Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мазмұны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Есеп және аудит кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің мәні мен маңызы
Пәні: Аудит
Студент:
Аты-жөні: Смыкова М.
Сырттай оқу бөлімі
ІІІ курс
ФУЧ 9-5С тобы
Жетекші:
Аты-жөні: _______________
Баға «_________»
«____»_________2011ж.
Семей қаласы 2011 жыл
Мазмұны
Кіріспе
1. Аудит және оның түрлері.......................
1.1. Аудиттің мәні мен мақсаттары....................
1.2. Аудит теориясының негізгі элементтерінің ерекшелігі....................
1.3. Аудиттің көптеген түрлері мен нұсқаларын жіктеу........................
2. Нарықтық экономика жағдайындағы аудит.........................
2.1. Нарықтық экономика жағдайында есептік-талдамалық ғылымының
мәні..........................
2.2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі аудиттің дамуының
және ұйымдастыру ерекшелігі....................
2.3. Іскерлік ақпарат көздерін жіктеудің негізгі белгілері.....................
3. Аудиротлық ұйымдардың халықаралық тәжірибелері..................
3.1. Аудиторлық қызметті ұйымның халықаралық тәжірибелері..................
3.2. Аудиторлық фирмалардың консалтингтік қызметі.......................
Қорытынды
Пайдалған әдебиет тізімі
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорыннан өндіріс тиімділін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді
Қ.Р.Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік ертең және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Экономикалық ақпараттың көптеген зерттеу әдістерімен кешенді аудит пен талдауды дүргізу негізінде қаралатын объектінің жағдайын шындыққа жанасымды әрі объективті тұрғыдан бағалауға болады.
Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді.
1. Аудит және оның түрлері.
1.1. Аудиттің мәні мен мақсаттары
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит - бұл экономикалық іс-эрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
1) Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2) Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3) Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4) Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
5) Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
6) Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты - кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты - кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшіліктік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамслар 310 «Бизнесті білу» атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда қолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудитінің озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық : кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен және типтерін ғылыми жіктеу, аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;
2) Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау, бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті (потенциалды) пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;
3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпаратық базалардың мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:
- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық әдістерін анықтау;
- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
- бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;
- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;
- бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭВМ-ді және экономикалық-математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді терендетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.
1.2. Аудит теориясының негізгі элементтерінің ерекшелігі.
Аудит теориясының негізгі элементтерінің ерекшелігі. Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.
Аудит компоненттері. Бірінші компонент – бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.
Екінші компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.
Үшінші компонент - бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің (мінез-құлықтың) белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу керек.
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер (өлшемдер) алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қабылданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.
Аудиттің алтыншы компоненті - аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.
Аудит принциптері. Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық, нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және т.б.
Аудит концепциялары. Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Негізгі бес тұжырымдаманы қарастырайық.
1. Мінез-құлық (тәртіп) этикасы жалпыға бірдей этика нормаларын белгілеп қана қоймай, аудитор тәртібінің арнайы ережесін де белгілейді (мысалы, Кәсіби бухгалтерлер (аудиторлар) этикасының халықаралық кодексі).
2. Тәуелсіздік ең алдымен пікірдің объективтілігін және шынайы болуын қамтамасыз етеді. Әрбір аудитор өз пікірін дербес қалыптастыруы керек және оған ешқандай сыртқы факторлар (қысым, күш көрсету) әсер етпеуі қажет.
3. Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.
4. Дәлелділігі. Аудиторлар қисынға негізделген шешім қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде құзырлы мағлұматтар мөлшерін жинап бағалау керек.
5. Ұсынудың дәлдігі. Ақпаратты ашу мен ұсыну бара-барлығы әдетте бір мәнді ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабыданған аудиторлық стандарттарға қызмет етеді.
Аудиттің жалпы постулаттары. Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат-бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Әр түрлі ғалымдар мен маман-практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделеген постулаттар болып мыналар саналады:
1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.
2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.
3. Верификацияның (қайда да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі.
4. Есептеме дұрыс жасалмаған.
5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді.
6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.
7. Аудитордың пікірін оның мүдделеріне тәуелді.
8. Есеп беру мәліметтерінің объективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорционалды.
9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болады.
10. Аудитордың әрдайым пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады.
11. Бұрынғы (алдыңғы) ақпараттың құндылығы.
12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.
1.3. Аудиттің көптеген түрлері мен нұсқаларын жіктеу.
Аудиторлық кеңес беру қызметінің әлемдік нарығы үлкен өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Көптеген елдерде «Үлкен төрттік» қызметінің ауқымы кеңейгеніне және «күштеуіне» наразылық аңғарылады. Батыстық іскер топтарының пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін шоғырландыру, олардың одан ары біріктіру немесе бөлу арқылы аудиторлық қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен. Аудит саласындағы оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы аудиттің, сәйкестікке орай аудит пен қаржылық есеп берулер аудиті көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.
Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:
а) аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
ә) ұқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші (мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;
б) қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
в) толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды, жеке), функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
г) әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетоводческий), тестілік, объекті және циклдік бойынша;
ғ) жүргізу кезендерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перманентті (ағымдық), ретроспективтік (тізбекті) және стратегиялық (перспективалық, яғни келешегі бар);
д) қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;
е) қатысушылар санымен, процестермен және техникалық құралдарды қолданумен: бір мазмұнды, көп мазмұнды, дәстүрлі, компьютерлік, жеке және комиссиялық;
ж) аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;
з) тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингтік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер.
Аудиторлық қызметтің ең озық түрлерінің біріне операциондық аудит жатады. Мұндай аудит кәсіби қызмет көрсетудің ең күрделі түрлерінің бірі әрі ұйымдастырылуы мен әдістерінде, кезендерінде оның өзіндік ерекшелігі болады.
Операциондық аудитті жүргізудің тәртіптерін ашып көрсету оның түрлері мен нұсқаларын жіктеуге ықпал етеді, экономикалық әдебиеттерде операциондық аудиттің оннан көп түрі бөліп көрсетілген: функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, технологиялық, жүйелі, кешенді, тақырыптық, локальді, процестік, ресурстік, аймақтық, сыртқы экономикалық және т.б.
Операциондық аудиттің ұйымдастыру барысында еңбекте аталып кеткен үш фазаның орнына оның бес негізгі кезеңдерін бөліп қолдану мақсатқа лайықты болады. Олар:
1) жоспарлау
2) мәліметтерді алу
3) фактілерді талдау және бағалау
4) ұсыныстарды әзірлеп, негіздеу
5) есеп беруді жасау.
«Фактілерді талдау және бағалау», «Ұсыныстарды әзірлеу» фазаларының дербестігінің ерекше мәні бар әрі операциондық аудиттің міндеттерін шешуін және мақсаттарына жетуіне ықпалдарын тигізеді.
Бұл арада операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудиттің арасындағы мынадай өзіндік ерекшелігі бар айырмашылықты ескеру керек:
1) операциондық аудиттегі тексерулердің шектен тыс көп қырлы болуы нақты мақсаттарды, бағалау өлшемдерін және оны жүргізудің процедураларын анықтауда жиі қиындықтар тудырады
2) операциондық тексерулердің ауқымы зерттеу нәтижелерінің анық болмауынан және алға қойылған мақсаттар мен объектілердің жағдайларына қарай бірден күрт өзгеруі ықтимал
3) операциондық аудиттің жүзеге асыру ісін атқара алатын персоналды дұрыс таңдап алу өте қиын, өйткені оның зерттеу объектілері әр қилы болады. Нақтырақ айтқанда бизнес және басқа қызмет түрлерінің аспектілері мен слаларының әр түрі болуы және т.б.
4) операциондық аудит барысында көптеген жағдайларда әкімшілікпен, кәсіпорын қызметкерімен, осы іске қатысуға шақырылған сарапшылармен және басқа да мүдделілік танытқан тараптармен өзара әрекетті мұқият үйлестіру қажет екені дәлелденген
5) операциондық аудиттің процедуралары, әдістері мен бағалау өлшемдері жалпы аудитте, қаржылық есептеме аудитінде және аудиторлық бақылаудың басқа түрлерінде қолданылып жүгендерден мүлдем өзгеше болуы жиі кездесетін жағдаят.
Қаржылық аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) ішкі бақылаудың тиімдігі, есептемелер мен бухгалтерлік есептің жағдайлары туралы қажетті, ақпараттарды алуды
2) орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткікізу уақытын, мазмұнын анықтауды.
Қаржылық аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарларын жасау және аудиторлық бағдарламаларды әзірлеу кіреді.
2. Нарықтық экономика жағдайындағы аудит.
2.1. Нарықтық экономика жағдайында есептік-талдамалық ғылымының мәні.
Қалыптасқан нарықтық тетік бизнестің жағдайы туралы мәліметтерді алу мен өңдеуді ұйымдастырудың қажеттілігін тудырады. Экономикалық ғылым мен оның мазмұны осы заман жіктеліміне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ақпараттық, есептік-талдамалық және бақылаушылық басқару міндетті істері бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудит үшеуінің аралас ғылыми пәндер түріндегі бірыңғай болокта беріледі.
Бизнесті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстарының қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет.
Экономикалық ақпараттың көптеген зерттеу әдістерімен кешенді аудит пен талдауды дүргізу негізінде қаралатын объектінің жағдайын шындыққа жанасымды әрі объективті тұрғыдан бағалауға болады.
Тек қаржылық есеп берушілердің мәліметтеріне ғана негізделетін шаруашылық қызметтердің қаржылық талдауы сыртқы талдаудың сипатына, яғни мүдделік танытатын контрагенттердің, меншік иеленушілердің және мемелекеттік органдардың кәсіпорыннан тысқары жүргізетін талдау сипатына ие.
Шаруашылық ішіндегі кешендік аудит бастапқ құжаттардың ақпарт көздері, бухгалтерлік тіркелімдер мен есеп, техникалық дайындық мәліметтері, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін тексеру, нормалау мен жоспарлау ретінде пайдаланылады. Мұндай қаржылық бақылаудың негізгі мазмұны бизнесті басқару жағдайының аудиторлық тексеруін тереңдете түсетін басқа да аспектілермен толықтырылуы ықтимал. Қаржылық талдау, маркетингтік, өндірістік, жабдықтаушылық, қаржылық-инвестициялық циклдерді тексеру және басқа да кәсіпорын қызметі түрлерінің қалыптасқан өзара байланыстарын толығырақ зерттеу операциондық аудитті өткізудің міндетті сатылары болып табылады.
Кешендік аудит жүйесінде кәсіпорын ішіндегі процестер, циклдер және кезеңдер бойынша ресурстардың қалай қозғалатынын ең толық бейнелейтін өндірістік есептің мәліметтерін келтіру арқылы қаржылық тексеруді тереңдетуге мүмкіндік береді. Мұндай барлық есептің ақпарат түрлерін, оның ішінде статистикалық, оперативтік-техникалық, бухгалтерлік, өндірістің техникалық дайындығы туралы мәліметтерді, нормативті, жоспарлы және басқа да ақпараттарды қамтиды. Кешендік аудиттің негізгі мазмұны бизнесті басқару ісін оңтайландыруда мәні бар әр түрлі зерттеулермен толықтырылуы мүмкін. Мәселен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануы мен табыс айналымы шығындардың өзара байланысын тексеруді айтуға болады.
Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне де, сонымен қатар сыртқы жағдайларға да, оның ішіндегі маңыздыларын болып табылатын нарықтық конъюктурасына инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.
2.2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі аудиттің дамуының және ұйымдастыру ерекшелігі.
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның "audio" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" едп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе-жүз ұялады",-деген ұлы сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған "сенемін"-деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.

- Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы
- Нарықтық экономика жағдайындағы мотивация теориясының даму ерекшеліктері
- Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
- Нарықтық экономика жағдайында персоналдың еңбекақысын ұйымдастырудың теориялық негіздері
- Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын
- Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін
- Нарықтық экономика және өндірісті басқару
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
- Нарықтық экономикада дағдарыстың пайда болуы