Мемлекеттік басқару
Мазмұны
КІРІСПЕ ..............................
І. Мемлекет түсінігі ..............................
1.1 мемлекет ..............................
1.2 мемлекет нысандары
..............................
1.3 мемлекет түрлері
..............................
ІІ. басқару қызметінің
теориялық негіздемесі...................
2.1 Басқару қызметінің түсінігі және қалыптасу теориялары…………....... 13-15
2.2. Басқару белгілері мен түрлері…………………………………….........
2.3. Басқару қызметінің ерекшелігі………………………………………….. 20-22
ІІІ. ҚР басқару қызметінің құрылымдық
ерекшелігі....................
3.1.Басқару қызметінің құрылымдық ерекшелігі …………………………... 23-24
3.2. Басқару қызметінің концепциялары…………………………………….. 24-25
3.3. Басқару қызметінің функциялары……………………………………..... 26-27
3.4. Басқару қызметінің тиімділігі мен
жетілдіру жолдары.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…...................
Кіріспе
Бұл жұмыста мемлекетті басқару
және оның түрлері, сонымен қатар
«Қазақстан Республикасының басқару құрылымы»
жайында мәліметтер қарастырылады.
Өркениеті де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты . Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады. Менің бұл жұмысты жазудағы негізгі мақсатым — мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістерін меңгеру. Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор, әрі маңызды, көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екен білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді.
Қазіргі кезде уақыттың талабы жоғары біліктілікті, білімділікті және басқару технологиясының жаңа түрлерін енгізуді талап етеді. Себебі барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетуді басқару буындарынан тұрады.
Заман талабына қарай қазіргі кезде басқарудың жаңа әдіс-тәсілдерін жасауды, жаңаша басқаруды талап етіп отыр.Елбасының Мемлкеттік комиссияның екінші отырысында саяси реформалар жасауда, басқарудың басқа дәстүіріне көшуге үлкен мән берді. Оның ерекшелігі және маңызды мәселесі – елімізде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту болып табылады. Уақыт бір орнында тұрмайды, өмір үнемі өзгерісте болады. Сондықтанда жергілікті өзін-өзі басқарудың тетіктерін тағы бір електен өткізіп, қарастыру қажеттігін атап көрсетті. Оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың органдарының қаржыландыру, олардың өкілеттіктері мен қызметін айқындауға байланысты көптеген мәселердің басын ашу керектігін көрсетті.
Осы жұмыста экономикалық тұрғыдан
қарағанда басқарудың жан-жақты
салаларын, оның тереңдігін және деңгейімен,
басқару теориясының басты
Мемлекет деген ұғым
бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат.
Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден:
қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда
«халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес. Мемлекет саяси
жүйенің негізгі бөлігі болып саналады.
Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ.
Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік
болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста
мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар
мен бағынушылар келді. Оларды жасап, қабылдайтын
мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады.
Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне
қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі
күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге
батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени
белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс,
православтық деп өркениеттік жіктеу
негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға
қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи
ортасына қарай ірі өзендер аймағында,
теңіз жағалауларында, далалы-орманды
жерлерде пайда болған мемлекеттер деп
бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына
әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай
әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы
мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі
болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің
пайда болуынан көрінеді.
І. Мемлекет түсінігі
1.1 мемлекет
Мемлекет деп –
белгілі бір аумақ шеңберінде
адамдардың әлеуметтік топтар, таптар
мен бірлестіктердің
Патриархтық теория. Оның негізін салушы
XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт
Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың
тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа,
олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен
деп санайды. Қоғамдық келісім теориясы.
Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо.
Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол
астындағы адамдардың келісімі арқылы
пайда болды. Теологиялық теория. Негізін
салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский.
Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда
болған. Зорлық жасау теориясы. Негізін
салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский.
Мемлекет бір елді екінші елдің басып
алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды
реттеу үшін пайда болды. Географиялық теория. Негізін салушылар:
А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің
пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен
деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну
мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи
тән болған дегенді айтады. Марксистік
теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың
пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика
жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін
қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу
үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін
таптық күресті бітістіруде, татуластыруда
деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік
шиеленістерді асқындырмауға тырысып
және оларды бейбіт саяси жолмен шешу
үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар
арасындағы қатынастарға белсене араласып,
ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек
дейді. Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің
қалыптасуы кезінде экономдау, басқару,
қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар
бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді
бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді
күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар
қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді
күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі
елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол
кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі
грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз
адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі”
деп анықтама беріп, оның пайда болуына
еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның
шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда
табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық
игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың
көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген
адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі
мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде
байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет”
сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік
ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі
бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік
етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың
кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет”
сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз
байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің
қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан
туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі
себептердің нәтижесінде пайда болғанын
оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер
көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына
географиялық орта немесе табиғи орта,
адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі
(экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі,
дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа
да сыртқы фактор әсер етеді.Ең алғашқы
мемлекеттер адам санының белгілі бір
табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан
ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер
жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса,
кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы
бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан
көрші аумақтарда да қорғану мақсатында
адамдар бірлестігі — мемлекет пайда
болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып,
қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп
нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы
келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің
аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген
сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың
қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде
жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай
бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру
арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш
салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей
жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне
әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне
әсер етеді. Биліктің бір мазмұннан бір
мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және
өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет
мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
- ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);
- бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);
- орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);
- империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
- 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
- 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
- 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
- 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
- 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
- 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
- 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
1.2 мемлекет нысандары
Мемлекет- өзінің басқару аясында халықты өз ырқына көндіріп отыратын саяси ұйым.
Мемлекеттің белгілері
- мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
- мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
- мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
- мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
- мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Мемлекет басқаруы нысаны бойынша:
- Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.
- Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады
- Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.
Құрылымдық нысаны бойынша:
- Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
- Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары
Саяси режимдік нысаны бойынша:
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
- Мемлекет түрі.
- Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
- Қоғамдық құрылымның мұраты.
1.3 мемлекет түрлері
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді. Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті автори- тарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағ- дайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық- талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.
Тоталитарлы саяси жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.Құқықтық мемлекет
– өзінің негізгі институттары ретінде
билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару
заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан
азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді
және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген
залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын
мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының
сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі
дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің
философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет
тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың
арақатынасын қалыптастырудың әмбебап
идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет
идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы,
билік көзі ретіндегі халық егемендігін
бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы.
Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы
- мемлекеттің және оның органдарының
зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды
қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен
байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең
алдымен, барлық мемлекеттік органдар,
лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер
және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі
құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен
ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип
- құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң
үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды,
негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі.
Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы,
барлық саяси институттарда жоғарғы құқық
бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша,
азаматтардың құқықтарының шынайылығы
әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық
мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз
етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен,
құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан
конституциялық мемлекет. Конституциялық
құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам
дамуының маңызды бағыттары, оның басты
идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі.
Конституция құқықтық жүйенің орталығы
болып табылады. Соның негізінде құқықтық
мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.Құқықтық
мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық
мемлекет туралы негізгі көзқарастар
антикалық заманда қалыптасып, мемлекет
пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар
жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет
туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи
құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы
заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы,
абсолюттік және полициялық тәртіпті
сынға алу, адамдардың бостандықтары мен
теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің
заң шығарушылық, атқарушылық және сот
тармақтарына бөліну тұжырымдамасының
қалыптасуы, конституционализм теориясы
мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді.
Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте
биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң
алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын
алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі
заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен
жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек
заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір
жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы
мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік
беруі, барлық азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері
мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс.
Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның
үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын
конституциялық-құқықтық реттеу негізінде
егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы
мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің
өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны.
Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері
мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет
алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары
мен басқармаларының, лауазымды адамдардың
қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің
қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық
мемлекетте биліктің бір адамның, органның
немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына
жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде
құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің
барлық институттарының өкілді болуын,
лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді.
Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті
жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы,
негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау
болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара
байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет
заңдарында көрсетілген құқықтар мен
міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі
кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы
адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады
және адамның жеке, азаматтық, саяси және
экономикалық құқықтары мен бостандықтарының
қорғалуын білдіреді.
Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет. Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті.
ІІ. басқару қызметінің теориялық негіздемесі
2.1 Басқару қызметінің түсінігі және қалыптасу теориялары
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір- бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді.5-4 мыңжылдықтарды сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды.Мемлекет пен құқық тарихы туынды – қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы,
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы,
- қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі;
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуінің туындысы.Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс -әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш- қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Басқару
аппараты бұрынғы ру - тайпаны
басқаратын аппараттан өсіп
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады.Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс - әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды;
Мемлекеттің негізгі белгілері:
- Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т.б.) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекттің механизмі де күрделене түседі.
- Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдыққарым –қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Қазіргі уақытта мемлекеттің пайда болуы туралы келесідегідей теориялар қалыптасқан:
1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.,
2.Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде – мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірті – бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылыр орта, жаңа ғасырларда пайда болды (Фильмер, Михайловский т.б)
3.Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д. IV –III ғ). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
ХІХ ғасырдағы ғылымның жтістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
4.Табиғи құқықтық теория – XVII- XVIII ғасырларда қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцский, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И. Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады ( бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап, мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
5.Психологиялық терия – ХІХ ғасырда бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл териия адамдардың психологиялық біріккен көзғарасы, іс - әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
6.Күштеу теориясы – ХІХ ғасырда қалыптасқан пікір. Өкілдері: К. Каутский, е. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз ру, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап, өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады.
Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама – қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде – мақсатты қорғауы.
Басқару ықылым заманнан адамдар пайда болған кезден бастап белгілі. Қандай да алға қойған мақсатқа жету жолында екі адам біріксе, соның біреуіне мәселені шешу міндеті жүктелсе, яғни ол басқарушыға айналса, ал екінші адам оған бағынышты басқарылушыға айналады.
1911жылы американдық инженер
ТейлорФ. «Ғылыми
1. еңбекті бөлу;
2. өкілеттілік және жауапкершілік;
3. тәртіп;
4. орталықтандыру;
5. қызметкерлерді марапаттау;

- Мемлекеттік басқарудағы адами дамудың рөлі
- Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар
- Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу
- Мемлекеттік басқаруды жетілдіру
- Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
- Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық астарлары
- Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері
- Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
- Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызметі, түрлері
- Мемлекеттік бағалы қағаздар
- Мемлекеттік баскару
- Мемлекеттік басқару