Метрология негіздері

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ_____________________________________________________3 

І. Сапа және оның теориясы

1.1 «Сапа» категориясы түсінігі_________________________________4

ІІ. Стандарттау негіздері

2.1 Стандарттау саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалар______5

2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі_______7

2.3 Халықаралық стандарттау____________________________________10

ІІІ. Метрология негіздері

3.1 Метрология негізі мен мазмұны_______________________________14

3.2. Өлшеу  түрлері, өлшеу құралдары______________________________17 

Қорытынды__________________________________________________19

Пайдаланылған әдебиеттер____________________________________22 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                       

                                                            КІРІСПЕ 

    Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті  Жан Батист Сәй  (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның  шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».

    Осы  классикалық ереже  еркін, жетілген нарықтық бәсеке  жағдайында  бас  тартпай  жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі  өнеркәсіп  фирмаларының  шаруашылық  қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және  өткізу  рыноктары  салыстырмалы  түрде  тұрақты  болуымен  түсіндіріледі. Тұрақты  рынокта  фирмалар осы  нарықта  өздерінің белгілі  бір  үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық  мақсаты  сатуда    бағаларды  және өндіріс шығындарын азайту арқылы  өзінің  үлесін  көбейту болды.

    Осы дәуір, еркін  бәсеке  дәуірі  теоретикалық экономикаға баға  бәсеке  дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта  бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.

    Осы  бойынша  америка  ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар  өндірушілер  бағалар  бәсекесіне қарсы  тұра  алады және  өздерінің  пайдасын  максимум деңгейге  дейін  көтере  алады, тек қана  шығындарды минумум  деңгейге дейін  азайтқанда, бұл  өз кезегінде өндірістің  ең тиімді әдістерін  ендіргенде ғана  қол  жеткізіледі» - деп жазды.

    Қазіргі жетілмеген,  бағалық емес бәсеке  жағдайында  өндірістің  шығындары  азайту  арқылы  пайданы  көбейту  жолын  іздеу әрекеті, әсіресе  фирмалар арасында  бәсеке  болғанда  ерте ме  кеш не фирма  үшін  төлем төлей  алмау әкеледі.

    Әлемдік  қауымдастықтың  қазіргі  экономикасы  өтпелі  экономика  ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік  елдерді  қосып  алып  нарықтық экономикаға  өтуде, дамушы елдердің  бір қатары  дамудың  индустриалдыға  дейінгі  деңгейіннен  индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды  дамыған  елдер  индустриалдықтан ақпараттық  дәуірге өтуде.

        Ақпараттық  дәуірде  тұтынушылардың  мұқтаждықтары мен  сұраныстары  көн  қырлы  және ұлттық  рыноктар  рамкаларынан алыстауда,  сұраныстар мінезі  өзіндік сипат   алып  және  де өзінің  құрылымы  бойынша  әр түрлі  болуда.

    Фирма, егер  ол нарықта  үлгеруге  ұмтылса, мына  ережені  бұлжытпай  орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді,  шығындарды азайту арқылы емес,  сату көлемін  арттыру болса да.

    Зерттеудің  мақсаты мен тіндеттері. Жалпы  қабылдағандай, фирма басшысы білімді  және жан – жақты  болса да, менеджерлер  мен инженерлердің  қандай  таланттары мен  қабілеттері  болғанымен, бағалық  емес, қатаң  бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар  сұраныстарының құрылымында бірінші  орынға  жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі  жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз фирмасында  өндірістік шығындар  деңгейін белгілі бір  шекарасынан  төмен  азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.

                                       І. Сапа және оның теориясы

1.1 «Сапа» категориясы түсінігі 

Адамзат дамуының бүкіл кезеңі ішінде сапа туралы ойлар онымен қоса ілесіп келеді. Адамның сапаны сезінуі, оған, өзінің күнделікті жеке басы үшін, кесе, садақ және жебе т.б. заттарды жасап шығара бастаған кезінен пайда болды. Меншіктің пайда болуымен сапаны қабылдаушылық та өзгерді, ол мал табындарына ен салу, мүлікті таңбалаудан көрінді. Қолөнері кәсіпшілігінің, сауданың дамуымен клеймо (белгі) кең тарау алды, қол өнер кәсібімен айналысушы, тауар жеткізуші өзінің клеймасымен өз тауарларының сапасына кепілдік берді. Тауарға белгі соғудың бұл түрі бүгінгі күнге дейін сақталған. Сапаны бағалау көрсеткіштер жүйесінің дамуымен қоса жүрді, мұны біздің дәуірімізге дейінгі 17-ші ғасырдың аяғы меп 18-ші ғасырдың басында, Вавилон патшасы Хамурапи қабылдаған, өте ертедегі сапа туралы заңдар тарихы растайды, онда былай деп жазылды:

    Егер  құрылысшы қандай да бір болсын адамға үй салса және оны берік етіп тұрғызбаса, нәтижесінде үй құлайды және оның иесінің өмірін қияды, ондай жағдайда сол үйді салған құрылысшы өлтірілуі тиіс.

    "Егер құлаған үйден, сол үйді салғызушының баласы мерт болған болса, онда кұрылысшының бір баласы өлтірілуі тиіс. Егер бұл ретте үй иесінің құлы өлген болса, онда құрылысшы кұны сондай тұратын, орнына өз құлын береді.

    Егер  үй құлаған кезде үй иесінің мүлкі қираған болса, онда құрылысшы оны қалпына келтіреді (не қираса соның бәрін).

    Егер  құрылысшы қандай да бір болсын адам үшін үй салып, оның құрылысын берік етіп салмаса, нәтижесінде қабырғасы сөгіледі, мұндай жағдайда ол өз есебінен құрылысты жаңадан салуы тиіс".

    Орта  ғасырларда тауарларға белгі соғуға мемлекеттік бақылау енгізіледі (әсіресе металмен айналысатын қолөнершілерге).

    ХШ  ғасырда гильданың пайда болуы, тауарларға мемлекеттік бақылаудың күшеюі нәтижесінде, сарапшы кәсібі пайда болды.

    Индустрияландырудың басталуымен, жаппай өңдірудің дамуымен, тауарларға белгі соғудың маңызы төмендейді және XVIII ғасырда заңмен қорғалған тауар белгісіне олардың трансформациялануы болады. Өнеркәсіп өндірісінің одан әрі дамуы ақпараттарды өңдеудің статистикалық әдістері негізінде сапаның сол заманғы қамтамасыз етілуімен оның одан әрі сапа белгісіне жаңартылуына ықпал етті.

    Философиялық категория ретінде, объекті сапасы, негізінен, оның жекелеген қасиеттері ғана қамтымайды, оны толық қамти отырып, одан бөлінбейтін, тұтастай түрде объектімен байланысты болады. Сондықтанда сапа заттың, адамның, қоғамның болмысымен де байланысты.

    Ауыз  екі сөйлеу кезіндегі "сапа" сөзі жиі түрде қандай да бір затты сипаттау үшін пайдаланылады. Алайда, бұл категория одан мейлінше кең: біз тұтынатын өнімдер сапасынан бастап, біз өмір сүретін қоғам сапасына дейінгінің бәрін қамтиды.

    Тарихи  дамудың барлық кезеңі ішінде философтар әртүрлі кезеңдерде сапаға әртүрлі анықтама берді. Солардың ішінен мынадай анықтамаларды кездестіруге болады:

  • "Сапа — бұл мақсатқа жету үшін жарамдылық";
  • "Сапа - бұл пайдалану үшін жарамдылық";
  • "Сапа - бұл адам қажеттілігін қанағатандыруға тауардың қабілеттілігі";

    Сапа - бұл өнімнің талаптарға сәйкестігі.

    ИСО 8402 «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету Сөздік» стандартында қазіргі талапқа неғұрлым сәкес келетін анықтамалар қабылданған:

    «Сапа»  -белгіленген және болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандырудағы оның қабілетіне жататын объектілер сипаттамаларының жиынтығы.

    «Объект»  жеке сипатталған және қаралған, соның  өзі.

    Процесс – кіретін элементтерді шығатын элемент етіп қайта жасайтын (түрлендіретін) қызметтің өзара байланысты ресурстарының жиынтығы.

    Әдістеме-қызметті жүзеге асырудың белгілінген тәсілі.

    Өнім-қызметтер немесе процестер жиынтығы.

    Ұйымдық құрылым-құрылым бойынша ұйым өзінің функциясын орындайтын міндеттеме, өкілеттік және өзара қарым-қатынас.

    Жеткізуші- тұтынушыға өнім беретін ұйым.

    Тұтынушы- жеткізуші беретін өнімдерді тұтынушы.

ИСО 9000 топтары сапасын басқару жөніндегі Халықаралық стандарттар. 

Стандарт  номері Шыққан жылы Атаулары
    Негізгі нормалар
ISO 8402 1994 Сапаны басқару  және сапаны қамтамасыз ету. Сөздік.
ISO 9000-1 1994 Сапаға жалпы  басшылық және сапаны басқару бойынша  стандарттар. 1 бөлім. Таңдау және қолдану  жөніндегі басшылық нұсқау.
ISO 9001 1994 Сапа жүйесі. Жобалау, әзірлеу, өңдеу, монтаждау  және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі.
ISO 9002 1994 Сапа жүйесі. Өндіру, монтаждау және қызмет көрсету  кезінде сапаны қамтамасыз етуге  арналған үлгі.
ISO 9003 1994 Сапа жүйесі. Түпкі бақылау және сынау кезінде  сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі.
ISO 9004-1 1994 Сапаға жалпы  басшылық және сапа жүйесінің элементтері. 1бөлім. Басшылық нұсқау.

 

Сапа  жүйесінің элементтері:

  1. Басшылық жауапкершілігі
  2. Сапа жүйесі
  3. Контрактыларды талдау
  4. Жобалауды басқару
  5. Құжаттамалар мен ақпараттарды басқару
  6. Сатып алу
  7. Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдерді бақылау
  8. Өнімдерді сәйкестендіру және бақылап отырушылық
  9. Процестерді басқару
  10. Бақылау және сынау
  11. Бақылау, өлшеу және сынау жабдықтарын тексеру
  12. Бақылау және сынау мәртебесі
  13. Сәйкес келмейтін өнімдерді бақылау
  14. Түзетуші және сақтандырып ескертуші әрекет
  15. Түсіру-тиеу жұмыстары, сақтау, орау, консервация және жеткізу.
  16. Сапа туралы ақпараттарды басқару
  17. Сапаны іштей тексеру
  18. Оқыту (кадрлар даярлау)
  19. Техникалық қызмет көрсету
  20. Статистикалық әдістер
 
 

     

    ІІ. Стандарттау негіздері

    2.1 Стандарттау саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалар 

    Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту,   өнімдер   сапасын   басқару   мен   стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.

    Өнімдер мен қоғам мүшелерінің қызмет аясы үшін бірыңғай нормалар, ережелер мен талаптарды белгілей отырып, стандарттау сол арқылы өндіріс талаптары мен оны пайдалану жағдайлары арасындағы байланысты анықтайды.

    Стандарттау нәтижелерін экономикаға енгізу, барынша аз шығын жұмсай отырып, қоғамды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге, өндірістің мамандануын дамытуға, шикізат пен ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануға ықпал етеді.

    Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым ұсынған (ИСО) анықтамаға сәйкес:

    Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты іс жүзіндегі немесе әлеуметті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей және көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы ретке (тәртіпке) келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

    Өнімдердің, процестер мен қызметтердің олардың функционалдық тағайындалуына сәйкестік дәрежесін арттыру, саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа көмектесу - стандарттау жөніндегі қызметтің аса маңызды нәтижелері болып саналады.

    Нақты өнімдер (шикізаттар, материалдар, отын, толықтыратын бөлшектер, дайын өнімдер); терминдер мен белгілер; физикалық шамалардың бірліктері; өлшеу және бақылау әдістері; құжаттамалар жүйесі; өндіріс технологиясы және ұйымдық - әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы өзге объектілер стандарттау объектілері болып саналады. Осыған орай стандарттау кез келген объектінің белгілі бір аспектілерімен шектелуі мүмкін. Мысалы, аяқ киімнің мөлшері, беріктігі жеке стандартталады.

Тұтыну тауарларын стандарттаудың халықтың тұтынымын қанағаттандырудағы маңызы зор. Ол тауарлардың тұтыну қасиеттері мен сапасының деңгейін, оларды сақтау және тасымалдау, стандарттау жағдайларын бағалау құрамын, көрсеткіштері мен әдістерін қалыпқа келтіре отырып, тұтынушыға дейін тауарларды жоғары сапада жеткізуді қамтамасыз етеді, өндірілетін өнімдердің өзін-өзі ақтамаған түрлерін  жоюға  және  өнімдердің  тиімді   номенклатурасын белгілеуге, тұтынушыға тауарлардың толық болушылығы мен өзара алмасымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Стандарттауды практикалық қызмет ретінде, ғылым ретінде және басқару жүйесінің элементі ретінде (1-сурет) қарастыруға болады.

    Қызметке қатынасу формасы бойынша халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттауға ажыратылады.

    Халықаралық стандарттау — оған қатысу бүкіл елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.

    Аймақтық стандарттау - оған қатысу әлемнің тек бір ғана географиялық немесе экономикалық ауданындағы елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.

    Ұлттық стандарттау - бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау. Ұлттық стандарттаудың негізгі мақсаттары болып мыналар саналады:

  • ғылыми-техникалық   прогресті   жеделдету,   қоғамдық 
    өндірістің тиімділігін арттыру;
  • өнімдердің сапасын жақсарту және тауарлардың бәсеке 
    қабілеттілігін арттыру;
  • өндірілетін    тауарлардың    тиімді    номенклатурасын 
    белгілеу;
  • барлық       қызмет       салаларында       халықаралық 
    ынтымақтастықты дамыту.

    Стандарттаудың  негізгі припциптері болып мыналар  саналады:

    Жариялылық.

    Жұмыс ашық жүргізілуі тиіс. Стандарттардың жобалары жарияланып, пікірлер талқыланып, пікірлер алшақтығы жойылуы тиіс.

    Барлық мүдделілік танытқан шеңбердегілердің қатысуы

    Мөлшерлеу жұмыстарына қатысуға әркімнің мүмкіндігі болуы тиіс. Өнеркәсіп, сауда, ғылым, мемлекеттік мекеме, тұтынушылар стандарттарды енгізуге көмектесуі тиіс. Осыған орай мемлекет маңызды әріптес болып саналады.

    Қайшылықтардан біркелкілігі және еркіндік.

    Жобаларға талдау жасау жолымен анықтауға және қайшылықтарды жою шараларын қолдануға назар аударуы үшін бейтарап бақылаушы мекеме құрылуы қажет.

    Келісу

     Стандарттар дүниетаным болып саналмайды. Олар техникалық тәжірибенің даму деңгейін және шындықты айнадай, объективті көрсетуі тиіс. Стандарттың мазмұны заңды келісімге және ортақ көзқарасқа қол жеткізуге ұмтылу, өзара-түсіністік жолмен анықталуы қажет.

    Техниканың даму деңгейіне бағыттаушылық.

    Стандарттардың мазмұны жаратылыстану білім шеңбері мен техникалық жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс. Жаңа әзірлемелер мен тәжірибе стандарттарды қайта қарау жағдайында енгізілуі қажет.

      Экономикалық жағдайларға бағытталушылық.

    Стандартты мөлшерлеу, қабылдау тар аядағы мақсат болып саналмайды. Әрбір стандарттың жобасы бүкіл қоғамға әкелетін тиімділік тұрғысынан зерттелуі тиіс. Мүлтіксіз түрде тек қажеттілері ғана мөлшерленуі тиіс.

    Ортақ пайдаға бағытталушылық

    Стандартты  қабылдау мақсаты ортақ пайдаға қол жеткізу болып саналады. Барлығы үшін пайда, жекелеген кәсіпорындардың немесе тұлғалардың мүдделерінен жоғары тұруы тиіс.

    Интернационалдық

    Стандарттар "аралдық" шешімдерді сипаттамауы тиіс, қайта ол саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға бағытталуы қажет. 

    2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі

    Экономиканың  қазіргі даму кезеңінде онда болып жатқан өзгерістермен   және   мемлекеттердің   сыртқы  экономикалық белсенділігінің артуымен байланысты ТМД елдерінде мемлекеттік стандарттау жүйесін құру мен дамытудың өзектілігі арта тусуде.

    Осы саладағы ТМД елдері алдында тұрған аса маңызды болып мыналар саналады:

  • тұтынушылар   құқығын   қорғау,   стандарттау   және метрология бойынша заң актілерінің жүйесін жасау;
  • халықаралық және аймақтық стандарттау жуйелерімен үйлестікте жаңа Мемлекеттік стандарттау жүйесін құру, қолданысқа енгізу және одан әрі дамыту;
  • жалпы техникалық стандарттар жүйесі мен кешендерін, отандық заңдылықтар   мен   халықаралық   тәжірибе талаптарына сәйкес келтіру;
  • түпкі - құрастырылатын  (комплектующие)  өнімдердің шикізат   пен    материалдардың   жалпы    техникалық стандарттарына, сондай-ақ технологиялық процестердің, ақпараттық  технологиялар   мен қызметтердің,   онын ішінде отандық стандарттар қорларының халықаралық, ұлттық және аймақтық стандарттармен үйлесімділігін 
    қамтамасыз   ету,   сараптау   саласында   нормативтік құжаттар  құруды  қамтамасыз  ету  арқылы   кешенді ғылыми-техникалық сараптаулар жүргізу;
  • технологиялар  мен  технологиялық  процестердің  аса маңызды      түрлеріне      ғылыми-техникалық      және кұжаттамалар кешенін жасау;
  • мемлекеттік   бақылауды   жетілдіру   және   аумақтық органдардың қызметін дамыту;
  • халықаралық қамтамасыз ету жүйесі бойынша ғылыми -әдістемелік және ұйымдық құжаттар кешенін жасау және қолданысқа енгізу;
  • өнімдер сапасын басқару, стандарттау және метрология саласындағы кадрлар даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін жасау;
  • ақпараттық     ресурстарды      кешенді     пайдалануды қамтамасыз ететін стандарттау және сапаны басқару бойынша интеграцияланған автоматты акпараттық жүйе құру;
  • технологиялық   процестерге,   онын   ішінде   материал сыйымдылықты, энергия сыйымдылықты және еңбек сыйымдылықты төмендету, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз ету үшін талаптар белгілеу;
  • техникалық-зкономикалық ақпараттарды жіктеу және шартты белгілеу жүйесін жасау және енгізу;
  • мемлекетаралық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және  ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инфрақұрылымдар кешендерін (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, халықтың қауіпсіздігі және т.б.) нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • өнімдердің негізгі көрсеткіштері мен номеклатурасы туралы тұтынушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету үшін өнімдерге каталог жасау және штрихтік шартты белгі беру жүйесін құру;
  • стандарттау құралдары арқылы Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуына көмектесу.

    Стандарттауда заңнамалық және нормативті базасы:

    Қазақстанның  мемлекеттік құрылысының өзгеруі мен нарықтық қатынастар негізінде Республикада болып жатқан экономикалық қайта жаңаруларға сәйкес халықаралық тәжірибені ескере отырып, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапа саласында мемлекеттік саясат тұжырымдамасын әзірлеу кажеттігі пайда болды. Бұл бағыттағы жұмыстар толықтай түрде құқықтық негіздерде жүзеге асырылады және "Стандарттау туралы", "Сертификаттау туралы", «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" "Өлшемдердің бірлігі туралы" заңдармен және бірсыпыра өзге заң актілерімен реттеледі. Бұл құжаттар құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерді белгілейді Мемлекеттік стандарттау жүйесін одан әрі дамыту халықаралық жүйелерге сәйкес аккредитациялау, сертификаттауды стандарттық жүйелерін үйлестіру қажеттілігімен байланысты туындайды.

    1999 жылғы 16 шілдеде "Стандарттау туралы" Заң қабылданды. Аталмыш Заң шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекеттік басқару органы арасындағы стандарттау; өлшем бірлігі мен қауіпсіздігін, өнімдердің өзара алмасушылығы мен техникалық сыйысушылығын қамтамасыз ету, техникалық кедергілерді жою, сондай-ақ мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында, стандарттау бойынша нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану саласындағы қатынастарды реттейді.

    Бірнеше рет пайдаланылатын және ұдайы өндірілетін өнімдер, қызметтер, жұмыстар стандарттау объектілері болып танылады. Стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар мен стандарттау саласында тиісті құзырлы өзге де мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың техникалық бөлімдерінің буыны мемлекеттік стандарттау жүйесіне кіреді.

    Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштері мен халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар) стандарттау, метрология және сертафикаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік стандарттау жүйесіндегі реестріне міндетті түрде тіркеу және бекіту керек. Аталған процедуралардан өттпеген құжаттар жарамсыз және қолдануға жатпайды.

    Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар өнімдерді жасау, өндіріске қою, өткізу, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу, сондай-ақ процестер (жұмыстар) мен қызметтер көрсету кезінде қолдануы тиіс. Мемлекеттік қадағалау барлық атап көрсетілген сатыларда жүзеге асырылады. Республика аумағына әкелетін шетелдік фирмалар өнімдерінің міндеті мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігін бекіту, белгіленген заңдылықтар тәртібінде жүзеге асырылады.

    Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын бұзу анықталған жағдайда:

  1. заң бұзушылықтарды жою туралы;
  2. келесі жағдайларда:
  • өнімдердің стандарттарға сәйкес келмеуі;
  • тіркелген құжаттамалардың жоқ болуы;
  • өнімдерге сәйкестік сертификатының болмауы; оған құқығы жоқ бола тұра, өнімдерге сәйкестік белгілерін соғу жағдайларында өткізуге тыйым салу туралы.
 
 

2.3 Халықаралық стандарттау 

Мемлекетаралық  стандарттау туралы түсінік.

Мемлекетаралық  стандарттау - бұл Мемлекетаралық мүддені білдіретін обьектілерді стандарттау.

    Стандарттаудың  халықаралық сипатын атап өте отырып, өнімдердің сыйысушылығын, өзара алмасушылығын, адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның қажеттігін тани отырып, 1992 жылғы наурызда ТМД елдерінің үкімет басшылары "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясат жургізу туралы" Келісімге қол қойды.

    Келісімге қатысушылар алдында тұрған негізгі міндеттер:

  • мемлекетаралық   мүдделерді   білдіретін   стандарттау,метрология және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізудің ортақ (жалпы) ережесін қабылдау;
  • адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін олардың қауіпсіздігін, сыйысушылығы мен өзара алмасушылығын, сондай-ақ сынаудың, біртұтас әдістерін қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтерге бірыңғай міндетті талаптар белгілеу;
  • мемлекетаралық     мүдделерді      білдіретін     жалпы 
    техникалық талаптарды стандарттау;
  • техникалық-экономикалық   ақпараттар    мен   шартты белгілеу (код беру) жүйесінің сыныптауыштарын енгізу мен дамытуды ұйымдастыру;
  • келісімге қатысушы-мемлекеттердің қолдануына рұқсат ететін физикалық шамалар бірлігін белгілеу;
  • мемлекетаралық қызмет уақыты мен жиілігін, өлшеу құралдарының    ақпараттық    қорларын,    стандарттық үлгілері мен стандартты анықтамалық деректерін енгізу;
    • мемлекетаралық   стандарттар   қорын,   өзге   елдердің 
      халықаралық, аймақтық стандарттарын қалыптастыру, 
      сақтау  және  енгізу,   келісімге   қатысушыларды   осы 
      стандарттармен қамтамасыз ету;
    • мемлекетгік сынаулардың, метрологиялық аттестациялаудың,   өлшеу   құралдарын   тексеру   мен калибрлеудің, аккредитациядан      өткен      сынау лабораториялары     мен     сертификаттау     жөніндегі органдардың нәтижелерін өзара тану;
    • мемлекетаралық    мүддені білдіретін мемлекетаралық стандарттарды және нормативтік құжаттарды басып шығару және қайта басып шығару, көбейту және тарату;
    • кадрлар      даярлау      және      біліктілікті      арттыру бағдармаларын үйлестіру;
    • стандарттау,      метрология      және      сертификаттау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Метрология негіздері