Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1.Несие тәуекелі мен оның ерекшеліктері................................................................5

2. Несиелік тәуекелді хеджерлеу..........................................................................19

3. Несие тәуекелділігін хеджерлеуді жетілдіру..................................................28

Қорытынды.................................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі:Несиелік тәуекелдерді хеджерлеу механизмін жетілдіру процесіне негізделеді. Бұл әсер банктік өзгерістер кезеңінде айрықша арта түседі.Несиелік тәуекелдердің даму басымдықтарын жоғары технологиялық салаларға ауыстырмай, олардың жедел модернизациясы мен дамуынсыз банктің дамыған банктер деңгейіне жетуі мүмкін емес. Бұл мәселені шешу банк ресурстарын, оның интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін мәнді шоғырландыруды, сонымен қатар елдің банк жүйесінің белсенді қатысуын талап етеді. Осы орайда тек мемлекеттік қаржылық институттардың тәуекелдерін басқару бойынша саясат қана емес, сондай-ақ банктердің тәуекелдерін хеджерлеу саясаты да бәсекеге қабілетті экономиканы тиімді модернизациялау үшін жағымды жағдайлар жасауға оңтайлы бағытталуы объективті қажеттілік болып табылады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, реттеуші мемлекеттік органдардың  бірқатар шешімдері банктік тәуекелдердің  бірқатары үшін қозғалтқыш бола алады. Сондықтан да, коммерциялық банктер  біріншіден, Ұлттық банк пен реттеуші органдардың әрекеттерін болжай алуы қажет, екіншіден, осы әсерлерді жоятын тәуекелдерді хеджерлеудің қажетті құралдарын иеленуі қажет, басқа жағынан коммерциялық банктер несие (депозиттік немесе өзге қызметтер) саясатының құралдарын таңдау кезінде мүмкін банктік тәуекелдер деңгейлерін жеткілікті түрде объективті бағалауы қажет.

Банктік тәуекел-менеджменттің  көптеген жекелеген мәселелерін  шешудің және ақша-несие саясаты  жағдайларының жеткілікті жоғары деңгейлеріне қарамастан, банктік тәуекелдерді хеджерлеудің қолданыстағы құралдарының әсерін бағалау мәселелері әрі қарай зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Сонымен бірге банктік  тәуекелдерді хеджерлеудің көптеген аспектілері  әлі де жеткілікті түрде зерттелмеген болып қалуда.

Курстық жұмыстың мақсаттары және міндеттері:Зерттеудің мақсаты – банк жүйесіндегі тәуекелдерді хеджерлеудің теориялық зерттеулері және Қазақстан банктарының қызметіндегі тәуекелдерді хеджерлеу қызметін талдау негізінде банктік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру тұрғысындағы инновациялық бағыттарды ұсыну.

Қойылған мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі міндеттерді шешу қарастырылған:

  • «бәсекеге қабілеттілік», «тәуекел» және «белгісіздік» санаттарына қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі көзқарастар дамуын қарастыру;
  • банктерде несиелік тәуекелдерді хеджерлеудің теориялық негіздерін зерттеу;
  • банктерде несиелік тәуекелді хеджерлеуді ұйымдастырудың жай-күйі, оның даму деңгейі және банк қызметіне ықпал етуін зерттеу;
  • нақты банк мысалында банк қызметінде кездесетін несиелік тәуекелдерді хеджерлеу қызметіне және саясатына талдау жасау;
  • жүргізілген теориялық және практикалық зерттеулер және талдаулар негізінде банк қызметіндегі несиелік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру жолдарын ұсыну.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Банктің несиелік тәуекелдері

 

        Экономикалық қызметтің ең маңызды факторының бірі ретінде тәуекелдің рөлін даусыз мойындау экономикалык ой-пікірдің көпғасырлық дамуының бір қорытындысына айналды.

        Нарық ортасын тәуекелсіз елестету мүмкін емес. Демек, тәуекел проблемасы нарықтың әрбір субъектісінің қаржы жэне өндірістік қызметінің ең өзекті проблемасы болып табылады.

Банктер қаржылық ұйымдар  ретінде белгілі бір тәуекелдерге бейім болып келеді. Тәуекелдерді басқару құрылымы қызметтің белгілі  бір түрлерімен байланысты тәуекелдерді жылдам анықтау және бағалауға қатысты ұйымдастырылған. Банктің күн сайынғы қызметінің ажырағысыз бөлігі ретінде тәуекелдерді басқару процесі маңызды болып табылады. Тәуекелдерді басқару әлуетті қолайсыз факторлардың алдында банктің қаржылық әлсіз тұсын ескертуді қамтамасыз етуі тиіс.

«Тәуекел» деген термин қазіргі кезеңнің экономикалық тео- риясында өте жиі қолданылады, алайда тәуекел деген ұғымды әр түрлі түсініп, оған әр түрлі анықтама беруге болады. Тәуекелдің ең кең түсінігі келешекте сол немесе басқа оқиғаның болу қатысындағы белгісіздікті білдіреді. Ал тәуекелдің нақты анықтамалары жөнінде айтатын болсақ, онда оған әдетте экономика саласы, шаруашылық немесе қаржы қызметінің сол немесе басқа аясы ықпал етеді.

Банк қызметіне тән  негізгі тәуекелдерге мыналар жатады:

- несиелік тәуекел;

- валюталық тәуекел;

- өтімділік тәуекелі;

- нарықтық тәуекел.

Тәуекелдерді басқарудың әрекетті және тиімді жүйесінің болуы  Банктің пікірінше қажеттілік болып  табылады. Оны қамтамасыз ету үшін Банк тәуекелдерді басқарудың негізгі  қағидаларын анықтаған. Олардың мақсаты банкті бар тәуекелдерден қорғау және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады.

Несиелік тәуекел –  бұл кредитордың несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие  бойынша негізгі қарыз сомасын және (немесе) ол бойынша есептелген сыйақы сомасын қайтарып ала алмау ықтималдығы.

Әкономикалық әдебиетте несие тәуекелі ұғымының түсінігін кеңейтетін көп анықтама қолданылады, алайда олардың барлығы бір-бірімен ұқсас. Қазақстандық ғалымдар казіргі кезеңде несие тәуекеліне, оның тегіне қатысты тақырыпқа ерекше көңіл бөледі.

Отандық экономист-ғалымдар несие тәуекеліне берілген несие сомасын білдіретін банк активінің құны төмен немесе нөлге тең болмаса, егер активтің осы бөлігінің нақты кірістілігі күтілетін деңгейден едәуір төмен болса ықтималдық ретінде, ал ресейлік экономист-ғалымдар негізгі борыш пен пайыздың өтелмеу тәуекелі деп анықтама береді.

Банк және қаржы-экономикалық терминдер сөздігінде несие тәуекеліне қарыз алушының кредиторға тиесілі негізгі борыш пен пайызды төлемеу тәуекелі деген анықтама берілген.

Батыстың экономикалық әдебиетінде несие тәуекелінің мәніне ерекше назар аударылады. Мәселен, несие тәуекелі дебитор өзінің ерекше жағдайына орай несиені уақытында өтеуге қабілетсіз жағдайда туындайтын тәуекел деп анықталған.

Алайда атап өтілген анықтамалар авторлардың несие тәуекелі проблемасына қарыз алушының негізгі борыш пен пайызды өтемеу нәтижесінде банктің залал шегу мүмкіндігі ретінде қарастырылатын бірыңгай көзқарасын білдіреді. Алайда банк клиентті несиелеу барысында несие шарты қолданылатын бүкіл мерзімде тәуекелдің белгіленген деңгейінің болуына қарамастан ол залал шегіп қана қоймай, сонымен бірге оң нәтиже алуы мүмкін екенін ұмытпау қажет. Ал мұның өзі маңызы зор факт болып табылады.

Кредиттік тәуекелдің шығу тегі ықтимал қарыз алушының кредит төлеу қабілеті, сондай-ақ оның өзіне  алған міндеттемелерді орындауға жауапкершілікпен қарайтыны жөніндегі толық ақпараттың болмауымен байланысты. Осы себептен кредит беруші әрқашан ысырапқа тап болуы тәуекеліне бас тігеді. Аталмыш фактор тараптарға қалыптасқан жағдайдан пайда алуға мүмкіндік береді. Кредит беруші жағдайды бағалай отырып нақты мәміле үшін кредит бойынша көтеріңкі пайыз тағайындауы мүмкін, бұл жерде қызметті сатып алушы да тәуекелге бас тігеді. Алайда қарыз алушылар өзінің кредит төлеуге қабілеттілігіне қатысты банкті алдайды, сондықтан кредиттік тәуекел қарыз берушіге ауыртпалық салады.

Банктер кредит нарығында  таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:

  • банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдалдарына инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық берілуін қамтамасыз етеді;
  • кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;
  • қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

Кредиттік тәуекелді төмендетуде  ықтимал қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мен кредиттік тарихтары  туралы мәліметтер бар, шетелде кеңінен таралған дерекқорлардың маңызы зор. Кредиттік талдау үшін кәсіпорындар бойынша кешенді анықтамалар дайындайтын кредиттік бюро маңызды ақпарат көзі болып табылады. Ақпараттық компаниялар осы тектес қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олар рейтингтер жасап, оларды жариялайды.

Банк несиелік тәуекелге, яғни қаржылық құрал бойынша бір тараптың өз міндеттемелерін орындамау, және соның  салдарынан екінші тарапта қаржылық залалдың пайда болуы тәуекеліне бейім болуы мүмкін.

Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік «жоғалту қауіптілігі (немесе қауіп)», бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Тәуекелдерді басқару  және белгіленген шектерде оларға мониторингті Несиелік комитет пен Банк басқармасы жүзеге асырады. Несиелік комитеттің кез-келген әрекет етуі алдында несиелік процесс бойынша барлық ұсынымдарды сәйкес Тәуекел-менеджмент қызметінің менеджері жасайды және ұсынады. Тәуекелдерді басқару бойынша күнделікті жұмыс Банктің Несиелік қызметтерімен жүзеге асырылады.

Банк бір қарыз алушыға немесе қарыз алушылар тобына, сонымен қатар салалық (және географиялық) сегменттерге қатысты тәуекелдің максималды сомасын анықтау есебімен өзінің несиелік тәуекел деңгейін белгілейді. Экономика салалары бойынша несиелік тәуекелдің максималды шоғырлану лимиттері тоқсан сайын және аймақтар бойынша жыл сайын белгіленіп отырады және Активтер мен міндеттемелерді басқару бойынша Комитетпен (АМБК) бақыланады. Несиелеу бағдарламалары бойынша (Шағын және орта бизнес (ШОБ) және бөлшек) несиелік тәуекел деңгейіне қатысты шектеулер Басқармамен бекітіледі. Баланстық және баланстық емес тәуекелдерді қамтитын банктер мен брокерлерді қоса алғанда әрбір қарыз алушы бойынша жеке тәуекелдер сәйкес Несиелік комитеттермен және Активтер мен міндеттемелерді басқару бойынша Комитетпен қарастырылады. Белгіленген лимиттермен салыстырғандағы тәуекелдің нақты көлемінің мониторингі күнделікті жүзеге асырылып отырады.

Қажет болған жағдайда, сонымен  қатар көптеген несиелерге қатысты  Банк кепіл алады, сонымен қатар  ұйымдар мен жеке тұлғалардың кепілдемелерін алады. Алайда, несиелеудің басым бөлігі жеке тұлғалардың несиелеріне келеді, оларға қатысты кепіл немесе кепілдеме алу мүмкін болмайды. Мұндай тәуекелдерге тұрақты түрде мониторинг жасалады және ай саынғы негізде сәйкес басқарушылық есептеме ұсынумен талданады.

Баланстан тыс несиелік міндеттемелер қолданылмаған несиелік желілерді, кепілдмелер немесе аккредитивтерді  білдіреді. Баланстан тыс шоттарда есепке алынатын қаржылық құралдар бойынша  несиелік тәуекелдер қарыз алушының келісім-шарт шарттары мен мерзімдерін сақтауға мүмкіндігі болмағаннан болатын жоғалтулар ықтималдығы ретінде анықталады. Баланстық емес қаржылық құралдармен байланысты несиелік тәуекелдерге қатысты Банк қолданылмаған несиелік желілердің жалпы сомасына тең әлеуетті залалға ұшырайды. Алайда залалдың ықтималды сомасы пайдаланылмаған міндеттемелердің жалпы сомасынан төмен болады, себебі көп жағдайда несиені ұсыну бойынша міндеттемелердің пайда болуы клиенттердің несиелік қабілеттіліктің ерекше стандарттарына сәйкес келуіне байланысты болады.

Банктің несиелік тәуекелділігінің максималды көлемі нақты активтерге және жалпы нарықтық тәуекелдерге тән жеке тәуекелдерге байланысты ауытқып отыруы мүмкін [1].

Баланстық шоттарда көрініс  табатын қаржылық активтер үшін несиелік тәуекелдің максималды көлемі активтер мен міндеттемелердің есепке алыну мен қамтамасыз етілулерін есептемей осы активтердің баланстық құнына тең болады. Келесі суретті 2008-2010 жылдар аралығындағы Банктің қаржылық активтерінің максималды несиелік тәуекелінің көлемі бейнеленген (7-сурет).

Суретте көрініс тауып  отырғандай, Банктің қаржылық активтері  бойынша несиелік тәуекелінің максималды көлемі, 2008 жылы 1498,2 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 352,0 млрд. теңгеге артып, 1850,2 млрд. теңгені құраған. Ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 77,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 1933,7 млрд. теңгені құрап отыр. Яғни қаржылық активтер бойынша несиелік тәуекелдің максималды көлемі артқан.

Сурет 7. Банктің қаржылық активтері бойынша несиелік тәуекелінің максималды көлемі, млрд. теңге1

 

Келесі кестеде 2008-2009 жылдардағы қаржылық активтер мен шартты міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелдің максималды көлемі бейнеленген (5-кесте).

 

Кесте 5

Банктердің 2008 және 2009 жылдардағы қаржылық активтерінің несиелік тәуекелінің көлемі

млрд. теңге

Атауы

2008 жыл

2009 жыл

Несие-лік тәуе-келдің таза көле-мінің 2009/

2008 өзгерісі %-бен

Несие-лік тәуе-келдің максималды көлемі

Қамта-масыз ету

Қамта-масыз етуді есепке алған-нан кейінгі несиелік тәуе-келдің таза көлемі

Несие-лік тәуе-келдің мак-симал-ды көлемі

Қам-тама-сыз ету

Қамта-масыз етуді есепке алған-нан кейінгі несие-лік тәуе-келдің таза көлемі

Ақша қаражатта-ры мен оның эквивалент-тері

137,2

0,7

136,5

438,2

5,4

432,8

3,2 есе артқан

Пайда және залал арқылы шынайы құны бойынша бағалана-тын қаржылық активтер

15,0

1,7

13,3

8,5

3,7

4,8

-64,0

Несиелік мекемелер-дегі қаражаттар

10,4

-

10,4

56,1

-

56,1

5,4 есе артқан

Клиенттерге берілген несиелер

1 188,3

1 027,2

161,1

1 133,2

1 066,6

66,6

-58,6

Сату үшін қолда бар инвести-циялық бағалы қағаздар

135,8

-

135,8

200,2

-

200,2

47,4

Өтеуге дейін ұсталатын  инвести-циялар

8,7

-

8,7

17,2

-

17,2

2 есе артқан

Өзге де қаржылық активтер

2,9

-

2,9

2,7

-

2,7

-6,9

Қаржылық активтер жиынтығы

1 498,2

1 029,5

468,7

1856,2

1 075,7

780,4

39,9


 

Кесте мәліметтеріне  сүйенетін болсақ, 2009 жылы қамтамасыз етулер ақша қаражаттары мен оның эквиваленттері бойынша (5,4 млрд. теңге), пайда және залал арқылы шынайы құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер бойынша (3,7 млрд. теңге) және клиенттерге берілген несиелер бойынша (1 066,6 млрд. теңге) болған. Жалпы қаржылық активтер жиынтығынан қамтамасыз етулерді алғаннан кейінгі несиелік тәуекелдің таза көлемі 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 39,9%-ға артып, 780,4 млрд. теңгені құраған. Несиелік тәуекелдің таза көлемінің артуы ақша қаражаттары мен оның эквиваленттер бойынша 3,2 есеге, несиелік мекемелердегі қаражаттар бойынша 5,4 есеге, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар бойынша 2 есеге және сату үшін қолда бар инвестициялық бағалы қағаздар бойынша 47,4%-ға артуымен негізделеді.

Келесі кестеде 2009-2010 жылдардағы қаржылық активтер мен шартты міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелдің максималды көлемі бейнеленген (6-кесте).

 

Кесте 6

Банктің 2009 және 2010 жылдардағы қаржылық активтерінің несиелік тәуекелінің көлемі

млрд. теңге

Атауы

2009 жыл

2010 жыл

Несиелік тәуе-кел-дің таза көле-мінің 2009/2010 өзге-рісі %-бен

Несие-лік тәуекел-дің максималды көлемі

Қамтама-сыз ету

Қамта-масыз етуді есепке алған-нан кейінгі несие-лік тәуе-кедің таза көлемі

Несие-лік тәуе-келдің макси-малды көлемі

Қам-тама-сыз ету

Қамта-масыз етуді есепке алғаннан кейінгі несиелік тәуекел-дің таза көлемі

Ақша қаражат-тары мен оның эквива-ленттері

438,2

5,4

432,8

357,4

0,9

356,5

-17,6

Пайда және залал арқылы шынайы құны бойынша бағала-натын қаржы-лық активтер

8,5

3,7

4,8

6,1

3,6

2,4

-50,0

Несиелік мекеме-лердегі қаражат-тар

56,1

-

56,1

174,4

-

174,4

3,1 есе арт-қан

Клиент-терге берілген несиелер

1 133,2

1 066,6

66,6

1 089,3

1 075,7

13,6

4,9 есе кеміген

Сату үшін қолда бар  инвести-циялық ба-ғалы қағаздар

200,2

-

200,2

20,1

-

20,1

10 есе кемі-ген

Өтеуге дейін ұсталатын  инвести-циялар

17,2

-

17,2

281,3

-

281,3

16,3 есе артқан

Өзге де қаржылық активтер

2,7

-

2,7

5,1

-

5,1

88,9

Қаржылық активтер жиынтығы

1856,2

1 075,7

780,4

1 933,7

1 080,2

853,5

9,4


 

Кесте мәліметтеріне сүйенетін  болсақ, 2009 жылы қамтамасыз етулер ақша қаражаттары мен оның эквиваленттері бойынша (0,9 млрд. теңге), пайда және залал арқылы шынайы құны бойынша  бағаланатын қаржылық активтер бойынша (3,6 млрд. теңге) және клиенттерге берілген несиелер бойынша (1 075,7 млрд. теңге) болған. Жалпы 2010 жылы қаржылық активтер бойынша қамтамасыз етулердің жалпы көлемі 1 080,2 млрд. теңгені құрап отыр. 2010 жылы өткен жылы қамтамасыз етулерді алып тастағаннан кейінгі несиелік тәуекелдің таза көлемі 853,5 млрд. теңгені құраған. 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда несиелік  тәуекелдің таза көлемі құрылымында несиелік мекемелердегі қаражаттар бойынша таза несиелік тәуекел 3,1 есеге артып, 174,4 млрд. теңге, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар бойынша 16,3 есеге артып, 281,3 млрд. теңге, өзге де қаржылық активтер бойынша 88,9%-ға ұлғайып, 5,1 млрд. теңге болған. Ал несиелік тәуекелдің таза көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ақша қаражаттары мен оның эквиваленттері бойынша 17,6%-ға азайып, 356,5 млрд. теңге,  пайда және залал арқылы шынайы құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер бойынша 50,0%-ға төмендеп, 2,4 млрд. теңге, клиенттерге берілген несиелер бойынша 4,9 есеге кеміп, 13,6 млрд. теңге, сату үшін қолда бар инвестициялық бағалы қағаздар бойынша 10 есеге кеміп, 20,1 млрд. теңге болған. Бұл жерде клиенттерге берілген несиелер бойынша несиелік тәуекелдің таза көлемінің 4,9 есеге кемуі банк тарапынан несиелік тәуекелді басқаруға қатысты оңтайлы қызметінің нәтижесі деп есептеймін. Сонымен талдау нәтижесінде қаржылық активтер жиынтығы бойынша несиелік тәуекелдің таза көлемінің өсімі 2010 жылы небәрі 9,4%-ды құраған. Ал жоғарыда айтылып өтілгендей 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда қаржылық активтер жиынтығы бойынша несиелік тәуекелдің таза көлемінің өсімі 39,9%-ға артқан болатын. 2010 жылы несиелік тәуекелдің таза көлемі өсімінің азаюы өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін.

Келесі суретте қаржылық активтер құрамы бойынша 2009 және 2010 жылдардағы қамтамасыз етуді есепке алғаннан кейінгі несиелік тәуекелдің таза көлемінің үлесі бейнеленген (8-сурет).

Суретте көріп отырғандай, 2009 жылы көшбасшылық жайғасымда ақша қаражаттары мен оның эквиваленттер (56,45%), кейінгі жайғасымдарда сату үшін қолда бар инвестициялық бағалы қағаздар (25,65%) және клиенттерге берілетін несиелер (8,53%) орналасқан.

 

                       2009 жыл                                                                  2010 жыл

 

Сурет 8. 2009-2010 жылдардағы қаржылық активтер құрамдас бөліктерінің қамтамасыз етуді есепке алғаннан кейінгі несиелік тәуекелдің таза көлемінің үлесі, %-бен 

Ал 2010 жылы көшбасшылық  жайғасымда ақша қаражаттары мен  оның эквиваленттер (56,45%), кейінгі жайғасымдарда өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар (32,96%) және несиелік мекемелердегі қаражаттар (20,43%) орналасқан. Яғни несиелік тәуекелдің таза көлеміндегі құралдардың жайғасымдары 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда өзгерген.

Келесі суретте шартты қаржылық міндеттемелері бойынша несиелік тәуекелдің максималды және таза көлемі бейнеленген (9-сурет).

Сурет 9. Банктің шартты қаржылық міндеттемелері бойынша несиелік тәуекелінің максималды және таза көлемі, млрд. теңге.

Суретте көрініс тауып  отырғандай, Банктің шартты қаржылық міндеттемелері бойынша несиелік тәуекелдің максималды көлемі 2008 жылы 71,9 млрд. теңге, 2009 жылы 97,5 млрд. теңге және 2010 жылы 147,3 млрд. теңге болған. Шартты қаржылық міндеттемелер бойынша қамтамасыз етулер көлемі 2008 жылы 1,2 млрд. теңгені, 2009 жылы 3,5 млрд. теңгені және 2010 жылы 0,3 млрд. теңгені құрап, нәтижесінде несиелік тәуекелдің максималды көлемінен қамтамасыз етулерді алып тастағаннан кейінгі шартты қаржылық міндеттемелер бойынша таза несиелік тәуекел көлемі  2008 жылы 70,5 млрд. теңге, 2009 жылы 94,0 млрд. теңге және 2010 жылы 147,0 млрд. теңгені құрап отыр. Яғни, 2010 жылы өткен жылдармен салыстырғанда Банктің шартты қаржылық міндеттемелері бойынша несиелік тәуекел көлемі едәуір ұлғайғандығын көруге болады.

Клиенттер несиелері  ішкі бағалауға және өзге де аналитикалық тәртіптерге негізделе отырып сыныпталады. Сәйкес департаменттер несиелерді олардың тәуекеліне және Банк үшін әлеуетті залалдарды білдіретін тәуекелдерге сәйкес тәуекелдерді басқаратын департаменттермен бекітілетін сыныптамаларға жіктейді.

Банк 2009 жылы несиелерді тәуекелдің түрлі санаттары бойынша  ішкі сыныптаудың жаңа моделін қолдана  бастады. Несиенің құнсызданғандығын  білдіретін оқиға болғаннан кейін  модель қарыз алушының қаржылық көрсеткіштеріне, оның несиелік тарихына, дебиторлық қарыз сапасына, қарыз алушының өтімділігіне, қарыз алушыға қатысты нарықтық тәуекелге, экономика секторына және өзге де факторларға негізделе отырып, құнсыздануға резерв сомасын бағалауға көмектеседі. Ақпараттар тұрақты түрде несиелік менеджер тарапынан модельге енгізіліп отырады. Жүйеге енгізілген ақпарат және клиенттер несиелерінің құнсыздануға резервтер сомасын бағалау тәуекелдерді басқару департаментімен тексеріліп отырады.

Жаңа модельде келесі сыныптамалар қолданылады:

- рейтингтік балл 1 – несие бойынша ең жоғары рейтинг, несиелік тәуекелдің минималды дәрежесі;

- рейтингтік балл 2 –  несиенің өте жоғары сапасы, несиелік  тәуекелдің өте төмен дәрежесі;

- рейтингтік балл 3 –  несиенің жоғары сапасы, несиелік  тәуекелдің төмен дәрежесі;

- рейтингтік балл 4 – несиенің қанағаттанарлық сапасы, несиелік тәуекелдің елеусіз дәрежесі;

- рейтингтік балл 5 –  несиелік тәуекел экономика жағдайына  байланысты ұлғаюы мүмкін;

- рейтингтік балл 6 –  экономика жағдайына байланысты  несиелік тәуекелдің жоғары дәрежесі;

- рейтингтік балл 7 –  дефолт тәуекелінің жоғары дәрежесі, қарыз алушының төлем қабілеттілігі  жағымды экономикалық жағдайларға  байланысты;

- рейтингтік тәуекел  8 - өте жоғары дефолт тәуекелі;

- рейтингтік балл 9 –  қарыз алушыға қатысты банкроттық  процедуралы басталған, бірақ несие бойынша төлемдерді жүзеге асыру жалғасуда;

- рейтингтік балл 10 –  дефолт.

Аталмыш жаңа модель бойынша  сыныптау өткен кезеңдерге берілмеген. Жаңа модель бойынша 2009-2010 жылдардағы сыныптау көлемін көрсету жеке негізде  бағаланатын және ұжымдық негізде бағаланатын клиенттер несиелері бойынша көрініс табады. 2009 жылы жеке негізде бағаланатын клиенттер несиелерінің жалпы көлемі 966,7 млрд. теңге және ұжымдық негізде бағаланатын клиенттер несиелері 373,6 млрд. теңге болған. Осы кезеңде құнсыздану резервтері 207,1 млрд. теңгені құрап, жалпы клиенттер несиелерінің көлемі 1 133,2 млрд. теңге болған. Ал 2010 жылы жеке негізде бағаланатын клиенттер несиелерінің жалпы көлемі 985,7 млрд. теңге және ұжымдық негізде бағаланатын клиенттер несиелері 356,8 млрд. теңге болған. Осы кезеңде құнсыздану резервтері 253,2 млрд. теңгені құрап, жалпы клиенттер несиелерінің көлемі 1 089,3 млрд. теңге болған.  Келесі суретте жаңа модель бойынша жеке негізде бағаланатын клиенттер несиелерінің 2009-2010 жылдардағы салыстырмалы рейтингтік көрсеткіштері бейнеленген (10-сурет).

 

Сурет 10. Банктің 2009 жылғы  тәуекел санаттары бойынша несиелік тәуекелдерінің рейтингілері, млрд. теңге.

         10-сурет мәліметтеріне сүйенетін  болсақ, 2009 жылы клиенттер несиелерінің көлемінде несиелік тәуекел дәрежесі бойынша 1, 2 және 9 рейтингтік балдары бар несиелер болмаған. Ал қалған рейтингтік балдарды көлемі бойынша қарастыратын болсақ, 343,5 млрд. теңге 6 рейтингтік балымен (экономика жағдайына байланысты несиелік тәуекелдің жоғары дәрежесі), 337,0 млрд. теңге 7 рейтингтік балымен (дефолт тәуекелінің жоғары дәрежесі, қарыз алушының төлем қабілеттілігі жағымды экономикалық жағдайларға байланысты), 149,5 млрд. теңге 5 рейтингтік балымен (несиелік тәуекел экономика жағдайына байланысты ұлғаюы мүмкін), 105,9 млрд. теңге 8 рейтингтік балымен (өте жоғары дефолт тәуекелі), 29,8 млрд. теңге 4 рейтингтік балымен (несиенің қанағаттанарлық сапасы, несиелік тәуекелдің елеусіз дәрежесі), 0,9 млрд. теңге 10 рейтингтік балымен (дефолт) және 0,4 млрд. теңге 3 рейтингтік балымен (несиенің жоғары сапасы, несиелік тәуекелдің төмен дәрежесі) бағаланған. Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі бойынша дефолт болған несиелер көлемі жалпы несиелер көлемінде аз мәнге ие болып отыр.

Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру