Қол өнердегі әдістемелік ерекшеліктер
Жоспар
Мазмұны
Кіріспе.......................
І .Негізгі бөлім.
Оқушылардың қазіргі еңбек пәніне
арналған теориялық негіздері
1.1. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық
негізі .......................4-8
1.2. Оқушыларды қазіргі қолөнерге сай кәсіпке
даярлаудың мүмкіндіктері...
..............................
ІІ бөлім. Қол өнердегі әдістемелік
ерекшеліктер
2.1. Аппликация туралы түсінік.......................
2.2. Матадан құрақтап аппликация жасау.........................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................
Қосымша.......................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.
«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру»,
«қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны
қолданылатын материалына қарай үшке
бөліп қарастыруға болады. Біріншісі –
түрлі қағаздармен орындалатын аппликация.
Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек,
т. б. қолданумен орындалатын аппликация.
Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши,
қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын
аппликация. Сурет түрінде орындалған
аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі
ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында
орындалған аппликация түрі 16 ғасырда
Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия
мен Францияда пайда болған. Аппликацияның
силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда
жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық
өнерінде болса да алатын орны ерекше.
Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады.
Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған.
Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап
жасаған сырмағының өзі – аппликацияның
бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою
- өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық
үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды,
открыткаларды безендіруде қолданылады.
Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді,
альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік
аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан
гүлдердің алуан түрін жасауға болады.
Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш,
үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден
үйлестіріп орындауға болады. Сюжеттік
аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда
тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше.
Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған
аппликация оқушылардың дербес ойлауына
және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік
туғызады.Жасалу жолдары:орындалатын
суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен
салып, қайшымен ойып алу; ойылған қиынды
кескіндерді қағаз бетіне желімдемес
бұрын, үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен
белгілеп алу;әрбір қиындыны нөмірлеп,
рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.
Қиып жапсыру, оның түрлерi. Түстердiң,
әшекейлер мен суреттердің үйлесiмдiлiгi.
Қағазды шаршы және дөңгелек, үшбұрыш
қалып-үлгi бойынша бүктеу, қаттау. Композиция
құрастыру. Үлгі және белгілеу негізінде
бұйым жасау. Белгілеу. Түзу және қисық
бойымен кесу. Желімнің қолдану тәсілдері.
Қатты қағазға желiмдеу.
Зерттеудің проблемасы: қиындықтар педагогикалық үрдіс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Зерттеудің мақсаты: еңбек пәніндегі қолөнер туындылары арқылы оқыту әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытынды шығарып, тиімділігін анықтау.
Зерттеу нысаны: матадан құрақтап аппликация жасау.
Зерттеу пәні: еңбек пәні сабақтарында қолөнер туындыларын пайдаланудың тиімді жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Зерттеудің міндеттері:
-балалар тәрбиесінде
ең жақсы адамгершілік
-балаларды қоғамға белсендіру және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-оқушылардың интеллектуалдық жағдайын дамуына ықпал ету және мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: еңбек пәнінде қолданылатын ойын әдістерін жүйелеп, тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету.
Практикадағы маңызы: балалардың түрлі қабілеттерін дамытуға, ұтқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға,қолөнерге көңіл бөлуге.
Зерттеудің базасы:
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша түрлі авторлар еңбектері; қолөнер саласындағы ғылыми еңбектері, сайт материалдары.
Құрылымы: Курстық жұмыс: 3 бөлім – кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1. Оқушыларды кәсіпке
даярлаудың педагогикалық негізі
Ұлттық құндылықтарымыздың бүгінде әлемдік брендтермен құйысқан түйістіріп қатар шаппасына еш әддісі жоқ. Расы осы, қолөнер бұйымдарымыз бұрындары тұсаулы аттай ауыл-аймақты төңіректеп жүруші еді, бүгінде шоқырақтап желетін ыңғай танытып жүр. Оның ғасырлар тасасында ұмытылып қалып кетпей, бүгінге жетуіне аянбай тер төгіп атсалысқан, әрине, қолөнер шеберлері.Одан қалса қазақы тамыр, ұлттық жады жібермейді деуге де болар. Соның арқасында ұлттық қолөнер бұйымдарымыз бүгінде босағадағы орнын босатып, төрге озды. Ықылым заманнан бүгінгі ғасырға ұмытылмай жетіп, жыл өткен сайын жасарып, жаңаруға бет алғаны көп. Соның бірі – қыз жасауы. Ұзатылып бара жатқан қызға ата-анасы, ең алдымен, жасауын жабдықтап, тұрмысына қажетті бұйымдарды әперіп, ең бастысы – құрақ көрпе, құрақ жастық, құрақ көрпеше беретіні белгілі. Бұл да – көнеден келе жатқан ырым. Басы құралсын, басы көбейсін дегеннен туған салт. Ұлттық қолөнер түрінің тап осы жасау-жабдыққа келгенде кейінге кеткенін емес, алдыға озып кеткенін бағамдауға болады. Бүгінде қыз жасауын дайындаумен айналысатын түрлі фирмалар көп. Базарға барсаңыз да, шертіп жүріп таңдап алуға мүмкіндік мол. Көрпе-жастықты жиып қоюға арналған сандықтың неше атасын таба аласыз. Бұрындары сандық, кебежелерді өзбекстандық шеберлер жасайтын. Сол себепті де осы жиһаз түрін жылтыратып, шығыстық мәнерде безендіретін. Бүгінде, шүкір, өз шеберлеріміз қошқар мүйіз оюын ойып салып, қазақы қалыпқа келтірді. Сандықтың оюланғанын да, қымбат тастармен безендірілгенін де таңдап жүріп сатып алуға болады. Ал енді осы сандықтың үстіне жиылатын көрпе-жастықтың да неше атасы бар. Әсіресе құрақ көрпешеге деген сұраныс басым. Айтып өткеніміздей, өзгенің түтінін түтетуге ұзатылып бара жатқан қыздың басы құралсын, оңалсын деп құрақ жастықты, құрақ көрпешелерді ырымдап қосатыны белгілі. Бағзы заманда қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, ісмерлер киімнен қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жарату үшін олардан әртүрлі бұйымдар тіккен. Содан құрақ құрау өнері бастау алған. Далада да, қалада да көптеген қазақ отбасының төрінен құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Мақтанарлық-ақ жағдай. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында екі жақ бір-біріне құрақтан жасалған, әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен жөн-жоралғысын жасайтын болды. Ұлттық бренд болуға сұранып-ақ тұрған құрақ өнері, расында, шетелдіктердің қызығушылығын оятып отыр. Әрине, дамыған елдің азаматтарын қымбат көлік пен зәулім сарайлармен қызықтыра алмасымыз анық. Олардың біздің ұлттық қолөнер бұйымдарымызға қатты қызығатыны белгілі. Тіпті сән орталығы саналатын француздардың етік не болмаса көйлектеріне зер сала қарасаңыз, қазақы оюларымыздың ұрланғанын байқар едіңіз. Елімізде өтіп жатқан түрлі іс-шаралар барысында шетелдіктердің ұлттық қолөнер бұйымдарымызды көптеп сатып алатынынан-ақ оның қаншалықты құнды екенін бағамдауға болады. Тек қыз жасауында ғана емес, өзге тойларда да құрақтың орны қаншалықты қымбат екені білініп тұрады. Мәселен, сүндет тойда баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын байлағаны мәлім. Әртүрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді қазақы қоржындарды қолөнер бұйымдары дүкенінен сатып алуға болады. Құрақ жастықты бүгінде қонақ жастық ретінде де, диванға арналған шынтақ жастық ретінде де пайдаланып жүргендер көп. Ал көбіміз кезінде құрақ ойыншықтар болғанын біле бермейміз. Оны үй ішіне сән беретін бұйым ретінде ғана емес, балаға ойыншық ретінде де тіккен. Әрі кәдесый ретінде тігуге де болады. Шеберлер құрақ ойыншықтардың ішінде кішкене пөстек, доп, ат, күшікті де құрақтан тіккен. Мұндай елде жоқ ерекше бұйымдарды диван үстіне, автокөлік ішіне де көз тарту үшін қоюға болады. Бір қызығы, бүгінде құрақ құрау әлем бойынша сәнге айналыпты. Бірақ әр елде әрқалай аталады. Мәселен, АҚШ-та – квилт, Еуропада – пэчворк, орыстар құрақ жұмысы деп атайды. Францияның Эльзац қаласында жыл сайын құрақшылардың әлемдік байқауы өтіп тұрады. Оған тілек білдіргендердің бәрі қатыса алмайды. Жұмыстарын қарап, сұрыптап, іріктеп алады. Елімізден әлемдік додаға бірді-екілі ғана адам қатысқан. Көбіне құрақ көрпенің де түр-түрі болатынын көпшілік біле бермейді. Күйеу көрпе, шай көрпе, төр көрпе деген түрлері бар. Сондай-ақ жас жұбайларға арналған қос жастық деген бар. Қос жастықты жұбайлар бір-бірімен үйлесіп кетсін, бастары ажырамасын деп біріктіріп жасайды. Жер жастық, шынтақ жастық, шал жастық дегендер де бар. Құрақ көрпе – қазақтың ісмерлік өнерінің ішінде ерекшеленетін өте құнды жәдігер. Бәсекелестер көп болған сайын бағаның өсе түсетіні ақиқат. Құрақтан жасалған заттарға зер сала назар аударса, сан қилы сәнді түстердің бір-бірімен үйлесім тауып, әсемдік әлеміне тартып тұрғанын айқын аңғаруға болады. Құрақ, негізінен, түрлі-түсті маталардан құралатыны белгілі. Этнографтардың айтуынша, ұшбұрышты құрақтардың мәні ерекше. Қазақи көзқарас бойынша үшбұрыш су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып есептеледі. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюын салса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында – ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық кіріс пен шығысты, қиысуды белгілейді.
Мектеп оқушыларына
халқымыздың қолөнерін
Эстетикалық тұрғыдан
дамымаған адам өзін қоршаған
ортадан тек оқулықтан
Суретші-ұстаз яғни бейнелеу
өнерінің оқытушысы тәуелсіз Қазақстанның
көркем педагогикалық білімі мен мәдениетінің жай-күйін анықтаушы
тұлға. Осы тұлғаны дайындап, қызығушылығының,
эстетиқалық білім мен тәрбиесінің дамуындағы
басты түйіні бола алатын және болуы қажет
болатын мықты тұтас жүйе бұл бейнелеу
өнері бойынша маман сүретші мұғалім дайындайтын
қазіргі таңда Бейнелеу өнері кафедрасы
болып табылады. Эстетикалық мәдениеті
дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта
және қоғамда өзгелермен тіл табысуда
мәденитті түрде адамгершілікпен әрекет
жасай алмайды. Сондықтан, қазірден бастап
мектеп оқушыларына ойлау, эмоционалдық
сезімдерді қалыптастыру, экологиялық,
патриоттық тәрбиелер ауадай қажет, бұл
осы бейнелеу өнері, ұлттық қол өнеріміз
бен мәдениеттің қатысуынсыз жеткізу
мүмкін емес. Қазіргі уақытта мектепте
колөнерге үйрететін ұстаздың біліктілігеп
артыру, оларға шығарлашылықпен жүмыс
жасауға арнайы кәбінеті, әдістемелік
қоры, қазақ тіліндегі оқу құралдары, көркем
іс-әрекеттер үшін қажетті материалдар
алуға көмектесу қажет. Жоғары оку орындарының
Бейнелеу өнері мамандығына түскен студенттер
тек мектепте көркем эстетикалық оқу-тәрбие
жұмыстарын болашақ жастарды тәрбиелеуге
арнайтын ұстаз болумен қатар, еңбек ақысы
жақсы фирмаларда дизайнер-суретші болып
еңбек етіп жүр. Қазіргі кейбір жастарымыз
суретші-ұстаз болған өздерінше қор деп
санайды, қаржыгер, заңгер болсам деп армандайды,
менің ойымша, суретші-ұстаз болу әркімнің
қолынан келе бермейтін табиғаттың тек
адамға берген бір сыйы екенін ұмытпағанымыз
жөн. Жоғарыда айтылған мәселелер шешімін
табу үшін біріншіден, суретші-ұстаздардың
кәсіби дайындығын, білім беру сапасын
арттыру, екіншіден, суретші-ұстаздардың
материалдық жағдайын қамтамасыз ету
және қоғамдағы статусын яғни заңды құқығын
көтеру керек, үшіншіден, ұлттық өнер мен
мәдениетке деген қамқорлықты күшейту
және мемлекет тарапынан қаржылай көмекті
күшейту қажет.
1.2.Оқушыларды қазіргі қолөнерге
сай кәсіпке даярлаудың
мүмкіндіктері
Қазақ халқының қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Қазақ халқы-кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетін тікелей мұрагер және сол дәстүрді дамытушы , жаңғыртып айтушы.
Бұл процеске әр кезеңде
Қазақстан жеріне жан-жақтан келген
көшпелі тайралармен
Қазан төңкерісіне дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік - экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа өту процесі, бұрын үстем болып келген шаруашылықтың ыдырай бастауы , көрші елдермен , әсіресе Ресеймен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлар әсері айтарлықтый ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының қаламен байланысы нашар болды.Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігі қаладан сатып аларлықтай мүмкіндігі болғандықтан , негізінен халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері , көбінесе кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналды. Соның өзінде колөнер шеберлерінің еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады.
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты , этнографиялық тұрғыдан зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы зор. Өйткені қазақтың қолөнері-жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салалардың бірі. Үлкенді - кішілі қай халық болсын, дүниежүзілік мәдениет қорына өз үлесін қосады. Олай болса, қазақ халқының да ұлттық, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері жан-жақты зерттеуді қажет ететін бағалы құнды мұра.
Ежелгі өрнектік элементтердің дамуындағы тарихи деректер, болашақ мамандар үшін, олардың шығармашылық жұмыстарында елеулі орын алады. Өрнектік элементтердің жасалуын, түрленуін, олардың тарихи дамуын зерттеп, тарихи көркемдік әдебиеттермен егжей-тегжейлі жұмыс атқарылуы арқасында құнды тарихи деректер жинақтауға мүмкіндік жасайды.
Өркениеттi қоғам мен тәуелсiз мемлекеттiң гүлдене түсуi өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн, еркiн ойлау мен шығармашылығын, кәсiби бiлiктiлiгi мен бiлiмдiлiгiн талап етедi. Әр халықтың ұлттық мәдениетi дегенiмiз - оның ең бiрiншi қолөнерi. Қазақ халқының сәндiк қолданбалы қолөнерiнiң өсу жолы, өзiне тән даму тарихы бар. Б.з.б. III- II ғасырларда аң стилiндегi өнер бiртiндеп құлдырай бастайды. Аң стилi бiрте-бiрте ою-өрнекке айналады. Оның орнын түстi тастан көз салу, бедерлеу техникасы және басқа да әшекейлеу тәсiлдерi қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль басады. Жануарлар дүниесiнiң бейнелерi схемаға айналып, бай полихромдық өрнекке сiңедi де, қолданбалы өнер туындылары шығады.
Б.з.б. VI-IV ғасырлардағы екiншi кезеңде жеке өзi, бiр орында тұрған күйiнде бейнеленген жануарлар бейнелерiнiң орнына құрылымы күрделi, динамизмге толы сюжеттер шығады. Жүрiп келе жатқан аңдардың бедерлi бейнелерi, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шөп қоректi жануарларды тарпа бас салып жатқан көрiнiстерi бар композциялар көбiрек кездеседi. Бейненiң қозғалыста екендiгiн көрсетудiң басқа да техникалық әдiстерi: қисық, сызықтар жүйесi, жануарлардың дене мүшелерiн бұрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бұрыштар, жақшалар және т.б. бейнелер қолданылады. Бұл өнер дайын күйiнде сырттан бiр жақтан әкелiнген жоқ, сақ мәдениетiнiң негiзiнде туды. Ою өрнектiк полихромияның кейбiр әдiстерi б.з.б. VII-VI ғасырларда-ақ жетiле бастады. Сақтардың қолданбалы өнерiнiң маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi өнерiмен қатар, онымен өзара байланыста дамыды. Солардан бiзге жеткен қолданбалы өнерiнiң бiрнеше түрiн: геометриялық, өсiмдiк тектес, зооморфтық, символдық түрлерiн бөлiп көрсетуге болады. Сонымен қатар сақтардың қолданбалы өнерiнiң маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi өнерiмен қатар, онымен өзара байланысты дамыды. Алайда көркемдiк металға қарағанда ою-өрнек салынатын органикалық негiз (терi, киiз, ағаш, жүн, маталар) тез шiридi. Сондықтан да ою-өрнек творчествосының кейбiр үлгiлерi тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана, мәселен, оба томында сақталған, оның iшiнде бұл үлгiлер Алтайдың Пазырық қабiрлерiнен табылған.
Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.
Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да жетерлік. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны - ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Ою деген сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Өрнек дегеініміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшкейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ою-өрнектің біздің заманымыздың мыңдаған жылдар бұрынғы халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түрі болып саналады. Қазіргі шеберлердің іс үлгілерін зерттеу нәтижесінде анықталған ою-өрнектердің 200-ден астам түрі бар. Өрнектердің шығу тарихы, адам өмірімен, тұрмысымен байланысты екенін көрсете келе олардың даму ерекшелігін, дәуірдің, адам баласының сана-сезіміне қарай өрнектің таңба, элементтердің дамуы мен өркендеу ерекшелігін байқауға болады.
Ою-өрнектің дамуы, сонымен қатар дәуірдің даму тарихына қарай сәулет өнеріндегі стильдік сипатқа ие болды. Архитектура-дағы өрнектердің сипаты дәуірге байланысты сипат алса, барлық сол кездегі бейнелеу өнерінің түрлері соған байланысты дамып, стильдік бағытта орын алады.
Өрнектік элементтердің түрленуі оның тарихи дамуға байланысты екенін, өрнектік сипатқа талдау барысында анықталды. Ою-өрнек элементтерінің айырмашылықтары олардың адам өміріндегі тарихи дамуына, кәсібіне, ортасына байланысты.
Ою-өрнектің бірінші тобы - жан-жануарлар әлемінен алынған топ. Қазақ-ежелгі көшпелі халық. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Сондықтан оның дүние танымында малға көп орын берілген. Өмірлік мүдде мен қоршаған орта қазақтың оюы мен кестесінен орын алған. Оюларда түйе, жылқы, бүркіт, сұңқар, бөрімен басқалары кейде тұтас тұлғасымен кездессе, кейде олардың белгілі бір бөліктері-мүйізі, табаны, өркеші, тұмсығы, ізі, құйрығы кездесетін болған.
“Қошқар мүйіз”-қазақ
дәстүрінде ең көп ұшырасатын
ою. Ежелден қой баққан халықтың қо
Көнеден келе жатқан
өрнектің келесі тобы - ғарыш сипатты
(космогониялық) оюлар. Қазақ
Ғарыштық сипаттағы өрнектер арасындағы, алдымен Күннің жөні бөлек. Сондай-ақ түнгі аспаннан да талай ою алынған. Небір аңыздарға арқау болған. Құс жолына қарап “шимай” және ”бітпес” деген өрнектер жасалынды. ”Айшық”, “Ай гүл” деген өрнектер түнгі аспанның басты тұлғасы негізінде дүниеге келген. “Ай гүл” қазақ тарихындағы алғашқы өрнектердің бірі болған, оған негіз бар.
«Күн» ою-өрнегі Күнді меңзейді. Күн, Ай, аспан бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі, діни ұғымда бұлардың магиялық күші бар деп сенген. «Күн», «күн-көзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бедерлеуде, ат-әбзелдерін әрлеуде қолданылады.
Қазақ ою-өрнектерінде кейде түзу, қисық, кейде доға сызықтар көптеп кездеседі. Бұл топқа жататын оюлар мен өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі. Кейде өзен, аққан су сияқты ирек кестелер кездеседі. Оны қазақтар тоқтаусыз, қозғалыстағы үзілмес өмір белгісіндей қабылдайды. Мұндай өрнектер көрнекі жерге-киім өңірлеріне түсіріледі. Толқын тәріздес таусылмас өрнектер күрделі жануарлар немесе аспан әлемінен алынған өрнектердің екі шетін қаусырып тұру үшін таптырмайды. Сондай-ақ “сүйір”, “ирек”, “балдақ”, “қармақ”, “тұмарша” тәрізді атаулар оюларды киім безендіруге пайдаланбаған. Олар алаша, ши, басқұр, текемет және басқа тұрмыстық заттар үшін таптырмас безендіру үлгілері.
Ою-өрнектің төртінші үлкен тобы - өсімдік тектес оюлар. Қазақ ежелден табиғатты аялаған. Табиғаттан өзіне пана тапқан. Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Ою- өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Олардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Ою-өрнектерде, бояу түсі мен мәнерінің тепе-теңдік принципінің берік сақталып келуі негізгі ерекшелік болып саналады. Қазақтың ою-өрнектеріндегі бояу композициясының тереңдігі, көркемдігі мен оның белгілі бір идея әуенінен туындайтындығы - бұл өнердің эстетикалық әсерлілігін байыта түседі. Бояу түсінің құнарлығы, қайталануы, назар аударарлығы көп жағдайда қазақ ән-күйіне бір сарындас болып келеді. Сайып келгенде бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан мықты әсер ететін негізгі арқау болып табылады.
Әр халықтың өнерінде бояу түсі әр қалай бағаланады. Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ түс көбірек қолданылады. “Ақ” түс– шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Сол сияқты қазақтардың ұғымында басқа бояу түстерінің де орны айрықша. Мысалы, “көк” - аспанның, аспанға табынудың, “қызыл”- оттың, “сары” - айырылысудың, “қара” - жердің, “жасыл” - көктемнің, жастықтың, символы. Бұдан, түр-түс ою-өрнек өнеріңде күрделі рол атқаратын, ондағы ойды бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуде өзіндік шешім табатынын байқаймыз.
Көне түркілердің
түсінігі бойынша, құс - көктің,
балық -судың, ағаш-жердің
Өнер шығармаларында түрлі түс жағынан болсын, бейнелеу жағынан болсын екі нәрсе қатар, яғни қарама-қарсы келгенде арасындағы айырмашылық көзге көбірек түседі. Мысалы, биік пен аласа, көрікті мен көріксіз, жарық пен көлеңке т.б. қатар келгенде, араларындағы айырмасын анық байқаймыз. Мұндай көріністі бейнелеу қарама-қарсылық деп те атайды. Кейде композициямызда түстерде бір-біріне бірігіп қарама- қарсылық үйлесімін тауып тұрады.
Түрлі түстердің байлығы, сөздің ою-өрнегі ғана емес, халықтың бүкіл тарих бойына, санасына ұялаған дүниетаным түйсігі, ұғым нанымы жатыр. Түстердің терең тылсымын, оның құпия сырларын түсінуге, бағдарлауға талаптану қажет. Көркем шығармада түрлі түстерді қолдану тәсілдері мен түстердің арақатынасын анықтап алу керек. Көркем шығарманың құрылымына енген кезде, шығарманың бейнелейтін ойдың мазмұнына сай, көркем-образдық мазмұнына сай, көркем өзгерістерге ұшырау заңдылықтарын анықтау мен көркем түстердің өзара үйлесімділігіне байланысты, белгілі бір стильдік жүйеге тән ерекшеліктерін аша білу керек.
Ел әдетін, этнографиясын білген адамға мұндай өрнектердің бұйымдық ұғымын және олардың неліктен бұлай аталатындығын пайымдау қиын емес. Халқымыздың шиге, алашаға, кілемге салатын «омыртқа» өрнегі Ғ.Иляевтің кілем, түскиіз, терме-алашаға арнап жасаған өрнегі. Өрнек кілең «сынық мүйіз» өрнегінің элементтерінен құрылған. Сонымен қатар, өрнекте ұлы жүз қазақтардың рулық белгісі болған «тарақтаңба» да көрініп тұрады. «Омыртқа» өрнегін малдың кепкен жалпақ омыртқасының сүресін есіне түсіре алмаған кісінің түсінуі қиын. Сол сияқты жалпы атауы мүйіз (қойдың, арқардың, бұғының) ұғымынан алынған әр түрлі және көп тармақты өрнектер де неше иіріліп, әр түрлі тармақталып, бір сюжетті тұспалдап тұрады. Мысалы, «қошқар мүйіз» өрнегі ерте заманда бір түрде жасалып, бара-бара әдеміленіп келіп, екінші түрге ауысқан. Бірақ оның бастапқы затқа ұқсастығынан гөрі әдемілігі, әшекейлігі басымдана түскен. Мысал ретінде көне заманның айбалталарын алайық. Айбалтадағы екі мүйіз тек әдемілік үшін ғана жасалған өрнек. Ал балта жүзінің өзі де жарты ай бейнесін меңзеп тұр. Айта кетерлік бір жай осы сияқты мүйіздеп әшекейлеу арқылы жасалатын өрнектер қазақтан басқа елдерде де көп кездесе береді. Қырғыз, өзбек, армян, әзербайжан, түрікмен, украин, молдавандарда және тағы басқа елдерде кездеседі. Әрине әр елдің салттық ұғымдарына, дәстүрлеріне байланысты олар әр алуан болып келеді. Демек, халықтар арасында бірінен бірі үлгі алу, өнеге ауысу ертеден –ақ жақсы дәстүр болған деген ойымызды бұл жайлар тағы да дәлелдей түседі. Ал шырмауық, шытырман, гүл, жапырақ және геометриялық фигуралар тектес өрнектер барлық халықтарға ортақ. Мүйіз ою-мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен мүйіз аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбнесе қолтықшасына өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі. Омыртқа- мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою-қайраттылықтың ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады.
Тау оюы- қолөнер бұйымдарының жиектеріне салынады, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы. Қариялардың деп бата беруіде тектен тек емес.
Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататынын мынадын байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді.
“Тасбақа оюы”-мәңгіліктің символы. Бейіт басындағы сынтастар көбнесе тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап орнатылады. Бұл оюбатырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқанына салынатын болған.
Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты оюлар-Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергіәдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеугешыққаннанкейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген.Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.
Итқұйрық- иттің құйрығы тәрізді ою. Бұл өрнек ауыларалық белгісі (символы). Кебеже, қоржын бетіне, тақыр кілемге салынады.
Түйетабан оюы- алыс сапар нышаны(символы). Көштегі түие жабуына, жібек жол сауда заманында саудагерлердің шапанына салынған.
Қазақ халқының қолөнер шебері ою-өрнек өнерінде нағыз сынға түседі, яғни қолөнер шеберінің таразысы-ою-өрнек өнері.
Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Археологиялқ қазбалар
мен жазба ескерткіштерге арқа
сүйесек, Қазақстан аймағын
ІІ бөлім. Қол
өнердегі әдістемелік ерекшеліктер
2.1. Аппликация туралы түсінік
«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
Қазіргі заман талабына сай сәндік қолданбалы өнер саласында ою-өрнектің алатын орны мен маңызы ерекше. Көркемдік өнер заттары мен бұйымдарының барлығы ою-өрнекпен әшекейленіп, өзінің сәндік, көркемдік мағынасына, түріне, сипатына ие бола алады.
Өсiмдiк тектес ою-өрнектерінде көне жергiлiктi дәстүрлерi жоқ. Оның басты-басты әуендерi қатарында лотостың түйiндерi мен гүлдерi шырмауық өсiмдiктерiнiң өрмесi, гүл тiзбегi үш салалы жапырақтар түрiнде болды. Кейбiр ою-өрнек әуендерi, мәселен лотос Ежелгi Шығыс өнерiнiң ықпалынан туған.
Символдық ою-өрнектiң негiзгi табиғат күштерi мен аспан шырақтарына сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық үлгiсiндегi фигуралар күннiң эмблемасы болды; бұйра толқындар сарыны бұрама ирек түрiндегi қисық сызық белгiлерiмен, S-тәрiздес фигуралармен берiлдi.

- Қонақ үй администраторының жұмысын автоматтандыру
- қонақ үй бизнесиндегі шығындарды есепке алу ерекшелігі
- Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері
- Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері
- Қонақ үйдің технололгиялық циклі
- Қонақ үй қызметіндегі менеджментті жетілу жолдары
- Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
- Қолданылатын қондырғыларға шолу және олардың анализі
- Қолданылған әдебиеттер
- Қолданыстағы байланыс желісінің жағдайы
- Қолма-қол бақылау шоттары
- Қолма қолсыз Ерболат
- Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары
- Қолма – қолсыз есеп айырысудың операцияларының классификациясы