Меншікті капиталды қалыптастыру саясаты



                

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ.

Қ.А. ЯСАУИ. АТЫНДАҒЫ ХҚТУ

ТАРАЗ ИНСТИТУТЫ.

 

 

 

 

КАФЕДРА: ҚАРЖЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:

 

 

 

ТОБЫ: ҚН-03-3

КУРСЫ: ІІІ

ОРЫНДАҒАН: ҚОЖАҚОВА.Ж.

ТЕКСЕРГЕН: АЛЬПЕНОВА Б.

ҚОРҒАҒАН БАҒАСЫ: «___»

ҚОРҒАҒАН КҮНІ _________ 2006 ЖЫЛ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны.

 

Кіріспе:

 

1.      Корпорация капиталы басқарудың теориялық негіздемелері.

1.1.           Меншікті капиталды қалыптастыру саясаты....................................

1.2.           Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы..................................

1.3.           Меншікті капиталдың жеке элементтерін бағалау әдістері.....................................................................................................

2.           « Цесна Банктің» АҚ қаржылық жағдайын талдау

2.1.           «Цесна Банк» АҚ қысқаша тарихы.......................................................

2.2.           Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымын талдау......................

2.3.           Корпарацияның капиталдың құрамы мен құрылымын талдау............

3.      Корпарация капиталын жүйелі қалыптастыру............................................

Қорытынды......................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

                                                                

                                                             Кіріспе.

 

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Корпорацияның меншікті капиталы»

Банктің меншікті капиталы дегеніміз- банктің қаржылық тұрақтылығын, комерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құралған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдардағы қызметтердің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

              Меншікті капиталдың құрамына мыналар кіреді:

1.          Жарғылық капитал.

2.          Резервтік капитал.

3.          қосымша капитал.

4.          Банк операциялары бойынша тәуекелдіктеоді төлеу.

5.          Бөлінбеген банк пайдасы.

Жалпы курстық жұмыс үш бөлімді қамтиды. Жұмыстың бірінші бөлімінде корпорацияның капиталын басқарудын теориялық негіздері туралы айтылғaн.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Цесна Банктің меншікті капиталын талдау жасалынды.

Ал үшінші бөлімінде корпорацияның капиталын жүйелі қалыптастырудың жолдар ұсынылды.

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              1.  Корпорация капиталы басқарудың теориялық негіздемелері

            1.1.Меншікті капиталды қалыптастыру саясаты.

 

 

Бұл саясат корпороцияның жалпы қаржылық стратегиясын және оның өндірістік – коммерциялық қызметінің қалыптасу жағдайын көрсетеді. Меншік капиталының қалыптасу саясатының 2 мақсаты бар:

1.                  меншік капиталының көлемінен айналымнан тыс активтерді (негізгі меншік капиталы НМК) қалыптастыру. Оны көлемін мына формуладын көреміз.

          НМК=АТА – ҰММ 

          мұнда АТА – айналымнан тыс активтер;

          ҰММ – айналымнан тыс активтерді қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді міндеттемелер;

          меншік капиталынан белгілі – бір айналым активтерінің қалыптасуы (меншік айналым капиталы - МАКайн).

         Майн К = АҚ – ҰММ1 – ҚММ

        мұнда – АК – айналым активтері

        ҰММ1  - айналым активтерін қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді міндеттер;

       ҚММ – қысқа мерзімді міндеттемелер.

       Меншік капиталының айналымнан тыс активтерімен ҰММ –ден асып түсуі таза айналым капиталын (ТАК) көрсетеді.

       ТАК = МК – (АТА –ҰММ)

       МК – меншік капиталы. Ол корпорациялық есеп беру кезенііңде қолданылатын уақытша бос ақша қаржылық сомасын сипаптайды. Меншік капиталы қозғалысының коэффициенті (ҚКМмк) мына формуламен анықталады:

ҚКмк=  ТАК

                    МК

           Көрсеткіштің ұсынылатын мәні –0,2 –0,3 дейін. Ол меншік капиталының қандай бөлігі өтімді нысанында тұрғанын көрсетеді.

 

              Амортизацияны есептен шығару меншік ақша ресурсының ішкі қалыптасу көздеріне жатады, бірақ олар меншік капиталдарын ұлғайтпайды, тек қайта инвестициялау әдісі ретінде қолданылады.

              Негізгі құралдар амортизациясы бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін әр түрлі тәсілдермен есептелуі мүмкін. Ең мәндісі, корпорация басқармасы, ол инвентарлық объектілерді есепке алғанда тиімді қолдану мерзімін өзі қоялады. Негізгі құралдар объектілерін құрылымдаудың бірінші қабылданған нормативтік актілерін жақсарту кезінде, тиімді қолдануын қайта құрылуы және жаңғыру мерзімін жүргізу нәтижесінде қарастырылады:

              Сыртқы құралдар көздері құрамына кіреді:

-         қосымша жарналық капиталды жұмылдыру;

-         қосымша акционерлік капиталды тарту;

-         мемлекеттен және заңды тұлғалардан қайтарымсыз қаржылық көмек;

-         қарыз құралдары конверсияларын меншіктеу;

-         инвестициялық мақсатта түскен мақсатты қаржыландыру құралдары;

-         басқа да сыртқы көздер.

Өзіндік қаржылық ресурстары қалыптастыру ресурстары саясаты корпорацияның өзіндік қаржылануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл саясат келесі нақты кезендерді қосады.

1)     Базистік кезеңде МҚР қолдану және білімдендіру анализі;

2)     Болашақ кезең МҚР қажеттілігін анықтау (тоқсан, жыл);

3)     әр турлі көздер арқылы меншік капиталын тартудағы құн бағасы;

4)     ішкі және сыртқы көздері негізінде МҚР максималды көшін тартуды көздеу;

5)     МҚР сыртқы және ішкі білім беру қатынастарын оңтайландыру.

1.2 Меншік капиталдың құрамы мен мен құрылымы.

 

Корпорацияның негізгі қаржылық құрылымының өзінің меншік капиталының келесідей элементтерін құрайды:

-         жарғылық капитал;

-         акционерлік қоғамынан сатып алынғаннан кейін қайта сатуға немесе күшін жоюға құқығы бар меншік акциялары;

-         резервті капитал;

-         қосымша капитал;

-         бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);

-         мақсатты қаржыландыру.

Жарғылық капитал корпорация мүліктерінің ең аз мөлшерін анықтайды және ол несие берушінің мүддесіне кепілдік береді. Жарғылық капитал негізгі құралдардың, мүліктердің жиынтығын, материалдық емес активтерді және де ұйымды құрушылардың  арасындағы енші үлестер туралы құжаттарды анықтайтын мүліктік құқықтарды сипаттайды.

Жарғылық капитал кәсіпорындардың әр түрлі ұйымдастыру – құқықтық нысандарында (серіктестік пен қоғам) сәйкес қалыптасады.

Мысалы, АҚ –ның жарғылық капиталы акционерлерден алынған жай және артықшылығы бар акциялардың номиналдық құнынан құрылады. Бірақ артықшылығы бар акцияның номинлдық құны жарғылық капиталдың көлемінен 25 % аспауы керек. Ұйымды құрғанда барлық акциялар оны құрышылары арасында бөлінеді.      

Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес ААҚ-ның жарғылық қорының ең аз мөлшері ЕАК 50000 мәрте көлемінен кем болмауы тиіс. Акцияларға төлем формасы (ақшамен, бағалы қағазбен, ақшалы бағамы бар мүліктік құқықпен) ұйымның құрылуы келісімі мен жарғысы арқылы анықталады, ал қосымша акциялар оны орналастыру шешімімен анықталады.

Ұйымның жарғысымен акцияның көлемін, номиналдық бағасын және категориясын қоғамдық ұйым өзі қосымша анықтауға толық құқығы бар. Егер де жарғыда бұл ерекшеліктер жоқ болса, қосымша акция орналастыруға болмайды.

Қосымша акцияны алу үшін оның номиналдық құны 25 % кем емес ақша қаражаттарынан төмендеуі тиіс. Акционерлерді акцияға төленетін төлем ақынан босатуға құқығы жоқ. Жарғылық капиталды толық төлемейінше, акцияларға ашық түрде жазылуға мүмкіндік берілмейді. Қоғамдық ұйымды құрғанда оның акциялары құрушылар арасында ғана таратылған.

Ұйымның таза активтері 2 жылда және одан кейінгі жылдарда жарғылық капиталынан кем болатын болса ұйым оны тиісті органдарға хабарлауы керек. Ал егер де жарғылық капиталдын ең кіші мөлшері заңға сәйкес таза активтерден аз анықталатын болса, онда ұйымды таратуға тура келеді. Ұйымның жарғылық капиталын акциялардың номиналдық құнын өсіру арқылы немесе қосымша акцияларды орналастыру арқылы ұлғайтуға болады. Акциялық номиналдық құнын өсіру туралы шешім барлық акциялардың жалпы жиналысында талқыланады. Ал жарғылық капиталды арттыру мақсатында қосымша акцияларды орналастыру туралы шешімді акционерлер немесе директорлар кеңесінің жиналысында жасайды. Мұндай құқық ұйымның жарғысында бекітілуі керек. Қосымша акциялар тек жарғыда көрсетілген белгілі бір мөлшерге дейін ғана орналастыру керек.

Ұйымның жарғылық капиталын қосымша акциялар арқылы немесе олардың номиналдық құның жоғарлату арқылы ғана оның мүлкінің есебінен жүзеге асырылады. Егер де жарғылық капиталды ұйымның мүлкі арқылы қосымша акцияларды орналастырса, оларды акционерлер арасында тарату керек. Сонымен қатар акциялар бірдей категориялы болуы қажет.

Ал жарғылық капиталды қосымша акциялардың енгізілуінен бұрын жоғарылатса, одан бөлшек акциялар шығаруына рұқсат берілмейді.

              Жарғылық капиталды номиналдық құны арқылы немесе жалпы акциялардың саның қысқарту арқылы төмендетуге болады. Егер де жарғылық капиталды төмендететін болсақ, онда заңға сәйкес оның ең кіші мөлшерінен төмен болмауы керек. Тек акционерлердің жылпы жиналысында ғана жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар ұйымның жарғылық ережесіне де ептеген өзгерістер енгізеді.

              Жарғылық капиталды төмендету жағдайындағы міндеттер:

Біріншіден, егер де заңға сәйкес 13.05.2003 ж. АҚ туралы акцияларға төлем мерзімінде толық төленбесе, акция ұйымының басқаруына беріледі. Ұйымның келісім шартында қарастырылғандай, акцияларға төлемнің мерзімінде түспеуіне байланысты айыппұл төлейді. Мұндай акциялар жалпы жиналыста дауыс құқығынан айырылады және оған дивиденд төленбейді. Акция ұйымның басқарылуына түскен сәттен бастап 1 жылдың ішінде сатылуы керек. Ал егер көрсетілген мерзімде акция сатылмаса, акционерлер жалпы жиналыс құрып, жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылдайды. Ұйым мұндай шешімді мрезімінде қабылдамаса, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу органы ұйымды тарату жөнінде сотқа шағым жасауға құқығы бар. Акцияға төлем толық төленгеннен кейін ғана қосымша акцияға жазылуға мүмкіндік бар.

Екіншіден,  «Акционерлік қоғам туралы» заң сәйкес дауыс беретін акцияларды ұйымның талабымен сатып алуы айтылған. Мысалы, мүліктері 50 % баланстың құнынан жоғары болатын активтеріне байланысты ұйымның қайта құрылуы немесе көлемді келесі жасағанда, шешімге қарсы дауыс бергендер немесе дауысқа қатыспағандар талабымен ұйым акциясын сатып алады.

              Акционер ұйымнан шешім қабылдаған күннен бастап, 45 күн ішінде жазбаша түрде талап ету қажет. Егер де акционер талап ету құжатын жазбаса, онда ұйым 30 күн ішінде акцияны қайта сатып алуға міндетті. Ұйымның жалпы акцияларды сатып алу құралдарының сомасы, оның 10 % -к таза активтерінен аспауы керек. Қйымды қайта құрған кезде бұрынғы акцияның қалдық төлемі өтелінуі тиіс. Егер де ұйым басқаша жағдайда сатып алса, акция ұйымның басқарылуына беріліп, 1 жыл ішінде нарық бағасымен сатылуы тиіс. Ұйым бұл жағдайларды дұрыс шешпесе, онда акционерлер жалпы жиналыс құрып, жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылдайды.

Ұйым 30 күн ішінде өзінің кредиторларына жарғылық капиталының төмендегені туралы хабарлама беріу керек. Хабарлама берілген күннен бастап 30 күн ішінде несие кредиторлар ұйымынан, мерзімінен бұрын міндетін өтеуді немесе тоқтатуды, осыған байланысты келтірген шығындарды төлеуді талап етуге құқықтары бар.

Жарғылық капитал АҚ-ң меншік капиталдың ішіндегі ең турақтысы болып саналады. Әдетте кәсіпорын өз меншік формасын өзгертпесе, ол жыл бойы өзгеріссіз тура береді. Ақ-ң немесе серіктестіктің акционері өзінің меншік акциясын сатқанда нақтылық шығындар сомасы бухгалтерлік есептемеде жазылады, «Меншік акциялар» дебетіне, ал кредитіне ақша құралдарының есептемесі жазылады.

«Меншік акциялар» шотында болатын акцияларды сатып алу мен олардың арасындағы номиналдық құнның айырмашылығын «Басқа да кірістер мен шығыстар» шотында жазуға болады.

АҚ-ң резервтік капиталы оның жарғысында қарастырылғандай жарғылық капиталдың 5 % -нен төмен болмау керек. Резервті капитал жарғыда көрсеткендей таза табыстан жыл сайын түсіп отыратын міндетті төлемдерден құралады. Жыл сайынғы аударымдар жарғыда бекітіледі және  ол табыстың 5  %  кем болмауы тиіс. Акциялар мен облигацияларды сатып алу үшін ұйымның басқа ақша қаражаттар болмаса, онда резервтік капиталды қолданады.

Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындар резервттік капиталына таза табыстан ең жоғарғы көлемде салым салынады. Шаруашылық серіктестіктер мен ұйымдар үшін резервттік капиталдың ең төмен мөлшері көрсетілмеген. Ол көбінесе белгіленген ұйымдастырушы құжаттар көлемінде жинақталады.

Мүлік бағамының жоғарлауы, эмиссиялық кіріс, қайтарымсыз бағалы құндылықтар және тағы басқа түсімдер қосымша капиталды көрсетеді.

Қосымша капиталдың негізгі элементіне кіретіндер:

-         айналымнан тыс активтердің қосымша бағалуының сомасы;

-         акционерлік қоғамның эмиссиялық кірісі;

-         басқа кәсіпорындардан немесе басқа да түсімдерден түскен қайтарымсыз мүліктер.

Сомалар «қосымша капитал» шотының кредитіне ереже бойынша көшірілмейді. Ал дебетке олар келесі жағдайларда жазылады:

1)                                 тыс активтердің бағалау қорытындысы бойынша сомасының төмендеуі – актив шоттардың корреспонденциясы есебінен анықталуы;

2)                                 жарғылық капиталды ұлғайтудың бағыттары – «жарғылық капитал» және «құрушы мен есеп айырысу» шоттардың кредитіне жазылып корреспонденциялауы;

3)                                 ұйымды құрушылар арасында соманы бөлу – «құрушы мен есеп айырысу» корреспонденцияланғанда.

«Мақсаттық қаржыландыру» шотының құрамында мақсаттық шараларға жұмсалатын ақша қаражаттары кіреді (заңды тұлғаларрдан немесе мемлекеттен түсетін бюджеттік қаржы бөлу ретіндегі ақша құралдары). Белгілі бір шамаларды мақсаттық қаржыландыру корреспонденциясы «Мақсаттық қаржыландыру» шоты кредитінде, «дебитормен, кредитормен әр түрлі есеп айырысу» шоты дебетінде жазылса, әл кредитінде көрсетілетін шоттар.

-         «Негізгі өндіріс» және «жалпы шаралық шығындар;

-         Бейне коммерциялық ұйымдарды қаржыландыру бағытында;

-         «Қосымша капитал» - инвестициялық мақсаттақолданылатын құралдарда;

-         «Болашақ кезен табыстары» бюджеттік құралдарды мақсаттық шығындарды қаржыландыру бағытында.

Әр бөлімшенің меншікті үлес салмағының жалпы көлемі меншік капиталының құрылымын көрсетеді. Бұл капитал құрылымына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Ішкі факторлар корпорация басшылығының бақылауында болды. Сыртқы факторларды меншік капиталдың құрылымының мақсатты қалыптасуында байқаймыз. Әдетте бұларға кіретіндер: қаржылық нарық жағдайы және мемлекеттің ақша – несие, салық саясаттары. Меншік капиталының құрылымының есеп беру кезінде (тоқсан, жыл) және болашақта болатын болжамын құрғанда көруге болады.

 

 

 

1.3 Меншік капиталдың жеке элементтеріне баға беру.

 

Меншік капиталдың құныңа жеке беру корпорациясының қаржылық тұрақтылығын нығайтуда көрінеді. Меншік капитал құнын бағалауда ерекшіліктер тізімі баршылық, оның ең қажеттілері несиелері.

1.                                  Салықты базаға қатысты акционерлерге төленетін соммаға жататындар, дивиденд түріндегі табыспен анықталады.

2.                                  Меншік капиталды тарту инвесторлар үшін жоғарғы қаржылық тәуекел б.т. Бұл ереже капиталдың негізгі бөлігінің иемденушісінің талаптарына акционерлік қоғамының банкрот жағдайында ақырғы кезенде қанағаттандырылуы расталады.

3.                                  Меншік капиталды жұмылдыру, оның негізгі соммасы бойынша қайта ақшалай ағымымен байланысты емес. Бұл корпорация үшін оның жоғарғы құнына қарамастан қолайлы.

4.                                  Бухгалтерлік баланста көрсетілген меншік капитал көшіне дүркін-дүркін өзгерту жасау қажеттілігі . Бұл жағдайда меншік капиталдың тек қана жұмыс істеп тұрған бөлігі жатады, өйткені оның көлемі ағымдағы нарықтық бағамен бағаланады. 

5.                                  Қайта тартылатын меншік капиталды бағалау ықтимал мінез көрсетеді, өйткені акцияның ағымдағы нарық құны қор нарығындағы ауытқуларға соқтығады. Қарыз қаражаттарын тарту проценттік ставкаларға қарасты, олар банктен несиелік келісім шартта көрсетіледі. Жай акцияларда инвестор үшін мұндай келісім шарттық міндеттемелері көрсетілген. Дивиденттік төлемдердің артықшылықты акция эмиссиясындағы нақты бекітілген процент, айырмашылық болым табылады.

Берілген меншік капиталы түрін тарту процессінде оның құны қымбат екендігін ескеру қажет, өйткені қызмет көрсету бойынша шығындар оның салық салынатын пайдасын төмендетпейді.

Жай акция эмиссиясы арқылы таратылған капитал құнының есебін мына формула бойынша жүргізу қажет:

МН = С*Д*Б*100 

        ∑МН*(1-Ш)

 

мұнда, С – қосымша шығарылатын жай акциялар саны.

             Ш – шығындар.

Артықшылықты акция эмиссиясы көмегімен қосымша капиталды тарту құнын дивидендтің тіркеген көлем есебімен анықтайды. Ол жалпы акционерлер жиналысында немесе акционерлік қоғамының директорлар кеңесінде қойылады. Бұл мына формула бойынша анықталады:

 

МН =     Д*100

         ∑ МН*(1-Ш) 

 

Акция эмиссиясы есебінде меншік капиталды тарту құның басқару процессы эмитент үшін қиын және тәуекелді.

 

                2.2 Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымын талдау.

 

              Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік еркшеліктерге ие.

              Банктің меншікті капиталына баңктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барсында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды.

              Банктің меншікті капиатлы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін

құралған бактің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметтің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

1        Жарғылық ккапитал;

2        Резервтік капитал;

3        Қосымша капитал;құрылған қорлар (резервтер);

4        Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында

5        Бөлінбеген банк пайдасы;

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды.

Меншікті капиатлдың құрамдас бөлігі – кационерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құралған банктің жарғылық капиталын банкиңі акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласу құқық беретін бағалы қағаз.

Банктің меншікті қаражаттарының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құралған қаражат қоры.

Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құралатын қаражаттар.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төленгеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардын туындайтын тәуекелдерді болғызбау үшін банктер тартылған қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

 

                                                                                                     2.2.  1-Кесте

Меншікті капиталдың құрамы.

 

                                   Мың. тг.

№

Капиталдыңкөздері

Жылдар

Абсолюттік

ауытқу

Өсу

қарқыны

 

2004

 

2005

1

 

2

 

3

 

4

5

 

 

 

6

 

 

 

 

 

7

Акционерлік капитал

Сатып алынған меншік акциялар

Қосымша төленген капитал

Резервтер

Жалпы банктік тәуекелдіктерді жабуға арналған резервтер

Сатуға арналған қолда бар инвес-

тициялық бағалы қағаздрды қайта бағалау бойынша резервтер

Бөлінбеген табыс.

 

531 570

 

500

 

19

150,000

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10,650

 

1048465

 

2250000

 

3,390

 

219

150,000

 

 

 

166,933

 

 

 

 

 

26,496

 

1368133

 

1718430

 

2890

 

200

0

 

 

 

166,933

 

 

 

 

 

15819

 

319668

 

323

 

578

 

1052

0

 

 

 

-

 

 

 

 

 

148

 

30

Барлығы

 

1741204

3965171

2223440

65

 

 

Кестедегі «Цесна банктің» мәліметтері бойынша меншікті капиталдың құрамының барлығы 2223440 құрады. Ал 2004  жылдың көрсеткіші 531570 , 2005 жылдың көрсеткіші 2250,000 абсолюттік ауытқуы 1718430 % - ын құрады, ал өсу қарқыны 323 %- ға өсіп отыр. Өсу себебі жаңа акционерлердің келіп қосылуына байланысты.

              Сатып алынған меншік акция 2004 жылдың көрсеткіші 500, 2005 жылы 3,390, абсолюттік ауытқуы 2890, ал өсу қарқыны 528 %-ға өсіп отыр. Ал өсу себебі, өз қаражаттарын тиімді инвестициялау мақсатында сатыпалыған акциялар өсті.

              Қосымша төленген акпиталдың 2004 жылғы көрсеткіші 19, 2005 жылдың  көрсеткішіне келетін болсақ 219, абсолюттік ауытқуы 19, ал өсу қарқыны1052 % өсті. Себебі бұл кәсіпорынның капиталына қосымша табысбың түсуінен артып отыр.

              Резервтер 2004 жылғы көрсеткіші 150,000, 2005 жылдың  көрсеткішіне келетін болсақ 2004 жылмын салыстырған да бұл көрсеткіш өзгеріссіз, яғни 150,000 мың теңгені құрап отыр. абсолюттік ауытқуы мен өсу қарқыны 0- ге тең.

              Сатуға арналған қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарды қайта бағалау бойынша 2004 жылдың көрсеткіші 10,650, 2005 жылдың  көрсеткіші 26496, яғни абсолюттік ауытқуы  15819, ал  өсу қарқыны 148 % өсті.

              Бөлінбеген табыс 2004 жылғы көрсеткіші 10,48465, 2005 жылдың  көрсеткіші 1368,133, абсолюттік ауытқуы 319668, ал   өсу қарқыны 30 % -ға өсті. Бұл құбылыс банкөзқызмет түрлерін кеңейтуінен болып отыр.

 

 

                                                                                                     2.2. 2- Кесте.

 

№

Капиталдыңкөздері

Қаражаттардың құрылымы, %

2004

2005

өзгеруі

1

2

 

3

4

5

 

 

6

 

 

 

7

 

Акционерлік капитал

Сатып алынған меншік акциялар

Қосымша төленген капитал

Резервтер

Жалпы банктік тәуекелдіктерді жабуға арналған резервтер

Сатуға арналған қолда бар инвестициялық бағалы қағаздрды қайта бағалау бойынша резервтер

Бөлінбеген табыс.

 

30,5

 

0,5

0,1

8,6

 

 

 

 

 

 

0,5

60,1

55,7

 

0,7

0,5

3,8

 

 

4,2

 

 

 

0,6

34,5

25

 

0,2

0,4

-5

 

 

 

 

 

 

0,1

-25,6

Барлығы

 

100

100

0

Меншікті капиталды қалыптастыру саясаты