Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 
І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА Аудиттің теориялық негіздері  
1.1. Аудиттің мәні және маңызы  
1.2. Аудиттің мақсаттары мен міндеттері  
1.3. Аудиттің сатылары және негізгі функциялары

 
ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА  ЖАҒДАЙЫНДА Аудиттің түрлері  
2.1. Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу  
2.2. Ішкі аудит, оның мақсаттары, міндеттері және атқаратын қызметі. 
2.3. Операциялық аудит, оның түрлері

 

Қорытынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Сапаны қамтамасыз ету  процедуралары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында немесе ішкі стандарттарында жазылуға тиісті. Әдетте, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес сапаға тексеру жүргізу барысында тексеруге тек сол ішкі реттеуші құжаттар алынады. Әрбір аудиторлық фирмада тиісті процедураларға қойылатын талаптар жазылған құжат немесе қорытынды құжатта бір бөлім не болмаса бирнеше тиісті құжаттар болуға тиісті. Кейбір аудиторлар бұған қарсы. Олардың ойынша, ереже-нұсқаулар жақсы болуы мүмкін, бірақ сол ережелердің қаталдығы көбінесе олардың орындалуының міндетті еместігімен теңгеріледі. Бірақ бұл тәжірибелі тексерушіге қандай-да бір ереже нұсқаулардың практикада қолданылатын, қолданылмайтындығын анықтау қиындық тұғызбайды. Ол үшін қажетті процедуралар көрсетілуге тиісті аудиторлық файлдар болады немесе аудитте кеңінен танымал сұрақ беру, не болмаса бақылау жасау процедураларын қолдануға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты  – аудит жүргізу кезіндегі  жұмыс сапасын бақылау туралы теориялық тұрғыдан ашып, талдау. Курстық  жұмыс екі бөлімнен, әр бөлімі үш пунктен тұрады. Бірінші бөлімде аудиторлық қызметтің сапасын бақылау кіріспе ретінде қарастырылған. Екінші бөлімде аудиторлық қызметтің жұмыс құжаттары жайлы жазылған.

Фирмаішілік ереже-нұсқаулар  мен стандарттардың көлемінің аудиторлық фирманың көлеміне қалай байланысты болатындығы жөнінде көптеген сұрақтар туындайды. Халықаралық аудит стандарттарында сапаға бақылау жасау жүйесінің күрделілігі аудиторлық ұйымның көлеміне, оның даму бағытына, ұйымдық құрылымына және т.б. байланысты болатындығы ескертілген. Әдетте, жалпы стандарттарды да ішкі құжаттарды да кеңінен қолданатын ірі аудиторлық фирмаларда ішкі ереже-нұсқаулардың ең төменгі саны қанша болуға тиісті екендігі жөнінде мәселе қойылмайды. Бұл фирмалардың басшылары, әдетте, өз жұмысының сенімді болуына мүдделі болғандықтан, бәрінен бұрын ішкі бюрократиялық процедуралар жайында қайта сақтандыру жасауға бейім. Өз кезегінде кішігірім аудиторлық фирмалар мен аудиторлар, өздерінің атқаратын қызметтерінің көлеміне байланысты, аудит сапасын бақылаудың күрделі жүйесінің керек еместігі туралы көзқарастарын жиі қорғайды.

Егер тексеруге жұмыскерлерінің  саны 10 адамнан аспайтын және қызметінің көлемі шектеулі кіші кәсіпорын тартылатын болса, онда ішкі ереже-нұсқаулар мен  меншікті бақылау құралдарының шектеулі саны пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге, аудит өткізу барысында клиенттен клиентке дейін тұрақты болуға тиісті аудиторлық файлды, аудиттің жоспарын, маңыздылық деңгейін анықтау тәртібін дайындау талап етіледі. Аудиторлық процедураларды типтік бағдарлама бойынша жүргізген дұрыс. Аудит нәтижелері жөніндегі жазбаша ақпараттар бірегей нысандар бойынша рәсімделуге тиісті. Жоғарыда аталған мәселелердің әрқайсысы жинақтаушы немесе ішкі дербес құжаттардың біреуінде бейнеелеуге тиісті.

Өз клиенттеріне аудиторлық қорытынды бермейтін, яғни, жалғаспалы қызмет көрсетумен, мысалы кеңес берумен, айналысатын аудиторлық фирмалар үшін де сапаға бақылау жасаудың тармақталған процедуралары керек болмауы мүмкін. Көп санды ірі клиенттерге тұрақты түрде аудиторлық қорытынды дайындап беретін аудиторлық фирмаларда тиісті ереже-нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар, ішкі стандарттар түрінде жасалынған ережелер мен сапаға фирмаішілік бақылау жасау процедуралары болуға тиісті.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:

Біріншіден,  қаржылық  есеп-қисаптардың жаппай  қол жетерлігі  үшінші  тұлғалардың (соның  ішінде  несиегерлердің,  жеткізушілердің, жұмыскерлердің  жəне  т.б.)  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  етеді,  өйткені  бұл кəсіпорындар  мен  үшінші  тұлғалардың  арасында  ақпарат  бөлудегі  теңсіздікті қысқартады.

Екіншіден,  бұл  қоғамды  ықтимал  негативті  экономикалық  салдардан қорғауға  көмектеседі;  ол  мысалы,  экономикалық  маңызды  компаниялар жағдайында, егер олардың қызметі жəне/немесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік əсерін  тигізуі  мүмкін  болса,  маңызды  бола  алады.

Еліміз егемендік алып, өз алдына ел болғанына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдардың  аралығында елімізде бухгалтерлік есеп саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды десек артық  айтқандық емес. Бұған дәлел 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Респупликасының президенті Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлыққа қол қойған болатын болса, 2002-жылы 24-маусымда бұл “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”   деп аталатын заң болып қайта қабылданды. Ал 2007 жылыдың  28-ақпанында Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  деп аталатын №234 III заңы күшіне енді. Еліміздегі ірі кәсіпорындар өз қаржылық есептілігін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сай жасауға көшті [1].

Курстық жұмыстың негізгі  міндеті – аудитор  растаған  қаржылық  есеп-қисаптар  жалпыға  қол  жетерлік  болуға  тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде  оларға  ескерімдерге  жаппай  қол  жетерлікке  талаптың  бірнеше  себепке байланысты  үлкен маңызын қарастыру.

Қазіргі кезде бақылау  жасау функциясы не құқығы бар  мемлекеттік органдар не болмаса  аудиттелетін субъект аудиторлық тексерулердің  сапасыз өткізілгендігі туралы мәлімдеме  жасаған жағдайда ана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда бақылаушы органның міндетті қызметін ҚР аудиторлар Палатасы жанындағы кәсіби этикалық кеңес атқарады. Анықталған салақтықтар мен бұзушылықтардың кейбір бөлігі байқалмай қалып қалуы мүмкін:

-  жүргізілетін тексерулердің мақсаты мен міндеттерін клиенттің толық түсінбеуі;

-  өткізілген аудиттің сапасына бақылау жасаудың дәл анықталған процедураларының жоқ болуы.

Аудиторлық қызмет жүйесінің  ажырамас бөлігі ретіндегі бақылау  жасау механизімі жүйе нақты жаңылыс  тапқан кезде жұмыс істей бастамай, тұрақты негізде жұмыс істеуге тиісті.

Бұдан туындайтын сұрақ: мұндай бақылауды кім жүзеге асырады  – мемлекеттік органдар ма, әлде тек аудиторлардың қоғамдық ұйымдары ма? Екі нұсқаның әрқайсысының өздерінің  жақсы жағы да кемшіліктері де бар. Бір жағынан мемлекеттік органдардың жұмыскерлері сапаны тексеру барысында мемлекеттің мүддесін қорғай отырып, қандай-да бір аудиторлықбірлестіктің абыройын қорғауға мүдделі болмайды деп күтуге болады. Басқа жағынан қарағанда, бүгінгі таңда мемлекеттік бақылау-ревизиялық органдардың жұмыскерлерінің біліктілік деңгейі оларға аудит әдістемесінің бүге-шігесіне дейін талдап қарауға әрдайым мүмкіндік жасай бермейді. Ондай мемлекеттік тексерушілердің штатын өсіру үшін елеулі қаражат бөлуге мемлекеттің жағдайы келмейді. Кейбір аудиторларда, тексерушілер жұмыс процессі кезінде алған құпия ақпараттар аудитор клиенттеріне зиян келтіре отырып, пйдаланылуы мүмкін деген қорқыныш туындайды. Мысалы, табылған қателіктер туралы мәліметтер салықтық бақылау органдарына хабарлануы мүмкін.

Аудиторлық фирма аудиторлық процедуралардың мазмұны, мерзімі  және көлемі үшін жауап беруге тиісті. Олардың сапасына бақылау жасау  аудиторлық фирма қызметінің сипаты, тексеруді ұйымдастыру деңгейі  және табыстар мен шығыстар бойынша  тиісті жағдайлар сияқты факторларға байланысты.

Аудиторлық қызметтің  мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу  құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі  қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін  бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА Аудиттің теориялық негіздері

 
1.1. Аудиттің мәні және маңызы  

Нарықтық экономика  жағдайында аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық  қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша  қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы  қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Жеке және ұжымдық  меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен  қатар кредиторлар өз қызметтерінің  саласында барлық  көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне  өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз  аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық  тексерулер өздерін қызықтыратын  қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың  мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

Аудиттің маңызы тиісті  жақтардың  мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

- экономикалық субьектілердің

- салық қызметі тулғасындағы  мемлекеттің

- қаржылық есеп беруді  әр түрлі пайдаланушыларды

- аудиторлардың меншік  иесі мен мемлекеттің мүдделерін  қорғау, сонымен бірге есеп және  қорытынды есеп беруді қамтамасыз  ету мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті  қаржылық  ақпарат қажет.

Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы  есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш  тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

Нарықтық экономика  жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу  [5].

Бизнестің кәсіби аудит  мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

- бизнесті басқарумен  байланысты шаруашылық операциялары  мен үдерістірінің аудитін жүргізу  үшін алға қойылған мақсаттарға  қол жеткізу;

- шаруашылық қызмет  нәтижелерін бақылаудың, талдаудың  және есептеудің озық әдістерін  анықтау;

- қаржылық-экономикалық  талдау мен аудиттің озық түрлерін  қолданатын салаларды ұлғайту  әрі оған енгізу;

- бақылаушы-талдамалық  жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

- бизнестің кәсіби  аудитін жүргізудің техникасы  мен технологиясын, ұйымдық құрылымын  жетілдіру;

- бастапқы мәліметтерді  алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және  экономикалық- математикалық әдістерді  қолдану, шаруашылық  жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

 

 

 

 

 

1.2. Аудиттің мақсаттары  мен міндеттері 

 

Негізгі есеп тұжырымдамасы  бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істейметін маманданған  тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге  тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Аудиттің мақсаты – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Қаржылық есеп беру аудитінің  мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық  жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерімен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне  кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің  жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне  барлық шаруашылық қызметтері кіретін  болса, онда мақсат – осы қызметтің  тиімділігін бағалау, шығынды барынша  кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік  қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің  коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит  мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты  міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшклеп мыналарды  бөліп көрсету керек:

  • кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
  • шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;
  • кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
  • кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;
  • заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шыныйы мазмұнына шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
  • кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
  • клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және сараптамалық, талдамалық, кеңес берушілік және өндірістік функциялары бар.

Бақылаушылық және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру  мен бағалау.

 Талдамалық функциясы  – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру, әр түрлі көрсеткіштерді есептеу, ұсынысты жасау.

Кеңес берушілік функциясы  – есеп, менеджмент, салық салу, маркетинг, құқық, қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.

Өндірістік функциясы  – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны және есеп берулерді жасау.

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Аудиттің сатылары  және негізгі функциялары 

 

Аудитті жоспарлау сатысы.  Жоспарлау -  аудит жүргізуді мейлінше  парасатты атқаруға  мүмкіндік  беретін шара және сондай-ақ тәуелділікті төмендетеьін маңызды жағдайлардың айқындалмауы. Жоспарлау -  аудиторлық іс-шаралар тізімінің жай ғана  механикалық құрастырылымы емес,  кез келген тексеріс жүргізу шараларында қайталынып келіп отырады. Әрбір клиент жеке жоспарлау кезінде ескеру қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексеріс  жасаймын деп отырған  ұйымның қызметімен танысудан бастау керек. Ол үшін оны  ұйымдастыру құжаттарын зерттеу, қызмет түрі  мен оған деген лицензиясы, есеп саясаты және т.б.  Басқарушылар мен үйым мамандарымен  ынтымақтасу кезінде қаржылық есептілік  көрсеткіштерін анықтау керек, клиент қызметінің ауқымын байқау үшін қажет. Тек қана  қайта зерттеу нәтижесінде ұйымның алдағы уақыт жұмыстарының үлгілі көлемі  мен  еңбек сыйымдылығын анықтауға болады, сонымен қатар аудит ұзақтығын. Сәйкесінше жұмыс көлемі, оның қиыншылықтары мен  ұзақтығынан аудит  жүргізу құны анықталады.

Жоспарлау шараларын  сатылар бойынша көрсетуге болады;

 

Алдын – ала жоспарлау 


     

Клиент туралы жалпы  мәліметтер жинау 


 

Аудиторлық тәуекелділіг мен  маңыздылығын бағалау


 

Ішкі бақылау жұмысын  бағалау


 

Аудиттің жалпы жоспары  мен бағдарламасын құру


 

2 –сурет. Аудиторлық  тексеруді жоспарлау сатылары.

Алдын ала жоспарлау. Алдын ала жоспарлау сатысы келесі аудиторлық қызмет жағдайларынан тұрады:

-клиентті таңдау және аудит атқарғаны туралы шешім қабылдау;

-аудит жүргізу үшін персонал таңдау;

-жұмыс талаптарымен келісу;

-аудит жүргізуге клиенпен келісім- шарт жасау.

    •      Клиент және аудиторлық ұйым аудит жүргізуге байланысты келісім-шарт талаптарын біркелкі түсінуі қажет.Түсінбестілікті минимумға апару үшін, бұл талаптпарды келісім-шартта анықтап белгілеу керек. Міндетті хаттың құрамында міндеттер аудитті жоспарлау үшін маңызды, себебі ло тестер жүргізу және жалпы аудитті орындау мен басқа да қызмет көрсету мерзімінің шарттарын қвмтиды. Аудиторлық қызмет көрсету туралы келісім-шарт Қ.Р-ң Азаматтық Кодексінің 384 статьясына сәйкес қызмет көрсетуі қайтарымды келісім-шарт категориясына жатады.Келәсәм-шарт қорытындыланғаннан бастап күшке енеді және екі жақ үшін де міндетті болып табылады және белгіленген мерзіміне дейін әрекет етеді. Егер соңғысы көрсетілмесе, онда келісім-шарт сонда берілген уақытқа дейін әрекет етеді деп танылады.

            Аудиторлық тексеріс жүргізу  келісім-шартты ресми құжат болып  табылады. «Аудитор – клиент»  арасындаңы қарым-қатынасты регламентейтін және жай келәсәм-шарттардан айырмашылығы жоқ кәсіпкерлік қызметте пайдаланылады. Басқалар сияқты, бұл келісім-шартта заңды түрде қатаысушы жақтар қызығушылық келісімін көрсетеді және осы жағдайда тапсырыс беруші –клиент, атқарушы – аудиторлар. Дегенмен, кәсіпкерлікте пайдаланылатын маңызды келісім-шарттардың басқа келісім-шарттардан ерекшеленеді. Біріншіден, келісім-шарт жасаған кезде үшінші жақ (қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар ) қызығушылығы есептеледі. Себебі деректер бойынша аудитор сапасыз тексеріс жүргізу нәтижесінде болған залал үшін тек клиент алдында ғана емес ,сонымен қатар пайдаланушылар алдында жауапты болады. Келісім-шартқа қол қою алдында аудиторға қажетті түрде мүмкінділігінше клиенттің тілегін нақты анықтап алу керек және оның талабының дұрыс тұжырымдалуына көмек беру. Аудиторлық тексеріс жүргізуінің сапасы, аудиторлар мен клиент арасындағы қарым-қатынасы көбіне аудит жүргізу келісім-шартының нақты құрылуына байланысты болады. Аудитоплық ұйымның көбіне келісім-шарт жасаудың стандарттық түрін пайдаланады. Бірақ нақты кәсіпорында аудит жүргізу ерекшелігін ескерген жөн, себебі клиент көбіне толық мөлшерде оның мәні мен мазмұнын түсіне бермейді. Аудиторлық тексеріс жүргізу келісім-шарттында клиент тексеріс жүргізуге қажетті құжаттарды ұсыну мерзімін анықтаған жөн, себебі клиент аудитроды шақырып алады, бірақ бухгалтерлік есебі жиі дайын емес, бұл жұмысты өте қиындатады. Келісім-шартта тапсырысшы талабында аудиторлық ұйым алдын-ала төлеу сомасын көрсеткен дұрыс, аудит шаралары кезінде аудиторлық қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Клиент жағынан оған деген «қысымның» болуы және аудит үшін сыйақыны төлемей қою мүмкіндігін жояды. Әдетте аудиторлық ұйым талап ететін алдын-ала төлеу сомасы 50-ден – 100 ٪ дейін мөлшерді құрайды. Келісім –шартта тексеріс кезінде аудиторға тапсырысшының көмек көрсету  міндеттеме пунктін қарастырған жөн (яғни, түгендеу кезінде жәрдем беретін қызметкерді анықтап беру, мүмкін болған жағдайда аудиторлық командировкаға шығу үшін қамтамасыз ету және т.б.) Қызмет үшін төлеу Қ.Р-ң Азаматық Кодексінің 385 статьяға сәйкес, келісілген баға бойынша тапсырыс беруші көрсетілген қызмет үшін төлеу міндетті. Келісім-шарттың негізгі бөлімдері – бұл:

    • келісім-шарт заты;
    • қызмет көрсету мерзімі;
    • құқықтар;
    • міндеттемелер;
    • жақтар жауапкершілігі;
    • төлеу талаптары мен мөлшері;
    • басқа да талаптар.

Аудиторлық тәуекел  және маңыздылықты бағалау. Қаржылық есептілікті  тексеруді жоспарлау кезінде  аудитор алдағы аудиторлық жұмыстың сипатын және көлемін анықтайды. Клиент «тәуекелдірек» болған сайын жұмыс көлемі де сәйкесінше көбірек болатыны ескеру қажет. Сондықтан аудитор маңыздылық пен тәуекелділікті бағалауы қажет. Аудиторлық шаралар мен бұрмалауд салдарын бағалауды жоспарлау кезінде маңыздылық ескеріледі. Маңыздылық туралы алдын –ала пікірлескенде баланс бөлімшелері үшін маңызды болатын кіріс және шығыс туралы есептілік, ақша қозғалысы, меншікті капиталды пайдалануын толық бағалау жатажы. Қаржылық есептілік үшін маңыздысы туралы алдын-ала пікірлесу мақсатының бірі болып жалпы жалпы аудиторлық жоспарды анықтау кезінде аудитор көңілін қаржылық есептіліктің маңызды элеметтеріне аудару керек. Бірақ практикада бұндай пікірлер және негізгі көрсеткіштер бойынша біріккен қателер деңгейі болып, көлемі арнайы басқарушылармен қарастырылған ішкі ұйымдық стандарттарға сай жасалады. Тексеріс жоспарлай отырып, аудиторға маңыздылық деңгейін анықтау қажет, бұл есеп құжаттарындағы кез-келген қателер мен бұрмалауды табуға мүмкіндік береді. Аудиторлық тексерістің барлық сатыларында маңыздылықты бағалайды: жоспарлау, аудитті жүргізу, және аудиттің қорытындысын жалпылау. Жоспарлау кезінде аудитор алдын ала баланс бөлімшелері, кіріс және шығыс туралы есепте  жеке алғанда және толық қаржылық есептілік туралы пікір жасайды. Аудитор маңыздылықты бағалағанда белгіленген дәйектілікпен атқарса болады:

            Әр саладағы қателер саны аудит  жүргізу барысында бағаланады. Сондықтан  аудитор маңыздылық туралы жасаған  алдыңғы пікірін өзгертіп отырады.  Бағалауды қайта қарау негізінің  бірі болып өзгеріс немесе  аудитордың жасаған қорытындысы, яғни алдыңғы қабылдаған деңгейі һте жоғары немесе төмен. Маңызды жоспарлау кезінде төмен деңгейді белгілеу бұрмалау тәуекелділігін төмендету үшін және қажет болғанда маңыздылық деңгейін коррктілеу. Бұл есеп кезінде дәлелдемелерді алғаннан кейінгі соңғы күнде жасалады. Маңыздылықтың жоспарлы деңгейін анықтау арнайы Бұйрық негізі бойынша арнайы аудиторлық ұйыммен құрылған, маңыздылық деңгейін алдын-ала бағалау қаржылық есептілік көрсеткіштеріне сәйкесінше жасалады. Тәуекл әртүрлі формаларды қабылдайды және тәуекел сияқты көрінеді:

    • клиент тұрақсыз нарық жағдайында жұмыс істеп жете алмайды;
    • қаржылық есептілік басқару жүйесінің қателерінен бұрмалау немесе ішкі бақылау таппай, қате түзелмейді.

 

 

 

ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА Аудиттің түрлері

 
2.1. Аудиттің түрлері мен нұсқаларын  жіктеу

 

Аудиттің мазмұнын анықтамалар  арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі  түсінікті болған сияқты. Сонымен  қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен беруді ойластырдық .  
1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету.  
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек 
Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді. 
3. мемлеке, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тақанын, қанша салық төлейтінін анықтайды анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

Осы үшбұрыштың өзара  байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.

Бизнес аудитін жүргізу  үшін белгілі бір салалар мен  компаниялар іс — әрекетінің жағдайы  туралы шындыққа жанасымды ақпарат  алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет [4].

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы, белгілі бір салалар  мен шаруашылық жүргізуші субъектілер  іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар бойынша Бизнесті білу 310 Халықаралық аудит стандартында ашып көрсетілген. Осы арада бизнес аудитін озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы