Нарықты маркетингтік зерттеу
Мазмұны
Беттер
Кіріспе |
3 | |
1 |
Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері |
|
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні |
5 | |
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері |
7 | |
1.3 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен жіктелуі |
11 | |
2 |
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау |
|
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы |
13 | |
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында) |
14 | |
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу |
20 | |
3 |
Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары |
|
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар |
26 | |
Қорытынды |
28 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
30 | |
Кіріспе
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500млн АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрілік препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Републикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2011 жылы) 2009 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік препараттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру.
Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;
- дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;
- «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;
- дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;
- осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну. Медициналық жүйеге деген азаматтардың қарым-қатынасы қандай? Қазақстанда респонденттердің 52% емдеу мекемелерінің қызметі жайлы өткір сын айтқан жоқ. Басқа 40 % қанағаттанбаған және 8% мүлдем наразы.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат қызметінің мәліметтері бойынша республикалық бюджетте 2012 жылы денсаулық сақтау шығындарына 80 млрд астам теңге бөлінген. Негізгі акцент емханалардың материалдық – техникалық базасын жақсартуға, халықты профилактикалық медициналық тексеруге, азаматтарды дәрілермен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау объектілерін салу мен жаңғыртуға қойылған. Ұзақ уақыт бойы зауыт тек фармацевтикалық субстанцияларды шығаруға маманданған болатын. Бірақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елде өзіндік фармацевтикалық индустрияны дамыту қажеттілігі туындады. Әсіресе бұл дайын дәрілік препараттарды өндіруге қатысты болды. Осының салдарынан «Химфарм» АҚ (осылай 1993 жылы зауыттың аты өзгертілді) негізінде дайын дәрілік препараттарды шығару бойынша қазіргі заманғы ірі өндірісті құру бағдарламасы жасалып, сенімді түрде іске асырылды.
Қазіргі кезде зауыт SANTO сауда белгісімен аталатын дайын дәрілік препараттарды шығару үрдісін дамытуда және қазіргі заманғы құрал – жабдықтармен өндірілетін дәрілердің тізімін кеңейтуде.
Бұрын көптеген дәрілер дефицит болып, оларды сатып алу қиынға түсетін. Бірақ қазір нарықтық экономика жағдайында бұл мәселе шешілді. Респонденттердің 17% көзқарасы бойынша барлық маңызды препараттарды Қазақстанда сатып алуға мүмкіндік бар, басқа 45% маңызды дәрілердің басым көпшілігі бар дейді, және 38% маңызды препараттардың тек кейбіреулерін ғана қазақстандық халық сатып алуы мүмкін деп айтады. Қазіргі уақытта әрбір дәріхана дәрілік препараттар ассортиментінің кеңдігімен, қолайлы бағалармен, ішкі көрінісімен және қазіргі заманғы құрал - жабдықтармен мақтана алады. Яғни фармацевтикалық нарықта бәсекелестік орта қалыптасқан. Осы жағдайда дәріханалар нарықта белгілі бір орынды алу, тұтынушыларды тарту және табыстарды жоғарлату үшін бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың неғұрлым тиімді тәсілдерін ендіріп, пайдалану керек.
1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні
Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.
Маркетингтік зерттеулер – тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирманың маркетигтік әрекетінің маңызды түрі.Оны кәсіпорындар маманданған фирмаларға тапсырыс жасау арқылы өзінің маркетингтік бөлімдерінің көмегімен өткізеді [1, 117 б.].
Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.
Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.
Объект ретінде шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік белсенділігін көрсететін нарық, сонымен бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу қызметі саласындағы онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар болуы мүмкін.
Маркетингтік зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші рөл атқарады және шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады.
Маркетингтік зертеулерді жүргізуге қажеттілік мына жағдайларда болады, егер шаруашылық субъектісі:
- қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;
- бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;
- өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;
- инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса.
Сегментеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса. Тауарлар мен қызметтердің тұтынушылары ретінде адамдар және әртүрлі деңгейдегі және саладағы ұйымдар бола алады. Сайлаушылар, үй шаруашылықтары, кіші фирмалар мен ғаламдық компаниялар, елдер немесе ұлттар, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ біртұтас әлемдік қауымдастық – осылардың барлығы материалдық формадағы нақты тауарлар мен қызметтер тұтынушылары ретінде де қарастырылуы мүмкін.
Тұтынушылардың мінез-құлқы дегеніміз қызметтерді, идеяларды және тауарларды сатып алуға, тұтынуға және олардан құтылуға, сондай-ақ шешім процестеріне тікелей бағытталған іс-әрекет.
Тұтынушылардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) саласы білімнің салыстырмалы түрде жаңа саласы болып табылады. Бұл сала алғаш рет 1960-шы жылдары зерттеліне бастады. Алайда оның теориялық алғышарттары ерте қалыптасты. 19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басы мен соңында тұтынуда және жарнамаға психологиялық принциптерді пайдалану мүмкіндіктеріне зерттеулер жүргізілді.
Тұтынушылар мінез–құлқының мазмұндық негізін тұтынушылардың шешім қабылдау процесі және оны анықтайтын факторлар құрайды. Тұтынушылардың шешім қабылдау процесі және оны анықтайтын факторлар құрайды. Тұтынушылардың шешім процесі әдетте мына сатылардан тұрады: проблеманы сезіну, ақпараттық ізденіс, вариантты бағалау және таңдау, сатып алу, пайдалану (тұтыну) және бағалау (қанағаттанарлық сезімін сезіну). Сатып алушыға қатысты тұтынушылық мінез-құлық факторларын немесе сатып алу туралы шешімдерді шартты түрде сыртқы және ішкі деп бөледі [1, 126 б.].
Іскерлік ортаның тұрақсыз жағдайында нарықтағы ұйымның ұзақ мерзімді тұрақты болған кезде тұтынушылармен жұмыс істеудің стратегиялық тәсілді қолдануға итермелейді. Тұтынушылардың мінез–құлық стратегиясына тұтынушылардың реакциясы, қызмет, идея және тауар өндірушінің сәтсіздігін немесе мақсатқа жеткендігін анықтайды. Стратегиялық сараптау – бұл нарыққа әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды, яғни экономикалық, саяси, әлеуметтік, технологиялық факторларды зерттеу. Бұл сатыда ұйымның және оның бәсекелестерінің бар және әлуетті тұтынушылардың мықты және әлсіз жақтары анықталады. Алғашқы сатыдағы мәліметтердің негізінде қажеттіліктері ұқсас жеке тұлға топтары, үй шаруашылықтары немесе фирмалар анықталады. Осы шаруашылықтары немесе фирмалар анықталады. Осы нарықтық сегменттер кәсіпорын үшін елеулі параметрлер бойынша сипатталады: демография, өмірлік стиль, географиялық орны.Фирманың өткізу стратегиясы рентабельділікті сақтай отырып, бәсекелестерге қарағанда тұтұнушыға тұтынушылық құндылықты артық қамтамасыз ету. Нарыққа ұсынылып отырған тауардың бүкіл сипаттамаларының жиынтығы әдетте “тотальды өнім” деп атайды. Тотальды өнім мақсатты нарыққа ұсынылады. Өйткені осы нарық ақпаратты өңдеу және шешім қабылдау процесіне әрдайым пайдаланылады.
Өткізуді тиімді басқару үшін ең алдымен сатып алушыны білу қажет. Өндірістік белгілеудегі тауарларды сатып алушыларды білу бұл олардың ерекшеліктерін, сатып алу туралы шешімдерді қалай жүзеге асырылатыны жайлы мәліметтерге ие болу керек.
Сыртқы факторларға: мәдениет, демография, әлеуметтік статус, референтті топтар, отбасы.
Ішкі факторлар: қабылдау, білімі, эмоция, жеке даралық.
Ұымдық құрылымының 3-ші типі бірнеше кәсіпорыны бар корпорациялар үшін тән. Әсіресе, егер әр түрлі заводтар мен басқа еншілес кәсіпорындар өнеркәсіптің әртүрлі саласында қызмет етсе. Мұндай ұйымдық құрылым сатып алулар процесін оперативтік және әкімшілік фазаларға бөледі. Заводтар немесе еншілес кәсіпорындар деңгейінде материалдық-техникалық жабдықташы бөлімшелер, ал негізгі кеңсе де барлық бөлімшелерді қамтамасыз ететін орталық сатып алулар бөлімі құрылады. Негізгі кеңседегі сатып алулар жөніндегі қызметкерлер - әдетте, стаып алулар жайлы жоғарғы басшылыққа кеңес береді, корпорация деңгейінде сатып алуларға қатысты зерттеу жүргізеді, сатып алу саясатын басқа функциялармен байланыстырады, жабдықтаушылар үшін оқулар ұйымдастырады және төменгі деңгейдегі сатып алушы органдарға проблеманы шешуде көмек көрсетеді. Сонымен бірге, кей жағдайларда сатып алу орталықтың қызметкерлері негізгі шикізат тауарлары мен күрделі құрал-жабдықтармен корпорацияны қамтамасыз етуге жауапкершілікке ие болады.
Сатып алушылар түрлері:
- өзгеріссіз тұрақты сатып алушылар;
- өзгеріп тұратын тұрақты сатып алушылар;
- жаңа сатып алушылар;
- кешенді сатып алушылар.
1. Өзгеріссіз тұрақты сатып алушылар – сатып алушы ешқандай өзгерістер енгізбей, қайтып тапсырыс берген жағдайда орын алады. Мысалы: кеңсе тауарлары.
2. Өзгеріп тұратын тұрақты сатып алушылар – сатып алушы тапсырыс берген кезде тауардың техникалық сипаттамаларын, баға және жеткізудің шарттарын немесе жабдықтаушыны өзгерткен жағдайда орын алады. Мысалы: жаңа құрал-жабдықтарға немесе қосалқы өнімдерге.
3. Жаңа сатып алушылар әдетте – фирма алғашқы рет тауар мен қызметті сатып алу міндеттемесі тұрған жағдайда орын алады. Мысалы: жаңа зауытты салу.
4. Кешенді сатып алулар әдетте сатып алушы көптеген бөлек шешімдерді қабылдамай, өз проблемасын кешенді және бірден шешуге талпынған жағдайда орын алады. Мысалы: үкімет байланыс жүйесін сатып алған жағдайда.
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері
Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді:
- сандық әдістер депжабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сұрау жүргізуді айтады;
- сапалық әдіс ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, бейнежурналдар және әңгімелер қолдануға негізделген.
Бейнежурналдар – компания өкілдері тұтынушылардың бейнекүнделік жүргізуін өтінеді, онда олардың тауарды тұтынудағы тәжірибесі және алған әсері көрсетіледі.
Тереңдетілген сұхбат – бұл ойы мен жауаптарын өз еркінше білдіретін респондент пен жеке әңгімелесу. Стандартты емес жабық сауалнамалар кезінде респонденттер ашып айтпайтын мотивацияны зерттеуде пайдаланылады. Мұнда әңгіме құрастыру және сөйлемді аяқтау әдістері қолданылады.
Әнгіме құру – респонденттердің ой қиялына негізделген карикатуралар, суреттер, фотографиялардағы бейнелер негізінде әңгіме құрастыруға сүйенетін әдіс. Әңгімілір адамдарды тұтынушылық тәжірибесі туралы ой бөлісудегі ынталары.
Мақсаттарына сәйкес жүргізілетін зерттеулердің түрлері:
1. Барлау (іздеу) зерттеулері – мәселелер мен болжамдарды дәлірек анықтау үшін ақпаратты алдын ала алу мақсатында жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Бұл зерттеулер мәселені нақтылауға, идеялар ұсынуға және білімді көтеруге бағытталған. Мысалы,сату көлемінің төмендегі жарнамарың нашарлығына байланысты деген жорамал бар, бірақ барлау зерттеуінің нәтижесінде басты себеп өткізу жұйесінің олқылығында екендігі анықталған.
Барлау зерттеулері – жүргізудің негізгі жолдары бастапқы мәліметтерді қолдану, әдебиеттермен жұмыс істеу, сарапшылардан және фокус-топтардан пікір сұрау, таңдалған оқиғаларды талдау. Барлау зерттеулерінде сауалнамалық пікір сұрау қолданылмайды, оларды жүргізудің нәтижесінде идеялар мен болжамдар алынады.
2. Сипаттама зерттеулер – маркетингтік мәселелерді, әр түрлі жағдайларда, нарықтарды, тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зерттеулер. Мұндай зерттеулерде не, кім, қайда және тұтынушылар өнімді қашан, қалай сатып алады деген сұрақтарға жауап жауап ізделеді. Мұндай мәлімет бастапқы ақпаратта бар , сонымен қатар оны пікір сұрау мен бақылау жүргізу арқылы да алуға болады.
3. Казуалды зерттеулер – себеп-салдар байланысына қатысты ғылыми болжамдарды тексеру үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Мұндай зерттеулерді қолдана отырып,мынадай сұрақтарға жауап алуға болады. «Егер Х факторының мәнін өзгертсек, онда Ү-тің белгілі бір мөлшерін ала аламызба?» Мысалы, «Эйр Астана» әуе компаниясы билеттерінің бағасы 10%-ға төмендесе, онда жолаушылар саны 7%-ға ұлғаюы мүмкін бе? Мұндай зерттеулер негізінен математикалық әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Маркетингтік зерттеулер барлау зерттеуінен басталып, сипаттама зерттеуге көшеді, одан соң қазуалды зерттеулер жүргізіледі. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бөлігі, ол – болжамды тексеруде қолданылатын сипаттама зерттеулер, бірақ олар себеп-салдар байланысын айқындауда онша тиімді емес.
Маркетингтік зерттеулердің кең қолданылатын әдістері:
1) Құжаттарды талдау әдісі;
2) Тұтынушыладан пікір сұрау жүргізу;
3) Фокус-топтар;
4) Панельдік әдіс;
5) Сарапшылар бағалауы.
1) Құжаттарды талдау әдісі – дәстүрлі және бірыңғайландырылған (формализованные) болып екіге бөлінеді.
Дәстүрлі талдау дегеніміз – талданатын материалдың мәнін негіздеу, қисынын және құжат мазмұнын түсіндіру. Мұндай талдаудың басты кемшілігі – субъективтілігі.
Бірыңғайландырылған талдауда (контент талдау)нақты және сандық өлшенетінпараметрлер қолданылады.
2) Пікір сұрау әдістері жиынтығын әлеуметтік әдістер деп атауға болады, өйткені оларды ең бірінші әлеуметтанушылар пайдаланды. Пікір сұрау әдістерінің түрлері:
- Сауалнамалар тарату жолымен пікір сұрау. Пікір сұрау пошта, телефон және жеке әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Жеке әңгімелесу (сұхбат) – пікір сұрау жүргізудің ең әмбебап әдісі. Қажет болса, зерттеуші сауалнамадағы сұрақтардан да басқа сауалдар қойып зерттеу нәтижелерін толықтаруы мүмкін. Бұл тәсіл мұқият дайындықты, әңгіме өткізуді жоспарлауды жәнебілікті мамандардың қатысуын талап ететін қымбат әдіс. Пікір сұрау жүргізудің мынадай әдістерін атап өтуге болады:
- Жеке сұхбат – бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында, үйде және далада жүргізілуі мүмкін. Ол сұрақтарына, сұрақ санына және уақытына байланысты бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сұхбат беруге кеткен уақыты үшін респонденттерге шағын сыйлық, не ақшалай өтемақы беріледі. Жеке сұхбат – мәлімет жинаудың ең қымбат әдісі [2, 126-128 б.].
Топтық сұхбат – 5-10 адаммен бірнеше сағат ішінде сұхбат жүргізіледі. Әңгімені жүргізуші жоғары білікті, объективті болуы, тақырыпты білуі және топтар мен тұтынушылардың мінез-құлқын, ерекшеліктерін ұғынуы қажет.
Ірі дүкендерде келушілерден сұхбат алу алғашқымен салыстырғанда арзан.
Кеңселерде өткізілетін сұхбат. Әдетте мұндай сұхбат өндірістік-техникалық мақсатқа арналған өнім жөніндегі ақпаратты жинау кезінде пайдаланады. Мұндай әдістің білікті мамандар жүргізуіне байланысты бағасы жоғары болады.
Телефон арқылы пікір сұрау ақпарат жинаудың ең жылдам әдісі болып табылады. Артықшылықтары: көп респонденттерді қамтиды, салыстармалы түрде бағасы төмен болады. Кемшіліктері – пікір тек телефоны барлардан сұралады және ресми сипаттағы қысқа әңгіме өткізіледі, жауап алу және оның сапасын тексеру қиынға соғады.
Компьютерленген сұхбат. Интернет көмегімен ақпатар жинау – ең жаңа әдіс. Артықшылығы: ақпаратты жинау жылдамдығы, жоғары тиімділігі, шығындардың төмендігі. Кемшіліктері: жауап берушіні білмеу, көзбе-көз көрмеу.
Қалдырылған сауалнаманы респонденттердің өздері толтыруы. Мұндай тәсіл сұхбат алуды ыңғайлы және арзан өткізу үшін қолданылады. Қатысушылар ретінде бір сыныптың оқушылары, топ студенттері, ұйым қызметкерлері, қонақүй тұрғындары бола алады. Бұл тәсіл сұхбат жүргізушінің респонденттерге ықпалының аздығымен және салыстырмалы түрде арзандығымен сипатталады [3, 54 б.].
Пошталық пікір сұрау – сауалнамаларды пошта арқылы жіберу. Алайда пошталық сауалнама қарапайым және қисынды мазмұндалған сұрақтарды талап етеді. Ал жауап қайтару дәрежесі төмен және баяу болады.
Пікір сұрау әдістерінің артықшылықтары:
1. Сұрақтарды стандарттау (бірдей сұрақтар) деңгейінің жоғарлылығы;
2. Басқа әдістермен салыстырғанда жүзеге асырылуы қарапайым;
3. Терең талдау жүргізу мүмкіндігі.
Кемшіліктері:
1. Жауаптарды хаттамалау;
2. Ақпаратты өңдеу қиындығы;
3. Көп уақыт пен қаражатты қажет етеді.
Пікір сұрау жүргізілген кезде ақпарат үш әдіспен жиналады:
1. Бірінші жағдайда сұхбат жүргізуші респонденттерге сұрақ қойып, жауаптарды белгілеп отырады;
2. Респондент өз бетінше жауап толтырады;
3. Сұрақтар компьютер көмегімен қойылады.
3) Фокус-топ – құрылымдық емес сипаттағы ақпараталу мақсатында модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кішігірім тобы. Бұл әдістің мәні – әр түрлі тұтынушылар тобының ойларын айқындау.
Фокус-топ талғамдары, қажеттіліктері, ойлары әр түрлі түрлі болып келетін респонденттерден тұрады. Топпен жұмыс ұзақтығы 1,5-2,0 сағатқа созылады. Топ 8-12 адамнан тұрады. Топтың жұмысын басқарушы модератор қатысушылардың назарын нақты мәселеге бейімдеп отырады.
Фокус-топтарды болашақта болатын болжамдарды сандық түрде анықтау және жаңа тауар тұжырымдамасын тексеру үшін пайдалану тиімді.
АҚШ-та телефон арқылы бір адамнан бікір сұрау 30доллар, фокус-топта жұмыс істеу 35 доллар шамасында болады. Ал модератордың бір сессиядағы еңбек ақысы 2000 доллардан асады. Бұған қосымша жалға кететін және техникалық құралдарды пайдалануға керек шығындар да кіреді.
4) Зерттеудің панельдік әдісі – бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан кайталап мәлімет жинау.
Панельдік зерттеудің белгілері:
- зерттеу пәні мен тақырыбы тұрақты;
- мәліметтерді жинау бірдей уақыт аралығында қайталанып тұрады;
- зерттеу объектілері тұрақты (сауда кәсіпорындары, тұтынушылар, өндірушілер, үй шаруашылықтары және т.б.).
Бұл әдіс бойынша зерттеушінің бұрынғы нәтижелерді жаңа алынған мәліметтермен салыстырып, өзгерістердің даму заңдылықтарын белгілеуге мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде нарықтағы жағдай тезөзгеріп отыратындықтан, бұл әдіс жиі пайдаланылады, өйткені зерттеушінің өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндігі бар. Панельді кұру және өткізу көп уақытты, қаржыны, шығынды қажет ететіндіктен мұндай зерттеулермен маманданған институттар, ғылыми орталықтар және агенттіктер айналысады.
Алынған мәліметтерді өткізу аумақтарын, дүкендерді типі мен мөлшеріне қарай бөле отырып, сатып алушының жаңа тауарды қалай қабылдағандығын тексеріп және өткізу қызметінің жұмыс тиімділігін анықтау арқылы талдауға болады.
Зерттелетін объектінің сипаттамасы бойынша панель былайша бөлінеді:
- Тұтынушылық панелі. Оның мөлшері жеке тұтынушылар, отбасы, үй шаруашылықтары негізінде анықталады;
- Саудалық панель. Оған сауда ұйымдары , саудагерлер қатысады;
- Өндіруші өнеркәсіптік ұйымдардан тұратын панельдер;
- Зерттелетін мәселе жөніндегі сарапшы-мамандармен өткізілетін панель.
Әлеуметтік зерттеу әдістерінің эксперттіктен басты айырмашылығы – олар біліктілігі әр түрлі көп респонденттерден жаппай пікір сұрау, алэксперттік бағалау саны шектелген кәсіби мамандардан пікір сұрау арқылы өткізіледі.
5) Маркетингтік зерттеулерде «Дельфи» және «Ми шабуылы» сарапшылар бағалауы әдістері ерекше орын алады.
1. «Дельфи» әдісі – болжамды дәлеллді ету үшін бірнеше рет пікір сұрауға сүйенген сарапшылық әдісі.
2. «Ми шабуылы» – мамандардың ұжымдық талқылауы негізінде творчестволық шешім қабылдау әдісі.
Зерттеулердің нақты әдісін таңдау көбіне маркетингтік зерттеулердің белгілі бір кезеңдерінде шешілетін мақсаттар мен міндеттерге байланысты белгіленеді.
1.3 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен жіктелуі
Маркетингтік зерттеулердің міндеттері стратегиялық және тактикалық сипатта болуы мүмкін және шаруашылық субъектінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының әсер ету дәрежесін анықтауға бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:
- сыртқы – маркетингтік макро ортаның факторларын (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік – мәдени), тұтынушыларды, бәсекелестерді, делдалдарды, жабдықтаушыларды, байланыс аудиторияларды зерттеуге бағытталған.
- ішкі – шаруашылық субъектінің ішкі ортасын зерттейді (өндіріс, қаржы, маркетинг, ұйымдастырушылық құрылым мен менеджмент, персонал мен корпоративтік мәдениет)
1-кесте – Маркетингтік зерттеулердің жіктелуі
№ а |
Жіктеулер белгілері |
Маркетингтік зерттеулер түрлері |
11 |
Зерттеулер бағыттары бойынша |
- сыртқы - ішкі |
22 |
Қолдау саласы бойынша |
- проблеманы анықтау үшін - проблеманы шешу үшін |
33 |
Зерттеулік дизайн бойынша |
- ізденушілік - қорытынды |
44 |
Зерттеулердің мақсаты мен типіне байланысты |
- ізденушілік (барлаушылық) - сипаттамалық (дескриптивті) - каузальді (себеп – салдарлық, эксперименттік) |
55 |
Қолданылатын ақпарат көздеріне байланысты |
- кабинеттік (екінші ретті) - далалық (бастапқы) |
66 |
Алынатын нәтижелердің сипатына қарай |
- сандық - сапалық |
77 |
Проблеманы қамту дәрежесіне қарай |
- толық - ішінара (толық емес) |
88 |
Зерттеулерді жүргізу тұрақтылығына байланысты |
- бір ретті - көп ретті (панельдік) |
99 |
Мүдделер саны бойынша |
- жеке - ұжымдық |
10 |
Территориялық қамту бойынша |
- аймақтық - ұлттық - халықаралық |
Ескерту – [4, 117 б.]. әдебиеттер негізінде құрастырылған | ||
Маркетингтік зерттеулер шаруашылық субъектінің сыртқы және ішкі ортасы туралы ақпарат бере алады, ал оның нәтижелері нарықтағы маркетингтік қызметтің тиімділігін жоспарлау, іске асыру және бақылау үшін негіз болып саналады.
Қорытындылай келгенде маркетингтік зерттеулердің міндеттері стратегиялық және тактикалық сипатта болуы мүмкін және шаруашылық субъектінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының әсер ету дәрежесін анықтауға бағытталуы мүмкін.
2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы
Халық пен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерін дәрілік препараттармен және арнаулы медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәні бар проблемалардың қатарына жатады. Халықтың ауру – сырқауының жалпы жоғары деңгейі салдарынан медикаменттерді тұтынудың ұлғаюы сипат алады. Осыған байланысты дәрілік препараттарға сұраныс анықталады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6,5 мың фармацевтикалық қызметтің объектілері әрекет етеді. Олардың ішінде 2% өнеркәсіптік өндірістер, 8% дәріханалық қоймалар, 90% дәріханалық ұйымдардың тармақталған желісі. ҚР дәріханалық ұйымдардың 98% жеке меншікте, 3% мемлекеттік меншікте болып отыр.
ҚР фармацевтикалық өнеркәсібінің тұрақты даму тенденциясы бар. Егер 2007 жылы соммасы 9 млн АҚШ долларын құрайтын дәрілік препараттар шығарылса, 2008 жылы – 10 млн АҚШ доллар, ал 2009 жылы – 11,5 млн АҚШ доллары. 2010 жылы дәрілік препараттардың 132 түрі өндірілді, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 30 - 40% өсіп, 700 түрді құрады.
Отандық өндіріс галендік препараттарды, дәрілік өсімдік шикізатты, антибиотиктерді, вакциналарды, сарысуларды, рентген құрал – жабдықтарын, таңу материалдарын өндіретін 90 кәсіпорындармен көрсетілген. Олардың ішінен 51 кәсіпорын Алматы қаласында қызмет етеді. Осы кәсіпорындардың тек алтауында ғана өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың 64 түрі шығарылады [4, 59 б.].
ҚР фармацевтикалық қызметтер нарығының даму үрдісін шартты түрде келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1992-1994 жылдар – өтпелі кезең мен бағалардың либерализациясы жағдайында фармацевтикалық қызметтер нарығының қалыптасуы;
1994-1999 жылдар – фармацевтикалық қызметтер сферасындағы нарықтық қатынастардың эволюциялық дамуы жеке меншіктегі фармацевтикалық бизнестің заңды түрде тіркелуімен сипатталады;
2000-2007 жылдар – фармацевтикалық қызметтер нарығын мемлекеттік реттеудің белсенділігі;

- Нарықты мемлекеттік реттеу
- Нарықтың мәні
- Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері
- Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы
- Нарық ұғымы мен мәні
- Нарық шаруашылығы
- Нарық экономика жағдайында еңбекақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
- Нарықтық экономика жағдайындағы мотивация теориясының даму ерекшеліктері
- Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
- Нарықтық экономика жағдайында персоналдың еңбекақысын ұйымдастырудың теориялық негіздері
- Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын
- Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін
- Нарықтық экономика және өндірісті басқару
- Нарықтық экономика жүйесіндегі қаржы жүйесі