Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

  бет

 

Кіріспе           4-5 

І Бөлім Негізгі құралдардың мазмұны және есебін

жетілдіру жолдары

    1. Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және

маңызы           6-12

    1. Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі

негізгі құралдар есебін жетілдіру      12-15

ІІ Бөлім “Дастан” баспа - полиграфиялық корпорациясының экономикалық сипаттамасы және қаржылық жұмысы мен

есебін ұйымдастыру

2.1 Кәсіпорынға  ұйымдық экономикалық сипаттама  беру 16-24

2.2 Қаржыжұмысы  мен есебінің ұйымдастырылуы  24-27

ІІІ Бөлім Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру

3.1 Негізгі құралдардың  сентетикалық және

 аналитикалық  есебі        28-45

3.2 Негізгіқұралдардың  тозуын және 

амортизациясын есептеу       45-48

3.3 Негізгі құралдар  есебін автоматтандыру   48-51

3.4 Негізгі құралдардың  аудитінің есері    51-60

Қорытынды          61-63

Қолданылатын әдебиеттер       64-65

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі және айналым қаражаттары болуы керек.

Кез-келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері, еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарынсыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес. Сондықтан өндірістік қорлар  ең алдымен өндіріс бастамасының  негізі бола отырып, өзінің алғашқы формасын сақтай отырып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына өзінің құнын біртіндеп аударатын ұзақ мерзімді активтер болып табылады.

Өндіріс тиімділігін анықтауда негізгі құралдардың шығуы мен түсуі, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай қадағалау мүмкін емес.

Осы дипломдық жұмысымның тақырыбын ала отырып алға қойылған негізгі мақсатым болып “Дастан” баспа-полиграфиялық корпорацясының негізгі құралдарының есебін ұйымдастыру, аудитін жүргізу тәртіптері мен әдістеріне тоқтала кетіп, оның есебі мен аудитін жүргізудегі артықшылықтар мен кемшіліктерді көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындау кезінде шешуін табуға тиісті міндеттер болып:

  1. негізгі құралдардың түсінігі мен экономикалық мазмұнына;
  2. олардың есебін жетілдірудегі ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне;
  3. кәсіпорынның ұйымдық экономикалық және есеп қаржы жұмысына;
  4. негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалануына;
  5. олардың түсуі мен шығуына ;
  6. синтетикалық және аналитикалық есебі мен аудитіне сипаттама беру;
  7. негізгі құралдардың арендасы мен жөндеу есебіне;
  8. негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясына сипаттама беру болып табылады.

Жұмысты орындау кезінде Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп туралы” заңы, Қазақстан Республикасының қаржылық есеп стандарттары, “Дастан” баспа-полиграфиялық корпорациясының жылдық есеп мәліметтері қолданылады. Талдау барысында экономикалық айырмашылықты табу әдістері қолданылады.

Дипломдық жұмыс: кіріспе бөлімінен, ғалымдар мен тәжірибешілер еңбегіне шолу бөлімінен,  кәсіпорынның ұйымдық экономикалық сипаттамасы, негізгі бөлімнен және қорытындыдан, сонымен қатар  5-кестеден тұрады.

Күтілетін нәтиже болып негізгі құралдардың есебі мен аудитін нақты кәсіпорындарда тиімді ұйымдастыру жолдарын және жетілдіру бағыттарын қарастыру табылады. 

Негізгі капитал –бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған орай қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Негізгі қорлар құрамына қарай өндірістік және өндірістік емес объектілер болып бөлінеді.  Біріншіге жататындар: өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активті және пассивті болып бөлінеді. Актив бөлігі тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорлардың толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.

Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы өзінің ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бейнелерін орындауға мүмкіндік болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі құралдарды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі құралдар өзінің конструкторлық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі құралдарды әсіресе олардың активтік бөлігінен дүркін - дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі нарықтық экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктерінің басты факторы – сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеттері  болып саналатыны ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу,  себебі олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі  осыған байланысты болады. 

 

 

 

І-Бөлім Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және есебін жетілдіру жолдары

1.1 Кәсіпорындағы  негізгі құралдардың экономикалық  мазмұны

 

Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен ғана емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалға, зауытта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда тауар болып табылады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық көшеттер, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық), машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару  жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі  болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып табылады. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншік дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансына көрініс табады. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықтар.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал -  жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал – жабдық); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал – жабдық; көлік – құралдары, құрал – сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.

үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрған үй мүліктік объект болып табылады.

ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері.

өткізгіш тетіктер – электр, жылу немесе мехаикалық энергияны өткізу қондырғылары. Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.

 машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса.

есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар,  аспаптар.

көлік  құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект  өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.

құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар.

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар, еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар, сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар, өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі  болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады.

Негізгі құрал-жабдытардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген  салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындарынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:

Жер учаскілері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу – сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша жұмсалатын шығындар.

Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі  жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы стаып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да, объектінің бастапқы құнына қосылады.

Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал – жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық – сметалық құжаттардың құны, т.б. – құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;

Жерді үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. 

Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша – объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса, құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар - өздерінің келісілген бағасы бойынша субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің тозу сомасын қоса есептелген басқа да саты алуға байланысты жұмсалған шығыстар тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша – құжаттарда көрсетілген бастапқы құны алынады.

Айырбас операциясы нәтижесінде алынған негізгі құралдар – бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған ақша қаражаттарының сомасына тең болады.

Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде – малдарды өсіруді нақты өзіндік құны.

Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілген жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны.

Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.

Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.

Негізгі құралдардың есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында ұзақ мерзім бойына қызмет көрсететін, өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп аударатын активтерді айтамыз. Негізінен кәсіпорында негізгі құралдардың алатын орны ерекше деп айтуға болады. Өйткені оларсыз әрбір өндіріс өз қызметтерін жасай алмайды.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттеріне келесілер жатады:

  1. құжаттарды дұрыс толтыру және есеп регистірлеріндегі негізгі құралдардың түсуін, қозғалысын және шығуының уақытында көрсетілуі;
  2. негізгі құралдардың тозуын есепте дұрыс есептеу және көрсету;
  3. негізгі құралдарды жоюдың нәтижесін дәл анықтау;
  4. негізгі құралды жөндеуге кеткен шығындарды, олардың сақталуын және тиімді  пайдаланылуына бақылау жасау.

Осы талаптарға жауап беретін негізгі құрал есебін ұйымдастыру үшін, есепті келесі жүйеде жүргізу керек:

  1. негізгі құралдың ғылыми негізделген топтамасы;
  2. негізгі құралдарды есептеу бірлігін, бағалау принціптерін анықтап, бекіту;
  3. алғашқы құжаттар және есеп регистірлерінің формаларын таңдау.

Негізгі құралдар есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың тұтас принціпі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын, қор қайтарымын, әртүрлі кәсіпорынның негізгі құралдарымен салыстыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісін жоспарлауға мүмкіндік береді.  Біздің елімізде экономиканы басқаруда өзгерістер болып шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері енгізіліп, игерілуде.  Халық шаруашылығындағы барлық экономика жұмысын қайта құру бухгалтерлік есепті жетілдіру сұрақтарымен байланысты “электронды – есептегіш” техниканы тиімді пайдаланумен статистика және есептің сапасымен, оперативтілігін көтеру барлық саладағы есеп құжаттары және есеп беруді жетілдіру қажет.

Есептің автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру үшін электронды есептегіш машинаны қолдану  тәжірибені өзгерту және оның методологиясын жетілдіру үшін жағдай туғызады. Әртүрлі автоматтандырылған есеп үлгілері пайда болып, дамуда. Есеп ақпаратын өңдеуді автоматтандыру бухгалтерия қызметінің сипатының өзгеруіне үлкен әсер етеді. Бұл өзгерістердің негізгі көрсеткіштері болып қабылданатын шешімдердің жеңілділігін, ғылыми негізделуін және объективтілігін өңдеу мерзімдерін азайту және түсетін ақпараттардың аналитикалық жұмыс уақытын ақпаратты, шоттарды тексеруден босату есебінен көбейту, есеп қызметтерінің ақпаратпен қамтамасыздық деңгейін есептеу орталығынан қажетті, дұрыс өңделген ақпаратты алу есебінен көтеру болып табылады.

Негізгі құралдар есебінің сапасын және ұйымдастыруды жақсартуға есептегіш техниканы пайдалану үлкен әсер етеді. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін бухгалтерлерді автоматтандырылған жұмыс орны негізінде автоматтандыру алдағы міндеттерді методологиялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық бірлікте, яғни экономикалық ақпаратты өңдеуде жүйелілікті қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің басқа да бөліктермен салыстырғанда негізгі құралдардың есебін автоматтандыру жеңілірек, өйткені олардың бары және қозғалысы туралы мәліметтерді басқаларға қарағанда тұрақты енгізілгеннен соң, тек олардың кірісі мен шығысына өзгеріс еніп отырады.  Ол өзгеріс тек көп болмайды. Соған байланысты сәйкес ақпараттарды алудың оперативтілігі өседі.

Осы негізгі құралдарға ақпаратар электронды есептегіш машинаның жадынына енгізіліп, нормативті анықтамалық ақпаратты құрайды. Негізгі құралдардың есебі бойынша нормативті анықтамалық ақпарат 3 анықтамадан тұрады: норма коды, негізгі құралдар тобының аты және норма көлеміне нұсқау, амортизациялық шығарулар нормасы, аты мен коды бөлек көрсетілген құрылғылар тобы, топтың коды, сәйкес объектілердің аты, негізгі корреспонденцияланатын шоты көрсетілетін негізгі құралдар.   

 

1.2 Негізгі құралдар есебін ғалымдар, ойшылдардың еңбектерінде жетілдіру

Нарықтық экономикаға көшу еліміздің алдында жаңа талаптар қойды. Көп жылдан бері қалыптасқан нәрселердің бәрі өзгеріске, кейбіреулері түбегейлі өзгеріске ұшырап отыр. Осы орайда экономика, есеп қаржы жұмыстары бірінші орын алды. Кеңестер Одағы жылдары құрылған бухгалтерлік есеп жүйесі методикалық жағынан жетілдірілген және жолға қойылғанмен, кәсіпорын, ұжым, инвестордың қажеттілігіне емес, әкімшілік басқару жүйесінің қажеттілігіне бағытталған болатын. Сонымен қатар ол нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынды басқару үшін қажетті ақпаратты бере алмады. Негізінен бухгалтерлік есепке реформа жасаудың 2 әдісі болады:

  1. жыл сайынғы, ағымдағы жөндеуді есепке түсірілетін, бірте-бірте жасалатын болса;
  2. қалыптасқан дәстүрлерді толық бұзып, бірден жасалатын болса.

Осы кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу және оны жетілдіру маңызды болып табылады. Сондықтанда көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбегінде осы мәселеге байланысты жағдайлар қарастырылған. Мен осы негізгі құралдар есебін жетілдіру жөнінде бірнеше ғалымдар мен тәжірибешілердің ойларын келітіргім келіп отыр.

Профессор, экономика ғылымдарының докторы                   А. Сафронованың (“Экономика предприятия” 2002г.) пікірінше негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың факторы болып бұл негізгі құралдарды жаңарту және техникалық жетілдіру саналады.  Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін ендіру, өндірісті автоматтандыру және механизациялау деңгейін жоғарлатады, жұмыстың өнімділігін жоғарлатады, материалдық шығындарды үнемдеуге көмектеседі және де өндірістің қауіпсіздігі мен мәдениеттілігін жоғарлатады.

Кәсіпорынның негізгі құралдарын жетілдірудегі резерв жүйесі төмендегідей жолдармен көрсетіледі:

  1. Еңбек құралдарын техникалық жетілдіру:
  • комплексті автоматтандыру базасында техникалық қайта қаруландыру;
  • көмекші және қызмет көрсететін өндірістердің механизациялануы.
  1. Машиналармен және де құрал жабдықтардың жұмыс уақытын көбейту:
  • жұмыссыз тұрған құралдарды арендаға, лизингке немесе өткізу және т.б. беру;
  • құралдарды жөндеу уақытын қысқарту.
  1. Өндірісті басқаруды және ұйымдастыруды жетілдіру:
  • жобалық өндірушілікке жетуді жылдамдату, қайта енгізілген өндірстік жұйе негізінде;
  • ғылыми еңбек ұйымы мен өндірісті ендіру
  • материалды техникалық ресурстарын қамтамасыздықты жетілдіру;
  • ЭВМ жүйесінде өндірісті басқаруды жетілдіру
  • өндірісте тиімділікті жоғарлату үшін жұмысшылардың материалдық жағдайын жақсарту.

 

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Сергеев И.В. пікірінше негізгі құралдарды жетілдіру былай болады дейді. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану жетілдіру  кәсіпорынның қаржылық нәтижесінде көрсетіледі. Бұл яғни өнімді шығару көлемін көбейту, өзіндік құнды төмендету, өнім сапасын жақсарту, мүлікке салықты азайту және баланстық пайданы көбейту есебінен деуге болады.

Кәсіпорынның  қаржылық нәтижесі ол көбіне негізгі өндрістік қорлардың сапасы мен құрылымына және жағдайына байланысты. Соңғы жылдары негізгі өндірістік қорларды жаңарту процесі баяулап қалды, соның нәтижесінде негізгі құралдардың моральдық және физикалық тозуына әкелді, ал ол өзі кәсіпорынның шаруашылық қызметіне жанама  түрде әсер етеді. Сонымен қатар әрбір  кәсіпорында  негізгі өндірістік қорларды жетілдірудің резервтері қолданылады. Осы мақсаттарға жету үшін және олардың орындалуы үшін жаңа техникалар мен технологияларды механизация мен өндірістік процестерді автоматтандыру, уақытылы және сапалы жөндеу жүргізу т.б. Негізгі құралдарды жетілдіру жолдары негізінен кәсіпорында ағымдағы немесе өткен жылда қалыптасқан нақты шарттарға, жағдайларға байланысты.

“Хегай и К” ЖШС директоры Хегай И.(31) пікірі бойынша негізгі құрал жабдықтарды сатып алған кезде аталған объектіге қатысты біздің ойлайтынымыз ұзақ уақыт бойы табыс алуға байланысты болады. Негізгі құрал жабдықтар объектілері ұзақ мерзімді активтер болып саналады, сондықтанда оларды пайдалану барысында: күтіп ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге, жөндеудің, жаңғыртудың, қайта құрудың т.б. барлық түріне қосымша шығындар жұмсалатыны белгілі. Бухгалтердің алдында тұратын негізгі себеп, жағдай шеккен шығынды қайта дұрыс жіктеуге болатындығында, өйткені оларды бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету және де аталған шығындарды салық есебінде шегерімдерге жатқызудың құқықтылығы осыған байланысты. Жаңғырту – қазіргі талапқа сай жетілдіруді енгізу. Алғашқы сәтте негізгі құралдарды жаңғырту  күрделі шығын келтіретін секілді. Алайда оларды ондай деп тану үшін оның өзі алдағы уақытта экономикалық пайда әкелетіні болуы тиіс.

Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі бүкіл проблеманы дұрыс шешу үшін кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Оның міндетіне жататыны:

  1. пайдаланудың нормативтік мерзімін және тозуды есептеу әдісін белгілеу;
  2. есеп саясатын енгізу үшін күрделі және күрделі емес шығындарды межелеу;
  3. негізгі құралдарды түгендеуді жүргізуге қатысу;
  4. негізгі құрал объектісі бойынша сатып алған сәттегі және де қажет болған жағдайда, кейінгі күрделі қаржы бөлу кезіндегі жойылу құнын белгілеу т.б.

“Мақсат” аудиторлық фирмасының бас маманы А. Герасимованың (11) ұсынысы бойынша кәсіпорын бәсекелес ортада өмір сүруі үшін уақытқа ілесе білуі қажет екендігі құпия емес. Ғылыми техникалық прогеске үнемі жаңа талаптар қояды. Бұл талаптар бірінші кезекте негізгі құралдарға қатысты. Негізгі құралдарды жаңарту кәсіпорын үшін  стратегиялық маңызды шаралар болып саналады. Алайда кәсіпорын көп жағдайда қаржы ресурстары жеткіліксіз бола тұра, қолда бар негізгі құралдарды ішінара жаңғыртумен шектеседі. Соның нәтижесінде негізгі құралдардың қолдану мерзімі ұзарады, кейбір жағдайда өнімділік артады.

№6 Бухаглетрлік есеп стандартына сай және оның әдістемелік ұсынымдарына сәйкес негізгі құралдарға күрделі қаржы бөлудің мысалы жұмыс істеп тұрған субъектілерді жаңғырту, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу шығындары болуы керек. Бұл орайда негізгі құралдар объектілерінің бастапқы құнының артуы, объектілердің жағдайы, оның бастапқы бағаланған нормативтік көрсеткіштері – қызмет мерзімі, өндірістік қуаты т.б. артқан жағдайда болады. Қазіргі кезде айналымдық ақша қаражаттарын үнемдеу мақсатында көптеген компаниялар өз күшімен жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғыртуда, қайта құруда, техникалық қайта жарақтандыруды жүргізуде. Жаңғыртуды жүргізген кезде тұтастай бір бөлікке әрі қарай пайдалану ретінде жарамсыз кейбір  материалдар бөлшектеуге жатады. Бұл бөлшектелген материалдар пайдаланылуы мүмкін бағасы бойынша кіріске алынады.

Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ доценті В.Назарованың пікірі бойынша кез - келген кәсіпорын негізгі құралдарды жөндеу мен оны жетілдіру, жаңғырту мен кездеседі. Мысалы, істен шыққан құралдарға, компьютерлерге т.б. Оларға шығын маңызды болмайды. Ал офиске немесе толық өндірістік кешенге кеткен шығын бөлек. Өйткені оған кеткен шығын сомасы үлкен болуы мүмкін. Негізгі құралдарды өндірісте қолданғанда олар бірте бірте тозады, өзінің бастапқы күйін жоғалтады. Сондықтанда осы жағдайларды алдын алу үшін әрбір кәсіпорын резерв жасақтайуы мүмкін. Ал басқа жағдайларда кеткен шығын өнімнің өзіндік құнына алып барылады. Сондықтанда резервтік қордың маңызы зор. Бірақта  кәсіпорын   одан зиян шекпейді, керісінше жаңғыртудың нәтижесінде өнімнің сапасы жақсарады, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, яғни нарықтық талаптарға сай болуы керек, өйткені нарық сұраныстары өзгеріп отырады.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру