Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары
Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары
Жоспар
Кіріспе
1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері
- Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы, экономикалық мәні
- Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлері және оның ақша айналысындағы рөлі
- Шетелдерде қолма-қолмыз есеп айырысу нысанын талдау
- 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республик
асындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастырылуын талдау - Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру негіздері
- Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң қолма-қолсыз есеп айырысу нысанын талдау
- Қолма-қолсыз есеп айырысудың мәселелерін жетілдіру жолдары
- Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айрысу жүйесінің бүгінгі жағдайы
- Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру, тиімді банктік қадағалау жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің
Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030
барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы"
Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары
республика экономикасында орын алған
дағдарыстың себептерін ашу, оны
жеңудің жолдарын анықтау керек”
деп айтылған. Радикалдық саяси және
экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас
жүйесіне енуі дағдарыстың болуына,
өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс,
қызметтің бәсекеге қабілеттілігін
күрт төмендетуге объективті жағдайлар
тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына,
төлемге қабілетсіздік
2006 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан
Республикасының Президенті
Аралас экономика жағдайларында халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру қаржы механизмін қайта құруды талап етеді. Бірінші кезекте ақша айналымы жүйесіндегі қаржылық қатынастарды зерттеу мәселесі тұрады. Бұл мәселе күрделі әрі функционалды құрылымды, қоғамдық азық-түліктің қозғалысын анықтап, таратылымдық қатынастарды белгілейді.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі аралас экономикаға көшуінде қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік қатынастарын жүзеге асырады және оны іске асуын қадағалайды.
Жеке секторлар бойынша қаржы қозғалысының ерекшеліктері мен азық-түліктің таратылу кезеңдеріне байланысты шаруашылықтардың қаржылық айналымдарының тұтас кешені шеңберінде өндірістік және өндірістік емес салалардың ақша айналымы, тұтынушылар секторының айналымдары, мемлекеттік қаржы жүйесі мен көрсеткіштер кешенін анықтайтын, банк жүйесінің негізін қалайтын қаржылық-есеп айырысу, эмиссиялық және несиелік қатынастарды анықтайтын несие жүйесінің айналымы бақыланады. Әрбір халық шаруашылықтарының ақша ағымы секторлары барлық қаржы айналымының мазмұнды, негізді бөлігін қарастырады, сонымен қатар оның басқа да бөлімдерімен тығыз байланыста болады. Секторлардың ақша айналымдары баға қозғалысының дәрежесі мен оның калыптасу ерекшеліктеріне байланысты барлық қаржылық айналым қызметінің тиімділігіне түрлі әсер етеді, және тауар мен баға арасындағы тепе-теңдікті демеу мақсатында басқару құрылымы арқылы ажыратылады. Баға формасы көрсетілген азық-түліктің таратылуы мен қайта бөлінуі барлық ақша айналымы қызметінің объективті негізі болып табылады. Бiрақ Республикадағы банктердiң қызметi әр түрлi факторлардың ықпалынан аса күрделi жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының тапшылығы және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берiлген банктiк несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуiнен банктердiң несие қызметi үшiн жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктiң несие портфелi құрылымының төмендеуi, жiктелген активтер бойынша резервтердi қалыптастыруға шығындардың тез өсуi, таза табыстық жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәттi несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкiн тәсiлдер механизмдерiн әзiрлеу көмегiмен несие тәуекелдiгiн басқаруға ұмтылады.
Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының өсуі – қарыз операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қолма-қолсыз есеп айырысуын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын басқаруды жүзеге асырылған процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: қолма-қолсыз есеп айырысу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және ақша механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
- банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын
зерттеу;
- қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы
проблемаларды зерттеу;.
Курстық жұмыстың объектісі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолма-қолсыз есеп айырысуы. Қолма-қолсыз есеп айырысу, банк саясатында үлкен рөл бар екенін дәлелдеу.
Курстық жұмысты пәні – қолма-қолсыз есеп айырысу барысындағы тәуекелділік, қарыз алушылардың түрлері мен ақшалай қатынастардағы қабілеттілігі, қолма-қолсыз есеп айырысуының мерзімділігі, төлемділігі, валюта түрі және экономиканың негізгі құралдары болып табылады.
- Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері
1.1 Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы, экономикалық мәні
Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұpaды.
Ақшалай есеп айырысулардың өзi eкi формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға белiнедi. Айналыстағы ақша алма-кезек бiресе айналыс құралы, бiресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша, қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегiнде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкiн. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бiр-бiрiне тәуелді. Өйткенi ақша, үнемі бiр айналыс аясынан екiншiсiне өтiп, бiрақ, айналыс аясынан кетпей oғaн одан әрі қызмет жасай береді.
Ал банктегi шотқа
қаржының аударылуы - қолма-қол
ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан
қолма-қол ақшасыз төлем
Қолма-қол емес ақша айналымы
(төлем, айналымы) - ол банктегi шот иесiнiң
жазбаша бұйрығы бойынша
Есеп айырысу операцияларын
жургiзу үшiн әр түрлi шоттар қолданылады.
Олардың арасында көп тарағандары:
ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары.
Қолма-қол ақшасыз төлем
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазіргі бұл мәселе біздің елде кәіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерден ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерін тек ¼ бөлігі ғана қолма – қол ақша төлеумен жүргізілген, қалған төлемдер чектермен , несие карточкалармен және с.с. жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.
Қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуды ұйымдастыруға әр елдің
тарихи және экономикалық дамуының ерекшелiктерi
әcep етедi. Мысалы, ең алғаш 1775 ж. Ұлыбритания
чектi, вексельді, кейін АҚШ чектi
қолдана бастаған, ал Германия жирошотты,
ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу
шоттарын қолданады. Қазiргi кезде пластикалық
карточкаларды қолдану қолма-
Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда бiршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуiр бөлiгiн алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
Өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
- Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
- банк несиелерiн алу және қайтаруда;
- бюджетке тиiстi төлемдердi аударуда;
- халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
- басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар
толығымен банк мекемелері ұйымдастырылатындықтан
да, олардың кең көлемде
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп
айырысу – бұл ақшалай
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгiлi бiр жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар жүйесi - бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдaстырy қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжaт айналымына байланысты есеп айырысу әдiстерi мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдaстыpy мынадай талаптарға сәйкес келуi тиіс. Бiрiншiден, өнiмдi сатудың үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн бiрқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау; Екiншiден, белгiленген мерзiмде төлемдi жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі; Үшiншiден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиiстiгi.
Қазiргi қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бipiншi қағидасы - барлық шаруашылық
субъектiлердiң ақшалай
Мұндa, клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшiн шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегi бiрiншi қағидадан айырмашылығын, барлық кәсiпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргiзiлуге мiндеттiлiгiнен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегi шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы әкiмшiл-әмiршiл әдiстер арқылы басқаруға ұқcac болып келедi. Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектiлердiң экономикалық дербестiгiн және олардың өздерiнiң ic-әрекеттерi үшiн материалдық жауапкершiлiгiн eскepyi тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды бiрiншi қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендiгiн ескерсек, өткен жүйедегi қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегi алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғaнa қатысты болғандықтан айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшiншi қағuдасы – Hapық субъектiлерiнің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын талдаудағы epкiн және оларды банктiң араласуынсыз шаруашылық келiсiмшарттарында бекiтудi көздейдi.
Бұл қағида меншiк формаларына
байланыссыз кез-келген нарық субъектiлерiнiң
келісімшарттың және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы қатынастардың
нәтижесі болуы үшін, олардың материалдық
жағынан жауапкершілігін
Төлемдердiң алдағы уақыттарда қамтамасыз етiлуi төлемдi кепiлдендiредi, шаруашылықтағы төлем тәртiбiн, cонымен қатар, есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабiлетi мен несиелiк қабiлеттiгiн нығайта түседi.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуға байланысты барлық аталған
қағидалар бiр-бiрiмен өзара
Демек, қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысу қағидалары – бұл
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
жүйесінің конструтивтік
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу
түрлері және оның ақша
Қолма-қол ақшасыз айналыс
ақша айналымының бір бөлігі болып
табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай,
яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне
ақша аудару немесе борыштарды өзара
есепке алу жолымен жүзеге асырылатын
төлемдердің жиынтығын
Қолма-қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары:
- ол банк жүйелерінің
кредиттік ресурстарын
- ол айналымға аса қажетті
қолма-қол ақша сомасының
- ол трансакциялық шығындардың
(банкноттар мен тиындарды
- ол банктердің дәлдікті
қажет ететін жұмысында есеп
айырысуларды және қаражат
- қолма-қол ақшасыз есеп
айырысу процесінде шаруашылық
органдардың төлем қабілеті
Төлемнің мерзімділік қағидасы. Бұл қағиданың экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатгы алушы қаражаггың келісімшартга көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі.
Төлем құралдарының құрылымы. ҚР Ұлттық банк Хабаршысының мәліметі бойынша, 2009 ж. XII.
Төлем құралдары |
Құрылымы %-бен | |
Саны |
Сомасы | |
Төлем тапсырмасы |
41,3 |
96,8 |
Төлем талап-тапсырмасы |
0,1 |
0,2 |
Чектер |
0,4 |
0,6 |
Шот банкілерін тікелей дебеттеу |
0,3 |
0,02 |
Инкассалық өкім |
0,4 |
0,7 |
Өтелген вексель |
0,003 |
0,05 |
Төлем карточкалары |
57,4 |
1,7 |
Қорытындысы |
100 |
100 |
Банктердiң қолма-қолсыз
есеп айырысу операцияларың
а) Инкассалық есеп айырысу.
Инкассо - әр түрлi құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердiң ақша түcipy операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
1996 жылдан Халықаралық
сауда палатасы шығарған
Инкассалық операцияның екі түрі бар .
Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуды қолданылады.
Құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші ) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.
Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммиссиялық ақы алады.
в) Аккредитивтік есеп айырысу.
Аккредитив (латын сөзi- "ceнeмiн") - бiр банктiң екiншi банкке аккредитивте көрсетiлген шарттарды орындағанда белгiлi бiр соманы жеке немесе занды тұлғаға төлеу жөнiнде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтердің келесі түрлері бар:
Орны толтырылған аккредитивтер - банк эмитент төлеушінің өз құралдарын немесе оған берілетін несиені банк жеткізушіге аударады;
Орны толтырылмаған аккредитивтер- екі банк бір-біріне корреспонденттік шот ашқан кезде қолданылады. Осы кезде аккредитив атқарушы банкте осы банкке банк эмитенттің шотынан аккредитив сомасын есептеген шығару құқығын беру жолымен ашылады.
кері шақырып алу аккретитиві - банк эмитентінің шақырып алуға құқығы бар аккредитиві;
Жауапсыз аккредитив - келісімнің барлық шарттарын орындағанмен банк-әлимент қайтарып алу құқұғына ие бола алмайтын аккредитив.
Құжатталған аккредитив – сатып алушының нұсқауы бойынша банк құжаттар көрсетілген бойда сатушыға белгілі бір соманы төлеуге міндеттелетін коммерцилық аккредиттің түрі. Артықшылығы құралдарды алушы (тауар беруші) өз ақшасын тауар жіберілген күні де алатынына сенім білдіреді.
Аккредитивтiң негiзгi түрлерi: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив - атаулы ақшалы құжат. Онда белгiленген мерзiм iшiнде аккредитивте көрсетiлген соманы түгел немесе бөлiп-бөлiп оны иемденушiге төлеу жөнiнде корреспондент банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – көлемі, ол бойынша эмитент-банк клиенттiң нұсқауымен және оның өтiнiшi бойынша үшiншi жаққа төлемдi жүргiзу немесе оның үкімі бойынша төлеуi немесе ол берген аударым вексельдi акцептеуi, құжаттарды есептеуi немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетiлген операциялардың кез-келгенiн жүргiзу өкiлдiгiн басқа банкке (орындайтын) беруiне болады. Электронды техниканық жетiстiктерiнің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесiнде ХХ ғасырдың 70-жылдарының екiншi жартысында электрондық төлем жүйесiн колдануға мүмкiндiк туды. Электронды төлем жүйесi - ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жiберу арқылы ақша сомасын аудару, банктiк шоттардың жағдайын бақылау, несиелiк және есеп айырысу операцияларын жүргiзу үшiн қолданылады.
Банк клиенттерiне қызмет
көpceтeтiн электрондық төлем
- автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
- банктiк автоматтар;
- сауда ұйымдарындағы терминалдар;
- үйде банктiк қызмет көрсетулер жатады.
Автоматтандырылған есеnтесу
палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз
есеп айырысуды автоматтандырылған
тәртiппен жүргiзедi және төлемдер жөнiнде
барлық хабарлар электронды есептегiш
машиналаpға енгiзу үшiн, магниттiк лентаға
немесе терминалдық құрылғыға
Банктiк автоматтар (БА) - ол клиентке банк қызметкерлерiнсiз банктiк электронды есептегiш машиналарға қосылып өз бетiмен операциялар жүргiзуге мүмкіндiк беретiн құрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырылып, тек қолма-қол ақша беруге қолданылды. Қазiр олар халыққа үнeмi және көп қызмет көpceтeтiн жерлерде қонақ үйлерде, вокзалдарда, аэропорттарда және т.б. орнатылуда. Әмбебап (көп қызмет түрлерiн aтқаpaтын) БА қолма-қол ақша берумен қатар, ақшаны бiр шоттан басқасына аудару, мерзiмдiк төлемдерді aтқару, лимит шегiнде борыш беру, хабар анықтама беру, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау және т.с.с. көптеген операциялар жүргiзедi. БА-тың тeтiгi - пластикалық дебеттiк карточка. Ол - банктiк шот иесiнiң мағлұматтары (реквизиты) және жүргiзетiн операциялар түpi жазылған арнаулы магниттi жолақ (полоса).
Терминалдар - сауда орындарында, ресторандарда және т.б. сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйеciнe төлем операциялары туралы хабар беруге және оны ол жүйеге қосуға, сонымен қaтap сатып алушының төлем қаблеттілігі туралы хабарды кepi алуға мүмкiндiк беретiн құрылғы
Үйде банктiк қызмет көрсету
- ол электронды есептегіш техниканы
пайдалану негiзiнде халыққа
- Шетелдерде қолма-қолмыз есеп айырысу нысанын талдау
«Сбербанк России» Акционерлік қоғамының Еншілес Банкінің тарихы2006 жылдың аяғынан, яғни «Сбербанк России» Орталық және Шығыс Еуропаның алып қаржы институты ТексакаБанктің (National Business журналы клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары банк деп таныған) 99,99% акцияларын сатып алған сәттен басталады. 2007 жылы Банк ұлттық және шетел валютасында жүргізілетін банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алды. Дәл осы жылы Банктің жарғылық капиталы 15 есе ұлғайып, 29 млрд. теңгені (240 млн. доллардан астам) құрды. Бұл «Сбербанк» АҚ ЕБ-не жарғылық капиталының көлемі бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі банктердің ондығына кіруіне мүмкіндік берді.
Чектермен операциялар. «Сбербанк» АҚ АҚШ долларында және еурода чектердің барлық түрлерін төлеуге қабылдайды. Банк сонымен қатар американдық банктердің бірімен расталған банк чектерінің сатылымын жүзеге асырады. Бизнес істері бойынша немесе демалуға шетелге баратын клиенттерге қолайлы болу үшін American Express компаниясының жол чектерін ұсынамыз. American Express жол чектері бүкіл әлем бойынша жүздеген мың отельдерде, дүкендерде және мейрамханаларда қабылданады. Оларды 2000 туристік агенттіктерінің, American Express офистерінің және өкілдіктерінің, банктердің және айырбастау бюроларының бірінде қолма-қол ақшаға оңай айырбастауға болады.
Банк чегі – клиенттің өтініші бойынша жазылған банк чегі. Төлем банктің өзімен кепілдендірілген. Банк американдық банктердің бірімен расталған USD-дағы банк чектерін сатуды жүзеге асырады. Банк чегін не қолма-қол ақшамен, не өзінің банк шотынан аударумен сатып алуға болады. Чекті сатып алу үшін клиентке тұлғаны куәландыратын құжатты және СТН көрсету керек. Инкассоға чектерді қабылдау. Чек – чек ұстаушыға көрсетілген ақша сомасын төлеу туралы чек берушінің банкіне немесе басқа кредит мекемесіне чек берушінің бұйрығынан тұратын және белгіленген формадағы ақша құжаты болып табылатын қаржылық/төлем құжаты.
Банк өз клиенттерін Visa Electron, Visa Classic, Visa Gold және Visa Platinum төлем карточкалары арқылы қызмет көрсетді. ҚР-нан тыс жерлердегі Сбербанк тобының желісінде қолма-қол ақшаны алу үшін «Жинақ банкі» АҚ ЕБ комиссиясы төмендегідей:
1. Visa Electron бойынша - соманың 1 %-ы
2. Visa Classic бойынша - соманың 0.5 %-ы
3. Visa Gold бойынша - әрбір транзакция үшін 0 теңге
Күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін ұсыныс - жеңілдікпен қызмет көрсету шарттарында VISA Electron/Classic + ISIC (студенттік халықаралық дисконттық карта) + AIG (халықаралық сақтандыру) кешенді өнімін дайындаған.
«Сбербанк» АҚ ЕБ сенімді
және қолетімді ақша аудару жүйесі
– Қазақстан бойынша және шетелде
тұрақты ақша алатын немесе ақша жіберетіндер
үшін оңтайлы нұсқа. Республиканың
ішінде және шетелде банк-
Аккредитив түрлері. Резервті (Standby) – құжаттық сипатының күшінде UCP 600 бағынатын кепілдіктермен ұқсас құрал болып табылады.

- Қолма – қолсыз есеп айырысудың операцияларының классификациясы
- Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер
- Қонақ үй администраторының жұмысын автоматтандыру
- қонақ үй бизнесиндегі шығындарды есепке алу ерекшелігі
- Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері
- Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері
- Қонақ үйдің технололгиялық циклі
- Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
- Қолданушыға арналған нұсқау
- Қолданылатын қондырғыларға шолу және олардың анализі
- Қолданылған әдебиеттер
- Қолданыстағы байланыс желісінің жағдайы
- Қолма-қол бақылау шоттары
- Қолма қолсыз Ерболат