Негізгі құралдар есебі. 6
|
Астана қаласы Білім Басқармасы Политехникалық колледжі
010000
«Қаржылық есеп» пәні бойынша
Тақырыбы: «Негізгі құралдар есебі»
Оқушы:____Акишева Ж.К._______ _________ __________ аты- жөні Оқытушы:_Абилкасымова Г.К.__ _________ __________ аты- жөні
Қорғау күні ____________
Астана 2013 жыл |
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру әдістемелік нарықтық қатынастырға сай жасалуы туындап отыр. Нарықтық экономикаға дамыған сайын олармен бірге өндірістер, кәсіпорындар, компаниялар, банктермен шаруашылық серіктіктер бірге дамуда.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Қазіргі нарықтық экономикаға өту кезінде көптеген субъектілер жекешелендіріп негізгі құралдар Акционерлік қоғаммен және шаруашылыққа қарады. Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық
өндіріс салаларында, сонымен қатар
өндірістік емес салаларда бір жылдан астам уақыт бойы қызмет
ететін және де жұмыс істейтін материалдық
- заттық құндылықтар. Оларға жататындар:
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар
жабдықтар, көлік құралдарын, өндірістік
және шаруашылық мүлкі, құрал - саймандар
жатады. Шаруашылық қызметте пайдалануға
арналған негізгі құралдарды сатуға немесе
ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай
бағаланбаған негізгі қорлар - негізгі
құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік
есепте осы бағамен көрінеді және субъект
балансында көрініс табады.
Егерде осы негізгі қорлардың бағасы нарықтық
экономикада сатып алу құнымен көрсетілсе,
оладың бағалануы инфляция коэфиценттеріне
байланысты болады.
Қазақстан Республикасында қазіргі жағдайда халықаралық тәжірбиедегі негізгі құралдардың есепке алынуының жетік әдістері енгізілуі қолға алынған. Соған сәйкес негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін бухгалтерлік есептің № 6 «негізгі құралдарды есепке алу» стандартына сәйкес жүргізіледі. Осы стандартта негізгі құралдардың амортизациялық тозу сомасын есептеу әдістері көрсетілген.
Курстық жұмыстың
мақсаты «Локомотив сервис орталығы»
АҚ - да негізгі құралдардың есебі
мен талдауын ұйымдастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселерді
қарастыру қажет:
־ кәсіпорынның негізгі қаржы - экономикалық
кәсіпкерлігі бойынша негізгі құралтар
түсініктеме беру;
־ негізгі құралдардың есебін жүргізуді
қарастыру;
־ талдау жүргізу әдістемесінің мәнін
және есебін анықтап көрсету.
Бұл жұмыста өндірістің меншікті негізгі
құралдардың есебі, оған қоса толығымен
операциялардың талдауы жасалынған.
Қазіргі заман талабына сай меншікті негізгі
құралдырадың есепке алуда компьютерлендіру
жүйесі толығымен қарасытырылған.
Кез келген өндіріс өз
қызметіне құрал-жабдықтарын
Негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар. Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕC-қа сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Бірақ та біз ұмытпауға тиіспіз әр бір затты ұқыпты ұстамаса онда ол бұзылып қалады негізгі құралдарда сол сияқты бұзылуы мүмкін . Бұндай жағдайда біз оның бетін ала аламыз – жөндеу арқылы. Жөндеу есебі кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың естен шыққан жағдайында өндіріс процесі де тоқтауы мүмкін. Ал өндіріс процесінің тоқтауы біздің пайда табуымызға кедергісін жасайды. Ал жөндеу арқылы біз өндіріс процесінде көп жетіктіктерге жетеміз.
1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі
Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер.
Оған мыналар жатады:
- жылжымайтын мүліктер;
- көлік құралдары;
- жабдықтар, өлшеу аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар және т.б.
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машина мен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.
Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған.
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған.
Меншікті – бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.
Жалданған - жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа субъектілердің алынған негізгі құралдар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы.
Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар.
Қолданылмаған (тоқталған) - консервацияға немесе басқа себептерге байланысты қолданылмай тұрған негізгі құралдар.
Запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар.
Түріне қарай негізгі құралдар 13 топқа бөлінеді:
1. Жер;
2. Үйлер - бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне және материалдық құндылықтардың сақталу жағдайынан тұратын сәулет құралдар;
3. Ғимараттар - еңбек заттарының өзгеруіне байланысты жоқ қандай бір функцияналды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инжинерлік құрылыс объектілері (платина құбырлы өткізгіштер және т.б.);
4. Беріліс құрылғылар –электронды жылулық және механикалық қуат беруге арналған құрылған (электр тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. б;
5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер оның құрамына кіретін саймандарды, керек-жарақтарды аспаптарды басқа инвентардың бөлігі болмаса инвентарлық объект болып табылатын инвентор дегеніміз - түгендеу. Бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
а ) Күш беретін машиналар мен жабдық машиналар жылу және электр қуатын өндіретін электрометорлар және т.б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар) және т.с.с;
б) Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар апараттар және жабдықтар және т.б;
в) Өлшеу және реттеу аспаптары және т.б;
г) Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу машиналары);
д) Өзге де машиналар мен жабдықтар;
6. Көлік құралдары. Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары және т.б;
7. Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар (балға, тесетін,тұратын және с.с. құралдар);
8. Өндірістік инвентар және керек жарақтар. Өндіріс операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар;
9. Шаруашылық инвентар. Кеңсеге және шаруашылықтарда қажетті заттар;
10. Жұмысшы және өнім беретін малдар ( ірі қара, қошқар және т.с.с.);
11. Көпжылдық өсімдіктер;
12. Жерлерді ;
13. Өзге де негізгі құралдар. ( қосымша 1,2 )
1.2. Негізгі құралдардың тозу есебi.
Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық.
Негізгі қорлардың табиғи
тозуы олардың өндіріс
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиға тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.
Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді. Ол активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу
Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома.
Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны.
Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.
Нақты ұйымға арналған айрықша
құн – ұйымның болжамына сәйкес
қандай да бір активті пайдалануға
және оның пайдалы қызмет мерзімінің
соңында шығып қалуына
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға
берілген негізгі құралдар бойынша
амортизация есептеу келіп
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді.
1 - кесте. Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару бойынша шоттар корреспонденциясы.
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
Қолданыстағы негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы:
|
540 000 197 000 |
8110 8110 |
2420 |
2 |
Негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация: а) жалпы өндіріс цехтарында есептелген амортизациясы |
398 000 |
8110 |
2420 |
б)басқару-әкімшілігіндегі объектілерінде есептелген амортизация |
293 000 |
7210 |
2420 | |
в) әлеуметтік аясында |
170 000 |
8410 |
2420 | |
г) сатып алу бөліміндегі есептелген амортизациясы |
160 000 |
7110 |
2420 | |
д) тау-кен өндірісіндегі |
80 000 |
1620(343) |
2420 | |
Жиыны |
1 838 000 |
x |
x | |
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 12-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» деген аралық шотының дебеті бойынша және 13 бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың амортизациясы есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:
-құнын бірқалыпты (түзу
сызықты) жолмен есептеп
-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды ( немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
-жеделдетіп есептен шығару;
-қалдығын азайту
-құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару;
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланылады.
Таңдап алған амортизацияны
есептеу әдісі субъектінің
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.
Дүйсембаева К.Ш. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында жазылғандай негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.
Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника және технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимараттар түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.
Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:
- Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады);
- Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
- Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
- Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;
- Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер. Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;
- Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады.
1.3. Негізгі құралдардың амортизацияны есептеу әдісі.
Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.
Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық құны ретінде анықталады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.
Амортизация нормасы – бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.
Автомобиль көлігінің
жылжымалы құрамының амортизаци
Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.
Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде негізгі құралдар әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс.
Т.Ә. Әбдіқалықовтың «Аудит және бухгалтерлік есеп» атты еңбегінде негізгі құралдың ( үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, т.б.) өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» - деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп шығарған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады. Маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға жыл бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы жыл соңында субъектінің жыл бойы өндірген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнына кіргізіледі.
Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептеледі. Ал субъектінің баласынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептелмейді.
Бухгалтерлік есептің №16 ХҚЕС «Негізгі құралдарды (құрал-жабдықтарды) есепке алу» - деп аталатын стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:
- құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі.
- құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
- жылдамдатып есептен шығару әдістері
а) қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі
б) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.
Амортизациялық аударым есептеудің қолдануға таңдап алынған әдісі шаруашылық субъектінің есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі құралдарға қолданылатын амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептермен болғаны қаржылық есептемеде айтылып көрсетілуі керек.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісі қауіпсіздікті

- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі Құралдар есебі
- Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық
- Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы
- Негізгі құралдарды талдау
- Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі