Несиенің мәні және қызметтері

Несиенің мәні және қызметтері

Мазмұны 

1 Несие мәні және  қажеттігі

2 Несиенің қызметтері

3 Несие нысандары,  олардың жіктелуі

4 Ссудалық пайыз

5 Тұтыну несиесі

6 Ипотекалық несие

7 Ипотекалық несиелеудің  шетелдік үлгілері

8 Пайдаланылған әдебиет

 

Несие мәні және қажеттігі

 

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың  ажырамас элементін білдіреді. Оны  барлық шаруашылық субъектілерімен  қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.

 

Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолғаөтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

 

Құнның қозғалысы - бұл  несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

 

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан  қарағанда бұған деген негіз  де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

 

Сонымен қатар, несие  мен қаржы категорияларын бір  санайтындар да аз емес, несие —  бұл ақшалай қажаттың екі жақты  қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.

 

Несие — бұл пайыз  төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

 

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен  қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

 

Несие мен ссуданың арасында да езара айырмашылық бар. Несие— бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.

 

Экономикалық категория  ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар  және бірлестіктер, сондай-ақ халық  арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

 

Зерттеу заты сияқты, несие  құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

 

Қарыз беруші — қарызды  беретін несиелік қатынастың бір  жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша  пайдалануға қарыз беруші субъектілер  болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

 

Қарыз алушы — бұл  несиені алушы және оны қайтаруға  міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы  бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

 

Қарыз беруші және қарыз  алушымен қатар несиенің құрылымының  элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

[өңдеу]

Несиенің қызметтері

 

Несиенің экономикадағы  орыны мен рөлі, оның атқаратын  қызметтерімен сипатталады. Жалпы  несие экономикалық категория ретінде  төмендегідей қызметтерді атқарады:

қайта бөлу;

айналыс шығындарын үнемдеу;

айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

капиталдың шоғырлануын  жеделдету;

ғылыми-техникалық прогресті  жеделдету.

 

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

 

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай  қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

 

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі  несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

 

Капиталдың шоғырлану  процесі қызметі экономиканың тұрақты  дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

 

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі  ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

 

Сондай-ақ несие өндіріске  ғылыми технологияларды жаңалық  ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

[өңдеу]

Несие нысандары, олардың  жіктелуі

 

Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

 

Несие нысаны — бұл  несиелік қатынастар құрылымының, олардың  негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан  сыртқы және ішкі өзгерістер барысында  толық сақталатын көрінісін білдіреді

 

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

 

Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы  тауар түрінде берілетін несиені  — коммерциялық, ал ақша түріндегі  несиені — банктік деп атайды.

 

Қалған несиенің түрлері  осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.

 

Коммерциялық несие  — бұл қарыз берушінің қарыз  алушыға қарызға берген тауарын  білдіреді

 

Коммерциялық несие  — бұл вексель айналысының  пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

 

Мұнда қарыз алушы  да және оны берушілер ретінде  кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

 

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:

қарыз беруші рөлінде  банктік мекемелер емес, яғни тауар  немесе қызметгі сатумен айналысатын  кез келген занды тұлға бола алады;

коммерциялық несие  тек қана тауар нысанында беріледі;

қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;

коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік  пайыз мөлшерімен салыстырғанда  төмен болады;

қарыз беруші мен қарыз  алушы арасындағы несиелік мәміленің  заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл  несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

 

Банктік несие — бұл  банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені  білдіреді.

 

Банктік несие — бұл  экономикадағы кеңінен тараған  несиелік қатынастардын, нысаны болып  табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

 

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

 

Коммерциялық банктер  өздерінің клиенттеріне әр түрлі  несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

 

I. Қарыз алушылар категорияларына  қарай:

1. Қаржылық институттарга  берілетін несиелер:

макқатты қорларға;

банктерге;

қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге  берілетін несиелер:

өнеркәсіп салаларына;

ауыл шаруашылығына;

саудаға;

дайындау ұйымдарына;

жабдықтау-сату ұйымдарына;

кооперативтерге;

жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына  берілетін несиелер.

 

II. Мерзіміне қарай:

қысқа мерзімді (1 жылға  дейін);

орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);

ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

 

III. Тағайындалуы және  пайдалану сипатына қарай:

негізгі қорларға жұмсалатын;

айналым қаражатына жұмсалатын.

 

IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне  қарай:

1. Қамтамасыз етілген:

кепіл-хатпен;

кепілдемемен;

кепілдікпен.

2. Сақтандырылған.

3. Қамтамасыз етілмеген:

сенім (бланктік)несиесі.

 

V. Қайтарылу дәрежесіне  қарай:

1. Стандартты несие  — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән  жоқ несиелер;

2. Кумәнді несиелер  — қайтарылу уақыты кешіктірілген,  мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3. Үмітсіз несиелер  — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

 

VI. Валютамен берілуіне  қарай:

ұлттық валютамен;

шетел валютасында.

 

VII. Берілу шартына  қарай:

Тұтыну несиесі —  бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

 

Ипотекалық несие—бұл  қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

 

Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:

тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;

түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;

тұрғын үйді сатып  алуға берілетін ипотекалық несиелер

 

Овернайт несиесі —  өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

 

Онкольдық несие —  кредитордың алғашқы талабы бойынша  өтелетін қыска мерзімді несие.

 

Банкаралық несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.

 

Овердрафт (ағылш. оvеrdraft — жоспардан жоғары) — клиенттің  ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.

 

Мұндай жағдайда клиенттің  шотынан қаражатты толық көлемде  шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан  асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.

Маусымдық несие —  жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен  түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.

Лизингтік несие—банк клиенттерінің  қүрал-жабдықтарды және техниканы  жалға алумен байланысты берілетін несие.

Сенім несиесі — банктің  сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін  несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.

Консорциалдық несие  — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.

Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті  қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.

Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.

Вексельдік несие —  банктің сенімді клиентеріне  вексель нысанында берілетін  қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.

Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

Контокорренттік несие  — клиенттің барлық түсімдері  мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің  беретін несиесі.

Ломбардтық несие —  тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.

Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу  жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай

 

міндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.

Факторингтік несие—жабдықтаушынын, немесе банк клиентінің

 

жабдықтаған тауары мен  көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.

Экспорттық несие —  экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.

Несиелік желі — келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.

 

VIII. Несиелеу объектісіне  қарай:

меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;

сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

театрлар және демалыс  үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;

күрделі жұмсалымдарды  қаржыландыруға;

тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

[өңдеу]

Ссудалық пайыз

 

Ссудалық пайыз тауар  өндірісі мен несиелік қатынастардың  даму жағдайында пайда болады. Ссудалық пайыз несиесіз өмір сүре алмайды.

 

Ссудалық пайыз —  уақытша пайдалануға берілген құнның бағасын білдіреді.

 

Ссудалық пайыз:

несиені пайдаланғаны үшін төлем;

несиеге есептелетін  үстеме ақы; несие берушінін, шығыстарының орнын толтыру тәсілі.

 

Ссудалық пайыз банк пайдасының көзі болып табылады. Сондықтанда банктер пайыз сомасын толық және уақтылы алғанды қалайды. Ссудалық пайыз есебінен банктер депозиттерге пайыз төлейді. Несиеден алатын ссудалық пайыз бен депозитке төлейтін пайыздың арасындағы айырма банктің маржасын білдіреді.

 

Ссудалық пайыз екі  қызмет атқарады:

бөлу;

ссудалық капиталды  өсіру.

 

Бөлу қызметі жаңадан  құрылған кұнды не пайданы бөлуді сипаттайды.

 

Пайыз арқылы пайданы  бөлу меншік иесінің ауысуын баяндайды, яғни қарыз алушы өзінің тапқан пайдасының бір бөлігін кредитордың пайдалануына береді.

 

Ссудалық капиталды  өсіру қызметі банктің несие  беруші ретіндегі несиелік әлеуетін арттыруды көздейді.

 

Ссудалық пайыздың мынадай  түрлері болады:

Базалық мөлшерлеме —  мұндай пайызбен несиені банктер  өздерінің сенімді қарыз алушыларына, не бірінші класты клиенттерге береді. Іс жүзінде базалық мөлшерлемені несиелік ресурстардың құнына байланысты аныктайды. Мұндай факторларға мыналар жатады:

Инфляция қарқынын ескере отырып және несиелік ресурстарға сұраныспен ұсыныс негізінде белгіленген номиналдық мөлшерлеме;

Инфляция қарқынын шегеріп  тастау арқылы есептелетін нақты  мөлшерлеме;

Несиелік шарттың мерзімі  ішінде өзгермейтін тұрақты пайыз  мөлшерлемесі;

Экономиканың жағдайына  байланысты өзгеріп отыратын өзгермелі пайыз мөлшерлемесі;

ҚҚА және ҚҰБ-нің ықпалымен  реттелетін пайыз мелшерлемесі;

Пайызды есептеу тәсіліне карай ссудалық пайыздың мынадай  түрлері қолданылады:

жай пайыз мөлшерлемесі — несиенің мерзімі ішінде бір  капитал сомасына есептелетін пайызды  есептеу әдісі;

күрделі пайыз мелшерлемесі — әрбір есептік мерзімді алдағы мерзімнің капиталына есептелетін  пайыздық төлем.

 

Қазіргі уақытта банкаралық қатынастардың дамуы тұсында  банктер бір-бірінен несие алу  және бір-біріне несие беру қатынастары  дамып отыр. Осындай ссудалық пайыздың түрлеріне ЛИБОР — лондон банкаралық мөлшерлемесі, ПИБОР — париж банкаралық мөлшерлемесін жатқызуға болады. Ішінде еңтанымалы ЛИБОР - лондон банкаралық мөлшерлемесі. Мұндай жағдайда ЛИБОР мөлшерлемесіне маржа қосылып несиелік мәміле жүзеге асырылады.

 

АҚШ тәжірибесінде ПРАМ-РЕЙТ банкаралық мөлшерлеме қолданылады. Бұл  ресми банкаралық мөлшерлемеден  өте жоғары, бірақ ұсақ және орта фирмаларға беретін несие бағасынан  темен.

 

Ссудалық пайыз қарыз  алушының қаржылык жағдайына тікелей  байланысты белгіленеді, егер ол тұрақты болса онда оның мөлшері төмен не керісінше.

 

Іс жүзінде барлық елдерде пайыз саясатын реттеуге мемлекет араласады. Мұндағы максат несиеге деген бағаны төмендету, инфляцияны тежеу, ұлттық валютаның  тұрақтылығын қамтамасыз ету.

[өңдеу]

Тұтыну несиесі

 

Тұтыну несиесінің басты  тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының  ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілетгігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.

 

Тұтыну несиесінің дамуы  әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық енімінің 10%-ын, Германия мен Францияда — 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ен. қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады.

 

Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны  жағынан тұтыну несиесі банктік  несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл нысанының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі — бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.

 

Қазіргі кезде Қазақстанда  тұтыну несиесі кеңінен дамып  отырған несиеге жатады.

 

Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде  тұтыну несиесінің мынадай түрлері  қолданылуда:

автомобилдік несие;

ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына  берілетін несие;

кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с.) берілетін  несие.

 

Мұнда автомобильдік несие бойынша  жаңа және жүрілген автомобильдерді  банк несиесі көмегімен алуға болады.

 

Ұзак мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

жиһаз;

сантехника;

аудио-видео-және түрмыстық техникалар;

компьютер және оргтехника;

басқа да тұтыну тауарлары.

 

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің  ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

 

Сонымен қатар кез келген банктен  тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:

Қарыз алушының анкетасы.

Жеке куәлігі (көшірмесі).

СТТН (көшірмесі).

Соңғы 12 айға бөлініп  көрсетілген жалақы және басқа табыстары  туралы жұмыстан берілетін анықтама.

Жұмыс стажы туралы жұмыс  орнынан анықтама.

Отбасы құрамы туралы анықтама (№ 3-нысан)

Некеге тұрғандығын  растайтын құжатгар (некетуралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).

Кепілге қоятын мүліктін, құжаттары.

[өңдеу]

Ипотекалық несие

Толық мақалалары: Ипотекалық несие және Ипотека

 

Кептеген экономист-ғалымдар «ипотека» терминін нарықтық экономикасы  дамыған елдерде пайда болған қазіргі терминдердің бірі ретінде  санайды. Соңғы жылдардағы біздің еліміздегі ипотеканың пайда болуын шетел инвестицияларымен байланыстыратындар да аз емес. Бұл негізінен бастапқыда халықтын, арасында кең таралмағандықтан және еліміздегі ипотекалық несиенін, қызмет етуінің экономикалық-кұкықтық жағынан толык қамтамсыз етілмегендігімен байланысты болып отыр.

 

Тарихқа жүгінсек, «ипотека»  сөзі алғаш рет б.э.д. VI ғасырда  Грецияда пайда болған (оны архонт Солон енгізген) және сол уақытта  ол, қарыз алушының несие беруші алдындағы жауапкершілігін жер бөлімшелермен қамтамасыз етуін білдірген.

 

Б.э.д. 594 жылы Солон өзінің белгілі реформасын жүргізе отырып, жер бойынша 0арыздарын алып тастап, оның орнына мұраға беруді енгізеді. Жеке басының жауапкершілігін мүліктік жауапкершілікке ауыстыру мақсатында Солон, борышқордың атына мына жер белгілі бір соманы өтеуді камтамасыз етуге арналған деген жазуы бар «тіреу» коюды ұсынады. Мұндай «тіреу» кейіннен ипотека деп аталады.

 

Грек сөзінде «hypotetheca»  — тіреу қою, кепіл беру деген  ұғымды білдіреді. Ол тіреуде жер иесінің белгілі бір қарыз сомасы жазылды. Мұндай тіреу қарыз беруші кепілге қойылған жер бөлімшесінің шекарасына апарып қояды және ол қарыз алушының мүліктік жауапкершілігін куәландырады. Кейіннен осындай мақсатқа арнайы кітапшалар қолданыла бастайды және оларды да ипотека деп атаңды.

 

Ипотека сөзі біртіндеп  орта ғасырлық еуропа зандылықтарына енеді. Германияда ол XIV ғасырда, ал Францияда XVI ғасырда дамиды. Орта ғасырлық кодекстердегі  берілген анықтамаларда ипотека  өзінің жаратылысы жағынан бөлінбейтін зат, ол қанағаттанарлық алу құқына негізделген деп қарастыралады.

 

Әзге мемлекеттерде  ипотека кеңінен дами бастаған. Пруссияда 1783 жылы, 1811 жылы Австрияда және 1843 жылы Саксонияда ипотекалык жүйе енгізілді.

 

Германияда алғашқы  ипотекалық банктер торабы 1900 жылдан бастап қызмет етуде. Содан бері олардың бірі де қызметін тоқтатпаған көрінеді. Сонымен қатар бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс тұсында салымшыларға ипотекалық облигациялар бойынша пайыз төлеген. XVIII ғасырдың соңында контрактілік жинақтың классикалық нысаны ретінде құрылыс-жинақ кассалары пайда болды. Қазіргі осындай құрылыс жинақ-кассалары Германиядағы тұрғын үй саласын инвестициялайтын басты мекемелар болып табылады.

 

Франция мен Ұлыбританияда  контрактілік түрғын үй жинақтарының өзге де үлгілері кызмет етуде. Францияда екі тұрғын үй жинақ шоттары бар: біріншісінде (жинақ кітапшасы деп аталады) 100 мың франкке дейін жинақтап, кейін 150 мың франк тұрғын үй несиесін жеңілдікпен 3,75 % жылдық мөлшерлемеде алуға болады, мұндай жағдайда мақсатты салымға жылына 7,5 мың франк мөлшерінде мемлекеттік сыйақы қосылады; екінші тұрғын үй жинақ шоты (PEL шоты — тұрғын үй жинактарының жоспары деп аталады), онда 400 мың франкіге дейін жинақтап, кейін 600 мың франкке дейінгі сомада тұрғын үй несиесін жеңілдікпен 4,8 % жылдык мелшерлемеде алуға болады. Мұндай несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері нарықтық пайыздан 4—5 пайызға төмен болып келеді. Ірі жер банкі (Креди фонсье де Франс) және оның филиалдары жер иелеріне және тұрғын үй мен өнеркәсіп құрылысына арнап құрылыс компанияларына ссудалар береді. Мұндай ипотекалық несиелердің берілу мерзімдері — 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

 

Ұлыбританияда өткен  ғасырдан бастап, құрылыс қоғамдарының жүйелері қызмет етуде. Олардың жұмыс  жасау тетіктері германиялықтармен ұқсас, бірақ тұрғын үй несиесін алу үшін құрылыс қоғамының салым иесі болу міндетті емес.

 

АҚШ-та Ф.Рузвельт тұсында  түрғын үй құрылысын ипотекалық несиелеу және түрғын үйді сатып алу жүйесі қалыптасты. АҚШ заңдылықтарына сәйкес тұрғын үй ипотекалық несиесі — сатып алған тұрғын үйді қамтамасыз ету заты ретінде кепілге алып, жеке тұлғаға берген банктің не банктік емес мекеменің тұрғын үй ипотекалық несиесін білдіреді.

 

Қазақстанда ипотека  термині 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілді. Осы Жарлыққа сәйкес, «ипотека — кепіл берушінің немесе үшінші бір тұлғаның иелігінде және пайдалануында болатын кепілге салынған жылжымайтын мүлік» деп берілген.

Несиенің мәні және қызметтері