Қолданылатын қондырғыларға шолу және олардың анализі

КІРІСПЕ

Бұрғылау мұнарасы көтеріп-түсіру операциясын автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын және тәл үшін арналған, ұңғы аузына орнатылатын металды қондырғы. Бұрғылау мұнарасының монтаждық қабілеті және оңай орын ауыстырулығы оның қаншалық техникалық жетілгендігіне байланысты. Сондай-ақ, бұрғылау мұнарасының техникалық жетілгендігінің деңгейі бұрғылаудың тиімділігіне және қауіпсіз болуына елеулі ықпал тигізеді. Бұрғылау мұнараларының істен шығып қалуы өте ауыр зардап төндіруі мүмкін, сол себепті бұрғылау мұнараларына тағылатын ең маңызды талаптар – оның беріктігі мен сенімділігі. Бұл айтылған талаптармен қатар жұмыстардың тиімділіген және тезедетілуіне ықпал ететін мұнараның технологиялық қасиеттері және мұнараның жеңіл болуы ескерілуі тиіс.

Бұрғылау мұнараларына қойылған МЕСТ12,2,041-79 қауіпсіздік талаптарына сәйкес мұнараның құрылысы және фундаментке бекітілуі тартпаларды алып қолданғанда қауіпсіз және сенімді болуыға тиіс. Мұнараның құрылысында крон блок, маршты табалдырықтары және бұрғылау қондырғысының еденінен кронблокқа дейін сатысы бар жоғарғы жұмысшының алаңшасы және өту алаңшасы ескерілуі тиіс. Жоғарғы алаңшада көтеріп – түсіру операциясы кезінде бұрғылау свечасын орналастыратын жұмысшыға арналған қозғалмалы люлька орнату керек. Мұнараның жоғарғы табанындағы кронблокты және монтажды ролик ті ауыстыруға арналған сандал кронблоктың бір жарым массасын көтере алатындай етіп есептелінеді. Желдің түсіретін күшін неғұрлым азайту үшін бұрғылау мұнарасының және оның бөлек элементтерінің геометриалық пішіні минималды аэродинамикалық күш тудыратыдай етіп құрастырылуы керек.

Көтеріп – түсіру операциясының жүзеге асырылуы бойынша  бұрғылау мұнараларының свечаларды қолмен немесе механика көмегімен орналастыратын түрлері болады.

Аяқтарының  саны және олардың өзара орналасуы бойынша бұрғылау мұнаралары мұнаралы және діңгекті (мачталы) болып бөлінеді. Мұнаралы мұнарада бар Салман екіден көп, көпбұрыштың төбелерінде орналасқан тіректерге түсіріледі. Мұнара түріндегі мұнаралардың бірлік кеңістік жүйеде тормен байланысқан нақты емес төртаяқтары болуы мүмкін. Діңгекті мұнараларда Салмақ бір немесе екі тірекке түсіріледі. Мұнараның вертикаль жағдайы тіреуіш, бағана немесе портал көмегімен қамтамасыз етіледі.

Мұнаралы мұнаралар  иілгіш және қатты торлардан жасалады. Сонымен қатар төртқырлы пісірілген фермалар немесе үлкен диаметрлі құбырдан жасалған мұнаралар да белгілі. Ондай типті мұнараларды пилонды деп атайды. Конструктивті схемасы әр-түрлі болса, да мұнаралы мұнаралардың кез келген типі өте үлкен қатандықпен және тәлдік арқанның серпімділік күшінің моменті әсерінен айналуына кедергі бола алатындығымен сипатталады. Алайда, бір – бірімен жалғастыратын болттық қосылыстар көп болғандықтан мұнаралы мұнараларды құрастыру өте күрделі. Пилонды мұнараларының аяқтарында байланыс болмағаны олардың монаждық қабілетін ұлғайтады, көпіршелерден бақылау мүмкіндігі жақсарады.

Мұнаралы мұнара өзара белдіктермен және иілгіш диагональ  орналасқан тартымдармен байланысқан  төтр көлбеу орналасқан аяқтардан тұратын  төртқырлы қиылған пирамида. Мұнараның төбесінде бүтінпісірілген кронблокасты рамасы, сандал және кронблокасты алаңша орналасқан. Мұнараны құрастыру үшін, кронблокты ауыстыру үшін жіне басқа ауыр заттарды жоғарыға көтеру үшін сандал блок пен жабдықталған. Бұрғылаушы бұрғылау свечаларын қолмен ауыстыруға арналған екі балкон бар. Әр балкон төрт алаңшадан, қалқалардың қаңқасынан тұрады және свечаны орналастыруға арналған басы шарнирлі саусақтармен және ұңғының өсінен тәлдік блок еркін өтетіндей ара – қашықтықты қалдырып, орналастырылған, жоғарыда істейтін жұмысшыларға арналған люлькамен жабдықталған. Алайда, люльканы өте алас орналастыру да дұрыс емес – жұмысшының жұмыс істеу жағдайы нашарлайды. 15 метр биіктікте манифольд тұрағының бұрғылау насосы мен жеңін күту үшін арналған алаңша бар.

Қауіпсіздік талаптары  бойынша бұрғылау мұнараларының  алаңшаларының ұзындығы 750 мм-ден  кем болмауы керек. Алаңшаның  еденіне бүдір етіп (тайғанау қаупі  төнбеу үшін) металдан төсеніш жасайды, жиегінің биіктігі 150 мм, қоршаудың  биіктігі 1200 мм-ден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар мұнара биіктігі 1000 мм-ден, ені 650 мм-ден кем емес маршты метал табалдырықтармен, өту алаңшаларымен жабдықталған. Екі қарама – қарсы қырларында керекті жабдықтарды кіргізуге арналған қақпалар орналасқан.

Мұнаралардың  аяқтары бір – бірімен шетжағына пісірілген болттық шентемір көмегімен қосылатын бағаналардан тұрады.

Белдіктер мен  диагональ тартымдар мұнараның  аяңына болт пен косынка көмегімен  бекітіледі. Мұнараның аяқ бағаналарын  және белдіктерді құбырлардан, диагональ  тартымды ірі прокаттан жасайды.

Биіктігі дәл  осындай және ауыр көтеру қабылеті бар пилонды мұнаралардың аяқ  бағыналарын діаметрі үлкен құбырлардан  жасайды. Пилонды мұнараларының  аяқтарының жоғарғы шеттері кронблокасты рамасымен шарнирлі қосылады. Мұнаралы мұнаралар көп жағдайда әдейі арналған жоғары көтеруіш көмегімен жоғарыдан төемн қарай құрастырылады.

 

1.2. Қолданылатын  қондырғыларға шолу және олардың  анализі

 

Мұнаралар жүккөтергіштігі, құрылымы, піші ні, өлшемі. Тірек жүйесіне және фундаментке негізгі салмағын беру қабілеттігіне, құрамдас бөлшектерге бөліну дәрижесін мен құрастыру тәсіліне қарай бөлінеді.

Жүккөтергіштігі. Жүккөтергіштігін номінал және максимал деп бөліп анықтайды. Мұнараның номинал жүккөтергіштігі деп ілмекке түсірілетін максимал статикалық салмақты айтады. Ол мұнараға ілінген бұрғылау бағанасының максимал салмағымен анықталады. Мұнараның максимал жүккөтергіштігі қысқа мерзім ілінген шегендеуші бағанасының максимал салмағымен анықталады.

Ұзын свечаларды қолданған кезде көтеріп –  түсіру операциясына жұмсайтын уақыт азаяды. Свечаны ұзартқан сайын мұнараның биіктігі, яғни оның салмағы көбейе түседі. Сол себепті, ұзын свечаларды тек терең ұңғыны қазған кезде пайдалану экономикалық тұрғысынан қарағанда тиімдірек.

Мұнараның фундаментне  тірелу жүйесі. Бұл белгі бойынша мұнараларды мұнаралы және діңгекті түрге бөлінеді. Мұнаралы түрінің салмағы үш немесе төрт аяққа, ал діңгекті түрдің салмағы бір немесе екі аяққа түседі, діңгекті түрге А – типті мұнаралар жатады.

Мұнараның құрамдас бөлшектерге бөліну қабілеті. Құрамдас бөлшектерге бөліну қабілеті бойынша мұнаралар білікті және секциялы болып бөлінеді. Соңғысы құрамдас бөлшектерге бөлінбейтін секциялардан тұрады. Секциялы мұнаралар тасымалдауға ыңғайлы, оларды құрастыруға және керісінше жинауға аз уақыт жұмсалады.

 

Мұнаралы  мұнара

 

Мұнаралы мұнара – керегеторлы, дұрыс төртқырлы  қима пирамида пішінді құрылым. Ол сортты прокаттан немесе бұрғылау құбырынан  жасалады. Оның бөлек бөлшектері болт пен қыстырылады. Орнықтырақ болу үшін он тіреуішпен бекітеді.

Пирамиданың көпірлерге қарағанда алдыңғы және артқы қырларында бұрғылау және шегендеуші құбырларын мұнараға кіргізуге арналған қақпалар орнатылған. Олардың биіктігі 8 м-ден 12 м-ге дейін барады.

Свечаның ұзындығына байланысты белгіленген биіктікте  ортасында квадрат арқалығы және фонарьға кіріп тұрған алаңшасы бар төртбұрышты балкон орнатылады. Балкон мен люльканың еденіне тақтайлар төселіп, қоршаумен қауіпсіздендіреді.

 

 

 

Кесте 1.1. – Бұрғылау мұнараларының техникалық сипаттамасы

Параметрлер

Мұнаралы

Секциялы, А - типті

 

ВБ53-300

В1-300-53

2ВБ-53-300

В200-41

БМВБ-41-200

ВАС-42

ВАС-42П

ВАС-53А

Ілгектің номинал 

жүккөтергіштігі, т

300

300

200

200

200

250

Мұнараның биіктігі, м

53

53

41

42,83

42

53,4

Төменгі табанның

өлшемдері, м

10х10

10х10

8х8

     

Шарнирлі тіреуіш

аяқтарының  арасындағы қашықтық, м

     

9,2

9,2

10,78

Балкондардың  саны

2

2

1

1

1

1

Балкондардың  орна ласу биіктігі, м

- бір інші  балкон

- екінші балкон

 

 

24

36

 

 

22

35

 

 

22

 

 

24,2

 

 

24

 

 

35


 

Кесте жалғасы 

 

Жоғарғы табанының 

биіктігі (аяқтарының өсі бойынша), м

2х2

2х2

2х2

1,8х1,8

1,8х2,0

1,8х1,8

Комплекті мұнараның  салмағы, т

30,3

25

24

21

32,5


 

 

ВМ  – 41 М мұнарасы

 

ВМ - 41 М мұнарасы 150 тонна салмаққа дейінгі бұрғылау жұмыстарына арналған. Құрамдас бөлшектерге  бөліну типі бойынша ол бөлек біліктерге бөлінетін мұнараларға жатады. Ол иілгіш белдеушелермен қосылған төрт аяқтан және диагональ тартымдардан тұрады. Керегеторы крест схемасы бойынша жасалған. Белдеушесі – 168 мм-лі, қабырғасының қалыңдығы 6 мм бұрғылау құбырынан, тартымдары – 22 мм-лі құрыш шыбығынан жасалынған. Мұнара ортасынан биіктігі 4 м он секцияға бөлінеді. Белдеушілер аяққа жартықамыт көмегімен құбырлардың түйсінде болттармен бекітіледі.

 

ВБ  – 53 – 300 мұнарасы

  Биіктігі 53 м, жүккөтергіштігі 300 т. ВБ – 53 – 300 мұнарасы тоғыз панель ден тұрады. Астыңғы панельден басқасының биіктіктері 6 м-ден, астыңғысыныкі – 5 м. Мұнараның аяқтары 246 мм-лі, қабырғасының қалыңдығы 10 мм құбырдан, белдеушілері қабырғасымен қалыңдығы 5 мм, ұзындықтары 194 және 140 мм құбырлардан жасалады. Керегеторы крест түрінде, диагональ тартымдары иілгіш және ұзындығы керек кезде оңай өзгерілетін болып жасалады. Ұзындықтары 25 м және 36 м свечаларды көтеру үшін екі балкон жасалады. Екі арқалықтан тұратын рамаға жүккөтергіштігі 300 немесе 200 т кронблокты орнатуға болады.

 

А –  типті секциялы мұнаралар

 

Қазіргі таңда  А – типті діңгек түріндегі  секциялы мұнаралар кең қолдануда. Оның себебі мұнаралы мұнараларға қарағанда  бұндай түрінің бірқатар артықшылығының бар болғанына байланысты. Олардың металлсиымдылығы жүккөтергіштігі бірдей болван кезде, мұнаралыға қарағанда 20%-ке аз. Құраушы бөлшектердің де саны аз, және осыған байланысты он құрастыру және жинау уақыты азаяды.

А – типті  мұнаралар, жетуге қиын аудандарда және алкен ара-қашықтыққа жиі орын ауыстыру болатын аудандарға кеңінен қолданылады.

 

ВАС – 42 мұнарасы

 

ВАС – 42 мұнарасының  биіктігі 42 м, жүккөтергіштігі 200 т. Аяқтары  біріккен жер інде кронблокасты рамасы мен кронблоктың алаңшасы орналасқан. Мұнараны вертикаль күйінде орнықтыру тартымдары қолданады. Мұнараның аяқтары қимасы теңбүйірлі үшбұрыш төрт пісірілген торлы формадан тұрады. ВАС – 42 мұнарасы балконмен, маршты баспалдақпен және сатымен жабдықталған.

 

 

Бұрғылау қондырғыларын  және бұрғылау имараттарын топтастыру принципі

 

Минай және газ  ұңғыларын әр-түрлі тереңдікке (бірнеше  жүз м-ден бірнеше мың м-ге) бұрғылайды. Ол геологиялық қиындыққа, ауа-райының жағдайына, фундаменттің біртекті орналасуына байланысты.

Бұрғылау мұнараларына қойылатын талап тар көптеген факторларға байланысты. Әр жағдайда осы факторлар ескерілу керек. Бұл факторлар төменде көрсетілген:

1. Ұңғының жобалаған  тереңдігі;

2. Жобалаған  ұңғыны бұрғылау кезінде кездесетін  жыныстардың қаттылығы, иірімділігі  және түрпіліктілігі;

3. Өту жиегіндегі  болжанған салыстырмалы қысым және кейбір ауытқулардың болу мүмкіндігі;

4. Ашу тәсілі, нәтижеде болар деген жағдайларды  сынау және оларды іске асару;

5. Пайдаланатын  бағаның діаметрі және осы  бағаның астындағы ұңғыны бұрғылау  кезінде пайдаланатын басқа шегенеуші  бағаналардың, қашаулардың, бұрғылау құбырлардың діаметрі;

6. Жер бедерінің  қасиеті;

7. Ауа-райының  қасиеті;

8. Бұрғылау тәсілі;

9. Бұрғылау бригадасының  жұмысының жеңілдігі және қауіпсіздігі;

10. Қондырғының  тұтастығы, құрастырудың және  жинаудың жеңілдігі және тездігі.

Бұрғылау қондырғысының  комплексіне: мұнаралы немесе діңгекті мұнара, табаны, шығыр, ротор, бұрғылау насосы, бұрғылау құбырларын көтеріп  – түсіретін тәлдік жүйе, жуға арналған сұйықтықты дайындап, тазартатын механизмдер, циркуляциялық жүйенің элементтері (вертлюг, шланг, тартымдар, құбырлар, ысырмалар, наушалар, сиымдылықтар), бұрғылау механизмдерге арналған қалқа, көмекші құралдар (компрессорлар, отынмай қондырғысы және т.б.) және әр-түрлі құрал – сайман кіреді.

Негізгі бекітімдердің  құрылысы айналу (роторлы) бұрғылаудың дамуының әр сатысында өзгеріп тұрады. Ол өзгерістер ұңғының құрылымы, олардың тереңдігі, бұрғылау жылуы, өтпенің механикалық жылдамдығы, қашаудың жұмысының ұзақтығы және рейстік санымен байланысты.

Бұрғылаудың айналу түрін алғашқыда қолданған кезде өтпенің механикалық жылдамдығы және қашаудың жұмыс уақыты өте аз болатын, балшық ертіндісінің сапасы төмен, ұңғының құрылысы тым үлкен болатын. Қашауды алмастыруға көп жағдайда бұрғылау процессіне жіберетін уақыттан да көп уақыт жұмсалынатын. Осының бәрі өтпенің жылдамдығының аз болуына – жуықтап алғанда 30-50 м/ст. – айына (1925-1928 жж.), яғни орташа алғанда тереңдігі 600 м ұңғыны 12 айдан астам уақытта бұрғылауына себе болды. Бұндай тереңдікті ұңғы үшін бұрғылау бағаналар мен шегендеуші құбырлардың салмағы аз болды.

Бұл жоғарыда айтылғаннан  біз сол кезеңдегі жерүсті  имараттар және бұрғылау қондырғылардың қолданылуы осы ұңғыларға жіберілген уақыт пен салыстырмалы аз жүккөтергіштікке байланысты екенін көріп отырмыз.

Биіктігі 34,2 м мұнараларды үлкен және масивті фундаментне салып, он түгел қаптайтын. Екі жылдамдықты шығыр қолданылған. Тәл жүйесінің жүккөтергіштігі тек қана 50 т болған.

Бұрғылаудың келесі даму сатысы ұңғылардың тереңдігінің шамасының үлкеюімен сипатталады. Осыған байланысты бұрғылау мұнарасының және оның ішіне орналастыратын қондырғылардың жүккөтергіштігінің шамасының көбеюі және оның айналуы үдейе түсіуінің қажеттілігін тудырды.

Бұрғылаудың технологиясы: бұрғылау режимінің оптималды параметрлерінің  белгіленуі, балшық ерітіндісінің және басқа жуу суйықтықтарының сапасының жақсаруы, жұмыстың эффективтілігінің жоғарылауы және өндіріс процесстерінің жақсырақ ұйымдастырылуы дамыған сайын бұрғылау темпі үдейе түсті.

Бұрғылаудың циклдық  жылдамдығының үлкен болуы –  белгілі бұрғылау жабдығының берілген жағдайда қолдануының негізгі критериі.

Бұрғылау жабдығының конструкциясы бұрғылау жұмысының  әр элементіне монтаж, демонтаж және он жаңа жерге орын ауыстыруға кететін  уақыт пен өндіру құралдарының шығыны минимал болатындай етіп жобалануы тиіс.

Қолданылып  келе жатқан бұрғылау жасақтарының жұмыс  істеу қабілеті мен осы күнге  дейінгі жиналған тәжирибені зерттеу  нәтижесінде құрылыстық зерттеу, барлау, эксплуатациялық және басқа ұңғыларды  бұрғылауға арналған бірқатар бұрғылау жабдықтары өңделген.

БУ – 50 және БУ – 75 бұрғылау жабдықтары діңгекті мұнаралармен жинақталуы қажет. БУ – 125, БУ – 200 және БУ – 300 жабдықтары – діңгекті немесе мұнаралы типтермен жабдықталуы  қажет.

 

Кесте 1.2. – Бұрғылау жасақтарының негізгі параметрлері

Параметрлер

Бұрғылау жасақтары

 

БУ-50

БУ-75

БУ-125

БУ-200

БУ-300

Ілгектің номинал 

жүккөтергіштігі, т

50

75

125

200

300

Ұзақтығы 2-мин-қа дейін қысқа мерзімді максимал рұқсат ететін салмақ, т.

70

100

160

250

375

Тәлдік жүйесінің  максимал жабдықталуы

3х4 және

4х5

4х5

5х6

5х6

6х7

Шығырдың барабанының  өндіретін қуаты, ат күші

250-400

500-600

850-1000

1000-1600

1200-1900

Ілгектің көтерілуінің минимал жылдамдығы (жабдықталуы  максимал), м/сек.

0,3-0,5

0,4-0,5

0,4-0,5

0,3-0,5

0,25-0,4

Ілгектің көтерілуінің максимал жылдамдығы (жабдықталуы максимал), м/сек.

 

1,4-2

 

1,8-2

 

2

 

2

 

2

Сатылы жылжу  кезінде ілгектің көтерілуінің жылдамдығының  минимал саны

 

2

 

4

 

4

 

4

 

4


 

 

Кесте жалғасы

 

Жүккөтергіштігі номинал, жабдықталуы максимал жағдайда шығырдың барабан-ында арқанның макси-мал тартылу күші, т

10

12

16

25

33

Тәлдік арқанның максимал диаметрі, мм

26

28,5

31

33

35

Ротор үстеліндегі  тесігінің діаметрі, мм

450

450

520 н/се 560

520 н/се 560

520 н/се 560

Сатылы жылжу  кезінде ротордың айналуының максимал саны

2

2

3

3

3

Роторға берілетін  қуат, ат күші

100-200

100-200

200-250

200-250

200-250

Ротордың үстелінің  айналу жылдамдығы:

- минимал, айн/мин

- максимал, айн/мин

 

 

50

170

 

 

50

170

 

 

50

170

 

 

50

170

 

 

50

170

Вертлюг стволының  ішкі діаметрі, мм

75

100

100

100

125

Бұрғылау насосының  саны

1 н/се 2

1 н/се 2

2

2

3

Насос тобының  гидравликалық қуаты, ат күші

250-500

300-650

600-1300

600-1300

1000-2000

Насостардың максимал қысымы, кг/см2

150

180

200-250

200-250

250

Насос тобының  максимал өнімділігі, л/сек

30-40

40

60

60

75


 

 

Кесте жалғасы 

 

Ротор столынан кронблоктың тіреніш беті не дейінгі  мұнараның биіктігі, м

22-30

30 н/се 41

41-43

41-43 н/се 53

53

Автономды көмекші  электро-станцияның қуаты, кВт

50

50-100

100-200

100-200

100-200


 

Әр-түрлі класти жабдықтарда мұнараның биіктігі ұзындықтары төменде көрсетілгендей свечаларды қолдану мүмкіндігі болатындай жобалануы керек.

 

БУ – 50 жабдығы  үшін свечаның ұзындығы 12 немесе 18 м

БУ – 75 жабдығы  үшін свечаның ұзындығы 18 немесе 24 м 

БУ – 125 жабдығы  үшін свечаның ұзындығы 24 - 27 м

БУ – 200 жабдығы  үшін свечаның ұзындығы 24 – 27 немесе 36 м

БУ – 300 жабдығы  үшін свечаның ұзындығы 36 м

 

Бұрғылау процессінің  негізгі параметрлерін бақылау  үшін басқару жүйесі бақылау - өлшегіш  приборлармен жабдықталуы тиіс.

Жаңадан өңделген бұрғылау жабдықтары (БУ-300-ді есепке алмағанда) тәуелсіз тартпа және өндіріс электр жүйелерінен тоқ алатын болып екі негізгі модификацияда дамуда.

Сонымен қатар  ауыр жүктасымалдаушы вертолетқа арналған модификациясы арнайы бұрғылау мұнаралары жасалуда.

 

БУ  – 50 Бр бұрғылау жасағы

 

БУ – 50 Бр бұрғылау жасағы турбиналық, роторлық тәсілдермен  кіші диаметрлі мұнай және газ  ұңғыларын және, сонымен қатар, тереңдігі 1200 м жартылай эксплуатациялы ұңғыларды  электрбұрғылау тәсілімен бұрғылау үшін арналған.

Жасақ дизельді электр қайыспен жабдықталған төрт блоктан  тұрады. Шығыр блоктың металды  табанында төртжылдамдықты екібарабанды гидравликалық тормозы мен автомат  – қайыспен жабдықталған шығырмен шығырдың қайысының электродвигателі орналасқан. Роторлы блоктың металл табанында дербес электр қайысымен мен жабдықталған ротор, механизация элементі және тәлдік жүйесі бар А – тәрізді бұрғылау мұнарасы орналасқан.

 

Кесте 1.3.

Бұрғылау насосының  салмағы бойынша ротордың және тәлдік жүйесінің номинал жүккөтергіштігі, т

50

Тәлдік жүйесінің  жабдықталуы

4х5

Шығырға берілетін  қуат, ат күші

400

Бұрғылау колоннасының көтерілу жылдамдығы, м/сек.

0,33-1,46

Насостардың саны

2

Әр насостың гидравликалық қуаты, ат күші

250

Насостар тудыратын  максимал қысымы, кг/см2

150

Әр насостың максимал өнімі, л/сек.

24

А – тәрізді  секциялық мұнарасының биіктігі, м

31


 

Екі бөлек насосты –  күш беретін блок рамаға монтаждалған В2 – 300 дизельдерден, редуктордан, синхронды  генераторлармен және бұрғылау насостардан  тұрады. Шығырлы және роторлы блок тар насосты – күш беретін блок пен тек электр коммуникациялар арқылы ғана жалғасқан.

Барлық блоктарда алмасудың  егізі транспорттық. Бұрғылау жасақтың орынын ауыстырған кезде он демонтаждайды (құраушы бөлшектерге бөледі).

Бұл жасақтың басқалардан айырмашылығы – оның айнымалы тоқ дизель электрлі қайыспен жабдықталуы. Осыған байланысты насосты жасақтарды ұңғыдан едәуір алас жерде орнатуға болады. Бұл жәйт газ шығатын ұңғыларды бұрғылау кезінде өте үлкен әсер етеді.

Бұрғылау жасағының конструкциясы он өндірістік электроэнергиясына оңай ауыстыруға болатындай етіп жасалған. Бұл жағдайда насостың қайысы үшін дизель емес электродвигатель орнатылады, жасақтың басқа элементтерінің конструкциясы өзгеріссіз қалады.

Жасақтың құрамына ауырлатылмаған бұрғылау ерітінділерін тазартуға арналған жабдық, отынмай қондырғысы және бұрғылау мұнарасының қалқанының қаңқасы кіреді.

Жуықтап алғанда бұрғылау жасағының салмағы 90 т.

 

 

1.5. Бұрғылау жасағының  монтаждау тәсілін жетілдіру

 

Патенттік зерттеу  жүргізу негізінде бұрғылау жасағының монтаждау тәсілін жетілдіру ретінде бас жақтары бір – бірімен шарнирлі бекітілген мұнараның қырларын бірінің үстіне бірін қойып, оның тіреуіш рамасымен қосып, жоғарғы қырын тартпа құралы рамасын айналдырып мұнараны көтереді, монтаждың және қауіпсіздік техникасының эффективтілігі үлкен биіктікте жұмыс істеуді азайтудың арқасында іске асырылады. Мұнараның астыңғы қырын орын ауыстыру құралына салады, жоғарғы қырын тіреуіш рамасына бекітіп астыңғы қырын рамаға қарай жылжытады. Жылжыта отырып астыңғы қырының тіреуіші рамаға сәйкес келетіндей етіп раманы тартқыш құралдармен айналдырады.

Бұл жаңалық  бұрғылау жұмыстарына жатады, атап айтқанда, мұнаралы немесе діңгекті типті мұнараны монтаждауға қолдануға болады.

Жаңалықтың  негізгі мақсаты мұнараны құрастырған  кезде монтаждың және қауіпсіздік  техникасының эффективтілігін үлкен  биіктікте жұмыс істеуді азайтудың  арқасында арттыру болып табылады.

Мұнараның қырының өзара және рамаға қарағанда орналасуы 1 суретте көрсетілген; 2 суретте жоғарғы қырының төменгі қырдың үстінен айналуы және төменгі қырының рамаға қарай ығыстырылуы көрсетілген; 3 суретте жоғарғы қырының төменгі қырдың үстінен көтерілуі мен төменгі қырдың тіреуішінің рамаға бекітілуі көрсетілген.

Бір-бірінің  үстіне в қашықтыққа ысырылып қойылған 1 және 2 мұнара қырлары өзара қосылған табанмен 3 және сәйкесінше мұнараның  жоғарғы және төменгі қырларында орналасқан 4 және 5 тартымдармен бекітілген. Жинақталған мұнараның қырлардың алдыңғы жанында орналасқан рама 6 мұнараның жоғарғы 2 қырымен 7 шарнирі арқылы қосылған. Мұнараның төменгі қырында шарнирлі 8 тіреуіші бар, ол монтаж кезінде тіреуіш рамасындағы 6 сәйкес бұрышымен бекітіледі. 3, 4 және 5 қос тартымдар мұнараның қырларымен 9-11 шарнирлері арқылы жалғасқан. Рама 6 тарту құралымен – шығырмен 12 қосылған. Мұнараның қырлары орын ауыстыру 13 құралына, мысалы катоққа, жатқызылған, мұнараның қырларының арасында 14 ағаш сүйемелер қойылған.

Бұрғылау мұнарасының монтажы төменде көрсетілгендей жасалады:

Раманың Алдана орын ауыстыру құралын қояды, мысалы каток 13, катоктың үстіне мұнараның  төменгі қырын 1 салады, ағаш сүйемел 14 көмегімен мұнараның төменгі  қырына 1 мұнараның жоғарғы қырын 2 в қашықтыққа ысырылып қойады, в – ның мәні мұнараның жоғарғы қырының ұзындығы в қос тартым 3 көмегімен айналдырғанды ескергенде өзара көтерілу биіктігіне тең. 3 тартымдары мұнараның жоғарғы және төменгі қырыларын қосады және шарнир айналасында айналуға мүмкіндік береді. 4 және 5 тартымдары сәйкесінше мұнараның жоғарғы және төменгі қырыларында орналасқан және бір шеттері 10 және 11 шарнирлерімен жалғасып айналуға мүмкіндік береді. 6 рамасын еңкейтіп мұнараның жоғарғы қырырын тіреуішімен 7 шарнирі арқылы бекітеді. Тіреуіштер бекітілген раманы және мұнараның жоғарғы қырырын 2 мұнараның төменгі қырының 1 үстінен төменгі қырының тіреуіші рамаға 6 жақындағанша айналдырады. 6 рамасын монтаж алаңшасында бар жүккөтергіш құралдың көмегімен тоқтатады. Мұнараның жоғарғы 2 қырынан төменгі қырының 1 үстінен 7 шарнирінің айналасынан айналдыра 3 тартым көмегімен көтереді, соның арқасында мұнараның төменгі қырының тіреуіштері 6 рамасымен 8 шарнирінде қосылады. 8 шарнирді қатайтып 4 тартымын төмен түсіреді, 5 тартымын жоғары көтереді.

Барлық тартымдарды бекітіп 3 суретте көрсетілген мұнараның өзгермейтін қатаң конструкциясын бекітеді.

Мұнараны құрастырғаннан кейін кронблокасты алаңшасын, балконды және т.б. құрастырады.

Мұнараны жинаған  кезде осы операцияларды кері тәртіпте орындайды.

 

2.2. Тік және көлденең жүктеулер әсерінен болатын мұнаралардың есептеулері

2.2.1. Мұнара аяқтары серіппелерінің  есері

 

Мұнара аяқтары  тік жүктеулер әсерінен сығылуға жұмыс істейді.

Мұнараға түсірілген көлденең жүктеулер сығылу сияқты созылымды  күштерді жасауы мүмкін.

Қолданылатын қондырғыларға шолу және олардың анализі