Несие жүйесінің түсінігі. 3
Қазақстан
Республикасы Білім
және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Несие жүйесінің түсінігі
Жоспар
Кіріспе.......................
І Бөлім. Несие жүйесі
1.1. Несие жүйесі
туралы ұғым...................
1.2. Несие жүйесінің
дамуы ........................
ІІ Бөлім. Қазақстан
Республикасының несие жүйесі
2.1.Несиелік жүйені
құру принциптері..............
2.2.Қазіргі несие
жүйесінің дамуы...............
2.3.Несиелік және
банктің мекемелер.............
2.4.Несие жүйесі
және оның Қазақстандағы дамуы.
ІІІ Бөлім. Әлемдегі
несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
..............................
Қосымша ..............................
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысының, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақсстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына
интенсивті түрде енуі, нәтижесінде
Ресейлік орталық-өнеркәсіптік
Елімізде өтіп жатқан нарықтық
қатынатстар тек экономиканы
дамыту үшін ғана емес, бүкіл
қоғамдық өмір үшін де орасан
зор маңызы бар екен дегін
Республикамыздың
Елімізде жүргізілген
Аталған міндеттерді шешу
Соңғы жылдарда қаржы
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие – ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінен- пайда табуға, коммерциялақ жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Курстық жұмыстың мақсаты: Несие жүйесі туралы ұғым және дамуы туралы мәселесін толық ашу. Яғни несиелік жүйені құру принциптерін, қазіргі несие жүйесінің дамуын, несиелік және банктің мекемелері және несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші тарауда, несие жүйесі туралы ұғым және несие жүйесінің дамуын қарастырдым.
Екінші тарауда, несиелік жүйені құру принциптерін, қазіргі несие жүйесінің дамуын, несиелік және банктік мекемелер, несие жүйесі және оның қазақстандағы дамуы туралы толық мәселесін аштым.
Үшінші тарауда, әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы туралы мәселесін талқыладым.
Несие жүйесі-жалпы банктердің (ұлттық
және коммерциялық) және банктік операциялардың
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік
емес мекемелердің жиынтығы.
І Бөлім. Несие жүйесі
1.1.Несие
жүйесінің түсінігі,
ролі мен маңызы және
оның құрылымы
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік салымдардан жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. [4]
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялардың шаруашылықтың өндірістік және тұтынушылық аясын қамтуы, несиелік мекемелер жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарының қуаты бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді.
Американдық
несие жүйесінің әрекет ету ауқымы
жөнінде төмендегі цифрлар
Несие жүйесі арқылы американдық шаруашылықта қолданылатын ақша капиталының орташа есеппен ¾ бөлігі өтеді.
Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық сомасы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады.
Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізнде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды.
Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.
Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие беруішге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа құжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды. [2]
Несиелік қатынастардың, несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігінің құрайды.
Тар мағынадағы несие жүйесі – бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес инститтутар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік мекемелер және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Несие
жүйесі несиелік операциялардың көлемінің
функционалдық мамандануымен
Қазіргі кездегі несие жүйесі бұрынғы жүйеден төмендегі белгілер бойынша өзгешеленеді:
- банктік капиталдың және банктік монополиялардың шоғырлануы және орталықтануы;
- несиелік мекемелердің әр алуан түрлері арасындағы бәсекенің күшеюі;
- банктік капиталдың өнеркәсіптік капиталмен байланысуы және қаржылық капиталдың қалыптасуы;
- несиелік, соның ішінде монополистік мекемелер қызметінің ғаламдануы мен интернационалдануы және континент аралық халықаралық несиелік монополиялардың пайда болуы.
Экономиканың тарихи-
Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер сипатын жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі несиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:
- Орталық (эмиссиялық) банк;
- Коммерциялық банктер;
- Мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және т.б.)
Шаруашылық буындардың
Орталық банк- бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз кез келген елдің ақша-несие институты. Орталық банк – бұл «банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтік ұйымдар, оларға әр алуан қызметтер ұсынады.
Орталық
банк тікелей ықпал ету және реттеу,
бақылау мен қадағалау
Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әр түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар банктер дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің базалық жүйесі рөлін атқарады.
Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған болып табылады. Ссудалық және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады. 2005 жылдың басына қарай Қазақстанда 35 банк әрекет етті.
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (оларды басқаша парабанктер деп атайды) нарықтық экономикадағы несиелік жүйенің маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халыққа көрсететін несие жүйесінің қызметтері толық болмай қалады. [1]
Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген типтеріне қызмет көрсетуге, не банктік қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағытталады. Олардың қызметі көп жағдайда нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге, арнайы клиенттерге қызметтерді және де арнайы қызметтерді ұсынуға негізделеді.
Бұл мекемелер үшін екі жақты тәуелділік тән болады: бір жағынан, несиелік – есеп айырысу операцияларын жүзеге асырумен байланыса отырып, олар орталық банктің сәйкес талаптарын тандыру, инвестициялық немесе басқа операцияларға мамандана отырып, олар сәкес ведомстволардың реттеуші ықпалына түседі.
КСРО күйрегенге Қазақстанның өзіндік несие жүйесі болмады. Оның аумағында дербес филиалдар емес, қатаң орталықтандырылған, абсолютті монополиялық банктік және банктік емес мекемелердің бөлімшелері әрекет етті. Мұндай несие жүйесіөзінің төмен тиімділігін көрсеткенін атап өту керек. Осы жағдайларда 80 жылдардың ортасында екі деңгейлі несие жүйесін құру ұмтылысы жасалды. Жоғарғы деңгейде КСРО Мемлекеттік банкі, екінші деңгейде бес мамандандырылған банк тұрды. Банктік емес несие институттары жүйесі іс жүзінде болмады.
Қазақстанның несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптасты. Осы уақыт ішінде сызбада көрсетілген құрылым қалыптасты.
Қазақстанның
несие жүйесі орталық банк – Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінен, екінші
деңгейлі 35 банктен, олардың ішінде
2 мемлекеттік (Қазақстан Даму банкі, Қазақстан
Құрылыс-жинақ банкі), 83 несиелік серіктестік
(соның ішінде 50 ауылдық), 157 микронесиелік
ұйымдар, 75 ломбард, «Қазпошта» акционерлік
қоғамы бастаған пошталық-жинақ жүйесі,
36 сақтандыру компаниясы, 16 мемлекеттік
емес жинақ ұлттық қоры, 6 жаңа инвестициялық
қор, Қазақстанның мемлекеттік қоры және
басқалардан тұрады.
айланысты
1.2.
Несие жүйесінің
дамуы
Қазақстанның экономикасы Рессейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқы шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.[6]
Банк
капиталының Қазақстанға
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі – орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан аумағында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876ж.), Қызылжарда (1881ж.), Семейде (1887ж.), Омбыда (1895ж.) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912ж.) ашылып, жұмыс жасады.
Ірі коммерциялық банктер қатарныа саналатын сібір сауда-банкісінің (1872ж. құрылған) 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аударында, яғни Омбыда (1894ж.), Семейде (1898ж.), Қызылжарда (1905ж.), Верныйда (1908ж.), Ақмолада (1909ж.), Қостанайда (1911ж.) және Керекуде (1916ж.) орналасты.
Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеніңде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің – 6бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық банктердің 18 филиалдары, 12- өзара несие беру қоғамдары, 8-қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер – бұл мемлекеттік банктер болды және олар мынадай операцияларды жүзеге асырды:
- Вексельдерді есепке алу;
- Тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;
- Тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру;
- Ауыл шаруашылыққа ссуда беру;
- Бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру;
- Қайта есеп жүргізу;
- Вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;
- Бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;
- Ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру,
- Барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу;
- Меншікті бағалы қағаздар шығару;
- Салымдық және ағымдық шоттар ашу.
1909-1913
жж. өнеркәсіптік өрлеу жылдарында
Мемлекеттік және акционерлі-
1917
жылы Қазан революциясынан
1922
жылы несиелік және ссуда-
1924
жылы ауыл шаруашылық
1930-1932 жж. КСРО-дағы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде қағидаға негізделген салалық банктер қатарына ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі 1959 жылы «Құрылыс банкі» болып құрылды.
Көптеген
несиелік серіктестіктермен
Қазақстандағы
несие жүйесінің қайта құру тұсындағы
дамуы КСРО-да соңғы рет жүргізілген
банктік реформаға (1987-1988 жж.) сәйкес
келеді. Банктік реформа нәтижесінде:
КСРО-ның Мемлекеттік банкі
1990
жылы Қазақстан Республикасы
өз егемендігін жариялағаннан
бастап нарықтық қатынастардың
талаптарына сай келетін
1990
жылы желтоқсан айында
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағадрламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Банктік
реформаның басты нәтижесі – бұл
банктік жүйенің тұрақтылығын сақтап
қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық
сақтандыру қоры құрылды. Бұл қорды құру
уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді,
бірақ әр түрлі себептерге байланысты
қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін
2000 жылдың қаңтарынан бастады.
[3]
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасынның несие жүйесі
2.1.Несиелік
жүйені құру принциптері
Несие жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде белгіленге принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, банк жүйесінің банктік емес институттармен үйлестіре отырып, банк жүйесінің екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының біртұтастығы, несиелік мекемелер желісін барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия. Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу ретін және режелерін заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі.Ұлттық банк Қазақстан Республикка аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк рұқсатты беру кезінде орындалатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды.
Нарықтық экономиканың ерекшеліктері банктік емес мекемелермен олардың компаниялары, несиелік одақтары, зейнетақы қорлары, ақша нарығының өзара қорларымен үйлескен әр түрлі деңгейдегі банктік жүйенің қажеттілігін талап етеді. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтық жинақтарын жұмылдыруға және оларды ипотекалық тұтыну несиесіне қолдануға маманданады.

- Несие жүйесінің түсінігіТақырыбы: Несие жүйесінің түсінігі
- Несиелік ақша
- Несиелік ақшалар. негізгі түрлері
- Несиелік портфельді басқару
- Несиелік портфельдің сапасын бағалау
- Несиелік серіктестіктер қызметі
- Несиелік тәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру
- Несие жуйеси
- Несие жүйесі
- Несие жүйесі
- Несие жүйесі
- Несие жүйесі және оның элементтері
- Несие жүйесінің түсінігі
- Несие жүйесінің түсінігі