Несие. 2
Несие
КІРІСПЕ
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ НЕСИЕНІҢ
ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1
Қазақстанда несиенің мәні
1.2
Несиелік қатынастардың
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
НЕСИЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
БОЛАШАҒЫ
2.1 Несие формалары және функциялары
2.2
Қарыз пайызының экономикалық
қатынастары
3 ҚАЗАҚСТАНДА НЕСИЕ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы қиындықтардың орны
3.2 Қазақстандағы
несиелік қатынастарды
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі - банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын үйлестіретін бірыңғай орган - Орталық банк болып саналады.
Орталық банк - мемлекеттің банк жүйесінің бірінші денгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол - "банктердің банкісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Банктік иесие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге кайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенін жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп, қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
Сонымен, несиелік қатынастарды несиенің формалары рдағы несиенің формаларын түрлерін және функцияларына негжәне түрлері сипаттайды және оның функциялары оның қызметтерін реттейді, яғни несиенің формаларын және функцияларын қарастыру осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – несиелік қатынастаізгі анықтамаларын беріп, оларды қарастыру.
Жоғарыда айтылған мақсатқа байланысты курстық жұмыстың төмендегідей міндеттері қойылады:
- экономикалық категория ретінде несиенің мәнін және қажеттілігін анықтау;
- несиенің формалары мен түрлерін қарастыру;
- несиелік қатынастардың құрылымын анықтау;
- несиенің функцияларын көрсету;
- Қазақстан Республикасының неселік қатынастарының негізгі аспектілерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының несиелік қатынастарының проблемаларын көрсету.
Курстық
жұмысты жазған кезде банктік
ісі саласындағы қазақстандық және
шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері
мен монографиялары, кейбір оқу құралдары,
әдістемелік нұсқаулар, периодты баспа
материадары және статистикалық материалдар
пайдаланылды.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ НЕСИЕНІҢ
ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1
Қазақстанда несиенің мәні
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы — бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт еткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жакты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатна ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және аңылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалың шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие құрын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастын бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастын екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттадық. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа дегеи сұранысы бар тұлға.
Қарыз
беруші және қарыз алушымен қатар несиенің
құрылымының элементіне берілетін объекті
де жатады. Беру объектісі — бұл құнның
ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген
құнды білдіреді.
1.2
Несиелік қатынастардың құрылымы
Өндірістегі капиталдың (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.
Кәсіпорындардағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзінің қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың кайталама айналымында уақытша бөлініп шықкан ақша қаражаты.
Ақша
қорының уақытша бөлініп
Біріншіден негізгі капиталдың өндіріс процесінде бірте-бірте тозуы. Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайын өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол сома тозған негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жаңасын сатып алғанша кәсіпорынның банктегі шотында ақша түріңде жинақталып сақталады. Оны амортизациялык қор деп атайды. Мысалы, егер 10 мың доллар тұратын машина 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның бір мын доллар сомасы түседі. Бұл уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Екіншіден дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және қосалқы материалдарды сатып алу мерзімдерінің біріне-бірі сай келмеуі. Сондықтан сатылған дайын өнімнен түскен ақша сомасының бір бөлігі қолданылған шикізаттар мен косалқы материалдардың құнын көрсетеді. Ол сома да уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бір көзі.
Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жұмсалғанмен оған еңбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеуге арналған сома да уақытша бос ақша капиталы.
Төртіншіден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жанадан құрал-жабдықтар, машиналар және т.б. сатып алу үшін жылмажыл пайданың бір бөлігін есепшотта жинап қою да уақытша бос ақша капиталы.
Сөйтіп, өндірістік капиталдың қайталама айналымы, сөзсіз, уақытқа бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәліметтері бойынша бүкіл ақша жинағының 20 процентке жуығы кәсіпорындарда пайда болады екен.
Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі - мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаты, яғни мемлекеттің резервтік ақша коры. Ол қор үкімет пен оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының айырмасына тең. Сондай-ақ ол жинақ мемлекеттің өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс-әрекеттерінен түскен ақша; мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің активті сальдосы (калдығы); сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және басқа да мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос қаражаты. үнемі бюджет тапшылығы жағдайында мемлекеттің ақша жинағы - ол бюджетке ақша түсу уақыты мен оны жұмсау уақыты сай келмеген кезде болатын, негізінде, қысқа мерзімді құбылыс. Айта кететін жәйт, мемлекеттік сақтандыру, зейнетақы және т.б. мемлекеттік қорларға түсетін ақша халыктың табысы, бірақ оларды халық атынан жинақтағандықтан, ол капиталды мемлекет жұмсайды. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттің үлесі 10 процент шамасында.
Қарыз капиталы кұрылымының үшінші көзі - халықтың жинағы. Ол күнбе-күнгі қажеттілікке жұмсалмай, болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі. Бұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық (сақтылық), саудагерлік, коммерциялық себептер әсер етеді.
Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады. Мысалы, иесие-қаржы мекемелерінін ақша қаражатының шығындарды өтеу мен салым бойынша процент төлеуден қалғаи сомасы. Бірақ бұл өзгермелі сома.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв корына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беруі. Сондай-ақ коғамдық ұйымдардын жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта атйқанда, карыз капиталы (коры) өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады. Ақша қоры үнемі айналыста болуы шарт - ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететін құрал - несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі жұмыс істеуі үшін және оны дамыту үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі туындайды. Бұндай қажеттілік маусымдық жұмыстарды атқару үшін де туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап, оны қажет уақытында, қажетті мөлшерде, қажетті жеріне жұмсап және белгіленген уақытта қайтарып алуға мүмкіндік беретін құрал - несие. Басқаша айтқанда, экономикада уақытша бос ақшаны іске қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгілі келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететін - несие қатынастары.
Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектілердің мүмкіндіктерінің көптігіне күмән келтіруге болмайды, ал іс жүзінде оның тек біреуін бөліп көрсетуге болмайды. Себебі ақша қаражатын несие жүйесі, бір жағынан, өзінде шоғырландырса, екінші жағынан - ол сол субъектілерге несие береді. Нәтижесінде ақшаны жинау және несие беру процестері араласып, дәл сол уақытта бір сома әрі карыз, әрі жинақ болуы мүмкін.
Соңғы жылдары қарыз капиталын жинақтау процесінде несие жүйесі мен бағалы қағаздар нарығына қаржы ұсынушы ретінде жеке сектордың ролі артуда. (Германияда ол көрсеткіш 70 процент шамасында). Халықтың жинағының өсуі барлық елдерде байқалуда. Қазіргі кезде жинақтың ең жоғары үлесі - 20 процент Жапонияда сақталуда. Іс жүзінде барлық жинақтар қарыз капиталы ретінде халық шаруашылығына қолданылатындықтан, мемлекет қаржымен қамтамасыз етілген деп саналады.
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді: несие жүйесіне ақша салу, бағалы қағаздар сатып алу, сақтандыру компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уақытша бос ақша қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы қағаздар сатып алуға жұмсап, ия болмаса басқа фирмаларға несиеге береді. Салымдардың ішінде негізінен ағымдағы депозиттер, мерзімді депозиттер сияқты қысқа мерзімді салымдар көп орын алады. Қаржының көп болігі фирмалардың тікелей және портфельді инвестициясындағы бағалы қағаздарға салынады. Ал бірсыпыра бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалады.
Мемлекет ақша жинақтауды үш формада: несие жүйесінде әр түрлі қаржы активтерін қалыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және резерв қорын құру түрінде жүргізеді. Мемлекеттің қаржы активтерін қарағанда оның екі ерекшелігін атап айту керек: соғыстан кейінгі кездерде барлық талаптар бойынша қаражатты салыстырмалы түрде тұрақты белу және несие жүйесіндегі салымдарда қаражаттың көп шоғырлануы (мерзімді салымдар басымдау ол барлық салымдардың 90 процентке жуығы), сонымен қатар экономиканың ішкі секторларының талаптарын қаржыландыру.
Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп тараған формасы - несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы) шоттарға салған салы-мы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы; сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты процентті бағалы қағаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудың жаңа формаларын іздестіруде, себебі ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын камтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90-жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша: жылдық табысы 10 мың долларға дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 34%-нің жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие меке-лемерінің НАУ-шоттарында салымдары болған. [8,92].
Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол көптеген конъюнктуралық факторларға, әсересе, экономиканың дамуына, ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзгерістерде мынадай бағыт байкалуда: экономика қалыпты дамыса жинақ қоры кемиді, себебі халықтың табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер етеді. Бұл кезде жинактағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артық өндіру ке-зінде ақша айналыстан шығып, жинақкд айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған
ақша ел экономикасын инвестициялан-дырып
капиталға айналады. Ақшаның капиталға
айналуын қамтамасыз ететін құрал - несие.
1.3
Шетелдік тәжірибиедегі
Қазіргі
кезде экономикасы дамыған
Біріншіден, банк капнталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердін үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Капиталды шоғырландыру мен орталықтандырудық ашық және жасырын түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердін күйреуі, олардың бір-бірімен қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспондентгік катынастар мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспондеитгік катынастар деген несие мекемелері арасындағы келісім бойынша жүргізілетін операциялар, олардың мақсаты бір-бірінің тапсырмасы бойьгаша төлемдер мен есеп айырысуды ясүзеге асыру. Корреспонденттік шоттар: "лоро" - олардікі, "ностро" - біздің қаржы деп бөлінеді. Оларда орасан ірі сома жинақталады. Мысалы, АҚШ-тағы барлық коммерциялык банктердің арасынан бірнеше ірі банктердің ресурстары басқа банктердің ресурстарының сомасынан шапшаң өсуімен көзге түсуде. 1960-1970 жж.-да 50 ірі коммерциялық банктердің депозиттік сомасы 88,8 млрд-тан 230,4 млрд долларға жетіп, яғни 2,5 есе өсті, ал осы уақытта басқа коммерциялық банктердің депозитгік сомасы 141,7 млрд -тан 255,1 млрд. долларға жетіп, яғни тек 1,8 есе ғана өсті. 1970 ж. осы 50 ірі банктер 13705 барлық коммерциялық банк-тердің депозитгік сомасының 47%-ін биледі. [22;492.]
Ірі коммерциялық банктерден азғана алып банктер -"Бэнк оф Америка", "Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк" және осындай бірнешеуі бөлініп шығып, олар өнеркәсіп-қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларда басты роль атқарады. Олар - ірі банктердің өзара қосылып, банк холдингін құруының көрінісі. [10,78].
Екіншіден, әр түрлі шесте текемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесіңде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдай-ларына (яғни пайдалану мезгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен процентгік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ, клиенттерге банк қызметінің крсымша түрлері көрсетіледі (мысалы, тәулік бойы төлем құжаттарын қабылдау, әр түрлі сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және т.с.с).
Бәсекенің келесі түрі — әр түрлі несие-қаржы институттары арасында туынданды. Мысалы, коммерциялық банктер мен жинак мекемелерінің арасында жинақты өздеріне тарту үшін; коммерциялық банктер, қаржы компаниялары, несие одақтарының халықка тұтыну тауарларына берген қарыздың үлкен бөлігі ұшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және қарыз-жинақ банктерінің бәсекесі.
Қазіргі кезде банктер арасындагы бәсеке халықаралық дәрежеге көтерілуде. Өңдірістік мемлекетралық мамандануы мен бірлесуі, сыртқы сауданың дамуы. еуровалюта нарығының өсуі банк ісінің интернационалдануына және банк операцияларының көп бөлігінің мемлекет шекарасынан шығуына әкеп соқтырды. XX ғасырдың соңғы төрттен бір бөлігінде АҚШ, Жапония, ГФР, Франция және басқа да бірсыпыра мемлекеттердің ірі банктері халықаралық қаржы концерндеріне айналып әлемнің әр түрлі елдерінде көптеген несиелік, есеп айырысу, инвестициялық операциялар жүргізеді. Көптеген банктердің халықаралық операциялардан түсіретін табысы жиынтық пайданың 40-70 % құрайды.
Халықаралық банктер - ұлтаралық және көп ұлттық банктер болып бөлінеді. Ұлтаралық банктер - ол әмбебап үлгідегі ірі несие-қаржы кешендері. Олар, әдетте, қолында шетелдік кәсіпорындардың кең желісі және мемлекеттің қолдауымен дүниежүзілік нарықта валюта, несие операцияларын бақылайтын жүйесі бар қарыз капиталының козғалысындағы басты делдалдар. Ұлтаралық банктердің шетелдерде көптеген филиалдары, бөлімшелері қызмет жасайды. Мысалы, 80-жылдардың басында дүниежүзінде 84 ұлтаралық банктер болса, оның 22-сі АҚШ-та, Ұлыбритания мен Жапонияның әрқайсысында - 10-ны, 7-і Францияда, ал Германия мен Канаданың әрқайсысында 5-тен саналады.
Көп ұлттық банктер - ол бірсыпыра елдердің ірі банктерінің үлестік жарна төлеу арқылы құрылған халықаралық банктер топтамасы. Олар әлемдік нарықта ұлтаралық банктердің операцияларын іске асырумен, сыртқы сауданы несиелеумен, еуровалюта нарығын жүргізумен шұғылданады.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы капиталын кұруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей түрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі; агымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие-қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерцшялық банктердің үлесі төмендеді. Мысалы, XX ғ. басышда АҚШ-та несие мекемелерінің 7 түрі болса, 80-жылдары олардың түрі 20-дан асты. 1900 ж. активтердің 2/3-ін коммерщиялық банктер, ал 1/3-ін сақтандыру және жинақ мекемелері жүргізді. Ал 1987 ж. коммерциялық банктердің бұл көрсеткіштегі үлесі шамамен 40% болса, жинақ мекемелерін:ің, инвестициялық, ипотекалық, сақтандыру компанияларіының үлесі анағұрлым көтерілді. Осындай өзгерістер басқа өнеркәсібі өркендеген мемлекеттердің де несие жүйесінде байқалады [20; 78.].
Капиталын иемденуіне карай банктер және несие-қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ак почта-жинақ жүйесі және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары (мысалы, американдық федералды жер банкі, АҚШ-тың экспорт-импорт банкі) мемлекеттік несие мекемесі болып саналады. Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италияда және т.б.) ірі коммерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-несие және қаржы институтары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта кұру және Даму банкі, аймақтық Даму банктері және т.с.с.
Дегенмен,
экономикаға несие-қаржылық, ақша-есеп
және т.б. қызмет түрлерін көрсететін негізінен
жеке несие мекемелері. Қазіргі несие
жүйесі күрделі, әрі көпбуынды құрылым.
Егер несие мекемелерінің клиенттерге
көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда
несие жүйесі үш элементтен құрылады:
орталық банк; коммерниялық банктер және
маманданған несие-қаржы институттары.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
НЕСИЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
БОЛАШАҒЫ

- Несие жyйесiнiн кажеттiлiгi мен манызы
- Несие және несие жүйесі
- Несие және несие жүйесі
- Несие және оның формалары
- Несие жуйеси
- Несие жүйесі
- Несие жүйесі
- Нерівномірність розміщення й використання лісових ресурсів Європейських країн
- Нерівності в розподілі доходів населення: причини та наслідки
- Нерозподілений прибуток
- Нерыбное водное сырье
- Несанкционированный доступ к данным
- Несбалансированность рынка труда
- Несие