Нарық туралы жалпы түсінік
Мазмұны
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы негізде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс-қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие – қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі таңда жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Сонымен, экономикалық білім көптеген күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Біріншіден, экономикалық проблемаларды белсенді түрде талдай білуге, әсіресе, нарықты экономикаға байланысты дұрыс көзқарастар қалыптастыруға көмектеседі.
Екіншіден, әрбір болашақ маман өз елінің тұлғасы дерлік біліктілікке қол жеткізумен бірге, болашақ тағдырын да шеше алатын асыл қасиеттерді өз бойына дарыта білуі тиіс.
Үшіншіден, басқарудың бұрынғы әкімшіл-әміршілдік әдісінен экономиканы нарық механизмі арқылы дамытуға көшу ісі – болашақ мамандардың экономикалық теорияның мәні мен мазмұнын жете меңгеруін талап етеді.
Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір – таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: «Меншіктің негізгі түрлерін үйлестіре және өзара іс – қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік – экономика құру ... »
1. Нарық туралы жалпы түсінік
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі әдістері белгілі: әміршілдік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бұл әдістері бір өндіріс тәсілдері шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды. Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі деп әкімшілдік әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады. Бұл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілдік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын жеңілдету деп есептеуге болады.
Шаруашылықты
әміршілдік - әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру
өндірушінің үстемдігіне
Нарықтық механизм бұған қарама – қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын – ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасы анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілдер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін шешу мақсатында әрекет етеді.
Не өндіру керек? Бұл жағдайда, тұтынушы бір немесе басқа тауарды сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндірудің көбейюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше оның сынаудан өткен тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі, бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным артса, баға өседі, онда тауар - өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше сұраным азайып баға төмендесе оны азайтады.
Қалай өндіру керек? Ол тауар өндірушілердің арасында болатын бәсеке күресімен анықталады. Тауар өндірушілер үшін бір-ақ жол бар, ол белгілі бір баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және белгілі бір пайда табу. Ол үшін аз шығынды қажет ететін арзан және сапалы өнім шығару керек. Ал ондай өнім қандай тауар өндірушілерде болады? Әрине, ол өндірісте ҒТР элементтерін кең түрде жүзеге асырған, жоғары білікті кадрлары бар кәсіпкерлерде болады. Қысқасы, нарық ҒТР жетістіктерін өндіруді, тұтынушыға қажетті өнім өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге мәжбүр етеді.
Кім үшін өндіру керек? Бұл сұрақ, сұраным мен ұсынымның ара қатынасына байланысты. Бұл жағдайда нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың табыс деңгейі және т.б. көрсеткіштеріне
қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың барлық экономикалық жүйелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ олар әртүрлі шешіледі.
Шетелдік мамандардың
пікірінше экономиканы
2. Нарық
механизмінің мәні және
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауарлар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен
бірге нарықтық механизм
Реттелмейтін таза нарықты экономика адамның еңбек ету, білім
алу, жеке басының қауіпсіздігі, табыс табу сияқты әлеуметтік – экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі
ғылым мен техника
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын – соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау - бөлу әдістеріне негізделген, басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД–ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым–экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі./Кулигин П. Социалистік экономикадағы нарық. – «Вопросы экономики», 1990ж. №1, 143б./
Нарық – бұл
сатушылар мен сатып алушылар
арасындағы экономикалық қатынастардың
белгілі бір жүйесімен
Нарық – тауарларды сатып алу – сату мен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. /Саяси экономия – Алматы, Ана тілі, 1991ж., 169б./
Нарық – бұл
тауарды өткізуге байланысты айырбас
саласында қалыптасқан
Келтірілген көзқарастардың қай – қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістік емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі – өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар – ақша, нарықтық байланыстар сату – сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар – ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу – оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылу, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым – қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек.
Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы – тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе – теңдікті, объективті түрде алдын – ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің
шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары – бәсеке - өндіріс процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субъектілеріне жол ашады.
Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды. «Сатушы не сатса да пайдасына сатады»/Ж. Баласағұни/
3. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы алынады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Нарықтың маңызды
атқаратын қызметтерінің бірі-
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі-ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің /салымына/ проценттік нарқының /ставка/ т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығарады, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпар беріп отырады.
Экономикалық
игіліктерді және қызметерді, өндірушілер
мен тұтынушыларды |
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. |
Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі. |
Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту. |
Тауардық қоғамдық мағыналығын мойындау. |
НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ |
Еңбекке деген
материалдық стимулдарды | |
Өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру. | |||
Сонымен бірге нарық механизмі
мынадай қызметте атқарады-
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар,
маңыздылығы жағынан
Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр-түрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынандай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын және өмір сүруін дәлелдеп берді:
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
- нарық инфрақұрылымын жасау;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі. |
Меншік қатынастарының алуан түрлі формалары |
Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы |
НАРЫҚТЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ ШАРТТАРЫ | ||
Тауар өндірушілердің және сауда делдалдарының бәсекесі |
Контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы |
Нарық инфрақұрылымы жасау |
Енді осы
шарттарға толығырақ
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім – шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың
алуан түрлі нысандарының болуы,
олардың өндірістегі тең
болар еді. Бүкіл
дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай,
қазіргі заманғы өндіріс
Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жәйт – ол өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықты экономикаға көшудің экономикалық мәні болмайды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтың тиімді жұмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының және жұмыскерлердің 100 пайыз қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы маневр жасау кеңістігінен айырады, оның сұранымға икемділігін баяулатады. Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы, коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы, капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында акцияларды, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, валюталық келісім-шартқа отыру, акциялар мен валюталардың нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп, кәсіпкерлік үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Нарықты экономика жалпылама негіздегі ерекше инфрақұрылым – несие жүйесінсіз жұмыс істей алмайды. Оны коммерциялық, мемлекеттік, инновациялық ( ғылыми-техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз), /ипотекалық/ жылжымайтын мүліктердің /жер, құрылыс/ кепілдігіне ақшалай қарыз беруші банкілер, сақтық компаниялары, әртүрлі қоғам, ұйымдардың қоры құрайды. Нарық жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі – атқарушы әкімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы және салалық министрліктердің қолшоқпарына айналар еді, ал бұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет проблемаларын ақшаның эммисиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.
Бесіншіден, нарық механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның ерекшелігі неде? Біріншіден, бюджеттің мөлшері нарықтың қабілеті жетпейтін, сондықтан да мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте ғана болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуына жол бермеу керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда ғана жасалады, және де заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады.
Екіншіден, нарықты экономикада мемелекеттік бюджеттің шығынын болдырмауды қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егер де мемлекет бюджеттің кірісімен шығысын теңестіруге қолы жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді.
Алтыншыдан, өндірушілердің өнім өндірудегі және оны сатудағы монополиясына жол бермеу. Нарықты экономиканы бәсеке күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекені, /латын сөзі – конкурро – бәсекелесу/ нарықтың тең құқылы субъектілерінің арасында тауарларды барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеліп соқтырады, яғни нарықта кейбір кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің өздерінің қойған шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субъектілері неғұрлым көп болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Батыс елдері мамандарының бағалауынша бір тауар түрінің сатушыларының саны 4-5-тен, ал барынша тиімдірегі 8-15- тен кем болмауы керек. Егер 4 фирма белгілі бір тауар түрінің 80 пайызын өндіретін болса, онда нарық монополияландырылған деп есептеледі. /Нарықты экономика және оған көшу жолдры- Орал, 1992, 5 бет./.
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады: а/ таза бәсеке; ә/ монополиялық бәсеке; б/ олигополиялық бәсеке; в/ таза монополия. Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке / ол нарықтық бағаға қарсыластардың ешқайсысы да әсер ете алмайтын жағдайда болады/ және жетілмеген бәсеке / ол егер белгілі
бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады/ деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
- Таза бәсеке нарығын бір – біріне ұқсас тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олардың бірде – біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті тауарларды нарықтық бағамен еркін сатып ала алатын болғандықтан, сатушылар бағаны нарықтық бағадан жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай оңай болса, оны тастап кетуде сондай оңай. Мысалы, АҚШ – тағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы дәлел бола алады.
- Монополистік \грекше «монос» - жалғыз, «полсо» - сатамын\ бәсеке нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар бір – бірімен сапасы, қасиеттері сыртқы безендірілуі, сонымен бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Сатып алушылар осындай ерекшеліктерді ескере отырып, ондай тауарлар үшін нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай нарыққа киімдер нарығы, аяқ – киімдер нарығы, бөшек сауда саласы жақын тұрады.
- Олигополияық \грекше «олигос» - көп емес, «полео» - сатамын\ нарықты баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі – оның қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді тиімді нәтижесіне қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады немесе дифференцияланады.
- Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей – ақ монополиялық жоғары пайда табады. Монополиялық үстемдік ақша – қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жағдайын мейлінше шиеленістіреді. Көп жағдайда монополист кәсіорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашарлауына, сөйтіп тікелей зат айырбасының өріс алуына әкеліп соқтырады.
Монополизммен күресу үшін бір – бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою; заң жүзінде монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жәйт – монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналмауы керек. Себебі, дамыған нарық қатынастары жоқ кезде монополизмге қарсы күрес әкімшілдік - әміршілдік жүйенің сақталуына және күшеюіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай нарықты экономиканы дамыту мүмкін емес.
Шаруашылық субъектілерінің нарық туралы нақтылы мәліметі, олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да нарықты экономиканың пайда болу шарттарына жатады.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан – алуан элементтерден тұрады. Оның құрылымын әр – түрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.
Территориялық белгілеріне қарай нарық мынандай түрлерге бөлінеді; дүниежүзілік нарық, еларалық бірлестіктер нарығы, ұлттық нарық, аймақтық нарық және оқшауланған немесе жергілікті нарық.
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіл әлемдік шаруашылықтық құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық – несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланыста болады. Қазіргі кезеңде нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда, соның ішінде әсіресе Шығыс Еуропа және Еуропалық экономикалық қоғамдастық, қазірде тәуелсіздік алған егеменді мемлекеттер арасындағы нарық қатынастары. Осының нәтижесінде шын мәніндегі бүкіл дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп, экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқан, бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық
бір елдің мемлекеттік
Аймақтық нарық – бұл бөлек территориялық бөлімше нарығы \республика, облыс, аудан\.
Жергілікті оқшауланған нарық – кейбір елді пункттердің жиынтығы болып табылатын нарық. «Жергілікті оқшауланған» нарық деп негізінен, халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.

- Нарықтық жағдайындағы қаржы механизмі
- Нарықтық экономика
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы
- Нарық құрылымы
- Нарық: мәні, құрылымы, кеңестік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі
- Нарық механизмдері
- Нарық механизмі
- Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегi баға қалыптастыру саясаты
- Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы