Микропроцессорлардың бейдәстүрлі архитектуралары
Микропроцессорлардың
Ақпаратты
цифрлік өңдеу әдістерінің
Микропроцессорлардың
дәстүрлі емес түрлеріне
Ассоциативті процессорлар. Қазіргі уақыттағы қолданбалы есептердің алгоритмдері, жүйелік программалық қамтамасыздандыру және аппараттық жабдықтардың басым бөлігі деректердің дәстүрлі адрестік өңделуіне бағытталған. Бұл операциялық жүйелер мен программалау жүйелерінің күрделенуіне алып келеді және деректерді өңдеудің параллелизмін тиімді қолдануға бағытталған архитектуралы есептеу жабдықтарын жасауға кедергі келтіреді. Деректерді өңдеудің ассоциативті әдісі осы сияқты көптеген шектеулерді жеңуге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің мәні — деректерді іріктеудің қандай да бір шартын беріп, тек сол шартты қанағаттандыратын деректерді ғана түрлендіруде. Іріктеу шарты барлық деректердің ішінен ізделінетін деректерді бөліп алу үшін жеткілікті кез-келген элементпен сәйкестік бола алады. Деректерді іздеу деректердің берілген элементімен үлкен немесе кіші корелляциясы бар үзінді бойынша жүргізіледі.
Матрицалық процессорлар. Командалардың бір ағыны – деректердің көп ағыны (SIMD) класының ішіндегі кең таралған жүйелер – матрицалық жүйелер болып табылады. Олар бір-бірінен тәуелсіз объектілер немесе деректердің параллелизмімен сипатталатын есептерді шешуге бейімделген. Мұндай типті жүйелерді ұйымдастыру жеткілікті қарапайым. Олардың командалар ағынын және параллелді жұмыс істейтін процессорлық элементтерді қалыптастыратын жалпы басқарушы құрылғысы болады. Осылайша жүйенің өнімділігі барлық процессорлық элементтердің өніміділігінің қосындысына тең болып шығады. Бірақ практикада ауқымды есептерді шешкен кезде жүйенің жеткілікті тиімділігін арттыру үшін процессорлар элементтерінің арасындағы байланысты оларды жұмыспен толық жүктейтіндей ұйымдастыру керек. Процессорлар элементтері арасындағы байланыстар сипаты жүйенің түрлі қасиеттерін анықтайды
Алғашқы
матрицалық процессорлардың
ДНҚ-процессорлар. Қазіргі кезде жартылай өткізгіш технологиялардың орнын басатын жаңа есептеу жүйелерін жасау технологиясын іздеу барысында ғалымдар биотехнологиялар мен биокомпьютингке көбірек назар аударуда. Биокомпьютинг ақпараттық, молекулярлық технологиялар және биохимияның гибриді болып табылады. Ол биохимия мен молекулярлық биологияда қабылданған әдістерді пайдалану арқылы тірі ұлпалар, жасушалар, вирустар және биомолекулалар көмегімен есептеулерді ұйымдастыра отырып күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді.
Ең кең таралған әдіс негізгі элемент (процессор) ретінде дезоксинирибонуклеинді қышқылдың молекулалары қолданылатын әдіс болып табылады. Бұл тәсілде басты орынды ДНҚ-процессор алады. Сонымен қоса биопроцессор ретінде ДНҚ-дан басқа ақуыз молекулалары мен биологиялық мембраналар қолданыла алады.
ДНҚ
негізіндегі алғашқы
Химиялық реакциялар нәтижесінде ДНҚ құрылымы онда есептің жауабы кодталған түрде келтірілетіндей өзгерген. Есептеулер химиялық реакция барысында ферменттердің қатысуымен жүргізілгендіктен, оларға өте аз уақыт шығындалған.
Коммуникациялық процессорлар. Коммуникациялық процессорлар – қатаң мамандандырылған интегралды микросхемалар мен жалпы міндетті иілгіш процессорлар арасындағы микрочиптер. Коммуникациялық процессорлар қарапайым процессорлар сияқты программаланады, бірақ олар желілік есептерді ескерумен құрылған және желілік жұмыс үшін оптимизацияланған. Олардың негізінде процессорлар мен құрылғыларды шығарушылар спецификалық қосымшаларға программалық қамтамасыздандыру жазады.
Коммуникациялық
процессордің жеке жадысы
Intel IXP4xx коммуникациялық
процессорларының жаңа сериясы
XScale таратылған архитектурасы
Деректер базасының процессорлары. Қазіргі кезде деректер базасының процессорлары (машиналары) деп деректер базасын басқару жүйелерінің (ДББЖ) барлық немесе кейбір функцияларын орындауға арналған программалық-аппараттық кешенді атау қабылданған. Егер өз уақытында деректер базасын басқару жүйелері негізінен мәтіндік және сандық ақпаратты сақтауға арналған болса, енді олар әртүрлі деректер форматына есептелген, олардың ішіне графика, дыбыс және видео да кіреді. Деректер базасының процессорлары басқару және тарату қызметтерін атқарады, ақпаратқа шлюз арқылы дистанциялық қатынас құруды, және сонымен қоса көбейтудің түрлі әдістері көмегімен жаңартылған деректердің жаңғыртылуын қамтамасыз етеді.
Ағындық процессорлар. Ағындық процессорлар деп жұмыс істеу негізінде көп деректерді бір команданың көмегімен өңдеу принципі жатқан процессорларды атайды. Флинн классификациясы бойынша олар SIMD архитектурасына жатады. SIMD технологиясы бір амалды, мысалы айыру немесе қосуды бір мезгілде бірнеше сандар жиынымен орындауға мүмкіндік береді.
Ағындық процессорлардың жарқын өкілі Intel процессорларының тобы болып табылады. Pentium III процессорынан бастап, олардың негізінде Streaming SIMD Extensions (SSE, «бір команда – көп дерек» принципі бойынша ағындық өңдеу).
Көп мағыналы (нақты емес) логикалы процессорлар. Нақты емес логикалы (fuzzy logic) процессорларды құру идеясы нақты емес математикаға негізделген. Профессор Л.А. Заде ұсынған нақты емес жиындардың математикалық теориясы белсенді зерттеу пәні бола отырып жүйелік талдаушыларға үлкен мүмкіндіктер береді. Осы теорияға негізделген түрлі компьютерлік жүйелер өз кезегінде нақты емес логиканың қолдану облысын кеңейтеді.
1986 жылы AT&T Bell Labs компаниясында ақпаратты өңдейтін нақты емес логикалы процессорлары жасалды.
90-жылдардың
басында АҚШ-тағы Adaptive Logic компаниясы
аналогты-цифрлік технология
Сигналдық процессорлар. Тұтынушылардың артқан сұранысына жауап ретінде Motorola фирмасы сигналдарды цифрлік өңдеудің күрделі алгоритмдеріне және басқару есептерін шешуге бағытталған жаңа архитектура жасап шығарды. DSP568xx микросхемалар тобы 16 разрядты DSP56800 процессорының ядросының негізінде құрылған. Бұл ядро басқару есептерін тиімді шешуге және сигналдарды цифрлік өңдеуге арналған. Онда жүзеге асырылған командалар жиыны цифрлік сигналдардың ең жақсы жалпы міндетті DSP тиімділігімен өңделуін қамтамасыз етеді және ықшам басқару программаларының қарапайымдылық талаптарына жауап береді.
Нейрондық архитектура. Жаңа архитектуралардың ішіндегі ең болашағы зор бағыт жасанды нейронды желілерге тән ақпаратты өңдеу принциптерінің негізінде компьютерлердің жаңа буынын жасаумен тығыз байланысты.
Нейрокомпьютерлердің жұмыс істеу негізі адам миы мен жүйке жүйесінің ақпаратты өңдеу тәсілдерін модельдеу болып табылады. Бұл бағыттың бастамасы американдық екі ғалым У. Маккалок пен У. Питтстің 1943 жылы жариялаған мақаласы болды. Онда жүйке жүйесінің жасушалары – нейрондар қарапайым логикалық құрылғылар ретінде қарастырылған.
Әр нейрон көрші нейрондардан арнайы жүйке талшықтары арқылы сигналдарды қабылдайды. Бұл сигналдар қоздырғыш немесе тежегіш болуы мүмкін. Олардың қосындысы нейрон денесінің электрлік потенциалын анықтайды. Потенциал белгілі бір шектен асқан кезде нейрон қозып, шығыс жүйке талшықтары арқылы сигнал жібереді. Жеке жасанды нейрондар бір-бірімен түрлі әдістермен байланысады. Бұл әр түрлі архитектуралы неше түрлі нейронды желілерді жасауға мүмкіндік береді.
Жасанды нейронды желілердің
тамаша қасиеттері бар. Олар
программалық
Ақпаратты өңдеудің
Нейропроцессор әдетте екі
негізгі блоктан тұрады: әмбебап
есептеу құрылғысының ролін
Нейрондық желілердің түрлі модельдерінің нейропроцессор кристаллдарындағы көптеген жүзеге асырылулары бар. Нейрочиптердің түрлі нұсқаларын шет елдік фирмалар шығарды және әлі күнге дейін шығарып келеді, олар: Intel, IBM, Siemens, Fujitsu, Philips, AT&T және Ресейлік «Модуль» ғылыми-техникалық орталығы.
Нейрокомпьютерлер сияқты
Жалпы айтқанда, «нейрокомпьютер»
терминінің астында
Қазіргі уақыттағы технология
жалпыға арналған
21 ғасырдың басында, 40-50 жылдармен
салыстырғанда
Ұзақ уақыт бойы
Болашақта
Бүгінгі таңдағы маңызды
есептердің бірі — сөйлеуді
тану есебі болып табылады. Сөйлеуді
тану қазір көп жерлерде
Процессордың ана тілімізде
айтылған бұйрықты түсініп,
Қолданылған әдебиттер тізімі
1. АЯ.Соловьева. «Электронные
2. А.В. Богданов, Е.Н. Станкова, В.В. Мареев, В.В. Корхов. «Архитектуры и топологии многопроцессорных вычислительных систем». Курс лекций. Информационный портал «Интернет-университет информационных технологий».
Микропроцессорлар
Есптеу техникасының дамуы орталық процессорлардың жетілдірілуімен бірге жүзеге асады. Процессорлардың жаңа модельдері тек өнімділіктің өте жоғарылылығымен ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді (жаңа регистрлар, архитектурадағы жаңа компьютерлік жинақтар және жаңа өзгертулер).
Процессорлардың жаңа модельдерін жасаушылар қайтарымды сыйымдылық принципіне негізделеді, яғни процессорлардың жаңа моделі қолданыста бар архитектура негізінде жасалады. Дербес компьютерлердің орталық процессорлар нарығында қазіргі уақытта басты орынды Intel фирмасы иеленуде. 1993 жылы Pentium процессоры пайда болды.
Микропроцессорлардың архитектурасы. Микропроцессор-дың типтік қҧрылымы Разрядтылық – 1) разрядтар саны; бір машиналық сӛздегі ең кӛп екілік разрядтар саны; 2) регистрде сақталынатын сӛздің барынша ұзындығы. Қуаттылық қоректену қоректендіру кӛзі – мамандандырылған компьютер – бір ғана нақты мәселені орындауға арналған компьютер (мысалы, тігін машинасын немесе автоматтық станокты басқаратын құрылғы). Микропроцессор деп бағдарламаланушы логикамен бас құрылғы немесе бағдарламаланушы құрылғыны айтады. Микропроцессор жұмыс атқару жүйесін программалық түрде ӛзгерте отырып, мәліметтерді ӛңдеп, түрлендіріп бере алатын бір немесе бірнеше үлкен интегралдық схемалар жинағы. Микропроцессор келесі сипттамаларға ие болады: 1. адрестік және мәліметтердің разрядтылығы; 2. корпустың түрі әр түрлі 3. шашырау қуаты 4. температуралық диапазоны 5. разрядтылық мүмкіндігін кеңейту 6. цикл уақыты командаларды орындау 7. сигналдардың деңгейі 8. бӛгеуілге орнықтылық 9. жүктемелік қабілеттік 10. сигналдарды шығыста біріктіру 11. сенімділігі. Микропроцессор жинағында үлкен ИС-дың санына қарай бір кристалдық, кӛпкристалдық және секциялық кӛпкристалдық микропроцессорларды ажыратуға болады. Жалпы белгілеу бойынша универсалдық және мамандандырылған микропроцессор бӛлінеді. Универсалдық МП - әр түрлі есептерді шешу үшін қолданады. Мамандандырылған МП - алдын-ала анықталған есепті шығару үшін қолданылады. Кіру сигналдарды ӛңдеу түрі жағынан ӛзгешелігі:
1. цифрлық микропроцессорлі
2. аналогтық МП (дәлдігі
жоғары, оның ішінде аналогтық-цифрлік
және цифрлік-аналогық
· Синхрондық МП
· Асинхрондық МП
· Операияның басы және соңғы жағдайын орындау басқару құрылғымен белгілейді.
Орындайтын бағдарлама санына қарай – бір және кӛп бағдарламалы ПП. Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым 18
Бір программалы МП-де тек бір ғана программа орындалады. Қазіргі орындайтын программа біткен кезінде ғана басқа программаны орындауға кӛшеді. Кӛппрограммалы немесе мультипрограммалы МИ-де бір кезде бірнеше программалар орындайды. Микропроцессор үш негізгі блоктан тұрады:
· арифметикалық-қисындық құрылғы (АҚҚ)
· ішкі регистрі блогы
· басқару құрылғы
МП-нің бұр қораптарының арасында деректер мен алмасып тұру үшін деректердің ішкі ӛрелік жолы пайдаланылады. Микропроцессор деп ЭВМ-нің процессоры, яғни берілне деректерді ӛңдеп, ЭВМ жұмысын басқаратын құрылғы қызметін атқаратын үлкен интегралды схеманы (СБИС) айтады. Жалпы айтқанда, МП-р программаланатын қызмет атқаратын микроэлектронды әмбебап цифрлық блок, сондықтан да МП-дың қолданылуы тек қана ЭВМ-мен шектелмейді. Микропроцессорлың шешетін жұмыстары, оның қызмет етуі микроЭВМ-нің есте сақтау құрылғысында жазылған программа бойынша анықталады. МП-дың ең жақсы үлгілері бір үлкен интегралдық схема (БИС) түрінде жасалынады. Бұлары бір кристалды МП-лар деп айтады. МП-лар бірнеше БИС-тен де тұрады. Бір кристалды МП-дың құрылымынан мынадай функционалдық бӛлікткрді кӛруге болады. Басқарушы импульстерді бергіш пен командалардың шифрын анықтағышы бар басқару құрылғысы арифметикалық-логикалық құрылғыдан тұратын ӛзіндік процессор, енгізіп-шығару құрылғысы (мультиплексор), күй регистрі (тіркеуіш), жалпы міндет атқаратын регистрлер, адрестік регистр және қорытынды нәтиже регисті. Басқару құрылғысы командалар кодтарын тұрақты есте сақтау құрылғысынан алады, онда микропроцессордың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программа жазылған. Бұл командалардың дешифратода шифры – кілті ашылып, онда МП-дың жұмысын басқаратын кодтар тізбегі жасалынады. Енгізіп-шығару мультиплексоры процессорға келіп түсетін информацияны коммутациялайды (қажетті тізбектерге қосып ажыратады). Регистрлер операциялармен берілетін нәтижелерді уақытша сақтауға арналған. Жоғарыда айтылғандай, МП-лар бірнеше жеке-жеке үлкен схемалардан құрастырылады. Осындай үлкен Un-дық схемалар жиынтығын микропроцессорлық комплект деп атайды. Қазіргі кезде бірнеше МП-лық комплекстер (К587, К589 және т.б) шығарылады. МП-лық комплекстердің құрамына 5-тең 10-ға дейін үлкен интегралды схемалар кіреді. Олар контроллерлер, автоматтардың басқару блоктарын, микро-ЭВМдер сияқты әр түрлі цифрлік құрылғылар құрастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде тиімді қолданыс тауып отырған негізгі бағыттары келтірілген

- Микропроцессорлар сипаттамасы және микропроцессорлы жүйенің жұмыс істеу принциптері
- Микропроцессорлық жүйені жобалау
- Микропроцессорлық жүйенің архитектурасы және типтері
- Микропроцессорная защита асинхронного двигателя
- Микропроцессорная система
- Микропроцессорная система
- Микропроцессорная система управления
- Микроорганизмы как нанотехнология для восстановления нарушенных почв
- Микропластик и наноматериалы в Тихом океане
- Микрополосковая антенна
- Микропроцесорное Проектирование системы климат контроля автомобиля
- Микропроцессор
- Микропроцессорды басқару сигналдар
- Микропроцессордың даму тарихы