Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік
КІРІСПЕ
Билік – халықтың қолында. Сондықтан, қандай мемлекет болмасын, ең бірінші мемлекетті басқарған кезде, сол халқының жағдайына, әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне, яғни әлеуметтік саласына баса назар аударуы тиіс. Осы саланы тиімді жетілдіру жолдарын ойластыру әрине басқару саласына тиесілі.
Мемлекеттік басқару арқылы әлеуметтік саланы тиімді де, тұрақты дамыту және дамыған, өркениетті ел қатарына қосумен бірге, әрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін қоғам құру және әкімшілік тарапынан барынша реттеу жұмыстарын тиімді де, нәтижелі жүргізуге жету үшін басқарудың әдістері мен тәсілдерін, тиімді даму жолдарын айқындау сәйкесінше осы курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігінің теориялық негіздерін қарастырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік өріске сипаттама беру және әлеуметтік салада мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын айқындап көрсету болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері келесідей болып табылады :
-
мемлекеттік басқарудың
-
Қазақстан Республикасындағы
-
жинақталған материалдарды
-
мемлекеттік басқарудың жалпы
әлеуметтік тиімділігін
-
мемлекеттік басқарудың
Жоғарыда талған мәселелерді тұжырымдау Қазақстан Республикасында орын алған мемлекеттік басқарудың сипатын көрсетуге көмектеседі және де мұнда негізінен әлеуметтік өрістегі мемлекеттік басқару субъектілері мен экономиканы басқару органдары қызметінің тиімділігін анықтауға жәрдем береді.
Курстық
жұмыс кіріспеден, үш тараудан құрылатын
негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиет тізімі мен қосымшадан тұрады.
- МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
- Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік механизм теориясы
Еркін нарықтық экономикадағы бәсекелестік ешкімді кедей немесе ауқатты деп бөлмейтін, бейтарап механизм болып табылатындықтан, оның негізінде бөлінген табыстар қоғам үшін қажетсіз теңсіздіктің туындауына жағдай жасап отырады. Аталған мәселенің алдын алуда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік қызметтерге қарамастан кедейлік мәселесі әлі де дамыған европалық елдерде, сонымен қатар Қазақстан Республикасында да көкейкесті экономикалық және әлеуметтік мәселенің бірі болып келе жатыр. Осы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді әрине мемлекетті басқару арқылы шешеді .
Басқару – кез келген ұйымдық құрылымның мақсатына жетуге, оның қызметін ұйымдастыруға, құрылымын сақтауға ықпал ететін функция. Билік –басқарудың негізгі қажетті шарты, құралы. Басқару функциясын атқарушы өз қарамағындағыларға билік етеді. Оның түпкілікті мақсаты – билік обьектісін өзіне бағындыру емес, керісінше, билік міндеттерді жүзеге асыру тәсілі, құралы ретінде пайдалану.
Кең
мағынада, әлеуметтік билік дегеніміз
– әлеуметтік қызметті жүзеге асырушы
субъектінің билік құралдары
мен ресурстарын пайдалана
Басқару субъекті ретінде өз органдары жүйесімен мемлекет пен басқарылатын объектілер қоғамда өз-өзімен болмайды, ал болса да, олардың ұтымдылығы мен нәтижелілігі өте төмен. Өзара көмектесе әрекет жасағанда ғана олар даму факторларын жасайды, адамдарға өз мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Осындай әрекеттестіктің көрсетілуі болып төмен ұсынылған механизм болып табылады.
Мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және іске асырудың әлеуметтік механизмі деп мемлекеттік басқару субъектісі (оның бөліктері) мемлекеттік билікке сүйеніп, басқару әрекеттестіктегі қоғамның мұқтаждарын, мүдделерін және мақсаттарын біле қоятын, өз басқару шешімдері мен әрекеттерінде бекітетін және өмірге практикалық өткізетін әлеуметтік элементтердің, процестердің және заңдылықтардың жиынтығы мен логикалық өзара байланысы танылады. Басқаша айтқанда, бұл мемлекеттік басқаруды әлеуметтік толығу механизмі, оның мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы ол керек шарттылыққа, негізділікке және нәтижелілікке ие болады. Осы мағынада әлеуметтік механизм мемлекеттік басқаруды қалыптастыру мен іске асырудың құқықтық, функционалдық және ұйымдастырушылық заңдылықтары мен рәсімдеріне көңіл аудармай ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қозғалыста оның әлеуметтік функциясын, әлеуметтік рөлін және құндылығын әр басқару құбылысына олармен қатар, негізінде және бірлесе айқындалуының қажеттілігін ұсынады.
Мемлекеттік басқаруда, мемлекеттік билік нысанында жинақталған халық қалауы осындай қалау болып табылады.
Басқарушылық шешімдер – бұл ішінде қойылған мақсаттарға жету үшін, мүдделерді қамтамасыз ету және басқарудағы тиісті мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін қажет басқаратын бөліктердің (мемлекеттік органдардың, лауазымдық тұлғалардың) қоғамдық жүйеге әсер етуі қисынды нысанда көрсетілген әлеуметтік актілер. Мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың және іске асырудың әлеуметтік механизмі мемлекетпен өзара байланысты және дәйекті детерминделген қоғамдық құбылыстардың бірыңғай қатар арқылы көрсетілуі мүмкін: «мұқтаждықтар – мүдделер – мақсаттар – шешімдер – әрекеттер – нәтижелер».
Мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және іске асырудың әлеуметтік механизмі оның бөлінбейтін әлеуметтік құбылыс ретіндегі деңгейде ғана емес, сондай-ақ барлық, жеке де мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың ұйымдастыру, құқықтық және өзге де әрекеттерінде істейді [2].
ҚР Конституциясына сәйкес әлеуметтік мемлекеттің құрылуы қоғамдық өркендеудің негізгі кепілі болып саналады. Арнаулы заңдарға сай мемлекеттің әлеуметтік функцияларының даму сапалылығы жалпы мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер етеді. Қазір де әлеуметтік бағдарламаларды дұрыс қаржыландармай отырғанын көреміз. Аз қамтылған азаматтарға – соның ішінде жұмыссыздарға, көпбалалы отбасыларға және жалғыз басты аналарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақының дұрыс бөлінбеуі әлеуметтік саясат нәтижесін төмендетеді.
Халықтың
нақты өмір сүру ұзақтығы азаюы ең
алдымен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне,
әлеуметтік-демографиялық
Әлеуметтік саладағы реформалардың негізгі мақсаты:
- туу мен өлімді тежеу, дұрыс өмір салтын жарнамалау арқылы өмір ұзақтығын ұзарту, медициналық көмектің жақсарту, тұрмыста және өндірісте жарақатты болдырмау және де көшіп-қон процесін реттеу арқылы демографиялық жағдайды жақсарту;
- гендерлік тендікті орнату және қоғамдағы әйелдің алатын орнын жақсарту;
- экономиканың нақты секторында жұмысбастылықты дамыту;
- экономикалық-әлеуметтік қамтамассыз етілген тұрғындар деңгейіне мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету;
- әлеуметтік көмекке бөлінген қаржыны барынша дұрыс реттеу;
- халықтың тұрмысын жақсарту жұмыссыздықты, кедейшілікті төмендету;
- барлығына тегін медициналық көмек көрсету, жалпы және кәсіби білімді қолжетімді қылу;
- әлеуметтік қызмет пен қамтамассыз етуді барынша сапалы, кең таңдаулы ету;
- әлеуметтік жүйені қаржыландырудың жаңа, тиімді әдісін таңдау
Әрбір сала көптеген құрауыштарынан тұрады, сол элементтері арқылы көрсеткіштерін реттеп, бақылап отырады. Әлеуметтік салада да көптеген элементтері бар, мысалы бұл сала зейнетақыны, жұмысбастылықты, демографияны, халық санын, жәрдемақылар және айлық жалақы мөлшерін бақылайды және реттейді. Соның ішінде ең негізгісін сипаттасақ, оның ішінде: жұмыссыздық, демография және өзгелері.
Әлеуметтік
саланың элементі жұмыссыздық деңгейі
– бұл жұмыс істеуді
Әлеуметтік өсуінің нақты мүмкіндіктерін қажетті төрт топтағы процесті ұйымдастырылу мен жұмыс істеуіне, факторларына тәуелді:
- басқару механизмінің тиімділігі
- табиғи ресурстарының саны мен сапасы
- негізгі капитал қоры
- еңбек ресурсының саны мен сапасы.
Ал дағдарыс деңгейін мына көрсеткіштермен бағалауға болады:
- басқарудың дұрыс ұйымдастырылмауы
- жұмыссыздық деңгейі
- өмір деңгейі (халықтың ақшалай табысының тұтыну бюджетінің ең аз қатынасы)
- инфляция деңгейі
- өндірістің залалдығы.
- Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары
Экономика мен әлеуметтік дамудың тұрақтылығы бір бірімен тығыз байланысты және әлеуметтік даму өте көп факторларға, аргументтерге, элементтерге тәуелді, өйткені солар арқылы тепе-теңдікті сақтап тұра алады және ол барлық элементтерді орындау қызметтерінің нәтижелі бағасын анықтаушы құрал. Тек тұрақты даму өлшемін тапқанда барып, әлеуметтік даму барысында әртүрлі элементтер қызметтеріне реттеу жүргізу арқылы оның басқару тетіктерін таба аламыз.
Әлеуметтік әдістер әр қилы әдістердің кең спектірін қамти алады:
- әлеуметтік нормалау;
- әлеуметтік-саяси;
- әлеуметтік реттеу;
- әлеуметтік бастама;
- моральдік ынталандыру.
Әлеуметтік нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік нормаларды енгізу жолымен ұжым және жекелеген жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік қатынасты оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр түрлі кодекстер, өндірістік әдеп ережелері, тәртіпке шақыру нысадары жатады.
Әлеуметтік-саяси әдіс – бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал ету әдістері кіреді (үлгі-насихат, сендіру, басқару ісіне қатынастыру және т.б.).
Әлеуметтік ретеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың, топтардың, тұлғалардың мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде пайдаланылады.
Моральдік ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды көтермелеу үшін қолданылады.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялқ әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін білдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамассыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәжемелік сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді көрсетіп береді.
Құқықтық реттеу – мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын құқықтық кесімдер мен нормативтік құжаттар, олардың қолданылуы меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға таратылады.
Қаржылық-кредиттік реттеу - қаржы ағындарын басқару жөніндегі тұтқаларды пайдалану.
Осы әдісті іске асырудың негізгі нысаны мемлекеттік бюджетте солардың есебінен бюджеттік салалар – әлеуметтік орта салалары қаржыландырылатын баптарды бөлу. Қаржылық реттеудің басқа нысаны – солардың есебінен әлеуметтік саланың тиісті салалары қаржыландырылатын бюджеттен тыс әлеуметтік: зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларын құру.
Жекешелендіру, яғни әлеуметтік сала кәсіпорындарын жеке меншікке беру, әдетте шектелген.
Мақсатты
бағдарламалар – «Қант диабеті»
Әлеуметтік саясат құралдары – әлеуметтік – кепілдіктер, стандарттар, тұтыну бюджеттері, еңбекақының ең төмен мөлшері және табалдырықтық әлеуметтік шектеулер.
Әлеуметтік кепілдіктерде мемлекеттің азаматтардың алдындағы да, азаматтардың мемлекеттің алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі де бекітілген: мысалы, мемлекеттік бюджеттен отбасы мен балаларды қолдау бағдарламасын іске асыруға, білім беру мен мәдениет қызметтерін дамытуға қаржы басымдық тәртіппен бөлінеді.
Әлеуметтік стандарттар – Конституцияда тегін берілуге кепілдік берілген әлеуметтік қызметтердің нысандары мен мөлшерлерін әзірлеу. Әлеуметтік стандарттар қаржы нормативтерін белгілеу үшін қажет, мысалы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулысымен халық басына шаққанда күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері белгіленеді.
Ең төменгі тұтыну бюджеті – әлеуметтік саясаттың маңызды элементі. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, кірістер реттеледі, ол әлеуметтік төлемдерде есептеледі.
- Халықты әлеуметтік қорғау және мемлекеттің қазіргі әлеуметтік саясаты
Мемлекет, егер ол әлеуметтік болып табылса, әлеуметтік саясатты жүргізуге тиіс. Әлеуметтік саясаттың мәніне және оның негізгі бағыттарына анықтама берейік.
Ең алдымен, әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының әлеуметтік және ұлтаралық саясат кіретін бағыттарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік
саясаттың мақсаты қоғам
Әлеуметтік саясат – мемлекеттің халықтың өмір сүру деңгейін өзгертуге, қоғамдағы әділдікті қолдауға, нарықтық экономиканың жағымсыз салдарын бейтараптандыруға; халықты әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталған іс-шараларының жиынтығы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты азаматтардың барлық дерлік қажетін емес, олардың өздері объективтік жағдайлар салдарынан қамтамасыз ете алмайтындарын ғана қамтамасыз етуді көздейтініне назар аудару қажет.
Әлеуметтік саясаттың маңызы адамдардың өз проблемаларын өздері шешу үшін ғана оларға жағдай жасауға негізделеді.
Дені сау және еңбекке жарамды адамдардың негізгі көпшілігі өздерінің негізгі тіршілік ету қажеттерін өздері қамтамасыз етуге тиіс. Қоғам, мемлекет және оның институттары тарапынан осы адамдардың бөлігіне жұмысқа орналасу, олардың еңбек және конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғауда көмек көрсетілуі мүмкін.
Осылайша, әлеуметтік саясат тек еңбекке жарамды азаматтардың өзін-өзі қамтамасыз ету және сонымен қатар еңбек жасына жетпеген немесе еңбекке жарамсыз жасқа жеткен және қоғам мен мемлекеттің қамқорлығын қажет ететіндерді нысаналы қамтамасыз етудің тиісті үдерісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Мемлекеттің мақсаттары жөнінде мәселе қаралатын теориялардың ішінен біздің мемлекеттік құрылымның тәжірибесі мен қоғам менталитетіне толық шамада жауап беретін әлеуметтік мемлекет теориясы баса назар аудартады. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және құқық бұзу оқиғаларын қоспағанда, («мемлекет – түнгі күзетші» теориясы) мемлекет қоғамдық өмірге араласпауы тиіс деп айтылатын бұрын болған тұжырымдамаға қарама-қарсы болып табылады.
Әлеуметтік мемлекет теориясының мәні мемлекет таптан тыс болады, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіреді, олардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы теорияға сәйкес қазіргі заманғы құқықтық мемлекет мемлекеттіліктің дамуының жаңа кезеңі болып табылады. «Классикалық либерализм» дәуірінің құқықтық мемлекеті жеке адамның мүдделерін қоғам мүдделерінен жоғары, экономикаға араласпау идеологиясына негізделген және құқықтық тәртіпті қорғау қызметін ғана атқарған. Мемлекетті бірте-бірте әлеуметтендіру адамның лайықты өмір сүруі мен еркін дамуын қамтамасыз етуді әлеуметтік мемлекеттің бағдарламалық мақсаты деп таныған жаңа тұжырымдаманың бекітілуіне арқау болды.
Қазақстан Республикасының Ата заңы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.
Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына «әлеуметтік қамсыздандыру» мен «әлеуметтік сақтандыру» терминдері сипаты болғанымен бұлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыру – халықты әлеуметтік қорғау процесі, ал әлеуметтік сақтандыруды – осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсіну керек.
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамассыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Ең төменгі әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізгі орта есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады. Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектірін қамтиды.
Әлеуметтік
сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты
жағынан адамның еңбек
Зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарның қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек өтілі болған жағдайда тағайындалады. Төтенше және барынша қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шекен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес еркектер – жалпы еңбек өтілі – 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде, әйелдер жалпы өтілі – 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөліп көрсетіледі:
1.
Әлеуметтік көмек, ол бойынша
төлемақылар мыналарды
2.
Тұрғын үй жәрдемақысы,
4.
Жұмыссыздарға материалдық
5.
Этникалық отанына оралған
Қазіргі әлеуметтік саясат саласында тараптар, яғни әкімшілік, жұмыс берушілер, кәсіподақтар мынадай шараларды қарастырады:
- жалақы төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорына жарналарды аудару жөніндегі есептеулерді уақытылы және толық көлемде жүргізу
- Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз етудің бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды жүзеге асыру
- «Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын іске асыруға байланысты шығыстар үшін бюджеттік ұйымдарға қаржылық қаражат бөлуді қарастыру міндеттемелерін мойнына алады
- аз қамтамасыз етілген азаматтарды қайта оқытуға, жаңа кәсіп алуға ынталандыруға бағытталған атаулы әлеуметтік көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.
- 2007-2009 ЖЫЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
- 2007-2009 ж.ж. Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайының көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының Контитуциясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.
Алайда
халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына
«әлеуметтік қамсыздандыру» мен
«әлеуметтік сақтандыру»
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамассыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Ең төменгі әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізгі орта есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады. Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектірін қамтиды.
2007
жылы негізгі әлеуметтік
Әлеуметтік
саясаттың басты мақсаты
Жүктілік
пен бала туу жөнінде міндетті
сақтандыру енгізіліп, әйелдер сәби
бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға
берілетін декреттік демалыста
болатын кезеңде олардың
Қазақстанда әлеуметтік қорғалмаған халықтың ең көп үлесін зейнеткерлер алады. 2007 жылы зейнетақыны 1637062 адам алса, 2008 жылы 1635033 адамға төмендеді. Және де 2009 жылы зейнетақыны алушылар саны 1640498 адам болды.(Қосымша А)
Қазақстан Республикасында осы қиын қыстау кезеңінде бұл әлеуметтік қорғалмаған топты қолдау мақсатымен зейнетақының орташа айлық мөлшерін жыл сайын өсіруде. Яғни 2007 жылы тағайындалған зейнетақының мөлшері 10654 теңге құраса, кезекті жылы бұл көрсеткіш 21%-ға өсіп, 13418теңге болды. Ал 2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 25%-ға артып, 16084 теңгені қамтыды.(Қосымша Б)
Жұмыстағы
уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі
бір жағдайларда пайда болатын
көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған
кепілдендірілген ақшалай өтемақысы
жәрдемақы болып табылады. Мүгедек
адамдарға зейнетақы төлеу

- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу
- Мемлекеттік басқаруды жетілдіру
- Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
- Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық астарлары
- Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігі
- Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
- Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызметі, түрлері
- Мемлекеттік бағалы қағаздар
- Мемлекеттік баскару
- Мемлекеттік басқару
- Мемлекеттік басқару
- Мемлекеттік басқарудағы адами дамудың рөлі
- Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар