Негізгі құралдар есебі. 9
Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………
1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.....................
2. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері.................
3. Негізгі құралдардың бағалануы, негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру...................
4. Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есептеу әдісі.........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар. Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕC-қа сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құралдың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілген сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
Бірақ та біз ұмытпауға тиіспіз әр бір затты ұқыпты ұстамаса онда ол бұзылып қалады негізгі құралдарда сол сияқты бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайда біз оның бетін ала аламыз – жөндеу арқылы. Жөндеу есебі кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың істен шыққан жағдайында өндіріс процесі де тоқтауы мүмкін. Ал өндіріс процесінің тоқтауы біздің пайда табуымызға кедергісін жасайды. Ал жөндеу арқылы біз өндіріс процесінде көп жетіктіктерге жетеміз.
1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі
Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдық активтер.
Оған мыналар жатады:
- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер);
-көлік құралдары;
- жабдықтар, өлшеу аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қор,мұражай құндылықтары,жануар әлемінің экспорттары автомобиль жолдары) және т.б.
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар,көпжылдық өсімдіктер енеді.
Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау,спорт)
Меншікті – бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.
Жалданған - жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа субъектілердің алынған негізгі құралдар.
Түріне қарай негізгі құралдар 13 топқа бөлінеді:
Жер
Үйлер - бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне және материалдық құндылықтардың сақталу жағдайынан тұратын сәулет құралдар;
Ғимараттар - еңбек заттарының өзгеруіне байланысты жоқ қандай бір функцияналды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инжинерлік құрлыс объектілері (платина құбырлы өткізгіштер және т.б.);
Беріліс құрылғылар –электронды жылулық және механикалық қуат беруге арналған құрылған (электор тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. б;
Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер оның құрамына кіретін саймандарды, керек-жарақтарды аспаптарды басқа инвентардың бөлігі болмаса инвентарлық объект болып табылатын инвентор дегеніміз - түгендеу. Бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
а ) Күш беретін машиналар мен жабдықмашиналар жылу және электро қуатын өндіретін электрометорлар және т.б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар) және т.с.с;
б) Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар) және т.б;
в) Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және т.б;
г) Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу машиналары);
д) Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон, станциялары, өрт машиналары т.б
Көлік құралдары. Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (теміржол, автомат, су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т.б.
Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар (балға,тесетін,тұратын және с.с. құралдар);
Өндірістік инвентар және керек жарақтар. Өндіріс операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі және т.б.);
Шаруашылық инвентар. Кеңсеге және шаруашылықтарда қажетті заттар (шкафтар, клемдер және т.с.с.);
Жұмысшы және өнім беретін малдар ( ірі қара, қошқар және т.с.с.);
Көпжылдық өсімдіктер (жүзімдіктер, жеміс жидектер, роза және с.с.);
Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі (жерлерді тастардан тазарту және т.б.);
Өзге де негізгі құралдар (кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары).
2. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері
Негізгі құралдар есебі бойынша неғұрлым жиі қойылатын сұрақтар – бұлар негізгі құралдарды активтердің топтары бойынша топтапстыру, жою құнын анықтау туралы және негізгі құралдарды әділ құны бойынша бағалауды кімнің жүргізуі тиіс, яғни ХҚЕС – на көшу кезінде осы мәселелердің қалай шешілетінін қарастырайық. Негізгі құралдардың анықтамасы екі стандартта да сай келеді, ал негізгі құралдарды сыныптар бойынша топтастырған кезде 16-ХБЕС-да: ғимараттар, беріліс құрылғылары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар топтарының жоқ екенін көріп отырмыз.
16-ХБЕС-ның 9-тармағында: «Осы стандарт тану бірлігін, яғни негізгі құрал объектісін ненің құрайтынын нұсқамайды. Осыған байланысты ұйым тұрған нақты жағдайларға тану критерийлерін қолдану кәсіби тұжырымдауды талап етеді» делінген. Осы топтарды не істеу керек екенін шешу үшін бұл топтардың құнына ненің кіретінін еске түсіріп көрелік.
Ғимараттарға мақсаты еңбек құралдарын өзгертумен байланысты қандай да бір техникалық функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау болып табылатын инженерлік-құрылыс объектілері жатады. Инвентарлық объекті болып оны бір тұтасты құрайтын барлық қондырғыларымен бірге әрбір жеке ғимарат саналады. Мысалы, жылу станцияларына қызмет көрсететін ғимараттар ( түтін құбырлары, жүктемені азайтушы қондырғылар кірме есік эстакадалары), темір жолдар, дамбалар, бөгендер, қоршаулар және т.б.
Беріліс құрылғыларына оның көмегімен электрлік, жылулық немесе механикалық энергия қозғалтқыш-машиналардан жұмысшы машиналарға беру, сондай-ақ сұйық және газ тектес заттарды бір инвентарлық объектіден басқасына беру жүргізілетін құрылғылар жатады, мысалы, электр берілісінің әуелік желілері, құбыр өткізгіштер және т.б. Электр желілері бойынша инвентарлық объектілер, мысалы, электр станциясының бөлу құрылғысынан қабылдайтын ішкі станциялардың бөлу құрылғыларына дейінгі желілері болып табылады. Инвентарлық объектінің құамына мыналар кіреді: әуе желілерінің тіректері мен іргетастары, өткізгіштер, ілінбелі изо-ляторлар, қорғаныстың барлық заттары, клеммалар және басқа бекіткіш материалда, сонда-ақ үлкен өзендерден барлық өту жолдары мен басқа заттар.
Өндірістік құрал-сайманға және керек-жарақтарға жұмыс кезінде өндірістік операцияларды жеңілдететін өндірістік мақсаттағы заттар еңбекті қорғауға ықпал ететін; сұйық және төгілгіш заттарды сақтауға арналған сыйымдылықтар; сауда шкафтары мен стеллаждары; инвентарлық ыдыстар; жұмыс машиналарын жатқызыла алмайтын техникалық заттар.
Негізгі құралдардың осы тобында ескерілетін инвентарлық ыдысқа ыдыс ретінде ұзақ уақыт пайдаланылатын және өндірістік сипатпен үздіксіз байланысты өндіріске қызмет көрсетуші заттар; материалдарды жинау және уақытша сақтау, өнімді кәсіпорын ішінде жылжыту үшін қажетті және сауда ыдысы болып табылмайтын контейнерлер немесе заттар жатады. Өндірістік қажеттілік тобы бойынша инвентарлық объекті дербес мағынасы бар және қандай да бір басқа инвентарлық бөлігі болып табылмайтын заттар ғана бола алады: жиһаз және инженерлік жабдықтың құрылысы салынатын элементтері.Офис жабдығы жаңа топтар болып табылмайды, олар 6-ҚБЕС бойынша «Шаруашылық құрал-саймандар» тобына кірген еді.
16-ХБЕС-да көрсетілген «жиһаз және инженерлік жабдықтың құрылысы сапынатын элементтері; офис жабдығы» топтары 6-ҚБЕС-да қолданылып жүрген «шаруашылық құрал-саймандары» тобынан «шығып қалды», яғни ешқандай жаңасы жоқ, бұрын болған топ бұзылды. Ал жоғарыда көрсетілген үш топты өз анықтамалары бойынша басқа топтардың құрамына жатқызуға болмайды. Бұл топтар салық топтарының құрамында және негізгі құралдар топтарын жіктеушіде аталған демек, олар кәсіпорынның есеп саясатында да болуға тиіс. Арнаулы әдебиетте өндірістің ерекшелігіне қарай жою құны 0.1%-тен 0,5%-ке дейін болады деп жазылады. Кәсіпорынның есеп саясатында жою құнының мөлшерін қалай анықтау керек? Ол үшін кәсіпорында соңғы 2-3 жылда негізгі құрал объектілерінің есептен шығарылуына талдау жасау және есептен шығарылатын объектілердің құнынан нақты орташа процент алынған қосалқы сынықтарды, қалдықтарды және жою шығындарын анықтау қажет.
Іс жүзінде активтің жою құны көбінесе елеусіз болады. Ондайда бұл фактіні есеп саясатында былайша көрсету қажет: «Активтің жою құнының елеусіз болуына байланысты амортизацияланатын құнды есептеу кезінде ескерілмейді және нөлге теңестіріледі»
Егер кәсіпорын өзінің есеп саясаты ретінде әділ құны бойынша есепке алу әдісін таңдап алса, оларды танығаннан кейін негізгі құралдарды сарапшылар анықтау керек.
16-ХБЕС-ның 32-тармағында былай делінген «Жер учаскелерінің және үйлердің әділ құны, әдетте, бағалау жолымен нарықтық индикаторлардың негізінде анықталады, оны көбінесе кәсіби бағалаушылар жүргізеді. Машиналар мен жабдықтардың әділ құны болып бағалау жолымен анықталатын нарықтық құны саналады» Туындайтын сұрақ- кәсіпорын қайта бағалауды өзі жүргізе ала ма, өйткені 16-ХБЕС-да машиналар мен жабдықтардың құнын бағалауды кімнің жүргізетіні тікелей айтылмаған ғой? Теория жүзінде, бәлкім, мүмкін болар, бірақ іс жүзінде болмайды. Оның себебі мынадай.
Материалдық активтерді бағалау әдістемерін білу қажет. Оны қысқаша былай айтуға болады: материалдық активтерді бағалау кезінде әдетте дәстүрлі үш тәсілі - нарықтық, шығындық және табыстық тәсілдері қолданылады. Нарықтық (салыстырмалы) тәсіл кезінде объекті құнын есептеуге өзінің тұтыныстық қасиеттері бойынша жақын объектілермен жасалған мәмілелердің бағасы негіздеме болады. Егер осындай меншікті сату бойынша статистика жеткілікті болса, онда осы әдісті пайдалану қажет.
Шығындық тәсіл кезінде құн көрсеткіші ретінде объектінің тұтыныстық қасиетін алмастыруға қажетті шығындар көлемі пайдаланылады, яғни объектіні бағалау үшін мақсаты мен сапасы бойынша ұқсас басқасын салу немесе сатып алу құнынан көп болмайтын соманы төлемеу үшін қажет. Шығындық тәсіл бұрынғы қаржылық салымдарға негізделеді және өндірісті дамыту келешектерін айқындамайды. Бизнестің болашағы болмауы және оны дамытуға жұмсалған шығындарды нарықты жете бағаламайтын жағдайы болуы мүмкік. Табыстық тәсіл мөлшері өзгертілмеген болып саналатын табысты капиталдандыруды, сондай-ақ күтіліп отырған болашаққа табыстың ағынының ағымдағы құнын анықтауды көздейді. Бұл тәсіл сатып алынатын бизнестен болашақта пайда табуды күту қағидатына негізделеді. Табыстық тәсіл кезінде ақша қаражаттарының ағынын дисконттау әдісінің қолданылуы да мумкін.
Көріп отырғанымыздай, үш тәсілден басқа олардың қандай жағдайларда пайдаланылатынын білу керек. Сондықтан мүлікті өз бетіңізше бағалауға тырыспай, ол үшін осы саладағы бағалаушы мамандарды тарту керек.
Бухгалтерлік стандарттар тұрғысынан қаржы есептілігінде жарамды және шаруашылық қызметінде пайдаланатын негізгі құралдардың баланстық құнының болмауын дұрыс деп санауға болмайды. Егер бухгалтерлік есеп реформаланғанға дейін мұндай жағайларға жол беріліп келген болса, бухгалтерлік есеп стандарттарын қабылдағаннан кейін нақты алғанда мұндай оқиғалар оларды тіпті қаралмаған.
Қаржы есептілігінің халықаралық стандартында мұндай ауытқулар тікелей қаралмаған. Егер олар іргелі сипатта болса, ХҚЕС бойынша қаржы есептілігіне түзету енгізілуін қажет етеді.
Қолданыстағы негізгі құралдарға амортизацияның толық сомасы есептелген болса, бұл жағдайды қаржы есептілігінің дұрыстығына оның салдарларының әсерін ескерте қарау керек. Амортизация калькуляторға, принтерлерге, телефон апараттарына және тағы толтырылып толық есептелінген жағдай бір басқа да тозу негізгі құралдар объектілеріне толық есептелінген жағдай бір басқа. Бірінші жағдайда бұл қаржы есептілігі үшін елеусіз екені түсінікті, екінші жағдайда, аталған негізгі құралдар өндіріске тікелей қатысатынын ескерсек, ондай ауытқулар өнімнің өзіндік құнның қалыптастыруына түрде ықпал етуі мүмкін. Нәтиже - өнімнің өзіндік құнын бұрмалауы және, тиісінше, кіріс пен шығыс туралы есеп деректерінің дәлме –дәл болмауы.
Негізгі құралдардың пайдалы қызметінің мерзімін және жою құнын қажет болған жағдайда қайта қарауға болады
Сонымен, бухгалтерлік пайдалану мерзімі бастапқыда белгіленген пайдалы қызмет мерзімімен асатын негізгі құралдар объектілерінің жағдайына талдау жасай отырып бұл мерзімді ұлғайту жағына қарай қайта қарауға тиіс пайдалы қызмет мерзімінің қайта қаралуын маманның көмегі мен анықтауға болады негізгі құралдар объектілерін техникалық шолуды, әдетте, жылдық түгендеу жүргізілетін кезеңде жүзеге асырылуға болады.
Негізгі құралдардың пайдалы қызметінің мерзімі және жою құны дербес анықталады. Амортизацияны негізгі құралдардың жою құнын ескере отырып есептеу ағымдағы құн көрсеткіштерін және кәсіпорынның амортизациялық аударымдар түріндегі шығыстарын нақты анықтау үшін жүзеге асырылады. Жою құнын анықтау үшін жүзеге асырылады. Жою құнын анықтау тәртібі, амортизациялық есептеу әдістері есеп саясаты мен анықталуы тиіс.
Жою құнын 0 ретінде анықтауға болатынын атап көрсету керек, өйткені көптеген жағдайларда ағаш немесе ескі- құсқы, сондай-ақ ескірген және тозған қосалқы бөлшектер, тараптар, жинақтаушы бөлшекте және тағы басқа түріндегі қалдықтарды сатып алушылардың табылуы немесе субъектінің шаруашылық қызметінде оның пайдаланылуы екіталай. Кез келген жағдайда субъектілер жою құнын нақты жағдайларды ескере отырып өзбетінше анықтау құқылы.
Толық тозған негізгі құралдарға түзетулер енгізу үшін орындаулы және сақтық принцептерін ескере отырып, объектінің өзіндік құнын қайта бағалауды ұсынуға болады, бірақ мұндай түзету өз құндары қаржы есептілігі үшін елеусіз объектілер үшін жарамдыдеп санаймыз.
Толық амартизацияланған, бірақ пайдаланудағы объектілер үшін қайта бағалауды былай көрсетуге болады: негізгі құралдар шоттарының Д-ті К-ті 6160 бұдан әрі негізгі құралдар амартизатцияны есептеместен есепте болады. 6160 -«басқа да табыстар» шоты бұрын амартизацияға артық есептелген шығысқа жатқызылатын соманы теңестіру үшін қолданады. Салық салу мақсаттарында бұл табыс ескерілмейді. Қалпына келтіру құны салық есебіндегі тіркелген активтердің шағын топтарының құнына, біздің ойымызша, енгізілуге тиіс емес.
Тіркелген активтердің жаңа ұғымы активтерді сатып алуға немесе жасауға 2006 жылғы 1 қаңардан бастап қатысты болды. Тіркелген активтерді анықтау кезінде артықшылық негізгі құралдар мен материалдық емес актвтерді бухгалтерлік есепте тану өлшемдеріне беріледі. Тіркелген активтерді кіші салық топтарына қосу кезендерін бөліп көрсетейік:
1 Сатып алынған немесе жасалған активтерді негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес тану өлшемдеріне сәйкестігі тексеріледі. Бұл жағдайда актив мекеменің сол объект жөніндегі ой мақсатын ескере анықталуға сәйкес келуі тиіс.
2 Тану анықтамасы мен өлшемдеріне сәйкес келетін актив бухгалтерлік балансқа енгізіледі.
3 Актив бухгалтерлік балансқа енгізілгеннен кейін оның жылдық жиынтық табыс алуына қатысу тексеріледі. Егер негізгі құралдар мен материалдық емес активтер осы қосымша шартқа сәйкес келетін болса, салық кодексінің 106-бабына сәйкес активтер тиісті салық топтарының құн балансына қосылады.
Бухгалтерлік есепте сондай деп танылған, бірақ жылдық жиынтық табыс алынуына қатыстырылуы көзделмеген негізгі құралдар салық топтарына қосылмайды және бір мезгілде шегерімге жатқызуға жатпайды.
Қазіргі кезде мына бір жағдай Салық кодексіне реттелмеген күйінде қалып келеді: актив бухгалтерлік есепте негізгі құралдар объектісі болып табылады, бірақ жылдық жиынтық табыс алынуына қатысқан жоқ. Белгілі уақыт өткенен сон мекеменің ой мақсаты өзгерді сол активті жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдалануды көздейді. Бұл жағдайда актив Салық кодексінің 105-бабындағы анықтамаға сәйкес келеді, алайда кодекстің 106-бабында актив салық тобында қосуға тиісті құн көзделмеген. Менің ойымша салық кодексінің 106-бабына толықтырулар енгізілуі керек, өйткені бұл жағдайда осы негізгі құралдарды салық тобына баланстық құны бойынша қосу мүмкін.
Бухгалтерлік есеп стандарттарында және оларға әдістемелік ұсыныстарға сәйкес кітапхана қоры амортизатцияланбайтын активтерге жатады, ал салық заңнамасында ол амортизацияланатын объект болып табылады. Кітапхана қор амортизациялық аударымдар арқылы кейін шегерімдерге жатқызу амортизатциясының тиісті нормасының қолдануы тіркелген активтерді кіші салық тобына қосу сәтіндегі дұрыс қадамдарға байланысты. Активті белгілі бір кіші топқа қатыстылығы бойынша дұрыс жіктемеу секілді қателіктер нақ осы кезеңде жіберіледі. Мәселен, тоңазытқыш жабдықты тұрмыстық тоназытқыштан ажырата білу, жылдық жиынтық табыс алуына олардың екеуіде қатысады деп санау керек, алайда олар түрлі салық тобына қосылатын болады, сондықтан олар бойынша шекті нормалармен шегерімдер сомалары тиісінше әртүрлі болады. Активті дұрыс жеткізу үшін негізгі құралдарды есепке алу жөніндгі комиссияның құзыреті қортындысына сүйенуге болады, өйткені объектілер келіп түскен сәтте оларға белгілі бір функциялар жүктелген болатын.
Бухгалтерлік есепте –негізгі құралдарды тану анықтамасы мен өлшемдеріне сәйкес келетін активтер бойынша пайдалы қызмет мерзімін және амортизациясын есептеудің экономикалық пайда алудың жоспарланатын схемасына сәйкес келетін әдісін анықтаймыз;
Салық есебінде - Салық кодексінің 105-бабының анықтамасына сәйкес тіркелген активтерді тиісті кіші салық тобына қосу үшін құзыретті коммиссия жіктейді.
Қазіргі кезде ХҚЕС бойынша амортизацияны есептеу проблемалары туындауда. Амортизацияны есептеудің бес түрі болатын, ХҚЕС-не көшуіне байланысты негізгі құралдар амортизациясының есебіның үш түрін ұсынады:
Негізгі құралдар құны бойынша амортизацияны бірқалыпты есептеу әдісі
Амортизацияны орындалған жұмысының көлеміне пропорцияналды түрде есептеу әдісі
Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша есептеу
Қазіргі кезде бұл жағдайды проблема ретінде қарастыруға болады.
Толық амортизация өздеріне қате есептелінген негізгі құралдардың баланстық құнын сәйкестендіру үшін қажет есептерін сондай сәйкессіздік байқалған күнге дейін қайта қарау мен түзету қажет. Түзету объектісінің пайдалы қызметі мерзімінің қайта қаралуын ескертіп енгізіледі, егер өзгерістер елеулі болса, қаржы есептері қайта қаралады
Көптеген ұйымдарда кәсіпорынның барлық активтерінің жартысынан көбін негізгі құралдар құрайды. Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары – кәсіпорынның қаржылық жай – күйі және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін білдіреді.
Мәселен, АҚ «Коксу-Шекер»мекемесінің басшылығы пайдаланушыларға қаржылық есептерде сапалы, айқын және салыстырмалы ақпарат ұсыну мақсатында ХҚЕС – на сай дайындалған алғашқы қаржылық есептілік жасау үшін іс шаралар жоспарын жүргізу туралы шешім қабылдады.«ХҚЕC бойынша алғашқы қаржылық есептілік» термині оның ХҚЕС –на айқын сай келетіні және әрбір қолданылатын стандарттың барлық талаптары қанағаттандыратыны туралы мәлімдеме және оған түсініктеме бар алғашқы қаржылық есептілікті білдіреді.
Осындай мәлімдеме жасау үшін АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің кең көлемінде алдын ала жұмыс жүргізуі қажет болады. Алдын ала жұмыстың негізгі кезендерінің бірі кәсіпорынның есеп саясатын ХҚЕС –на сәйкес келтіру және оның ережелерін алғашқы қаржылық есептілікте көрсетілген кезендерге мән бере отырып қолдану болып табылады.
Сонымен мекеме есеп саясатын қалыптастыру:
әрбір стандартта ұсынылған тәсілдердің бірін таңдауда;
оларды ұйым қызметінің шарттарына қарай негіздеуде және бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін негіз ретінде қабылдауда екендігін айқындады.
АҚ «Коксу-Шекер»мекемесінің мамандары мынандай алдын ала жұмыс жүргізеді:
Негізгі құралдарды есепке алуға қатысты мекеме қолданатын есепке алу принциптеріне талдау және бағалау жүргізілді және олардың ХҚЕС-дағы принциптерге сәйкестігі тесттен өткізілді;
Жүргізілген талдау нәтижелерінің негізінде АҚ «Коксу-Шекер»мекемесінің Есеп саясатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының ережелеріне сәйкес белгілі бір оқиғаларға, операцияларға және мәмілелерге қатысты кәсіби пайымдаулар қалыптастырылды;
Қалыптасқан кәсіби пайымдаулар ескеріле отырып, мекемесінің ХҚЕС – дағы тиісті принциптерге сай келетін есеп саясатының ережелері әзірленеді.
Осыған байланысты іс жүзінде әрбір халықаралық стандарттардың кәсіби пайымдауы пайдалануды болжайды.
Бүгінгі күні Республикада ХҚЕС-ын ресми бекітілген мәттіннің жоқ екендігін ескере отырып, біз Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі әзірлеп ұсынылған 16- «Жылжымайтын мүлік, үйлер, жабдықтар» халықаралық бухгалтерлік стандарттарын қолдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бағдарға алатын боламыз.
Жоғарыда аталған ХҚЕС-ын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бухгалтерлерге іс жүзінде көмек көрсету үшін әзірленген бірден айта кетеміз олар шын мәнінде ХҚЕС- ның дәл өзі болып табылмайды және нормативтік құқықтық актілер болып табылады
Негізгі құралдар АҚ «Коксу-Шекер» мемемесінің барлық активтерінің едәуір бөлігін құрайды, себебі АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінде негізгі құралдарды есепке алудың толық және шынайы болуының принциптерін сақтау кәсіпорынның қаржылық жай күйі туралы сенімді ақпарат ұсынуға айтарлықтай ықпалын тигізеді. Негізгі құралдар – бұл:
мекеме тауарлар өндіру несесе жеткізу және қызмет көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланады.
бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға болжанатын материалдық активтер.
Қызметкерлердің жұмыс істеуіне және демалуына ыңғайлы жағдай жасау үшін АҚ «Коксу-Шекер» мекемесін тоңазытқыш, үй, офис жиһаздарын, сатып алады. Мынадай сауал туындайды: осындай обьектілер негізгі құрал ретінде тануға бола ма?
Жоғарыда аталған обьектілерді жіктеу кезінде мекемесінің бухгалтерлік қызмет бөлімінде қиындықтар пайда болуы ақылға қонымды, өйткені оларды пайдаланудан болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығының дәрежесін бағалау едәуір қиындық туғызады.

- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі Құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау
- Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау
- Негізгі құраолдар есебі
- Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі