Несие жүйесі. 3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
- НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
1.1. Несие жүйесі : экономикалық сипаттамасы,қызметі
мен мен құру қағидалары....................
1.2. Несие жүйесінің маңызы мен ақша-несие қатынастарында
алатын рөлі...................
1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму
кезеңдері.....................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Банктік және банктік емес мекемелер
несие жүйесінің құрамдас
бөлігі ретінде.......................
2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының»
қызметіне талдау ..............................
2.3. Қазақстандағы зейнетақы қорлардың
жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстар.....................
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Банкік сектордың дағдарыс кезіндегі даму жағдайы
мен ерекшеліктері.................
3.2. Банктік емес мекемелердің ағымдағы
жағдайлары....................
3.3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін
дамытудың жекелеген аспектілері...................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Несие жүйесі – дүние жүзіндегі әрбір мемлекет үшін оның экономикасын реттеуші,дамытушы болып табылады. Тәуелсіздік алғанына небары 18 жыл болған, алайда қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үшін де, жүйелі түрде құрылып, ақша-несие қатынастарын бақылып отырған несие жүйесі ел экономикасын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, коммерциялық банктерді, сонымен қатар банктік емес мекемелерді ( ломбардтар, несиелік серіктестіктер, сақтандыру компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қоры және т.б.), пошта- жинақ мекемелерін біріктіретін несие жүйесі қазіргі таңда елдегі ақша айналысын жүзеге асырады , жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызметтер көрсетеді, несие қатынастарын туғызады, әрі реттейді. Несие жүйесі елдегі барлық ақша активтерін басқарады десек те, артық айтқандық емес. Сондықтан да – жүйелі түрде құрылған несие жүйесі еліміздің нарықтағы орынын анықтайды, экономикасын жетілдіру мен мемлекетіміздің ақша – несие қатынастарын реттеуде маңызы зор.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде дамып келген Қазақстан экономикасында тұрақты несие жүйесі болмады. КСРО ыдырап, еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін ғана жүйелі түрде қалыптасып, тұрақтана бастаған несие жүйесі әлі даму үстінде. Сондықтан да, қазіргі нарық заманында еліміздегі несие жүйесінің жағдайын, оған әсер етіп отырған факторларды зерттеу, дағдарыс жылдарындағы өзгерісін анықтап, сараптама жасау маңызды мәселе.
Зерттеу мақсаты. Жұмыстың ең басты
зерттеу мақсаты болып Қазақста
Берілген курсық жұмыс кіріспеден, несие ұғымын ашатын,еліміздегі несие жүйесінің мазмұнын көрсететін және несие жүйесінің ағымдағы жылдағы жағдайы сарапталған үш бөлімнен, қорытындыдан және жұмысқа тіркелеген қосымшалардан тұрады.
- НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
1.1. Несие жүйесі:экономикалық
сипаттамасы,қызметі мен мен
Несие жүйесі түсінігінің экономикалық сипаттамасын беру үшін бірнеше анықтаманы алып қарауға болады. Үлкен американдық экономикалық сөздігінде несие жүйесі дегеніміз – несиелік қатынастардың, несиелеу әдістері мен формаларының , сонымен қатар, несиелік мекемелердің жиынтығы 1 деп түсіндірілген. Ал қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде несие жүйесінің төмендегідей анықтамалары көрсетілген:
Несие жүйесі — жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы. 2
Кредиттік қатынастардың, кредит формаларының және кредит мекемелердің жиынтығы кең мағынадагы кредит жүйесі түсінігін құрайды. Тар мағынадағы кредит жүйесі - бұл кредит-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші кредит мекемелерінің желісі.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі - банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. 3
Несие жүйесі - валюта қаржылық- мекемелердің кешені ,бұл кешен айналымдағы бар ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді.4
Несие жүйесінің басқа да көп анықтамалары бар. Сол анықтамалардың бәрі несие жүйесінің экономикалық сиппатамасын толықтай ашып бере алады. Ал осы түсініктердің бәрін жүйелей келе мен несие жүйесіне келесідей бір толықтырылған анықтама беремін:
Несие жүйесі несиелік қатынастарды, несиелендіру формалары мен несиелік қаржы институттарының жиынтығынан тұратын, сонымен қатар мемлекеттің аумағында және одан тыс аймақтардағы сол мемлекеттің ақшалай ресурстарын басқарып,ақша несие саясатының негізгі бөлігі болып табылатын біртұтас жүйе.
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі - несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі - несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының калыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды.5 Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несиелік жүйенің мынадай қызметтерін атап көрсетуге болады:
- Ақшалай шаруашылық қызметі - салушылардың ақшамен жұмыстары:сақтау туралы келісімшарт, несие беру, ақпаратпен қамтамасыз ету, кеңес беру және т.б. несиелік институттармен жүзеге асады;
- Реттеуші функциясы - тіркелу мөлшерін кұру,резерв құру бұл қызмет орталық банкпен және қадағалау ведомстволарымен жүзеге асады;
- Тәртіп белгілеу қызметі - жеке банктерге және банктік емес мекемелерге бақылау жасау Орталық банкпен және қаржы министрлігімен жүзеге асады.
Несие жүйесінің қызметінен несие катынастары туындайды. Несие катынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және тағы басқа көптеген операциялар өтеді.6
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануының артуы және өркендеуінің нәтижесінде несие жүйесінің экономикалық сипаттамасы жаңа көрініс тапты. Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, кредит жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың кұрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиеләк мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердін несиелік мекемелері арасында.
Жоғарыда анықтағанымдай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік катынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады : тауарлық жэне ақшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгерді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа кұжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің ,ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.
Сонымен қатар кез келген дамыған және дамып келе жатқан мемлекетте несие жүйесі белгілі бір принциптер арқылы құрылады. Бірінші принципке мемлекеттегі бір банктің ақша несие қатынастарын басқарудағы монополист болып табылуы жатады. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында монополист банк қызметін Федералды резервтік жүйе, Ресей Федерациясында Ресейдің орталық банкі, Қазақстанда Ұлттық Банк атқарады.
Кез келген нарықтық экономикада несие жүйесі банктік емес мекемелерсіз өз қызметін толығымен жүзеге асыра алмайды, сондықтан да несие жүйесін құрудың екінші принципіне - несиелік жүйеде банктік емес мекемелер мен олардың компаниялары, несиелік одақтар, зейнетақы қорларының , сақтандыру компаниялары және басқа маманданған несиелік институттардың болуы жатады. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтың жинақтарын жұмылдыруға және оларды ипотекалык тұтыну несиесін қолдануға маманданады.
Несие жүйесінің үшінші принципі- валюталық монополия принципі. Бұл принцип- елдің тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталық резервтердің жинақталу құралы және ақша айналымын басқа елдердің валюталарының ықпалынан сенімді қорғаушы болып табылады.
Төртінші принципке- несие мекемелерінің желісін барынша дамыту және оларға барлық ақша oперацияларын шоғырландыру, яғни шаруашылық буындардың бос ақша құралдарын банктерде сақтау, есеп айырысуларды қолма-қолсыз жолмен жүргізу қағидасы жатады.
Осы берілген қағидалар несие жүйесінің дұрыс құрылуын, тұрақты әрі дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады.
1.2.Несие жүйесінің
маңызы мен ақша-несие
Нарыктық экономикада несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халыктың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, кредит жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етеді. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.
Кредит жүйесінің рөлі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: кредиттік қаражаттардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Мәселен, АҚШ кредиттік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялардың шаруашылықтың өндірістік және тұтынушылық аясын қамтуы, несиелік мекемелер жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарының қуаты бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді. Американдық несие жүйесінің әрекет ету ауқымы жөнінде төмендегі цифрлар тусінік бере алады. Несие мекемелері арқылы қолма қолсыз есеп аудару жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлемдік айналымның басым бөлігі 2009 жылдардың басына қарай 160-165 трлн доллар деп бағаланған. Несие жүйесі арқылы американдық шаруашылықта қолданылатын ақша капиталының орташа есеппен ½ бөлігі өтеді. Осыдан біз несие жүйесінің кез келген мемлекет үшін маңызы зор екенін байқаймыз.
Несие жүйесінің экономикадағы рөлі несиелік операциялардың көлемінің функционалдық мамандануымен және несиелік мекемелердің санымен, сонымен бірге шаруашылықты жүргізудің жекелеген субъектілеріне ұсынылатын қаржы-кредит қызметтерінің санымен және сол мекемелердің жүйелі түрде жұмыс істеуінің арқасында банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алуымен сипатталады.
Экономиканың тарихи-экономикалық дамуының әрбір сатысына несиелік істі ұйымдастырудың өз типі, несие -ақша саясатында алатын орны біраз болсын өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:
Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесіндн үлкен табыс табудан өсті. Осыдан несие жүйесінің рөлі ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен катар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенін күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына (яғни пайдалану мезгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ, клиенттерге банк қызметінің косымша түрлері көрсетіледі (мысалы, тәулік бойы төлем құжаттарын қабылдау, әр түрлі сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және т.с.с). Осыдан біз бәсекенің және монополияның дамуы несие жүйесінің жаңа маңызды жағын тудырады: монополия Орталық Банктің несие жүйесіндегі рөлін айқындай түссе, бәсекелестік несиелік және несиелік емес мекемелердің маңызын арттырады.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп каржы капиталын кұруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жүмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі:
- өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі;
- ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі;
- эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары. [ 6]
Әрине, нарықтық экономикада несие жүйесінің маңызы жыл сайын арта түсуде. Себебі, әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістерге икемді болып келетін нарықтық экономикада ақша – несие саясатын тұрақтандырушы ретіндегі несие саясатының маңызы қазіргі кезде жаңа сипатқа ие болды.
1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері
Қазақстандағы несие жүйесі өзінің дамуында талай кезеңдерді, қиыншылықтарды өткізіп, қазіргі жағдайына жеткен. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамында болғандықтан, сол елдің экономикасы ретінде әр түрлі деңгейде дамып келеді. Казақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін катар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Казакстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған. Қазакстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалың байланысын одан әрі кеңейді.
Банк капиталының Казақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. XX ғасырдың басында Қазақстанның көп салалы экономикасында несиенің ар түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несилік жүйесінің бір бөлігі ретінде: мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, калалық коғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі — Орталық банк болып саналады және оның айналыска кағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялык банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған. Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялың банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп ғана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан аумағында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж.), Кызылжарда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (1895 ж.) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж.) ашылып, жұмыс жасады.
Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда-өнеркәсіп банкісінің (1916 ж.) бөлімшелері де Қызылжарда (1904 ж.), Қостанайда (1908 ж.), Оралда (1909 ж.) және Омскіде (1916 ж.) ашылды.Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-Азия банкісінің (1910 ж.) филиалдары Омбыда (1898 ж.), Верныйда (1903 ж.) және 1907 ж. Семейде құрылды.
Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің — 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық банктердің 18 филиалдары, 12 — өзара несие беру қоғамдары, 8 — калалық коғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.
Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда қарапайым операцияларды жүргізу міндеті казына иелеріне жүктелді. Казына иелері тікелей қазыналы палаталарға, солар арқылы мемлекеттік казына иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп казына иелерінің жүргізетін операциялары жылдам өсе түсті, мысалға: жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді алу; жай және шартты ағымдық, шоттарды ашу; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау; өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т.б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға: Омбы, Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды.
1909 — 1913 жж. өнеркәсіптік өрлеу жылдарында Мемлекеттік және акционерлік коммерциялық банктермен қатар сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер: өзара несие беру қоғамдары және калалық коғамдық банктер жүзеге асырып отырды. Олар несие жүйесіндегі ортаңғы буын ретінде орта және ұсақ буржуазияларға тікелей қызмет еткен. Қазақстанда Ресейдің басқа аудандарымен салыстырғанда, өзара несие беру қоғамы кеш пайда болды.
Өзара несие беру қоғамының қаражаттары: мүшелік жарна қосудан, ағымдық шоттардағы каражаттар мен қоғам мүшелерінің салымдарынан құралды. Бұл коғамның басты максаты өз мүшелеріне несие берумен шектелді. Осы қоғамның жарғысына сай, әрбір қоғам мүшесі өзі қосқан жарнасының он есе көлемінде несие алуға құқылы қалалық, қоғамдық банктер.
Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға енуі барысында көптеген тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру мекемелерінің тағы бір формасы: несиелік кооперациялар пайда болды. Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі кезеңге бөліп карауға болады:
Бірінші кезең: XIX г. соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.
Екінші кезең: 1909 ж. басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты несиелік кооперациялар катары жылдам қарқынмен үлғая түсті.
Несиелік кооперациялардың ішінде несиелік серіктестіктер кеңінен дамыды. Несиелік кооперация негізінен шаруа шаруашылығында ауыл адамдарына тікелей кызмет көрсетті. Несиелік кооперативтердің капиталы айналым ңаражаттарынан (негізгі, ңосымша, арнайы капиталдар, пайда және пайыздар) құралды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялык және баска банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумактық банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен кұрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.
1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру максатында қызмет көрсетті. 1924 жылы ауыл шаруаларының кооперацияларына несиелік оперрацияларды жүзеге асыру барысында барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат берілді. 1922 жылдан бастап, жеке сауда өнеркәсіпті несиелеуге арналған өзара несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттік капиталистік акционерлік оңтүстік-шығыс банкі және шетелдік капиталдың қатыпасуымен Ресейдің коммерциялық банкі құрылды.
Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып, қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931ж. жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты.
1930-1932 жж. КСРО-дағы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер катары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды:
- «Ауыл шаруашылық банкі» 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп берілді.
- «Құрылыс банкі»
- «Цекомбанк» 1959 жылы қысқарып, қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп берілді.
- «Всекобанк» 1959 жылы жойылып, қызметі Сауда банкісіне беріледі. [3]
Сонымеп қатар, Мемлекеттік банктің рөлі несиелік жүйенің жетекшісі ретінде одан арі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп-айырысу және ағымдық шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады. Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері жоғарғы тұрған ұйымға бағынуы, банк ісін орталықтандыру кағидасына сай сақталады.
Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұсындағы дамуы КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформаға (1987— 1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Қүрылыс башстеріиіц мекемелері негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі,Агроөнеркәсіп және Тұрғын Үй Әлеуметтік банкі құрылыды.Сол
сияқты кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде — КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде — КСРО Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар меп ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды. Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық кеңселері (филиалдары) ашылып, қызмет ете бастады. КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне және басқа да банктік емес мекемелерге несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді.
Сонымен қатар, осындай коммерциялық банктермен қатар, банктік емес мекемелер да құрыды. Алайда, 70 жыл бойы КСРО-ның несие жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістер кеңінен орын алды. Сол уақыттардан қалыртасып келген ақша – несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сондықтан да, КСРО тарағанға дейін өз несие жүйесі болмады. Оның аумағында дербес емес филиалдар, қатаң орталықтандырылған бөлімшелер, абсалют монопольді банк және банкіге жатпайтын мекемелер қызмет етті. Мұндай несие жүйесі оның төмен тиімділігін көрсеткенін атап кеткен жөн. Мұндай жағдайда 80-жылдардың ортасында екі деңгейлі несие жүйесін құру әрекеті жасалды. Жоғары деңгейде КСРО мемлекеттік банкі, екінші деңгейде бес мамадандырылған банк болды. Банкіге жатпайтын несие институттарының жүйесі іс жүзінде болмады.
Тек 1991 жылдан бастап, яғни Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономика қатынастарына енгеннен кейін ғана өз несие жүйесін қалыптастыра бастады. Алайда, нарыққа енудегі бастапқы кездегі қиындық тар несие жүйесінің, несие қатынастарының дамуына кедергі келтірді. Тек 1999 жылдан бастап, осы жүйеге байланысты бірнеше заң актілері қабылданғаннан кейін ғана, еліміздегі несие жүйесі бір жолға түсіп, қалыптаса бастады.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Банктік
және банктік емес мекемелер
несие жүйесінің құрамдас
Несие жүйесі үғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие жүйесінің құрылымы қалыптасады. Қазақсандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі — банктік жүйе, ал екіншісі — парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы мынадай сызбамен берілген:
Кесте -1
1-кестенің мазмұнын екінші кесье арқылы ашуға болады.
|
Иерархия деңгейі |
Мекеме аты |
Бөлімшелер аттары |
Мекеменің қызметі | |
|
Банк жүйесі |
І |
Ұлттық банк |
Орталық аппарат. Ұлттық банктің басқармасы |
1.Ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру. 2.Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету. 3.Алтын-валюта резервін басқару. 4.Ақша-несиелік реттеу. | |
|
ІІ |
1.Екінші деңгейлі банктер
2.Мамандаған банктер |
Орталық аппарат Филиалдары. Өкілдік. Еншілес банкі. Бөлімшелері |
Клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету.
Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған | ||
|
Парабанк жүйесі |
ІІІ |
Банктік емес мекемелер |
Орталық аппарат Филиалдары. Өкілдік. |
Маманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету | |
|
IV |
Пошта-жинақ мекемелер |
Орталық аппарат (АҚ Қазпошта) Бөлімшелері |
Халыққа несие-есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту. |

- Несие жүйесі
- Несие жүйесі
- Несие жүйесі және оның элементтері
- Несие жүйесінің түсінігі
- Несие жүйесінің түсінігі
- Несие жүйесінің түсінігі
- Несие жүйесінің түсінігіТақырыбы: Несие жүйесінің түсінігі
- Несие
- Несие
- Несие жyйесiнiн кажеттiлiгi мен манызы
- Несие және несие жүйесі
- Несие және несие жүйесі
- Несие және оның формалары
- Несие жуйеси