Негізгі құралдарды талдау
Кіріспе
1 тарау. Есеп және талдау
2 тарау Кәсіпорынның техника экономикалық сипаттамасы
2.1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2.2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
3 Тарау Негізгі құралдардың есебі
3.1. Негізгі құралдардың есебі
3.2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
3.3. Негізгі құралдардың тозуының есебі
3.4. Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі
3.5. Негізгі құралдардың айырбасталуын есепке алу
3.6. Негізгі құралдарды түгелдеу
4 Тарау. Негізгі
құралдарды талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тіркемелер
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткігіш тетіктер, машианалар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал – саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:
А) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; және
Ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйеден топтастырудың экономсиканың барлық салаларында біріңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар – деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал – саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады. өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстың үй – жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатқызылады. Экономиканың саларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық – техникалық жабдықтау, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек және тағы да басқа салар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономиканың саларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізгі алынады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру үшін, тозған бөлігінің құндарының қайтарым көлемдерін нақты шамада белгілеу үшін, құрамдары мен кіріс, шығыстары жөніндегі есептің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау үшін негізгі құралдардың бәрін елеулі белгілері бойынша біріңғай жүйелеп топтастырудың ерекше маңызы зор.
Негізгі құралдарды
2 тарау. Кәсіпорынның
техника экономикалық
сипаттамасы
2.1.
Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
МАБ «Тимур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылдың қаңтар айында өз жұмысын бастады. Ол Алматы қаласы, Абай даңғылы, Розабакиева көшесі №157, офис №14, 6 шы қабатта орналасқан.
Бұл жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің ашылғанына
Негізінен, бұл жауапкершілігі
серіктестіктің қызметі –
Бұл МАБ «Тимур» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі қазіргі кезде
бірнеше игі істердің орындалуына қаржы
жағынан қал ұшын беруде.
2.2. Бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру
Бухгалтерлік есеп – белгілі бір шаруашылық жүргізүші субъект туралы қаржылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік варианттарын таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есептің міндетті қызметі – басқару шешімдерін қабылдау мақсатына пайдалану үшін шаруашылық жүргізүші субъект туралы қаржылық сипттағы сандық ақпараттарды дайындау. Демек, қазіргі заманғы бухгалтер тек шоттарды жүргізүмен ғана айналысып қоймайды, сонымен бірге жоспарлау мен шешім қабылдаудан, бағалау мен субъект қызметіне шолу жасаудан және аудит өткізүден тұратын кең көлемді қызметті жүзеге асырады.
Бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық қызметі мен шешім қабылдаушы адамдардың арасын байланыстырушы сала ретінде қызмет атқарады. Ол:
- Субъектінің шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді ары қарай пайдалану үшін ларды тіркеу жолымен өлшейді
- Керекті сәтке дейін сақтай отырып, мәліметтерді өңдейді, ал содан кейін олар пайдалы ақпараттарға айналу үшін қайта өңдейді
- Қорытынды есеп беру арқылы ақпараттарды оларды пайдаланушылар шешім қабылдау үшін тапсырады.
Яғни, бүгінгі күнгі бухгалтерлік
ақпараттарды
Субъектінің шаруашылық
Бухгалтерлік есеп пен шоттарды жүргізудің арасындағы айырмашылықты көбінесе адамдар түсіне бермейді. Шоттарды жүргізу – бухгалтерлік есепті жүргізу процессі, шаруашылық операцияларын тіркеу және есептік құжаттарды сақтау құралы. Бұл өзінен-өзі бірнеше рет қайталанатын жұмыс - пайдаланушыны қанағаттандыратын ақпараттық жүйені құру кірүші бухгалтерлік есептің бір бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – ақпараттарды талдау, түсіндіру және пайдалану.
Көптеген кәсіпорындар, сондай – ақ, қаржылық емес ақпараттарды пайдаланады. Сан түрлі ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әдетте, басқару ақпараттық жүйе құрылады. Бұл жүйе кәсіпорынды басқару үшін қажетті ақпараттарды берүші, өзара байланысты кіші жүйелерден тұрады. Экономикалық мәліметтер легін басқаруды және оларды кәсіпорынның барлық бөлімшелеріне сонымен бірге кәсіпорыннан тыс жердегі мүдделі тұлғаларға бағыттауда жетекші роль атқаратындықтан, бухгалтерлік кіші жүйелер маңыздырақ болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол басқару аппаратында да, сыртқы пайдаланушыларда да кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық көрінісінің бар болуына мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:
- субъектіні, сонымен бірге басқа да мүдделі тұлғаларды оның шаруашылық қызметі туралы толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету.
- субъектінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылау жасаушы мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалерлік есептің
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралы» жарлығы. Онда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың және жүргізүдің, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың концептуалдық ережелері мен жалпы принциптері; заңды және жеке тұлғалардың, басқару қызметкерлерінің бұл саладағы құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері; бухгалтерлік ақпараттарының дұрыстығын қамтамасыз ететін шаралар; активтермен міндеттемелерді бағалау тәртібі, бухгалтерлік ақпараттар есебінің әдістері айқындалған.
Екінші деңгей – есептің халықаралық стандарттарына негізделіп жасалынған Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар жүйесі.
Мысалы, бухгалтерлік есептің 6 «Негізгі құүралдардың есебі» деп аталатын Қазақстандық стандарты кәсіпорын басшысының таңдауына амортизацияны есептеудің төрт түрлі әдістерін ұсынды. Кәсіпорын басшысы, өз өндірісінің нақты жағдайын, ерекшелігін және динамикасын біле отырып, негізгі құралдардың пайдаланылуын объективті түрде көрсете алатын амортизацияны есептеу әдісін таңдауға тиісті.
Бухгалтерлік және қаржылық
Үшінші деңгей – бухгалтерлік есеп стандарттарының мазмұнын ашып көрсететін, субъектілердің қандай салаға жататындығына, көлеміне, типіне және құқықтық – нормативтік құжаттарда көрсетілген басқадай факторларға байланысты оларға бухгалтерлік есепті тікелей өздері ұйымдастырудың варианттарын ұсынатын әдістемелік ұсыныстармен нұсқаулар.
Жоғарыда атап көрсетілген үш деңгейдің құжаттары әмбебап, олар бухгалтерлік есепті уйымдастыру мен жүргізүдің жалпы ережелерін анықтайды және де ол құжаттарды меншіктің түрімен шаруашылық жүргізү тәсілдеріне қарамастан, заңды тұлға болып есептелетін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сонымен қатар заңды тұлға түрінде құрылмай – ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар пайдалана алады. Сонымен бірге, олардың негізінде шаруашылық жүргізүдің ұйымдық – құқықтық нысанына, көлеміне, салалық ерекшеліктеріне, қызметінің саласымен сипаттамасына және басқадай міндеттеріне байланысты кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есептің және бақылаудың нақты нысандары мен әдістерін өз бетінше таңдап алу құқығы қарастырылған.
Ал төртінші деңгейі – жарлықтың, бухгалтерлік есеп стандарттарының және бухгалтерлік есеп бойынша өкілетті органдар дайындап шығарған басқадай нормативтік актілердің негізінде дайындалған субъектінің өзінің бухгалтерлік есеп жөніндегі жарлықтары, бұйрықтары, кәсіпорынның есеп жүргізу саясатын құрайтын шешімдері.
Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетүге мүмкіндік береді. Ол, әрине, жалпы еліміздің экономикасын көтерүге оң әсерін тигізеді.
Бухгалтер өзінің міндетті қызметін орындау кезінде ақпараттар мен байланысты көптеген әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
3. Тарау Негізгі
құралдардың есебі
3.1. Негізгі құралдардың
есебі
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттті қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1.
Жер (кәсіпорында
2.
Өндірістік ғимараттар мен
3.
Машиналар мен жабдықтар,
4. Көлік құралдары;
5. Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті және жалға лаынған болып екіге бөлінеді.
Бугалтерлік
есептің халықаралық
- Өзіндік (бастапқы) құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақшақаражаттары эквиваленттерінің не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.
-
Амортизацияланушы (тозушы) кұн –
жойылу құнын тастағаннан
-
Жойылу құны – негізгі
-
Әділетті (сатып - өткізу) құн –
бір – бірінен жақсы хабардар
тәуелсіз жақтардың арасында
операцияны жүзеге асыру
-
Құнды төмендетуден шеккен
-
Баланстық құн – жинақталған
тозу мен құнды төмендетуден
шеккен зиянды алып
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануға тиісті.
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде.
ә) Негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізүге байланысты тікелей шығындар кіреді, сатып алу бағасын анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындарға жатады:
а) алаңды (құрылыс жүргізүге арналған участокты) дайындау шығындары;
ә) тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
б) орнатуға байланысты шығындар;
в) архитекторлардың және
Кәсіпорынның өзінде
Негізгі құралдар алғаш есепке
алған кезде оның өзіндік құны
мен қалпына келтіру құны тең
болады, себебі оны есепке алған
уақыт пен қайта бағалау
Қайта бағалау жүргізілген
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың есебін
Қаржы есептемесі мынандай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:
а) негізгі құрал – жабдықтардың қозғалысын есепке ала отырыпң, оларды әрбір түрі бойынша кезеңнің бас кезіндегі және аяғындағы бастапқы құны туралы :
- іске қосу ;
- шығып қалу;
- бастапқы құндағы өзгерістер, өзгерістердің себептері;
б) негізгі құрал – жабдықтардың әрбір түрі бойынша амортизация есептегенде:
- амортизация есептеуде пайдаланылған әдіс ;
- амортизацияланатын негізгі құрал – жабдықтардың есепті кезеңнің бас бас кезіндегі және аяғындағы бастапқы немесе ағымдағы құны;
- есепті кезеңнің бас кезіндегі
және аяғындағы жинақталған
в) қайта бағалау жүргізген кезде:
- негізгі құрал – жабдықтардың әрбір түрінің есепті кезеңнің бас кезіндегі және аяғындағы құны;
- қайта бағалудың негіздемесімен кезеңдігі;
- қайта бағалаудың жүргізілген күні;
- қайталап бағалауды жүргізу әдісі;
- сараптау бағасын беруші.
Бұған қоса қаржы
а) уақытша пайдаланылмай
б) амортизация толық
в) міндеттемелер үшін
г) негізгі құрал – жабдықтарды сатып алу жөнінде өтелмеген міндеттемелер;
д) есепті кезеңнің аяғындағы аяқталмаған құрылыстың құны;
е) пайдаланудан шығып қалған, бірақ оларды бұдан әрі өткізу мақсатында негізгі құрал – жабдықтардың құрамында есепте тұрған негізгі құрал – жабдықтардың жекелеген түрлерінің есепті кезеңнің аяғындағы құны;
ж) негізгі құрал – жабдықтарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындарға байланысты есеп жүргізу саясаты.
Негізгі құралдар өндірістік
процестерде еңбек
Негізгі құралдардың, оларды
- Негізгі құралдардың амандығы мен түгелдігін ұдайы қадағалап отыру және қамтамасыз ету.
- Негізгі құралдардың кіріс, шығыс және пайдалану операцияларын дер кезінде тиісті құжаттармен куәландыру.
- Нкгізгі құралдардың тозу дәрежесін дурыс анықтап, олардың құндарының қайтарымын дұрыс анықтап, олардың құндарының қайтарымын дұрыс есептеу.
- Негізгі құралдарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, олардың жөндеу жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қадағалау.
- Негізгі құралдарды жоюдың нәтижелерін финанстық тұрғыдан дұрыс анықтау.
3.2. Негізгі құралдарды
кіріске алудың есебі
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен (жолдармен) алынуы мүмкін:
а) нақты ақша қаражаттарына сатылып алынады;
б) несиеге алынады;
кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен) алынады;
в) басқа кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретінде (тегін) алынады;
г) салу (құру), жасау арқылы алынады;
д) басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар "Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін" (№НҚ-1 нысанындағы) толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды қабылдағанда мына мәліметер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, қабырғасы мен едендерінің, салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері көрсетіледі. Қабылдакан объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық номер бекітіледі. Акт тиісті комиссиямен толтырылады. Құжат төменде келтірілді.

- Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі
- «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
- Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
- Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы
- Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны
- Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі
- Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық
- Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы