Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер

 

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

  1. МЕЛЕКЕТТІК НЕСИЕ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ.................. .............5
    1. Мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыз мәні......................................5
    2. Мемлекеттік несиелердің негізгі қызметтері............................................9
    3. Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері......................................11
  2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ..............16
    1. Мемлекеттік қарыз және оны басқару.....................................................16
    2. Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары..................20
    3. Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы............................................23
    1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.................................................................................................28
    1. Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер.........................28
    1. Мемлекеттік қарызды басқарудағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары......................................................................................................31
    2. Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары.....................................34

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  несие мен мемлекеттік борыштарды зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен анықталады.

      Көптеген  елдер, оның ішінде Қазақстан да борышкерлік  міндеттемелермен, әсіресе, активтер мен  пассивтердің құрамы мөлшерінің құбылмалы пайыздарының үлкен көлемдері және қысқа мерзімдер мен сипатталатын инвестициялардың ағындары дұрыс болжауда қиындықтарды кездестіруде. Үйлестіру қажеттілігі түрлі мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен қарыз алу жөніндегі бағдарламалардың өсуімен арта түседі. Біз, бұл мәселеге қатысты кешігіп қалмауды төтенше маңызды санаймыз, өйткені, кейін борышқорлық міндеттемелерді өтеу құны мемлекеттің әлі келмейтін мәселе болуы мүмкін, оның көптеген дамушы елдерде орын алғанын байқауға болады.

      Қазақстан қазіргі кезде экономикалық өсу сатысында және мемлекет тұрғысынан инвестициялардың, ал соңғы жылдары жеке меншік арналар бойынша аса балсенді айтарлықтай үлкен көлемдерін тартуда. Мемлкеттік кепілдігі жоқ жеке меншік секторының борышы еліміздің жалпы борышының 90,4%-ын құрайды, және оның одан әрі өсу үрдісі бақалады. Мұнда ең үлкен қауіпті екінші дәрежедегі банктердің сыртқы міндеттемелердің өсуі тудырады.

     Еліміздің дүниежүзілік экономикаға белсенді кірігуі, еліміздің тәуелсіз несие рейтингінің жақсаруы, шетел инвестициясының үлкен көлемін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің валюта режимін ырықтандыру жөніндегі жоспарлары Қазақстан Республикасының тұрақты дамуында сөзсіз шешуші рөл алады.

     Сонда да, экономиканың ашық деңгейін арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды ішкі қаржы нарығын қалыптастыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметі, Ұлттық банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның республиканың экономикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі бірқатар шаралар қабылдауға алып келеді.

     Біріншіден, бұл қаржы секторы тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуді және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесі. Екіншіден, бұл мемлекеттік сектордың борышын басқару тетіктерін жетілдіру және қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесі.

     Халықаралық  тәжірибе байыпты қарыз алу саясатын жүргізу және мемлекеттік сектор борышын басқару және жеке сектордың  сыртқы борышын реттеу саласында  мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдау елдің макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ең маңызды фактор болып табылатындығына куә болып отыр.

     Әлемдік практикада, әдетте, көптеген елдердің сыртқы және ішкі нарықтарда өз қарыз  алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетін нығайту жөніндегі жоспарлары бар. Бұл қажеттіліктер капиталдың ішкі нарығын дамыту деңгейімен, валюта режимінің ерекшеліктерімен, макроэкономикалық саясаттың және нормативтік реттеу шараларының сапасымен, реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдің кредит қабілеттілігімен және оның борышты басқару саласындағы мақсаттарымен айқындалады.

     Экономикалық  ахуалын және институционалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке бір ел алып қарайтын берешектің экономикалық жағынан қолайлы деңгейлері көрсеткіштерінің (өлшемдерінің) белгілі бір біріздендірілген нормалары бар.

     Мемлекеттік несиелер әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда — бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда — пайыздық кірісті дүркіндік төлеу). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. МЕЛЕКЕТТІК  НЕСИЕ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ
    1. Мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыз мәні
 

      Мемлекет  пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің  заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа  елдердің (үкіметтердің, қаржы-несие  мекемелерінің) және халықаралық қаржы-несие иституттарының ресурстары да несие ккапиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін таратылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады.

      Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несиелік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Несиелік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады.

      Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастардың банк несиелерімен шатастыруға болмайды.

      Мемлекеттік несиенің жекеше несиеден айырмашылығы:

Жекеше  несие Мемлекеттік несие
  1. өндірістік мұқтаждар үшін   жұмылдырады;
  2. несие капиталы жұмылдырады;
  3. өтеу қосымша өнім немесе өндіріс үдерісінде пайда болатын құннан жүргізіледі;
  4. капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.
  1. өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар үшін жұмылдырады;
  2. төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырады;
  3. өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;
  4. капиталды қолдану сферасын тарылтады.

      [1.484]

      Мемлекеттік несиенің көздері – кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын  уақытша бос қаражаттар.

      Мемлекет  несиелік ресурстарды:

  1. бюджет тапшылығын қаржыландыру;
  2. ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалынатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
  3. биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
  4. елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

      Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағынатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздемелерде қаржылық қатынастарға кіреді:

  1. мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік мұқтаждарды қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;
  2. алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар,  олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар» яғни мерзімнен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

      Мемлекеттік несие қызметінің нәтижесінде мемлекеттік  қарыз түзіледі. Мемлекеттік қарыз – бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелінген пайыздарды қоса). Мемлекеттік қарыз ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік қарызды мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік қарыз – Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа қарыздың міндеттемелері бойынша мемлекеттік қарызының құрамдас бөлігі. Сыртқы мемлекеттік қарыз – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа қарыздық міндеттемелері бойынша мемлекеттік қарызының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

      Мемлекеттік кепілдендірілген қарыз -  Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.

      Күрделі мемелекеттік қарыз деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемлерініңбүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы қарыз – бұл мемлекеттік барлық борышқорлық міндетемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

      Қазақстан Республикасыда мемлекеттік қарыз өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың қарызы болып бөлінеді. Егер, қарызды кредиторлардың түрлері (тұрыптары) бойынша өзара бөліске салсақ көрінесе дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазастандық экспортты қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын – қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноталары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Орналастырылған еурооблигацияларды өтеу мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың негізгі баптарының бірі болып отыр.

       

      2 сызба.Мемлекеттік несиедегі себеп-салдарлық өзара байланыстар[1.500]

         

      Мемлекеттік қарыздың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.

      Ішкі  мемлекеттік қарыздың болуы экономикадағы ерекшелік емес, бірақ көп дәрежеде қағида болып табылады: экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Ішкі мемлекеттік қарыз Қазақстанда 2008 жылдың ортасында 1213 миллиард теңгені (10 миллиард долларды), бұл ІЖӨ-нің 7,6% пайызына жуық; соның ішінде, Үкіметтің қарызы 820,2 миллиард теңгені (6,8 миллиард долларды) құрайды.

      Алайда  қарыздың бұл түрінің тузілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде иеилекеттік қарыз және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың кіріктірілген факторлары болып табылады. Мемлекеттік қарыз «ұлттың өзіне өзінің қарызы» ретінде қаралады және ұлттық жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі қарызды басқару жөніндегі пайыздарды төлеу қажеттілігі түріндегі оның белгілі бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:

    1. Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттары есебінен, яғни салық төлеушілер есебінен жүргізіледі, сөйтіп, табыстар мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.
    2. Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік қарызды азайту жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдіктер қосылады, жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.
    3. Жекеше кәсіпкерлердің «инвестицияларын ынталандыру» нәтижесінде іс-әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе қарызды жабу мақсатымен несие рыногына шыға отырып, ақша рыногында бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жеке меншік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-теңді таза ұлттық өнімді азайтады.

      Қазақстан практикасында бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік қарыз қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік қарыздың едәуір бөлігі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған соманы екінші деңгей банктері мен басқа коммерциялық құрылымдардың табысына айналады.

      Ішкі  мемлекеттік қарыздың басқа нысандары мыналар болады: бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек; облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша қарыз.

      Қазақстанда оның дербес дамуының басынан ішкі мемлекеттік борыштың айрықша нысандары  болады:

      Ауыл  шаруашылығы өніміне, жеңіл өнеркәсіп  үшін шикізатқа бағалардағы айырманың  орнын толтыру және ауыл шаруашылығы  өніміне сатып лау бағаларына сараланған үстемақы төлеу бойынша бюджеттің шығарылған берешегі, бұл бөлудің әкімшілік әдістері жағдайларындағы баға сәйкессіздіктерінің нәтижесі болып табылады;

      Банктердің  несиелері бойынша су шаруашылығының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының шығарылған берешегі – қырсыздықтың, кредиттеу қағидаларының және шаруашылық жүргізудің шаруашылық есебінің бұзылуының салдары;

      «директивалық кредиторлар» деп аталатындар нысанындағы, сондай-ақ ішкі республикалық есепке алу міндеттемелеріне қызмет көрсету және өтеу бойынша қордаланған берешек. Директивалық кредиттерді дағдарыс жағдайланында кәсіпорындар мен салаларға олардың шаруашылық қызметін қолдап отыру үшін Қаржы министірлігінің кепілдігімен Ұлттық банк беріп отырады.

    1. Мемлекеттік несиелердің негізгі қызметтері
 

      Қаржының  ұдайыөндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік несие ақша қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша  бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Несиенің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақ ақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканы, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастыратын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақ ақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекеттінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

      Ағымдағы  кезінде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондағы жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп  алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік несиенің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай бөлу»).

      Мемлекеттік несиенің екінші қосалқы функциясы – реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағымдарын реттейді: несие капиталының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері»). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақшалай эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

      Сөйтіп, егер несиенің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.

      Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне  және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.

      Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (1 сызба).

      Ішкі  несиеде мемлекеттік – кредиттік  қатынастар жан-жақты тұрғыда: қарыз  алушылар кезінде де, кредиторлар  ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Түр

лері

Ішкі Сыртқы Шартты
Нысандары Қарыздар Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер Мемлекеттік банктер салымдарының қалдықтарын  пайдалану Орталық банктің несиелері Қазынашылық несиелер Ақшалай қарыздар, тауарлық қарыздар Дамуға  ресми көмек Өтімдік келісімдер Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қарыздары  бойынша мемлекеттік кепілдіктері
Байланысқан

Байланыспаған

Әдістері Беру, орналастыру  шарттары, өтеу мен табысты төлеудің әдістері мен мезгілдері
Мемлекеттік бағалы қарыздар (облигациялар, қазынашылық міндеттемелер, боналар, вексельдер, сертификаттар, өндірістік қаржылық құралдар) Беру, өтеу мезгілдері Табысты есептеу (пайыздық табыстар, дисконт, ұтыстар) Кепілзаттық міндеттемелерді, кепілдерді рәсімдеудің  тәртібі Орналастыру және қызмет көрсету үшін делдалдарды  таңдау Басқа әдістер, тәсілдер

        

Мемлекеттік борыш
Күрделі Ағымдағы
Басқару және қызмет көрсету
Лимиттерді  басқару, мониторинг, борыш пен пайыздардың  негізгі сомасын  төлеу, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестіндіру, қайта қаржыландыру, кемімелі арасалмақ, бойынша облигацияларды айырбастау, өтедің мерзімін ұзарту, борыштың күшін жою.

      Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор, ал несие алушы ел реципиент-ел деп аталады.

      Шартты  мемлекеттік несие отандық қарыз  алушылар: кәсіпорындар, ұйысмдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді. 
 
 
 

    1. Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
 

      Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік несиенің нысандары болып табылады.

      Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несиелік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып  табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.

      Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:

Қарыздар Салықтар
  1. ерікті сипаты;
  2. мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны
  1. мәжбүрлеме сипаты;
  2. мәжбүрлеудің анық нысаны

        Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады.

      Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің  қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

      Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады), ұтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

      Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталады. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыздар шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылады. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының боналары шығарылады. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25,50,500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады. Қарыздардың шарттары бойынша 1982 жылғы одақтық қарыз бойынша облигацияларды боналарға айырбастау жолымен Үкімет міндеттемелер қабылдады.

      1996 жылы Қазақстан Республикасында  резидент және бейрезидент-заңи  және жеке тұлғалар арасында  номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі  364 күнге тең мемлекеттік бағалы  қағаздар болып табылады. Мемлекеттік  ішкі қарызының ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.

      Шартты  мемлекеттік несиеде кепілдік және кепілгерлік нысандар болып табылады.

      Елдің қарыз алушы – резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резидентерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер