«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
«Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары.
1.Бөлім. Негізгі құралдар туралы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы.
2.Бөлім. Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдар қозғалысы.
2.2.Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
2.3.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.4.Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі.
2.5.негізгі құралдарға түгендеу.
Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік,жер учаскілері,үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатады.
Көлеміне
немесіне бағасына қарамастан пайдалану
мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары
негізгі құралдардың қатарына жатпайды.
Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына
кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар
болып саналатын жабдықтар мен машиналар,
күрделі құрылыс құрамында есептелетін
монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып
біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей
тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай
-ақ құрылыс -монтаж жұмысының өзіндік
құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың
есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген
ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге
жас малдар,яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін , яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал -саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй- жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық- техникалық жабдықтау және сату- өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалары бойынша топталады.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырылған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер
кәсіпорындар мен ұйымдардағы
негізгі құралдардың бәрі тек
қана ұйымның негізгі
Мысалы:өнеркәсіптік ұйымдағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.
Егер
кәсіпорынның балансында осы ұйымның
негізгі қызметінен басқа салаларында
қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері
болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің
атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес
келетін халық шаруашылығы саласы қызметі
түріндегі топқа жатады.
Кәсіпорынның
балансындағы тұрғын үй
Негізгі
құралдар алдына қойған
а)үйлер
(тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма
және тағы басқалар);
ә)ғимараттар
(көпірлер, аспалы жолдар, жасанды
су қоймалары, эстокадалар,
скважиналар және тағы
б)өткізгіш
тетіктер (жұмыс машиналары, энергия
бөлетін тетіктер, құбырлар және
тағы басқалары);
в)машиналар
(бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен
жанатын двигательдер, электроаппаратық
трансформаторлар, экскаваторлар,грейдірлер,
г)тасымалдау
құралдары (жолаушылар және
ғ)құрал- саймандар
мен жабдықтар(шкафтар, бактар,контейнерлер
және тағы басқалар);
д)шаруашылық
құрал- жабдықтар (жиһаздар, креслолар,
кілемдер, сейфтер және тағы басқалары);
е)жұмыс және
өнім малдары;
ж)көп жылдық
өсімдіктер мен көшеттер;
з)жер (ұйымның
сатып алған жер көлемінің құны);
и)жерді жақсартуға
(өңдеуге) жұмсалған күрделі
к)басқа да
негізгі құралдар (кітапхана қорлары
және тағы басқалары);
Негізігі құралдар
кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне
қарай меншіктік, яғни
Сонымен қатар
пайдалану барысына қарай
Жұмыс істейтіндерге
өндіріс үдерісіндегі,яғни
Жұмыс істемейтін
негізгі құралдардың қатарына
тоқтатылып қойылғанда, белгілі себептермен
басқа да жаққа әзірге берілмеген басы
артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған
негізгі құралдарға келешекте,
Материалдық
активтер сатып алыну
а)негізгі құралдар;
ә)тауарлық- материалдық
қорлар;
б)қаржылық
инвестициялар.
Мысалы:
кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару
барысында қажет болып табылатын өзінің
пайдалануы мақсатында сатып алыған көлік
құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе,
ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары
тауарлық- материалдық қорлар құрамында
есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне
пайдалану үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы
салымы мақсатында алған жер учкаскелері
мен қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.
Негізгі құралдардың бағалануы.
Негізгі
құралдар дегеніміз -ұзақ уақыт бойы
материалды өндіріс саласында да, өндірістік
емес салада да еңбек құралы ретінде іс-
әрекет ететін материалдық активтер ұлттық
комиссиясы.
Негізгі құралдардың
есебі Қазақстан
Мақсаттық
белгілеуіне және орындалатын
іс- қызмет аясына байланысты, сонымен
қатар Қазақстан Республикасын Ұлттық
бухгалтерлік есеп бойынша 1996ж. 18 қарашадағы
№6 қаулысымен бекітілген қаржы шаруашылық
қызметтің бухгалтeрлік есебі шоттарының
бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар
мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу
мен орындалатын іс -қызмет аясына байланысты
жіктеледі.
1.
Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған
жерінің саны мен бағасы.
2.
Үйлep- еңбек етуге,тұруға, халыққа әлеуметтік-
мәдени қызмет көрсету және метериалдық
қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген
архитиктуралық- құрылыс объектідері.
Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі
болып саналады.
3.
Ғимараттар- еңбек заттарын өзгертуге
қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау
жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға
арналған инженерлік құрылыс объектілері.
4.
Машыналар мен жабдықтар- әрбір машина
егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі
болмаса, құрамындағы тетік, құрал- аспаптармен,
қоршаулармен, тірек- тұғырымен мүліктік
объект болып табылады. Негізгі құралдардың
бұл тобы бес топшадан тұрады:
- күш
қуатты машиналар мен
жабдықтар- жылу және электр қуатын
өндіретін машина- генераторлар; әр түрлі
энергияны механикалық, яғни қозғалыс
энергиясына айналдаратын машина двигательдер;
жұмыс машиналары мен жабдықтары еңбек
өнімін жасау процесінде керек жараққа
механикалық, аппараттар мен жаббдықтар;
- өлшеуіш
және реттегіш құрал
аспаптар (приборлар,
құрылғылар мен
керек жарақтар, лабороториялық жабдықтар)-
өндірістік процестерді өлшеуіш, реттеу
үшін құрал- аспаптар, құрылғылар мен керек-
жарақтар;
- есептегіш
техника- процестерді түзету мен автоматтандыруға
арналған машиналар, керек- жарақтар, құрал-
аспаптар (компъютерлер мен басқа есептегіш
техника);
- басқа
машиналар мен жабдықтар -
машиналар, аппараттар және басқа жабдық
(телефон станцияларының, радио тораптарының
жабдықтары, өрт сөндіру машиналары).
5. Табыстау қондырғылары-электр, механикалық
және жылу энергиясы (электр беру желісі,тұруба
құбыры) қондырғылары.
6. Көлік құралдары- адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7.
Басқа да негізгі құралдар:
- аспап- қол еңбегінің механикаландырылған
және механикаландырылмаған немесе металл.
Ағаш және т.б. өңдеуге арналған, машинаға
бекітілген керек жарақтар( кескіш, езуші,тығыздап
нығайтылған электр қол бұрғылары, бояу
сыр пульттары,қысқыштар):
өндіріс мүлік пен олардың керек- жарақтары
өндірістік операцияларды орындау немесе
жеңілдету үшін қызмет етуге арналған
заттар жұмыс үстелдері, шкафтар;
- шаруашылық
мүлкі- кеңселік және шаруашылық мүлкі
(үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.);
- жұмыс
малы және өсімтал мал.
Жұмыс малы- аттар, өгіз түйе және тағы
басқа жұмыс малы. Өсімтал мал- ірі қара
мал, тұқымдық айғырлар және тұқымдық
бие; тұқымдық нар мен аруана, бұғы, марал,
ұрғашылары мен еркектері, қабан, саулық
және қошқар. Мүлікті объект- әрбір үлкен
мал.
- көпжылдық
көшет егістері- қолдан егілген,
жасына қарамайтын көпжылдық егістер
( жүзімдік, роза, бұтадан жасалған қоршау);
- жерді
жақсарту жөніндегі
күрделі шығындар- ауыл шаруашылығына
пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі
мүліктік сипаттағы шығындар(жерді тастан
тазарту);
-
басқа да негізгі құралдар-
кітапхана қорлары, спорттық
мүлік, мұражай құндылықтары.
8.
Бітпеген құрылыс.
- тоқтатылып
қойылады- уақытша қолданылмайды;
- қоймада тұрады-
жөнделген,апат жағдайында қолданыстағы
негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор
құрайды;
- жалға берілген
немесе алынған - басқа ұйым тапсырған
немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі
шартпен белгіленген негізгі құралдар.
Негізгі
құралдардың есебін
Негізгі
құралдардың бастапқы
құны - ол активті салуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан,
сондай- ақ сатып алу барысында төленген
салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде
алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары
мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану
үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей
байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан
тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау
кезінде болған ақаулардs жөндеуге
кеткен және басқа да қажет болып саналатын
шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей,ол
ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке
алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша
оның бастапқы құнына мынадай шығындар
кіргізіледі:
а)жер
учаскесінің бастапқы
құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын
мүлік жөніндегі агенттікке төленген
комиссиялық сыйақылары, сатып алу сату
жөніндегі келісімшартты рәсімдеу үшін
заңгердің қызметіне төленетін төлем
және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар,
жерді тиісті мақсатқа мақсатқа пайдалануға
әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан
алынған материалдарды сатудан
түскен түсімді алып тастағанда қалған
ескі үйді бұзуға байланысты шығындар,
жерді тазалау,тегістеу, тағы басқа) енгізіледі.
ә)құрал
жабдықтардың бастапқы
құнына:
Құрал- жабдықты сатып алу бағасы, оны
тасымалдауға,әкелуге, тиеп- түсіруге
кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау
кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал
-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын
тексеру мақсатында кеткен шығындар және
тағы да басқалар енгізіледі.
Алайда
құрал- жабдықтарды монтаждауда, тасымалдау
кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу
үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға
жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге
алынған болса,ол үшін төленген пайыз
сомасы да ағымдағы шығын қатарына
жатады және негізгі құралдың бастапқы
құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның
өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы
құнына осы құрылысты салу үшін кеткен
шығындар: материалдар, жұмысшылар мен
қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары,еңбекақы
бойынша бюджетке жасалған аударым бойынша
бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер
үшін есептелген пайыздар сомасы, заңгерлерге,архитекторларға
төленген төлемдер,құрылысты салу үшін
рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар
мен басқс да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар
мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған
үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде
пайдалануға сатып алса,онда осы объектілердің
бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір
объекті бойынша бөліп көрсету керек.
Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану
мерзімі шектеулі және олар тозады, ал
жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ,яғни
ол амортизацияланбайтын материалдық
актив болып табылады. Егер бұл жағдайда
жер учаскесі ғана пайдалануға алынып,
ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып
келісілген болса,онда олардың құндары
әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді.
Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған
болып есептелінеді. Және де оның бастапқы
құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер
мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық
объектілердің шығынының қосындысынан,
бұзғаннан алынған материалдардың бағасын
шегеру арқылы анықталады.
Мысалы:кәсіпорын
жер учаскесін және сол жерде орналасқан
үй мен қоса 500000(бес жүз мың) тенгеге сатып
алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға
тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында
төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың)
теңге. Үй бұзуға кеткен шығын 40000(қырық
мың )теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды
сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге.
Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын
15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді
қортындылайтын болсақ,сатып алынған
жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс
мың) теңгені құрайды (500000+25000+40000+20000+
- үлес қосушылар
мен құрылтайшылар негізгі
- ұйымдар
негізгі құралдарды өзі
-ұйымдар негізгі
құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе
жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау
- өткізу актісінің мәліметтері бойынша
немесе эксперттік жолымен.
Негізгі
құралдардың ағымдағы
құны- бұл кәсіпорынның белгілі бір
уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі
құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі
құралдардың баланстық
құны -бұл кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында
көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы
құнынан жинақталған тозу сомасын алып
тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі
құралдардың қалдық (жойылу)
құны- негізгі құралдың пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған
іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні
есептен шығаруға байланысты жұмсалатын
келешектегі шығындарды алып тастау арқылы
анықталады.
Негізгі
құралдардың келісілген құны-бұл
кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды
сатушы мен алушының арасындағы келісілген
құн болып табылады.
Бухгалтерлік
шоттарда есептелген негізгі құралдардың
бастапқы құндары тек мына жағдайларда
ғана есептіледі:
а)негізгі
құралдардың пайдалы қызмет атқаратын
мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай
оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша
күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара
бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә)ҚР Үкіметінің
шешімдері бойынша негізгі құралдарды
қайта бағалағанда.

- Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары
- Негізгі құралдардың және .материялдық емес активтердің экономикалық мәні және құрлымы
- Негізгі құралдардың мәні мен мазмұны
- Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі
- Негізгі құралдардың тозуы, жөндеудің есебі және аудиттің теориялық
- Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы
- Негізгі құралдарды талдау
- Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының аудиті мен ревизиясы
- Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының есебі
- Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі
- Негізгі құралдардың есебі
- Негізгі құралдардың есебі
- Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру және жетілдіру
- «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбының жоспары