Несие жүйесі және оның элементтері
Кіріспе |
2 | |
1 тарау. |
Несие жүйесі және оның құрылымы |
|
1.1 |
Несие жүйесі және оның мәні |
3 |
1.2 |
Қазіргі несие жүйесінің құрылымы |
7 |
2 тарау. |
Несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орны |
|
2.1 |
Несиелік жүйені құру принциптері |
9 |
2.2 |
Несие жүйесінің элементтері. Маманданған несие - қаржы институттары |
12 |
3 тарау. |
Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы |
19 |
Қорытынды |
23 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
26 |
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы « Несие жүйесі және оның элементтері» болып табылады.
Несие жүйесі – несие қатынастарын ұйымдастыратын несие қатынастарымен институттарының жиынтығы.
Қазіргі несие жүйесі несие мен ақша айналысын, нақты ақшасыз есеп айрысуды және жинақтау ісін, сондай – ақ халықаралық есеп айрысу және несие қатынастарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын көптеген алуан түрлі мекемелерден тұрады. Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субьектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айрысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және тағы да басқалармен сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезенге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады. Курстық жұмыстың мақсаты - несие жүйесінің мәні , маңызы және оның экономикадағы ролі, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуын талдаап , ашып көрсету болып табылады.
Курстық жұмыстың құрамы кіріспеден, үш тараудан , қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Несие жүйесі және оның құрылымы және оның мәні мен маңыз қарастырылған.
Екінші тарауда Несие жүйесінің элементтері және оның нарықтық экономикадағы алатын орны қарастырылған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қарастырылған.
Курстық жұмысты жазу барысында төмендегі авторлардың еңбегі қолданылды. Атап айтсақ : Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары.Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы:Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя. Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1993. және мерзімділік басылымдар басшылыққа алынды.
І-тарау. Несие жүйесінің мәні және оның құрылымы.
- Несие жүйесі және оның мәні.
Несие ісі кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір бөлігі болып табылады, ол ақша саудасына бағытталып, осының негізінде несие операцияларының орындайды. Оларды әр түрлі несие институттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы мен шаруашылық айналымға қызмет етуі жағынан негізгі болып банктер есептеледі. Әлемдік тәжірибеде банктің кәсіби қызметі ретінде депозиттерді қабылдау және несие беру деп түсіндіріледі. Дәл осы түсінік Италия, Испания, Бельгия, Греция және тағы басқа елдердің банкілер туралы заңдарында берілген. Ал Германия мен Францияда банк немесе несие ұйымы деп өз тапсырыскерлерімен есеп айрысу жүргізетін, бағалы қағаздар сатумен айналысатын, лизингтік операцияларды жүргізетін кез – келген мекеме саналады. Сонымен қатар банк бола алмайтын институттарға заң жүзінде депозиттер қабылдау, есеп айрысу, сақтандыру кепілдіктерін беру және тағы басқаларға тиым салынған. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы » Заңының 1- бабында былай дкпінген: Банк дегеніміз – Заң негізінде қаражат тартатын және оларды қайтарым, төлем, жедел шарттар бойынша орналастырып, заңмен рұқсат етілген банктік операцияларды жүргізетін мекеме. Банктің ресми мәртебесін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі береді, яғни банктің ашылуын және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат ететін лицензиямен қамтамасыз етеді. Банк немесе сол секілді институттар ежелден – ақ болған. Еегипетте банктік операциялар б.з.д. 2700 жылы жүргізілген. Банктердің алғашқы қызметі төлемдер жүргізудің делдалы болған. Бұндай делдалдық нәтижесінде банктер еркін ақша капиталын қызмет етуші, пайда әкелетін дәрежеге дейін жеткізген. “Банк” ұғымы “banco” деген итальян сөзінен шыққан. Кәзіргі кездегі түсініктегі банк алғаш рет 1407 жылы Италияның Генуя қаласында пайда болған. Ал XII ғасырда Италияда ең бірінші вексель пайда болған. XV ғасырда ең танымал ірі банк Флоренциядағы Мидичи банкі болды, Флоренцияда орналасқан банктің бас контурасының Еевропа бойынша 16 бөлімшесі болған. Бізде елде негізінен коммерциялық банктер көптеген банктік операциялармен айналысады, яғни әмбебап болып саналады. Депозиттік ұжымдарға коммерциялық банктер, өзара жинақтық банкілер, несие – жинақтық ассоциациялар, несие одақтары жатады, ал депозиттік еместерге сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы, инвестициялық қорлары, ақша нарығының өзара қарыз қорлары. Атқаратын қызметтері жағынан банктер негізгі екі түрге бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес. Эмиссиялық банк – бұл негізінен орталық банктер, олардың ақша белгілерін айналысқа шығаруға құқығы бар. әр түрлі елдерде олар ұлттық, халықтық, резервті деп аталады. СССР де бұндай банк Мемлекеттік деп аталған, ал Қазақстанда қазір ол Қазақстанда Ұлттық банкі деп аталды. Орталық банктің негізгі мақсаты – ақшаны айналысқа түсіру, банктер арасында ақша тауарларын саудалау, банк жүйесінің эмиссиялық, несие және есеп айрйсу ісін басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Эмиссиялық құқыққа тек қана бір банк ие бола алады, ол Орталық банк, өйткені ақша шығару құқығына бірнеше банк ие болса, елднгі ақша айналысын реттеу мүмкін болмас еді. Эмиссиялық банк басқа бірде - бір банкте жоқ ірі қаражатпен қамтылған. Оның пассивтерін айналыстағы қолма – қол ақша, бюджет қаражаты құрайды. Бұл жағдай оған басқа банктерге көмек беруге және олардың қызметін басқаруға мүмкіндік береді. Қазақстандағы эмиссиялық банк болып ұлттық банк саналады, ал қалған банктер, соның ішінде коммерциялық еместерге кіреді. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ есеп айрысу, қаражат, несие операцияларының барлық түрлерін атқара алады. Соңғы кездеді коммерциялық банктер белсенді түрде сапалы және өзіне тән емес қызметтерді көрсетуде. Бұл - әмбебап несие мекемелері. Бірақ жоғарыда айтылғандай, өз тапсырыскерлерінің көп бөлігіне қызмет етудің негізгі екі – үш түрін таңдаған мамндандырылған банктерде бар. Бұндайларға инвестицмялық, инновациялық ипотекалық жинақтық және тағы басқа банктер жатады.
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын аккумуляциялауға мамандандырылған, сонымен бірге облегациялық қарыз, акциялар және басқа да бағалы қағадар шығарып, ұзақ мерзімге несие береді. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді жұмсалынған қаражаты жетпейтін кәсіпкерлер мен қаражатты ұзақ мерзімге салатын салымшыларға арналған делдалдың қажет көрсеткішін ұйым деуге болады. Инновациялық банктер де инвестициялыққа кіреді, бірақ ол тек техналогиялық жаңа енгізулерді игеру және әзірлеуді несиелендіреді. Ипотекалықбанктер кепілдікке жер немесе жылжымайтын мүлікті алу арқылы қаражатты бөлу несие операцияларымен айналысады. Бұл банктердің пассивінің көп бөлігін ипотекалық облегациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар құрайды. Мамандандырылған несие – қаржы мекемелерінің кез – келген елдің несие жүйесінің маңызды бөлігі. Олар арнаулы білімді және ерекше техникалық тәсілдерді қажет ететін несие капиталдарының тар саналы нарығында қызмет етеді. Бұл мамандандырылуы жағынан әр түрлі қаржы институттарының жиынтығы:.несие – жиынтық ұйымдары, инвестициялық фондтар және компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру фирмалары мен компаниялары, ломбардтар және басқалар. Бұл мекемелер өз дамуының барысында коммерциялық банктер атқармаған операциялар мен қызметтерді көрсетуге бел байлаған еді. Бірақ қазіргі кезде дамыған елдерде бұл институттар халыққа, фирмаларға және компанияларға қызмет көрсетуі жағынан коммерциялық банктермен бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер және банктік емес ұйымдар арасындағы айырмашылықтар жойылуда. Қазірде банктік емес ұйымдарға өзара көмек кассаларын, ламдардтар, қаржы – есеп орталықтарын жатқызамыз. Осылайша банкке жатпайтын ұйымдар кез – келген мемлекеттің несие жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Банкіге жатпайтын институттардың белгісі – халықтың жинақтарын тарту арқылы ресурстарды жинақтау. Олар заңды тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарту жолымен өз пассивтерін қалыптастыратын коммерциялық банктерден осылайша ерекшеленеді. Ал «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Заңы банктен басқа тұлғаларға депазиттерді қабылдауға үзілді - кесілді рұқсат бермейді, бұл өз кезегінде халық жинағын тарту арқылы өз жұмысын реттейтін банкіге жатпайтын институттардың біздің республикада дамуына жол жоқ екенін көрсетті.
Өркениетті
мемлекеттердің тәжірибесінде
Несие жүйесі – несие қатынастарын ұйымдастыратын несие қатынастарымен институттарының жиынтығы. ( 1;121)
Қазіргі несие жүйесі несие мен ақша айналысын, нақты ақшасыз есеп айрысуды және жинақтау ісін, сондай – ақ халықаралық есеп айрысу және несие қатынастарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын көптеген алуан түрлі мекемелерден тұрады. Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субьектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айрысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және тағы да басқалармен сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезенге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады.
Нарықтық экономикада несие - банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айрысулар мен төлемдерін жүргізеді, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтынкапиталға айналдырады, сондай - ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді.Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және тағы басқалары. Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмүнын анықтайды. Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді. Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасқан экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субьектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру-несие беруді білдіреді. Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда келтіргендей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық катигориясының қызмет ету барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыру тиіс. өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылды. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар несиенің алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді.Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне – шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды. Ал несие жүйесі тар мағынасында-бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылық қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипаттайды. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шенберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие -қаржы мекемелері.
1.2. Қазіргі несие жүйесінің құрылымы.
Несие жүйесі өз қыэметін атқарған кезде несие қатынастары орнайды. Қайтарым және төлемақы шарттары бойынша уақытша бос ақша капиталын қайта бөлу, шоғырландыруға қатысты несие мекемелері мен түрлі субьектілер арасындағы экономикалық қатынастар несие қатынастарының мазмұнын анықтайды. Мамандандырылған қызметі, шаруашылыққа берілетін несие – қаржы қызметтерінің көлемі мен санына сәйкес несие жүйесінің ядросын банк жүйесі құрайды, ал Орталық банк несие институттарының қызметін үйлестіруші орган болып табылады. Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік басты банк, ал мемлекеттік, халықтық, ұлттық банк болып аталса да, әр бір елдің ең басты эмиссиялық, ақша – несие институты болып саналады. Орталық банк – «банктердің банкісі». Ол жеке және заңды тұлғалармен операциялар жүргізбейді. Оның тапсырыскері – коммерциялық банктер мен тағы басқа несие мекемелері, сондай – ақ ол түрлі қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдар. Орталық банк тікелей әсер мен реттеу, бақылау қызметтерін банк ұйымдарына қатысты жүргізеді. Коммерциялық банктер несие капиталының нарығының түрлі бөлімдеріне басты қызмет атқаратын көп функционалды ұйым болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі көптеген қаржы операциялары мен қызметтерін атқарады. Коммерциялық банктер кез – келген елдің несие жүйесінің негізгі базалық бөлікінің ролін дәстүрлі түрде атқарады. Олар әлі де болса несие жүйесінің орталығы болып қала бермек. Мамандандырылған несие ұйымдары (оларды кейде парабанктік дейді) нарықтық экономикадағы несие жүйесінің маңызды және қажетті бөлігі болып табылады. Ббұл ұйымдарсыз экономиканың түрлі салалары мен халыққа көрсететін несие жүйесінің қызметтері толымсыз болар етеді.
Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі және ол нарықтық экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Егер институтционалдық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта-қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизімін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді. Бүгінгі несие жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты: банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы, несие – финанс жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функционалдық құрылымының күрделенуі, банк және өнеркәсіп монополиясының қосылуы мен бірігуі, банктік істердің интернационалдануы, трансұлттық банктер мен финанс топтарының пайда болуына әкелді. Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай үш негізгі буын бар: орталық банк, коммерциялық банк, маманданған несие-қаржы институттары. Несиелік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға ерекше монопольдік құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекеттік институттар болып құрылды. Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай рөл атқарады.
Орталық банктер көптеген қызметтер атқарады, солардың ішіндегі бастылары:
- банкнот эмиссиясы;
- мемлекеттік алтын – валюта резервін сақтау;
- басқа несие беретін мекемелердің резервтік қорларын сақтау;
- экономиканы ақша-несие арқылы реттеу;
- коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету;
- есепшот жүргізу және ақша аудару операциялары;
- несие беретін мекемелердің қызметіне бақылау жасау. (10;110)
Коммерциялық банктер
несие жүйесінің «нервтік»
2 - тарау. Несие жүйесінің
нарықтық экономикадағы алатын орны.
- Несиелік жүйені құру принциптері.
Несиелік жүйенің ұйымдастыруы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша - несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік
Нарықтық экономикада арнайы банктік
емес институттар құрылмағын жағдайда
кез келген елдің несие жүйесі
аяқталмай қалады.халық
Несие жүйесін құрудың маңызды принципі – несиелік мекемелер торабының барынша даму мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп айырысудың қолма-қол жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады. (1;121)
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан. Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы – несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының Призиденті мен Министрлер кабинеті өз құзыреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады».
«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыру. Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалаынан сенімді қорғау жолы. Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз. Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алды. Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қозғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады, ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының
жүргізілуіне толық жауап береді.
Өз кезегінде ақша-несие саясаты
экономиканы мемлекеттік
Ұлыбритания мен Францияда
орталық банктердің капиталы
мемлекет иелігінде, алайда
Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.
АҚШ-тың несие жүйесінің
Біздің еліміз бен шет елдердегі
несие жүйесінің
Призиденттің «Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі туралы» заң күші
бар жарлығында былай деп жазылған:
«Жүргізіліп отырған
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;
- Осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді».
Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да кпиенттері тәрізді әр бір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.Үкімет әр бір несие бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартуы мүмкін.
АҚШ,Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік нексиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі.
- . Несие жүйесінің элементтері.
Маманданған несие-қаржы институттары.
Несие жүйесі – несие қатынастарын ұйымдастыратын несие қатынастарымен институттарының жиынтығы. (5: 94-беттер)
Өркениетті мемлекеттердің
тәжірибесінде несие жүйесі туралы
екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі-
несие-есеп қатынастары, оның түрлері
мен несиелеу әдістерінің жиынтығы;
екіншісі- несие-қаржы институттарының жи
Қазіргі несие жүйесі несие мен ақша айналысын, нақты ақшасыз есеп айрысуды және жинақтау ісін, сондай – ақ халықаралық есеп айрысу және несие қатынастарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын көптеген алуан түрлі мекемелерден тұрады. Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субьектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айрысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді.
Несиелеу жүйесі
негізінен үш элементтен
- Несиелеу субьектісі
- несиенің қамтамастығы
- несиелеу обьектісі.
Несиелеу жүйесінің бұл элементтері бі бірінен ажыратуға болмайды. Несиелеу мәмілесіндегі жетістік осы элементтерндің бірін-бірі толықтырған жағдайда қалыптасады. Орталықтанған экономикада несиелеу обьектісіне көп көңіл аударады. Несиелеу обьектісі болған жағдайда кәсіпорындар мен мекемелер банктік несие алуына құқылы болады. Мұндай обьектілер әрқашан да табылды. Кейбір кәсіпорындар меншікті және қарыз қаражаттарын үнемі пайдалануға мүдделік бермегендіктен тауарлы- материалдық құндылықтардың белгіленген шамадан тыс артық қорларын жинайды. Өндірістік шығындарды артық жұмсады, сөйтіп қосымша қаражаттарды тартуды қажетсінді. Осы үш элементтің жиынтығы несиелеу жүйесін білдіреді. Бірақ кейде несиелеу процесінің мүмкіндігін шешу үшін осы үш элементтің бірі жеткілікті сияқты болып көрінеді. Несиелеу жүйесінің тағы бір элементі бар. Ол сенімділік. Бұл кредит түсінігінің өзінен туындайды. Латын «кредо» - сенемін деген ұғымды білдіреді. Кредитте екі жақтың қатынасатыны белгілі: кредитор және қарыз алушы. Олардың арасында қайтарымдылықтың негізінде қарызға берілетін құн қозғалысы жүреді. Бұл қозғалыс екеуінің арасында сөзсіз мынадай сенімділік қатынасын тудырады: қарыз алушы банктің қарызды уақытында және қажетті соммада беретініне сенімді. Өз кезегінде қарыз беруші қарыз алушының сол кредитті нақты мақсатқа жұмсап уақытында пайызбен қайтаруына сенімді.
Қазақстандағы несиелендіру
жүйесінің барлық элементтерін қарастыра
келе, келесідей проблемаларды

- Несие жүйесінің түсінігі
- Несие жүйесінің түсінігі
- Несие жүйесінің түсінігі
- Несие жүйесінің түсінігіТақырыбы: Несие жүйесінің түсінігі
- Несиелік ақша
- Несиелік ақшалар. негізгі түрлері
- Несиелік портфельді басқару
- Несие және несие жүйесі
- Несие және несие жүйесі
- Несие және оның формалары
- Несие жуйеси
- Несие жүйесі
- Несие жүйесі
- Несие жүйесі