Несиенің қажеттілігі мен маңызы
«Қаржы және есеп» кафедрасы
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Тақырыбы: Несиенің қажеттілігі
мен маңызы.
Жоспар
Кіріспе.......................
І.
Несиенің мәні және несие
1.1
Несие теориясы және оның дамуы.........................
ІІ. Несие
қызметінің түсінігі, қажеттілігі, маңызы........................
2.1 Несиенің қызметі.......................
2.2 Несиенің қажеттілігі мен
2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті.......................
2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері..........25
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. "Кредит" деген сөз, "Қарыз", "несие" деген "kredo" – сенемін деген мағына беретін латынша "kreditium" деген сөзінен шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар – ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасына іздеу қажет. Несие қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Экономикалық категория ретінде, несие –кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді.Ал, қазіргі нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр, өйткені нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады. Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым – қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды. Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп ( әңгіме төленетін процент жөнінде), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама – қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетіп, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама – қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беру қажет. Ақшадан кейін несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады .
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүдіктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Несие берушілер – көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкенрер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады.
Сөйтіп,
несиенің нышандары алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырауы кезінде пайда
болып, капиталисттік тауарлы өндіріс
тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы.
1.1 Несие теориясы және оның дамуы.
Несиені зерттеу барысында
Ғалымдар бүгінгі таңда
Теоррияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық теориялық проблеммалырдың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экномикалық әдебиеттерде
Натуралистік несие теориясы
ХҮІІІ ғасырдың екіші
Бұған қарамастан натуралистік
теорияның маңызын несиенің
Несиенің капиталдық
салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары
а ғылшын экономистері Г.
1929 – 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстарстың және екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа, табыс – бағаға әсер етеді. Сондай – ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындады.
Батыс және Еуропамен 24 – тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа Одағы АҚШ – тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие
Ипотека нарығы алғашқы даму
сатысында, оның инфрақұрылымы
мен заңдық базасы жасалуда.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның
заңдық базалары мен
тұрғысынан енді – енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.
Капиталдық жасампаздық
Монетаризм теориясы дамыған
елдердің экономикалық
Қазақстан да несие
ІІ. Несие қызметінің түсінігі, қажеттілігі,
маңызы.
2.1 Несиенің қызметі
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формаларын тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек.
-
несие мәмілесі тұтасымен
Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді.
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозқалыс сатыларын несиенің негізгі көрсететін жөн.
1 – сызба.. Несиенің
құрылымы
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары қатысуы керек.
Сонымен несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды. Кредитор – несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттары болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс тұлға болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.
Қарыз
алушы – несиелік қатынастың, несиені
алушы және алған қарызды қайтаруға
міндетті жағы болып келеді. Борышқор
және қарыз – бір – біріне
жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік
емес. Борыш – міндетті жалпы
сипаттайтын анағұрлым кең
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарыды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Ақшаға немесе тауарға құн кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы – оның авансылану сипаты. Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының иелігіне түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде онда жасалуы тиіс табыстардыболжап біледі. Қарыз алушыға кредиторға несие беру жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың болуынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану мүмкіндегін ескереді.
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтарымен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозқалысын көрсетуге болады: несиені орналастыру (НО) – қарыз алушылардың несиені алуы (НА) – несиені пайдалану (НП) – ресурстардың босатуы (РБ) – уақытша алынған құнның қайтарылуы (ҚҚ) – несие формасында орналастырған қаражаттарды кредитордың алуы (ҚА).
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылғымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе объектіні тереңдей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің
экономикадағы орны мен рөлі, оның
атқаратын қызметтерімен
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- аналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының қайта бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады.
Несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай – ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналасын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың
шоғырлану процесі қызметі
Несиенің
ғылыми – техникалық прогресті жеделдету
қызметі қаржыландырумен
2.2 Несиенің қажеттілігі мен маңызы
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып топтайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өнірістікке өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни ақша капиталының ауыспалы айналымы жүрді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машина, шикізат және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде – дайын өнім жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші незеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектіде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектіде ақша деген қажеттілігінің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектіде өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектідегі ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады.
Капитал айналымдарда және ауыспалы айналым процесінде ақшалай қаражаттардың босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша көрсетуге болады.
Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы мен қайталуы болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.
Несиенің мүмкіншілігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары несие беруші мен қарыз алушы – экономикалық байланысын туындайтын міндеттемелірдің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызуғышылық танытулары керек.
Несие
объективті қажеттіліктен туындаған
және және ол қоғамдық өндіріс процесінде
маңызды рөл атқарады несие ақшалай
капиталдың қарызға трансформациясын
қамтамасыз етеді және несие берушілер
мен қарызға алушылардың арасындағы
қарым – қатынасты білдіреді.
Несиенің мәнін анықтаған
Несие мәселесі тұтасымен
Несиенің мәнін талдауда
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға
сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама – қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға
алушылардан басқа несие
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.

- Несиенің мән
- Несиенің мәні
- Несиенің мәні және қызметтері
- Несиенің мәні, түсінігі және түрлері
- Несиенің мәні функциялары және түрлері
- Несиенің мәні, функциялары және түрлері
- Несиенің мәні, функциялары және түрлері
- Несиелік серіктестіктер қызметі
- Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру
- Несиеліктәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру
- Несие мәні мен түрлері
- Несие нарығы
- Несиені есептеу әдістері
- Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары