Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар
- Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынастардың теориялық негіздері.
- Әлеуметтік қатынастар түсінігі мен маңызы.
- Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы алатын роль.
- Шет мемлекеттердегі мемлекеттік әлеуметтік қолдау ерекшеліктері.
- Мелекеттік басқарудағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың дамуын талдау.
- Мемлекеттің әлеуметтік қолдаулары.
2.2 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік қатынасты қолдаудағы негізгі бағыттар.
- Қазақстанның әлеуметтік жағдайдағы бүгінгі мен ертеңі.
- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Кіріспе
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен
Қазақстан Республиксының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына <Болашақтың іргесін бірге қалаймыз> атты Жолдауында: <Біз тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өндеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айдың жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. 1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын. 2011 жылдың 1 қарашасында қарай бұл көрсеткіш 12 еседен арттық өсім 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.> деп айта кетті.
Мемлекеттің әлеуметтік қатынасы әлеуметтік топтардың, коғамның ішіндегі баска да топтарынын арасында әл аукатын, өмір деңгейін котеруді қамтамасыз ететін жагдай жасау, әлеуметтік кепілдеме беру, коғамдық өндіріске катысу үшін экономикалық ынталандыруды калыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынасының ерекішелігі экономиканын орталыктандырылған типінен орталықсыздандыруға өткен кезенде шығындарды минимизациялауға бағытталгандығында.
Қазақстанда тоқсаныншы жылдардың жартысынан басталған экономикалық жандану белсенді әлеуметтік қатынас жүргізуге мүмкіндік бере бастады. Жаңа жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау еңбек қатынастарын реттеу бойынша заңнамаларды құруға және жүзеге асыруға, жұмыспен қамтуды белсенді қолдауға, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтуге және мемлекеттік адресті көмек көрсетуге бағытталды.
Бірақ кедейліктің болуы, жұмыссыздық, халықтың қартаюы, нарықтың глобализациясы, сонымен қатар ресми емес сектордың өсуі әлеуметтік реформалардың одан әрі тереңдетілуін қажет етеді.
Қазіргі кезде халықтың өмір сүру дейгейі өзгеруіне байланысты күн көру минимумының деңгейін методологиялық есебін қайта қарастыру қажет. Зерттеулердің көрсетуінше , азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың күн көріс минимумы деңгейіндегі, сәйкесінше 70% және 30% құрайтын пропорциясы ұй шаруашылығының нақты шығындарын қамтымайды. Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың арасындағы қатынасты 60% және 40% мөлшерінде белгілеу үшін күн көріс минимумы деңгейінің құрылымын қайта қарау қажет.
Экономиканы мемлекеттік
басқарудың әлеуметтік бағыты басқарудың
айқын түрде әлеуметтік аспектілерінің
болуын қажет етеді. Мемлекеттік
басқарудың әлеуметтік процесстермен
және құбылыстармен терең байланысы
экономикаға үкіметтің әсер етуінің
мақсаттары, міндеттері мен қызметтерінен
көрінеді. Санап келгенде, мемлекеттік
басқарудың басты мақсаты халықтың
әл-ауқатын қамтамасыз ету,халықтың
өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан
Республикасының
Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі екі негізгі элементтен тұрады:әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қызметтер. Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек 2002жылы енгізілді. Ол күнкөріс минимумы деңгейінен 40% төмен табысы бар ең кедей тұрғындарға беріледі. Бірақ та қажет етушілерді әлеуметтік қорғаумен ішінара қамтуда халықтың кедей бөлігінің көбін қаржылық қиындықтан шығара алмады. Ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және балаларға арналған төлемдер сияқты әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі мөлшері күн көрістің ең төменгі деңгейінен төмен болмауы керек. Сонда да қазіргі уақытта тек қана зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінен жоғары.Жалақы мөлшері жұмысшының өзінің және оның жанұясының тіршілік әрекетін жүргізуге қатысты шығындарын жабу керектігін ескере отырып, оның ең төменгі мөлшері кем дегенде күнкөрістің ең төмен деңгейінен екі есе артық болуы керек.
2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері
Экономиканы мемлекеттік басқарудың әлеуметтік бағыты басқарудың айқын түрде әлеуметтік аспектілерінің болуын қажет етеді. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік процесстермен және құбылыстармен терең байланысы экономикаға үкіметтің әсер етуінің мақсаттары, міндеттері мен қызметтерінен көрінеді. Сайып келгенде, мемлекеттік басқарудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету,халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан әлеуметтік бағытталған мемлекет болып табылады. Ал бұл дегеніміз, ол мемлекеттік басқару органдары белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі қажет және әлеуметтік мәселелерді шешуге экономиканы бағыттау.
Бірде-бір қазіргі заманғы мемлекет халықты әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, өмір сүру жағдайларының барлық әлеуметтік ауыртпашылық жүгін мойнына алып көтере алмайды. Патерналистік концепция бойынша елдегі әлеуметтік жағдайды және тауар мен қызмет көрсетуді тұтыну мен әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ету деңгейін толық жауапкершілікті өзіне алған мемлекет кез-келген экономикада негізсіз болып табылады. Мұндай концепцияның нарықты экономикада болуы тіпті де мүмкін емес. Әлеуметтік сұраным мен қажеттіліктерді қанағаттандыру – азаматтардың өздерінің, жанұясының, үй шаруашылығының, жұмысшылар істейтін ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, қоғамдық қайырымдылық қорлардың және сонымен қатар мелекеттің ісі.
Сондықтан да мемлекеттің
әлеуметтік процесстерге қатысуы әлеуметтік
қажеттіліктерді
Мемлекеттің халықтың әл-ауқатын
көтеруге бағытталған әлеуметтік саясатты
құру мен жүзеге асыруына қатысу қажеттілігі
тек қана мемлекеттің әлеуметтік
миссиясынан ғана жасалмайды, мәселе
сонымен қатар әлеуметтік нысандардың
көбінесе табыс түрінде экономикалық
пайдасы өндірістік, сауда нысандарына
қарағанда өте аз, ал кейбір кезде
экономикалық көзқарастан тіпті
де рентабельді емес. Сондықтан әлеуметтік
нысандардың
Жоғарыда айтылған ерекшеліктерге байланысты мемлекет, бір жағынан, әлеуметтік нысандарды өзінің тікелей басқаруында ұстап, ішінара мемлекеттің меншігінде қалдыруы керек, екінші жағынан, мұндай нысандарды сақтап жарақтандыру шығындарын мемлекеттік бюджет есебінен тікелей немесе жанама қаржыландырып отыруы тиіс.
Қазақстанда нарық қатынастарына өтпелі кезеңде, мемлекет экономикалық және әлеуметтік процесстерді түбегейлі басқарудан шетте қалып, мемлекеттік меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіргенде көптеген қателіктерге орын беріп, мемлекеттік орталықтанған әлеуметтік функциялардың әлсіреуіне әкеліп, ол өз кезегінде әлеуметтік саясат мәселелерінде компенсациялауды қажет ететін арнайы шараларды қажет етті. Оған жататындар:
- халықтың әлсіз қорғалған, әлеуметтік мұқтаж топтарын мемлекеттік қолдау;
- әлеуметтік жәрдемақыны енгізу;
- міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құру;
- әлеуметтік сферадағы:мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мекемелері ұйымдарына преференциялар мен салық жеңілдіктерін беру;
- тұрғын-үй реформасын жүргізу;
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
- әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік мақсатты бағдарламалар құру;
- әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесін құру.
Атап өту қажет , үкімет осы аталған шаралар бойынша соңғы жылдары қыруар жұмыстар атқарып жатыр.Қазақстанда тоқсаныншы жылдардың жартысынан басталған экономикалық жандану белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік бере бастады. Жаңа жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау еңбек қатынастарын реттеу бойынша заңнамаларды құруға және жүзеге асыруға, жұмыспен қамтуды белсенді қолдауға, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтуге және мемлекеттік атаулы көмек көрсетуге бағытталды. Бірақ кедейліктің болуы, жұмыссыздық, халықтың қартаюы, нарықтың глобализациясы, сонымен қатар ресми емес сектордың өсуі әлеуметтік реформалардың одан әрі тереңдетілуін қажет етеді.
Қазақстанда кедейлік мәселесі нарық
қатынастарына өту нәтижесінде
пайда болды. Тұрғындар жаңа экономикалық
қатынастарға дайын емес еді, бұл
тұрмыс дейгейінің төмендеуінің елеулі
факторы болып табылады. Егемендігіміздің
алғашқы жылдарындағы жекешелендіру
мен инфляцияға қарсы қатаң ақша
саясаты (мемлекеттік шығындар мен
ақша массасының қысқаруы) және әлеуметтік
қоғамның трансформациялануының салдары
экономиканың күрт құлдырауына, жұмыссыздыққа,
тұрғындардың табысының төмендеуіне және
өткір бюджет тапшылығына әкеп соқтырды.
Жағдай тек 1997 жылы ғана инфляцияны біршама
тоқтаттаннан кейін және (ЖІӨ) жалпы ішкі
ғана өнімнің шамалап өсуіне қол жеткізгеннен
кейін ғана тұрақтала бастады. Сол уақыт
ішінде ақшалай табыстарының сатып алу
қабілетінің төмендеуіне немесе жұмысынан
айырылуына байланысты үйреншікті жұмыстарынан
айрылған тұрғындардың әр түрлі категориялары
зардап шекті. Бұрынғы жағдайы жақсыдан
гөрі жоғары топтардың ішінен- дәрігерлер,
мұғалімдер, білікті жұмыскерлер – кедейлер
пайда болды.
Қазіргі кезде халықтың өмір сүру
дейгейі өзгеруіне байланысты күн
көру минимумының деңгейін методологиялық
есебін қайта қарастыру қажет. Зерттеулердің
көрсетуінше , азық-түлік және азық-түлік
емес тауарлардың күн көріс минимумы
деңгейіндегі, сәйкесінше 70% және 30% құрайтын
пропорциясы ұй шаруашылығының нақты
шығындарын қамтымайды. Азық-түлік
және азық-түлік емес тауарлардың
арасындағы қатынасты 60% және 40% мөлшерінде
белгілеу үшін күн көріс минимумы
деңгейінің құрылымын қайта қарау
қажет. Соңғы жылдары Қазақстанның
экономикасы тез қарқынмен
Қазақстан Республикасы бойынша 2007 ж. қаңтардағы халықтың орташа жан басына шаққандағы күнелту минимумының мөлшері 8736 теңге құрады, қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе, ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе өскен. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы он жылда Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды. 2006 жылдың 1 наурызындағы Елбасының «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында ерекше басымдық әлеуметтік саясатқа берілді. Бүгінгі күні экономиканың өсуі мен күшеюінің арқасында Қазақстан әлеуметтік салаға түбегейлі бет бұруға мүмкіншілік алды. Жолдауда Елбасы мемлекет , бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады . Жеке сектордың әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етуге, әсіресе білім алу мен жаңа мамандықтар беру ісіне қатыстыратын, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік тұрақтылықтағы жауапкершілігін күшейтетін уақыт жетті делінген.Соңғы жылдары осы салада көптеген жұмыстар атқарылды.Әлеуметтік реформаларды тереңдету, әлеуметтік көмектер мен әлеуметтік қамтуға, жалпы, осы салаға 2006 жылы республикалық бюджеттен 388,8 миллиард теңге қарастырылды. Бұл өткен жылғыдан 72,6 миллиард теңгеге көп. Әлеуметтік қорғау саласына бұрын-соңды осынша көлемде қаржы қарастырылмаған. Сондай-ақ, 2006 жылы зейнетақы төлемдеріне 252,5 миллиард теңге бөлініп отыр және ең төменгі зейнетақы мөлшері 9696 теңгені, ал ең төменгі жалақы 9200 теңгені құрайды.5 Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі екі негізгі элементтен тұрады:әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қызметтер. Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек 2002жылы енгізілді. Ол күнкөріс минимумы деңгейінен 40% төмен табысы бар ең кедей тұрғындарға беріледі. Бірақ та қажет етушілерді әлеуметтік қорғаумен ішінара қамтуда халықтың кедей бөлігінің көбін қаржылық қиындықтан шығара алмады. Ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және балаларға арналған төлемдер сияқты әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі мөлшері күн көрістің ең төменгі деңгейінен төмен болмауы керек. Сонда да қазіргі уақытта тек қана зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінен жоғары.Жалақы мөлшері жұмысшының өзінің және оның жанұясының тіршілік әрекетін жүргізуге қатысты шығындарын жабу керектігін ескере отырып, оның ең төменгі мөлшері кем дегенде күнкөрістің ең төмен деңгейінен екі есе артық болуы керек. Бұл азаматтардың абсолютті кедейлікке жету мүмкіндігін азайтады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе кедейлікті төмендету мен әлеуметтік қорғауды жетілдіру үшін келесідей тұжырымдар ұсынылады:
- әлеуметтік көмектің адрестілік принципін жетілдіру, ол үшін бұл мәселені шешуді жергілікті басқару органдарына беру;
- күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың арасындағы қатынасты 70% және 30% мөлшерінен, сәйкесінше 60% және 40% мөлшерінде белгілеу;
- ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және балаларға арналған төлемдер сияқты әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен болмауы керек;
- өкіметтің әлеуметтік бағдарламаларының және заңнамаларының дұрыс жүзеге асырылуын қатаң қадағалау, сонымен қатар кедейлікті төмендетуге арналған шараларға үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыру және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар жұмысын дамыту;
- мемлекеттің 2006-2008 жылдардағы бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін жүзеге асыру;
- шағын және орта бизнесті дамыту арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыру және т.б.
Халықты әлеуметтік жағынан
қорғау және оларды әлеуметтік көмектермен
қамтамасыз ету мәселесіне қазіргі
кезде ерекше басымдық беріліп отыр.
Елбасы Жолдауында «Біздің стратегиямыздың
маңызды мәселесі – қоғамның ең
бір әлсіз қорғалған
Оңтүстік Қазақстан – Республика халқының 14%-ін құрайтын іргелі облыс және еңбек күші басым аймақтар қатарына жатады.Сондықтан оның өсіп-өркендеуіне, халқының әлеуметтік-тұрмыстық ахуалының жақсара түсуіне әр кез ерекше назар аударылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында
едәуір өндірістік-экономикалық мүмкіндіктер
бар. Облыстың өнеркәсіптік-аграрлық бағыты
бар.
Облыста Қазақстан бойынша республикада
өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 2,6% пайызға
жуығын өндіретін 174 ірі және орта кәсіпорындар
жұмыс істейді.
Облыс бойынша өндірілетін өнімдердің
жалпы көлемінен салалардың алатын үлесі:
тау-кен–23,5%;
тамақөнімдеріментемекі–31,9%;
мұнайөңдеу–5,7%;
түстіметаллөндірісі–6,5%;
құрылысматериалдары–6,3%;
тоқымабұйымдары–2,7%
электрқуаты,
басқасалаларбойынша–22,2%.
Республика бойынша ең ірі кәсіпорындар
қатарына «ПетроКазахстан ойл Продактс»
«Химфарм» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Арай»
ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» т.б.
жатады.
Сыртқы сауда айналымы сауда балансының
оң айырымын сипаттайды.
Экспорттың тауарлық құрылымында тоқыма
және тоқыма бұйымдары – 6,2%, металлургия
өнеркәсібінің өнімі – 4,7%, минералды өнімдер
– 54,7%, азық-түлік тауарлары – 13,1%, химиялық
өнімдер – 20,5%.
Импорттың тауарлық құрылымында машиналар,
құрал-жабдықтар, көлік құралдары – 40,7%,
химия өнімдері – 15,7%, азық-түлік тауарлары
– 13,3%, металлургия өнеркәсібінің өнімі
– 11,3%, минералды өнімдер – 8,4% үлесін құрайды.
Облыстың климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын
дамытуға қолайлы.
Бұл саланың құрылымында, негізгі өнім
түрлері мақта, дәнді дақылдар, көкөніс
және картоп болып табылатын, өсімдік
шаруашылығының үлес салмағы – 51,2% құрайды.
Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемінде
48,8% мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығында
ет, сүт және жұмыртқа өндіру негізгі орынды
алады.
Облыс дамуының басымды бағыттарының
бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту болып
табылады. Шағын бизнес бәсекеге қабілетті,
динамикалы және диверсификацияланған
экономика құруға үлесін қосуға тиісті.
Қазіргі таңда, облыста 123,6 мың шағын кәсіпкерлік
субъектілері тіркелген, оның ішінде 19,5
мыңы – заңды тұлғалар. Шымкент қаласына
облыстың заңды тұлғалары 60,0% үлесі тиесілі.
Экономиканың нақты секторындағы салалық
бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің 1,2% өнеркәсіп өндірісі
мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен,
ауыл шаруашылығымен – 35,7, құрылыспен
– 1,3%, көлік және байланыспен – 4,4%, саудамен
– 20,3%, мейрамхана бизнесімен – 2,5% айналысады.
Қазіргі таңда, облыс бойынша шағын кәсіпкерлікпен
305,4 мың адам, немесе облыс экономикасында
жұмыс істейтін халықтың 26,3% айналысады.
Облыс аумағында 1168 денсаулық сақтау мекемелері,
1524 оқу орындары, оның ішінде 1048 мектеп,
420 мектепке дейінгі ұйымдар, 887 мәдениет
нысандары, 21 стадион және 702 спорт залдары
бар.
Соңғы он жылдықта аумақтың
негізгі көрсеткіштерінің өсімі
облыс экономикасының барлық негізгі
бағыттарының қарқын дамуымен сипатталады.
Елдің экономикалық қызметінің соңғы
нәтижесін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің
бірі – Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ). ЖӨӨ 2000
жылы 152 млрд. теңгеден 2009 жылы 925,5 млрд.
теңгеге дейін өсті. 2010 жылдың 9 айының
қорытындысымен Республикадағы үлесі
5,3 % құрады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы 10 жылда
2,6 есеге, оның ішінде өңдеу саласында
– 1,9 есеге артты. Республикада өнеркәсіп
өнім көлемінің үлесі 2,6%, оның ішінде өңдеу
саласының – 5,4%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
2,9 есе өсіп, 162,5 млрд. теңгені, немесе жалпы
республикадағы үлесі 11,3% құрады.
Инвестициялық қызмет қарқынды дамуда.
Инвестиция көлемі 10 жылда 16,8 есе артты,
республикадағы үлесі 5,5 % құрады.
Экономиканың нақты секторындағы жетістіктер
облыс бюджетінің көлеміне де өз әсерін
тигізді. Бюджетке түскен салықтар мен
басқа төлемдердің көлемі 10 жылда 6,5 есеге
артып, 2010 жылдың қорытындысымен 156,9 млрд.
теңгеге жетті. Республикадағы үлесі 5,1
% құрады. Салықтық түсімдерді бюджетке
түсірудің өсу динамикасы бойынша 2010 жылы
республика деңгейінде облыс бірінші
орынды иеленді.
Облыстың жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы |
10 наурыз 1932 жылы |
Аумағы, мың шаршы км. |
117,3 |
Халық саны, мың адам (келесі есеп жылының 1 қаңтарына) |
2 563,1 |
оның ішінде, % |
|
|
39,2 |
|
60,8 |
|
49,4 |
|
50,6 |
Ұлттық құрамы, % |
|
- қазақтар |
70,2 |
- орыстар |
6,0 |
- өзбектер |
17,5 |
- әзірбайжандар |
1,3 |
- тәжіктер |
1,2 |
- басқалар |
3,8 |
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі |
|
- қалалар: Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан, Ленгір, Сарыағаш, Жетысай, Шардара |
8 |
- ауылдық аудандар: |
11 |
- поселкелер: |
- |
- ауылдық округтер: |
187 |
Жергілікті өкілетті
органдардың депутаттары, |
315 |
|
50 |
|
191 |
|
74 |
Облыс орталығы – Шымкент қаласы |
|
құрылған жылы |
XII ғасыр |
халық саны, мың адам |
628,0 |
қала аумағы, мың шаршы км. |
0,3 |
2001-2010 жылдардағы өңірдің негізгі көрсеткіштер динамикасы
Көрсеткіштер |
10 жыл ішінде еселік өсуі |
Есептік жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштің мәні, млн тенге |
Есептік жылдың қорытындысы бойынша өңірдің республикадағы үлес салмағы, % | |
1 |
ЖӨӨ |
- |
780767,81) |
5,31) |
|
2 |
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі |
2,6 есе |
305110,4 |
2,6 |
3 |
Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі |
1,9 есе |
202634,7 |
5,4 |
4 |
Аулы шаруашылығының жалпы өнімі |
2,9 есе |
162471,3 |
11,3 |
5 |
Шағын бизнестің өнімі |
- |
327867 |
4,8 |
6 |
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі |
16,8 есе |
262532,5 |
5,5 |
7 |
Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдердің көлемі |
6,5 есе |
156904,5 |
5,1 |
Өнеркәсіп
2010 жылы облыс өнеркәсібінің
өсуі байқалды. 2010 жылы өнеркәсіптік
өнімдер өндірісінің көлемі 305,1 млрд.
теңгені, нақты көлем индексі (нақты
санда) 113,3% құрады. Ал, 2009 жылы өнеркәсіптік
өнімдер өндірісінің көлемі 255,8 млрд. теңгені,
нақты көлем индексі 102,7% құраған.
2010 жылы облыс өнеркәсіптің барлық негізгі
салаларында өнеркәсіп өндірістерінде
өсімге қол жеткізді. Жылдың қорытындысымен
облыс республикадағы өнеркәсіп өнімдер
өндірісінде 6-шы орынды иеленді. Облыстың
нақты көлем индексі (НКИ) республикалық
көрсеткіштен 3,3% жоғары болды және жеке
түрлері бойынша алдыңғы орындарда тұр:
мақта-талшығы өндірісінің - 100%, трансформаторлар
өндірісінің - 66,5%, фармацевтикалық препараттар
өндірісінің - 66,4%, авиациялық керосиннің
- 52,6%, бензин өндірісінің - 35,0%, дизель отынның
- 32,2%, отындық мазут өндірісінің - 25,9%, нан
өндірісінің - 24,7%, макарон өнімдерінің
- 22,0%, ұн өндірісінің - 20,7%, цемент өндірісінің
- 16,3%, керамикалық кірпіш өндірісінің
- 14,3%, сыра өндірісінің - 14,9%, тазартылған
өсімдік май өндірісінің - 12,7% тиесілі.
2010 жылы жаңа кәсіпорындарды іске қосу,
өндірістің кеңеюі есебінен облыс кәсіпорындарында
10 528 жұмыс орындары ашылды.
2010 жылы өнеркәсіпте 1 адамға шаққандағы
еңбек өнімділігі 7,3 млн. теңгені құрады,
2009 жылмен салыстырғанда 15,9% өсті.
Ауыл шаруашылығы
2010 жылы ауыл шаруашылығы
Есепті жылы облыста өндірілген ауыл шаруашылығының
жалпы өнім көлемі 162,5 млрд. теңгені (2009 ж. – 137,9 млрд. тг), оның
ішінде мал шаруашылығында – 79,3 млрд.
теңге, егін шаруашылығында – 82,5 млрд.
тг құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда нақты көлем индексі 105,9%
құрады (республикалық көрсеткіш - 88,3%).
Егін шаруашылығы. 2010 жылы дәнді дақылдар өткен жылмен
салыстырғанда 18,1 мың га, майлы дақыл 26,0
мың га, картоп 2,0 мың га, көкөніс 4,2 мың
га,4; бақша 10,2 мың га артып отыр.
2010 жылы барлық егіс көлемі 697,1 мың га жетіп,
басым дақылдардан 371,3 мың тн дәнді дақыл,
258,8 мың тн масақты дәнді дақыл, 63,8 мың
тн мақсары, 93 мың тн дәндік жүгері, 633,1
мың тн көкөніс, 653,6 мың тн бақша, 188,2 мың
тн картоп, 58,6 мың тн жеміс-жидек, 38,2 мың
тн жүзім, 239,8 мың тн мақта жиналды.
2009 жылы облыста жалпы жылыжайлардың көлемі
124,1 га құраған болса, 2010 жылы ол 1,6 есеге
артып, 200 га жетті.
2010 ж. жылыжайлардан 23,1 мың тн өнім алынып,
оның ішінде 12,1 мың тн қызанақ, 10,4 мың тн
– қияр, қалған 641 тн басқа да өнімдер (көк-сөк, пияз,
көшет және т.б.) өндірілді.
Егіншілік саласы бойынша алынған өнімдер
40 % дейін артты.
Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының барлық санаттары
бойынша өнімдердің негізгі түрлері 157,6
мың тн, сүт 624,9 мың тн, жұмыртқа 267,3 млн.
дана өндірілді, немесе 2010 жылдың деңгейіне
тиісінше 101,9%, 103,0%, 109,9%.
2011 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны
803,7 мың басты, немесе 107,3%, қой – 3 656,8 мың,
немесе 102,7%, ешкі – 412,6 мың бас, немесе
100,4, жылқы – 156,4 мың бас, немесе 103,0%, түйе
– 16,7 мың бас, немесе 98,0%, шошқа – 37,5 мың
бас, немесе 107,9%, құстың барлық түрлері
– 2 443,3 мың басты, немесе 107%, құрады.
2010 жылы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу
көлемі 81,4 млрд. тг құрап, арғы жылмен салыстырғанда
9% артты.
2010 жылы қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары
жүргізіліп, олардың сиымдылығы 15 мың
тоннадан 57 мың тн жетті.
Шаруа қожалықтарын ірілендіру бойынша
20 900 ұсақ шаруашылықтар 425 бірлікке іріленді.
Шағын және орта кәсіпкерлік.
2011 жылдың 1 қаңтарына облыс рыногында
белсенді жұмыс істейтін шағын
және орта кәсіпкерліктегі
2010 жылы шағын және орта кәсіпкерліктегі
субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары,
көрсеткен қызметі) 327,9 млрд. теңгені, 2009
жылдың тиісті кезеңіне 100,4% құрады. Шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілерінде
жұмыспен қамтылғандар саны 305,4 мың адамды,
салық және басқа түсімдер 12,6 млрд. теңгені
құрады.
Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің құрылымы ұйымдастыру-құқықтық
формалары бойынша шаруа қожалықтары
басым – 58821, жеке кәсіпкерлік – (59792) және
заңды тұлғалар - (4983).
Шағын және орта бизнес субъектілерінің
салалық кесіндісінің құрылымы мынадай:
ауылшаруашылық саласында - 48,1%, саудада
- 26,6%, көлік және байланыс – 5,6%, құрылыста
2%, өнеркәсіп өндірісінде – 1,9%, қызмет
көрсету және басқада қызмет түрлерінде
– 15,8%.
Ұлттық банктің деректері бойынша екінші
деңгейлі банктер арқылы шағын және орта
бизнес субъектілеріне 13,2 млрд. теңге
көлемінде несие таратылған.
Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді кеміту
Қазақстанда 2009 – 2011 жылдары рұқсат
беру жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасына
және Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық
– жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Жолдауының іске асырылуын қамтамасыз
ету мақсатында, жергілікті деңгейдегі
әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі
жұмыстар жүргізілуде.
Рұқсат беру құзырына 12 облыстық деңгейдегі
және аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік
мекемелері ие, олар 61 рұқсат құжаттарын
(лицензия, рұқсат, анықтамалар, келісімдер
т.б.) беретіні анықталды.
Соңғы 3 жылда облыстық мемлекеттік органдарымен
шамамен 151 670 рұқсат құжаттары берілді.
Сонымен қатар, әдіснамалық нұсқаулығына
сәйкес мерзімдік және қаржылық шығындарды
автоматты түрде есептеу бағдарламасы
қолданылып, рұқсат беру тәртібін 42% қысқартуға
мүмкін болды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде, кәсіпкерлер
рұқсат құжатты алу үшін кемінде 82 күн
жұмсайтындығы анықталды. Рұқсат құжаттарын
қысқарту нәтижесінде бұл көрсеткіш 48
күнге дейін қысқарту жоспарлануда. Мерзімдік
шығындардың қысқаруына байланысты кәсіпкердің
қаржылық шығындары да төмендейді, өйткені
орта мерзімдік шығындарды қысқартқанға
дейін кәсіпкер бір рұқсат қағазын алу
үшін 153 913 теңге төленетін болса, аталған
шығындар қысқартылған жағдайда 64 987 теңге
шамасында болуы күтіледі.
Құрылыс
2010 жылы облыс бойынша құрылыс
жұмыстарының (қызметтерінің) көлемін
бағалау есебімен 122268,8 млн. теңгені
немесе 2009 жылмен салыстырғанда 90,8% құрады.
2010 жылы облыста 130,9 млрд. теңгенің негізгі
құрал-жабдықтары пайдалануға берілді.
Іске қосылған нысандардың саны 2100 бірлікті
құрады, олардың ішінде 1983 жаңа ғимараттар.
Олардың 1667 бірлігі тұрғын үй және 316 бірлігі
тұруға арналмаған үйлер, оның ішінде:
-сауда орындары – 101;
-жалпы білім беру мекемелері – 39;
-мектепке дейінгі мекемелер – 7;
-ауруханалар – 3;
-амбулаторлық-поликлиникалық мекемелер
– 35;
-қонақ үйлер, тойханалар және басқалары
– 131.
Тұрғын үй құрылысына 10,7 млрд.теңге инвестиция бағытталып,
228,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда
27,1% - ға артық.
Республикалық бюджеттен 696,5 млн. теңгеге
«Нұрсәт» м/а 17 несиелік үйлердің, 524,2 млн.
теңгеге 60 коммуналдық үйлердің құрылысы
жүргізілді.
Сонымен қатар, «Нұрлы көш» бағдарламасы
аясында «Асар» шағынауданында 2010 жылы
бөлінген 5,1 млрд. теңгеге 575 тұрғын үй
салынып, пайдалануға берілді. Үйлердің
қасынан жылыжайлардың да құрылысы жүргізілді.
Негізгі қорға бағытталған инвестициялар.

- Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу
- Мемлекеттік басқаруды жетілдіру
- Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
- Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық астарлары
- Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігі
- Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
- Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызметі, түрлері
- Мемлекеттік бағалы қағаздар
- Мемлекеттік баскару
- Мемлекеттік басқару
- Мемлекеттік басқару
- Мемлекеттік басқарудағы адами дамудың рөлі