Метрология Лактан

                                         Мазмұны:

                                                                                                                              

Кіріспе.............................................................................................................................3

1 Физикалық шамаларды өлшеу...................................................................................4

2 Өлшеу құралдары........................................................................................................9

3 «Лактан 1-4» өлшеуіш құралының жұмыс істеу принципі...................................12

3.1 Өлшенетін үлгілер үшін қажеттіліктер................................................................15

3.2 Аспаптың эксплуатациялық басқармасы.............................................................16

3.2.1 Таңбалау және пломбылау.................................................................................17

3.2.2 Қаптама................................................................................................................17

3.2.3 Тасымалдау және сақтау тәртібі........................................................................18

3.2.4 Қайта жарату.......................................................................................................18

3.3 Аспаптың метрологиялық сипаттамалары..........................................................19

3.3.1 Талдаушы аспабының техникалық қызмет көрсетілуі....................................20

3.3.2 Аспаптың техникалық сипаттамасы.................................................................23

4 Өлшеу құралдарын салыстырып  тексеру...............................................................22

Қорытынды ..................................................................................................................25

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................26

Қосымшалар

А қосымшасы (паспорт)

 

 

 

 

 

      

 

Кіріспе

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз едудің басты құралдары болып табылады.

     Метрология (гректің «метро»-өлшем, «логос»-оқу, білім)-өлшемдер туралы, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар жиынтығы.

     Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте замандарда пайда болған.

     Қазақстандағы өлшемдер мен өлшем техникасының дамуы Ресейдегі метрологияның дамуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы метрология саласындағы ең алғаш мекеме 1923 жылы Семей қаласында ашылған.

     Қазіргі уақытта метрология ғылым ретінде қарқынды даму үстінде, ол барлық басқа ғылыми және қолданбалы салалардағы өлшемдер тәжірибесінің жетілуіне ықпал етуде.

           Метрологияның негізгі ұғымдары: физикалық шама, физикалық шама размері және сандық мәні, физикалық шама бірлігі және размерлігі, физикалық шама бірлігінің эталоны, өлшем, өлшем құралдары, өлшем құралдарын дәлдеу, өлшем дәлдігі, өлшем дұрастығы, өлшем анықтығы, өлшем ұқсастығы, өлшем қайталымдылығы, өлшем қатесі. Ал, осындай қарапайым теориялық сұрақ сияқты  жан-жақты қарастыратын метрология органы болып табылады. Мемлекеттік метрологиялық органдарға өте кең құқық берілген.

     Метрологияның ғылым ретінде, сондай-ақ өлшем туралы, өлшем бірегейлігі мен дәлдігін сақтаудың жолдары мен әдістері туралы тұрғысынан да халық шаруашылығында атқаратын рөлі зор.

Осы талаптарды ескере, өлшеу  құралдарының талаптарына сай жүргізіле  ме екенініне көз жеткізу барысында  сүт сапасының талдаушы «Лактан 1-4» аспабы қарастырылады. Бұл талдаушы сүттегі майдың массалық бөлігін анықтауға және де құрғақ майсыздандырылған май қалдығын, қайтадан қалпына келтірілген, нормаланған қоспаларының сақтау ұзақтығын анықтауға өлшеуге арналған құрылғы.[9].

 1 Физикалық шамаларды өлшеу

«Физикалық шама» дейтін термин сандық мәндері өлшеу арқылы анықталатын қасиеттерге қолданылады. Өлшеуге келмейтін қасиеттер  де бар, мысалы, иіс, дәм тағы сол  сияқты. Мұндай параметрлердің өлшеудің әдістері табылғанға дейін оларды физикалық шама деп атамай, тек қасиет деп атаймыз. Қасиет-бұл объектінің (құбылыстың, процестің) бір жағы, ол оның айырмашылығын немесе басқа объектілермен ортақтығын анықтайды және оның оларға деген қатынастарында байқалады. Әр түрлі қасиеттерді сандық анықтау үшін «шама» ұғымы енгізіледі. Шама-бұл бір дененің қасиеті, ол басқа қасиеттердің арасынан сол немесе өзге тәсілмен ерекшеленуі, соның ішінде сандық бағалануы да мүмкін. Талдау шамаларды екі түрге бөлуге мүмкіндік береді: нақты және идеал. Идеал шамалар математикаға жатады, нақты ұғымдардың жалпыламасы болып табылады, сол немесе өзге тәсілмен есептеледі. Нақты шамалар физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық шама-бұл жаратылыстану және техникалық ғылымдарда зерделенетін, материалдық объектілерге тән шама. Физикалық емес шамаларға құқықтық ғылымдарда: философияда, әлеуметтануда, экономикада және т.б. зерделенетін шамалар жатады.

      Физикалық шамалар өлшенетін және бағаланатын болып бөлінеді. өлшенетін шамалар белгіленген өлшем бірліктерінің белгілі саны түрінде сандық өрнектелуі мүмкін. Физикалық-бұл олар үшін өшем бірліктері енгізіле алмайтын шамалар, сол себептен олар тек бағалануы мүмкін. Бағалау-бұл белгілі ережелер бойынша жүргізілетін, берілген шамаға белгілі бір санды тіркеп жазу операциясы. Бағалау шамалардың көмегімен жүргізіледі. Шкала – бұл дәл өлшеулер нәтижелерінің негізінде қабылданған, физикалық негізінде қабылданған, физикалық шама мәндерінің тізбектілігі. Бұдан, физикалық емес шамалар тек бағалануы ғана мүмкін.

     Құбылыстар түрлері бойынша физикалық шамалар топтарға бөлінеді: Бұйымдардың физикалық, физика – химиялық қасиеттерін (масса, тығыздық, сыйымдылық және т.б) сипаттайды; энергетикалық, олар энергияны (қуатты, кернеуді) түрлендіру, тарату және пайдалану процестерінің уақытта өтуін сипаттайтындар. Оларға әр түрлі спектірлік сипаттамалар, корреляциялық функциялар және т.б. жатады.

     Физикалық процестердің әр түрлі топтарына тиесілігі бойынша шамалар механикалық, жылулық, акустикалық, электірлік және магниттік, жарықтық, кеңістікті – уақыттық, иондаушы сәуле шығару, атомдық және ядролық физика, физика – химиялық болып бөлінеді.

     Берілген топтың басқа шамаларына шартты тәуелсіздігі дәрежесі бойынша физикалық шамалар негізгі, туынды, қосымша деп бөлінеді.

     Өлшемділігінің бар болуы бойынша физикалық шамалар өлшемді және өлшемсіз болып бөлінеді.   

     Физикалық объектілер шексіз алуан түрлілікпен айқындалатын қасиеттердің көпшілігін иеленеді, олардың кейбіреулерін оларды өлшеу кезіндегі сандардың жиынтығымен анықтау қиын. Қасиеттердің барлық айқындалулардың арасында, эквиваленттік қатынастарында, аддитивтік тәртібінде айқындалатын, ортақ қасиеттер  бар. Бұл қатынастар математикалық логика постулаттарымен сипатталады.

     Эквиваленттік қатынасы – бұл онда берілген Х қасиеттері әр түрлі А, В объектілерінде бірдей немесе бірдей емес болатын қатынас. Эквиваленттік қатынасының постулаттары:

     Қатынасында айқындайтын, экстенсивті шамалар.

     Өлшейтін физикалық шамаларды 2 топқа бөлуге болады:

  • тікелей өлшенетін, олар берілген мөлшермен ұдайы өсірілуі және өзіне ұқсастарымен (ұзындық, масса) салыстырылуы мүмкін;
  • өлшемдік түрлендіру операцияларының көмегімен, берілген дәлдікпен тікелей өлшенетін шамаларға (тығыздық, қуат) түрлендірілетін.

Тура өлшеудің мәні – бұл тікелей тәжірибелік деректерден, яғни өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша шаманың ізделіп отырған мәнін табу.

Өлшемдік түрлендіру – ол кезде біртексіз түрлендірілетіндердің және физикалық шамамен түрлендірілгендердің өлшемдері арасындағы сәйкестік анықталатын операция. Q=F(x) теңдеуімен сипатталады. Бұл функция физикалық заңдылықтар негізінде алынады. Жалпы жағдайда бұл кезде келесі операциялар болуы мүмкін:

- түрлендірілетін шаманың физикалық тегінің өзгеруі;

        - масштабты – сызықты түрлендіру;

         -  масштабты – уақытша түрлендіру;

        - сызықты емес немесе функционалды түрлендіру;

- сигнал модуляциясы;

-сигналды кванттау және дискриттеу.

     Қарапайым өлшеу физикалық шама мөлшерін көп мәнді өлшеммен реттелетін, шығыстық шаманың мөлшерімен салыстырудан тұрады. Осыдан, біртекті шамалардың ара қатысын анықтау үшін физикалық құбылыстар мен процестерді пайдалану тәсілдерінің жиынтығы салыстыру әдісі деп аталады.

     Бірақ барлық шамаларды салыстыруға болмайды, осыған сәйкес физикалық шамалар 3 топқа бөлінеді:

     - алдын-ала түрлендірусіз салыстыруға болатын, физикалық шамалар (электірлік, магниттік);

    - коммутациялар үшін ыңғайлы физикалық шамалар (жарық ағындары, сұйықтық және газ ағындары, иондаушы ағындар);

   - объектілердің күйін немесе олардың қасиеттерін сипаттайтын, оларды тікелей салыстыру, яғни алу мүмкін болмайтын, физикалық шамалар (ылғалдылық, түс, иіс).

Қорыта айтсақ, физикалық  шама – бұл физикалық объект қасиеттерінің бірі екендігін МЕСТ 16263-70 анықтайды, сапалық қатынаста–көптеген физикалық шамаларға ортақ, сандық қатынаста әрқайсысы үшін жеке. Сөйтіп, физикалық шама–бұл физикалық объектілердің немесе процестердің өлшенген қасиеттері.

     Ал сондағы физикалық шамаларды өлшеуде–табиғатты адаммен қатар дамуына үлкен рөл атқарады. Өлшеу деп тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының (арнаулы техникалық құралдар) көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнің айтады. Табиғаттың тылсым сырларын ашу жолдарының бірі өлшеу жүргізу немесе операциялары болып табылады. Осы процесстер сапалық және техникалық дәрежедегі өнім шығаруда, апатсыз тасымалдау және қауіпсіз жұмыстарында, медициналық және экологиялық диагноз қоюда да, көптеген өмірге маңызды мақсаттарда өз әсерін тигізеді. Осы өлшеуді зерттейтін болсақ, өлшеу жүргізу үшін еңбектің 15% жұмсалады екен. Сараптаушылардың бақылауы бойынша индустриалды елдерде ұлттық өнімдерді дайындауға, тасымалдауға сияқты операцияларына 3-6%-дай еңбек өнімділігі кетеді. Өлшенетің шаманың және оның бірлігінің диапазоны әрдайым өсіп отырады. Мысалы, ұзындық диапазоны 10-10 – 1017 метрге дейінгі аралықты, температура 0,5К-нен 106 К – ге дейін, ал электірлік кедергі аралығы 10-6–1017 Ом, электір тоқ күші 10-6–104, қуат 10-15–109 Вт–қа , дейінгі аралыққа жетеді екен. Диапазондары өскен сайын оларды өлшеу қиындай бастайды. Олар шындығында да, дәлдікті бар актілі әрекетті және қиын продедуралы дайындықты, сонымен қатар алынған нәтижені интерпретациялық өңдеуді қажет етеді. Сондықтан да өлшеу технологиясы туралы айтпас бұрын, оның қандай дәлдікті, сапалылықты қажет екенің көреміз.

      Осы ғылыми прогресс кезіндегі өлшеу нәтижесін қадағалайтын сала метрология болып табылады. Метрология саласы түрлі өлшеулер арқылы алынатын мәліметтер білімнің, ғылымның дамуына қажет болып қала қоймай, технологиялық процестерді қадағалау, басқару үшін де кеңінен қолданылады. Сондықтан, өлшем туралы, өлшем бірегейлігі мен дәлдігін сақтаудың жолдары мен әдістері туралы ғылым ретінде метрологияның халық шаруашылығындағы атқаратын рөлі зор.

    Метрологияның негізгі ұғымдары: физикалық шама, физикалық шама размері және сандық мәні, физикалық шама бірлігінің эталоны, өлшем, өлшем құралдары, өлшем құралдарын дәлдеу, өлшем дәлдігі, өлшем дұрыстығы, өлшемнің дұрыстығы, өлшем анықтығы, өлшем ұқсастығы, өлшем қайталымдығы, өлшем қатесі. Ал, осындай қарапайым теориялық сұрақ сияқты жан –  жақты қарастыратын метрология оргоны болып табылады. Мемлекеттік метрологиялық органдарға өте кең құқық берілген. Бұл органдар заң шығарушы метрологияның ұсынған ережелерінің бұзылмай орындалуын бақылауға құқықты, және де Мемстрандарт бекіткен өлшем құралдарының тыйым салуға, талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын қолдану аясынан алып тастауға, қолдануға және олардың жөндеудің сапасын бақылауға құқықты. [1,7].

 

 

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

                                               2 Өлшеу құралдары

    Әр түрлі өлшеу кезінде физикалық шаманы анықтау және нормалық қасиеті иеленетін, бірлік өлшеу бөлімінде метрологиялық талаптарға жауап беретін нақтылықты, қауіпсіз және алынған нәтижелерді ұдайы өндіруге, сонымен қатар пайдалану шарттарының габариттік және өлшем талаптарына жауап береді.

    Өлшеу әдістрінің негізгі түрлеріне: өлшем, өлшем құралдары, өлшеу аспаптары, өлшеу қондырғыларын тексеруге жүзеге асырады. Сондағы өлшеу құралдары деп өлшеу жұмыстары үшін қолданылатын, нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдарды айтады. Өлшенетін  шаманың мәнің дұрыс табу өлшем құралдарына байланысты. Ал өлшем бірлігін мемлекеттік сынақтан өткізудің мақсаты – елімізде өлшем бірегейлігін сақтау, өлшем құралдарының ұтымды номенклатурасын және тиімді қолданылуын белгілеу, сонымен бірге, жоғарғы үлгілерге сай болатын өлшем құралдарын жасап өндіріске енгізу. Жаппай өндіруге, айналымға және шеттен әкелуге рұқсат етілген өлшем құралдары тек қана мемлекеттік стандарт бекіткен және өлшем құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген құралдар болу қажет.

Мемлекеттік сынақтың міндеттері:

  ▪ Өлшем құралдарын шығарудың ақиқатқа сәйкестігі мен   

  мүмкіндігін және    шет елден тасымалдаудың қажеттілігін     

  анықтау;

        ▪ Өлшем құралдарының тексеру мен жөндеудің тиісті

  әрекеттерімен   және шет елден тасымалдаудың қажеттілігін

  анықтау;

         ▪ Өндірілетін және шет елден алынатын өлшем құралдарының

   нормативтік – техникалық құжаттардағы талаптарға сәйкестігін

   тексеру.

     Мемлекеттік сынақты ұйымдастыруды Мемлекеттік стандарт басқарады. Сынақты метрологиялық институттар, мемлекеттік сынақтың жоғары ұйымдары, министрліктерлері метрологиялық қызметтің жоғары базалық ұйымдары жүргізеді. Мемлекеттік сынақтың өткізілмейтін өлшем құралдары метрологиялық аттесттаудан өтеді. Олар: өлшем құралдарының жалғыз даналары, өте сирек түрлері, сериялы өндіріске арналмаған түрлері, шетелден сатып алынған бірнеше данасы. Мұндай құралдар, олардың техникалық және метрологиялық сипаттамалары стандарттауға жатпайды. Сондықтан мұндай өлшем құралдарын стандартталмаған деп атайды. Оларды, әсіресе, ғылыми – зерттеу институттарында көптеп жасап қолданылады. Өлшемнің бірегейлігі мен сенімдігі осы құралдарға байланысты болған жағдайда оларды сөзсіз аттестаттау қажет.

 Метрологиялық аттестаттау  деп өлшем құралдарын олардың  метрологиялық қасиеттерін анықтау  мақастымен метрологиялық органдардың  зерттеуін, зерттеуден алынған  мәліметтер негізінде тиісті  құжаттардың дайындалуын айтады. Стандартталмаған өлшем құралдарын аттестаттау барысында олардың техникалық тапсырмаларға, техникалық шарттарға және өлшем бірлігінің мемлекеттік жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкестігі және тиісті мақсатарға қолдануға жарамдылығы тексеріледі. Сондай – ақ метрологиялық аттестаттау мемлекеттік және тиісті мақсаттарға, яғни ведоматвалық болып бөлінеді. Мемлекеттік аттестаттауды мемлекеттік метрологиялық қызмет жүргізеді. Мемлекеттік метрологиялық аттестаттаудан мемлекеттік тексеріске жататын өлшем құралдары жатады.

    Ведомстволық метрологиялық аттестаттауға ғылыми – зерттеу, экспериментальді және тәжірибелік – конструкторлық жұмытарға арналағн және өнімнің сапасын бақылауға, технологиялық процестеді басқаруға қолданылатын, ведомстволық метрологиялық қызметтерде үлгі ретінде пайдалынылатын өлшем құралдары жатады.

    Өлшем құралдарын аттестаттаудан өту үшін мынадай техникалық құжаттар дайындалады:

        ▪ Метрологиялық сараптаудан өткен техникалық тапсырмалар;

▪ Тұтынылуы жайлы  техникалық шарттар;

         ▪ Техникалық баяндаулар және нұсқаулар;

▪ Метрологиялық атестаттау бағдарламасының жобасы және

 тексеру әдістері  мен құралдары туралы нормативтік  –  

техникалық  құжаттардың  жобасы.

 

Шетелден алынатын өлшем  құралдары үшін

         ▪ Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары мен

  тұтыну жағдайларына қойылатын талаптар белгіленген   құжаттар;

       ▪ Метрологиялық атестаттау бағдарламасының жобасы және

          тексеру әдістері мен құралдары туралы нормативтік –

        техникалық құжаттардың жобасы.

Аттестаттаудан өткен  стандартталмаған өлшем құралдарына  тиісті куәлік

беріледі. [5,8].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

    3 «Лактан 1-4» өлшеуіш құралының жұмыс істеу принципі

 Осы жоғарыда жалпылама  түрде өлшеу құралдарының талаптырына  сай жүргізіле ме екеніне жеткізу  барысында сүт сапасының талдаушы «Лактан 1-4» қарастырайық.

Бұл талдаушы сүттегі майдың массалық бөлігін анықтауға және де құрғақ майсыздандырылған май қалдығын (ҚММҚ), қайтадан қалпына келтірілген, нормаланған қоспаларының сақтау ұзақтығын анықтауға, өлшеуге арналған құрылғы. Ондағы әрдайым ескеретін жайт-табиғи сүттің массалық қосылатын су бөлігі МЕСТ 25-101782 бойынша анықталады. Сүт сапасын талдаушы  «Лактан 1-4» аспабының бірнеше түрлері бар. Олардың қуат мөлшеріне, сыртқы пішінімен, кәсіпорын-дайындаушының өндіруімен, таңбалануымен т.б. элементтерімен ерекшеленеді. Оны 1-кестеден байқауға болады:

 

1-Кесте

 

           «Лактан1-4» Мини

Қолдануға ыңғайлы кішігірім  габаритті талдауыш түрі. Жұмыс барысында  қуаттың 12 В тұтынады. Майдың массалық бөлігін, ҚММҚ, қосылған су мөлшерін және сүт үлгісінің тығыздығын анықтауға мүмкіндігі бар. Өлшеу уақыты 3 минутты құрайды. Бұл талдауыш түрі ауыл шаруашылығында және фермерлік шаруашылықта да қолдануға тиімді құрал болып табылады.


 

1-Кестенің (жалғасы)

         «Лактан1-4» исп. 220

        Тұрақты, ыңғайлы және сенімді,  ультрадыбысты талдаушы түрі. 12В қуат мөлшерін тұтынады. Ақуыздың, майдың массалық бөлігін анықтауға, сонымен қатар су мөлшерін, ҚММҚ, температураны және тығыздықты анықтауға мүмкіндікті құрал. Өлшеу уақыты – 180 секунд.

         Үлкен зертханаларда, яғни асқа  арналған, ветеринарлық зертханаларда да қолдануға ыңғайлы.

«Лактан1-4» исп. 230

    «Лактан1-4»  аспабының жаңадан жетілдірілген  түрі. Майдың, ақуыздың массалық  бөлігін, су мөлшерін, ҚММҚ, температураны  және тығыздықты анықтаумен қатар,  сүт үлгісінің қату мүмкіндігін де анықтайды.

     Сондай  – ақ талдауыштың өзінде ыңғайлы  автоматты түрде шай жүйесі  бар. Өлшеу уақыты – 130 секунд. Сүт жоғары дәлдікті сапалы  өнім алуға мүмкіндік береді. 


 

              

Сүттегі соматты жасулардың талдауышы «СОМАТОС Мини»

«СОМАТОС Мини» жоғары өлшемді талдауыш түрі сүт сапасын  анықтаумен қатар, сүттегі соматты  жасушалар мөлшерін, жабысқақтығын, капилляр арқылы ағу жылдамдығын  анықтайды.

 

 




1-кестенің (жалғасы)

 

Мына кестеден көріп  тұрғанымыздай, олар өзінің сырты пішінімен  де бір – бірінен ерекшеленеді. Соның ішіндегі кеңінен қолданылып пайдаланылатын түрі – талдауыш «Лактан – 1-4» Мини. Енді оны қандай құрылғы, қандай элементтерден тұратының кең көлемде қарастыруды бастаймыз.

Талдауыштың құрамды  бөліктеріне мыналар жатады:                   

● Сүт сапасының талдауышы  «Лактан-1-4» аспабы

● Тіреу 

● Тұтыну блогы 

● Шаюға арналған шприц

              Ал аспаптың өзіне сипаттама беретін болсақ, оны 1-суретте анық  көрсетілген. Көріп тұрғанымыздай, құрылғы мынадай негізгі элементтері бар екенің көреміз.

     Мына 2-суретте оның жалғау, қосуға арналған жағы көрсетілген:                    1-Тұтыну көзінің қосылу разъемы.

2-Компъютерге қосатын разъемы.

3-Сервистік қызмет ету үшін разъем түрі

2-сурет

3.1 Өлшенетін үлгілер  үшін қажеттіліктер

          Талдаушы аспабын жұмысқа дайындау үшін оны ыңғайлы жерге және табиғи желдетуге байланысты горизонталь жазықтықта орналастырған жөн. Үлгі қабылдауышты ұстағышқа құрамыз.

        Ал енді қолдану барысында жоғарыда айтылған талдаушы «Лактан-1-4» аспабының ерекшеліктері пайдалануға нәтижесін байқауға болады. Онда жұмыс істеу принципінде мына командалар рет-ретімен орындалады.

     ● Талдаушыны  жұмысқа дайын екеніне көз жеткіземіз және дисплейде мына хабар белгісі шығуы керек:

                                   


 

 

 

 

● Үлгі қабылдауышқа сүт  үлгісін құйғаннан бастап, талдауыш аспабы жедел түрде өлшеуді жүргізе  бастайды. Осы кезде дисплейде  мынадай сөз шығады:


  

 

● Өлшеу жүргізіп жатқанда, дисплейдін төменгі жолақ жағында  тікбұрыш тәріздес пішінді белгі  шығу керек. Өлшеу процесі аяқталғанда  төменгі жолақ тікбұрышқа толып  кетеді. Өлшеу аяқталғанда дисплейде  нәтижелер мынандай болады:


                                           

 

Мұндағы, М – май  мөлшері,

 Қ – құрғатылған  майсыздандырылған май қалдығы (ҚММҚ);

 С – құрамындағы  су,

 Т –тығыздық.

                           3.2 Аспаптың эксплуатациялық басқармасы

        Талдаушы «Лактан-1-4» аспабының эксплуатация жөніндегі міндеттері туралы айтпас бұрын, электрлік, магниттік (Жердің магниттілігінен басқа) өрістерге және вибрацияға түспеуінен сақтаған жөн. Талдаушы «Лактан-1-4» аспабы ҚР МЕСТ 551350-99 стандарты бойынша екінші монтажды категория құрылғысына сай қауіпсіздікті қажет етеді. Талдаушы сонымен қатар, МЕСТ 12.2.007.0-75 стандарты бойынша электрлік қауіпсіздік конструкторының II класына сәйкес ереже заңдылықтарын бұлжытпай қолданғанда сақтағаны жөн. Мұндай жауаптылықты өз мойнына аналитикалық аспаптармен жұмыс істей алатын және техникалық жұмыс инструктажын білетін маман тағайындалады. Жұмыс істеу барысында кейбір эксплуатациялық шектеулерді ұмытпаған жөн. Оған мыналар жатады:

● Талдауыш  «Лактан-1-4» аспабын бөлмені желдетуге байланысты, оны горизонталь жазықтықта орналастырған дұрыс. Себебі оған вибрациялық және соғылатын ауырпалықтар, яғни электр-магниттік өрістер (Жердің магниттілігінен басқа) әсер етпеуі керек;

● Талдаушы аспабын күн мен жылу сәулелерден сақтаған жөн;

● Сүт үлгісін зерттегенде қате жіберілмес үшін өлшеу трактісінің тазалығын әрдайым қадағалап отыру керек.

       Осы  талаптарды ескере отырып, оның  қағаз жүзінде жүргізілуіне де  мән беріледі. Талдаушы аспабының  эксплуатациялық сілтемелерін жүргізу  барысында мына қағидаларды да  ескерілуі тиіс:

    ●  Эксплуатациядан бұрын «Эксплуатация жөніндегі басқармасына» да көңіл 

         аударған жөн;

    ● Талдауыш аспабының куәлігі әрдайым аспаппен бірге болу керек;

    ●  Куәлікке мәліметтер енгізу жұмыстары қарандашпен, ал бұлғайтын сиямен 

        және т.б. құралдармен жазылмауы керек;

    ● Бұрыс жазылған жазба асты сызылып, соған жауапты тұлғаның аты

       көрсетіледі;

    ● Қол қойылғаннан кейін жауапты адамның аты-жөні қойылады; [10].

   3.2.1 Таңбалау және пломбылау

           Талдауышты ҚР МЕСТ 51350-99 және конструктор құжаттарына сәйкес таңбалайды. Осыған қойылатын талаптары мен талдаушы аспап модельдерінің атауаларын қарастырып кеткеніміздей, олардың таңбалануы кәсіпорын-дайындаушы шығаруына байланысты әр қилы. Көптеген аспаптың талаптары мен модельдері, типтерінің атаулары алдыңғы панелінде келтіріледі. Таңбалау іс-жүргізу органы конструктивтік құжатқа сәйкес жүргізіледі. Тасымалдау барысы мен тасымалдау ыдысы МЕСТ 14182-96 сай таңбалануы жұзеге асады.

        Сөйтіп, талдауыш «Лактан-1-4» аспабы туралы мәліметті аспапты қосқанда да алуға болады. Осы кезде сұйық кристалды дисплейде кәсіпорын-дайындауышының (зауыттық нөмері) жүйелік нөмерін көрсетеді.

        Ал белгіні жабыстыру арқылы өлшеу құралы жайында ақпарат алу плобалау  болып табылады. Мастиканы корпустың алдыңғы панелінің винт басына жабыстырып қояды.

                                  

3.2.2 Қаптама

           Қаптама талдаушы «Лактан-1-4» аспабының климаттық сыртқы факторлар мен механикалық зардаптардан, сондай-ақ тасымалдау кезінде тиеу – салуда қорғаныш қызметін атқарады. Көбінесе аспапты желдетілген бөлме температурасы (20±5)0С аралықта, ауа ылғалдығы 80% құраған параметрлерде болған кезде қаптау жұмыстарын жүргізеді. Талдаушы аспабының сонымен қатар, тіреуін, тұтыну блогын, ЗИП және және эксплуатациялық құжатын полиэтиленді металдан жасалған қаптамаға сыйғызуға тырысады. Тыс ішіндегі ауаны сорып тығыздайды. Кей жағдайларда талдаушы аспабын бөлек пенопластан жасалған қорапшаға салады. МЕСТ 9142-90 бойынша тасымалдау ыдысқа салады. Тасымалданатын ыдысты (тараның) қаптамаға қағазбен орайды.

 

 

                               

 

3.2.3 Тасымалдау және  сақтау тәртібі

         Кәсіпорынның дайындаған қапталған талдаушыны тасымалдау ережелеріне сай әр түрлі транспорттармен жеткізіледі. Механикалық және климаттық қарсы әрекеттерін қадағалау МЕСТ 15150-69 стандартының үшінші тобына байланысты жүргізіледі.

       Талдаушыны эксплуатациясы бойынша тексермес бұрын, қаптамадағы 50 – 400С температурада және соған қатысты 250С температурада ауа ылғалдылығы 80% құрайды ма екенін тексеріп алған дұрыс. Қоймадағы сақтау бөлмесі коррозия түзбейтіндей, яғни шаң-тозаң, қышқыл булар, агрессивті газ және т.б. қауіпті қоспалар болмауын қадағалауды МЕСТ 15150-69 бойынша және №1 типті атмосферадағы коррозиялы – белсені агенттер құрамына сәйкес келуі қажет етіледі.

 

                                            3.2.4 Қайта жарату

          Талдаушының пайдалану мерзімі біткеннен кейін адам өміріне денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Талдаушыны жою колданушының күшімен осы аумақта қолданылатын нормативті акт талаптарына сай жасалады.[10].

 

            

                        

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

3.3 Аспаптың метрологиялық сипаттамалары           

           Талдаушы құрғақ майсыздандырылған сүттің қалдығын және мөлдір судың, консервіленген, пастерленген, нормаланған, қайта құралған, майсыздандырылған сүт және ұзақ сақталған сүтті, майлықтың салмақ бөлігін өлшеуге арналған.

Метрология Лактан