Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары.
Кіріспе
1.Бөлім. Негізгі құралдардың жіктелуі, мойындау шарттары және бағалануы.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі,мойындау шарттары.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
2.5.Негізгі құралдарға түгендеу.
3.Бөлім. Негізгі құралдарға салынатын салықтар.
3.1 .Дивиденттерді негізгі құралдар нысанында төлеу туралы.
3.2.Жер,мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша есепті түзету.
3.3.2009 жылғы көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі.
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттің тізімі
Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күші мен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады. Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты,өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
еңбек заты (шикізат,материалдық ресурстар) - еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп , дайын өнімге айналатын заттар;
құрал – жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек зеттеры өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық негізі болып табылады. Өндірістік қор негізгі және айналым қоры болып екіге бөлінеді. Бұлай бөліну себептері олардың өндіріс саласында атқаратын қызмет сипатын және өз құндарын дайын өнімге аудару түріне байланысты.
Негізгі құралдар деп-өндірістік процеске көп жыл қатарынан,бірнеше қайтара қатыса отырып,өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын дайын өнімге,тозуына байланысты бірте-бірте қосып отыратын активтерді айтамыз.
«Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері,үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер тағы басқалар жатады.
Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі құралдардың құрамына өндірістік және өндірістік емес қорлар кіреді. Өндірістік қорларға жататындар: өндірістің,құрылыстың, ауыл шаруашылығының,автомобиль көлігінің, сауданың және де басқа материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес қорларға:тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларына арналған қор жатады. Негізгі құралды ажыоатуда түрі,өндірістік процестегі ролі, құрылымдық ерекшеліктері, тегі және басқа ерекшеліктері, белгілері орын алады. Негізгі құралдың түрлері,олардың жұмыс істеу ұзақтығы және көпшіліктің қолданылуы орталықтан бекітілген бүтіндей натуралдық заттық жүктеуді қажет етеді. Бұл топтастырылу есепке алудың негізін, негізгі қордың экономикалық сипаттамасын, амортизациясын, негізгі қордың жіктеу бірлігі болып,белгілі бір қызметтері атқаруға арналған, құрылымдық ерекшелінген зат ретінде түсіндірілетін зат немесе жекеленген заттардың белгілі бір жұмысты орындайтын ерекшелінген жиынтығы болып табылады.
ХҚЕС №16 «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес осы стандарттың мақсаты,қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымының негізгі құралдар инвестициялары және ондай инвестицияға өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін негізгі құралдар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Негізгі құралдар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану,олардың баланстық құнын және осыларға байланысты танылуға тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған шығындарды анықтау болып табылады.
Баланстық құн- кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сомма.
Амортизациялық құн-жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сомма.
Әділ құн-жақсы хабардан,осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасындағы мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сомма.
Құнсызданудан болатын залал-активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сомасы.
Кәсіпорында негізгі құралдардың болуы өзекті болып табылады. Негізгі құралдар кәсіпорында өнім өндіруге,қызмет етуге, сонымен қатар пайда табу көзі болып табылады. Негізгі құралдар болмаса кәсіпорын өзінің жұмысын атқара алмайды,яғни өнім өндіре алмайды.
1.Бөлім.Негізгі құралдардың жіктелуі,мойындау шарттары
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік,жер учаскілері,үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатады.
Көлеміне немесіне бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай -ақ құрылыс -монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар,яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін , яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал -саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй- жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық- техникалық жабдықтау және сату- өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалары бойынша топталады.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырылған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса,онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Мысалы:өнеркәсіптік ұйымдағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.
Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылығы саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а)үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және тағы басқалар);
ә)ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және тағы басқалары);
б)өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар және тағы басқалары);
в)машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппаратық трансформаторлар, экскаваторлар,грейдірлер,
г)тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер,көлікке тіркемелер(прицеп),тракторлар және тағы
ғ)құрал- саймандар мен жабдықтар(шкафтар, бактар,контейнерлер және тағы басқалар);
д)шаруашылық құрал- жабдықтар (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және тағы басқалары);
е)жұмыс және өнім малдары;
ж)көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з)жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
и)жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к)басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары);
Негізігі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін,жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үшке бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі,яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылғанда, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдарға келешекте,яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлінеді:
а)негізгі құралдар;
ә)тауарлық- материалдық қорлар;
б)қаржылық инвестициялар.
Негізгі құралдардың объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады:
1.егер кәсіпорынның активпен байланысты келешекте экономикалық пайда алатындығына аса сенімді болса;
2.егер негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығындарды,яғни өздік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
1.2.Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдар дегеніміз -ұзақ уақыт бойы материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс- әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс- қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасын Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 2008ж. 18 қарашадағы №16 қаулысымен бекітілген қаржы шаруашылық қызметтің бухгалтeрлік есебі шоттарының бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс -қызмет аясына байланысты жіктеледі.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай- ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей,ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а)жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылары, сатып алу сату жөніндегі келісімшартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау,тегістеу, тағы басқа) енгізіледі.
ә)құрал жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал- жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға,әкелуге, тиеп- түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал -жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі.
Алайда құрал- жабдықтарды монтаждауда, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса,ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары,еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы, заңгерлерге,архитекторларға төленген төлемдер,құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса,онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ,яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса,онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Мысалы:кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 500000(бес жүз мың) тенгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге. Үй бұзуға кеткен шығын 40000(қырық мың )теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қортындылайтын болсақ,сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды (500000+25000+40000+20000+
- үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса,онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
- ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
-ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау - өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны- бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны -бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны- негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны-бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана есептелінеді:
а)негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә)ҚР Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны осы бір кезде жасап шығаруға, өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын- оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап тұрады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрдe қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.
Негізгі құралдардан бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі.
Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасын бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
2.Бөлім.Негізгі құралдардың есебі
2.1.Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал- саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен;объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал- жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай- ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің , құрал- сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типте болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі.
Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қояды, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс- беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды,не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех(бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана- негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі-есеп айрысу төлем құжаттарына тіркеледі),үшінші дана- негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерияда мүліктік карточка ашылып,негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік-сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер,ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б.нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады,ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (№НҚ-6) тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотекасы бөліміне қояды.

- Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы
- Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны
- Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі
- Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық
- Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы
- Негізгі құралдарды талдау
- Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
- Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының есебі
- Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі
- Негізгі құралдардың есебі
- Негізгі құралдардың есебі
- Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
- «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
- «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары