Нарықтық экономика
Кіріспе
І. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері,жүйесі мен көрсеткіштері.
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
Қаржылық жоспарлау мен
болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы
жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды
элементтерінің бірі және әлеуметтік
экономикалық жоспарлаудың құрамды
бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді
және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас
ұлттық шаруашылық кешенінің барлық
буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық
өндіріс өсуінің жоғарғы
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау.
- экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
- қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
- тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Қаржылық болжау мемлекеттің
мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын
ала көре білу, қаржы жоспарларының
көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар
орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді
(жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық
болжау қаржы жоспарларын жасау
стадияларынан бұрын болады, қоғам
дамуының белгілі бір кезеңіне арналған
қаржы саясатның тұжырымын
Қаржылық болжау әр түрлі
әдістерді қолдануды қажет
- экономикалық процестерді
анықтайтын факторларға қарай
қаржы жоспарлары
- корреляциялық регрессиялық талдау;
- тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық
жүйесінде сонымен бірге
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасады.
Индикативтік жоспарлаудың
қазіргі кезеңдегі басты
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы
Әлеуметтік экономикалық
болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау
белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың
әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың
қауырттылығының дәрежесі тексеріледі,
өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту
бойынша өндірістік қуаттылықтарды
неғұрлым толық пайдалану есебінен,
шығындарды төмендету және өнімсіз
шығасыларды қарастыру
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:
Орталықтандарылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларының жасағанда екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдардың нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары
бюджеттерінің олардың
Бірлік қағидаты қаржылық
жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы
мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде
экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары
мен болжамдарының
Жоспарлаудың үздіксіздік
қағидаты перспективалық және жылдық
қаржы жоспарларының тығыз
- жоспарлау өзіне мақсаттар
мен міндеттерді
- бағдарламалау деп мақсаттарға
жету үшін пацдаланылатын
- бюджет жасау жалпы
көпжылдық бағдарламаларды
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
- Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :
- мүмкін болатын ішкі
шаруашылық резервтер
- материалдық және ақша
ресурстарын пайдалануға теріс
әсер етеді, өйткені
- Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
- Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.
- Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
- Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап
беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру
оның негізгі қағидаттарын саналы есепке
алуды қажет етеді. Отандық экономикалық
әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын
анықтауда әр түрлі көзқарас бар.
Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының
негізгі ережелері ретінде
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында
аумақтық және предметтік мақсатты қағидаттар
кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық
қаржылық жоспарлау әміршіл аумақтық
бөліністердің қаржы
Қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.
Екінші кезеңде әлеуметтік
және экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының
Үшінші кезеңде сметедағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
1.2.Қаржылық жоспарлаудың жүйесі.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан
жиынтық жоспарлар болып
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстын есеп қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.
Жиынтық қаржы балансы
сөйтіп ұлттық шаруашылықтын қаржы
ресурстарын сипаттайтын
Дүние жүзінің барлық елдерінде
оперативтік қаржы жоспары
Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдары мен жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып оларды үлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функциялары оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Бюджет баланс нысанында
жасалады, онда ағымдағы кезеңде арналған
елдің, оның аумақтарының экономикалық
және әлеуметтік бағдарламаларына сәйкес
бүкіл кірістері мен шығыстары
жоспарланады. Сонымен бірге түсім
көздерінің толық жиналуына бюджет
қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және
бюджеттің тапшылықсыз
Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы балансының бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдерінің нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.
Шаруашылық жүргізудің социалистік
жүйесі мен қаржы жүйесі барлық буындарын
мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында
мемлекеттік сақтандырудың
Кей жылдары бүкіл ұлттық
шаруашылықтың, жеке республикалардың
жиынтық қаржы жоспарлары да жасалады.
Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік
сақтандырудың қаражаттарының басқа
мемлекеттік кәсіпорындардың
Дамыған нарықтық экономикасы
бар елдерде бюджеттен басқа
жалпы мемлекеттік
Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлыры болып ажыратылады.
Салалық (ведомтволық) қаржы
жоспарларының жүйесі материалдық
өндіріс салалары министрліктерінің
(ведомстволарының) кірістері мен
шығыстарының балансын, өндірістік емес
салалар министрліктерінің
Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және тағы басқа жоспарлары жатады.
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомстволар қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді. Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.
Шаруашылық баланстар
мен экономика теңдестігінің
бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық
органдарының іс-әрекет ету факторларының
екі ұштылығына байланысты бес жылдық
және перспективалық жоспарлау нарыққа
өтпелі кезеңде қатаң шектелінген.
Арналымына байланысты бес жылға
жиынтық қаржы балансы, бірқатар
басқа жиынтық жоспарлар
Бастапқы қаржы жоспарларының
саны жиынтық қаржы жоспарларына
қарағанда едәуір көп және нысаны
мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып
жатқан, өзінң қызметі, ұйымдастыру
типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы
әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
ведомстволардың қаржы
Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгарлік, кооперативтік кәсіорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншік фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.

- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарық: мәні, құрылымы, кеңестік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі
- Нарық механизмдері
- Нарық механизмі
- Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегi баға қалыптастыру саясаты
- Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы
- Нарық туралы жалпы түсінік
- Нарықтық жағдайындағы қаржы механизмі