Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары

Мазмұны 

Кіріспе

1. Акционерлік қоғамның түсінігі, заңды тұлғалар  жүйесіндегі орны....4-11

1.1. Акционерлік қоғам түсінігі........................................................................................4

1.2. Акционерлік  қоғамның  құрылтайшылары..........................................................6

1.3. Акционерлік қоғамды құру тәртібі..........................................................................8

  2. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары..........................12-26

2.1. Акционерлiк қоғамды басқару, қайта ұйымдастыру және тарату...............12

2.2. Акционерлiк қоғамды басқару..................................................................................24

3. Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның   құжаттары...27-29

3.1. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті, қоғамның құжаттарының түсінігі..........................................................................................................................................27

3.2. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы........................................................29

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Нормативтік құқықтық актілер тізімі.
  2. Негізгі әдебиеттер.
  3. Қосымша әдебиеттер.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе.

      Менің курстық жұмыстың тақырыбы «Акционерлік қоғамның қаржысы». Бұл курстық жұмысымда акционерлік қоғамның түсінігі, оның құрылтайшылары, акционерлік қоғамның құру тәртібі, басқару, ұйымдастыру мәселелерін қарастырдым. Яғни, акционерлік қоғам дегеніміз өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.

                Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады.

      Қоғамның  барлық акцияларын бiр акционер сатып  алған жағдайда акционерлiк қоғам  бiр адамнан құрылуы немесе бiр  адамнан тұруы мүмкiн, егер заң  актiлерiнде өзгеше көзделмесе.

        Акционерлiк қоғамның құқықтық  ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.  Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.  Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда «акционерлік қоғам» ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін «АҚ» аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі. Акционерлік қоғам  жария компания бола алады. Мыналар қоғам органдары болып табылады:

      1) жоғары орган – акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда – сол акционер);

      2) басқару органы – директорлар кеңесі;

      2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3) тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

      3) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.

      4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және қоғам жарғысына сәйкес өзге де органдар.  
 
 
 
 
 
 

       1. Акционерлік қоғамның  түсінігі, заңды тұлғалар  жүйесіндегі орны

       1.1. Акционерлік қоғам  түсінігі.

       Акционерлік қоғам дегеніміз өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.

       Акционерлiк  қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен  оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты  болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.

         Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе.

         Акционерлiк қоғамның құқықтық  ережелерi, акционерлердiң құқықтары  мен мiндеттерi осы Кодекске, заң  құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. [2-1]

       Заңдарда  көзделген жағдайларда, акционерлiк  қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында  коммерциялық емес ұйымдар құрылуы  мүмкiн. Қоғам өз акционерерінің  мүлкінен оқшауланған мүлікті  иеленеді және олардың  міндеттемелері  бойынша  жауап  бермейді. Қоғам өз міндеттемелері  өзіне тиесілі барлық  мүлікпен  жауапты болады.

       Корпоративтік  жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  акционерлері  аталған қорлардың  міндеттемелері   бойынша  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы  заңдарда  белгіленген  тәртіп  пен  жағдайларда ортақтасып жауап береді.

       Қоғамның  барлық  акцияларының  бір акционер сатып алған жағдайда  акционерлік  қоғам  бір адамнан  құрылуы  немесе  бір  адамнан  туралы  мүмкін.

       Егер  акционерлік  қоғам өзінің  жаңа  акциялар  немесе  акцияларға  айналатын (конверсияланатын) басқа да  бағалы  қағаздар  шығаратын  ниеті  туралы  хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып  алу құқығы  ескеріледі,  яғни  оларға  қолындағы  акцияларға  сәйкес  бірдей  жағдай ұсынуға міндетті.

       Уәкілетті  орган  акционерлерге  артықшылықты  сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс  беру  тәртібін  белгілеуге құқылы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі – қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.   Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.  Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.  Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.  Қоғамның фирмалық атауы болады, онда «акционерлік қоғам» ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін «АҚ» аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі. Акционерлік қоғам жария компания бола алады.[1-1]

       1. Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін  қоғам жария компания болып  танылады:

       1) қоғам өзінің жай акцияларын, осы акцияларды инвесторлардың шектеусіз тобына ұсына отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған және (немесе) ұйымдастырылған нарығына орналастыруды жүзеге асыруға тиіс;

       2) қоғамның орналастырылған жай  акцияларының жалпы санының кемінде  отыз проценті, олардың әрқайсысы қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан қоғамның жай акцияларының бес процентінен аспайтын акционерлерге тиесілі болуға тиіс;

       3) қоғамның жай акцияларының сауда-саттық  көлемі уәкілетті органның нормативтік  құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;

       4) қоғамның акциялары Қазақстан  Республикасының аумағында жұмыс  істейтін қор биржасының тізімдер  санатында болуға тиіс, енгізілуі  және онда болуы үшін қор  биржасының ішкі құжаттарымен  бағалы қағаздарға және олардың  эмитенттеріне арнайы (листингілік) талаптар белгіленеді не олар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тізіміне енгізіледі.

         Жария компанияның жарғысында:

       1) корпоративтік басқару кодексінің;

       2) корпоративтік хатшы лауазымының;

       3) корпоративтік веб-сайттың;

       4) «алтын акцияға» тыйым салудың болуы көзделуге тиіс.

       Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тануды немесе одан жария компанияның  мәртебесін қайтарып алуды қоғамның өтініші негізінде өзі белгілеген тәртіппен жүргізеді. 
 
 
 
 

       1.2. Акционерлік қоғамның  құрылтайшылары.

       Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам  құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады. Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін.

       Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар:

       Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын қызметтерді анықтайды;

       Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;

       Құрылтайшылардың  беретін акциялардың алдын ала  төлемін бекітеді;

       Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар  төлеміне енетін акцияларды бекітеді;

       Акциялар  шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;

       Қоғам тіркеушісін таңдайды;

       Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол  қою үшін өкілетті тұлғаны таңдайды;

       ҚР  заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының  жарғылық капитал төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;

       Қоғамның  қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын үшінші тұлға алдында  қоғам органдарын оқытуға дейін  көрсететін тұлғаны таңдайды;

       Қоғам жарғысын бекітеді.

       Акцияны орналастырмас бұрын бірнеше  құрылтайшылар жиналысы өткізу керек. Осыған орай шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін барлық жақ құрылтайшыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бірінші құрылтайшылар жиналысында әр құрылтайшы бір дауықа ие бола алады. Келесі құрылтайшылар жиналысында да егер ол туралы құрылтайшылар келісім-шартында көрсетілмесе, әр құрылтайшы бір ғана дауысқа ие. Құрылтайшылар жиналысының шешімі барлық құрылтайшылар қол қойған хаттамамен бекітіледі.

       Құрылтайшылық келісім-шарт жазбаша түрде бекітіледі

       Құрылтайшылар мен оның өкілдіктерінің қолдары  қойылады

       Нотариуспен куәландырылады

       Қоғам жарғысы қоғамның заңды тұлға  ретіндегі хұқықтық статусын анықтайтын құжат болып табылады.

       Жарғы мазмұны мынадай боуға тиіс:

       Қоғамның  толық және қысқартылған атауы;

       Қоғамның  атқарушы органының орналасқан жері;[1-2]

       Акционерлердің хұқықтары туралы, қоғамның жоғары дәрежелі акциясын куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;

       Қоғам органдарының компетенциясы мен  білім тәртібі;

       Қоғам органдары қызметінің ұйымдасу тәртібі  мыналармен қоса: жиналыс тәртібі, акционерлердің жалпы отырысының тәртібі және қоғамның әріптестік отырысы тәртібі;

       Қоғам органдарының шешімінің тәртібі, соның  ішінде көпшілік дауыспен білікті болып  қабылданатын шешім сұрақтары тәртібі;

       Қоғам қызметі туралы бұқаралық ақпарат  құралдарында көрсетілген ақпарат беру тәртібі;

       акционерлер мен міндетті тұлғалардың қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпарат  тәртібі;

       егер  қоғам коммерциялық емес ұйым болса, қоғамның коммерциялық емес екенін көрсету, дивиденттердің төленбегені туралы, дауыс беру шарасы және басқа да ҚР Заңы мен заңнамалық актілермен бекітілген талаптар;

       қоғам қызметін тоқтату шарасы; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       1.3. Акционерлік қоғамды  құру тәртібі 

       Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.  Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.  Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.

       Құрылтай  жиналысы. Жалғыз құрылтайшы Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды. Қоғам осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін.

       Бірінші құрылтай жиналысында  құрылтайшылар:

       1) қоғамды құру туралы шешім  қабылдайды және қоғамды құру  жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;

       2) құрылтай шартын жасайды; 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред.  қара)

       3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның  алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;

       4) жарияланған акциялардың, соның  ішінде құрылтайшылар төлеуге  тиісті акциялардың санын белгілейді;  2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

       4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

       4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды  сатып алған кезде олардың  құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;

       5) шығарылатын болып жарияланған  акцияларды мемлекеттік тіркеу  туралы шешім қабылдайды;

       6) қоғамның тіркеушісін таңдайды;

       7) мемлекеттік тіркеуге арналған  құжаттарға қоғам атынан қол  қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;

       8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;

       9) қоғамның органдары құрылғанға  дейін қоғамның қаржы-шаруашылық  қызметін жүзеге асыруға және  үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;

       10) қоғамның жарғысын бекітеді.

         Акциялар орналастырыла бастағанға  дейін құрылтайшылардың кейіннен  бірнеше жиналысын өткізуге жол  беріледі. Бұл орайда құрылтай  жиналыстарына құрылтай шартының  барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.  Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады.  Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.

         Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі

         Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының  шешімінде):

  1. қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде:
  2. жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері;
  3. заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер;
  4. қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі;

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

       3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың  алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ  оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;

       4) акциялар шығаруды мемлекеттік  тіркеуден өткізгеннен кейін  қоғамның құрылтайшылар арасында  орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы  сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны;

       5) оның құрылтайшыларының құқықтары  мен міндеттері және қоғамның  құрылуына байланысты шығыстарды  бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың  қоғамды құру жөніндегі қызметін  жүзеге асырудың өзге де талаптары;

       6) қоғамды құру және мемлекеттік  тіркеу процесінде оның мүдделерін  білдіру тапсырылатын адамдардың  өкілеттіктерін белгілеу;

       7) қоғам құрылтайшыларының кейінгі  жиналыстарын шақыру мен өткізу  тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам  құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;

       8) қоғамның жарғысын бекіту туралы  жазба; 

       9) құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының  шешіміне): құрылтайшылардың шешімі  бойынша; [2-1]

       Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес енгізілуге тиісті өзге де талаптар болады. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылу кезеңінде осы Заңның 6-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда оның тараптары (жалғыз құрылтайшысы) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.  Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мәліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс.

       Құрылтай  шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың  шығарылуы мемлекеттік тіркелген  күннен бастап тоқтатылады.

       Құрылтай  шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін  ресімдеу) тәртібі 

       Құрылтай  шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды.

       Құрылтай  шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.

         Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының  Заңдарына сәйкес ресімделген  және құрылтайшылардың жиналысына  қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін тиісті өкілеттіктері болуға тиіс.

       Қоғамның  жарғысы 

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   1 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

       Қоғамның  жарғысы қоғамның заңды тұлға  ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын (оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс. ;[1-2]

       2. Қоғамның жарғысында мыналар:

       1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;

       2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред.  қара)

       3) қоғамның артықшылықты акцияларымен  куәландырылған құқықтар көлемiн  қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;

       4)  2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

       5) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;

       6) қоғам органдарының қызметін  ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде: қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі; қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі; [3-1]

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   7) тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

       7) қоғамның қызметi туралы ақпаратты  жариялау үшiн пайдаланылатын  бұқаралық ақпарат құралын көрсете  отырып, қоғамның акционерлеріне  оның қызметі туралы ақпарат  беру тәртібі; 

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   7-1) тармақшамен толықтырылды

       7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды  тұлғаларының өз аффилиирленген  тұлғалары туралы ақпаратты беру  тәртiбi

       8) қоғам коммерциялық емес ұйым  болған жағдайда: қоғамның коммерциялық  емес ұйым екендігін көрсету,  дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар;

       9) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары; 

       10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актілеріне сәйкес  өзге де ережелер болуға тиіс.

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

         Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның  жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам  мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша  оған қоғамның жарғысымен, сонымен  бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс. ; [2-1]

         Қоғам өз қызметін Қазақстан  Республикасының Үкіметі бекіткен  Қоғамның үлгі жарғысы негізінде  жүзеге асыруға құқылы.

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   5 тармақпен толықтырылды

         Қоғамның қызметi туралы ақпаратты  жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн  бұқаралық ақпарат құралдары  және оларға қойылатын талаптар  уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық  актiлерiнде белгiленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       2. Қоғамның акциялары  және басқа да  бағалы қағаздары

Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары