарай нормативтік актілер жалпы қоғамдық, шектелуі және төтенше актілерге бөлінеді.

    Актілер қабылдаған субъектісіне қарай үшке бөлінеді: Парламенттің актілері,атқарушы органның актілері, сот билігінің актілері. Басқару ісінде  мемлекеттік басқару субъектісі өзінің қызметін басқару актісі арқылы реттейді.

    Мемлекеттік басқару актісі деген – бұл басқару қатынасын реттейтін және басқару проблемасын шешетін жүріс-тұрысты анықтайтын мемлекеттік биліктің шығармашылық мінезі бар белгіленген тәртіппен өкілетті органдармен және лауазымды тұлғалармен шығарылатын  заңды акт.

    Мемлекеттік басқару актілерінің  негізгі белгілері:

  • Басқару актісі, заңды мемлекеттік билік күші бар және кімдерге арналса соларға міндетті, басқару актісі іске аспаса мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі.
  • Мемлекеттік басқару актісі бір жақты, біркелкі тәртіппен шығарылады. Оны компетентті құзыры бар мемлекеттік басқару субъектілері шығарады  қабылдайды.
  • Мемлекеттік басқару актісі жүріс-тұрыстың тәртібін белгілейді, және нақты басқару қарым-қатынасын реттейді.
  • Мемлекеттік басқару актісінің  шығармашылық мінезі бар, өйткені ол басқару жұмысымен проблемаларын шешуге бағытталған.
  • Мемлекеттік басқару актілері   басқару субъектісімен  тек қана өзінің құзырына кіретін проблемаларды шешу үшін заңмен бекітілген ретте қабылданады.
 

    Мемлекеттік басқару актісінің  заңдылық маңызы:

  • Мемлекеттік басқарудың  актісі   құқықтық нормасын бекітеді, өзгертеді, күшін жояды.
  • Басқару субъектісіне арнайы құқықтар береді және нақты міндеттер жүктейді.
  • Кейбір басқару актілері  басқа акт шығаруға негіз бола алады мысалы, жоғары тұрған органның актісі негізінде  кіші тұрған органы акті шығарады.
  • Мемлекеттік басқару актісі   басқа актілердің дұрыстығына, заңдылығына негіз бола алады.
  • Басқару актісі сот ісінде дәлел ретінде жүре алады және соттық істі қозғауға негіз бола алады
  • Басқару саласында  құқықтық қарым-қатынасты тоқтатуға және өзгертуге заңды факт дәлел ретінде жүреді.
 

    Мемлекеттік басқару актілердің түрлері басқару  оргындарының деңгейіне  байланысты:

    1. жалпы,
    2. жергілікті,
    3. локальды.