Негізгі құралдардың есебі
Кіріспе
Нарықтық қатынастар Қазақстан экономикасына үлкен өзгерістер енгізді. Бұрынғы уақытта экономикалық қатынастар бірыңғай мемлекеттік меншіктің негізінде құралса, енді есеп айырысу, пайда, тиімділік негізінде құрыла бастады.
Қазіргі кезеңде біз
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды
басқаруда үлкен роль атқарады,
өйткені оның қызметі,
Қарастырылып
отырған курстық жұмыс
Курстық жұмыстын мақсаты: негізгі құралдарға байланысты барлық мәліметтерді талдау және мәніне жету.
Кәсіпорындағы негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және түсулерінің есебі Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
Ал курстық жұмыстын негізгі
бөлімін қарастыратын болсақ, бұл
бөлімде негізгі құралдар
Ал кәсіпорынның
негізгі құралдар есебін қарастыратын
болсақ, негізгі құралдардың
Қаржылық есепте негізгі құралдар бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құн бойынша бейнеленеді.
Бастапқы құн жеткізу және орнату шыңындары мен егер ол автокөлік болса, онда оның сатып алыну салығын қоса, объектінің құрылысы немесе сатып алуының нақты шығындарынан құралады.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі № 2410 «Негізгі құралдар» шоттарында, ал олардың тозуы № 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарында жүргізіледі.
Негізгі құралдардың тозуы объектінің бастапқы құны мен қызмет мерзімінен келіп шығады. Бұл кезде № 2420 шоттары кредиттеледі, ал
№ 8045 «Негізгі
құралдардың тозуы мен
Қайта бағалау мен негізгі құралдарды одан кейінгі индекстеу есебі үшін № 5320 «Қайта бағалауға арналған резерв» шоты қолданылады. Оның кредиті бойынша негізгі құралдардың бастапқы құнының көбеюі, ал дебеті бойынша индекстелген тозуы бейнеленеді.
Негізгі
құралдардың жойылу немесе сатылу себебі
бойынша оларды шығыс ету үшін
шоттардың 2 түрі қолданылады: № 6210 «Активтердің
шығуынан түскен кірістер» мен №
7410 «Активтердің шығуынан алынатын шығыстар».
Жылдың соңында бұл екі шот
№ 5410 «Есепті жылдың пайдасы» шотында
жабылады. Табыстар жағы шығыстар жағынан
артық болса бұл пайданы
Қазіргі
уақытта кәсіпорын жұмысының
тәжірибесінде негізгі
Егер біз қаржыланған жалға алу барысында негізгі құралдарды өтеп алу шешімін қабылдасақ, онда олардың құнын № 2410 «Негізгі құралдар» шотына № 3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек» шотымен корреспонденция жазамыз.
Негізгі
құралдарды есептен шығарудың қабылданған
тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде
алынған материалдық
1 Негізгі құралдардың есебі
Экономикалық мәні мен
жіктемесі
Негізгі
құралдар есебі Қазақстан
Негізгі
құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарты
бойынша реттеледі. Бұл стандарттың
негізгі мақсаты кәсіпорын
№ 6 бухгалтерлік
есеп стандартына сәйкес негізгі
құралдардың есебі негізгі
- Мойындау кезеңі;
- Қызмет ету мерзімі;
- Амортизация есептеу әдісі;
- Кезеңдегі күрделі салым;
- Бағалау әдісі;
Өндіріс процессі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады. Олар: 1. Еңбек заттары; (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар)
2. Еңбек құралдары; (станоктар, машиналар)
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер, жер учаскілері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер және жермен тығыз байланысты көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал – саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, автомобиль жолдары және т.б.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
- Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығаруын қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
- Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді қайта құруды және шығындарды жүргізумен байланысты есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
- Моральді және физикалық ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру;
Негізгі құралдардың топтары:
- Күш беретін машиналар, жабдық – машиналар, жылу және электр қуатын өндіретін генгераторлар, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина қозғалтқыштар;
- Жұмысшы машиналар мен жабдықтар, бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және жабдықтар, станоктар, насостар, электрлі маторлар;
- Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары, бұл өндіріс процестерін өлшеу реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар; (амперметр, микроскоп, водометр, монометр)
- Есептеу техникасы, процесті жылдамдату автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар; (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары)
- Өзге де машиналар мен жабдықтар; (телефон станциялары, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары)
- Көлік құралдары, адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары; (автомобильдер, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы)
- Инвентарлық объект, барлық тиесілі керек жарақтармен және керек заттармен бірге жекелеген объект;
- Темірді, ағашты өндеуге арналған құрал сайман, қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген заттар;
Кесетін, ұратын, қысатын, және тығыздайтын еңбек құралдары;
- Инвестициялық объект, басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар. Жұмыс үстелі, шкафтар, өндірістік операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін заттар;
- Шаруашылық инвентар, кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар.
Үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.;
- Көп жылдық өсімдіктер жасына қарамастан қолдан егілетін көп
жылдық
өсімдіктер; (жеміс – жидек, жузәмдіктер,
көп жылдық гүл
өсімдіктері, роза
- Жерлерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар. Бұл, ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған инвентарлық сипаты жоқ шығын. Жер учаскілерін жоспарлау, тамырлардан тазарту, егістікке жер бөлу, жерлерді тастардан тазарту;
- Өзге де негізгі құралдар, бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары жатады.
1.1
Негізгі құралдарды
бағалау және қайта
бағалау
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. № 6 бухгалтерлік есеп стандарты бойынша бастапқы ағымдағы баланстық құндарды сату құнын және жою құнын ажыратуға болады. Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі, оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары соның ішінде:
- Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар; (үйлер, жеңіл автомобильдер бойынша қосылған құн салығы және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж)
- Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
- Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар;
- Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді: 1. Шотта көрсетілген сату бағасы; 2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы;
3. Сатып алу, сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу; 4. Салықтар мен алымдар; 5. Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар.
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
1. Сатып алу бағасы; 2. Тасымалдау шығындары; 3. Монтаждау;
4. Жабдықтың
пайдалануға жарамдылығын
Негізгі
құралдардың келіп түсуі
Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау жөніндегі нақты шығындардан құралады.
Акт ресімделгеннен
кейін осы объектіге ұатысты
техникалық құжаттармен бірге
Негізгі
құрал басқа объектіге сатылған
кезде акт үш данадан жасалады.
Оның екеуі өткізуші субъектіде қалады,
үшіншісі негізгі құралдарды қабылдайтын
тұлғаға беріледі.
1.2
Негізгі құралдарды
жіктеу
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал – жабдықтар соның ішінде автоматты машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал – жабдық, көлік құралдары, құрал – сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлік, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, шыққан күрделі шығын басқа да негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. Түгендеу объектілері негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Түгендеу объектісі күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) акті негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал – жабдықтардың, бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай – ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Өндірістік процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал – жабдық, құрал – саймандар және тағы басқалар) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды.
Өндірістік емес кәсіпорынның
жабдықтарын тұтынуға арналған
құрал – жабдықтар. Олар
- Негізгі құралдарды жөндеу
Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет. Мұның өзі машиналардың, жабдықтардың, үйлердің және негізгі құралдар басқа түрлерінің жекелеген бөлшектерінің тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен, сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұйымдастыру - техникалық белгілері бойынша жөндеу:
а) күрделі жөндеу;
б) шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.
Күрделі жөндеу дегеніміз жалпы объектіні салыстырғанда тозу мерзімі аз негізгі құралдар жекелеген бөлшектерін қалпына келтіру.
Бір
жылдан артық мерзім сайын жүргізілетін,
нәтижесінде агрегат толықтай бөлшектелетін,
алмастырылатын немесе тозған барлық
тетіктері мен желілері қалпына
келтірілетін, агрегат жинақталатын
және сынақтан өтетін жөндеу машиналардың,
жабдықтар мен көлік
Мысал: автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге, ұтымды пайдалану мерзімі 8 жыл, ал 5 жылдан кейін автомашинаға құны 2 900 000 теңге болатын жаңа қозғалтқыш орнатылды, оң жақ қапталы 45 000 теңгеге алмастырылды. Қозғалтқышты алмастыру нәтижесінде қызмет мерзімі 2 жылға артады, сөйтіп 2 900 000 теңге сомасындағы шығындар бастапқы құнды өсірді, ал 45 000 сомадағы шығындар ретінде танылды.
Ағымдағы жөндеу негізгі құралдар жұмыс жағдайында ұстау үшін, оның тозған тетіктерін немесе түзетуден тұрады. Оны негізгі құралдарды пайдалану процесінде жүргізеді. Негізгі құралдарды сақтандыру мақсатымен белгіленген мерзімдерден ертерек жүзеге асырылатын жоспарлы - ескерту жөндеуінің маңызы зор болмақ.
Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен ресімделуін, жұмыстардың көлемі мен өзіндік құнын анықтауды, жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиісті. Жөндеуді үш әдіспен жүргізеді:
- Мердігерлік. Бұл әдіс кезінде негізгі құралдарды арнайы субъектілер (автожөндеу, жөндеу-шаруашылық субъектілері) жөндейді.
- Шаруашылық. Бұл әдіс кезінде жөндеу субъектінің өз күші және қаражаттарымен жүзеге асырылады.
- Аралас. Аралас әдіс кезінде жөндеу жұмыстарының бір бөлігі өз күштерімен, екінші бөлігін арнайы ұйымдар жүзеге асырады.
Мердігерлік
ұйымдармен шарт негізінде мердігерлік
әдіспен орындалған негізгі құралдар
күрделі және ағымдағы жөндеуі кезінде
субъект жөнделетін жерге және кері
қарай жеткізу жөніндегі
Жұмыстарды
жүргізудің шаруашылық әдісі кезінде
негізгі құралдар ақау ведомосі жасалады.
Оның негізінде негізгі құралдарға
жөндеу жүргізуге наряд-тапсырыс жасалады.
Кәсіпорынның жөндеу цехтарына (ЖЦ, РММ,
РСУ) әрбір жөнделетін объектіге
көп бағандық карточкалар ашылып,
онда жөндеудің шығындары
Өндірістік
негізгі қорларды жөндеуге жұмсалатын
шығындарды есепке алу үшін 8044-шот (негізгі
құралдарды жөндеу) қолданылады. Әлеуметтік
саланың негізгі құралдарды жөндеу
шығындары 8044-шотта (негізгі құралдарды
жөндеу) ескеріледі. Жалпы шаруашылық
мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу
шығындары 7210-шотта (жалпы және әкімшілік
шығындар), тауарларды сататын жерінде
сақтауға арналған негізгі құралдарды
жөндеу шығындары – 7210-шотта (тауарлар
мен қызметтерді сату жөніндегі
шығындар) көрсетіледі.
- Түгендеу ұғымы
Инвентарлау, инвентаризация (латын тілінен inventarium – шаруашылық заттар), түгендеме, түгендеу – қолда бар нақты мүліктің бухгалтерлік есеп деректеріне сай келуін несиегерлер алдындағы міндеттемелердің есептік құжаттарының толық не ішінара, жоспарлы түрде не кенеттен жасалуы мүмкін. Меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыс режиміне қарамастан барлық шаруашылық субъектілер түгендеуді жүргізеді. Құралдардың жағдайын жылдық есеп беруде (есепті жылдың 10 қазанынан кейін) объективті түрде көрсету үшін жылына кем дегенде бір рет жүргізеді. Түгендеу тексерудің көлеміне қарай жалпылама және талдамалы, уақытына қарай – уақытылы және аяқасты болып бөлінеді. Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары немесе бас бухгалтері түгендеуді ұйымдастырады және оның жүргізілуіне басшылық жасайды. Түгендеуді тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы жүргізеді, оның құрамына әкімшіліктің, бухгалтерияның өкілдері, өндірістік қызметкерлер (инженерлер, техниктер тағы басқалар) кіреді. Мүлікті түгендеуге материалдық жауапты адам міндетті түрде қатысады.
Түгендеу Қазақстан
Осы құжаттарға сәйкес
Кәсіпорындағы тиесілі емес
Түгендеудің
негізгі міндеті болып
- негізгі құралдардың, тауарлы – материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың нақты қолда барын, сондай – ақ аяқталмаған өндіріс көлемін айқындау;
- нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру арқылы тауарлы – материалдық құндылықтар ақша қаражаттарының сақталуына бақылау жасау;
- сапа стандартына жауап бермейтін, яғни өзінің бастапқы сапасын ішінара жоя бастаған тауарлы – материалдық құндылықтарды анықтау;
- материалдық құндылықтар ақша қаражаттарын сақтау ережелерінің, сондай – ақ машиналарды, жабдықтарды және басқа негізгі құралдарды ұстау мен пайдаланудың ережелерін орындауды тексеру;
- баланста ескерілген тауарлы – материалдық құндылықтардың шынайы құнын, кассадағы, есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы, басқа шоттардағы ақша қаражаттарының сомаларын, алынған және берілген вексельдер бойынша, қаржы орындарына салықтар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді және баланстың басқа баптарын тексеру.
Мүлікті тексеруді қамту
Толықтай түгендеу кезінде мүліктің барлық түрлері тексеріледі. Ол жылдық есептемені жасамас бұрын жыл соңында міндетті түрде жүргізіледі.
Ішінара түгендеу кезінде белгілі бір сақтау орындарындағы мүліктердің бір немесе бірнеше түрі тексеріске түседі.
Өткізу негізіне қарай түгендеу жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы түгендеулер бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережеге және негізгі құралдарды, тауарлы – материалдық қорларды, ақша қаражаттары мен есеп айырысуды түгендеу жөніндегі негізгі ережелерге сәйкес жүргізіледі.
Жоспардан тыс түгендеулер аяқасты, қажеттігіне қарай жүргізіледі. Түгендеуді тұрақты жұмыс жасайтын түгендеу комиссиясы жүргізеді. Комиссияның құрамына түгенделетін мүлікті, бағаның қалыптасу тәртібін, бастапқы есепті жақсы білетін, тәжірибелі қызметкерлер енуге тиіс.
Ғимараттарды түгендеу кезінде, көрсетілген объектілерді ұйым меншігінде орналасқаның растайтын құжаттарды тексереді. Жер алаңы, учаскелерге құжаттардың бары, суаттар және табиғи қорлар басқада объектілер тексеріледі. Айқындалмаған тозу объектілердің техникалық күй – жағдайын бағалау, актілермен тіркеледі.

- Негізгі құралдардың есебі
- Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
- «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
- «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
- Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
- Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы
- Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны
- Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу
- Негізгі құралдарды мойындау
- Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі
- Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі
- Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының аудиті мен ревизиясы
- Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының есебі
- Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі