Нарықтың мәні

 

Жоспар:

Кіріспе.

 

1. Нарықтың  мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық – тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде

1. 1. Нарық түсінігі және оны әртүрлі белгісіне қарай классификациялау 
1. 2 Нарықтың жіктелуі. 
1. 3 Нарықтың атқаратын қызметтері мен функциялары.  

2. Нарықтық экономиканың турлері, субъектілері және инфрақұрылымы

2.1. Нарық түрлері

2,2  Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілері.

 2. 3. Нарықтық инфрақұрылым

 2.4. Нарықты реттеу тәсілдері

 

3. НАРЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ 
2. 3. Нарықтың түрлері.  
2. 4.Нарық эконмикасы ұғымы.  
3. Нарықтың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары, нарықтық экономика институттары, нарық және мемлекеттік басқару  
3. 1. Нарық артықшылықтары  
3. 2. Нарық жетіспеушіліктері  
3. 3. Нарықтық экономиканың институттары  
3. 4. Нарықты мемлекеттік басқару

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.  
           Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.  
Нарықтың құрылуы процесінің көптеген үшкір мәселелерін жеңілдететін өзіндік буфер қызметін атқаратын (жұмыссыздық, тауар өндірісі жетіспеушілігі) табиғи және жартылай табиғи шаруашылық жойлыды. Осы курстық жұмыста мына мақсаттарды орындаймын:  
Тауар өндірісінің, тауардың және оның құнының негіздерін қарастыру. Нарық және айырбастың пайда болу тарихын зерттеу;  
Нарықтық мәнін анықтау, оның функцияларын, нарықтық ұйымдастырудың негізгі мақсатын, нарық түрлерін зерттеу;  
Нарықтың тиімді және тиімсіз жақтарын, нарық инфрақұрылымын, нарықтық экономиканық ерекшеліктерін, мемлекеттік макроэкономикалық бағдарлауын зерттеу;  
Нарық негіздері, оның функциялары және қоғамдағы рөлі туралы қорытынды жасау;

Осы тақырыпты  зерттей отырып, нарық тақырыбына арналған еңбектерінің көптігін байқай аламыз (оқулықтар, ғылыми әдебиеттер) қазіргі кезде де экономистер осы тақырыпқа назарын аударып отыр, олар экономикалық қатынастарды басқарудың принциптерін, заңдарын, рычагтарын қарастырады.  
Берілген курстық жұмыс кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде адамзат өзінің өмір сүрген тарихының көп бөлігін нарықсыз өткізгенін, тек табиғи шаруашылық дамығанын көсетіледі. Кейін тауар шаруашылығы өтіп кетті, нәтижесінде экономикалық субьект жеке мүдделеріне жетуге тырысуға бастады және олар өзара еңбекті тауар өндірушілер арасында бөлді. Алғашында айырбас дамыды, оның дамуы нарық құрылуына алып келді. Нарық өзіне тән бәсекелестік арқылы тауар шаруашылығына берік негіз бола білді. Нарық – көп өлшемді ұғым, сондықтан оған нақты анықтама беру біршама қиынға соғады.  
Екінші бөлімде бірнеше функция орындай алатын нарық негізі туралы айтылады. Экономикада нарықтың келесі түрлерін атаған жөн: еңбекті қоғамдық бөліністен бәсекелестікті шектеу және бағдарлану деңгейіне, нарықтық айырбас етуі ұйымдастырылуына, заңдық нормалардың сәйкестігіне, нарықтық қатынастардың обьектілерінің арналуына байланысты бөлінеді. Нарықтың осы аталған түрлері өзара байланысқан және экономиканы толығымен қамтамасыздандыратын жүйе ретінде қолданылады.  
Үшінші бөлімде нарықтың оң және теріс жақтары қарастырылады. Нарық дамуы оның күрделенуіне алып келді, сол себепті жаңа құрылған инфрақұрылымы да күрделене түсті. Нарықтық экономика мемлекеттің бағдарлауынсыз жұмыс істеп, өмір сүруі мүмкін емес.  
Құн заңы тауарөндірушілерді саралайды, нарықтың бәсекелестік және еңбектің қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыздандыру деңгейінен тауар өндіруге өзіндік қамтамасыздандырудан ауытқушылық әсерінен әлеуметтік қабаттануды жүргізеді. Құн заңы шағын, орта және ірі өндірістің бірігуін жақсы қарсы алады, бірақ бәсекелестік барысында әлсіздер шаруашылық дербестігін жоғалтып, ірі, әрі қуаттылардың құрамына кіреді.  
Осылай, құн заңы қоғамға қажетті еңбектің бағасының қатынасын білдіреді. Қандай да болсын тауарды өндіруге қаншама еңбек күші кетсе, соншама оны төлеп өтеу қажетсін. Бірақ, сауда-саттық процесіне тек еңбек күші ғана емес, басқа да көптеген факторлар: тауар сапасы, сұраныс пен ұсыныс қатынасы, баға саясаты шығарылған қағаз ақша мөлшері әсер етеді. Сондықтан шын құнын әрқашан оның бағасындай емес, бірақ баға құнның маңайында орналасады.

 

 

1. Нарықтың  мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық – тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде

 
1. 1.Нарық түсінігі және оны әртүрлі белгісіне қарай классификациялау

Нарыққа бірнеше  анықтама беруге болады. Нарық – тауар өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да болсын өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретін механизм деген анықтама беріледі. Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатын қойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны қатысады: миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды, кандай мөлшерде сатып алуды шешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауап табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерін қарастырады. Нарық экономикалық дамудың маңызды, әрі тиімді жолдарын түсінуге және микро және макро деңгейдегі тиімділікті арттыруға арналған фундамент, негіз болады. Оның негізі барлық шаруашылық етуші  
6 субьектілерінің, адамдар мен жалпы қоғамның арасындағы тауар айырбасы қатынастарының жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің нарық айырбас саласында сатушы мен сатып алушы арасында арнайы экономикалық қатынастардың жүйесін құрайді деген пікірі толығымен расталған. Нарықтың сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастарға тигізетін әсері баға, сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, табыс және шығын, яғни «нарықтық механизм» ұғымына кіретін элементтердің барлығын қолдану арқылы қамтамасыздандырылады. Нарық нақты әлеуметтік-экономтикалық шарттармен өмір сүреді. Ол толығымен меншік институтына тәуелді болады. Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл кезеңдерінде - өндірісте, таратылуда, айырбас және тұтынуда аса маңызды рөлі бар.

 

 

Нарықтың  мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық –  тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде

 

«Нарық» - белгілі  жүйе әрі айырбас нәтижесі мен  жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту,шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым».

«Нарық –  тауар айырбасының аясы, сатушы мен  сатып алушылар арасындағы белгілі  экономикалық қатаынастар жүйесінің  сипаттамасы».

«Нарық –  сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді».Осы көзқарастың әрқайсысында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді , бірақ мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ піікр:нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар өатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе,сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байланыстары сату – сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді. Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экоеомикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы – ақшф қатынасы болатындығы айқындалады.

«Нарық –  өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс  жүйесі, тек қатаң бәсекелестік ортада барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсыныстың тұрақты әсерінде болады»

Қазіргі нарық  күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан  және табиғаты әртүрлі функционалдық  жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.

Әртүрлі белгісіне  қарай нарықты классификациялау

№

Ұйымдық тұрғыдағы  белгісі

Құрылымдық  тұрғыдан бөлу

1

Территориялық

Базар, биржа, аукцион, жәрмеңке, аймақтық нарық, ішкі (ұлттық) нарық, әлемдік нарық.

2

Бәсекелестік  сипат пен деңгейі тұрғысынан

Монополиялық,олигополиялық, монополиялық бәсеке, ерікн, реттеуші.

3

Пропорционалдық деңгейі тұрғысынан

Баланстанған, баланстанбаған.

4

Салалық сипаты тұрғысынан

Салааралық, салалық, ішкі салалық.

5

Тауарды бағыттау тұрғысынан

Азық-түліктік емес, тағамдық немесе тағамдық емес.

6

Заңдылыққа  сай келу тұрғысынан

Арнайы ресми, ресми емес.

7

Жетілу деңгейі  тұрғысынан

Дамыған нарық, қалыптасушы нарық.

8

Нарық субъектісі тұрғысынан

Сатушы нарығы,тұтынушы нарығы.


 

1. 2. Нарықтың жіктелуі.

Нарық – күрделі  жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен  классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз:ішкі (ұлттық) нарық, еларалық,аймақтық, біріккен нарық  және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық.

Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежізілік нарық қалыптасуда.

Қазіргі ішкі нарық - түгел алып қарағанда елдің ұлттық нарығы:өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмышы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату – сатып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатаынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.

Экономикалық  айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек  бөлінісіне қарай топтасқан елден  құралған нарығы – еларалық біріккен нарық  дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз:дамыған нарық, қалыптасқан нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).

Бәсекелестік  сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:

  1. Мемлекеттік нарық – бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқа да субъектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді;
  2. Олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
  3. Монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәскелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде ле бағаны кең өрісте вариациялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.

«Сатушы нарығы»  және « сатып алушы нарығы»  болып та жіктеледі.«Сатушы нарығы»  деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін  сатып алушы  жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алумен түсіндіріледі. « Сатып алушы нарығы» деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті «белсенділігін » сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.

Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай жіктейміз: ресми және ресми емес.

Нарықты ірі  тауар топтарына қарай – азық-түлік  және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген  тауарлар нарығы болып жіктеледі. Тауар  топтарындағы нарыққа мыналар жатады:нан-бәлішке  өндірунарығы, ұн және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз:тігін, тоқыма тауарлар, бас киім мен шүлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасау бір-бірімен байланыста және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты.

 

 




 










 



 


 

Адамзат қызметінің аясына байланысты жалпы ұлттық ішкі нарықты шарты жағдайда бірнеше  түрге бөлуге болады.

Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген  элементін қалыптастырып, нақты  өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары – өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.

 

1. 3 Нарықтың  атқаратын қызметтері мен функциялары.  

Нарық мынадай  қызметтерді атқарады:

  • ұдайы өндіріс процесін үнемі    қамтамасыз ететін реттеуші;
  • ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделуі;
  • бәсеке арқылы тиімсізшаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру тазалау;
  • экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
  • құрылымдық тұтыну, тұтынысынан ыңғайлы рациональды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету;
  • экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат көзі;
  • өндірістік шығындарды төмендетуге тауар өндірушілерді экономикалық ынталандыру және оларды өте қажетті қоғам аясына жұмсау;
  • тауар мен еңбектің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал;
  • тауар өндірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек өнімділігіне экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету;

 

Нарықтың ролі өте-мөте жалпы түрде оның қызметі  арқылы ашыла түседі.

Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі  үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы  экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі  қозғаушы күшін ролін жоюға алып барады.

Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит  мен несиеге проценттік өсімнің  призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықты экономиканың барометріне әрі айнасына айнплдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.

Нарықтық механизм «санациялық» қызметті де атқарады. Бәсекенің  көмегімен ол қоғамдық өндірісті  тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан  тазалп, үміт артатындардың дамуына  ыңғайлы жағдай жасайды.

Біздің нарық  терең монополияланған. Нарықтағы  барлық тауардың 50-70% солардың өндірген құраса, онда кәсіпорын қызметі монополияланған  саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, қызметке белсенді кіріседі.

Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбектң материалдық  ынталандыру экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

 

Нарық функциялары  
Қоғамда өмір сүретін нарықтық қатынастар қазіргі функциялар жиынтығын атқара отырып, шаруашылық іс-әрекеттің барлық жағынан әсер етеді.  
Функциялар мынадай болады:  
1. Ақпараттық. Әрқашан өзгеріп отыратын бағалар, пайыздың мөлшерлемесі өндіріс қатысушыларына нарыққа өткізілетін қоғамға қажетті тауарлардың мөлшері, құрамы, сапасы және саны туралы обьективті ақпарат береді.  
Өтіп жатқан операциялар нарықты жинақтайтын және өңдейтін ірі компьютерге айналдырады. Ол нақты өте көп ақпаратты өңдейді және оның ауқымындағы барлық шаруашылық кеңістік туралы жалпы, әрі нақты ақпарат беріп отырады. Бұл әрбір кәсіпорынға әрқашан өзінің өндірісін нарықтың өзгермелі шарттарына байланысты бағдарлап отыруға мүмкіндік береді.  
2. Делдалдық. Экономикалық ерекшеленген өндірушілер терең қоғамдық еңбектің бөлінуі негізінде бір-бірін анықтап, өз іс-әрекеттерінің нәтижесімен алмасу қажет. Нарықсыз қоғамдық өндіріс қатысушылары сол немесе басқа да технологиялық және экономикалық тиімділігін анықтай аламыз.  
3. Баға құрушы. Нарыққа түскен өнімдер мен қызметтер материалдық және еңбек шығындары бірдей емес мөлшерде болады. Бірақ нарық қоғамға керекті шығындарды ғана мойындайды, тек осы тауарды сатушы сатуға келіседі. Осыған байланысты баға мен құн арасында тұрақты қатынастар орнайды.  
4. Реттеуші функциясы – ең маңыздысы. Ол нарықтың экономиканың барлық саласына, соның ішінде өндіріске қатынасында байланысты. Нарықты бәсекесіз елестету мүмкін емес. Ішкі салаларға бәсекелестік өніс бірлігінің шығындарының өтелуін реттейді, өндірістік еңбектің, техникалық дамудың, өнім сапасының өсуі деңгейін қадағалайды. Салааралық бәсеке саладағы капиталды алу жолымен экономикалық жағынан тиімді құрылымын құрады. Бәсекелестік ортасының мазмұнын сақтауда нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік реттеу тапсырмалары бірден бір маңызды.  
Нарықты реттеуде маңызды рөлді бағаға әсер ететін сұраныс пен ұсыныс қарым-қатынастары атқарады. Бағаның өсуі – бұл өндірістің ұлғаюын, ал бағаның төмендеуі – сәйкесінше оның қысқаруын көрсетеді. Адам Смит: «Кәсіпкер тек өз мүддесін ғана көдейді, өз көзқарасын ғана есепке алады, бұл жағдайда ол оның ойына да кірмеген мақсатқа көрінбейтін қолмен бағыт алады. Өз мүддесін бақылай отырып, ол жиі қоғам көзқарастарына қызмет етеді», - деп жазған. Осы «көрінбейтін қол» қазіргі таңдағы экономикада реттеуші қызметін атқарады.  
Қазіргі кезде экономика тек «көрінбейтін қолмен» ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқармалармен басқарылады, бірақ нарықтық негізгі реттеуіш рөлі өзінде сақталады.  
6. Сауықтырушы. Нарықтық механизм бұл – қайырылымсыздық жүйесі. Ол әрі қатал, әрі қатты. Оған әлеуметтік, қабаттану, әлсіздерге қарағандағы қайырымсыздық тиіс. Бәсекенің көмегімен нарық қоғамдық өндірісті экономикалық тұрақсыз өндірістен, өмір сүруге бейімсіз шаруашылық бірліктерінен, тазалайды, сонымен қатар тапқыр және тиімді блолып келеді. Бұның нәтижесінде барлық шаруашылық тұрақтылығының орташа сатысы көтеріледі.  
ІІ Самуэльсон куәлендіруі бойынша, АҚШ-та дүкендердің ашылғанынан бастап, олардың 3-тен 1 бөлігі өздерінің іс-әрекетін тоқтатуға мәжбүр болды. Шағын бизнестің орташа циклі 6 жылдан 15 аспайды. Бәсекелестік талас-тартыста ірі фирмалардың да өмірін тоқтатуы мүмкін. Әрине, өндірістің шоғырлануы шарттарында және өзерістегі монополизация әлемінде еш жерде бәсекені ашық түрде баса алмайды.

Қазіргі заманда  теория нарықтық, нарықтық экономика және әлеуметтік реттелінетін нарықтық экономика түсініктеріне қандай экономикалық мазмұн береді? Нарық қазіргі кезде басты элементтері сұраным, баға және ұсыным болып табылатын дербес қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі нарық түсінігі мен аталады. Нарықтық экономика түсінігі нарық түсінігіне тағыда екі саланың өндірісті және тұтынуды қосу есебінен кеңейіп отыр.  
Әлеуметтік реттелінетін нарықтық экономиканың түсінігі де ерекше кең: нарықтық экономикаға (яғни сұранымға, бағаға, ұсынымға өндіріс пен тұтынуға) ол нарықтық экономиканың реттеу миханизмін құрайтын факторларын – мемлекетті, нарықтық мекемелерді, дүние жүзілік экономика ықпалын үстемелейді.  
Қазіргі заманғы нарықтық экономиканың дәл аталуы неліктен әлеуметтік реттелінетін деген сөздермен толықтыруды қажет етеді, тым ұзақ сөз болмас үшін осы екеуін үнемдеуге бола ма? Жоқ болмайды.  
Реттелінетін сөз нарықтық экономиканың қызмет ету механизмінің маңызды анықтамасын білдіреді, оның стихиялық, немесе директивалық сипатын, дәлірек айтқанда бағытталатын, реттелетін, үйлестірілетін, өлшеп отыратын сипаттарын көрсетеді.  
Әлеуметтік реттелінетін сөдің өзі реттеудің субъектісін, объектісін, мақсатын көрсетеді.  
Өзі-өзінен түсінікті болатыны: реттеудің субъектісі, тұтастай алғанда қоғамның өзі, реттеу объектісі – қоғамдық экономика яғни фирманың ішкі өндірістік қызметі емес нарықтық процестер, мекемелері мен факторлары:  
реттеу мақсаты – қоғамдық тұтынуларды шешу, нарықтық экономиканың барлық саласына ортақ проблемаларды жеңілдету.  
Әлеуметтік реттелетін нарықтық экономиканың қалыптасуын және құрылымын сызбалар арқылы да көрсетуге болады.  
Сызбада екі сәтке назар аударылуы тиіс.  
Біріншіден – нарықтық өндіріске бағындырылған экономика элементіне нарықтық экономиканың ерекше және дербес саласына айналуы. Нарық қазірде сатып алу – сату нысаны ретінде дәстүрлі тауарларды ғана емес қызмет түрлерін де, еңбекті, ақшаны, капиталды, бағалы қағаздарды, ақпаратты, ақыл ой жетістіктерінде қосады. Ал, бұлар айтарлықтай өзгеше, сатып алу - сату нарықтық жаңа салық жағдайын – материялдық – техникалық жағынан да, сатушылар мен сатып алушылардың кәсіптік білімдері жанынанда, айналым механизмінің өзіндеде талап ететін таурлар.  
Екіншіден, нарықтық экономика жүйесінде сұранымның міндеті өзгеруін көру маңызды, әрине, өндіріс әркашанда кез – келген оң экономиканың жүрегі болып қала бермек. Бірақ, нарықтық экономика үшін тұтынушының өндіріс нәтиждесін бағалауы бұрын тарихта болып көрмеген ерекше маңызға ие болуда. Бұл ғылыми-техикалық революция жетістіктерін меңгеру негізінде өндіріс технологиясында жүргізілген түбірлі өзгерістердің салдарынан болып табылады. Мұндай өзгерістер адамзаттың тарихында тұңғыш рет индустрияландырудан өткен елдер тобы тұрғындардың көпшілігінің негізгі материялдық қажеттерін толықтай қанағаттандыруға мүмкіндік жасады (бұл арада тұрғын үйге, тамаққа, киімге, аяқ киімге, жоғары білім мен денсаулық сақтау қажеттіктері туралы сөз болып отыр). Дәл осы жағдай өндіріс пен тұтыну орын ауыстырғандай көрінетін нарықтық экономика сызбасында көрініс тапты.  
Нарықтық экономика өзінің жоғары теңділігін, мына төмендегідей экономикалық міндеттерді шешуде өзінің еш қандай балама жоқтығын іс жүзінде дәлелдеп берді.  
Өндіріс пен тұтынудың өзара байланысын қамтамасыз ету. Нарық бұл міндетті төлем қабілеті сұранымның сатуға ұсынылған ұсынымның алуан түрлілігінің сәйкес келуі арқылы жүзеге асырады.  
Дербес шаруашылық жүргізуші өнім өндірушілердің еңбек нәтижелерін қоғамдық бағалау. Мұндай бағалау механизмі қарапайым тиімді және шығындылығына: сатып алу сату болғанына ие болмағанына қарайды. Дәл осы сатып алу мен сатудың болжай білуге болмайтындығы нарықты экономикаға өнім өндірушілерді және тұтынушыларды үнемі нарықтық формада болуға мәжбүр ететін жинақтық береді.  
Бағаның еркін қозғалуы. Бұл сұраным мен ұсыным еркін өзара әрекет етуі процесінде нарықтық бағалардың көлемімен қозғалысы қалыптасатынын білдіреді. Бағалардың еркін қозғалысы нарық қана қамтамасыз ете алады, нарық дегеніміздің өзі де осы бағалардың қозғалысына жасалған кезкелген кедергі нарықтық экономиканы бүлдіруге пара – пар.

 

 

ІІ. Нарықтық экономиканың түрлері, субъектілері және инфрақұрылымы.

2.1. Нарық түрлері

Нарық жүйесі – әр алуан шарттары мен іс-әрекеттерімен сипатталатын барлық нарық түрлерінің жиынтығы. Нарық әр түрлі сатыда, барлық сфераларда және іс-әрекеттің барлық түрлерінде мемлекеттің әр аймағында құралады. Сондықтан да нарық жүйесі күрделі, әрі алуан түрлі болып келеді. Заңнамада салықтың келесідей жүйелері көрсетілген:  
1) ресми  
2) ресмисіз (көлеңкелі)  
Ресмисіз нарық –заңсыз және тіркелмеген іс-әрекеттермен айқындалатын көлеңкелі экономиканың айырылмас бөлшегі.  
Нарықтың екі типін ажыратады: жетілген және жетілмеген бәсекелестік.  
Әрбір нарық түрінің жеке арнаулы міндетіне қарамастан, олардың барлығы өзара тығыз байланыста ғана болып қоймай, сонымен қатар бірін бірі шарттастырады.  
Әрбір тауарөндіруші өзінің өндірісін дамыту мақсатында, өндірістік шикізаттың, капиталдың және жұмысщылардың осыған сәйкес нарықта сатып бере алатындай мөлшерде есептесе алады. Осылардың әрқайсысында, өз алдына көршілес нарықта бар сұраныс және ұсыныс назарға алынады. Қоғамдағы экономикалық өмір екі сатыда дамиды:  
Айырбастау кезеңінде басқарушы субьектілерді анықтайтын микроэкономикалық;  
2) Өндірістің жұмысын, оның ішінде нарықтың жағдайын, бүкіл ұлттық шаруашылық көлеміндегі халық экономикасын сипаттайтын макроэкономикалы;  
Нарық жүйесі меншіктің формаларының шарттарында, басқарушы субъектілер іс-әрекеттерінің еркіндігіне және өз іс-әрекеттерінің жауап беру нәтижесінде еркін баға беру, сәйкес экономикалық рычагтар көмегімен нарық процестерін басқаруда мемлекеттік қатысуын құрайды. Ішкі нарықта ұлттық экономика интеграциясы нәтижесінде гипермакроэкономиканың мазмұнын анықтаған микро шаруашылық қатынастарының жүйесі әсер етеді. Нарық құрылымы шарттарынан тәуелді нарық құралады. Бірақ, нарықтың барлығында да бір бірімен байланысты болып келеді және бір- бірін толықтырып отырады:  
1. Нарықтық қатынастар обьектісі бойынша:  
o Тауарлар мен қызметтер;  
o өндіріс элементтері;  
o еңбек күші; o несие капиталы;  
o қаржы;  
o бағалы қағаздар;  
2. Географилық жағдайына байланысты:  
o жергілікті;  
o аймақтық; o ұлттық;  
o әлемдік;  
3. Бәсекелстік деңгейі бойынша:  
o еркін;  
o монополистік бәсекелі;  
o олигоплиялық;  
o монополиялы;  
4. Сауда көлемі бойынша:  
o бөлшектік;  
o көтермелі;  
5. Басқару механизмі бойынща:  
o жеткілікті бәсекелестік;  
o жеткіліксіз бәсекелестік;  
o реттелетін (мемлекет бақылауында)  
Осылайша, нарық тауар айырбасының қатынастарының дамыған жүйесі ретінде өз алдында бөлек нарық жүйесін көрсетеді, ол үлкен және біріктірілген нарық элементтері түрінде болады. Бұл, ең алдымен, нарық  
ресурстары, сонымен қатар басқалары. Өз алдына бұл нарықты одан да жұқаланып, бөлініп кетеді.  
Нарық осындай маңызды функцияларды атқарады: ақпараттық, делдалдық, бағақұрышы, сауықтырушы, басқарушы.  
Экономикалық жүйенің жұмыс істеуі, оның тепе- теңдігі және ілгері дамуы нарықты институттардың өз дәрежесінде жұмыс істеуіне байланысты. Олардың істейтін арнайы мамандырылған мекеме орындары. Қазіргі уақытта бұл институттар бір- бірімен байланысты және мүдделі. Ерекше нарық шеңберінде жұмыс істеп, бір- бірімен байланысты және арнайы міндеттер

 
атқаратын институттардың жиынтығы нарықты экономиканың инфрақұрылымын құрастырады.  
Нарықты инфрақұрылымның бөлінуі, олардың арнайы мазмұны нарықтардың қазіргі жағдайларда жұмыс істеулеріне қарай төмендегіше бөлінеді:  
Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір жылға толмайтын болса, онда бұл ақша нарығы құралы деп саналады. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әр қилы елдерде қаржы құралдарын қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге бөлу әр түрлі болады. Қазақстанда негізінен қысқа мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ мерзімділері- капитал нарығына қатысты. Ақша нарығының құралдары, ең алдымен бизнес салалары мен мемлекеттік ұйымдардың өтімді қаржыларын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал нарығының құралдары жинақ және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцептерін, чектерді, банкноттарды, төлем карточкаларын және т. Б. жазуға болады. Капитал нарығының құралдарына облигациялар, акциалар, орта және ұзақ мерзімді несиелер жатады.  
Қазақстан Республика мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың белгіленген тәжірибені сәйкес қаржы құрылымын былайша көрсетуге болады:  
Ақша нарығы. Ақша қаражаты қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бергі әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.  
Депозит нарығы. Халықтың табысты екі негізі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы- несие мекемелеріне тартылады. Ақшалай депозиттерге трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы- пайыздар төлейді.  
Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Комерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттарры үшін заңды және жеке тұлғаларға несие береді. Ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.  
Валюта нарығында Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валюта жүзеге асырылады.  
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар да нарықты сатып алу,  
 
сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Нарықтың мөлшері- қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты.  
Бағалы қағаздар нарығы- тікелей алғашқы және қайталама нарықтан тұрады. Алғашқы нарықта мемлекеттік және муниципалды облигациялар, сол сияқты акциалар. Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары: коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары. Бағалы ғағаздардың қайталама нарығы- эмитент бағалы қағаздары, орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Бағалы қағаздар- спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар. Бағалы қағаздардың тұтыну құнының мәні- белгілі дәрежеде табыс келтіреді, пайыз және дивидент төлегенде, бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.  
Еңбек нарығы.Еңбек нарығы дегеніміз- ең алдымен жұмыс күшіне сұраным.Еркін еңбек- бұл тиімді экономиканың негізі.Өндіріс факторларының бір бөлігінің нарығы есебінде көрінетін еңбек нарығы.  
Онда жұмысшы күшін сатады. Еңбек нарығы еңбек биржасы есебінде ұйымдастырылған.  
Мемлекеттік қаржылар инфрақұрылымының керекті бөлігін құрастырады. Олар өз міндеттерін орталық және жергілікті бюджет арқылы атқарады.

Нарықтық  экономиканың негізгі шаруашылық субъектілері.

Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде көрсетілген.

Үй шарушылығы материалдық және адами ресурстарды  өткере отырып, оларды фирмаларға нарық  ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажеті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраным мен ұсыныстың өзара іс-әрекетті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып,ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.

Үй шаруашылығы  тапқан табыстың барлығын өнім сатып  алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін  жинайды және ресерстар мен салықты  төлеуге жұмсайды.

Фирмалар өндіріс  ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді  және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фмрманың ақшалай табысын  қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты ресурстарды  төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.

 

         Өндіріс шығындары                                                 Ақшалай табыстар



                  Ресурстар                                       ресурстар (еңбек, капитал,


                                                                                           Жер,кәсіпшілік)

                

                             салықтар                                             салықтар


                    Мемлекеттің қыз                               трансферлік

                    мет көрсетуі                                       төлемдер

                   


 

                            Мемлкет-ң                                    тауарлар мен

                            сатып алуы                                  қызмет көрсету



 

                               төлемдер                                ресурстарды

Нарықтың мәні