Қолма – қолсыз есеп айырысудың операцияларының классификациясы
Жоспар:
Кіріспе
..............................
I тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні, айналымы және
жүргізу тәртібі
- Қолма –
қолсыз есеп айырысудың мәні және жүргізу
тәртібі.......................
...4 - Қолма –
қолсыз есеп айырысу айналымы ..............................
............................6 - Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкідегі бірыңғай
корреспонденттік шот арқылы қолма –
қолсыз есеп айырысудың есеп тәртібі.......................
.......8
II тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысудың операцияларының классификациясы.
2.1 Қолма –
қолсыз есеп айырысу
2.2 Төлем тапсырыспен
есеп айырысу..................
2.3 «Лоро» корреспонденттік
шот арқылы төлем тапсырыс
бойынша есеп айырысу..........
2.4 «Ностро» корреспонденттік
шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп
айырысу ..............................
2.5 Чекпен есеп
айырысу ..............................
2.6 Аккредитивпен
есеп айырысу ..............................
2.7 Төлем карточкаларымен
есеп айырысу ..............................
Қорытынды
..............................
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
..............................
Қосымшалар
..............................
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері». Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: өзімнің болашақ «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығыма байланысты, қолма – қолсыз есеп айырысу – нарықтың экономиканың дамуына қатысты банктік және соған теңестірілген мекемелердің басты қызметін атқарады және Қазақстан Республикасының II деңгейлі банктердің базалық қызметін жүргізу мақсатындағы операциясы болып табылады.
Қазіргі уақытта II деңгейлі банктер және банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемелер, клиентке банктік шот ашпай-ақ қолма - қолсыз есеп айырысу операциялармен, ақшаны аудару операцияларын жүзеге асырады. Қолма – қолсыз есеп айырысу – клиенттердің банкте ашқан шоттар көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші шотқа аударылатын төлемдер жиынтығы. Мұндағы, қолма – қолсыз есеп айырысу – чектер, төлем тапсырыс құжаттары, төлем карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, елдің қаржы, ақша айналымының ең маңызды бөлігін қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы құрайды. Қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін ( 90%-ға дейін жуығын ) құрайды.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту болып табылады. Қазір бұл мәсілі біздің елде кәсіпорындар арасында өзара есепке қолма – қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселеген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек сауда мен есеп айрысу үшін, есептесу чектерін, төлем құжаттарын, төлем карточкаларын енгізумен шектелуде. Экономикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізумен процестері кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерінің тек ¼ бөлігі ғана қолма – қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, төлем карточкаларымен және т.с.с. жүргізіледі. Қолма – қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің, қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.
Қолма – қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамуының ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 жылы Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ-та чекті қолдана бастаған, ал Германия – жирашотты, ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазірде кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма – қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивті құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.
Банктердің
есептесу операциялары: инкассо, аудару
және аккредитив болып бөлінеді.
I
тарау. Қолма –
қолсыз есеп айырысудың
мәні, айналымы және
жүргізу тәртібі
1.1.
Қолма – қолсыз есеп
айырысудың мәні және
жүргізу тәртібі.
Қолма – қолсыз есеп айырысу Қазақстан Республикасындағы II деңгейлі банктердің базалық қызметін жүргізу мақсатындағы операциясы болып табылады. Яғни, банк өз клиенттеріне банктік қызметтерді ұсынады. Әртүрлі шотты аша отырып (депозиттік, ағымдық және т.б.) клиенттеріне банктер олардың тапсырысы бойынша төлем құжаттарына, клиенттің шотына белгіленген сомасы алады, иә болмаса есеп шотынан сол соманы салады. Клиент банктен шот алу үшін, арыз толтырады. (қосымша 1)
1998
жылы 29 маусымда Қазақстан
Банктік шоттар ағымдық, сақтау және корреспонденттік болып реттеледі. Ағымдық және сақтау шоттары заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары. Ал, корреспонденттік шоттар – банктердің немесе банктік емес мекемелердің жүргізетін банктік операциялары. Егер, есеп айырысқан кезде банк клиентінің шоты болмаса, онда клиент арыз жазып, шот ашуға құқылы болып келеді.
Есеп айырысу – төлем айналымында нақты ақшамен немесе қолма – қолсыз есеп айырысуда қызмет етеді. Төлем айналымы кәсіпорындар мен мекемелер арасында қолма – қолсыз есеп айырысу банктік шоттар жүйесі арқылы жүргізіледі. Банктегі шоттар жүйесі арқылы жүргізіледі. Банктегі шоттар теңгемен немесе шетел валютасында ашу және жүргізуге құқылы.
Банк құжаттарды қайта тапсыруға құқылы. Егер клиент, бір банкте бірнеше шоттарды ашқысы келсе, онда банктікі шотты ашқан жағдайда, банк салық органдары күнтізбелік үш күн мерзімінде ескертуі тиіс. Қазіргі уақытта II деңгейлі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемелер клиентке банктік шотты ашпай-ақ қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларымен ақшаны аудару операцияларын жүзеге асырады. Яғни, банктік операциялық бөлімшелерінің түрлерін жүргізетін II банктер және ұйымдар клиенттерге банктік шотты ашпай-ақ, қолма – қолсыз ақшасыз төлемдерін және аударымын шығарады.
2004 жылы 13 қазан айынан бастап, Қазақстан Республикасының №395 шотын ашпай-ақ қолма-қол ақшасыз тәртібінде: мұндай төлемдермен ақша аударымдары банктік шотты қолданбайтын бенефициар немесе ақша жіберушілерге қатысты екендігі көрсетілген.
Қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және олардың бөлімшелері арқылы банктік шот ашу, салық төлемдерінен басқа да бюджеттегі міндеттемелеріне және зейнетақы қорынан шығарылады.
Қолма – қолсыз есеп айырысу – клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдер жиынтығы. Мұндағы, қолма – қолсыз есеп айырысу негізіндегі ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары.
Есеп айырысу шотының операциялары бойынша банк клиентіне шоттан жазбасын ұсынады. (қосымша 3)
Оның келесі реквизиттері:
- клиенттің аты-жөні;
- соңғы операция күні;
- корреспонденттік шот номері;
- құжат номері;
- сомасы.
Клиенттерге жазбалар сенімхат негізінде беріледі. (қосымша 4)
Банктен шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдермен ақша аударулар квитанциялар негізінде жүргізіледі. Сондықтан, құжаттар төлем құжаттары деп есептеледі.
Есеп
айырысу құжатын толтыру
- есеп айырысу құжатының аты;
- құжаттың номері;
- төлем төлейтін банктің аты;
- төлеушінің аты-жөні, банктегі шот номері;
- алушының аты-жөні, шот номері;
- төлем міндеті;
- төлем мөлшері;
- екі тұлғаның қолы.
1.2.
Қолма – қолсыз
есеп айырысу айналымы
Қолма - қолсыз есеп айырысу айналымы (төлем айналымы) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90-ға дейін жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілермен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде, не олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Қолма - қолсыз есеп айырысу төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және қаржа міндеттемелері бойынша болып екіге бөлінеді.
Тауарлы операцияларға: тауарлар мен қызметтер үшін қолма – қолсыз есеп айырысулар жатады.
Қаржы міндеттемелеріне: бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және басқа да міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді өтеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.
Айналыстағы
ақша алма-кезек, біресе айналыс құралы,
біресе төлем құралы қызметтерін
орындайды. Тауар сатудан түскен
ақша қарыз өтеуден түскен ақша, тауар
сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма –
қол ақша және қол – қолма ақшасыз айналымдары
өзара тығыз байланысты және бір-біріне
тәуелді. Өйткені, ақша үнемі бір айналыс
аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс
аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай
береді. Ал, банктегі шотқа қаржының аударылуы
– қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі.
Сондықтан, қолма - қолсыз есеп айырысу
төлем айналымы қол –қол ақша айналысынан
ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп,
мемлекеттің бірыңғай ақша айналымын
құрайды.
Қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы елдің қаржы, ақша айналымының ең маңызды бөлігін құрайды. Қолма – қолсыз есеп айырысу жиі қолданылса, қолма-қол ақшаға деген талап төмендейді, яғни ақша айналым сферасында және ауыл шаруашылығында ұсталымдар төмендейді.
Қолма – қолсыз есеп айырысу ауыл шаруашылық субъектілері арасында шаруашылық шеңбер айналым қорларының соңғы этапы орындалады. Банктік шотқа ақшаның түсуі өндірілген өнім шығарылған, қоғамдық шешімін алған, оның шығарылу шығыстары қайтарылған, ол кірістерін кәсіпорынның банктегі шотын қолданады, өнім өндіру процесстерін жалғастыруды куәландырып, түсіндіріледі. Мұндай есеп айырысу банктегі ақша ресурстарының концентрацияларына қолданылады. Кәсіпорындармен мекемелердің уақытша бос ақша қорлары банкте сақталатын несиелендірудің бірі болып табылады және несиелік қатынастардың дамуына мүмкіндік береді. Мекемелер арқылы қолма – қолсыз есеп айырысу жүйесі шаруашылық органдармен өз уақытына және есеп айырысудың жылдам орындалуына байланысты, олардың қаржылық жағдайы және де елдегі төлем жағдайлар тәртібі орындалады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты қолма – қолсыз есеп айырысу мекемелердің басты қағидаларын шығаруға болады:
1-қағидасы – шоттар бойынша қолма – қолсыз есеп айырысудың орындалуы, қорларды сақтау және аудару үшін клиенттердің банктік шоттары ашылады. Банк арқылы жүргізілген шоттары клиенттердің экономикалық қабілеттеріне сәйкес келу керек және олардың жауапкершілігі.
2-қағидасы
– кәсіпорын лауазымының
3-қағидасы – кәсіпорын шоттарына қорларды аудару, төлеушінің тапсырысы бойынша шоғырланады. Мұнда, кәсіпорын сатып алушыға жабдықтаушымен келісімнің негізгі шарттарының орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Егер, сол шоттарды бұзған жағдайда, төлем акцептінен толық немесе жартылай бермеуі мүмкін.
4-қағидасы
– клиенттің шотынан ақша
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту болып табылады. Қазіргі уақытта бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасында өзара есепке қолма – қол ақшаны тек төменгі жалақының төрі еселенген мөлшер көлемінде пайдаланумен, банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.
Экономикасы
дамыған мемлекеттерде ақша айналымын
басқаратын экономикалық әдістерді енгізу
процессі кең таралған. Қолма – қолсыз
есеп айырысуды жетілдірудің, қаржылық
айналымдығын жеделдетуге, айналыстағы
қолма – қол ақшаны қысқартуға және айналым
шығындарын азайтуға тигізер экономикалық
маңызы зор.
1.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысудың есеп тәртібі.
Қазақстанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арқылы бірыңғай корреспонденттік шот бойынша банктер арқылы банкаралық төлемдер жүргізеді. Банкаралық төлемдер әрбір банкке бірыңғай корреспонденттік шот ашылады. Оның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің облыстық басқармасының бөлімшесінде корреспонденттік шот ашылады. Бірыңғай корреспонденттік шотының жұмысы, корреспонденттік қатынас туралы келісімде белгіленеді. Барлық Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін банктер Ұлттық банкте шот ашуға міндетті.
Орындалған
бірыңғай корреспонденттік шот арқылы
қолма – қолсыз есеп айырысу операциялары
негізінде құрастырылған праводкалары:
| № | Операция мазмұны | Дт | Кт | ∑ |
| 1 | Төлемдік тапсырыс 1дана негізінде | 2203 | 1051 | 10 000 |
| 2 | Жабдықтаушылардан түскен ақша | 1051 | 2203 | 180 000 |
| 3 | Жабдықтаушыға құжаттардың бірі | 2203 | 2203 | 70 000 |
Бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысу төлем құжатының айналым схемасы :
| Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 6 |
5 7
| Төлеушінің
банкі |
|
Алушының
банкі |
3 4
|
Сатып алушы –
төлеуші |
1
2 |
Жабдықтаушы
алушы |
1.
Жабдықтаушымен сатып алушының
арасындағы келісім шарттың
2.
Тауарды түсіреді немесе
3. Сатып – алушы төлеуші төлем тапсырысты 4 дана етіп, құрастырады да, өзінің банкіне жібереді.
4. Банк қызметшісі клиенттің банк шотын жүргізетін төлем тапсырыстың дұрыс толтырғанын тексереді, қол қояды, күнін және банк штампын қояды. 1 дана банкте құжат ретінде қалады.
5. Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығының жауапты адам банктің корреспонденттік шотын жүргізетін төлеушінің банкіне электрондық төлем жібереді. Төлем тапсырыстың 2-3 даналары алушының банкіне жіберіледі.
6. Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығының электрондық төлемі негізінде төлеушінің банк шотынан алушының банк шотына ақша қаражаты аударылады.
7.
Жабдықтаушының банкі барлық
керекті құжаттарды алған
8.
Төлем тапсырыстың 3 данасы есеп
айырысу жазбасына қосымша болады және
жабдықтаушыға операция жасалғаны туралы
құжат болып қалады.
II тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларының классификациясы
2.1. Қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларының классификациялары.
Банктің есеп айырысу операциялары қатысушыларына қарай, екі басты тараптарына бөлінеді:
- клиенттің
есеп айырысу операциялары, орындалу
барысында банк сияқты басты
субъект ретінде клиент
- таза
банктік есеп айырысу
Есеп айырысудың басты формалары негізінде банктің келесі есеп айырысу операцияларын бөліп шығаруға болады:
- аккредиттік операциялары;
- аудару операциялары;
- клирингтік операциялары және т.б.
Ал, есеп айырысу операцияларының төлем нұсқауларының қолданылуына байланысты есеп айрысу операциялары келесідей классификацияланады:
- төлем тапсырыспен есеп айырысу;
- чекпен есеп айрысу;
- аккредитивпен есеп айырысу;
- пластикалық карточкалармен есеп айырысу.
2004 жылы 25 сәуір айындағы №179 «Қазақстан Республикасының территориясындағы төлем құжаттарын қолдану, қолма – қолсыз есеп айрысудың жүргізілуі және ақша аудару» ұйымының есеп айырысу операциялары банктік құрылымына сәйкестендіріледі. Бұл тәртіпте есеп айрысу құжаттары мен олардың орындалуы дұрыс жүргізілуі көрсетілген.
Аударым операцияларын жүргізу үшін, банк – төлеушімен алушының арасындағы есеп айырысудың келесі формаларын қолданылады:
- төлем тапсырыспен;
- төлем – талап тапсырыспен;
- чекпен;
- банктік карточкалармен.
2.2.
Төлем тапсырыспен
есеп айырысу
Төлем
тапсырыс – ақша берушінің тапсырысын
қызмет етуші банк алушыға ақшаның
белгіленген бойынша
Төлем тапсырыс құжатында келесі реквизиттері көрсетіледі:
- құжат атауы;
- құжат номері, шығарылу күні, айы, жылы;
- ақша жіберуші заңды тұлғаның толық атауы, банктік идентификациялық коды;
- бенефициардың толық атауы және индивидуалдық коды;
- төлемнің берілуі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген код белгісі және төлемнің берілуі;
- салық төлеушінің бенефициардың және Ақшы жіберушінің коды.
Аударылған ақша – резидент емес бенефициардың пайдасында болса, ақша беруші өзінің банкіне ақша аудару шетел валютасында бекітілген арызын көрсетеді. Мұндай арыз ақша жіберушінің қызмет ететін банк алушыға ақша аудары туралы төлемдік тапсырыс болып табылады.
Банк – алушы төлем тапсырысын немесе ақша аудару туралы арызын қабылдайды. Банк Қазақстан Республикасының заңына сәйкес төлем тапсырысымен ақша аудару туралы арызынан басқа, басқа да белгіленген төлемді куәландыратын құжаттарды талап етуге құқылы.
Банк жіберушінің төлем тапсырысын орындау міндеті, төлем тапсырысын акцептеу үшін жіберуші берілген төлем тапсырыстың орындылауына өзінің банктің шотынан қажетті ақша сомасын қамтамасыздандыруға міндетті. Қажет ақша сомасынан қамту, ақша жіберушінің шотынан немесе келісім шартпен қарастырылған болса, банк – алушының заем шотынан шығарылады. Егер, банк – алушы төлем тапсырысты акцептеуден бас тартса, онда ол жазбаша немесе электрондық хабарлаумен жіберушіге, алынған төлем тапсырыс күннен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірілмей сәйкестендіріп жүргізеді. Ол үшін банк – алушымен жіберуші арасындағы келіспеушілікті келісім шартпен міндетті түрде реттеп, ескерту жібереді. Сонымен қатар, акцептке келіспеген күніне ескерту жіберу мерзімі болып саналады.
Акцептелген төлем тапсырыстың төлемін мына қатармен шығарылады: жіберушімен банк – алушы арасындағы келісім шартқа сәйкес, банк алушы төлемін, акцептелген төлем тапсырыс сомасын шығарылған және жұмсағанын араластыруға міндетті. Сонымен қатар, банк алушы да жіберушінің төлем тапсырысын, банк – алушы орындау кезінде, төлемді жүргізу мүмкіндігі пайда болады. Жіберушінің банк – алушыға төлемі, банк – алушы жіберушінің банктік шотын дебеттеу кезінде шығарылады. Жіберушінің акцептелген төлем тапсырысын банк – алушы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес төлем тапсырыста белгіленгендері бойынша талап етеді. Егер, банк алушы төлемнің орындалу барысында төлем құжаттарының қолдану тәртібі болған жағдайда, елдегі қолма – қол ақшасыз төлемдер мен ақша аудару орындалмаса, яғни осылардың кесірінен бенефициарға ақша аударуда кешіктірулер болса, онда банк кінәлі болғандықтан, ҚР заң актілеріне немесе келісім шартқа сәйкес қатысушыларына төлем төлейді.
Төлем
құжатының бар болуы қажетті
жағдайда, ҚР заң актілеріндегі бірінші
кезекті қатардағы талап
Төлем тапсырыс жіберушінің реквизиттеріне сәйкес келмейтін реквизиттерді жазса, не қайталанып берілсе, онда төлем тапсырыс қате орындалған деп саналады. Жіберуші төлем тапсырыстың орындалу дұрыстығын анықтайды да, оның қате жіберілген жағдайында, банк – алушыға қате табылғанын хабарлайды. Ақша жіберуші банк алаушыға барлық соқтырған шығыстарын, төлем тапсырыспен белгіленген шектеулі сомасы төлеуге жауапты болып табылады.
Төлем тапсырыс қате орындалған хабарына кейін, банк – алушы келесі шараларды қолданады:
Біріншіден, төлем тапсырысты бенефициардың пайдасына жібереді немесе жіберушіге барлық төлем сомасын қайтарады.
Екіншіден, жіберушінің төлем тапсырыс сомасы жоғарыланады, банк – алушы жіберушіге соманы қайтарады.
Егер, төлем тапсырыстың орындалу барысында жіберуші қате жіберсе, онда банк – алушы ешқандай жауаптылыққа міндеттенбейді.
Төлем
тапсырыспен есеп айырысу келесі
шоттарда жүргізілерді.
| № | Операция мазмұны | Дт | Кт | ∑ |
| 1 | Ақша жіберуші мен бенефициар бір банктің қызметімен пайдаланатын болса | 2203 | 2203 | 69 000 |
| 2 | Ақша жіберуші мен бенефициар әр түрлі банктік қызметтен пайдаланса | 2203 | 1051 | 69 000 |
| 3 | Банк есеп айырысуды жүргізген үшін комиссиондар | 2203 | 4601 | 42 000 |
2.3.
«Лоро» корреспонденттік
шот арқылы төлем
тапсырыс бойынша
есеп айырысу
| Төлеушінің
банкі |
5 |
Алушының
6
банкі |
3 4 7

- Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер
- Қонақ үй администраторының жұмысын автоматтандыру
- қонақ үй бизнесиндегі шығындарды есепке алу ерекшелігі
- Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері
- Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері
- Қонақ үйдің технололгиялық циклі
- Қонақ үй қызметіндегі менеджментті жетілу жолдары
- Қолданушыға арналған нұсқау
- Қолданылатын қондырғыларға шолу және олардың анализі
- Қолданылған әдебиеттер
- Қолданыстағы байланыс желісінің жағдайы
- Қолма-қол бақылау шоттары
- Қолма қолсыз Ерболат
- Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары